Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармаларының педагогикалық маңызы мен тәрбиелік мәні


ҚАЗАҚ КОМПОЗИТОРЛАРЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН ТӘРБИЕЛІК МӘНІ.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І тарау. Қазақ композиторларының бағдарламадағы балаларға
арналған шығармаларының педагогикалық тәрбиелік
мазмұнына сипаттама . . . 6
ІІ тарау. Қазақ композиторларының балаларға арналған
шығармаларын музыка сабағында пайдаланудың
тиімділігі мен әдіс-тәсілдері . . . 15
Қорытынды . . . 36
Әдебиеттер тізімі . . . 37-39
Қосымшалар . . . 40-45
КІРІСПЕ
Бүгінгі қоғамның жаңа саяси, рухани және әлеуметтік - экономикалық дамуы мектеп оқушыларының оқу мен тәрбие сапасын түбегейлі жақсартуды талап етеді. Осыған орай музыкалық - педагогиканың таңдаулы мұраларын жан-жақты зерттеп, оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың маңызы зор.
Осы тұрғыдан қарағанда Қазақ композиторларының музыкалық шығар-маларының ішінде балаларға арналған әндерінің педагогикалық тәрбиелік ықпалының маңызы зор.
Өткендегі ұлы педагогтардың-ғалымдар мен әдіскерлердің мұрасын, олардың көзқарастарын, мұрагерлік идеяларына көптеген зерттеушілер назар аударған.
Қазақстандағы ең алғашқы ағартушы ұстаз Ы. Алтынсариннің музыка тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгендігін академик А. Жұбановтың анықтаған мына фактісінен көруге болады. “Ы. Алтынсаринның ұстаздық тәжірибесінде көрініс тапқан балаларға музыкалық - эстетикалық тәрбие беру идеясы өзінің педагогикалық құндылығын қазіргі кезде де жойған жоқ. Ән сабақтары Жетісу облысының бағдарламаларында да міндетті түрде өтілетін пән ретінде, жоспарланып отырған” - деген сөздері растайды.
Соғыс жылдарынан кейін ән мамандарымен белгілі, көптеген ғалым, педагог-музыканттар: И. Лебедов, В. Н. Шацкая, Е. Малинина, Н. Л. Гродзенская, О. А. Апраксина, В. Белобородова және т. б. еңбектерін негіз-ге ала отырып, музыкалық-методикалық арнайы бағдарламалар құрылып, оқулықтар шыға бастады. (2, 15, 35)
Балаларға арнап музыкалық шығармалар жазған Қазақ композиторлары: А. Жұбанов, М. Төлебаев, Л. Хамиди, Б. Ғизатов, Б. Байқадамов, Ә. Бейсеуов, К. Қуатбаев, И. Нүсіпбаев. Ө. Байділдаев, Е. Хасанғалиев, Ш. Қалдаяқов, А. Ес-паев, М. Маңғытаев (20, 11, 16, 30) т. б.
Жалпы білім беретін орта мектептерде музыкалық педагогика саласы бойынша “ән-күй” пәні бағдарламасын жасаған: Б. Ғизатов, Р. Жәрдемалиева, Г. Қарамолдаева (1-3 сыныптар үшін), М. Х. Балтабаев “Елім-ай”, Ж. Кәрімова “Музыкамен сабақтастырылған әдебиет”, Ә. Райымбергенов “Мұрагер” және Ш. Құлманова, М. Оразалиева, Б. Сүлейменованың бастауыш сынып оқушыларына арнап ұлттық музыка не-гізінде жаңа “ән-күй” пәні бағдарламаларын атап айтуға болады. (5, 16, 17, 32)
Музыкалық-педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдау Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармаларының тәрбиелік ерекшелектерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың қажеттігін көрсетіп отыр.
Зерттеу мақсаты - Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармаларын музыкалық - педагогика тұрғысында негіздеп, әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Зерттеу объектісі - Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармалары.
Зерттеу пәні - Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармаларының тәрбиелік мазмұнын оқу - тәрбие процесінде пайдалану барысы.
Зерттеу міндеттері:
- балаларға арналған шығармалардың тәрбиелік сипатын айқындау;
- балаларға арналған шығармалардың мектеп бағдарламасында алатын орнын анықтау;
- балаларға арналған әндердің тәрбиелік мазмұнын оқу-тәрбие процесінде пайдалануға әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу әдістері: педагогикалық, өнертану, музыкалық әдебиеттерді, балаларға арналған әндер туралы композиторлардың еңбектерін және мектеп бағдарламаларын талдап, қорытындылау.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеудің практикалық ұсыныстарын музыка мұғалімдері мен класс жетекшілеріне жалпы білім беретін мектептердің оқу - тәрбие процесінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Қазақ композиторларының бағдарламадағы балаларға арналған шығармаларының педагогикалық тәрбиелік мазмұнына сипаттама.
Жас өспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуде, эмоциялық сезімталдығын қалыптастыруда, білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде мектептегі музыка сабағының алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде мектептерде музыкадан теориялық және практикалық білім беру жүйесінен біраз тәжірибе бар солай бола тұрса да, музыка саба-ғын жүйелі түрде оқыту, әсіресе Қазақ композиторларының шығармаларын пайдаланудың жолдары аз зерттелген. Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармаларының тәрбиелік мазмұнын мектеп репертуары арқылы музыка сабағында игеруде оның әдіс-тәсілдерінің тигізетін ықпалы зор.
Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармаларының тақырыптық бағыт-бағдары мен мән-мазмұнын тереңірек және оқушыларға ұғынықты етіп аша түсуде мұғалімнің атқаратын рөлі зор.
Қазақ композиторларының шығармаларын пайдалануда музыка мұғалімінің ең негізгі және басты мақсаты мен міндеті - әр оқушының мүмкіндігін, қабілетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, терең сезімін оятып, өмірге шынайы құштарлық қуатын орнықтыруға жол сілтеу, сондай-ақ балалардың ән айту өнеріне деген қызығушылығы мен ынта-ықыласын тудыру арқылы оның рухани байлығын арттыру, жаман әдеттерден жирендіріп, қайырымдылық пен мейірімділік, жақсылыққа ұмтылдыру, азаматтық, адамгершілік, ізгілік парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сондықтан музыка пәнінің мұғалімі ән айту, музыка тыңдау, музыка сауатын меңгеру тәрізді сабақтың «дәстүрлі бөлімі» шеңберінің құрсауында қалмай, оны нақтылы өміршындығымен, қоршаған орта туралы түсініктермен ұштастыра білуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Халыққа білім бері министрлігінің 1989 жылғы 28 тамыздағы №617 бұйрығына сәйкес құрылған Уақытша ғылыми-зерттеу ұжымы жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің тұжырымдамасын жасаған болатын. Ол тұжырымдамада мектепті жаңартудың көкейкесті бағдарламаларын (оны ұлттық және дүниежүзілік өркениеттің диалектика-лық бірлігін сақтай отырып дамытуға, ізгілендіруге), сондай-ақ мектептің ұлттық мәдени жасампаздық қызметін қалпына келтіруге негізделген. Бұл құжат министрліктің 1991 жылдың 14 қарашасында болып өткен алқасында қаралып бекітілді. Алайда Қазақстан Республикасының дербес мемлекет мәртебесіне ие болуы, Тілдер туралы, Білім беру туралы Заңдардың қабылда-нуы тұжырымдаманы бүгінгі күн талабына сай қайта қарауды қажет етті. Сондықтан алғашқы дайындалған қазақ мектебінің тұжырымдамасы негізін-де Қазақстан Республикасындағы барлық білім беретін ұлттық мектептерге арналған ортақ тұжырымдама жасалды. Өнделген, толықтырылған осынау тұжырымдама Уақытша ғылыми-зерттеу ұжымы өкілдері, педагог-ғалымдар, тәжірибелі ұстаздар қауымы қатысқан министрлік мәжілісінде талқыланып, мақұлданды.
Уақыт озған сайын тәрбие беру, білім беру реформалары қоғамның дамуына қарай үнемі жаңғырып отырады.
1995 жылдың 1 қыркүйек айында талқыланған “Мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасында” /14/ басты мақсат ретінде білім беру саласында қордаланып қалған проблемаларды талдап саралау, ықтимал жолдарын қарастыру, болашақтағы даму бағыттарын айқындау мәселелері алға қойылды. Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі жаңғыртумен астаса жүріп жатыр.
Сондықтан негізінен осы тұжырымдамадағы мына проблемаларға назар аударылды: “Бастауыш сыныптың өзінде баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалақты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Бұл кезеңде гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндерді кеңінен енгізу керек, өйткені осы жастағы балалар әсершіл әрі ұғымтал келеді. Бала бастауыш мектепті бітірген кезде төңірегіндегі оқиғалар жайындағы әсерін қисынды да жүйелі баяндап, жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз белсене қарым-қатынас жасауды үйренуге, алған білімін түйсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін дағдыларды толық игеруге тиіс”.
Жоғарыда келтірілген Қазақстан Республикасының жалпы білім мен тәрбие беру жөніндегі тұжырымдамалары мен негізгі бағыттары әрбір педагог пен ұстаздың өз ісінде басшылыққа алатын негізгі міндеттері мен мақсаты болып табылады. Мемлекет тарапынан қабылданған осы қарарлар мен құжаттардан тәрбие ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, балалардың рухани сана-сезімін шынайы сұлулық пен әсемдікке бағыттау міндетін орындау қажеттігі айқындалып отыр.
Мектептегі музыкалық-эстетикалық білім беру мен тәрбие ісінің белгілі бір тарихи даму жолы болады. Мектепте жүргізілетін музыкалық-эстетикалық тәрбиенің негізгі мақсаты мен жолдары белгілі кеңес педагогтары А. С. Макаренко, А. Луначарский, Н. К. Крупская, Н. К. Шацкийлердің еңбектерінде баяндалған. Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің негізгі принциптерін ұйымдастыру мәселесі Қазақстанның педагогика ғылымы мен мәдениетінің белгілі қайраткерлері Т. Жүргенов, Қ. Жұбанов, С. Көбеев, Т. Тәжібаев, А. Жұбанов, А. Сембаевтың еңбектерінде арқау болды.
50-шы жылдардан бастап халық музыкасы мен кеңес композиторларының шығармаларын оқытуға бағытталған алғашқы оқулықтар мен мұғалімдерге арналған әдістемелік оқу құралдары шыға бастады.
1984 жылдардан бастап музыка пәніне арналған бағдарламалар қайта қолға алына бастады.
1980-1990 жылдар аралығында Республика мектептері музыка пәнін жүргізуде ССРО Педагогика ғылым академиясының академигі, композитор Д. Б. Кабалевскийдің басшылығымен жасалған музыка бағдарламасын негізге алды. Бұл бағдарламада шын мәнісінде РСФСР мектептеріне арналған еді. Сол себепті республикада орыс тілінде оқытылатын мектептер бұл бағдарламаны өзгеріссіз пайдаланады. Ал қазақ мектептері болса, екі бағдарламаны негізге алды. Жоғары кластар сол бұрынғы РСФСР -дің Ғылыми зерттеу институтының бағдарламасымен жұмыс істеді де, бастауыш кластар Д. Кабалевскийдің бағдарламасының принципі негізінде жасалған жаңа бағдарламаны пайдаланды. (Авторлары: Б. Ғизатов, Р. Жәрдемалиева, Г. Қарамолдаева) .
Бұл мәселеге халықтың рухани дамуын қайта өркендеуі 80-жылдардың аяғында жан-жақты көңіл бөліне бастады. Жеткіншектердің болашағын ойлаған Қазақстан ғалымдары, ұстаздары оларды халықтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерігің үлгі-өнегесі бойынша тәрбиелеуге бет бұрды.
Осындай өзгерістер мен талаптарды ескере отырып 1990 жылы Білім министрлігінің алғашқы «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы» жасалды (24. 2) .
Бұл бағдарлама ұлттық көркем мәдениет, эстетика, музыка, бейнелеу және халықтық әсемдік қолданбалы өнер жөнінде білім беруді өзінің мақсаты еткен балабақшадан бастап білім берудің барлық цикліне арналған. Бағдарлама мектепте, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерді имандылық-эстетикалық тәлім-тәрбие жүйесін ұлттық ерекшеліктерді, баланың өсіп-жетілетін ортасындағы хал-ахуалды ескере отырып қайта құруға, отбасымен мектептің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, баланың бойында имандылық, ізгілік, сезімталдық қасиеттерді қалыптастыруға, оның болмысы мен біліктілігінің арасында диалектикалық үйлесім болуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі имандылық, ізгілік, эстетикалық тәрбие жүйесі баланың сезімталдығын оятып, оның бойында эстетикалық мағлұматтарды қалыптастырып, музыкаға, сурет салуға, сөз сырына үңілуге, тақпақ оқуға, ертегі айту қабілетін дамыта бастауға, айналадағы ортаға, оның әртүрлі құбылыстарына көзқарасын орнықтыруға бағытталды.
Мектептегі имандылық-эстетикалық бағыттағы сабақтар (мәнерлеп сөйлеу және шешендік, әулеттік тұрмыс, мінез-құлық және әдеп ән-күй, бейнелеу, қолөнер, қазақ биі, ырғақты гимнастика) оқушының әсемдік сезімін, бейнелі ойлау қабілетін, жалпы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды көздейді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - оқушыны мәнерлеп сөйлеуге шешендікке дағдыландыру, ұлттық әдепке, қазақша ән салып, би билеуге үйрету, бейнелеу өнерін, қолөнерді қастерлеуге дағдыландыру. Демек, бағдарлама оқушының бойына өнердің мәні мен алатын орнын, оны қабылдау деңгейін дамыта отырып, туған елінің, өз халқының ұлттық дәстүрлеріне, мәдениетіне деген патриоттық сезімін қалыптастыруға жан-жақты педагогикалық жағдай жасауға көмектеседі.
Бағдарлама жергілікті ерекшеліктер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, оқушыны ісмерлікке баулуға, сәндік-қолданбалы туындылар жасау қабілетін дамытуға, бүкіләлемдік мәдениетпен, бейнелеу өнері тарихымен, республикада тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстардың өнерімен таныстыру арқылы оның жалпы білімін, ой-өрісін, эстетикалық көзқарасын, талғамын тереңдете түсуге ықпалын тигізеді.
Бағдарламада оқу жоспарының сабақ кестесі берілген. Имандылық-эстетикалық тәрбиені жетілдіруге байланысты қызықты-қызықты ұсыныстар мен жаңа бағыттар көрсетілген, перспективалық міндеттер қойылған.
Оқушының бос уақытын дұрыс пайдалану жағдайы да ескерілген. Бұл салада бағдарлама мектептен тыс мекемелерге мынадай үйірмелерді ұйымдастыруды ұсынады: қазақша би, халық әуендері, шыршылық, терме, айтыс өнері, халық аспаптар оркестрі (ансамблі), әуесқой студиялар, халық ойындары, эстетикалық және дүниежүзілік мәдениет клубы, Қазақстанның эстетикалық және көркемдік мәдениет клубы, көне және қазіргі сәулет өнері клубы, әлеуметтік және халықтық дәстүр клубы, тұрмыс құру және жыныстық тәрбие клубы.
Бағдарламада сондай-ақ қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан отбасы тәрбиесі дәстүрлеріне де көңіл бөлінген.
Осы аталған халықтық педагогика принциптері негізінде жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау жөнінде эксперименттік зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша ғылыми-зеттеу ұжымдары құрылды. Айналасы бір-екі жылдың арасында бұл мәселе өзінің шешімін таба бастады. Халықтық педагогика негізінде жасалған алғашқы «Елім-ай» атты 1 класқа арналған ән-күй пәнінің бағдарламасы да дүниеге келді. Оның авторлары қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары (М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, Т. Қышқашбаев, М. Быковский, Б. Әлмұхамбетов, К. Г. Жолымбетова) (17) .
Бұл бағдарламаның ерекшелігі - халқымыздың қанына сіңіп бойына дарыған өнер түрлері: ән, күй, ою-өрнектер, би қимылдары, ұлттық ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері ( мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер, жұмбақтар, аңыз-әңгімелер, т. б. ) және домбырада ойнау машықтары берілген. Тоқсан тақырыптарының аттары да: 1 тоқсан - «Сарыарқа, II тоқсан-«Аққу», III тоқсан - « Тұлпар», IV тоқсан - «Достық», ұлттық ерекшеліктерден туындайды.
Бағдарлама мектеп мұғалімдерінен жан-жақты ізденісті талап етеді. Кейінгі жылдары 2-3 кластарға арналған бағдарламалар да жарық көрді (авт. : М. Балтабаев, Т. Қышқашбаев, Б. Өтемұратова».
Осы жылдары авторлар: Б. Ғизатовтың, Р. Жәрдемалиеваның, Г. Қарамолдаеваның, Д. Кабалевскийдің бағдарламасы принципі негізінде 2-4 кластарға арнап жасаған бағдарламасы қайта қаралып, толықтырылып мектеп оқушыларына ұсынылды (16) .
Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі - ол тақырыптық жүйеге құрылған. Әр тоқсанның өз тақырыбы бар. Оның мазмұны бірте-бірте күрделеніп, жүйелі түрде сабақтан-сабаққа ашыла түседі. Тоқсан тақырыптары бір-бірімен іштей сабақтасып, барлық қосымша және жанама тақырыптарды негізгі желіге байланыстыра игеруге жағдай жасайды.
Бағдарламаның мұндай жүйемен орналасуы сабақтың біртұтастығын қамтамасыз етеді. Қолданылған материалдардың бір тақырыпқа бағынуы, бұрынғыдай сабақтың әрбір элементіне (ән үйрету, музыка тыңдау, музыка сауаты) жеке-жеке өз алдына тоқтауды қажет етпейді, барлық іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланыста болып қойылатын мақсатқа орай өрбиді.
Бағдарламада материалдарды игеруде қолданылатын өте тиімді әдістер көрсетілген, мысалы, өтілетін тақырыптарға алдын-ала «шолу жасап», өтілетіндерге «қайта оралу» «ілгері озып кету», «кері оралу» әдісі) . Мұғалім бұл әдісті қолдана отырып, оқушының тақырыпты қабылдауға қаншалықты дайын екендігін, осыған дейін алған білімдерінің орнықтылығын байқайды. Әрбір жаңа тақырыпты игеру барысында алдымен балаларға таныс музыкаға немесе таныс композитордың музыкасына сүйене отырып, содан соң ғана жаңа материалға көшеді.
Бұл әдістің ерекшелігі - педагогикалық тәрбиелік жағынан маңызы зор, музыкалық тілі түсінікті. Шығармаларды қайталап орындауға немесе тыңдауға мүмкіндік туғызады. Яки, оқушылар белгілі бір шығарманы естеріне сақтап қана қоймай, оны тереңірек түсінуге сезімталдықпен қабылдауға талаптанады. Сол себепті материалдарға алдын-ала «шолу» жасап, өтілген тақырыптарға «қайта оралу» баланың музыкалық мәдениетін қалыптастыруға, әрбір қаланған қабаттың берік болып, әрі қарай даму үшін негіз болуына көмектеседі.
Бағдарламада халықтық шығармалармен бірге халық композиторлары - Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас, Дина, Жаяу Мұса, Естайдың шығармалары, сондай-ақ, қазіргі қазақ композиторлары-М. Төлебаев, А. Жұбанов, Ғ. Жұбанова, Е. Рахмадиев, С. Мұхаметжанов, Б. Ғизатов, Ө. Байділдаев, Ә. Есбаев, Қ. Қуатбаев, т. б. шығармалары орын алған.
Бағдарламаға педагогикалық практикада бұған дейін қолданылып келген халықтық ән-әуендері де енген. Халықтық ән-әуендердің бағдарламаға енуі - балалардың вокальды техникасын дамытуына және дыбыстарды дұрыс есту қабілеттерін арттыруына, ән-әуенін тез жаттап алуына, музыканы нотамен айта білулеріне аса зор ықпалын тигізеді.
Бастауыш сыныптың оқушыларының алыс және жақын шетел композиторларының (П. Чайковскийдің, М. Глинканың, С. Рахманиновтың, О. Пракофьевтің М. Ковальдің, Э. Хачатурянның, Д. Кабалевскийдің, Л. Бетховеннің, В. Моцарттың, Ж. Бизенің, Э. Григтің, Ф. Шопеннің т. б. ) шығармаларымен жүйелі түрде танысуы да ескерілген.
Бағдарламаның түпкі мақсаты - үшінші кластың соңғы тоқсанында оқушыларды алған білімдеріне байланысты аталмыш композитордың творчестволық ерекшеліктерін ажырата алатындай, қазақтың ән-жырының өзіндік құпиясын аңғаратындай, домбырамен орныдауда Құрманғазы мен Тәттімбеттің үлгілерін тани білетіндей деңгейге жеткізу.
Бағдармалада музыка теориясының элементтерін игеру (екінші жарты жылдықта - бірінші класта), музыканы қабылдау және түсіне білу, нота арқылы тақырыптық материалдарды оқып үйрену талаптары қойылды. Бірінші кластықтардың II жартыжылдықта музыканы өздігінен ойнай білу қабілетін жетілдіру көзделген. Хор жұмыстарын жүргізу, оқушыларға шығарманы екі немесе көп дауысты орындаудың алуан түрлерін үйрету қарастырылған.
1990 жылдардың басында жарық көрген 6 кластың бағдармаласына М. Төлебаевтың музыкуалық шығармалары енгізілген. (автор Ө. Байділдаев. (30) ) М. Төлебаев балалар мен жастардың музыкалық-эстетикалық талғамын, көркемдік дүние танымын халық музыкасының негізінде қалыптастыруды көздеген. Бағдарламада Мұқан Төлебаевтың шығармаларының енгізілу деңгейі төмендегідей.
Бірінші тоқсан - «Музыканың көркемдік күші» деп аталады. 9 сабақтан тұрады. Мұқанның «Қырман жыры» әні екі дауыста төрт сабақ бойы (6, 7, 8, 9 сабақтарда) оқушыларға үйретіліп, орындатылады.
Екінші тоқсанда - бірінші тоқсан тақырыбы жалғастырылады. 7 сабақтан тұрады. Мұқанның «Отан» әні 5 сабақтан тыңдалады.
Үшінші тоқсан - «Музыканың күші неде?» - деп аталады. 10 сабақтан тұрады. Мұқанның «Біржан-Сара» операсынан Көкшетау көрінісі екі сабақ (5, 6 сабақтарда) көлемінде тыңдалады.
Төртінші тоқсанда - үшінші тоқсан тақырыбы жалғастырылады. 8 сабақтан тұрады. Мұқанның «Той» симфониялық суреттемесінен үзінді 1 сабақта тыңдалады.
3-класта (1-4 тоқсан) - 35 сабақтың төрт сабағында - «Біржан-Сара» операсынан «Естайдың термесі» және «Тоғай арасында» әні тыңдалады.
4-класта (1-4 тоқсан) - 34 сабақтың екі сабағында екі шығармасы («Қазақ Советтік Социалистік Республикасының әнұраны», «Қойшының әні») тыңдалады.
5-класта (1-4 тоқсан) - 34 сабақтың екі сабағында, екі шығармасы («Коммунизм оттары» кантатасы мен «Той» симфониясынан үзінді) тыңдалады.
6-класта (1-4 тоқсан) - 34 сабақтың бес сабағында үш шығармасы «Қырман жыры» әні үйретіледі. «Отан» әні және «Біржан-Сара» операсынан Көкшетау көрінісі тыңдалады.
Кейінгі жылдардағы тағы бір көңіл аударатын жай - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мемлекет мәртебесіне ие болуына, Тіл туралы, Білім беру туралы Заңдарының қабылдануына байланысты алғашқы дайындалған қазақ мектебінің тұжырымдамасы негізінде Қазақстан Республикасындағы барлық жалпы білім беретін ұлттық мектептерге арналған ортақ тұжырымдама жасалды. Өңделіп, толықтырылған осынау тұжырымдама уақытша ғылыми-зерттеу ұжымы өкілдері, педагог-ғалымдар, тәжірибелі ұстаздар қауымы қатысқан министрлік мәжілісінде талқыланып, мақұлданды (32. 3) . Онда жалпы білім беретін мектептің проблемалары, мақсат-міндеті мен қызметі, құрылымы мен түрлері қаралады, тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі жолдары мен шешуші шарттары көрсетіледі. Мектептің басты мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбірін жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау.
ІІ тарау. Қазақ композиторларының балаларға арналған
шығармаларын музыка сабағында пайдаланудың тиімділігі мен әдіс-тәсілдері.
Музыка сабағында балалар ән салу, балалар аспабында ойнау, музыка тыңдау тәрізді іс-әрекетпен айналысады.
Музыка сабағының мектепте жүргізілетін басқа пәндік сабақтарға тән ортақ ұқсастықтары және өнер саласына тән ерекше айырмашылықтары бар.
- Мектептегі барлық пәндік сабақтар сияқты музыка сабағында да педагогикалық-психологиялық заңдылықтарға сүйене отырып жоспарланады, яғни оқушылардың жас ерекшеліктері, қабылдау мүмкіндіктері, ой-санасы, қиялы т. б.
- Жалпы дидактикалық принциптерге негізделіп құрылады: “Оқыта отырып тәрбиелеу принципі”.
Мұғалім оқушыларға білім беріп қана қоймай, сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады.
Музыка сабағында әрбір іс-әрекеттерді өткізу барысында, мұғалім оның не үшін қажет екенін айқын сезініп, берілетін тапсырманың қандай маңызы бар екендігіне есеп беруі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz