Банктік несиелік портфелін басқару мәселері мен оны шешу жолдары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ . . . 6
1. 1Банк және банк жүйесіне сипаттама . . . 6
- Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен дамуы . . . 10
1. 3 Екінші деңгейдегі банктер қызметтері және оны реттеу… . . . 17
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬДЕРІН
БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ . . . 26
2. 1 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар портфеліне талдау . . . 26
2. 2 Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайына
банктiк несиелік портфельдің объективтiк қажеттiлiгiн талдау . . . 58
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ . . . 65
3. 1 Банктің несиелік портфелінің даму тенденциясы . . . 65
3. 2 Қазақстан Республикасындағы банктің несиелік қызметін жаңарту жолдары . . . 72
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 90
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . … . . . 92
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың банк жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда банк жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және банк құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының банк жүйесі болып табылады. Банк қызметін табысты реформалау барынша тұрақты банк жүйесін құруға мүмкіндік берді.
Кейінгі жылдары Ұлттық банк, Қазақстандағы банктік қадағалауды жалпы қабылданған стандарттарға, ең алдымен, банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің тиімді банктік қадағалауының негізгі принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытында жұмыс жүргізді. Шоғырландыру негізінде банк қызметіне қадағалау жүргізу үшін Ұлттық банктің 2009 жылдың басында өкілеттіктерді бөлуі банктік қадағалаудың осы принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытындағы тағы бір қадамды білдіреді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 34 екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді.
Банк жүйесінің жиынтық меншікті капиталы валюталық баламада 1, 5 АҚШ долларын құрайды. ТМД елдерінің ішінде бір банкке тиесілі меншікті капиталдың мөлшері бойынша Қазақстан жетекші болып қалып отыр.
Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде, бұл көп жағдайда халық салымдарын сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі. Банктер базасының қарқынды өсуі оларға экономиканы несиелеу жөніндегі қызметті едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік береді.
Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі ипотекалық несиелеу болды.
Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның басқа ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және Шығыс Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек.
Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай.
Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.
Диплом жұмысының өзі мынадай бөлімдерден тұрады: кіріспе, үш бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Осы диплом жұмысы «Банктік несиелік портфелін басқару мәселері мен оны шешу жолдары» - атты тақырыбында мен мынадай негізгі аспектілеріне тоқталайын. Бірінші бөлімінде - Банк және банк жүйесіне сипаттамма Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен дамуы, ал екінші бапта - коммерциялық банктердін несиелік потрфельдерін басқаруына талдау өткізілді және үшінші бапта - банктің несие портфелін дамыту жолдары - деген басты бөлімдеріне шолу жасаймын. Диплом жұмысының объектісі «Хоум Кредит Банк» АҚ.
Қорытындысында осы жұмыстың негізгі нәтижесіне тоқталады. Осыдан басқа осы диплом жұмысты жазуға қолданылған әдебиеттер қарастырылады.
1 БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
- Банк және банк жүйесіне сипаттамма
Біздің дәуірімізге дейін ежелгі Грецияда, Египетте, Римде банктік қызметтің жақсы дамығаны анықталған. Бәрінен бұрын банк ісі Италияда қалпына келтірілді. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Италияның ірі орталықтарында дами бастаған банк ісі ХІІ ғасырдың соңынан бастап басқа елдерге де, атап айтқанда Францияға, Англияға және Германияға кең етек жая бастады [8; 129] .
Банк жүйесі деген сөздің өзінен, оның басты элементі негізінде ақшаға байланысты операцияларды жүргізетін, әртүрлі банктер болып табылатынын түсінуге болады.
Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме, - дейді, екіншілері - экономикалық басқару орны, - дейді, үшіншілері - делдалдық ұйым, - дейді. Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол - ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1995 ж. 31 тамыз N 2444) бойынша банк - банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгiленедi.
Алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) XIV-XV пайда болған. Банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
«Банк» сөзі «banco» деген италиян тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекеленген тұлғалардың әртүрлі монеталармен жасалған. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап оларды әртүрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша-қаражаттарын саудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады [8; 128] .
Ресей Федерациясының банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда кеш қалыптаса бастап, өзінің даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы банктер ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде пайда болып, ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басында Ресей банк жүйесі негізінен мынадай банк мекемелерінен құралды: мемлекеттік банк; қоғамдық қалалық және жер банктері; көп буынды жеке банктер - акционерлік банктер, өзара несиелейтін қоғамдар, коммерциялық банктер, несие-жинақтау серіктестіктері; банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері.
Экономикалық қайта құру процесі банк жүйесін реформалаудан бастады. 1930-1932 жылдары жүргізілген несие реформасы еліміздің банк жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңін бастады. Несие реформасының мақсаты - несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу, коммерциялық және жанама банктік несиелеуді тікелей банктік несиемен ауыстыру болып табылды. Несие реформасын жүзеге асыру барысында мына мәселелерге назар аударылды:
- тікелей банктік несие енгізу;
- шаруашылық есепті енгізу;
- қысқа мерзімді несиелеу процесін енгізу;
- өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған қаражаттарының жұмсалу бағыттырын ажырату;
-шаруашылықты несиелеудің принциптерін бекіту;
- банк жүйесін қайта құру, яғни мемлекеттік банк пен ұзақ мерзімді несие беретін арнайы банктердің қызметін ажырату.
Қазақстан кеңес дәуірінің кезеңінде одақтас республикалардың бірі болғандықтан, оның жеке банк жүйесі болған жоқ. Ол кезде Қазақстанның аумағында КСРО-ның орталықтанған банк жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері жұмыс атқарды.
1987 жылға дейін банк жүйесіне КСРО мемлекеттік банкі, КСРО құрылыс банкі және КСРО сыртқы сауда банкі секілді үш монополистік банктер кірді. Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек жинақ кассалар жүйесі де болды. Банк жүйесіндегі негізгі орынды КСРО Мемлекеттік Банкі иеленді. КСРО Мемлекеттік Банкі эмиссиялық институт бола отырып, қысқа мерзімге несие беру, шаруашылыққа кассалық және есептік қызметті көрсетуді іске асыратын орталық болды. Сол себепті, ол - мемлекеттік басқару және бақылау органына айналды. КСРО Мемлекеттік Банкі несие беру ресурстарына іс жүзіндегі монополист еді. Оның шоттарында барлық қаражаттар шоғырланып, жалпы мемлекеттік несие беру қорын қалыптастырды. Атаулы қордың қаражаттары арнайы бекітілген несие беру жоспарларына сәйкес, орталықтан берілетін. Жергілікті жерлердегі несие беру мекемелерінің қызметі нақты қарыз алушыларға арнайы ережеге сәйкес, жоспармен көрсетілген мақсаттарға ғана берілумен шектелді. Банктік мекемелер клиенттер алдында емес жоғарыда тұрған ұйымдардың алдында жауапты болды. Сонымен, несие реформасының нәтижесінде жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк жүйесі құрылып, Мемлекеттік Банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін және бақылайтын біріңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктердің рөлі төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе қалыптасты.
Кеңестер Одағы тарағаннан кейін, нарықтық экономика бағытын таңдаған көптеген жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, осы мемлекеттерде жаңа банк жүйелерінің дүниеге келуіне әкеліп соқты.
Несие шаруашылық жүйелердiң ауысуына жағдай жасап отырып өзi де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертедi.
Қарыз мәмiлесi ретiнде несиенi екi көзқараста қарастыруға болады: бiрiншiден, оның техникалық заңдылық белгiлерi көзқарасынан, екiншiден, әлеуметтiк мазмұны, яғни осы келiсiм негiзiнде өсетiн және дамитын немесе онда өз көрiнiсiн табатын өндiрiстiк байланыстар типiн сипаттайтын белгiлер тұрғысынан бұл екеуi бiр-бiрiнен бүлiнгiсiз, олар өзара байланысты және себепшi. Бiрақ экономикалық талдау үшiн маңыздысы қарыз мәселесiнiң экономикалық мазмұны, яғни өндiрiстiк қатынастардың белгiлi бiр формалармен байланысты шаруашылық әдiстерi, жұмыс тәсiлдерi емес, өндiрiстiк қатынастардың өзi болып табылады.
Бұл жағдайда былайша түүсiндiруге болады. Мысалы, машина өндiрiсiн таза техникалық тиiмдiлiгi тұрғысынан қарастыруға болады, сонымен қатар сол машина өндiрiсi негiзiнде пайда болатын және дамитын өндiрiстiк байланыстардың формалары мен типтерi тұрғысынан, бұл бiр жаҒынан, оларҒа себепшi, ал екiншi жағынан, олар оны анықтайды. Бiрiншi жаҒдайда, бiз машина өндiрiсiн техникалық-экономикалық категория, ал екiншiсi жағдайда-экономикалық категория ретiнде қарастырамыз.
Несие-өндiрiстiк қатынастарды бiлдiретiн экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен ғатар тарихи категория екенiн атап өту керек. Ол өндiрiстiк күштердiң тек белгiлi бiр дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар. Несиенiң және несиелiк қатынастардың пайда болуына табиғи негiз, тауар шаруашылығы болып табылады.
Қолдан-қолға тауарлардың қозғалысы ретiнде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негiз болып табылады. Ақша қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн себептер, несие қажеттiлiгiнiң де себептерi болып табылады.
Несие ұдайы өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен келiп шығады. Несие берiлген сайын ол шар, субъектiлердiң өндiрiстiк капиталы ақшалай, өндiрiстiк және тауарлық формаларда болады.
Несиенiң мәнiн ашу-бұл несиенi экономикалық қатынастардың бiртұтас жүйенiң элементi ретiнде көрсететiн, оның мәндi анықтығын бiлдiретiн сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенiң мәнi және қажеттiлiгi туралы жоғырыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырайық.
Несиелiк мәмiледе қатынас субъектiлерi қарыз берушi және алушы болады. Кредитор мен қарыз алушыныҢ қалыптасуы тауар өндiрiсi мен тауар айналысы негiзiнде жүредi.
Кредитор-несиелiк мәмiленiң қарызды ұсынушы жағы. қарыз беру үшiн кредитордың қарамағында белгiлi бiр қаражаттар болуы керек. Оның көздерi өз қорлары, ресустары, өз кезегiнде қайтарымдық негiзiнде ұдайы өндiрiс процесiнiҢ басқа субъектiлерiнен алынған ресустар бола алады. қазiргi уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншiгiндегi ресустар есебiнен ғана емес, оныҢ шаттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебiнен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебiнен де бере алады.
Банктердiң құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүредi. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өкiлi болды. Банктер Ұжымдық кредиторлар ретiнде бола отырып, несиелеу үшiн шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресустарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбiр жағдайларда босаған ресустар болып табылатын құндылықтар да қарызға берiледi. Кредитор ретiнде басқа шаруашылық иесiне белгiлi бiр мерзiмге ресурс берушi тұлға болады. Қарыз алушы несиенi белгiленген мерзiмде қайтармаған жағдайда несиелiк келiсiмнiң ерiктiлiгi бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады.
Қарыз алушы-несиелiк қатынастың, несиенi алушы және алған қарызды қайтаруға мiндеттi жаҒы болып келедi. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiне жақын, бiрақ шамасы бiрдей түүсiнiк емес. Борыш-мiндеттi жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсiнiк. Несиелiк мәмiлеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.
Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелiк мәмiледе төмендегiдей ерекшелiктерге ие. Бiрiншiден, ол қарызҒа берiлетiн қаражаттардың меншiк иесi болып табылмайды, олардың уақытша ретiнде болады; өзiне тиiстi емес бөтен бiреудiң ресустармен жұмыс iстейдi. Екiншiден, қарыз алушы қарызға алынған ғаражаттарды айналыс сферасында да, өндiрiс сферасында да пайдаланылады.
Үшiншiден, қарыз алушы өзiнiң шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Ѕарыз алушы кредитормен жеткiлiктi түрде есеп айырусымен қоса қайтарымды толық өтеу шiн ұдайы өндiрiс процесiн өркендете түсу керек. Төртiншiден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызында төлейдi. Бесiншiден, ғарыз алушы өзiнiң кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелдi болады.
Кредитор мен қарыз алушы несиелiк қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүүдделерiнiң бiрлiгiн көрсетедi. Несиелiк қатынастар шеңберiнде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкiн: кредитор қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
- Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен дамуы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің қалыптасу мен даму жолдарын бірнеше кезеңге бөлуге болады (1-кесте) .
Бірінші кезең, 1917 мен 1930 жылдар аралығы - патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең, 1930-1987 жылдардың аралығы - елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.
Үшінші кезең, 1988-1991 жылдар аралығы - елде мемлекеттік маманданған банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі (банктердің банкісі) ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т. б. нормативті актілер шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылдың басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлік банк жүйесінің пайда болуы және дамуы [7; 180] .
Төртінші кезең өзгеріп отырған қызмет жағдайына қарай банк жүйесі икемделуімен сипатталады.
1995 жылы Қазақстандағы банк жүйесін қайта құрудың алғашқы бағдарламасы әзірленіп жатты. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылы 15 ақпанда бекітілді. Атаулы құжат 1) өз кезегінде ақшалай несиелік саясатты тиімді жүргізіп, Ұлттық банк үшін заңдармен көзделген негізгі міндеттерді барынша толығымен орындауға ықпал жасар еді;
1 - кесте. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері
1930-1987 жж.
(Одақтық бір деңгейлі банк жүйесі)
1988-1990 жж.
(Одақтық бір деңгейлі маманданған банктер жүйесі)
КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі) .
КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі.
КСРО Сыртқы- сауда банкі.
Банк жүйесін қайта ұйымдастыру: КСРО Мембанкі және Маманданған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі. КСРО Агроөнеркәсіп банкі. КСРО Тұрғын үй - әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы-эконом банкі.
Жаңадан кооперативтік және коммерциялық банктердің құрыла бастау.
Экономикалық көтермелеу шараларын және нормативтік жетілдіру құралдарын дұрыс қолдану көмегімен және Ұлттық Банк тарапынан бақылауды күшейту халықаралық стандарттарға жақын келетін банктер тобына сай деңгейдегі, барлық коммерциялық банктер қызметін сапалы жақсартуға әкелуі мүмкін.
Банкаралық ақша-несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолымен, олар арқылы пайыздық ставкалар мен айырбастау курсы айқындаушы жағдайға дейін жетіп, және Ұлттық Банк оларға тек өзінің жалпы реттеу әдісі және іріктеп тексеру әдісі арқылы ғана әсер етуі.
Республикалық деффицитті Ұлттық Банктің тікелей несиелеуден бас тартып, оны ішкі және сыртқы қаржылық нарығында инфляциялық тәсілмен қаржыландыруға көшуі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында жүзеге асырылатын төлемдердің уақытында болуы, тиімділігі және қауіпсіздігі саласында сапалы деңгейге жету және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін құруды кеңейту; 6) орта, ұзақ мерзімдік инвестициялық несиелеу жүйесінің негізін қалауы.
Осылайша, Бағдарламаның біржақты болуына қарамастан, нақты алғанда оны жүзеге асырылуына қол жеткізілді. Бәрінен бұрын, ақша-несиелік реттеудің тәсілдері мен құралдары дами түсті. Банктерді қайта қаржыландыру механизмі мәнді өзгерістерге ұшырады. Директивтік несиелер беру 1995 жылдың ақпан айынан бастап тоқтатылды. Орталықтандырылған қайнар көздердің есебінен берілетін несиелердің көлемі мен мерзімдері қысқартылды. Экономиканы несиелеу міндеті негізінен алғанда Ұлттық Банктен халық салымдарын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін қаражаттарын тарту және өздерінің жеке сыртқы қарыз алу жолдары есебінен экономиканы несиелеуді қамтамасыз ету жүктелген екінші деңгейдегі банктерге көшті. Ұлттық Банк орталық банктерге тән міндеттерді атқаруға кірісті: олардың жойылу қаупін қолдау мақсатында екінші деңгейдегі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және жалпы алғанда ақша-несиелік және валюталық реттеу.
1995 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заң шықты. Осы заң бойынша банк құрылымының негіздері, оларды құру және жою тәртібі, олардың қызмет ету тәртібі анықталды және екі деңгейлік банк жүйесі қалыптасты. Бірінші деңгейіне - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орналасты, ал екінші деңгейіне - басқа банктер кірді. Олар - мемлекеттік банк, депозиттік банк, инвестициялық банк, мемлекетаралық банк және шетел қатысуымен құрылған банктер. Нарықтық экономика принципінде құрылған банктердің маңызы зор. Банк жүйесінің бір қалыпты қызмет етуі бүтіндей экономиканың дамуына ықпал етеді.
2006 жылдың соңына қарай Қазақстанның екінші дәрежелі банк жүйесі екінші деңгейлі банктерден тұрды және банктік емес қаржылық мекемелер жүйесімен толықтырылды. Екінші деңгейдегі банктер корпоративтік бағалы қағаздарды инвестициялаумен және оларға диллерлік операция жүргізуден басқа, барлық банктік қызмет түрлерін көрсетеді, жүзеге асырады және қажетті капитализация деңгейіне қол жеткізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz