Стратегияның теориялық ұғымы, Қазақстан Республикасының дамуының экономикалық стратегиясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Стратегия ұғымы және оның пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Стратегияның түрлері және обьетілері мен субьектілері ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Қазақстан Республикасының Индустриялық.инновациялық дамуының 2003.2015 жылдарға арналған стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ 2003.2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯСЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.1 Қазақстан Республикасының Индустриялық.инновациялық дамуының қазіргі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Голланд ауруының Қазақстанға келуі және тигізетін қатерін талдау ... .23

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ 2003.2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.1 Индустриялық.инновациялық дамуының негізгі тетіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.2 Қазақстан Республикасының Гоолланд ауруына қарсы шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Стратегия әрбір ұйым, әрбір территориялық система үшін керек. Ешқандай ұйым, ешқандай жергілікті бірлестік, ешқандай ел белгілі бір өздерінің жеке стратегияларынсыз өмір сүре алмайды.Стратегияны жасап шығару және оны іске асыру фирманың, ұйымның, бірлестіктің нарықтық құндылықтарын әлдеқайда ұлғайтады.
Бізге нарық пен жоспарды бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайтыны бұрыннан белгілі.Сондықтан нарық көп болған сайын,жоспар да көп болуы тиіс.Бұл сөз тіркесіндеқандай жоспар қолданатыны белгілі,яғни стратегиялық жоспар. Стратегиялық жоспар коммерциялық ұйым үшін де,университет үшін де,қалаға және тұтастай ел үшін де қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты болып стратегияның теориялық ұғымын қарастыру, Қазақстан Республикасының дамуы-ның экономикалық стратегиясын қалыптастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын талдау және оны жетілдіру бағыттарын көрсету.
2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы"
Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Стратегияның басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
1. «Менджмент негіздері»
2. « Менджмент » Бердалиев.
3. «Стратегияческое управление » А.Л.Гапоненко,А.П.Панкрухин
4. «Корпоративная стратегия» Harvard Business Review
5. «Стратегияческий мнеджмент» Б.Т.Кузнецов
6. «Маркетинг» Ғабдуллина
7. Қ.Р.-ның үкіметтік актілер жинағы 2003ж №3
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық – инновациялық даму стратегиясы.
8. «Үкіметтік бюллетень» 2007ж.№6

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Стратегия ұғымы және оның пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...5
1.2 Стратегияның түрлері және обьетілері мен
субьектілері ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған стратегиясын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .20
2.1 Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының қазіргі
жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .20
2.2 Голланд ауруының Қазақстанға келуі және тигізетін қатерін талдау ... .23

3. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған стратегиясын жетілдіру
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..27
3.1 Индустриялық-инновациялық дамуының негізгі
тетіктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3.2 Қазақстан Республикасының Гоолланд ауруына қарсы
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..34

Кіріспе

Стратегия әрбір ұйым, әрбір территориялық система үшін керек. Ешқандай
ұйым, ешқандай жергілікті бірлестік, ешқандай ел белгілі бір өздерінің жеке
стратегияларынсыз өмір сүре алмайды.Стратегияны жасап шығару және оны іске
асыру фирманың, ұйымның, бірлестіктің нарықтық құндылықтарын әлдеқайда
ұлғайтады.
Бізге нарық пен жоспарды бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайтыны
бұрыннан белгілі.Сондықтан нарық көп болған сайын,жоспар да көп болуы
тиіс.Бұл сөз тіркесіндеқандай жоспар қолданатыны белгілі,яғни стратегиялық
жоспар. Стратегиялық жоспар коммерциялық ұйым үшін де,университет үшін
де,қалаға және тұтастай ел үшін де қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты болып стратегияның теориялық ұғымын қарастыру,
Қазақстан Республикасының дамуы-ның экономикалық стратегиясын қалыптастыру
болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының
Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын
талдау және оны жетілдіру бағыттарын көрсету.
2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi
Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және
2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы"
Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы
форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк
экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын
әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң
тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер
өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы
болып табылады.
Стратегияның басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн
экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол
жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту
үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет
көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты
нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа
шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi
өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және
баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Экономиканың шикiзаттық секторын дамыту Үкiметтiң салалық және секторлық
стратегиялары бойынша жүзеге асырылады.
Стратегияның мiндеті:
• өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде
қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек
өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2
есе төмендету;
• өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
• кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды
ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық
институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып,
нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру;
• ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа
негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
• елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен
қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру;
• сапаның әлемдiк стандарттарына көшу;
дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу
арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды
үдету болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы
бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды
жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға
ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық
ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну
сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк
инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және
технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында
ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық
жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң
экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге
бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға
бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi
көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi
дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық
саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде
экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу
көзделуде.
Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел
экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.

1.Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму
стратегиясы
1.1 Стратегия ұғымы және оның пайда болуы.

Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып
келеді.Стратегия гректің –Стратегос деген сөзінен шыққан,яғни
генерал өнері деген мағынаны білдіреді.Стратегия ұғымы генерал мен
лейтенант өнерін нақты бөлетін,бастауын әскери өнерден алады.Генерал
өнеіне компанияның немесе шайқастың жалпы жоспарын анықтауы,басты
соққының бағытын көрсетуі,негізгі күштің фронттарға бөлуін қамтамасыз
етуі,соғыс барысында мүмкін болатын басқа да жағдайларды ойлап табуы
жатады.Ал лейтенанттың міндеті келген бұйрықтың қалай жақсы орындау
керектігі және жоғарғы басшылықтың қойған шешімдерін орындау.
Стратегия термині осы уақытқа дейін жарыс,бәсеке мағынасында
қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы
концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және
мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып
саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен
шешімдер жиынтығы,сол арқылы ұиымның өз мақсатына жету үшін басшы
арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті
құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан
енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялыжоспарлау
басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу; сыртқы ортаға
бейімделу; ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжалдау.
Стратегиялы жоспарлаудың өзіндік белгілері:

1.Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар
тұжырымдайды және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың
барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.
2.Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл
корпорацияның болашағы үшін жасалады.
3.Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулерден және нақты
деректермен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнеспен тиімді бәсекелесу
үшін фирма сапа, рынок,бәсеке және басқадай факторлар туралы толып
жатқан ақпаратты ұдайы жинауы,әрі талдауы тиіс.
4.Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін
білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал
етеді.
5.Стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын
сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды
жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.
Жалпы стратегиялық жоспарды бағдарлама ретінде қарастыру
қажет, сонда ұзақ уақыт бойы фирманың қызметін бағыттауға, әрі қажет
болған жағдайда өзгертуге болады.
Стратегиялық басқару туралы алғашқы болып ойларын қосқан
атақты әскери ойшылдардың бірі – ежлгі Қытайлық қолбасшы Сунь-Цзы болып
табылады(б.з.д.400-330ж.ж).Ол өздерінің ұрпақтарына әскери өнердің
проблемалары туралы емес,билікке ие адамның қарым-қатынасының проблемаларын
және оның қол астындағылардың,көпшілікті тиімді басқару проблемаларын
қарастырады.Әскери қолбасшы Сунь-Цзы стратегияның типтерін сызып және
сыртқы жағдайларға байланысты олардың тауарларын (бәрінен бұрын
қарсыластардың күші,сонымен қатаржергілікті аймақтың типі)және өзінің
мүмкіндігін реттеп отырды.Оның айтуынша, Егер де қарсыласыңнан он есе
басымдыққа ие болсаң – қоршауға ал,егер де бес есе - шабуыл жаса,егер де
екі есе болса – қарсыласыңның әскерін бөлшектеп таста,егер де күш бірдей
болса – онда онымен соғыса біл,егер де күш жеткіліксіз болса – шегінугн
дайын бол,ал егер де барлық жағынан да күш аз болған жағдайда – шайқасты
болдырмауға тырыс.Сунь-Цзы негізінен стратегтік жұмыста ақпараттық-
аналитикалық жұмыстың қаншалықты қажеттілігін бағалағандардың бірі болып
табылады.Б.з.д.350 жылдары ол әскери өнердің негізгі 5 элементін атап
көрсетті:
1.Кеңістікті зерттеу.
2.Санын бағалау.
3.Есептеу.
4.Орын-орнына қою.
5.Жеңіске мүмкіндігі.

2. Стратегияның түрлері және обьетілері мен субьектілері

Тиімді менеджмент стратегиясы
Жапон менеджерлері 20-ғасырдың 70-жылдардың орта тұсынд
өздеріне мынадай
сұрақтар қойды: Компанияның ұзақ мерзімдік мақсаты қандай?,
Компания орта өзгерісіне қалай бейімделеді?, Жұмыскерлерді қалайша
тиімді пайдалануға болады?,
Қойылған сұрақтардың жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға
болады:
1.Тиянақты шешім стратегиясы. Америка және Жапонияның таңдаулы
фирмалары ( ИВМ, Мацусити және т.б.) өндірісті ұдайы жетілдіріп, жұмыстың
ең жаңа және таңдаулы әдістермен орындау үшін ақша бөледі,берілген, жақсы
үйретілген ұжымның өсуі мен дамуына күрделі қаржы жұмсайды.
Мәселен, АҚШ-та 70-жылдары үлкен автомобильдерді көптеп шығарды. Олардың
отын үнемдеуі шамалы болғанымен, табысты көп берді. Жапондықтар шағын
автомо-бильдер шығару арқылы рынокты жаулап алды.Соның салдарынан 1980 жылы
амери-кандық фирмаларда Крайслер автомобиль алыбы зиян шегіп, банкротқа
ұшырай бастады.
Тиянақты шешім стратегиясы 10-15 жылдарға арналған ауқымды мақсатты
көздейді. Менеджерлер стратегиялық тұрғыда ойлай білуі тиіс.Тиімді
менеджментте стратегияны жасау үшін 10 қозғаушы күшті пайдаланады:жаңа
нарықтарды іздестіру;жаңа өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді ойластыру;
тұтынушылар үшін сервисті жақсарту;техналогияны ойластыру; өнім мүмкіндігін
жақсарту; өнім сапасын жақсарту; тарату тәсілдерін жақсарту; табиғи
ресурстарды молайту;өндірісті және өсімді ұлғайту; күрделі қаржы мен
пайданың қайтарымынмолайту.
Басшылардың стратегиялық ойлауына синергализмді пайдалану және өнімнің
өмірлік циклін дәл анықтау ықпал етеді.
Фирма қызметкерлерінің түпкілікті шешімді қабылдау қабілетін дамыту үшін
таңдаулы менеджерлер:
өзінің қарамағындағыларды ұзақ уақыт боиы бағалап,олардың жұмыскер
ретінде стратегиялық мақсатқа жетуіне ықпал етеді. Американдық менеджерлер
таңдаулы жұмыскерлерге айрықша қамқорлық жасап, көтермелеп отырады.:
- менеджерлерге әр түрлі дәрежедегі басқаруды жүктейді.Несиелік акция

түрінде сыйлықтың бір бөлігін береді,мұны ол зейнеткерлікке шыққанда немесе
компаниядан босанғанда өз қаржысы ретінде пайдаланады:
- негізгі зерттеулерге, ізденістерге, жаңа тауарларды өндіруді
мерзімінде орындауға күрделі қаржы бөледі.
-компания көп пайда тапқан жағдайда бонус (сыйлық ақы) төлейді.
Жапониядағы ай сайынғы еңбек ақымен қоса жылына екі рет бонус төлейді.
Бонус мөлшері еңбек контрактісінде белгіленеді.
2. Тәуекел стратегиясы. Біз ең таңдаулы адамдарды таңдап
аламыз және де одан әрі дамытуға ықпал етеміз.
Кәсіпорынның экономикасы қауырт өркендеуі үшін тәуекел
стртегиясы өте қажет. Басшы қызметкердің бизнеске тәуекел етуі олардың
негізгі антрепренерлік қызметі болып саналады.
Басшы қызметкерлердің басқару мәдениеті жоғары деңгейде болған
жағдайда ғана тәуекел стратегиясы жүзеге асады. Мұндайда мынадай
стратегиялық сұраққа жауап беруге тура келеді: Болашақта біздің бизнес
қандай болуы керек?. Басшы бөлінген капиталды немесе қосымша қаржы
заемын қайта бөлуі ұйым ішіндегі дау-дамайды алдын-ала болдырмауы,
стратегиялық жоспарларда шеберлік таныту, қызметкерлерді сүйемелдеп
көтермелеп отыруы тиіс.
Ақыл-ой тәуекелі айқын мақсат болуын, ең қолайсыз жағдайдың
болуы мүмкін екендігін, мүмкін болатын қиыншылықтарды болуға тиісті
жетістіктермен салыстыра білуі қажеттілігін көздейді. Ақыл-ой тәуекелі –
бұл өзін-өзі ақтайтын,өзіндегі шығынды шектей алатын тәуекел.
Америкадағы таңдаулы фирмалардың өз штатында эксперттер болады. Олар
кейбір кәсіпорындарға қаржы бөлуді қашан тоқтату қажеттігін белгілейді.
Бұлар ең көп ақы төленетін мамандар. Менеджмент жөніндегі американдық
мамандардың бағалауы бойынша, тәуекел бастамасын жүзеге асыруға
қабілетті ұйымдар өз қызметкерлерін неғұрлым тиімді жұмыс істеуге ықпал
ете алады.
3.Менеджмент идеясының стратегиясы. Әрбір бизнесте ең
бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы
Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі
көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда
шыдамдылықтанытады.
Көпшілік идея іс жұзінде асырыла бермеуі мүмкін. Жаңа идеяны
ойластыруға, оны жүзеге асыруға ұзақ уақыт кетеді. Идея пайда
болғаннан кейін, оның прототипін(өнім технологиясын) іздестіруге, яғни
ойластырылған бұйымды жасауға, содан кейін сол ұйым табыс тұсіретіндей
етіп өндіріс процесін (өндіріс технологиясын) құруға тура келеді.
- Техас инструментеc фирмасының менеджері өндіріске жаңа
өнім енгізу идеясын ұсынатын мамандар үшін 1 млн. доллардай қаржы бөледі
екен.
П.Друкер творчестволық ықпалға дәл анықтама берген. Кез келген
мақсат жүзеге асқанда, менің білетінім, мұнымен идеяға бар ынтасымен
берілгендер – фанатиктер шұғылданады. Фирманың ішкі творчестволық
мүмкіндігін дамыту үшін американдық менеджерлер өзінің қарамағындағыларға
үнемі мынадай сұрақ қояды: Қазіргі істеп жүргеніңізден басқаша, Сіз тағы
не істегіңіз келді, әрі мұның өзі барлығымызға және тұтастай компанияға
қандай пайда келтіреді? . Осы сұраққа жауап бере отырып, фирманың әрбір
қызметкері алдына өзін-өзі жетілдірумақсатын және оған жету мерзімін
қояды.
Менеджменттің стратегиялық идеясын жүзеге асыру үшін
творчестволық ойлаунегіздерін меңгере білукерек.
Біріншіден, қалыптасқан жағдайға статус-кво күмән келтіруге
де, жалпы қабылданған жағдайды теріске шығаруға да болады. А.Эйнштейн
жаратылыстану ғылымын үйреніп жүрген студенттерге мынадай кеңес берген:
күнделікті бір сағат уақыт бөліп біреудің идеясын теріске шығаруға, сөйтіп
мұқият ойлана отырып, өз идеяңды ұсынуға талпын.
Екіншіден, өзің шұғылданып жүрген проблемаға қолдануға болатын
басқа ұқсас идеяны айқындауға және де оны жаңаша пайдалануға болады.
Үшіншіден, өзіңнің алдын-ала сезіну түйсігіңе айрықша көңіл
бөл. Әдетте бір нәрсені күні бұрын сезіну сіздің ой-санаңызға жинақталған
фактілердің нәтижесі.
Төртіншіден, ойға оралған идеяны бірден бағалауға тырыспаңыз.
Әуелі асық-пай ойланыңыз, содан кейін бағалаңыз, өйтпейінше сіз тамаша
идеяны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
4.Стратегия әсерлігі фирмаға тамаша жұмыс қабілетін сақтауға
мүмкін-дік береді(былайша айтқанда жақсы спорттық нышанда болу, әрі көңіл
күйдің көтеріңкілігі). Менеджерлердің ықпал етушілігі тиімді басқару
шешімдерін қабыл-дай білуіне байланысты. Бұл жағынан қарастырғанда
жапондықтар ең тиімді шешім қабылдайтындарға жатады. Асерикандық немесе
еуропалық шешім қабыл-даудан жапондық шешім қабылдаудың басты өзгешелігі –
мұнда шешім қабылдау дегеніміз, қойылған сұраққа жауап беру.
Жапондық жұмыскерлер бүкіл ұйымға қатысты шешімді толық келісім
болғанда ғана қабылдайды.
Қазіргі кезде таңдаулы американдық және еуропалық компаниялар
жапондық шешім қабылдау өз практикаларында қолданып жүр. Мұндайда әрбір
жұмыскерлердің ішкі мүмкіндігі толық айқындалатынына олардың көздері
жеткен.
5. Машықтанған мамандарды таңдау стратегиясы – қарапайым
адамдарға әдеттен тыс жұмыстарды орындауыны ықпал ету.
Менджмент тиімділігінің және машықтанған мамандар стртегиясы
тиімділігінің басты мақсаты – мақсат айқындалғаннан оның өлшем әдісі мен
ақы төлеу әдісі белгіленгеннен кейін фирманың әрбір қызметшісінің жербес
әрекет етуіне ықпал ету, яғни фирмада тиімді жұмыс істейтін машықтанған
қызметшілер құрамының болуын қамтамасыз ету.
Осы ресурстардың ішкі резерві – әрбір өндіруші фирманың алтын
қоры. Менеджер мынадай сұрақтарға жауап бере отырып өз жұмыскерлерінің
қайсысы тиімді жұмыс істейтіндігін анықтай алады. Кейде жұмыста болмайтын
кімдер?, Басшының ешқандай қамсынсыз-ақ, жақсы жұмыс істейтіндер
кімдер?, Біреулер болмай қалған жағдайда жұмыс тоқтап қалмас үшін істі
кімге тапсыруға болады?, Кімдер басшының көзіне түсуге тырысады?,
Бастық болмаған кезде де жақсы жұмыс істейтіндер кімдер?, Өз жұмысын
үнемі жетілдіріп отырғандар кімдер?.
6. Жеңілдету стратегиясы – барлық жағдайды мүмкіндігінше
қарапайым қалпына сақтау, төрешілдікке(бюрократизмге) жол бермеу. Басқару
құрылымын оңайлату.
Католикалық шіркеу дүние жүзіндегі ең ірі ұйымның бірі – оның
бес дірежелі басқару жүйесі бар: приходтық дін қызметшісінен бастап Рим
папасына дейін. Бізде ауыл шаруашылығы министрінен орындаушыға дейін 7-8
буын бар. Әрине, мұндай көп сатылы құрылымдакәсіпорын өзінің іскерлік
әрекетін өз мәнінде толық орындай алатындығы айқын.
Жеңілдету стратегиясы жоғарғы басшылар тарапынан басқару
мәдениетінің жоғары деңгейін талап етеді, тек сонда ғана олар өз
қарауындағылармен тиімді қарым қатынас орната алады.
7. Сапа стратегиясы. 50-ші жылдары профессор Деминг американдық
бақылау саласындағы мамандықтарды американдық басқару амалдарына үйретті.
Осы жылдары жапондық менеджерлер, өз кезегінде, басқару амалдарын орташа
және төменгі деңгейдегі мамандарға үйретпестен бұрын, әуелі фирмадағы
барлық деңгейдегі қызметшілерге үйретті.
Фирмадағы жұмыскерлер өз бетінше шағын топ құрып, онда сапаны бақылау
мәселесін талқылайды, ал жоғарғы басшылар стратегиялық сапаны дамыту
мақсатында қызметкерлері ұсынған идеяны пайдаланады. Еңбек өнімділігін
ұдайы арттыруды қамтамасыз ететін сапа үйірмесі осылайша пайда болады.
Американдық профессор Беф сапаны жақсартудың 4 түйінді нәтижесі
болатындығын айқындайды.
Біріншіден, шығарылатын өнімдер бағасының едәуір төмен болуы. Жоғары
сапалы өнімдер шығаратын фирмалар шикізат, жөндеу, қосымша сынау құндарын
кемітеді. (Мысалы, ИВМ ай сайын 5-тен 10 млн. долларға дейін үнемдейді).
Екіншіден, жоғары сапалы өнімдер шығаратын фирмаларөздерінің
материалдық ада м ресурстарын тиімді пайдаланады, мұның өзі қосымша өнім
өндіруге мүмкіндік береді.
Үшіншіден, жұсысшы абыройы. Қазіргі кезде менеджерлер мен жұмыскерлер
фирма қандай рейтинг алатынына бей-жай қарай алмайды. Фирма мәртебесі ең
маңыздысы.
Төртіншіден, сатып алушылардың талғампаздығы. Бизнестің ең бағалы
ереже-сінің бірі мынадай: Жаңадан сатып алушыларды тарта білу үшін,
әдетте, бизнес шығынды 6 есе көп жасайды тек сонда ғана ол байланысын
сақтай алады. Сон-дықтан да өсіп-өркендейтін фирмалар өз сатып
алушылармен әріптестері ретінде қарым-қатынас орнатады.
8. Адалдық және берілгендік стратегиясы – жекелеген қызметкерлердің
қой-ылған мақсатты түсінуіне және өз еркімен жүзеге асыруына жәрдемдесу
әрі қыз-меткерлердің фирмаға адал, шын берілгендігін талап етуі. Мұның өзі
жоғары сапа-лы менеджменттің ең күрделі жағдайы болып саналады.
Американдық Дельта автокомпаниясының шын қожайынының пікірінше,
қызметкерлерді адалдық пен берілгендік рухында баули білсең, олардан да
дәл сондай жауап аласың. Компания менеджерлері уақытының 25 пайызы әр
түрлі кездесулерге, брифингтерге, ашық есік саясатына,қызметкерлер
проблемасын тыңдауға жұмсайды. Мұндай қасиет-тің жапондық менеджменттерге
же тән екендігіне жоғарыда толық тоқталып өттік.
АҚШ менеджерлері жыл сайын мамандарды өндірістен қол үзіп және қол
үзбей оқытуға 30 млн. доллардан астам қаржы жұмсайды.
9. Ынтымақтасу стратегиясы – барлық қызметшілердің шешім қабылдауға
қатысуы.
Жапонияда еңбек өнімділігін арттыру үшін бірлесіп әрекет ету мен
бәсекелестікті тиімді пайдаланады. Компаниялардың өзара бәсекелестерін,
әлемдік рынокқа шығуын көтермелеп отырады, ал компания ішіндегі
бәсекелестікке жол бермейді.
Жапон менеджерлері ынтымақтасу стратегиясын өте тиімді пайдалана
отырып, топтардың өзін өзі басқаруына мүмкіндік береді. Мұндайда әрбір
топқа жұмыстың маңызды бөлігі тапсырылады. Топтағы қызметкерлердің өзара
қарым- қатынасы мен іс-қимылына қолайлы жағдай туғызады. Қызметкерлерге
мұндай жағдай жасаудың өзі олардың жұмысты қалай орындалып жатқандығы және
де топ жұмысы қалай бағаланатындығын біліп отыруына мүмкіндік береді.
Ынтымақтасу стратегиясын көьірек жақтайтын американдық менеджерлер
қолайсыз бәсекелесуді дер кезінде жойып отырады. Ол үшін қызметкерлерге
бірлесіп жұмыс істеуі нәтижесінде жеткен жетістіктері үшін көтерме сыйлық
берілетіндігі ескеріледі, сондай-ақ олардың арасындағы кикілжіңге, дау-
дамайға дер кезінде тосқауыл қойылады.
Стратегияның обьектілері мен субьектілері
Стратегиялық басқарудың обьектілері коммерциялық фирма ,
мемлекет , аймақ , қала , университет , шағын кәсіпкрлік болуы мүмкін.Ал
субьектісіне ұйыым басшылығы жатады , бірақ ол жалғыз субьектісі бола
алмайды.Сонымен қатар стратегиялық басқару үшін қазіргі ұйымдарда
стратегияны жасап шығару және оны жетілдіру үшін барлық персоналдардың
қатысуы керек.Мысалға , фирманың қызметкерлері, сол фирманың
стратегиясының жасап шығарылуына және іске асырылуына белсенлі қатысады ,
ал университетте оқытушылар мен студенттер университеттің дамуы үшін
қатысуы керек.
Көбінесе,күрделі обьектілердіің стратегияларын жасап шығаруға
іштей қатынаста қызығушылығы бар тұлғалар қатысыды.Мысалға , қаланың
дамуына арналған стратегияны жасап шығару үшін облыстық әкімшілік ,
қалалық әкімшілік , птенциалды инвесторлар , қоғамдық ұйымдарқатысуы
мүмкін.
Әрбір ұйымда әртүрлі функционалдық стратегиялар болуы
мүмкін:қаржылық , кадрлық , маркетингтік және т.б.
Сонымен қатар әртүрлі деңгейде және территориялық даму
стратегияла-
рының түрлерін қарастыруға болады.Әлемдік стратегиялар , елдік
стратегиялар, аймақтық стратегиялар , қалалық стратегиялар және әр
деңгейге қатысты функционалдық стратегиялар болуы мүмкін.Елдің даму
стратегиясы тұтастай басқарудың өзіндік инструменті ретінде құрылуы
мүмкін,сол уақытта ол төменгі деңгейдегі стратегияларға сүйенуі мүмкін.Әр
деіігейде (ел , аймақ , қала)басқару обьектілерінің дамуының бір жағын
анықтайтын функционалдық стратегия құрылуы және жүзеген асырылуы
мүмкін.Мысалға , барлық деңгейде экологиялық стратегияны ,миграциялық
стратегияны,инновациялық стратегияны
және т.б. қарастыруға боладыю.

1.3 Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының
2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және
тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар
жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2010 жылға
дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол
жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық
экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн
құруы тиіс
Стратегияның басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн
экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол
жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту
үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет
көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты
нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа
шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi
өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және
баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Экономиканың шикiзаттық секторын дамыту Үкiметтiң салалық және секторлық
стратегиялары бойынша жүзеге асырылады.
Стратегияның мiндеті:
өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде
қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн
кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды
ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық
институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты
өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру;
ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген
өндiрiстер құруды ынталандыру;
елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң
мүддесiне қарай әртараптандыру;
сапаның әлемдiк стандарттарына көшу;
дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу
арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды
үдету болып табылады.
Стратегия мынадай қағидаттарға негiзделедi:
жеке сектормен серiктестiк;
инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық
емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк
қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң
жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк
қаржылық және өзге қолдау көрсету;
қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк
қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны
қалыптастыруды қамтамасыз ету;
қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан
бас тарту;
индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға
бағытталуы.
Аталған қағидаттар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлi
сапалық өзгерiстер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға қойылған
мақсаттар мен мiндеттердi шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол
жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық
емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер
индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ
мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн
және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше
көңiл бөлу қажет

Қазiргi экономикалық дамудың негiзгi сипаттамаларының бiрi озық ғылыми-
технологиялық әзiрлемелердiң негiзiнде белгiлi бiр уақыт кезеңiнде жасалған
технологияларды кезең-кезеңiмен ауыстыру процесiмен байланысты оның әркелкi
сипаты болып табылады. Технологиялық құрылымдардың ауысуы сәтiнде алдындағы
кезеңде көш басында болған елдер капиталдың құнсыздануына және бұрынғы
өндiрiстерде iстеген қызметкерлердiң бiлiктiлiгiнен айырылуына тап болады.
Жаңа өндiрiстiк-технологиялық жүйенi қалыптастыруда жетiстiктерге қол
жеткiзiп үлгерген елдер дәстүрлi жұмсау салаларынан сырғып бара жатқан
капиталды тарту орталықтарына айналады.
Стратегия индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-
техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол
болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.

Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс:
1. Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк
те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға
жәрдемдесу.
2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және
өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы
ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы
элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-
технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау.
3. Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды
дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.
Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде ғылымды
көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие,
оның iшiнде:
биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен
жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және басқалары);
ядролық технологиялар;
ғарыштық технологиялар;
жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау.
4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың:
жаңа материалдар мен химиялық технологиялар;
ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті
жағдайлар жасау.
5. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың
инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына
инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына
инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.

Стратегияның маңызды мiндеттерiнiң бiрi Мақсатты инвестициялық және
ғылыми-техникалық стратегияларды iске асыру, инвестициялық белсендiлiктi
реттеу мен ынталандыру болып табылады, бұл индустриялық-инновациялық
дамудың қазiргi мемлекеттiк басқару жүйесiн қайта қарауды және белгiлi бiр
дәрежеде қайта құруды қажет етедi.
Стратегияда айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жаңа мемлекеттiк
даму институттарын құру және қазiргi барын, атап айтқанда: Қазақстанның
инвестициялық қорын, Қазақстан Даму Банкiн, Инновациялық қорды, Экспортты
сақтандыру корпорациясын нығайту қажетТұтастай алғанда, даму
институттарының тұрлаулы жұмыс iстеуi орталықсыздандыру, мамандандыру,
бәсекелестiк және ашықтық қағидаттарына негiзделетiн бiрыңғай жүйенi
қалыптастыруға тиiс.
Орталықсыздандыру қағидаты жеке сектордың бастамашылықтарын қолдау
(қаржылай қолдауды қоса алғанда) көздерiнiң сан түрлi болуын бiлдiредi. Iс
жүзiнде бұл мемлекеттiң қаржы және ақпараттық ресурстарды бiр ғана даму
институтына жұмылдырмайтынын бiлдiредi Қазақстанның инвестициялық қорының
(ҚИҚ) мақсаты Қазақстанда да, шет елдерде де кәсiпорындардың жарғылық
капиталына үлестiк және бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың
экономиканың шикiзаттық емес секторындағы бастамаларына қаржылай қолдау
көрсету болып табылады.
ҚИҚ құру қажеттiлiгi қор рыногының дамымауымен, отандық компаниялардың
капиталдану төмендiгiне, отандық рынокта өңдеушi өнеркәсiпке келiп түсетiн
инвестиция ағымына ықпал ететiн барабар нарықтық тетiктердiң болмауымен
байланысты болып отыр. ҚИҚ құру қаржы секторы үшiн қызмет етудiң сапалы
жаңа деңгейiне көшу қажеттiлiгiне белгi болып табылады. Банктермен және
басқа да қаржы агенттерiмен ҚИҚ әрiптестiгi жаңа өндiрiс пен қаржы
рыногының дамуы үшiн белсендi серпiлiс болады.
Жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен мемлекеттiк қаржы институты
ретiндегi ҚИҚ рөлi қысқартылатын болады. Қаржы рыногында 3-5 бiрдей жеке
инвестициялық қорлардың пайда болуымен жекешелендiрiлетiн болады.
Қазақстанның Даму Банкiнiң негiзгi мiндетi ұзақ мерзiмдi және орташа
мерзiмдi төмен проценттi банк кредиттерiн, оның iшiнде экспорттық кредиттер
беру арқылы, сондай-ақ басқа кредиттiк институттар беретiн заемдар мен
кредиттер бойынша кепiлдi мiндеттемелер беру арқылы жеке сектор мен
мемлекеттiң бастамаларына (инфрақұрылымдық жобалар бөлiгiнде) қаржылай
қолдау көрсету болып табылады.
Қазақстанның Даму Банкiнiң қызмет етуi қаржы жүйесiнiң банк жүйесiндегi
айтарлықтай тәуекелдерге және проценттiк ставкаларды төмендету
қажеттiлiгiне байланысты экономикадағы ұзақ мерзiмдi және төмен проценттi
кредиттердi берудi қамтамасыз ете алмауымен белгiленедi Осындай қаржылай
қолдау көрсету туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi талдау жасалып,
тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан кейiн жүзеге асырылатын
болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау технологиялық және жоба үшiн өзге де
маңызды сипаттарда жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте жобаларды бағалаудың
бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың коммерциялық қайтарымдылығы
болып табылады.
Инновациялық қор тiптi дамыған елдердiң бәрiнде бiрдей толық дәрежесiнде
бола бермейтiн нарықтық экономиканың еншiлес функциясын ынталандыруға тиiс.
Бұл функция экономиканың ақпарат, электроника, биотехнологиялар және
басқалары сияқты жоғары технологиялық салаларын құру мен дамыту үшiн ерекше
маңызды. Осыған байланысты қор қызметiнiң басты мақсаты Қазақстан
Республикасында инновациялық белсендiлiктiң артуына, жоғары технологиялы
және ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болуы тиiс.
Инновациялық қорды құру инновацияларды енгiзудiң тиiмдi және нарықтық
тетiктерiнiң болмауына қатысты кеңес өкiметiнен кейiнгi кеңiстiктiктiң
барлық елдерiне тән жүйелi проблеманы шешуi тиiс.
Бұл проблеманың екi жағы бар. Бiрiншiден, бұл әзiрленген инновацияларды
енгiзудiң қажеттiлiгi. Екiншiден, жаңа инновацияларды әзiрлеу үшiн
қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды
қаржыландыру.
Осы проблеманы шешу үшiн Инновациялық қордың негiзгi күш-жiгерi жеке
сектор тарапынан Қазақстандағы венчурлiк қаржыландыруды ынталандыру мен
дамытуға және инновациялық инфрақұрылымды құруға бағытталуы тиiс.
Инновациялық қор өз қызметiнiң бастапқы кезеңiнде отандық және шетелдiк
серiктестермен бiрге инновациялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын
және венчурлiк қорларды құратын болады.
Инновациялық қордың гранттарды бөлу туралы шешiмi шетелдiк ғалымдарды
тарта отырып, тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзiлгеннен кейiн
ғана жүзеге асырылуы тиiс. Қаржыландыру үшiн таңдалған ғылыми зерттеулер
ҚИҚ және Қазақстанның Даму Банкi арқылы қаржыландыру аясындағы жобаларға
тұтас алғанда сәйкес келуi тиiс.
Сауда саласы индустриялық-инновациялық даму жүргiзiлетiн басты "алаң'
болуы тиiс. Осының әсерiнен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сауда саясаты
нарық экономикасын өздiгiнен реттеудiң басты тетiгi бәсекелестiктi дамыту
үшiн жағдай жасауға бағытталатын болады.
Ішкi рынокты импорттан одан әрi қорғау отандық өңдеу өнеркәсiбi
тауарларының шетел кәсiпорындарының бағасы әрi тұтыну сипаттары жағынан да
ұқсас түрлерінен мүлдем артта қалуына әкелiп соғады.
Ғаламдану кезеңiндегi жабық та шағын экономика ол капитализмнiң ерте
сатысында бiржола қалып қоюы мүмкiн (Бұл Орталық Азия елдерi арасында орын
алып отыр). Жабық экономика саясатының зардабы Қазақстанның тоқсаныншы
жылдар басынан өткергенiнен де әлдеқайда ауыр болуы мүмкiн.
Бәсекелестiктi және экспортты ынталандыру саясаты импорт алмастыру
саясатының орнын басатын болады.
ДСҰ-ға кiру Қазақстан үшiн маңызды қажеттiлiк болып табылады.
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi сыртқы сауданы жүзеге асыру және осы ұйымда
қабылданған ережелерге, нормаларға, тетiктерге сәйкес тауарлар мен қызмет
көрсетулер өндiрiсiнiң iшкi жағдайларын түбегейлi қайта құру есебiнен
тұрақты экономикалық өсiм үшiн қолайлы жағдайлар жасауды мақсат етедi.
Индустриялық-инновациялық даму саласында жүзеге асырылатын мемлекеттiк
инвестициялардың көздерi республикалық және бюджет қаражаты, сондай-ақ
мемлекет бақылауындағы кәсiпорындардың (дамудың мемлекеттiк қаржылық
ұйымдары, ұлттық компаниялар, мемлекеттiк кәсiпорындар) қаражаты болады.
Стратегияны iске асыру оны өнеркәсiптiк өндiрiстi инновациялық даму
талабына сай барабар әрекет ететiн жоғарғы бiлiктi кәсiби мамандармен
қамтамасыз етуге тiкелей тәуелдi. Бұл ғылыми, инженерлiк-техникалық, ғалым-
конструктор мамандарға да, ұйымдастыру-басқару мамандарына (менеджерлерге)
да бiрдей қатысты боладыСапалы адам капиталының болуы индустриялық-
инновациялық стратегияны ойдағыдай iске асырудың ажырамас шарты болып
табылады.
Бiлiм беру секторы барлық елдер экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз
ететiн басты "отты нүктелердiң" бiрi болып отыр.
Ғаламдану жағдайында экономикасы дамыған елдер неғұрлым перспективалы
ғалымдар мен жоғарғы бiлiктi мамандарды шоғырландыруды өзiнiң басты басым
саясаты етiп алдыХалықтың денсаулық жағдайы кез келген елдiң әлеуметтiк-
экономикалық, мәдени және индустриялық даму деңгейiн айқындайды.
Денсаулық сақтау саласы халықтың әл-ауқатының тұрлаулы да тұрақты өсу
тұрғысынан елдегi негiзгi және басым сала болып табылады.
Стратегия аясында денсаулық сақтау саласының негiзгi мiндетi өзiндiк
ғылыми және инновациялық әлеуеттi құру және дамыту болып айқындалады.
Осыған орай деңгейлерге жету жаңа және қол жеткен деңгейлердi бекемдеу
үшiн отандық және әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып, денсаулық сақтау
жүйесiн серпiндi дамыту үшiн жағдай жасау қажет.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясат оның мемлекеттiк
медициналық-әлеуметтiк және құқықтық қолдау кешендi шараларын әзiрлеу мен
жүзеге асыру денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын
нығайту сияқты дәстүрлi бағыттармен қатар, денсаулық сақтау халықтың
медициналық көмекке қол жеткiзуiн арттыра түсетiн, ресурстарды сақтайтын,
экономикалық тиiмдi әдiстерге баса назар аудара отырып, диагностика мен
емдеудiң клиникалық хаттамасын қолдануды қоса алғанда, қазiргi заманғы
медициналық технологияны енгiзуге бағдарланатын болады Монетарлық саясаттың
мақсаттары экономикалық өсудiң жоғары қарқынын сақтайтын инфляцияның
төменгi деңгейiн қамтамасыз ету, отандық тауар өндiрушiлерге қолайлы
бәсекелестiк жағдайды және елдiң төлем теңгерiмiнiң тұрақтылығын қамтамасыз
ету, банктiк проценттiк ставкаларды төмендетуiн ынталандыру арқылы
банктердiң экономиканың нақты секторына кредит беруiнiң одан әрi өсуi үшiн
жағдай жасау болмақ.
Экономиканың шикiзаттық емес саласына инвестицияларды жеделдете тартуға
ықпал ететiн ұйымдық нысандардың бiрi еркiн кеден аймағының айрықша режимi
бар арнайы экономикалық аймақтарын (бұдан әрi - AЭA) құру болып
табыладыҒылыми әзiрлемелердiң қажет болмауы, соның салдарынан өнеркәсіптегi
инновациялық белсендiлiктiң деңгейiнiң төмендiгi өндiрiс факторларының
өнiмдiлiгiн жоғарылату, нақ ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс
есебiнен мүмкiн бола тұра, экономиканы реформалаудағы ғылым рөлiнiң жете
бағаланбауынан туындап отыр Дамыған индустриялық елдермен салыстырғанда
Қазақстандағы ғылымның дамуының қағидатты ерекшелiктерi бар. Дамыған
елдерде iргелi және қолданбалы зерттеулердi қаржыландырудың жыл сайын
ұлғаюы, ғылымның жеке сектормен ықпалдасуын ынталандыру есебiнен жаңа
жетiстiктердi жеделдете игеру, ғылымның корпоративтi секторын құруға және
дамытуға жан-жақты жәрдемдесу, маңызды экономикалық және әлеуметтiк
мiндеттердi шешуге ғылыми-техникалық әлеуеттi бағдарлау байқалып отыр. Атап
айтқанда, 2000 жылы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелерге арналған
мемлекеттiң шығыстары: АҚШ-та 246,2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,9 %),
Жапонияда 94,2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 3,0%), Германияда 45,8 млрд.
долларды (IЖӨ-нiң 2,35%), Францияда 28,0 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,25 %),
Швецияда 7,6 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 4,0 %) құраған. Еуроодақ өз мүшелерiне
ғылымға арналған салымдар деңгейiн ЖІӨ-нің 2,5 %-iне дейiн жеткiзудi ұсынып
отырғанын атап өту керек.
Стратегияны iске асыру стандарттау, метрология және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті кенейтуге бағытталған инвестициялар
Әлеуметтік - экономикалық стратегиялық жоспарлау
Экономиканың нақты секторын инвестициялау, жаңа технологияларды игеру және қайта құру
Компанияның бәсекелестік артықшылығын қолдану стратегиясы
Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні
−кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Фирма стратегиясын құру және оны жүзеге асыру
Индустриялық–инновациялық даму туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы индустриялы-инновациялық даму
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
Пәндер