Қылмыстық жауапкершіліктен босату
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 ҚР Қылмыстық құқығындағы қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Қылмыстық жауаптылықтың басқа да құқықтық жауаптылықтардан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.3 Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жас шамасы ... ... ... ... ... ... ... 22
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ТҮРЛЕРІ, СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
2.1 Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату ... ... 31
2.2 Қажетті қорғану шегіне шыққан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.3 Татуласуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Медиация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34
2.4 Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
2.5 Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 54
3.1 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
3.2 Қылмыстық заң бойынша жазасын өтеп жүрген тұлғаларды жазадан босату негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 74
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... . 77

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. 1995 жылы тамыз айының 30 жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Осы Конституция 1 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды.»
Қазақстан Республикасының азаматтығына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діңге көзқарасына, сеніміне, сондай-ақ бұрын құқық тәртібін бұзғанына, тіпті қылмыс жасап қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан барлық азаматтық құқықтармен бостандықтар тендігіне кепілдік береді.Міне, осы ерекше айтылған қағидаларды біз іс жүзіне асыра бастағанымызды жер бетіндегі елдер тани бастады, соның арқасында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болуы, ертеден белгілі өркениетті елдер қатарындағы мемлекетке айналды.
ХХ ғасырдың аяғындағы үлкен саяси оқиға Орта Азия кеңістігіндегі Қазақстан деп аталатын тәуелсіз мемлекеттің өмірге келіп, дүниежүзілік өркениеттегі өз орнына ие болуы десек, оның Конститутциясында айқындалғандай демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнығуы үшін атқарылатын міндеттер ұланғайыр. Соның ең бастысы құқықтық мемлекет құру. Біз сол құқықтық мемлекеттің керегесін құрып, уықтарын шаншуға ниет етіп отырмыз.
Қазіргі кездегі өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын қорғау болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.
Қазақстан Ата заңының 1-бабында: “Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы- адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” деп атап көрсетілген. Осы заң сөздері Қазақстаға әлемнің дамыған елдерінің қатарында тұруға моральдік құқық береді. Осы сөздер Қазақстанның демократиялық ел екендігін бүкіл елге жария етті.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру бұрынғы социалистік құқықтың, сот және құқық қорағау органдарының мемлекеттендірілген жазалаушы сипатын идеололгиялық және саяси ұрандармен бүркемелеген кеңестік тоталитарзимнен мұраға қалған кеселдерден заң жүйесін азартуды талап етеді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қылмыстық заңдарда құқыққа қарсы мінез-құлық танытуға сенімді тосқауыл қойып, бастамашылық пен іскрлікті тежейтін тыйым салушылықты алып тастап,адамның шығармашылық әлеуетін негізсіз шектеулерден босату қажет.
Қазіргі нарықтық қатынастардың, еркін кәсіпкершіліктің дамуына және қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты қылмыстың белгілері мен құрамы одан әрі зерттелуі тиіс. Осыған байланысты қылмыстық заңдарда ауыр қылмыс жасаған, бұрын сотталған, адал өмір сүруге қасақана мойын бқрғысы келмейтін дамдарға қатаң да әділ шара қолдану керек. Сондай-ақ, қауіп- қатері шамалы қылмыс жасағаны үшін кінәлі болған және қоғамнан аулақтамай-ақ түзеле алатын адамдарға жеңіл жаза қолдану шаралары іздестірілуі тиіс. 1994 жылдың наурызында жарық көрген “Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасында” осындай құнды мәселелер көрсетілген.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2008ж.
3. Номоконов В.А. Преступное поведение. Детерминизм и ответственность. Владивосток,-1989г С.178.
4. Лесниевски-Костарева Т.А. Дифференциация уголовной ответственности. М.,2000. С. 37., Мельникова Ю.Б. Дифференциация ответственности и индивидуализация наказания. Красноярск., 1989. С.234.
5. А.П. Чучаев в книге Козаченко И.Я. Уголовная ответственность: мера и форма выражения. Свердловск, 1987г., С.168.
6. И .С. Самощенко, М. X. Фарукшин в книге Прохорова В.С. Преступление и ответственность. Л: 1984г., С.267.
7. Астемиров З.А. Уголовная ответственность и наказание несовершеннолетних.-М., 1970. С.189.
8. Наумов А.В. Ресей қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім: Лекциялар курсы. - М., БЕК баспасы, 1999. 590.Б.
9. Р.Б. Құлжақаева. Қылмыстың құрамы: Оқу құралы. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2000. - 84 б.
10. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық-Алматы,1999. 120.б.
11. Кузнецова Н.Ф. Понятие уголовной ответственности. М., 1999.г., С.56
12. Өзбекұлы С. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық- Алматы- 2002ж. 224.Б.
13. Қайыржанов. Жастарға құқықтық тәрбие беру мәселелері. 98.Б.
14. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне түсінік. 2004ж.45.Б.
15. Уголовный Закон: Опыт теоретического моделирования.
16. Симиненко А.Н. О необходимости совершенствования института деятельного раскаяния./ Проб лесы применения современного уголовного законодательства М-Омск. 1994г.,С.123.
17. Ахпанов А.Н. Джандарбеков И.А. Деятельное раскание как обстоятельство, исключающее произвольство по уголовному делу./ Проблемы обеспечения законности в деятельности органов внутренних дел. Р.К.- Караганда, 1997г.,С.98.
18. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім: Оқулық. - Алматы: Жеті жарғы, 2001ж.28.Б
19. «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» // Қазақстан Республикасының Парламент Жаршысы. № 6(2319). 2000ж.
20. №045305030072 санды қылмыстық іс Ақмола облысы прокуратурасының мұрағаты.
21. Кадников Н.Г. Квалификация преступлений и вопросы судебного толкования: теория и практика: Учебное пособие. - М.: Издательство НОРМА, 2003г.,С.211.
22. Канафин Д.К. Гарантии прав личности в уголовном судопроизводстве: Монография. - Алматы, 2005. С. 168
23. Тергеу және анықтау заңдылыгын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен 19.05.2004 ж. № 28 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулық.
24. Қылмыстық қудалау органдарының іс жүргізу барысында қабылдаған шешімдеріне прокурордың келісім беру тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А. Жукеновтың 03.06.2005 ж. № 15-1-2-518-05 Нұсқауы.
25. Закон Республики Казахстан от 21 декабря 1995 г. №2709 «О прокуратуре» // Правоохранительные органы: Сборник законодательных актов. - Алматы: ЮРИСТ, 2005ж. - С. 42.
26. Гальперин И.М. Наказания социальные функции и практика применения.-Москва., 1983 г. С 178.
27. Классификация преступлений и ее значения для деятельности ОВД. М, 1983 г., С.79
28. Агыбаев А.Н. Қылмыстық құқык Жалпы бөлім. Алматы " Жеті жарғы" 1999 - жыл 242 б.
29. Ткачевский Ю.М. Давность в советском уголовном праве/ Проблемы совершенствования уголовного закона. - Москва. С 295
30. Қазақстан Республикасыныц Қылмыстық кодексіне түсінік.- Алматы 2004 жыл 130-б
31. А. В. Наумов Уголовное право. Общая часть. Астана"Фолиант" 2001 год. С. 570.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚР Қылмыстық ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ
ИНСТИТУТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.1 ҚР Қылмыстық құқығындағы қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Қылмыстық жауаптылықтың басқа да құқықтық жауаптылықтардан
айырмашылығы

... ... ... ... ... ... ... 19
1.3 Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жас шамасы
... ... ... ... ... ... ... 22
2 Қылмыстық жауапкершіліктен босатудың түрлері, сипаттамасы

... ... ... ... ... . 29
2.1 Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату ... ... 31
2.2 Қажетті қорғану шегіне шыққан кезде қылмыстық жауапкершіліктен
босату

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33
2.3 Татуласуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Медиация

... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34
2.4 Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 48
2.5 Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 50
3 Қылмыстық ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН босату негіздері және олардың сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
3.1 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 54
3.2 Қылмыстық заң бойынша жазасын өтеп жүрген тұлғаларды жазадан босату
негіздері

... ... ... ... ... ... ... 61
Қорытынды

... ... ... ... .. 74
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... .
77
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. 1995 жылы тамыз айының 30 жұлдызында
референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының конституциясы
тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол
ашқан акт болып табылады. Осы Конституция 1 бабына сәйкес Қазақстан
Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және оның
өмірі мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығына нәсіліне, ұлтына, жынысына,
тіліне әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне,
тұрғылықты жеріне, діңге көзқарасына, сеніміне, сондай-ақ бұрын құқық
тәртібін бұзғанына, тіпті қылмыс жасап қылмыстық жазаға тартылғанына
қарамастан барлық азаматтық құқықтармен бостандықтар тендігіне кепілдік
береді.Міне, осы ерекше айтылған қағидаларды біз іс жүзіне асыра
бастағанымызды жер бетіндегі елдер тани бастады, соның арқасында Қазақстан
Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болуы, ертеден белгілі өркениетті
елдер қатарындағы мемлекетке айналды.
ХХ ғасырдың аяғындағы үлкен саяси оқиға Орта Азия кеңістігіндегі
Қазақстан деп аталатын тәуелсіз мемлекеттің өмірге келіп, дүниежүзілік
өркениеттегі өз орнына ие болуы десек, оның Конститутциясында
айқындалғандай демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнығуы
үшін атқарылатын міндеттер ұланғайыр. Соның ең бастысы құқықтық мемлекет
құру. Біз сол құқықтық мемлекеттің керегесін құрып, уықтарын шаншуға ниет
етіп отырмыз.
Қазіргі кездегі өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын
қорғау болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс.
Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.
Қазақстан Ата заңының 1-бабында: “Қазақстан Республикасының ең қымбат
қазынасы- адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” деп атап
көрсетілген. Осы заң сөздері Қазақстаға әлемнің дамыған елдерінің қатарында
тұруға моральдік құқық береді. Осы сөздер Қазақстанның демократиялық ел
екендігін бүкіл елге жария етті.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру бұрынғы социалистік құқықтың, сот және
құқық қорағау органдарының мемлекеттендірілген жазалаушы сипатын
идеололгиялық және саяси ұрандармен бүркемелеген кеңестік тоталитарзимнен
мұраға қалған кеселдерден заң жүйесін азартуды талап етеді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қылмыстық заңдарда құқыққа
қарсы мінез-құлық танытуға сенімді тосқауыл қойып, бастамашылық пен
іскрлікті тежейтін тыйым салушылықты алып тастап,адамның шығармашылық
әлеуетін негізсіз шектеулерден босату қажет.
Қазіргі нарықтық қатынастардың, еркін кәсіпкершіліктің дамуына және
қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты
қылмыстың белгілері мен құрамы одан әрі зерттелуі тиіс. Осыған байланысты
қылмыстық заңдарда ауыр қылмыс жасаған, бұрын сотталған, адал өмір сүруге
қасақана мойын бқрғысы келмейтін дамдарға қатаң да әділ шара қолдану керек.
Сондай-ақ, қауіп- қатері шамалы қылмыс жасағаны үшін кінәлі болған және
қоғамнан аулақтамай-ақ түзеле алатын адамдарға жеңіл жаза қолдану шаралары
іздестірілуі тиіс. 1994 жылдың наурызында жарық көрген “Қазақстан
Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасында” осындай
құнды мәселелер көрсетілген.
Міне, осы айтылғандарды жүзеге асыру бүгіннен, яғни, тәуелсіз құқықтық
мемлекетіміздің құқықтанушы, заңгерлерінің ат салысуымен басталуы тиіс.
Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік емес, көпшіліктің барлық
азаматтардың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның әр әрпі,
рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен
қатардғы жәй азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі
үшін жасалып,қолданылатын, заңдар қоғамда қалыптасқан қоғамдық тәртіпті
орнықтыратын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен
шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға
керек екенін түсінуі қажет. Олай болса, мемлекетімізде қабылданып жатқан
заң актілерінің әрбір бабының қоғамда қалыптасқан қарым-қатынастарды
реттеудегі орны мен ролін, қоғамдық тәртіптің сақталуы мен тұрақтылығына
тигізіп отырған игілікті ықпалын, азаматтарға өздерінің ресми түрде
танылған жеке және заңды, яғни, заңға сүйене отырып әрекет ету құқықтары
мен міндеттерін түсіндіріп, ұғындырудың маңызы зор.
Қазақ елі тарихының тамаша бір тармағы- қазақтың ата жолы, қазіргі
құқық деп аталатын ұғымға толық сәйкес келетін әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрлері және қоғамдық өмірдегі қатынастары. Бұл қастерлі қазынамызды
баға жетпес байлық ретінде зерек көңілмен зерделейтін әр еңбек-
халқымыздың рухани мұрасын молайтатын жүйелі жұмыс нәтижесі.
Алайда, өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтар қатынастар
жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық- құқықтық
қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етті.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы
Конститутциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидалары
мен нормаларына негізделген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қылмыстық заңның ең басты
міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау, сондай-ақ
қылмыстың алдын алу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері
белгіленеді, жеке адам,қоғам немесе мемлекет ұшін қауіпті қандай әрекеттер
қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін тиісті
жауаптылықтар мен жазалар және өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету
шаралары мыбелгіленеді. Әрбір қылмыс істеген субъект тиісті қылмыстық
жауаптылықты көтеруге міндетті. Бұл норма қылмыстық құқықтың, жеке
жауаптылық, заңдылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, қылмыстық
жауапкершіліктен құтылмайтындық, кінәлі жауаптылық, әділеттілік,ізгілік
қағидаларынан өз бастауын алады.
Қылмыстық құқықтық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға іс-әрекеттің
көрінісі қылмыстық жауаптылықтың туындауына әкеп соқтырады.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органдары арқылы
қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде
істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық
құқықтың маңызды институттарының бірі болып табылады және өз кезегінде
өзекті мәселелер қатарында орын алып отыр.
Олай болса, ғылыми жұмыс барысында Қылмыстық жауаптылық дегеніміз
не?, Қазақ қылмыстық доктринасында бұл мәселеге қатысты қандай ғылыми
тұжырымдар бар?, Неліктен қазіргі таңға дейін өзіне тән ортақ
анықтамасына ие ьола алмай отыр?, Қай анықтама және неліктен негіздірек
болып табылады? деген сұрақтар өз жауабына ие болу тиіс.
Жоғарыда баяандалған мәселелер менің, бұл тақырып аясында ғылыми жұмыс
жүргізуме бірден бір себеп бола алады.
Қылмыстық жауаптылық мәселесіне кеңестік және отандық юриспруденцияда
аз көңіл бөлінеген жоқ. Бұл тақырып аясында докторлық деңгейдегі
диссертациялар және басқа да ғылыми құқықтық еңбектер жарық көріп жатты.
Себебі, кез келген қылмыстық-құқықтық мәселе тікелей қылмыстық жауаптылық
және оның негіздерімен байланысты болып табылады.
Солай бола тұрса да, зерттеу еңбектерінің ешқайсысы қылмыстық
жауаптылық ұғымына нені түсіну керек екендігін анықтамағаны және бұл
мәселенің шешімін өз алдына мақсат етіп қоймағандығы өкінішті-ақ болып
отыр. Сондай-ақ бұл мәселеге арналған зертеулер өз назарына ие болмай
қалмады, себебі, әртүрлі көзқарастар, рікірлер, тұжырымдар, дәлелдеулер
қалыптасып жатты.
Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және мазмұнына қатысты сұрақтар бір
мағыналы, ортақ және нақты жауап беру әрине, қиын, дегенмен объективті
шындықты танып, білуді мақсат етуге болады.
Ғылыми жұмыс барысында зерттеу объектісі ретінде, күрделі, әрі даулы
болып табылатын қылмыстық жауаптылық түсінігін, оның әлеуметтік
жауапкершіліктен айырмашылығы мен ара қатынасын, мазмұнын қарастырамыз.
Қоғамдық, мемлекеттік тәртіпті, заңдылықты бұзуға бағытталған шаралар
сан алуан болуы мүмкін. Олар әсіресе қылмыстылықтың алдын алуға арналуы
қажет. Ал барлық алдын-алу шаралары белгілі нәтиже бермеген мемлекет
мәжбүрлік шара қолданылуы тиіс. Сондықтан да қоғамдық тәртіпті заңды
бұзушыға тиісті әр түрлі әкімшілік, тіпті қылмыстық жазалау пайдалынылады.
Әрине қылмыспен күресте жазаның рөлі ерекше. Себебі жаза-қылмыс жасаған
адамға берілетін қоғамдық, әлеуметтік басты бір көрсеткіші. Оның үстіне
жаза қылмыстылықпен күрестің белгілі шамада болса да өте қажетті құрамы.
Қылмыстық жаза мемлекеттің қолындағы маңызды құрал, өйткені ол арқылы
мемлекет адамды, оның құқықығын, бостандығын, заңды мүддесін, мемлекетті,
ұйымдардың құқықтарын олардың заңды мүдделерін, барлық адамдардың бейбіт
өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандық әрекет-әрекетсіздікпен
қорғайды. Басқаша айтқанда, жаза-қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың
басты формасы және қылмыскерліктің алдын –алу шараларының қажетті бірі
табылады.
Қоғам өмірінің барлық жағын демократияландыру, заңдылық пен құқықтық
тәртіпті нығайту азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін
сенімді түрде қорғауды қамтамассыз ету, әлеуметтік әділеттілік принциптерін
қатаң сақтау өз көрінісін қылмыстық құқық нормаларынан да табады. Қылмыстық
құқық теориясында қылмыстық мәселесінің зертелуіне көп көңіл бөлінгенімен,
оның түсінігі, анықтамасы төңірегінде әлі де болса пікір таластар жетерлік.
Қылмыстық жауаптылыққа түсінік беруге ұмтылыс жасаушы авторлар, көбіне
қылмыстық жауаптылықты белгілі бір категориямен теңестіру арқылы, мысалы,
қылмыстық жауаптылық және қылмыстық жаза және қылмыстық құқықтық
қатынас терминдерімен байланыстырып зерттеген. Қылмыстық жауапкершіліктен
босату қылмыстық заңда берілмегенімен, оқу және ғылыми әдебиеттерде
оғаноған әр түрлі сипаттағы анықтамалар берілген. Солардың ішіндегі
негізгілерін қарастырдым. Алдымыздағы жұмыста қылмыстық жауапкершіліктен
босату түсінігі, түрлері, сипаттамасы және кәмелетке толмағандарды
қылмыстық жауапкершіліктен босату, жазасын өтеп жүрген тұлғаларды жазадан
босату мәселелерінің құқықтық реттелуі және салыстырмалы сараптамасы
жасалған.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Жұмысты жазу барысында Қазақстандық және
ресейлік авторлар Ағыбаев А.Н, Бапанов Т.Ә, әбілезов Е.Т, Дулатбеков Н.О,
Рахметов С.М, Алауханов Е.О, Оңғарбаев Е.Ә, Смағұлов А.А, Наумов А.В,
Иванов Н.Г. және тағы басқа авторлардың еңбектері қолданылады.
Осы жұмыстық теориялық, тәжірибелік, құқықтық негіздері мен деректері
оның ғылыми-әдістемелік құралдарын құрайды.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен құралады.
1 ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ
ТҮСІНІГІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 ҚР Қылмыстық құқығындағы қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен мәні
Қылмыстық жауаптылық түсінігін қарастыруға кіріспес бұрын жалпы
жауаптылық дегеніміз не және құқықтық жауаптылық пен әлеуметтік жауаптылық
арасында неліктен айқын айырмашылық пен қарама-қайшылық туындайды деген
сұраққа тоқталып өткен жөн.
Философиялық, құқықтық, әлеуметтік әдебиеттер заңнамалар да кеңінен
қолданылатын жауаптылық термині түсінігіне айқын анализ жасау аталған
терминнің кем дегенде төрт түрлі мағынада қолданылатынын көрсетеді.
Құқықтық әдебиеттер мен заңнамаларда жауаптылық құқықтық норма
санкциясымен бекітілген, мемлекеттік әсер етудің мәжбүрлеу шарасына
ұшыраудан тұратын, құқықбұзушының міндетінен құаралатын құқықьұзушылықтың
салдары ретінде түсіндіріледі. Бұл жауаптылықтың негативті аспектісі болып
табылады. Жауаптылықты міндеттіліктің бір түрі ретінде түсіну кеңінен
қолданылады. Жауаптылық термині кеңестік кезеңдегі заңнамаларда өзінің іс
әрекетіне субъектінің жауап беруі, яғни, есеп беру міндеттілігі түрінде
түсіндірілді.
Ал философиялық сөздік жауаптылықты адамның өз іс-әрекетіне субъекті
ретінде қатысудағы мүмкіндігі мен қабілеттілігінен құрылған шаралары деп
анықтайды.
Өз іс-әрекетінің субъектісі болу қабілеттілігі осы әрекеттердің
нәтижесіне жауаптылықты жүктеудің қажетті алғышарты болып табылады. Және
соңғысы, жауаптылықты субъектінің өз міндеттерін орындау немесе
орындамауына сәйкес оның жүріс тұрысына қоғамның тиісінше әсер етуі
(байланыстылығы) ретінде сипаттауға болады.
Жауаптылық әр уақытта да екі түрлі сипатта болады: бұл бір жағынан
тұлғаның қоғам алдындағы жауаптылығы (мемлекет және басқа субъектілер
алдында), екінші жағынан – қоғамның (мемлекет және басқа да тұлғалардың)
жеке тұлға алдындағы жауаптылығы. Философиялық әдебиеттерге сүйенсек
жауаптылық – бұл мазмұны объективті қажеттілікпен анықталған өзара
талаптарды жүзеге асырудағы жеке тұлға мен қоғам арасындағы қатынас[3,
45б.].
Жауаптылық объективті түрде қоғамдық қатынастардың реттелуінің қажетті
көрінісі ретінде орын алады. Адамдардың біріккен түрдегі қызметі – бұл осы
аталған қызмет қатысушыларының жауаптылығының қайнар көзі.
Қылмыстық заң және тағы басқа нормативтік актілерден кінәлі тұлғаға
қатысты жасаған қылмысы үшін негативті салдардың туындауы деп анықталған
құқықтық жауаптылықтың жалпы ұғымын ғана кездестіруге болады, яғни
қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылық түсінігі жаза терминіне қарағанда
жиі қолданылатынына қарамастан нақты анықталмаған. Қылмыстық жауаптылық
мәнін бір және ортақ мағнада түсіну қажеттілігі ерте кезден-ақ туындап
отыр. Бұл, қылмыстық жауаптылықтың түсінігі құқықытық және әлеуметтік
жауаптылықтармен тығыз байланысты болғандықтан қылмыстық құқықжәне барлық
басқа құқық салалары үшін маңызды болып табылады.
Қылмыстық құқықтағы негізгі категориялы қатарды қылмыс, қылмыстық
жауаптылық және жаза құрайды деп қарастырған Т.А. Лесниевски-
Костареваның көзқарасы оңды айтылған. Қылмыстық жауаптылық бұл бірқатар
функционалды катерогияларға бастау береді. Олай болса, қылмыстық
жауаптылықтың толық және жекелеген түрдегі түсінігі мен мәнін анықтау қажет
етіледі. Қылмыстық жауаптылық анықтамасын бір ұғымда қарастыруға
алғышарттар жеткілікті болып табылады.
Қылмыстық құқық ғылымы мен заңнамаларда қылмыстық жауаптылық терминін
ұзақ кезеңдер бойы қолдану нәтижесінде, біз қылмыстық жауаптылық туралы
айтқан уақытта, мәселе не туралы болып жатқанын анықтауға мүмкіндік беретін
материалдар жиналған. Осы таңға дейн қылмыстық жауаптылықтың заңнамалық
анықтамасы мен оның мәні туралы концепциялардың жоқ болуы, онымен тығыз
байланысты болып табылатын басқа аспектілерді тұжырымдауда қиындыққа
соқтырады.[4, 37-б.].
Аталған мәселе бойынша теориялық зерттеулер қандай да бір жаңа
концепцияның туындауын қажет етпейді. Тек сол концепциялардан анағұрлым
ортақ бір тұжырымға келіп, қылмыстық жауптылықтың мәнін анықтау керек. Ол
үшін бұл мәселені кешенді түрде зерттеп, оның алғашқы мағынасына, дамуына
және трансформациясына көңіл бөлген жөн.
Қазіргі таңда, қылмыстық құқық ғылымында қылмыстық жауаптылық
түсінігіне берілген анықтамалардың бірнеше түрлерін айқындап кетуге болады.
Бірінші көқарасқа сүйенер болсақ, қылмыстық жауаптылық қылмыстық-
құқықтық сснкцияның жүзеге асырылуы болып табылады. (мысалы, қылмыстық
жауаптылық пен жаза бір ұғым). Бұл көзқарасты О.Э. Лейст, И.С.Самощенко,
М.Д.Шаргородский және тағы басқа ойшылдар қолдайды. Бұл көзқарасқа бірден-
бір нұсқамалардың (вариант) бірі болып В.П.Малковтың теориясы болып
табылады, яғни, қылмыстық жауаптылық – бұл қылмыс жасаған тұлғаның
қылмыстық заңмен және сот үкімімен айқындалған мемлекет тарапынан мәжбүрлеу
мен мінеушілігін көтеру болып табылады.
Алайда, әрекет етудегі қылмыстық кодекс қылмыстық жауаптылықты
қылмыстық жазаның тағайындалусыз да жүктеуі мүмкін. Сонымен қатар, онда
қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату туралы норманың орын алатындығын да
ескерген жөн.
Әрине, қылмыстық жауаптылық пен жаза өзара тығыз байланысты құқықтық
құбылыс, бірқатар кеңінен таралғандығына қарамастан жаза қылмыстық
жауаптылықтың бір түрі немесе формасы ғана болып табылады.
Екінші көзқарас қылмыстық жауаптылықты қылмыстық-құқықтық қатынаспен
теңестіріп қарастырудан тұрады. Мысалы, қылмыстық- құқықтық, қылмыстық-
процессуалдық және түзетпелі еңбектік қатынастар жиынтығы. Бұл көзқарасты
қолдаушылар ретінде Б.Т. Базилев, Л.В.Головкин, А.Д.Горбуза, Н.А.Стручков
және тағы басқаларын атап өтуге болады. И.Я. Козаченко қылмыстық
жауаптылықты қылмыстық-құқықтық қатынастың негізгі элементі ретінде
қарастыра отырып, оған Қылмыстық жауаптылық қатынасы деген түсінік береді
және оны қылмыстығ жасалу уақытынан бастап туындайтын мемлекет пен қылмыс
жасаған тұлға арасындағы құқықтық қатынас деп анықтайды. Яғни мемлекет
кінәлінің құқықтық мәртебесін шектеуге құүқылы, ал қылмыс жасаған тұлға
жеке немесе мүліктік сипаттағы шектеулерді көтеруге міндетті. Мұндай
шектеулер онда мемлекет атынан жауапқа тартып, керек деп тапқан жағдайда
заңда көзделген негізде жаза қолдану болып табылады[5, 20б.].
Үшінші көзқарас бойынша қылмыстық жауаптылық бұл теріс баға беру,
мінеу, жасаған қылмысы үшін кінәлі тұлғаны жауапқа тарту болып табылады.
Бұл көзқарастың ұстанушылары ретінде Ю.А. Демидов, Л.М. Карнеева, П.П.
Осипов, В.С. Прохоров, В.Г. Смирнов және тағы басқалары болады. Алайда,
қылмыс жасаған тұлғаны мінеу (жауапқа тарту) қылмыстық жауаптылықтың әрбір
аспектісіне қатысты екендігіне қарамастан оның барлық мазмұнды злементтерін
ашпайды жіне оның негізгі функцияларына бағыт бермейді.
Төртінші көзқарасқа сүйенсек өылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық-
құқықтық қатынастың маңызды элементі болып табылады және кінәлі тұлғаның
жасаған қылмысы үшін жағымсыз кері салдарды көтеру міндеттіліген тұрады.
Бұл көзқарастың бірден-бірі қолдаушылары болып, С.С.Алексеев, Я.М. Брайнин,
М.П. Карпушин, В.И. Курляндский, А.А. Плолнтковский, Л.С. Явич және тағы
басқалары болып табылады.
Аталған міндеттілік қылмыстық заңға негізделген жэәне мемлекеттің
мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі. Бірақ, бұл міндеттеменің табиғаты
көптеген авторлармен әртүрлі көзқараста қарастырылып жатады. М.П. Карпушин
мен В.И. Курляндский қылмыстық жауаптылықты кінәлі тұлғаның істеген
қылмысы үшін бекітілген тәртіпте есеп беру міндеттілігі: нақты бір құқықтық
шектеуге ұшырауы, мемлекет тарапынан жауаптылыққа тартылып, тиісті жазаны
өтеуі деп түсіндіреді [6, 21 б.].
Ал, А.П. Чугаев қылмыс жасаған тұлғаны құқықтық тәртіпте кінәлі деп
танып, мемлекет атынан жауаптылық жүктеп, оған қатысты сот үкіміне сәйкес
жаза тағайындап, оның соттылығы туралы атақ беру деп түсіндіріледі.[7, 13
б.].
Я.М. Брайнин қылмыстық жауаптылықты қылмыс жасаған тұлғаның әрекетінде
қылмыс құрамы орын алған жағдайда қылмыстық занда көзделген нормалардың
жүзеге асырылуы деп түсіндіреді.
Қылмыстық жауаптылықты қылмыстық- құқықты қатынастың негізгі мазмұны
ретінде айқындайтын А.Н. Игнатова мен Т.А. Костареваның көзқарасын жекелеп
көрсетуге болады. Әрі қарай авторлар қылмыстық жауаптылық мазмұны болып
тұлғаның қылмысты әрекетіне қатысты мемлекет пен жеке тұлғаның құқықтары
мен міндеттерінің жиынтығы табылады деп көрсетеді.
Жалпы ережеге сәйкес, кез-келген құқықтық қатынастың мазмұны болып оның
субъектілерінің құқықтары мен міндетттері табылады, сол себепті жоғарыда
аталған тұжырымға қатысты келіспеушіліктер орын алады. Егер қылмыстық
жауаптылықты қылмыстық кұкықтық қатынастың мазмұны ретінде қабылдасақ онда,
біріншіден, қылмыстық жауаптылық жеке мазмұнға ие болмайды, және екіншіден,
қылмыстық жауаптылық бұл өздігінен субъектілердің құқықтары мен
міндеттерінің жиынтығы болып табылады. Алайда, аталған тұжырым жоққа
шығарылмайды, себебі, ойшылдардың басым көпшілігімен қолдау табатын,
мәжбүрлеу сипатындағы шараларды көтеру міндеттілігі түріндегі қылмыстық
жауаптылық анықтамасы автоматты түрде мемлекеттің осы міндеттердің
орындалуын, сонымен қатар, тұлғаның өзіне қатысты қолданылатын қылмыстық
жауаптылықтың заңдылығын талап етуін көздейді.
Соңғы кезде ойшылдар жеке тұлғаның қылмыстық заңмен тыйым салынған
қылмысты әрекеттерді істемеуі жөніндегі өз міндеттілігін ұғынудан тұратын
позитивті жауаптылықты ерекшелеп жүр (азаматтардың құқыққа сай
әрекеттерінен тұратын жауаптылық). Қылмыстық құқыкта біртұтас жауаптылықтың
екі нысанға дифференциациясы (негативті және позитивті) оның
қалыптасуындағы екі әртүрлі негізден туындайды. Қылмыс жасау немесе басқада
қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзу негативті қылмыстық жауаптылықтың орын
алуын көздейді. Керісінше, заңмен қолдау тауып, стимул беретін әрекеттер
субъектінің позитивті жауаптылығын тудырады. Позитивті жауаптылықтың
мазмұны тұлғаның қылмыстық- құқықтық нормаларды нақты орындап отыруынан
тұрады. Позитивті жауаптылық қоғамда қылмыстық жауаптылық пен жазадан
немесе оны анағұрлым жеңіл жазамен ауыстырудан тұратын жағдайда орын алады.
Қылмыстық құқықта позитивті жауаптылық тек қана нақты бір реттеушілік
қатынаста емес сонымен қатар жалпы реттеушілік қатынаста да орын алады.
Қылмыстық заңнаманы орындап, қылмысты әрекеттерден бас тарту (ал кейбір
жағдайларда, керісінше, талап етілетін әрекеттерді жасау) - бұл әрбір
азаматтың міндеті және ең бірінші жауапкершілігі болып табылады және ол
өз міндеттілігіне тиісті қарамаған тұлғаға жаза қолдану қатерімен
қамтамасыз етіледі.
Алайда, бір қатар авторлар, соның ішінде А.Н. Игнатьева қылмыстық
жауаптылықтың бұндай тұжырымдамасын қолдамайды. Ол қарапайым, кең тілмен
жеткізіліп тұжырымдалған деп қарастырады. Бір мағнасында жауаптылық ұғымы
шындығында да міндеттілік, парыз, ізгіниеттілік деп, ал позитвті жауаптылық
адамның - әлеуметтік, рухани, құқықтык парызы деп түсіндіріледі. Өзінің
қалыптасу кезеңінен бастап қылмыстық жауаптылық тек өткен және құқыққа
қарсы жасалған іс әрекетке жауаптылық болып табылды.
Ғылыми тұжырымдамалар мен тәжірибелер нәтижелері қылмыстық жауаптылыққа
қатысты көзқарасты құқықбұзушылықтың салдары ретінде қайта қарастыруға
негіз болмайды.
Сонымен жоғарыда аталып кеткен көзқарастарға сүйенер болсақ, кейбір
авторлар қатары қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған тұлғаның мемлекет
алдында жауап беру міндеттілігі деп анықтайды. Бірақ, бұл көзқарасты дұрыс
деп санау қиындыққа әкеп соқтырады. Ал Г.Ф. Поленов, қылмыстық жауаптылық
- бұл қылмыс жасаған тұлғаның мемлекет алдында жауап беру міндеттілігі ғана
емес, сонымен қатар оның қылмыстық құқық шараларын қолданудан туындайтын
шектеулер мен басқа да шараларды көтеруі деп анықтайды, және бұл анықтама
өз қолдауын табуда екенін атап өткен жөн [8, 114 б.].
Сондай-ақ кейбір авторлар қатары қылмыстық жауаптылықты кешенді
институт деп санайды, оны үш бірдей құқықтық сала нормаларымен реттеледі
деп түсіндіреді және олардың құрамына қылмыстық, қылмыстық іс жүргізушілік
және қылмыстық атқарушылық құқықты кіргізеді.
Жауаптылықтың философиялық негізі болып - адамдарды қоғамға лайықты
саналы қылықтарға бағыттайтын азаматтық сана-сезім табылады. Қоғамға
қауіпті, кінәлі қылықтар (яғни әрекет жасалғанға дейін субъектінің еркі мен
ақыл - есі арқылы өтуі) қоғам мен мемлекеттің теріс баға беруі арқылы және
мәжбүрлеу шараларын қолдану, яғни тәрбиелеу және қорқыту арқылы ескертілуі
мүмкін. Құқықтық жауаптылық институты да дәл осы функцияларды орындайды.
Қылмыстық жауаптылықтың мәні әрекет етудегі қылмыстық заңнамамен
анықталатын дербес қылмыстық-құқықтық түсінік болып табылады. Жауаптылықтың
басқа түрлерінен қылмыстық жауаптылық ең алдымен озінің мәніне қарай
ерекшеленеді, себебі, әңгіме қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін жауаптылық
туралы болып отыр, яғни, бұндай әрекеттер қылмыс ретінде қаралады.
Қылмыстық жауаптылық мазмұны өзіне:
қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған тұлғаны және оның жасалуына кінәлі
тұлғаны сөгуін;
сот пен заңда көрсетілген құқықтық жазаны қолдануын кіргізеді.
Мемлекет тарапынан мінеушілік барлық жағдайда кінәлі тұлғаға
жаза тағайындаудан тұрмайды, себебі, қылмыстық заң қылмыс жасаған
тұлғаға қатысты басқа да қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын көздейді,
мысалы, тәрбиелік әсер етудің бір түрі ретіндегі медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын атап өтуге болады.
Қылмыстық жауаптылық түрлерінің арасындағы ерекшелік олардың негіздері
мен жауапты тұлғалардың шеңберін қоғамда мемлекет қайсысын жалпы құкықтық
жауаптылыққа, қайсысын құқықтың қай саласына жатқызу мақсатында
белгіленеді, мысалы:
Азаматтық жауаптылық белгілі бір міндеттерді мүлдем орындамау немесе
белгілі бір дәрежеде орындамауды негізге алады. Ол көп жағдайда мүліктік
сипатқа ие болып, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, сондай-ақ азаматтық-
құқықтық тәртіп бұзушылықтың алдын алуды мақсат тұтады.
Әкімшілік жауаптылық заңда қарастырылған әкімшілік тәртіпті бұзатын
қылмыстарды негізге алады. Әкімшілік жазаны әкімшілік органдар жүзеге
асырады.
Тәртіптік жауаптылық негізі жалпы тәртіп бұзу түрімен көрінетін
қылықтар, мұнда жазаны қызметтегі бағынышты адамдарға лауазымды адамдар,
яғни, басшылар тағайындайды.
Қылмыстық жауаптылық - қылмыстық нормаларда көрсетілгендей, жасалған
қылмысқа берілетін заңгерлік баға және қылмыс жасаған адамды айыптау.
Қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған кезден жүзеге асырылуы немесе
асырылмауы да мүмкін. Жүзеге асырылған жағдайда Н.С.Лейкинаның пікірінше
мынандай сатылардан өтеді:
а) қылмыстық жауаптылыққа тарту сатысы;
б) соттың жаза тағайындау сатысы;
в) жазаны орындау сатысы;
Сонымен, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқықтың маңызды
әлементтерінің бірі болып табылады. Жоғарыда аталып кеткендей, әлеуметтік
нормаларға қайшы келу әрекеттері қоғамның әртүрлі салаларында жүзеге
асырылып жатқандықтан жауаптылықтың әралуан, яғни, саяси, азаматтық,
әкімшілік, өндірістік, құқықтық, моральдық, отбасы - тұрмыстық және тағы
басқа түрлерін атап өтуге болады. Олай болса, құқықтық жауаптылық бұл
әлеуметтік жауаптылықтың бір түрі болып табылады.
Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық
жауапкершілік жүктеледі. Егер жауапкершілік заңды бұзу нәтижесінде
туындаса, оны құқықтық жауапкершілік деп атайды. Құқықтық жауапкершіліктің
бір түрі болып қылмыстық жауаптылық табылады және ол, оның ең қатал түрі
ретінде көрініс табады.
Қылмыстық жауаптылық институты қылмыстылықпен күресудегі маңызды
шаралардың бірі болып табылады және қылмыстық заңмен қоғамдық қатынастарды
қорғауда, жазалау мен тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар
қылмыстың алдын алуда маңызды орын алады.
Жауаптылықтың кез келген басқа түрлері секілді қылмыстық жауаптылықтың
әлеуметтік мәні жэне оның көлемі мен мазмұны тұлғаның танымдық қызметінде
жүзеге асырылатын бостандық пен қажеттілік арасындағы қатынас сипатымен
негізделеді. Қылмыстылық қоғам дамуының қажетті факторы болып
табылмағандықтан, қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеу толық негізделген түрде
қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуына әкеп соқтырады. Қылмыстық
жауаптылық тек есі дұрыс тұлғалармен жасалған, қоғамға қауіпті әрекет үшін,
яғни, психологиялық жағдайы объективті түрде кез келген басқа қылмысты емес
әрекетті таңдауға саналы және ерікті мүмкіндігін ерекшелемейтін тұлғаларға
қолданылады. Қылмыстық жауаптылыққа субъектіде іс-әрекеттің бірін немесе
басқа түрін таңдауға ерікті түрдегі объективті мүмкіндігі болғанда ғана жол
беріледі, яғни, тұлғамен мәжбүрлі түрде күштеудің немесе тағы басқа әсер
ету мен іс-әрекетті ерікті түрде таңдау мүмкіндігінен айыру нәтижесінде
жасалған әрекетке жауаптылық жүктеуге жол бермейді.
Сонымен қылмыстық жауаптылық - бұл қылмыстың жасалу фактісіне қоғам мен
мемлекеттің реакциясы. Қылмыстық жауаптылық бұл мемлекеттің қоғамдық
қатынастарды, яғни, тұлғаны, қоғам мен мемлекет құндылықтарын қылмысты
әрекеттерден қорғау шаралары немесе әдіс- тәсілдері болып табылады.
Қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқықтың негізгі институты болып
табылатындығына қарамастан, қылмыстық жауаптылық ұғымына қатысты
қайшылықтар, яғни, жоғарыда қарастырып өткен бірнеше көзқарастар орын
алуда:
1. Қылмыстық жауаптылық - бұл қылмыстық - құқықтық қатынас элементі.
2. Қылмыстық жауаптылық - бұл құқықтық қатынастың өзі болып табылады.
3. Қылмыстық жауаптылық - бұл дербес құқықтық категория болып табылады.
Қылмыстық жауаптылық - бұл жасаған қылмысы үшін жазаны өтеу
міндеттілігі болып табылады (бұндай түрде қылмыстық жауаптылық құқықтық
қатынас элементі ретінде көрініс табады).
Қылмыстық жауаптылық қылмысты жасаумен байланысты болып табылатын
қылмыстық заңмен бекітілген қылмыстық - құқықтық мәжбүрлеу түрінде
сипатталады. Жауаптылықты жүзеге асыру кезеңіне байланысты қылмыстық
жауаптылық қылмыстық, қылмыстық іс жүргізушілік және қылмыстық- атқарушылық
қатынастардан құралады.
Бірінші кезеңде ол қылмыстық-құқықтық қатынаста жүзеге асырылады.
Соңғылары қылмыстық жасалу уақытынан бастап қылмыскер мен мемлекет арасында
жүзеге асырылады. Яғни, кінәлі тұлға қылмыстық құқықтық мәжбүрлеу шараларын
көтеруі тиіс, ал мемлекет сот немесе құқык қорғау органдары түрінде
кінәліге қатысты осы шараларды қолдануы тиіс. Заңнамада құқықтық
жауаптылықтың басталу мерзімі анықталмаған. Заңгер ойшылдар оны қылмыстың
жасалу уақытымен, сонымен қатар, тұлғаны айыпталушы ретінде жауапқа тарту
және айыптау үкімін шығару кезеңімен байланыстырады. Кейбір заңгерлер
жауаптылық туындауының бұдан да ерте кезеңін тұжырымдайды, яғни, тұлғаны
қылмыс жасамауға міндеттейтін нормасы бар құқықтық заңнама қабылдау.
Жауаптылықтың бұндай түрін негативтімен салыстыра отырып позитивті деп
атайды. Немесе оны тек қылмысты жасау кезінде жүзеге асырылатын потенциалды
жауаптылық деп атайды.
Құқықтық жауаптылық түсінігі жаза түсінігінен анағұрлым кең көлемді
болып келеді себебі, ол өз құрамына соңғы аталғаннан басқа қылмыстық
құқықтық сипаттағы шараларды (тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары,
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары) кіргізеді. Осыған сәйкес
қылмыстық жауаптылық екі түрге бөлінеді: жаза тағайындалатын және жаза
тағайындалмайтын.
Біріншіден, қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған адамның өз істегеніне
қылмыстық заңға сәйкес жауап беруге міндеттілігі екендігі ретінде
қарастырылады.
Екіншіден, қылмыстық жауаптылық деп әлгі көрсетілген міндеттің жүзеге
асырылуы, яғни ақыры қылмыстық-құқытық шама санкциясының жүзеге асырылуы
танылады.
Үшіншіден, соңғы жылдары қылмыстық жауаптылық оң (позитивтік) тұрғыда (
позитивтік қылмыстық жауаптылық дейтін) қарастырыла бастайды, бұл
жауаптылық негізінде жеке тұлғаның құқыққа сәйкес тәртібінде және оның
қылмыстық заң тыйым салған қылмысты іс-әрекетті жасамау керектігін
түйсінгендігінде жатыр.
Ізінше атап кетейік - қылмыстық жауаптылық ұғымын анықтауда көрсетілген
бағыттардың бірі де өз алдына өмір сүре алатын, өйткені қылмыстық
жауаптылыққа тән оның мазмұнының өздері сәйкес ерекшеліктерін өздерінше
айқындайды. Тек мұндай жағдайлардың мақсатты бағыттарын дұрыс белгілеп және
олардың іс жүзінде қолданылуын жөн анықтаудың маңызы бар [9, 10 6.].
Философиялық әдебиеттерде жауаптылық ұғымы:
ретроспективті (өткендегі үшін жауаптылық)
белсенділік (болашақ үшін жауаптылық) тұрғысында қарастырылады.
Екінші мағынадағы жауаптылық ұғымы әдетте иман (мораль) мен әдептің
(этиканың) еншісіне жатады. Бұл мағынадан алғанда, айталық, әңгіме ата-
аналардың балаларының болашағы үшін, оларды тәрбиелеудегі қоғам алдындағы
жауаптылығына қарай ойысады. Бұл тұрғыдан алғанда да, жауаптылық адамның
борышы, міндетімен сабақтасатын іштей бағыттаушы- реттеушісі іспеттес
сипатқа ие болады. Және қылмысты жауаптылықты анықтауға келгенде аталған
бағыттардың біріншісі жауаптылықтың әдептілік бағытталуынан туындайды.
Заң жүзіндегі, оның ішіндегі қылмыстық жауаптылықтың өзіндік өзгешелігі
құқықбұзушыға қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен көбірек
байланысты екендігінде жатыр. Және бұл мағынадан алғанда қылмыстық
жауаптылық қылмыс жасаған адамға қолданылатын нақ осы қылмыстық-құқықтық
мәжбүрлеу шараларынан бой көтереді. Негізінде жеке тұлғаның қылмыстық
жауаптылықты оның жасаған қылмысы үшін қылмыстық құқықтық сипатындағы
мәжбүрлеу шараларына килігетін міндеті ретінде түсінуі арасында айтарлықтай
қарама-қайшылық жоқ. Мәселе, алғашқы көзқарастың да жауаптылықты анықтауды
тек міндет ретінде ғана тіркеуімен шектелмей, бұл мәселені қылмыстық
жауаптылықты жүзеге асыруға, іс жүзіне қарай аударатындығында жатыр. Бұл
жүзеге асыруды түсіну қылмыстық жауаптылықты заң тыйым салған қылмысты іс-
әрекет жасаған адамға қолданылатын қылмыстық құқықтық сипаттағы мемлекеттік
мәжбүрлеу шаралары ретінде түсіну үрдісімен астасып кетеді.
Қылмыстық-құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының арасында басты орын,
әрине, қылмыстық жауаптылықтың негізгі мазмұнын құрайтын жазаның үлесінде.
Бірақ, қылмыстық жауаптылық пен жаза бір жерден шығып, сәйкес келмейтін
ұғымдар екені жоғарыда аталып кеткен болатын.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп қылмыс жасаған адамға қолданылатын
қылмыстық-құқықтық тұрғыдан әсер ететін шаралардың баршасын ұғынған жөн деп
Наумов А.В. тұжырымдайды. [10, 142 б.].
Қылмыстық жауаптылық туралы үш аспектіде айтуға болады:
оның заңда бекітілуі;
қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы;
қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы.
Қылмыстық заңмен бекітілген жауаптылық абстрактілі сипатқа ие: ол нақты
бір жауаптылық тудыратын заң фактіге не нақты құқықбұзушы мәліметіне ие
емес.
Мәні бойынша ол кез келген тыйым салуды бұзған тұлға қылмыстық заңның
әсер етуі аясында қалатынын ескертетін тыйым салуды мазмұндайды.
Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы - нақты бір тұлғаның қылмыс жасау
фактісімен байланысты. Бұл уақытта тұлға мен мемлекет арасында қылмыстық-
құқықтық және қылмыстық жауаптылық пайда болады. Егер қылмыс құқыққорғау
органдарымен есепке алынап немесе қылмыс ашылмаса, онда туындаған құқықтық
қатынас нақты мазмұнға ие болмайды, ал қылмыстық жауаптылық жүзеге
асырылмайды, яғни, өзінің жеке элементтерде дамуына ие бола алмайды. Сондай-
ақ құқыққорғау органдары қылмыстың жасалу жағдайын анықтап, қылмыстық
жауапкершіліктен босату керек деп тапқан жағдайда да қылмыстық жауаптылық
жүзеге асырылмайды. Бұл жағдайда қылмыстық жауаптылық логикалы, табиғи
дамуына жэне объективті жүзеге асырылуына ие болмай тоқталады. Қылмыстық
жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп - қылмыстық-құқықтық қатынастың пайда
болуынан кейін оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің нақты заң
бекітуімен сәйкес жүзеге асырылуын айтамыз. Субъектілердің құқықтары мен
міндеттерінің көлемі мен мазмұнын анықтағаннан кейін қылмыс жасаған
тұлғаның құқықтық жауаптылығы мемлекеттің, яғни, оның құзыретті
органдарының еркімен таңдалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан өзінің
объективті жетістігін табады. Бұл шаралар қылмыстық жауаптылықтың жүзеге
асырылу нысаны деп аталады. Әрекеттегі қылмыстық кодекс қылмыстық
жауаптылық жүзеге асырылуының бірнеше формаларын, яғни, түрлерін көрсетеді.
Қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылуының кең таралған түрі болып жаза
табылады. Яғни қылмыс жасаған тұлғаға айыптау үкімі шығарылады, онда
жасалған қылмыс үшін мемлекет атынан теріс құқықтық баға беріледі, ал,
кінәлі деп танылған сотталушыға жаза тағайындалады. Тағайындалған жазаны
өтеу өз артынан соттылық түріндегі спецификалық құқықтық салдар береді. Бұл
нысанда қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы өзінің барлық төрт
элементінде көрініс табады:
Әрекетіне есеп беру міндеттілігі жэне жауаптылық пен мәжбүрлеу шараларына
ұшырауы,
мінеу немесе кінәлау,
жаза түріндегі мемлекеттің мәжбүрлеу шаралары,
соттылық.
Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру нысанының бірі болып, қылмыстық
жауапкершіліктен шартты түрде және мерзімінен бұрын босату табылады.
Қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылу нысанының келесі түрі болып,
жаза тағайындалмай жауапқа тарту табылады.
Сондай-ақ, қылмыстық жауапкершіліктен босатылғандарға міндетті түрде
тәрбиелік әсер ету немесе арнайы тәрбиелеу немесе емдеу мекемелеріне
жатқызу шаралары қолданылуы мүмкін. Тәрбиелік әсер ету шараларын қолдану
кезінде қылмыстық жауаптылық оның үш элементінде көрініс табады.
Өз әрекетіне мемлекет алдында есеп беру және жауаптылықпен мәжбүрлеу
шараларын тартылу;
айыптау үкімінде мазмұндалатын мінеу, жауапқа тарту;
тәрбиелік әсер ету түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары. Қылмыстық
жауаптылықтың ең соңғы элементі, яғни, соттылық - мұнда орын алмайды.
Тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыстық жауаптылықтың жүзеге
асырылуы ретінде тек жаза орнына қолданған уақытта ғана орын алады. Ал егер
қылмыстық жауапкершіліктен босату кезінде құқыққорғау органдарының
шешімімен қолданылса, онда, олар қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылу
нысаны болып табылмайды.
Қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылу нысанына кейбір авторлар
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларында жатқызады. Бұл көзқарас өзінің
пікірталасты екендігіне қарамастан заңда өз негізіне ие болуда. Медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаты болып, сотталғанды емдеу ғана
емес, сонымен қатар, сотталушымен жаңа қылмыстың жасалуының алдын алып,
ескерту табылады. Әрине қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру нысанына есі
дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті әрекетті жасаған тұлғаға қатысты
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды немесе қылмыстың
жасалуынан кейін өз іс-әрекетіне жауап беру немесе оны басқару
мүмкіндігінен айырылған адамға қодануды жатқызуға болмайды. Алайда, жазамен
бірге тағайындалатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын, мысалы,
алкоголизммен, наркоманиямен және тағы басқаларымен емдеуді қажет ететін
жағдайда ол қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылу нысаны ретінде орын алуы
мүмкін.
Қылмыстық жауаптылық анықтамасына берілген тұжырымдамалардың барлығын
дұрыс емес деп кесіп алды айта алмаймыз, бірақ олардың ешқайсысы қылмыстық
жауаптылықтың толық анықтамасын бермейді. Сондықтан да, соңғы кезде
қылмыстық жауаптылыққа бірнеше белгілермен сипатталатын немесе бірнеше
компоненттерден құралатын күрделі құрылым ретінде қарау орын алып жүр.
Қылмыстық жауаптылыққа нақ осындай қатынаста қарау мүмкін дұрыс та шығар.
Қылмыстық жауаптылық - қылмыс жасаудың күрделі әлеуметтік - құқықтық
салдары болып табылады жэне ол төрт келесідей элементтерден құралады:
Біріншіден, қылмыстық заң нормаларына негізделген және қылмыстың
жасау фактісінен туындайтын тұлғаның өз іс-әрекетіне мемлекет алдында яғни
оныћ құзіретті органдарының алдында есеп беру міндеттілігі.
Екіншіден, орын алған әрекетке сот үкімі арқылы теріс баға беру
(жауапқа тарту, қылмыскер деп тану) және бұл әрекетті жасаған тұлғамен
мінеу.
Үшіншіден, кінәліліге жаза немесе құқықтық сипаттағы басқа шара
қолдану.
Төртіншіден, тағайындалған жазаны өтеумен бірге жауапқа тартудың
арнайы құқықтық салдары болып табылатын сотты атағын беру.
Қылмыстық жауаптылық тек қылмыстық-қњқықтық қатынас шегінде пайда
болып, жүзеге асырыла алады. Алайда, қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық-
құқықтық қатынас арасындағы байланыс әртүрлі мағынада түсіндіріледі. Бір
қатар ойшылдар бњл құбылысты біріктіріп, бір ұғым ретінде қарастырады,
екіншілері, қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыстық-құқықтық қатынастардың
жүзеге асырылуын емес, сонымен қатар, қылмыстық-процессуалдық және
қылмыстық-атқарушылық қатынастардың жүзеге асырылуын білдіреді деп
тұжырымдайды, ал, үшіншілері, қылмыстық жауаптылықты қылмыстық-құқықтық
қатынас мазмұнының бір бөлігі деп қарастырады.
Қылмыстық-құқықтық қатынас ұғымына - қылмыстың жасалу фактісін және
қылмыс жасаған тұлға мен мемлекет арасындағы қылмыстық құқық нормаларымен
реттелетін қоғамдық қатынастарды түсіну керек.
Қылмыстық-құқықтық қатынас туындауының заңды фактісі болып нақты бір
тұлғамен қылмыстық-жазалаушылық әрекетінің орын алуы табылады. Нақ осы
сәтте қылмыстық-қњқықтық қатынас пайда болады. Алайда, кей жағдайларда бұл
қатынас жүзеге асырылмауы мүмкін, мысалы, қылмыс фактісі құқық қорғау
органдарымен тіркелмесе яғни, анықталмаса немесе қылмыс жасаған тұлға
табылмаса.
Қылмыстық қатынас субъектілері болып көріп отырғанымыздай бір жағынан
қылмыс жасаған тұлға, ал, екінші жағынан - құзіретті орган атынан (сот)
көрініс табатын мемлекет табылады.
Қылмыстық-құқықтық қатынастың мазмұны болып, субъектілердің құқықтары
мен міндеттері болып табылады. Бұл жерден субъектілердің бірінің екіншісіне
үстемдігін байқауға болады. Мысалы, мемлекет кінәлі тұлғадан өз іс-
әрекетіне есеп беруді талап ете алады. Осы жерден қылмыстық әрекетке кінәлі
тұлғаның мемлекет алдындағы ақталуын және оған қатысты қылмыстық жауаптылық
жүктеліп, қылмыстық мәжбүрлеу шараларына ұшырауын сипаттай аламыз. Айта
кету керек, бұл жерде құқықбұзушы бұзылған заңның негізіне яғни, орын алған
нақты бір қылмыстың себебіне жауап беру құқығы ғана бар.
Құқықбұзушыдан есеп беруді талап ету жэне жауапқа тарту мен мәжбүрлеу
түріндегі мемлекеттің құқықтары мен міндеттері қылмыстық жауаптылықтың
мәнін құрамайды.
Қылмыстық жауаптылықтың мәні болып, кінәлі тұлғаға жағымсыз болып
табылатын жасаған қылмысының салдары табылады, яғни, кінәлі тұлғасының
мемлекет алдында өзінің іс-әрекеті үшін есеп беруі, қылмыстық жауапқа
тартылуы және қылмыстық заңда көзделген жазаға немесе тағы басқа жағымсыз
салдарға ұшырауы табылады. Яғни, осыдан келіп, бірқатар авторлар қылмыстық
жауаптылық қылмыстық-құқықтық қатынас мазмұнының бір бөлігін құрайды деген
тұжырым жасайды.
Қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық-құқықтық қатынас арасындағы бөлінбес
байланыс олардың бір заңды факті (қылмыс жасау) арқылы, бір мезгілде
(қылмыстың жасалу уақыты) пайда болып, бір мезгілде (қылмыстық
жауаптылықтың жүзеге асырылу немесе кінәліні қылмыстық жауапкершіліктен
босату кезеңінен) аяқталуында.
Қылмыстық қатынас бір жағынан қылмыстық жауаптылық әрекет етуінің
формасы, ал екінші жағынан оның көлемі мен жүзеге асырылуын анықтайтын
тәсілі болып табылады.
Сонымен заң жүзіндегі жауаптылық құқықбұзушылықтан барып, яғни, қорғалатын
құқық қатынастарының нәтижесінен (олардың негізінде құқық шамасын бұзу,
құқыққа қарсы қылық жатыр) туындайды. Тап сондай-ақ, қылмыстық жауаптылық
оларды дәстүрлі түрде түйсінгендегі қорғалатын қылмыстық-құқықтық
қатынастардың нәтижесі болып табылады. Сондықтан қылмыстық жауаптылық ұғымы
қорғалатын қылмыстық құқықтық қатынастардың мазмұнына байланысты болғанда
ғана айқындалуы мүмкін.
Әдетте, құқықтың адамдардың еріктілік тәртібіне әсер ететіндігі белгілі
болса, ал құқықтық реттеудің көздегені қоғамдық қатынастар екені даусыз.
Жоғарыда аталып өткендей, қылмыс оқиғасы құқықтық қатынастардың үш түрін:
қылмыстық-құқықтық, кылмыстық-орындаушылык және қылмыстық- процессуалдық
түрлерін туындатады. Бұл қатынастар ішінара тығыз байланысты, сондықтан
қылмыстық-құқықтық қатынастарды қылмыстық- құқықтық реттеудің көздеген
нысанасы ретінде ара жігін айыру үшін әрбіреуі ілгеріде көрсетілген
құқықтық қатынастардың әр қайсысына қатысы бар мына элементтерді анықтау
қажет:
а) олармен байланысты тиісті құқықтық қатынас пайда болатын заң
жүзіндегі фактілер;
ә) құқықтық қатынастардың субъектілері;
б) құқықтық қатынастардың пайда болған және тоқтаған уақыты;
в) құқықтық қатынастар субъектілері құқықтары мен міндеттерінің
мазмұны.
Тек қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-процессуалдық және қылмыстық-орындаушылық
құқық қатынастарының аталған бөлшектерін (компоненттерін) салғастырып қана
біз қылмыстық-құқықтық реттеудің қатынасын белгілей аламыз.
Қылмыстық жауаптылық негізін дұрыс анықтау қылмыстық жауаптылықты жүктеуде
маңызды роль атқарады.
Қылмыстық жауаптылық негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары
қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады. Қылмыстық
құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда
көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып
табылады (3-бап). Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа әне жазаға тек қана
қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-
әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана
тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте
қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген
терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында
ғана ашып көрсетіледі. Адамның (қылмыс субъектісінің) қылмыстық заңда
көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың объективті жағы)
кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықпен істеуі (қылмыстың субъективті
жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады. Қылмыстың объектісі болып
табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық
кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, қылмыстық жауаптылықтың негізі
болып қылмыс құрамы болатынын білдік. Іс- әрекетінде қылмыс құрамының ең
кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол адамды қылмыстық жауаптылыққа тартатын
негіз жоқ.
2. Қылмыстық жауаптылықтың басқа да құқықтық жауаптылықтардан
айырмашылығы
Қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқықтық қатынастың мазмұны ретінде
табыла отырып, жауаптылықтың барлық басқа түрлерінен ерекшелейтін бірқатар
белгілерге ие болады. Бұл белгілерді Б. В. Здравомысловтың тұжырымы бойынша
мына түрде жіктеуге немесе саралауға болады:
1. Қолдану негіздеріне қарай - қылмыстық жауаптылық тек Қазақстан
Республикасы Қылмыстық Кодексінде көзделген қылмыс құрамының барлық
белгілері бар және аталған заңда көзделген әрекет (немесе әрекетсіздік)
үшін жүктеледі. Сондай-ақ жауаптылықтың басқа түрлері де (тәртіптік,
материалдық залалды өтеу түріндегі азаматтық құқықтық) қылмыс құрамы бар
әрекеттер істегені үшін туындауы мүмкін.
2. Жауаптылықтың мазмұнына қарай - қылмыстық жауаптылық өз құрамына
жасалған қылмысы үшін тұлғаны мінеушілігін кіргізеді, себебі, үкім мемлекет
атынан шығарылады. Сондай-ақ, жаза тағайындау кезінде жазамен соттылықты
жүзеге асырумен байланысты маңызды құқықтық шектеу түріндегі мемлекеттік
мәжбүрлеу шаралары орын алады. Осылайша, қылмыстық жауаптылық құқықтық
жауаптылықтың анағұрлым күрделі және мемлекеттің атынан тағайындалатын
жалғыз ғана түрі болып табылады.
3. Қолдану субъектісіне қарай - жауаптылық тек сотпен және заңды күшіне
енген үкімімен жүзеге асырылады. Яғни, басқа ешқандай орган немесе
лауазымды тұлға құқықтық жауаптылықты жүктей алмайды.
4. Қолдану тәртібіне карай - қылмыстық жауаптылықты жүктеуге байланысты
кылмыстық процессуалдық заңнамамен арнайы тәртіп орнатылған. Қылмыстық
процессуалдық кодекс қылмыстық жауаптылықты жүктеуге байланысты тергеу және
сот органдары қызметін реттейді.
5. Жауаптылық жүктелетін субъектілер аясына қарай - қылмыстық
жауаптылық жеке сипатқа ие болады, яғни, тек қылмыстың жасалуына кінәлі деп
танылған жеке тұлғаға ғана жүктеледі.
Сонымен қатар қылмыстық жауаптылық әкімшілік жауаптылыққа жақын болып
табылады, себебі, екеуінің де мақсаттары болып - құқық бұзушылықты жойып
оның алдын алу жэне кінәлі тұлғаларды жазалау табылады. Жауаптылықтың осы
түрлерін бір-бірінен ерекшелейтін критери ретінде олардың қоғамдық
қауіптілігінің әртүрлі сипатта болуы табылады. Ал басқа критерилеріне
мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыратын органдар ерекшелігін сонымен қатар,
бұндай шараларды қолданудағы процессуалдық тәртіппен құқықтық салдарды
жатқызуға болады.
Құқықтық жауаптылық бұзылған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz