Қорқытып алу қылмыстарын тергеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Заң факультеті
Криминалистика және сот сараптамасы кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Қорқытып алу қылмыстарын тергеу»
Орындаған 4 курс студенті А. Б. Мирзакулова
(қолы, күні)
Ғылыми жетекші
м. ғ. к., доцент А. Ш. Айдаркулов
(қолы, күні)
Норма бақылаушы
з. ғ. к., аға оқытушы Н. С. Темірболат
(қолы, күні)
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
з. ғ. д., профессор А. А. Исаев
(қолы, күні)
Алматы, 2011
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өтпелі кезеңнің кедергілерін жеңіп, жаңа экономикалық-әлеуметтік өзгерістерге бет бұра бастаған шақта, елімізде қылмыстың жекелеген түрлері белең алуда. Соның ішінде қорқытып алу қылмысын ерекше атап өтуге болады. Бұл қылмыс түрі тек жеке азаматтардың меншігіне, олардың өмірі мен бостандығына қауіп төндіріп қоймайды, сонымен қатар жаңадан дамып келе жатқан нарықтық экономика институттарына нұқсан келтіруде.
Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының концепциясында, қылмыстық саясат ізгілік бағытында дамуы тиіс деп көрсетілген. Бірақ, аталған концепцияда ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, қылмыстық қудалаудан жасырынып қалған тұлғаларға және қайталап қылмыс жасағандарға қатысты қылмыстық жауаптылықты ауырлату қарастырылған.
Қорқытып алу қылмысы қолданыстағы қылмыстық заңға сәйкес, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың қатарына жатады.
Қорқытып алушылықтың кең таралуы және әлеуметтік қауіптілігі, ешбір күмән тудырмайды, сондықтан осы қылмыс түрімен белсенді күресу, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Осы жұмысты орындау барысында, қорқытып алу қылмысын зерттеумен айналысатын Қазақстан және шетел ғалым-заңгерлерінің еңбектері, құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің ғылыми-тәжірибелік мақалалары және өзге де қылмыстық-құқықтық әдебиеттер пайдаланылды. Зерттеулер нәтижесінде, қорқытып алу қылмысы үшін тән келесі белгілер анықталды: 1) қорқытып алу латентті қылмыстар қатарына жатады, себебі жәбірленушілер қылмыскерлер тарабынан кек алушылықтың болуынан қорқып, өздеріне қатысты жасалған қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабарламайды; 2) қорқытып алушылықпен ұйымдасқан қылмыстық топтар (қылмыстық қауымдастықтар) айналысады, олардың заңсыз әрекеттері тек жеке тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар, түрлі құқықтық-ұйымдастырушылық нысандағы заңды тұлғаларға қарсы бағытталады. Мұндай топтардың қылмыстық әрекеттері алдын-ала мұқият жоспарланады, жәбірленушілердің жеке бастары алдын-ала тексеріледі, оларға бақылау жүргізіледі, жемқорлық байланыстар пайдаланылады; 3) ашылған қорқытып алу қылмыстары бойынша, алдын-ала тергеу барысында куәлар жауап беруден жалтарады.
Бостандықта жүрген қылмыскерлер тарабынан куәлар мен жәбірленушілерге қатысты әр түрлі әсер ету әрекеттері жасалатындықтан, олар өздеріне белгілі мән-жайлар туралы мәлімет беруден, қылмыскерлерді танудан жалтарады. Сондай-ақ жәбірленушілер өздеріне қатысты жолданған қорқытушылықтар туралы хабарламайды. Аталған факторлардың барлығы, тұтас алғанда, қорқытып алу қылмыстарымен күрес жүргізумен айналысатын құқық қорғау органдарының қызметіне қиындықтар туғызады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Жекелеген қылмыс түрлерін тергеу әдістемесі ТМД және Қазақстан ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған. Атап айтқанда, Р. С. Белкин, А. Н. Васильев, А. В. Дулов, В. П. Колмаков, А. Р. Ратинов, Н. В. Терзиев және т. б. Осы мәселеге елеулі үлесті қазақстан ғалымдары да қосты: Г. Г. Доспулов, В. И. Попов, А. Ф. Аубакиров, Л. В. Виницкий, Е. Г. Жәкішев, А. А. Исаев және т. б.
Аталған зерттеулердің көбі ΧΧ ғасырдың ортасында, яғни, кеңестік дәуірде жүргізілген. Заман талаптарының өзгеруі, қылмыстың жасалу тәсілдерінің өзгеруі, ғылым мен техника жетістіктерін қылмыскерлердің қарқынды қолдаулары қорқытып алу қылмыстарының тергеу әдістемесін қайта қарауды талап етіп отыр.
Сол сияқты, қоғамның жалпы дамуына байланысты криминалистика ғылымы да бір орында тұрған жоқ. Олай дейтініміз, қазіргі кезде криминалистика ғылымының зерттеуді қажет ететін проблемалары баршылық. Олардың ішінде, мемлекеттің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты және адамдардың осыған қатысты психологиясының өзгеруі құқықтық сананың қалыптасуына ықпал етеді. Осыған байланысты, қылмысты жасау кезінде оны жасаудың әдісі, механизімі өзгеше және қылмыс жасаған тұлғалардың білім деңгейінің жоғарлауы, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін пайдалану мүмкіндіктерінің болуы, қылмысты ашуды және қылмыс жасаған тұлғаны жауапкершілікке тартуды қиындатты.
Сол себептен, ондай құбылыстармен күресу үшін тәжірибелік-теориялық деңгейдегі зерттеулерді жетілдіру қажет.
Жұмыстың объектісі мен пәні. Зерттеу жұмысының объектісі - қорқытып алу қылмысын тергеу ерекшеліктері мен мәселелерін ретеу саласында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Зерттеу жұмысының пәні ретінде қорқытып алу қылмысын тергеуге байланысты туындайтын қоғамдық құбылыстар танылады.
Жұмыстың мақсаты. «Қорқытып алу қылмыстарын тергеу» тақырыбына арналған бұл жұмысты жазудың басты мақсаты - аса қауіпті қылмыстардың қатарына жататын қылмыс - қорқытып алушылықпен күресудің тәсілдерін, мүмкіндіктерін теория жүзінде жан-жақты зерттеу және құқық қорғау органдарына әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін автор өзінің алдына мына міндеттерді қояды:
- Қорқытып алу қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасын айқындау;
2. Осы санаттағы қылмыстарды тергеу барысында қалыптасатын тергеу
ситуацияларын жүйелеу;
3. Қорқытып алу қылмыстарын тергеудің алғашқы кезеңі мен кейінгі кезеңінде жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктерін анықтау.
4. Тергеу әдістемесіне байланысты ұсыныстар жасау.
Зерттеудің әдістемелік негіздері. Жұмыстың әдіснамалық негізін философияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психологияда, қүқық тарихы және теориясында, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқарушы, азаматтық қүқық салаларыңда, криминологияда қалыптасқан ғылыми үстанымдар мен таным категориялары қүрады.
Дипломның құрылымы мен көлемі. Диплом кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдалынған әдебиттер тізімінен тұрады.
1 ҚОРҚЫТЫП АЛУ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Қорқытып алу қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
Қорқытып алу қылмыстары бойынша істерді алдын-ала тергеу және соттарда қарау тәжірибесін зерттеу, аталған қылмысты саралауда бірқатар қиындықтар туындайтынын көрсетеді. Мұндай қиындықтар басқа да ұқсас қылмыстардан (тонау, қарақшылық) айырмашылықтарын анықтаумен, қылмыстарды жиынтығы бойынша саралаумен, қорқытып алушылықтардың бірнеше мәрте жасалуымен, жәбірленушіге ірі мөлшерде зиян келтірумен байланысты болып келеді. Аталған қиындықтар, қылмыстық жауапқа тартылған тұлғалардың әрекеттерін қате саралауға әкеп соқтырады.
Сондай-ақ қорқытып алу тәсілдерінің көптігі (қылмыстың объективтік жағы), мұндай мәселелердің көңілден тыс қалдыруға болмайтындығын талап етеді.
Зерттеліп отырған қылмыстың объективтік жағы - бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен, сол сияқты жәбірленуші немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялаумен қорқыту арқылы мүліктік сипаттағы басқа да әрекеттерді жасауды талап ету [1] .
Заңшығарушы қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағына - өзара байланысты талап ету және қорқыту деген екі ұғымды енгізіп отыр. Бұл элементтерді жеке-жеке қарастыру қажет.
Талап ету. Егер, бұрын қорқытып алушылар негізінен ақша және материалдық құндылықтарды талап етумен шектеліп отырған болса, қазіргі кезде талап етудің сипаты біршама өзгеріске ұшыраған. Қылмыскерлер тек ақшаны қолма-қол беруді талап етіумен шектелмейді, сонымен қатар белгілі бір есеп шотқа аударуды немесе іс жүзінде жоқ тауар үшін ақы төлеуді, іс жүзінде жоқ қарызды қайтаруды, жеткізілген тауар үшін жоғары мөлшерде ақы төлеуді, сатып алған тауар үшін неғұрлым арзан ақы алуды не тегін беруді талап етуі мүмкін.
Қорқыту. Қорқыту нақты және шын болуға тиіс. Жәбірленуші қылмыскер қорқыту кезінде айтқан ойын жүзеге асырады деп сенуі тиіс.
Күш қолданып қорқытудың ерекшелігі - оны келешекте жүзеге асыратындығында, яғни айыпты өзінің мүлікті беру туралы талабы орындалмаса, бірнеше уақыттан кейін күш қолданатынын айтады. Сонымен қатар, бұл қылмыста табан астылық сипат та болады, яғни өз талабы орындалмаса, айыпты сол жерде күш қолданатынын білдіреді.
Адамның жеке басына қорқытып алу кезінде күш қолданамын деп қорқыту, қарақшылық кезіндегі психикалық қысыммен пара-пар.
Қорқытып алушылықтың қарақшылықтан айырмашылығы сол, қорқытып алу кезінде айыпты күшті келешекте қолданамын деп қорқытады, яғни қорқыту мен оны іске асыру арасында қандай да бір уақыт болады. Қорқытып алу кезінде айыпты иелігінде немесе күзетінде мүлік бар адамға ғана қатысты емес, оның жақындарына да қатысты күш қолданамын деп қорқытады, мұндай қарақшылық кезінде болмайды. Сонымен қатар, қорқытып алу кезінде мүліктің келешекте берілуі, ал қарақшылықта оның табанасты берілуі талап етіледі.
Қорқытып алушылықтың тонаудан да айырмашылығы мүліктің берілу уақытында. Тонауда кінәлі тұлға жәбірленушіден мүлікті дереу беруді талап етеді.
Тонау мен қарақшылықта қылмыстың заты әрқашан мүлік (ақша, материалдық құндылықтар) болады, ал қорқытып алушылықтың заты - мүлік, мүлікке құқық, мүліктік сипаттағы әрекет.
Тонау мен қарақшылықтың қорқытып алу құрамынан айырмашылығын қол сұғу заты мүлік болған жағдайда ғана анықтау қажет. Себебі, қорқытып алушылықтың кезіндегі зорлық - күш көрсетемін деп қорқытумен, мүлікті жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытумен, масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп қорқытумен, сондай-ақ күш қолданумен сипатталады. Тонау және қарақшылық кезіндегі зорлық - күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту түріндегі формада болады.
Зорлықтың екі түрі бір-біріне ұқсас, сондықтан бөлектеудің мына критерийін пайдаланған жөн. Қорқытып алу кезіндегі мүлікті беру талабы болашаққа бағытталған, ал қарақшылық пен тонауда мүлік сол шақта алынады. Мүлікті беру талабын сол шартта орындайтын жағдайда ғана бөлектеу қажет болады. Мұндай реттерде бөлектеуді зорлық нышаны бойынша жасау керек. Егер, айыпты сол шақта күш қолданып мүліктің бір бөлігін келешекте беруді талап етсе, ал бір бөлігін сол жерде алса, онда қорқытып алу пен тонау қылмыстар жиынтығын құрайды.
Егер, қорқытып алу барысында жәбірленушінің қандай да болсын бір мүлкі «кепіл» ретінде алынса, және талап етілген ақшаны толық бергенде қайтарылып беретіндігі көзделсе, айыптының әрекеті тонау ретінде саралана алмайды. Себебі, оның ниеті «кепіл» ретінде алынған мүлікті тартып алуға бағытталмаған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы «қорқытып алу туралы істер бойынша сот практикасы туралы» қаулысында мынадай түсініктеме берілген: «Жәбірленушінің өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті емес күш қолданып, не сондай зорлық жасаймын деп» қорқытып алу жасаған адамның әрекеті қорқытып алушылықтың жай түрі ретінде қарастырлады. Бұл жерде өмір және денсаулық үшін қауіпті емес күш қолдануға денсаулығының аз уақытта бұзылуына немесе еңбекке қабілетінің ептеп тұрақты жоғалуына әкеп соғатын соққыларды, денсаулыққа келген жеңіл зиянды, сондай-ақ жәбірленушінің жанына бататын немесе оның бостандығын шектейтін, егер ол өмірге және денсаулыққа қауіп төндірмесе, өзге де зорлық әрекеттерді жатқызуға болады.
Мүлікті жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту дегеніміз, ол жүзеге асырылған жағдайда мүлік не мүлік болудан қалады, не келген зақымнан кейін оны қайта қалпына келтіру (жөндеу) қажет болады.
Жәбірленуші немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді, не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне жариалануы елеулі зиян келтіретін өзге мәліметтерді таратамын деп қорқыту жолымен жасалған қорқытып алу бопсалау деп аталады. Бөтен мүлікті иеленуші немесе сол мүлікті күзетіндегі адамды масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп қорқыту дегеніміз - сол мәліметтерді оларды білмейтін адамдарға хабарлаймын деп қорқыту. Бұлай қорқытқанда хабарланатын адамдар санының қанша екендігін көрсету міндетті емес. Аяқталған қылмыстың құрамы үшін, егер ондай хабарлаудың таралуын жәбірленуші қаламаса, ондай мәліметтерді тым болмаса бір адамға хабарлаймын деп қорқыту жеткілікті.
Қорқытып алушы жариялаймын деп қорқытатын мәліметтер бөтен мүлік иеленгендігі немесе оның жақындары үшін масқаралайтын болуға тиіс. Жариялаймын деп қорқыту мүлікті (немесе мүлікке құқықты) заңсыз беруге сол адамды мәжбүр ететіндіктен қандай мәліметтерді масқаралайтын деп санау керек екендігі және жариялануы, жәбірленушіге елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге мәліметтер дегенді қалай түсіну керек екендігі туралы мәселе, сол бөтен мүлік иелігіндегі немесе күзетіндегі адамның пікіріне сай шешіледі.
Қорқытып алушылықтың сараланған түріне мынадай жолмен жасалған әрекеттер жатады:
- күш қолдану;
- адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
- бірнеше рет жасалған қорқытып алу.
Өмір және денсаулық үшін қауіпті күш қолдана отырып, бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беру талабы қорқытып алушылықтың сараланған түрі болып табылады. Мұндағы қолданылатын күш адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес болуы тиіс. Яғни оларға, бостандығын шектеу немесе айыру, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы немесе жеңіл зиян келтіру жатады. Денсаулыққа қасақана келтірілген орташа ауырлықтағы зиян деп - адамның өміріне қауіпті емес және ауыр зардаптарға әкеп соқпаған, бірақ денсаулықты ұзақ уақыт бұзылуға немесе жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеп соққан зиянды айтамыз. Денсаулыққа келтірілген қасақана жеңіл зиян деп - денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан зиянды айтамыз. Жасалған қорқытып алу қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтірумен немесе қасақана адам өлтірумен ұштасқан айыпты адамның әрекеті осы қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады.
Қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады.
Қорқытып алушылықтың ерекше сараланған түрлеріне мынадай жолмен жасалған әрекеттер жатады:
- ұйымдасқан топтың;
- жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру арқылы;
- ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында;
- ұрлық немесе қорқытып алу үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған қорқытып алу.
Соңғы жылдары қорқытып алу қылмыстарының саны күрт артып, кең таралды.
Қорқытып алушылықтың жаңа түрлері пайда болып, оның құрылысы, жасау тәсілдері күрделенуде.
Қорқытып алу көп жағдайда латентті [2] (жасарын) сипатта болады. Оның себептері жалпыға мәлім: қорқытып алушылардың кек алуынан қорқу; аталған қылмыспен күресуге байланысты құқық қорғау органдарының мүмкіндіктеріне сенбеу; кәсіпкерлер кейде өздерінің құқыққа қайшы әрекеттері әшкереленбеу үшін бұл қылмыс туралы хабарламайды; қылмыстық топтардың жоғары деңгейде ұйымдасқандығы, бұл жағдай оларға қылмыстарды жасыруға мүмкіндік береді; қылмыскерлердің құқық қорғау органдары мен мемлекеттік басқару және билік органдарының жемқор лауазымды тұлғаларымен тығыз қарым қатынаста болуы.
Қорқытып алу қылмысын зерттеумен айналысатын Қазақстан және шетел ғалым-заңгерлерінің еңбектерін, құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің ғылыми-тәжірибелік мақалалары және өзге де қылмыстық-құқықтық әдебиеттерді және тәжірибені зерттеу бұл қылмыстарды жеке (жалғыз) адамдардың, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан қылмыстық топтардың және қылмыстық сыбайластықтардың жасайтыны анықталды. Қорқытып алушылықтың криминалистік сипаттамасын осы аталған түрлеріне байланысты қарастырған тиімді болады, себебі осыған байланысты аталған сипаттамның жекелеген элементтерінің мазмұндары өзгереді.
Жеке (жалғыз) адам жасайтын қорқытып алушылық. Жалғыз адамның бұл қылмыс түрін жасауын зерттеу нәтижесінде, олардың үлесі 24 пайызды құрайтыны анықталды. Қорқытып алушылықтың бұл түрін жасаған кезде келесі ерекшеліктерді байқауға болады: қылмысты жасаудан бұрын дайындықтың жоқтығы; жәбірленушіден талап етілетін ақша сомасының мөлшерінің аз болуы; құқық қорғау органдарының мұндай қылмыс жасаушыларды тез анықтауы, себебі қылмыскерлер өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шараларды ескермейді.
Бұл қорқытып алу түрін жасаушылар жәбірленушілерді таңдағанда, қарсылығын жеңе алатын, дене күші бойынша өзінен әлсіз адамдарды іздестіреді, сондай көп жағдайда суық қаруды [3, 38 б. ] қолданып жасайды. Жәбірленушілер арасында ұсақ саудамен айналысатындар, шағын дүкендердің иелері, базарлардағы сатушылар, автокөлік саудасымен айналысатындар жиі кездеседі. Бұл жағдайларда қылмыскерлер жәбірленушілермен таныс болмаған (80%) .
Ал қалған жағдайлардың барлығында қылмыскерлер жәбірленушілермен таныс болған және қорқытып алу нәтижесінде жәбірленушілердің қарсылық көрсетпейтіндігіне сенімді болған. Мұндай жәбірленушілердің қатарында орта және арнайы орта оқу орындарының оқушылары, жоғарғы оқу орындарының студенттері, әскери қызметшілер, коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері, сауда-саттық саласында қызметтес болған адамдар жиі кездеседі.
Жоғарыда аталғанға келесі оқиғалар мысал бола алады:
. . . Тәрбиелеу колониясынан жазасын өтеп келген кәсіптік-техникалық мектептің бұрынғы оқушысы Т. деген азамат, өзі оқыған мектептің оқушыларынан күш қолданамын деп қорқыту арқылы бірнеше рет ақша талап еткен. Жәбірленуші оқушылардың ата-аналары құқық қорғау органдарына бұл қылмыс туралы хабарлағаннан кейін Т. ақша алу үстінде ұсталады.
Әскери бөлімдердің бірінде бұрыннан қызмет етіп жүрген сержант атағы бар П. есімді әскери қызметші, жаңадан әскер қатарына шақырылған қатардағы жауынгерлерден ұрып-соғу арқылы қорқытып ақша талап еткен. Мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Солдаттардың денесінде ұрып-соғу белгілері бар екендігін анықтаған бөлім командирі, оның себебін анықтап, П. -ны ұстайды және әскери тергеу басқармасына береді.
Жоғарыда аталған мәліметтерден басқа жәбірленушілерге қатысты келесі сипаттамаларды беруге болады: жәбірленушілердің жынысы - ер адамдар (100%) ; жас мөлшері - 18 жас (10%), 18-25 жас (70%), 26-30 жас (18%), 31-35 жас (1%), 36-40 жас (1%) .
Қорқытып алушылықтың тәсілі көп жағдайда қарапайым болып келеді, яғни қорқытып алушылар дене күшін қолданамын деп немесе суық қару көрсетіп, мүлікті жоямын деп қорқыту арқылы талап етеді.
Базарларды сатушыларға қатысты ақша талап ету себебін қылмыскерлер «орын үшін ақы төлеу» деп түсіндіреді, және мұндай талап нәтижесінде - тыныш сауда-саттықпен айналысуға кедергі жасамауға уәде беріледі.
Бұл жағдайлардың барлығында қорқытып алушылар өздерінің қылмыстарын жасыруға байланысты шараларды және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Сондықтан, қылмыскерлер жәбірленушілерге ашықтан-ашық бірнеше рет келіп, қорқытуларын іске асырылған. Нәтижесінде жәбірленушілер полиция органдарына хабарлап, қылмыскерлер оңай қолға түсіп отырған.
Жоғарыда аталған қорқытып алушылықты жасаудың тәсілдерінен жеке кәсікерлікпен айналысатын кәсіпорын басшыларына қатысты жасалған қорқытып алушылықтың тәсілдері біршама өзгеше болып келеді. Мұндай қорқытып алушылықтарды қылмыскерлер жәбірленушілердің мүліктік жағдайы, жасалған мәмілелердің табысты екендігі туралы мәліметтерді алғаннан кейін жасайды. Сондай-ақ, бұл жағдай қылмыскер мен жәбірленуші бір салада қызмет ететін немесе олардың қызметтері бір-бірімен тығыз болған кезде жиі орын алады. Мұндағы қорқытулар да дене зақымын келтіремін деп, қару қолданып өлтіремін немесе мүлікті жоямын деп қорқыту түрінде болады. Кейде қорқытулар ұрып-соғу арқылы, жәбірленушінің пәтерін өртеу арқылы іске асырылып отырған. Ақшаны беруді талап ету қорқытып алушылардың есеп шоттарына аударуды ұсыну түрінде де болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz