Қоршаған ортаның өсімдік биоиндикаторлары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
М. Ганди атындағы «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №92 мектеп - лицейі»
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ӨСІМДІК БИОИНДИКАТОРЛАРЫ»
Секция: Химия
Орындаған:
11 сынып оқушысы Аманжолқызы Арайлым
Ғылыми жетекші:
химия ғылымдарының кандидаты Казимова А. Ж.
Ғылыми кеңесші:
химия ғылымдарының докторы Сұлтанова Н. А.
Алматы, 2012 ж.
Аннотация
Жұмыстың мақсаты - Қазақстанның әр түрлі аумақтарынан жиналған мүктердің химиялық құрамын анықтау арқылы қоршаған ортаның биоиндикациясын жүргізу.
Жұмыс 32 беттен, 2 суреттен және 5 кестеден тұрады.
Зерттеу нысандары - Алматы облысында, Балқаш және Оңтүстік аймақтарында жиналған Orthotrichum, Hypnum, Pseudoleskeela, Tortula desertorum, Brachythecium тектес отандық мүктер.
Ғылыми-зерттеу жұмысында қолданылған қондырғылар мен әдістер : атомдық-адсорбциялық спектрометр, қағаз хроматографиясы және экстракция әдістері.
Зерттеулер міндеттері:
- Зерттеліп отырған мүктердің сапалылығын (ылғалдылығы, күлділігі, экстрактивті заттары) анықтау;
- Мүктердің макро- және микроэлементтік құрамын анықтау және қоршаған ортаның биоиндикациясын жүргізу;
- Мүктәрізділердің құрамындағы биологиялық белсенді заттарының фитохимиялық талдауын жүргізу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- Алғаш рет шикізаттың сапалылығы (ылғалдылығы, күлділігі, экстрактивті заттары) анықталды;
- Күлдің элементтік құрамы анықталды және қоршаған ортаның биоиндикациясы жүргізілді;
- Мүктердегі көмірсулар мен аминқышқылдары анықталды.
Жүргізілген жұмыста алға қойылған мақсат пен міндеттер орындалып, келесі нәтижелер алынды:
1. Orthotrichum, Hypnum, Pseudoleskeela, Tortula desertorum, Brachythecium мүктерінің сапалық сараптаулары жүргізілді. Нәтижесінде шикізаттың ылғалдылығы 0, 28% -дан 0, 66 %-ға дейін, күлділігі 19, 55%-дан 64, 78%-ға дейін екендігі анықталды. Фитохимиялық зерттеулер бойынша экстракт құрамында аминқышқылдар мен көмірсулар бар екендігі анықталды.
2. Атомды-адсорбциялық спектроскопия әдісімен жалпы күл құрамындағы макро- және микро- элементтік құрамы анықталды. Мүктер құрамында ең көп сандық үлес құрайтындар Ca, K, Fe, Mg элементері, ал ең аз сандық мөлшерді Cd, Ni, Pb, Cu құрайды. Балқаш маңындағы топырақтарда жиналға н Tortula desertorum мен Оңтүстік Қазақстан облысының сулы аймақтарында жиналған Brachythecium rivulare мүктәрізділердің элементтік құрамымен салыстырғанда Алматы облысының аймақтарында жиналға н Pseudoleskeela catenulata, Orthotrichum pumilum, Hypnum cupressiforme үлгілерінде Mn, Zn, Pb, Ni, Fe, Mg, Cu элементтері басымдылық мөлшерде екендігі анықталды. Бұл алғашқы аталған үлгілер экологиялық аса тиімді жерлерде өсетіндігіне байланысты, өйткені мүктәрізділер қоршаған ортаның түрлі факторларының экологиялық жағдайларының тамаша биоиндикаторлары болып табылады.
3. Көмірсулардан мүктердің барлық түрлерінде ксилоза мен фруктоза бар екендігі анықталып, аминқышқылдарынан серин ғана өсімдіктің барлық бес түрлерінде айқындалды. Зерттеу мәліметтері бойынша глутамин қышқылы, метионин, пролин, треонин сияқты аминқышқылдары салыстыруға берілген мүктер үлгілерінде кеңінен кездесетіндігін байқауға болады. Аспаргин, аспаргин қышқылы, глутамин, гистидин Hypnum cupressiforme мен Pseudoleskeela catenulata мүктерінде ғана болса, аланин, лизин Tortula desertorum мен Brachythecium rivulare бриофиттерінде бар екендігі анықталды.
Практикалық маңызы - Қазақстан территориясында өсетін мүктәрізділердің химиялық құрамындағы биологиялық белсенді кешендер (ББК) туралы ғылыми мәліметтерді жинақтау және отандық мүктерді қоршаған ортаның экологиялық жағдайын биоиндикациялау саласында қолдану.
Аннотация
Цель работы - проведение биоиндикации окружающей среды посредством определения химического состава мхов, собранных из различных регионов Казахстана.
Работа состоит из 32 страниц, 2 рисунков и 5 таблиц.
Обьект исследования - мохообразные рода Orthotrichum, Hypnum, Pseudoleskeela, Tortula desertorum, Brachythecium собранные в Алматинском, Балхашском и Южно- Казахстанском регионах.
Методы и приборы : атомно-адсорбционный спектрометр, методы бумажной хроматографии и экстракции.
Задачи исследования:
- Проведение доброкачественности (влажность, зольность, экстрактивные вещества) исследуемых мхов;
- Определение макро- и микроэлементного состава и проведение биоиндикации окружающей среды посредством мхов;
- Проведение фитохимического анализа биологически активных веществ мохообразных.
Научная новизна работы:
- Впервые определена доброкачественность (влажность, зольность, экстрактивные вещества) ;
- Проведены анализ элементного состава золы мхов и биоиндикация окружающей среды;
- Определен углеводный и аминокислотный состав исследуемых мхов.
Результаты:
Поставленная цель достигнута и в полной мере выполнены задачи. Получены следующие результаты:
1. Проведен качественный анализ мхов Orthotrichum, Hypnum, Pseudoleskeela, Tortula desertorum, Brachythecium. В результате установлено, что их влажность составляет от 0, 28 до 0, 66 %, зольность в пределах от 19, 55 до 64, 78%. По результатам фитохимического анализа были обнаружены аминокислоты и углеводы.
2. Методом атомно-адсорбционной спектроскопии определены макро- и микроэлементы в общей золе. Наибольшее количество в мхах составляют элементы Ca, K, Fe, Mg, в меньшем количестве встречаются Cd, Ni, Pb, Cu. По сравнению с элементным составом мхов Tortula desertorum Балхашского региона и мхов Brachythecium rivulare из Южно-Казахстанского региона в образцах Pseudoleskeela catenulata, Orthotrichum pumilum, Hypnum cupressiforme Алматинской области преобладают Mn, Zn, Pb, Ni, Fe, Mg, Cu. Такие данные свидетельствуют о произрастании первых представителей в более экологически чистых регионах, так как мхи являются прекрасными биоиндикаторами экологических показателей окружающей среды.
3. Установлено, что во всех видах мхов углеводный состав представлен фруктозой и ксилозой, а из аминокислот только серин присутствует во всех пяти видах. По результатам исследований в образцах мхов взятых для сравнения показано, что такие аминокислоты, как глутаминовая кислота, метионин, пролин, треонин содержатся в больших количествах. Также установлено, что аминокислоты аспаргин, аспаргиновая кислота, глутамин, гистидин содержатся только в мхах Hypnum cupressiforme и Pseudoleskeela catenulata , а такие аминокислоты, как аланин, лизин преобладают в бриофитах видов Tortula desertorum и Brachythecium rivulare, произрастающих в экологически чистой местности.
Практическая значимость - обобщение научной информации по химическому составу биологически активных веществ мохоподобных, произрастающих на территории Казахстана и применение отечественных мхов в области биоиндикации экологического состояния окружающей среды.
Summary
Aim of the work - Carrying out bioindication of environment by means of definition of a chemical composition of the mosses collected from various regions of Kazakhstan.
The work include 32 page, 2 pictures and 5 tables
Object of the work- the mosses sorts Orthotrichum, Hypnum, Pseudoleskeela, Tortula desertorum, Brachythecium collected in Almaty, Balkhash and South Kazakhstan regions.
Methods and devices: the nuclear-adsorptive spectrometer, methods of a paper chromatography and extraction.
Stages of studies:
1. Carrying out high quality (moisture, ash-content, extractive substances) studied mosses;
2. Definition macro - and microelement structure and carrying out bioindication of environment by means of mosses;
3. Carrying out the phytochemical analysis of biologically active agents bryophytic.
Scientific novelety:
• For the first time high quality (moisture, ash-content, extractive substances) is defined;
• The analysis of element composition of ashes of mosses and environment bioindication are carried out;
• The carbohydrate and amino acid structure of studied mosses is defined.
The obtaining results:
The goal is reached and tasks are fully carried out. The following results are received:
1. The qualitative analysis of mosses of Orthotrichum, Hypnum, Pseudoleskeela, Tortula desertorum, Brachythecium is carried out. It is as a result established that their humidity makes from 0, 28 to 0, 66%, an ash-content ranging from 19, 55 to 64, 78%. By results of the phytochemical analysis amino acids and carbohydrates were found.
2. By method of the nuclear-adsorp spectroscopy are determined micro and macroelements in the general ashes. The greatest number in mosses is made by the elements Ca, K, Fe, Mg, in smaller quantity Cd, Ni, Pb, Cu meet. In comparison with element structure of mosses of Tortula desertorum of the Balkhash region and Brachythecium rivulare mosses from South Kazakhstan water regions in samples of Pseudoleskeela catenulata, Orthotrichum pumilum, Hypnum cupressiforme of Almaty area Mn, Zn, Pb, Ni, Fe, Mg, Cu prevail. Such data testify to growth of the first representatives in more environmentally friendly regions as mosses are fine bioindicators of ecological indicators of environment.
3. It is established that in all types of mosses the carbohydrate structure is presented by fructose and ksilose, and from amino acids only seryn is present at all five types. By results of researches in samples of mosses taken for comparison it is shown that such amino acids as glutamin acid, methionine, a proline, treonine contain in large numbers. It is also established that amino acids asparagin, aspargin acid, a glutamine, a gistidine contain only in Hypnum cupressiforme and Pseudoleskeela catenulata mosses, and such amino acids as alanin, a lysine prevail in bryofits types of Tortula desertorum and Brachythecium rivulare growing in the environmentally friendly district.
Practical value - synthesis of scientific information on a chemical composition of biologically active agents mosses, growing in the territory of Kazakhstan and application of domestic mosses in the field of bioindication of an ecological state of environment.
МАЗМҰНЫ
Orthotrichaceae, Hypnaceae, Pseudoleskellaceae,
Pottiaceae, Brachyteciaceae тектес мүктер туралы мәліметтер
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл жұмыс Алматы облысында, Балқаш және Оңтүстік аймақтарында жиналған Orthotrichum, Hypnum, Pseudoleskeela, Tortula desertorum, Brachythecium тектес отандық мүктердің химиялық құрамын анықтау арқылы қоршаған ортаның биоиндикациясын жүргізуге арналған.
Жұмыстың өзектілігі. Мүктәрізділер басқа да ағзалар сияқты экологияда өзіндік орын алып, биосферада маңызды роль атқарады; топырақтардың ылғалдылығын жоғарлатады, өйткені аса ылғалды субстрат немесе суды мекендеп, олар бүкіл тірі дене бетімен қоректі элементтерді сорып алады, топырақта органикалық заттардың жиналуын, біріншілік гумустың түзілуін қамтамасыз етеді. Мүктер - айналымды жүйеге ие емес өсімдіктер. Олар осмос қысымын пайдаланып, ылғалдылықты жауын-шашын немесе атмосферадан алады. Жауын-шашынмен келетін минералды заттарды жинақтап, мүктәрізділер тіршілік топтаманың аяғында ыдырап, өзінің биомассасымен оларды топыраққа береді. Сондықтан да мүктәрізділер орман денсаулығы үшін аса қажетті. Бұл олардың біруақыттылы қоршаған ортаның барлық заттарын жұтып, шығару механизміне ие емес деген сөз. Сондықтан да мүктәрізділер қоршаған орта ластануының аса бірегей биоиндикаторлары болып табылады. Ауа ластануын сараптау әдістерінің бірі жақсылап өңделген және қолданыс тапқан бриоиндикация әдісі болып табылады, яғни мүктәрізділерді бақылау объектісі мен химиялық анализдер ретінде қолдану. Мүктәрізділерді биоиндикаторлар есебінде қолдану туралы көптеген әдебиеттер арналған. Бриофиттер құрамынан антибиотикалық, инсектецидті, пестицидті, фунгицидті, ісікке қарсы әсерлерге ие қосылыстар табылды. Экстракттардың биологиялық белсенділігі олардың ағзаға көпжақты кешенді әсер етеді. Бриофиттер жасушаларының тең жартысында тірі ағзалар жоқ, яғни бос болып келеді, сондықтан да олар ылғалдылық пен иістерді сіңіру қабілетіне ие. Ол өзінің салмағынан 20-50 есе көп ылғалдылықты сіңіре алады. Басқа сорбенттермен салыстырғанда мүктер ылғалдылықты жақсы адсорбциялайтынын және де гигроскопиялығы 2-6 есеге мақтадан да жоғары екендігін ескерсек, оны медициналық мақсаттарда хирургиялық гигроскопиялық таңу ретінде кең пайдаланылды. Ұзақ жылдар бойы бриофиттер кескін, жара, бактериоз, өкпе туберкулезі, неврастения, сынық, конвульсия және т. б. емдеу мақсаттарында дәрілік өсімдіктер ретінде қолданылған.
Бұл уақытқа дейін отандық мүктәрізділердің химиялық құрамы туралы бытыраңқылық мәліметтер ғана бар, сондықтан да мүктәрізділердің химиялық құрамын зерттеу, химиялық құрамы арқылы қоршаған ортаның экологиялық жағдайын, б. а. биоиндикациясын жүргізу, сонымен қатар отандық өсімдік шикізатынан ББК-нің жаңа көздерін іздеу және олардың негізіндегі құралдарды медицина, фармацевтика, ауыл шаруашылықта қолдану өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Түрлі бірегей биологиялық белсенді метаболиттере ие, ББК-нің жаңа көздері мен қоршаған ортаның түрлі факторларының экологиялық жағдайларының индикаторлары болып табылатын мүктер болашағы бар жаңа зерттеу нысаны болып табылады. Сондықтан да оларды химиялық анықтау, бөлу мен алу әдістерін табу, олардың биологиялық белсенділіктерін зерттеу үлкен ғылыми және тәжірибелік қызығушылық білдіреді.
Жұмыстың мақсаты - Қазақстанның әр түрлі аумақтарынан жиналған мүктердің химиялық құрамын анықтау арқылы қоршаған ортаның биоиндикациясын жүргізу.
Ғылыми жобада қолданылған қондырғылар мен әдістер : атомдық-адсорбциялық спектрометр, қағаз хроматография, экстракция әдістері.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Мүктәрізділер туралы мәліметтер
1. 1. 1 Мүктәрізділердің түрлері мен таралуы
Мүктәрізділер бөлімі ежелгі жоғары өсімдіктер тобы болып табылады. Оларға қарапайым құрылған, өмір бойы жасыл афтотрофты, әдетте жер үсті, сирек жағдайда тұщысулы өсімдіктер жатады. Мүктәрізділер көпжылдық ағзалар [1] . Олар аса салқын солтүстік және оңтүстік аймақтарда, сондай-ақ экстрималды ылғалды климаттарда өсімділіктің үлкен бөлігін құрайды [2] . Олар эпифитик өмір сүру түрін таңдайды, яғни ағаш секілді басқа өсімдіктер бойындағы бұтақ пен түбірлерді қаптап өседі. Жапырақтар да мүкпен қапталуы мүмкін.
23 000 жуық түрлері кездесетін мүктәрізділер өсімдік әлемінің тәуелсіз бөлімін құрайды [3], бұл дүниежүзіндегі 400 000 өсімдік түрлерінің жалпы мөлшерінің 5% болып табылады. Морфология заңдылықтары мен принциптеріне сәйкес олар таллофиттер мен кармофиттер арасындағы аралық орынды алатын күрделі ағзалар болып есептеледі.
Таксономикалық көз қарастан қазіргі заманғы ботаникалық классификацияға сай мүктәрізділер үш класқа бөлінетіндігі анық: Hornworts (300 түрлі сағақжапырақтылар), Liverworts (6 000 түрлі печеночниктер) және Musci (14 000 түрлі мүктер) [4] .
Орта Азия мен Қазақстанның мүктәрізділер флорасы 186 тек пен 68 тұқымдастан тұратын 615 түрден құралған. Печеночниктер тобы 71 түрді, ал сағақжапырақты мүктер тобы 544 түрді қамтиды. Бұл аймақ үшін бекітілген мүктәрізділер түрлерінің жалпы санын толық және таулы аймақ флора байлығының орташа деңгейіне сәйкес келеді деп есептеуге болады. Түрлер саны бойынша Орта Азия мен Қазақстанның мүктәрізділер флорасы Кавказ (627 түр), Таяу Шығыс (635), Сібір (625), Украин Карпаттары (488), Испания (668), Польша (677) мен Финляндияның (591) сағақжапырақты мүктер флорасына жақын. Теңіз деңгейінің биіктігі мен климаттың өзгеруі флораға өз әсерлерін тигізеді.
Сағақжапырақты мүктер (Hornworts) - әдетте тропиктерде таралған 300 түрді біріктіретін, 6 тұқымдастан тұратын, 2 текті қамтитын ерекше топ [5] .
Печеночникті мүктер немесе печеночниктер (Liverworts) 2 класқа бөлінеді: маршанция және юнгерманния .
Маршанция печеночниктер (Marchantiidae) - әдетте топырақта, сирек жағдайда суда, жартастарда өсетін бүкіл жер шарында, көбінесе тропиктерде кеңінен таралған өсімдіктер. Мезозойда табылған Naiadita кіретін, 420 түрді біріктіретін, 35 тұқымдастан тұратын, 16 текті қамтиды.
Юнгерманния печеночниктер (Jungermanniidae) - 9 мың түрді біріктіретін, 240 тұқымдастан тұратын, 45 текті қамтиды.
Мүктер (Musci) 3 класқа бөлінеді: сфагновые, андреевые және бриевые.
Андрея мүктәрізділер - бірқабатты жапырақты ұсақ қызыл-бура (қараға дейін) өсімдіктер.
Брия мүктәрізділер - салыстырмалы кең ауқымды ерекше топ.
Сағақжапырақты және печеночникті мүктәрізділер көбінесе тропикалық немесе орташа ылғалды климатты елдерде таралған; аз ғана саны құрғақ жерлерде өседі [6] . Мүктер ылғалды жерлерде, ормандарда, тундраларда, батпақтарда, бір сөзбен айтқанда барлық жерлерде өседі [7] .
Бұл уақытқа дейін отандық мүктәрізділердің химиялық құрамы туралы бытыраңқылық мәліметтер ғана бар, сондықтан да мүктәрізділердің химиялық құрамын зерттеу, отандық өсімдік шикізатынан ББК-нің жаңа көздерін іздеу және олардың негізіндегі құралдарды медицина, фармацевтика, ауыл шаруашылықта қолдану өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Түрлі бірегей биологиялық белсенді метаболиттере ие, ББК-нің жаңа көздері мен қоршаған ортаның түрлі факторларының экологиялық жағдайларының индикаторлары болып табылатын мүктер болашағы бар жаңа зерттеу нысаны болып табылады [8, 9] . Сондықтан да оларды химиялық анықтау, бөлу мен алу әдістерін табу, олардың биологиялық белсенділіктерін зерттеу үлкен ғылыми және тәжірибелік қызығушылық білдіреді.
1. 1. 2 Orthotrichaceae, Hypnaceae, Pseudoleskellaceae, Pottiaceae, Brachyteciaceae тектес мүктер туралы мәліметтер
Ортотрих Orthotrichaceae , « ортотрихум карликовый» түрі Orthotrichum pumilum Sw. (=O. fallah Bruch ex Brid ) ағаш діндерінде, сирек жағдайда таудың орта белбеулерінде 700-1800 м. биіктікте Памироалай, Тянь-Шань, Таулы Түркменстан, Қазақстан Алтайында кездеседі (1 сурет) . Табиғатта кең тараған мүктердің бірі, шамамен 155 түрі белгілі [10] .
Гипн Hypnaceae , « гипнум кипарисовидный» түрі Hypnum cupressiforme Hedw. (=Stereodon cupressiforme Brid., Drepanium cupressiforme Roth. ) топырақтар, жартас, тас, ағаш діндерінде, көбінесе таудың орта белбеулерінде, сирек жағдайда биік тауларда 1750-4200 м. биіктікте Памироалай, Тянь-Шань, Таулы Түркменстан, Қазақстан Алтайы, Орталық Қазақстан, Жоңғар-Тарбағатайда өседі.
Псевдолескеел Pseudoleskellaceae, «псевдолескеел тізбектәрізді» түрі Pseudoleskeela catenulata (Brid. Ex Schrad. ) Kinbd. (=Pterigynandrum catenulatum Brid., Pseudoleskella catenulata B. S. G., Thuidium catenulatum De Not. ) жартас пен тастарда, андезит-дацитті порфириттерде, сирек жағдайда ағаш діндерінде, көбінесе таудың орта белбеулерінде 790-4200 м. биіктікте Памироалай, Тянь-Шань, Қазақстан Алтайы, Орталық Қазақстан, Жоңғар-Тарбағатайда кездеседі.
Orthotrichum pumilum Hypnum cupressiforme
Pseudoleskeela catenulata Tortula desertorum
Brachythecium rivulare
1 сурет. Orthotrichaceae, Hypnaceae, Pseudoleskellaceae, Pottiaceae, Brachyteciaceae тектес отандық мүктер
Поттиация Pottiaceae Schimp. тектес Tortula desertorum Broth. Bot. түрі топырақтарда, ақ балшықта, тас пен жартастарда, қызыл топырақтарда, гранит пен сландық жыныстарда; таулы аймақтарда 300-5100 м. биіктікте кеңінен кездеседі. Сексеул, жүзгін, черкез және ксерофитті өсімдіктермен қатарласа өседі. Негізінен Тауқұм, Мойынқұм, Торанғылқұм, Күшікжал, Аралқұм, Белсексеул топырақтарда қаптап өседі.
Брахитеция Brachytheciaceae Schimp . тектес Brachythecium rivulare Schimp. түрі ылғалды топырақтарда, өзен мен бұлақ жағалауларында, өзен поймаларында, қатты ылғалды жерлерді мекендейді.
Қазақстан мүктәрізділерінің химиялық құрамын бұл уақытқа дейін жүйелік және мақсатты түрде зерттелмеді, әдеби шолу нәтижелері де аз ақпаратты болып табылады. Бұл жұмыста мүктәрізділерде кеңінен кездесетін, табиғатта кең таралған, теория мен тәжірибе үшін маңызды ең негізгі изопреноидтарды қысқартып жазуға мүмкіндік туындады.
1. 2 Мүктәрізділердің қолданылуы мен биологиялық белсенділіктері
Мүктәрізділер басқа да ағзалар сияқты экологияда өзіндік орын алып, биосферада маңызды роль атқарады [11] ; топырақтардың ылғалдылығын жоғарлатады [12], өйткені аса ылғалды субстрат немесе суды мекендеп, олар бүкіл тірі дене бетімен қоректі элементтерді сорып алады, топырақта органикалық заттардың жиналуын [13], біріншілік гумустың түзілуін қамтамасыз етеді.
Мүктәрізділер - бұл жабайы өсетін адамға пайдалы өсімдіктердің бірі. Ысқышпен салыстырғанда мүктер ылғалдылықты жақсы адсорбциялайтынын және де гигроскопиялығы 2-6 есеге мақтадан да жоғары екендігін ескерсек, оны медициналақ мақсаттарда хирургиялық гигроскопиялық таңу ретінде кең қолданды. II дүниежүзілік соғыс кезінде Британ аралдарында Шотландия, Уэльс, Девонадан алынатын мүктәрізділерден таңу материалдарын дайындау бойынша өндірістік бағыт ұйымдастырылды. Тасымалдауға жеңіл болу мақсатында мүктердің бір бөлігі, ісінуге кеңістік жететіндей етіп марляға салынған, престелген беттер түрінде шығарылды. Беттік мүктер Шотландия зауыттарында снарядтармен кезектесіп гидравликалық пресстерде престелген. Қазіргі уақытта мүктердің бағалы қасиеттері неміс зерттеушілерімен қайтадан танылып, медицинада таңу материалы ретінде қолданылады. Алайда мүктерді қазіргі заманғы медицинаға енгізу жаңалық болып табылса да, өткен ұрпақ оның емдік қасиеттерін жетік білген [14] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz