Қысқа дебиторлық мерзімді берешектер есебі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Қысқа дебиторлық мерзімді берешектер есебін ұйымдастыру ... 4
1.1. Қысқа дебиторлық мерзімді берешектер есебін ұйымдастыру ... 4.6
1.2. Қысқа дебиторлық мерзімді берешекті беру ... ... ... ... ... 6.9
2. Қысқа дебиторлық мерзімді берешектер бөлімінің есебі ... ... .. 10
2.1. Қызметкерлердің қысқа дебиторлық мерзімді берешегінің
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.13
2.2. Қызметкерлердің күмәнді қысқа дебиторлық мерзімді берешектер есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.15
2.3. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің қысқа дебиторлық мерзімді берешектерінің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.17
2.4. Басқадай қысқа дебиторлық мерзімді берешектердің есебі ... ..17.20
2.5. Алдағы кезең шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... .. 25

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым б. Де солозано осы ғылым туралы «бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі р.а. Фаулки «есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.
Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу, пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді сатқан кәсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни қысқа дебиторлық мерзімді борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Жалпы « қысқа дебиторлық мерзімді берешек» - дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

1. Қаржы есебі: оқу құралы. / жалпы редакциясын басқарған.
Талмағанбетов т.а. – алматы: дәуір, 1998,– 480 бет.
Омаров а.ш., әлімбекова б.а., рабатов о.ж., байболтаева н.ә.
217 – 236 беттер қолданылды.
2. Радостовец р.к., радостовец в.в., ғабдулин т.ғ., шмидт о.и.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: өңделіп және толықтырылып 3-ші рет басылуы. – алматы : қазақстан аудит орталығы, 2002, – 656 бет.
246 – 277 беттер қолданылды.
3. Қаржылық есеп: оқу құралы. / кеулімжаев қ.к., әжібаева з.н., құдайбергенов н.а., жантаева а.ә. – алматы: экономика,
2001, – 330 бет. 108 – 129 беттер қолданылды.
4. Витулаева т. «қысқа дебиторлық мерзімді борышты беру-сату». Бухгалтер бюллетені –
2001 – № 46 – 9 -11 бетке дейін.
5. «бухгалтерлік есеп туралы заң» № 329-іі, 24.06.2002 жыл.
11.06.2004 жылы қр президентінің .№ 562- іі жарлығымен
«бухгалтерлік есеп туралы заңына» өзгертулер мен қосымшалар
Енгізілді.
6. Хегай и.в. «күмәнді борыш бойынша резерв есебі». Бухгалтер бюллетені
– 1998 – № 41 – 10 -12 бетке дейін.
7. «вексель операцияларының бухгалтерлік есебі». Бухгалтер бюллетені –
2001 – №22 мамыр – 3 -7 бетке дейін.
8. Назаров в.л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов: учебник /
Под ред. Н.к. Мамырова – изд. 2-е, перераб. И доп. - алматы:
Экономика, 2004. – 308 с. 83-91 стр.
9. Кондраков н.п. Бухгалтерский учет и финансовый анализ для
Менеджеров: учеб.пособие – м.: дело 2003. – 304 с.
10. Нидлз б. И др. Принципы бухгалтерского учета / б. Нидлз, х.андерсон,
Д.колдуэлл: пер. С англ. / под ред. Я.в.соколова, - 2-е изд., стереотип.
- м.: финансы и статистика, 2002 – 496 с. 137-156 стр.

Ж о с п а р
Бет
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- --
----------------- 3
1. Қысқа дебиторлық мерзімді берешектер есебін ұйымдастыру ---- 4
1.1. Қысқа дебиторлық мерзімді берешектер есебін ұйымдастыру---- 4-6
1.2. Қысқа дебиторлық мерзімді берешекті беру-------------------- 6-9
2. Қысқа дебиторлық мерзімді берешектер бөлімінің есебі ---------- 10
2.1. Қызметкерлердің қысқа дебиторлық мерзімді берешегінің
есебі ----------------------------------- -----------------------
--------------10-13
2.2. Қызметкерлердің күмәнді қысқа дебиторлық мерзімді берешектер
есебі------------------------------ ----- -----------------------------
----------------------13-15
2.3. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің қысқа дебиторлық мерзімді
берешектерінің есебі ----------------------------------- ---------------
--------15-17
2.4. Басқадай қысқа дебиторлық мерзімді берешектердің есебі------17-20
2.5. Алдағы кезең шығындарының есебі------------------------------ -----
20-22
Қорытынды----------------------------------- ------------------------
24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------- - 25
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе
жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып
табылады. Белгілі ғалым б. Де солозано осы ғылым туралы бухгалтерлік есеп
барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре
алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес - деген болса,
оның әріптесі р.а. Фаулки есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни
философиясы - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын
өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын
жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды
орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық
жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды
орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері
мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың
сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік
есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің
соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа
кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің
маңызы мен рөлі арта түсуде.
Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу,
пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни
тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді
сатқан кәсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни қысқа
дебиторлық мерзімді борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы
кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар
дебиторлар болып табылады. Жалпы қысқа дебиторлық мерзімді берешек -
дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты
активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Мен өзімнің курстық жұмысымда қызметкерледің қысқа дебиторлық мерзімді
берешекті теория түрінде ғана қарастырамын.
Енді жалпы қысқа дебиторлық мерзімді берешектер есебін ұйымдастыруды
және жоғарыдағы аталған бөлімдерді қарастырамын.
1.Қысқа дебиторлық мерзімді берешектер есебін ұйымдастыру
1.1 Қысқа дебиторлық мерзімді берешектер есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға
сатқан тауарларды, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала
төлеген төлемдері үшін алашақ берешектер - қысқа дебиторлық мерзімді
берешектер (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен
ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып
табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті қысқа
дебиторлық мерзімді борыштар ағымдағы алынуға тиісті берешектер және ұзақ
мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл берешектердің
есебі алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын қысқа дебиторлық
мерзімді берешектер ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың
қатарына жататындар:
- Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген)
төлем;
- Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті берешектер;
- Вексельдер бойынша алынуға тиісті берешектер;
- Негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі
операциялар негізінде туындаған қысқа дебиторлық мерзімді берешектер;
- Ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) қысқа дебиторлық мерзімді
берешегі;
- Басқадай қысқа дебиторлық мерзімді берешектер.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома
басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми
берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша берешектер
(қысқа дебиторлық мерзімді берешектер) иелік ету хұқығымен қоса, заңды
хұқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ
қысқа дебиторлық мерзімді берешек дегеніміз, бұл – иелік ету хұқығын
қосқандағы заңды хұқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы
экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына қысқа
дебиторлық мерзімді берешектердің айналымы жатады. Яғни қысқа дебиторлық
мерзімді берешектердің есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы
мерзім күндерінің саны. Ұйымның қысқа дебиторлық мерзімді берешегі оған
байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Қысқа дебиторлық
мерзімді берешектер сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға
жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық
сома бойынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған қысқа
дебиторлық мерзімді берешектер ұзақ мерзімді қысқа дебиторлық мерзімді
берешектер болып есептеледі. Қысқа дебиторлық мерзімді берешектердің пайда
болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге
байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді.
Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға
жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып
алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарлардың көлемін арттыру болып
табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін ұйымның күмәнді берешектерінің
сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірбиеде баға
жеңілдіктері сөзімен бірге сауда жеңілдігі сөзі қатар қолданылады. Өз
экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда
жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың
сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы
жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Кейбір жағдайларда сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу
себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Бұндай тауарларды
қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын
сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш
сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға келісуіне тура
келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісті
табыстарының көлемін азайтатындығы сөзсіз.
Кәсіпорындардың бухгалтериясы қысқа дебиторлық мерзімді берешектер
есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:
№ 7 журнал-ордер 1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық
берешегі, 2150 Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі шоттар
тобында көрсетілетін қызметкерлер мен басқа да адамдардың берешегі бойынша
операцияларды есепке алуға арналған.
Бұл журналда қызметкерлер мен басқа да адамдардың берешегі бойынша
есеп айырысулардың синтетикалық және талдамалық есебі жүргізіледі.
Журнал-ордерде есеп беретін адамдар бөлінісінде Айдың басындағы
қалдық деген 1-3-бағанда берешектің пайда болған күні көрсетіле отырып,
қызметкерлер мен басқа да адамдардың берешектерінің сомасы көрсетіледі.
Ағымдағы айда берілген аванстар, өтелген артық шығыс сомалары (берілген
авансқа қарсы), қызметкерлерге берілген кредиттер (дебет бойынша айналым) 4-
15 бағандарда тиісті шоттарымен корреспонденцияларда көрсетіледі. Ай
ішіндегі 1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі, 2150
Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі шоттар тобының дебеті
бойынша айналымның жалпы сомасы есептеліп, Дебет бойынша жиыны деген 16-
бағанға енгізіледі.
17-30-бағандарда 1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық

тобының кредиті бойынша операциялар пайдаланылмаған аванстарды, берілген
кредиттерді және тиісті шоттарымен корреспонденциялардағы жұмсалған
есептегі сомаларды қайтару сомасында көрсетіледі.
Кредит бойынша жиыны деген 31-бағанда және Жиыны жолында есеп
беретін адамдар бөлінісінде 1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық
берешегі, 2150 Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
шоттарының кредиті бойынша айналымдардың жиынтық сомасы көрсетіледі. Есеп
беретін адамдар бөлінісіндегі айдың аяғындағы қалдықтар есептеліп, Айдың
аяғындағы қалдық деген 32-бағанға енгізіледі.
Айдың аяғында журнал-ордердің тиісті жиынтық деректері Бас кітапқа
көшіріледі. 1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі, 2150
Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі шоттар тобы бойынша
есеп беретін адамдар бөлінісіндегі айдың аяғындағы қалдық келесі айға
ашылатын журнал-ордерге көшіріледі. 1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі, 2150 Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық
берешегі шоттар топтары активтік болып табылады, сондықтан осы шоттардың
айдың аяғындағы қалдығы дебеттік болуға тиіс. Ерекше жағдайларда, айдың
аяғында кредиттік қалдықты алған кезде тиісті бухгалтерлік түзету жазбасын
жүргізу қажет, оның сипаттамасы осы нұсқаулықтың Жалпы ережелерінде
келтірілген.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп
айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа қысқа
дебиторлық мерзімді берешектердің есебіне талдамалық есептің карточкалары,
ажырату парақшалары, бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа
тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру
шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың
жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында
ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық
бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп
нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы
құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар
корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар
негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және
олар басқадай операцияларда қолданылады. Қысқа дебиторлық мерзімді
берешектер шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың
толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша
шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі.
Мұндағы басты мақсат – әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен
дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Қысқа дебиторлық мерзімді
берешегі есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады,
яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың,
жұмыстардың, қызметтердің қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің
көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және
есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғаны деп танылады.
Қысқа дебиторлық мерзімді берешектер келесідей бөлімдерден тұрады:
сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер берешегі.
күмәнді қысқа дебиторлық мерзімді берешектер.
еншілес серікестіктердің қысқа дебиторлық мерзімді берешегі.
басқадай қысқа дебиторлық мерзімді берешек.
алдағы кезең шығындары.
берілген аванстар.
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың
басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары қысқа дебиторлық
мерзімді берешек болып табылады.
1.2 Қысқа дебиторлық мерзімді берешекті беру
Қысқа дебиторлық мерзімді берешекті беру-сату мәміле жасау кезінде
тараптардың қарым-қатынасы туындайтын міндеттемелерді орындауға
бағытталған. Қызмет көрсету, тауарлар сату кезінде тараптардың бірі – дер
кезінде ақы төленеді деп ойлайды. Егер мәміле бойынша ақы алдын – ала
төленген болса, одан әрі қиындық туындамайды. Егер сатып алушы көзделген
мерзімде есеп айырыспай, соның себебінен сатушыда қысқа дебиторлық мерзімді
борыш сомасының туындауына әкеп соқтырса, қиындықтар туындайды. Одан кейін
сатушының сатып алушыдан борышты акцептсіз өндіріп алуы мүмкін болмайды,
өйткені өзара есеп айырысудың негізгі нысаны акцепттік тәртіппен, яғни
сатып алушының келісімі бойынша көзделген.
Қысқа дебиторлық мерзімді берешектің ауқымына байланысты кәсіпорында
айналымнан қаржыларды оқшауландыру, ақшалай қаражат айналымдылығы
мерзімдерінің баяулауы және қысқа дебиторлық мерзімді борышты қайтару
мерзімінің ұзақтығы пайда болады.
Тауар запастарымен салыстырғанда қысқа дебиторлық мерзімді берешек –
бұл ақшалай қаражаттың (ақы төлеу) келіп түсуі жолындағы бір қадам алға
басу. Алайда қысқа қадам сияқты болып көрінетін осы соңғы қадам көбінесе
бола бермейді. Іс жүзінде пайда болған қысқа дебиторлық мерзімді берешектен
кейін 90 күн өткеннен соң сатушы күдіктенеді де, белгілі бір іс-қимылдар
жасай бастайды, бірақ олар әрдайым ойдағыдай аяқтала бермейді.
Берешектің нақтылығын және дебитордың бар екендігін растау жөніндегі
іс- қимылдың бірі есепті күнге салыстырып тексеру актісін жасау болып
табылады, бірақ бұл әрекет ақшалай қаражатты қайтаруға кепіл бола алмайды.
Міндеттемелерді орындамау жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты
векселдік айналым туралы қр заңдарында міндеттемедегі талаптан қайту
ретіндегі шарт нысаны – цессия көзделген. Анағұрлым кең тараған нысан
факторингілік компанияның қысқа дебиторлық мерзімді берешегін сату болып
табылады.
Факторингілік компания – бұл белгілі бір сыйақыға кәсіпорынның қысқа
дебиторлық мерзімді берешекті сатып алатын, содан кейін тікелей тауар
(жұмыстар, қызметтер) сатып алушылардың борыштарды жинайтын қаржы
компаниялары немесе банктер. Факторинг кезіндегі негізгі рәсімдерді сызба
түрінде беруге болады:
Сатып алушы- Сатушы-
компания Тауар, қызмет Компания
Несие шартын
Сұрайды
Несие шартындағы
факторингілік компания
Төлем жасайды
Алдын-ала қолма қол
Ақша төлейді
1–сызба
Факторинг кезіндегі негізгі рәсімдердің сызбасы
Яғни факторинг – бұл төлемнің көп бөлігін, берешектің толық өтелу
кепілдігін дереу алу, шоттарды жүргізу жөніндегі шығындарды кеміту
мақсатымен тауар сатушы тауар мәмілелері бойынша қысқа мерзімді талаптарды
қайта табыстайтын қаржыландыру жүйесі.
Әлбетте, өз қызметтеріне факторингілік компаниялар несие мен комиссия
үшін проценттер өндіріп алады. Бұл орайда қысқа дебиторлық мерзімді борыш
кері талап қою құқығымен не кері талап қою құқығынсыз сатылуы мүмкін.
Кері талап қою (регресс) – бұл мынадай жағдайда қысқа дебиторлық
мерзімді берешекті жинау жөнінде құқық беретін тұлғадан төлемдерді алуға
арналған қысқа дебиторлық мерзімді берешекті жинау жөніндегі құқық ауысатын
тұлғаның құқығы (факторингілік компанияның құқығы):
1. Дебиторлар берешекті белгіленген уақытта өтемесе;
2. Мерзімінен бұрын төлесе;
3. Аударылған қысқа дебиторлық мерзімді берешектің қолайсыз болуы
салдарынан туындаған түзетулер енгізсе.
Тұлғаларды өзгерту үшін қр азаматтық кодексінің 339-бабының
міндеттемесінде кредитордың құқықтарын басқа тұлғаға ауыстырудың негіздері
мен тәртібі көзделген. Кредитордың құқықтарын басқа тұлғаға ауыстыру үшін,
егер заң актілері мен шартта өзгеше көзделмесе, қарызгердің келісімі талап
етілмейді. Кредитор құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы туралы ережелер кері
қойылатын талаптарға қолданылмайды.
Қысқа дебиторлық мерзімді борышты кері талап қою құқығынсыз сатқан
кезде сатып алушы ақшалай қаражатты жинау жөніндегі тәуекелді өз мойнына
алады және қарыз бойынша кез-келген зиянды қабылдайды. Бұл жағдайда алуға
шоттар беру – бұл нысаны бойынша да, мазмұны бойынша да қысқа дебиторлық
мерзімді берешекті түпкілікті сату.
Қысқа дебиторлық мерзімді берешекті үшінші тарапқа қолма-қол ақшаға
айырбастау арқылы беру әдістері:
Қамтамасыз етілген алыс-беріс
Қысқа дебиторлық мерзімді
берешекті сату
2–сызба

айырбастау арқылы беру әдістері
Кері талап қою құқығымен қысқа дебиторлық мерзімді берешекті сатқан
кезде:
● дебитор берешекті өтемеген жағдайда, сатушы сатып алушыға ақы
төлеуге кепілдік береді;
● тараптардың әрқайсысы осы операция кезінде операция жасалғаннан
кейін өзі бақылайтын активтер мен міндеттемелерді мойындайды және немесе
өтелмеген активтер мен міндеттемелерді бұдан әрі мойындамайды;
Витулаева т. қысқа дебиторлық мерзімді борышты беру-сату
Бухгалтер бюллетені – 2001 – №46 – 9 -11 бетке дейін. 10 – бет.
● таза түсімдер айқындалады – бұл, пайда болған міндеттемелерді
қоспағанда, сату нәтижесінде алынған ақшалай қаражаттар немесе басқа
активтер;
● нәтижесінде сатудан болған зиян анықталады.
Сатушыда дебиторлақ берешек сомасын сатуға қатысты тауарларды,
жұмыстарды, қызметтерді сатып алу-сату жөніндегі операцияларды жасау
кезінде есепте қолданылатын есептеу әдісі сатуды түсіну және сату ретінде
толық көлемінде қолданылмайды, ол ақшалай қаражаттың қозғалысымен
шектеледі. Ең жақсы дегенде сатушы толық соманың қайтарылуына үміттенеді,
бірақ қысқа дебиторлық мерзімді берешекті сатуда әр түрлі себептер мен
мақсаттарға тап болады:
● ақшалай қаражаттың жеткіліксіздігі;
● меншік құқығын қорғау;
● несиеге қол жеткізе алмау;
● заңды несиелік шектеулер;
● қарызды қамсыздандыру.
Сатып алушыда қысқа дебиторлық мерзімді берешекті сатып алу болашақта
аударылған қаржыларды, сондай-ақ сатып алған кездегі айырманы қайтарып
алуға үміттеніп, ақшаның жылыстауын білдіреді. Бірақ сатып алу кезінде
активтердің пайда болуына әкеп тіремейді және қысқа дебиторлық мерзімді
берешекті талап ету құқығын тану ақшалай қаражаттың нақты жылысу сомасымен
жүргізіледі.
2. Қысқа дебиторлық мерзімді берешектер бөлімінің есебі
2.1. Қызметкерлердің қысқа дебиторлық мерзімді берешегінің есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің берешегі деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен
тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы
ақпараттарды қорытындылау үшін арналған.
Алынуға тиісті шоттар деп аталатын шотта тиеліп жіберілген
өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін
сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп
айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі. Жалпы алынуға
тиісті шоттар шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер
екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады.
Сондықтан оларды кейбір уақыттарда саудалық міндеттемелер деп те атайды.
Олар тауарларды несиеге өтелу (орындалу) көздеріне басқадай нұсқаулар
болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды. Халықаралық
тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек
алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін
бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мұндай
несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын
фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу қабілеттілігі бар
болатындығына бақылау шараларын жүргізулері қажет. Сол үшін әрбір ұйымдарда
несиелік бөлімдер жұмыс істейді. Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды,
несие көлемін шектеуді және сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден
несиені уақтылы өтеуді қамтамасыз ететін белгілі бір қаражаттарды талап
етуі мүмкін. Осыған орай кәсіпорындар мен ұйымдардың таңдап алынған
ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл
шотта сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар
және тағы да басқа қысқа дебиторлық мерзімді борыштар есептеледі.
Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген
тауарлары үшін вексель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім
ішінде белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.
Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт
біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын
жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ
капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель құнды
қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.
Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық
міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі
өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетілген соманы төлеуді
талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель
бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші
деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады.
Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй және
аударылмалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға
белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-
ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда
вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін
білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі
болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттеменің
сомасы, төленілетін мерзімі мен жері, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты
көрсетіліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.
Аудармалы вексель – (тратта) кредитордың (транссангтың) қарызкерге
(трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға
(ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналынады. Яғни оның жәй
вексельден ерекшелігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге
вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші бір адамға эмитентке төлеу туралы
жазбаша бұйрығын бере алады.
Вексельдерді сонымен қатар пайыздық және пайызсыздық деп екіге
бөлуге болады.
Пайыздық вексельдердің атаулы құнында төленетін пайыз сомасы өз
алдына бөлек көрсетіледі.
Пайызсыздық вексельдерде пайыздық сома өз алдына бөлек көрсетілмейді,
бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.
Вексельдер өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық және
қазыналық болып үш түрге бөлінеді.
Коммерциялық вексельдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол
өнімді тұтынушы, яғни сатып алушы кәсіпорындар мен ұйымдардың төлем жасау
мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі
ретінде рәсімделеді.
Қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар
мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық
вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналынан шегерім жасауды қоса
алғандағы бағасы бойынша банктерге және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға
сатылады.
Шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарастырайық. 301
алынуға тиісті қарыздар шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған
жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу
құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті қысқа дебиторлық мерзімді қарыздар
ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) қысқа дебиторлық мерзімді қарыздар, яғни
бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдегі қысқа дебиторлық
мерзімді қарыздар, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге
бөлінеді.
Кейінгі кездері қысқа дебиторлық мерзімді қарызды талап ету құқын
факторингалық компанияларға жүктейді.
Факторингалық операциялардың есебі. Факторинг, басқаша айтқанда,
қаржылық агент болып табылады және үшінші тұлға ретінде қарызды өндіріп
беру үшін қызмет етеді.
Ондай қаржылық агент болып банктерде басқа да несиелік, коммерциялық
ұйымдар бола алады, бірақ олар аталған қызметті жүзеге асыру үшін лицензия
болуы керек. Бірақ кез келген кәсіпорын немесе ұйым факторинг қызметімен
шұғылданбастан бұрын екі жақтың да несие қабілеттілігін тексереді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz