Каспий экологиясы



Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
I.Тарау. Каспий экологиясының жалпы сипаттамасы
1.1. Табиғат араша сұрайды
1.2. Мұнай мен бекіре

II.Тарау. Каспий теңізі . әлемдегі ең ірі тұйық су алабы
2.1 Каспий теңізін сейсмикалық барлаудың зияны
2.2 Каспий және қазақ тағдыры

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе

Каспий өңірі соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын жаңғыртып-ақ жіберді. Жұртшылық оны еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен, оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында «қара маржан» теңізі тұнып жатқаны анықталды.
Каспий өңірі көптеген Евразия халықтарының этникалық және мәдени бастауының маңызды бір ошағы екенін зерттеушілер баяғыда-ақ мойындаған. Бұл географиялық тұрғыдан алып қарағанда өзіне Аоал – Каспий аралығын, Каспий өңірін қамтитын ұлан-ғайыр тарихи өлке болып табылады. Бұл облыстың тарихи шегі оңтүстіктегі Арал және Каспий теңізі, Үстірт қыраты, ал оңтүстік-шығысында Арал жағалауындағы Қарақұм арқылы мейлінше анық көрінеді, батысы құрлықта Еділ сағасымен шектеледі. Бұларға қарағанда солтүстік бөлігі шекарасы көмескелеу. Осы тұрғыдан келгенде Батыс Қазақстан – Даланың Ұлы белдеуін қамтитын мейлінше алып тарихи-мәдени кеңістіктің құрамдас бір бөлігі екендігіне көзіміз әбден жетеді.
Барша қазақ даласы сынды Каспий алабы да өз халқының көне шежіресінің куәсі, ал кәрі Каспийдің өзі болса, ол тек Еділ – Ақ Жайық суымен ғана емес, осы аймақ, қала берді бүкіл қазақ ата-бабасының тарихымен де толы.
Дегенмен, үшінші мың жылдықтың табалдырығынан аттағалы тұрғанда осы табиғаты қатал, сан ғасырлық тарихы бар қуаң даланың ұрпақтары қолмен жасалған қайталанбасрухани бағалысының талай жылдар бойы көз тасада қалып келгені де рас.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. “Каспий қайраңы тарих тағылымы” Б.ҚуандықовАлматы ’жолдас және компания’ баспасы 200 жыл
2. “Қазақстан” ұлттық энциклопедия 3-том.Ә.Нысанбаев Алматы 2001 жыл
3.”ҚазақССР” қысқаша энциклопедия 3-том.Н. Нұрғалиев Алматы 1988 жыл.
4. “Каспий, Арал және қазақ тағдыры” А. Тәжуітов Түркістан №34 25-тамыз 2001 жыл.
5. “Ақ айдындарымызды аялайық” А. Медетова Атамекен 28-наурыз 2001 жыл.
6. “Каспийское море” А.Г.Касымов. Ленинград. “Окружающая среда Северо-восточного Каспия” Информационный экологический бюлетень. 2001 г. №1
8. “Экологические проблемы Казахстанской части Северного Прикаспия и пути их решения” Информационный экологический бюлетень. 1999 г.
9. “Каспийская экологическая программа” Информационный экологический бюлетень. 1999 г. №27
10. “Прикаспийская акумулятивная равнина” А. Бирмағанбетов Алматы 1991 г.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
I-Тарау. Каспий экологиясының жалпы сипаттамасы
1.1. Табиғат араша сұрайды

1.2. Мұнай мен бекіре

II-Тарау. Каспий теңізі - әлемдегі ең ірі тұйық су алабы
1. Каспий теңізін сейсмикалық барлаудың зияны
2. Каспий және қазақ тағдыры

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Каспий өңірі соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын
қарқынды игеру оның атағын жаңғыртып-ақ жіберді. Жұртшылық оны еліміздің
экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен,
оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп
келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс
өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында
қара маржан теңізі тұнып жатқаны анықталды.
Каспий өңірі көптеген Евразия халықтарының этникалық және мәдени
бастауының маңызды бір ошағы екенін зерттеушілер баяғыда-ақ мойындаған. Бұл
географиялық тұрғыдан алып қарағанда өзіне Аоал – Каспий аралығын, Каспий
өңірін қамтитын ұлан-ғайыр тарихи өлке болып табылады. Бұл облыстың тарихи
шегі оңтүстіктегі Арал және Каспий теңізі, Үстірт қыраты, ал оңтүстік-
шығысында Арал жағалауындағы Қарақұм арқылы мейлінше анық көрінеді, батысы
құрлықта Еділ сағасымен шектеледі. Бұларға қарағанда солтүстік бөлігі
шекарасы көмескелеу. Осы тұрғыдан келгенде Батыс Қазақстан – Даланың Ұлы
белдеуін қамтитын мейлінше алып тарихи-мәдени кеңістіктің құрамдас бір
бөлігі екендігіне көзіміз әбден жетеді.
Барша қазақ даласы сынды Каспий алабы да өз халқының көне шежіресінің
куәсі, ал кәрі Каспийдің өзі болса, ол тек Еділ – Ақ Жайық суымен ғана
емес, осы аймақ, қала берді бүкіл қазақ ата-бабасының тарихымен де толы.
Дегенмен, үшінші мың жылдықтың табалдырығынан аттағалы тұрғанда осы
табиғаты қатал, сан ғасырлық тарихы бар қуаң даланың ұрпақтары қолмен
жасалған қайталанбасрухани бағалысының талай жылдар бойы көз тасада қалып
келгені де рас.
I-Тарау. Каспий экологиясының жалпы сипаттамасы

Каспий экологиясы – Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу
кешендерінің дамуына байланысты. Қазаөстанның батыс өңірінде қалыптасқан
табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай. Каспий теңізі -
әемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий
теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 – 1
метрге дейін ауытқып отырады. 1837 – 1990 жылы жүргізілген бақылау
жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай
өзгеруі 1930 жылы және 1980-1990 жыл аралығынасәйкес келетіні анықталған.
1929 – 1941 жылы су деңгейі 2 мертге төмендесе, 1977 жылы бұл көрсеткіш ең
төмен абсолютті мөлшеріне (-29,01 м) жетті. 1978 – 1995 жылы су деңгейі
2,35 метрге қайта көтеріліп, 1995 жылы бұл көрсеткіш – 26,66 метр болды. Су
деңгейінің тұрақсыздығы климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына
байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0 – 12%. Каспий теңізі
морфология жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталыұ Каспий және
Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Теңіздің Қазақстандыұ бөлігі-солтүстік
шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында. Солтүстік
Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан географиялық орны,
теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық режимі, су теңгермесі
және тағы басқа бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік және Орталық Каспийге
қарағанда таяз. Солтүтік Каспий бөлігінің аумағы 80 мың км. Оған келіп
құятын өзендердің жылдық су ағымының жиынтығы жалпы Каспийге құятын барлық
өзен сулары ағымының 88%-ін құрайды. Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі
мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрі (оның
ішінде омыртқасыздар-1069, омыртқалылар-415, паразит жануарлар-325),
тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар (шаян
тәрізділердің 60%-і, молюскілердің 80%-і, балықтардың 50%-і) құрайды.
Каспий теңізінің балық қоры 2,9 миллион теңге болса, оның 40%-і Солтүстік
Каспий бөлігінің үлесіне тиеді. Каспий теңізі-ежелден балық ауланатын
маңызды су айдыны. Бекіре тәрізділердің дүние жүзілік өнімінің 90%-і осында
ауланады. Соңғы кезде балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі
келтіретін өзендерге салынған бөгеттер, судың радияциялық және химиялық
жолмен ластануы және қаскөйліктің етек алуы бекіренің қорын азайтуда.
Сондай-ақ, мұндағы қортпа пілмайдың жылдан-жылға саны кеміп бара жатыр.
Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім –
Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазіргі заманның балық
шаруашылығы –балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін табиғи және
жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты
(Ресейдің, Әзірбайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 миллион балық
шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6
миллион бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға
шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат
балығы, алабұға теңіздің атырауына дейінөрістесе, қаракөз, табан, көксерке
тұзды суда, ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге
бейімделген.
Каспий теңізінде екі тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік-Шығыс
Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Қазақстанның
және Ресейдің “Қызыл кітабына” енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай,
қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан тағы басқасы бар. Ал Каспий итбалығы –
тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 жылы 1миллионнан
астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360-450
мыңға дейін азайған итбалықтың – 27 мыңы, 1990 жылы – 13,8 мыңы, 1996 жылы
– 8 мыңы ауланған. 2000 жылы сәуір-тамыз айларында індеттен олардың қырылуы
Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометереология және экологиялық
жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендегенін
көрсетті. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945
түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі
Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ал теңіздің өзінде су
өсімдіктерінің 728 түрі өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық
өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта негізінен гүлді өсімдіктер,
ал суда балдырлар кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, мүйіз
жапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбіне бекуі үшін
қажет, сондай-ақ су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады.
Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық
жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп
төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оның қайта
өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мысалы, 1998 жылы Атырау облысы бойынша
атмосфераға 135,1 мың тонна зиянды заттар шығарылған. Бұл улы заттарды
атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5
мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық
проблемасы – ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 миллион газ ауада
жанады (2004 ж.). мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай
мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік
Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумағы 194 мың
гектар жерді алып жатса, төгілген мұнай мөлшері 1миллион тоннадан асады.
Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты
теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің теңізге төгілуіне байланысты теңіз
суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорды органикалық
пестицидтер, аммонилі азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен
бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғары
концентрациясы мамыр-шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай
және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында
тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде.
Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге
ғана емес, жергілікті тұғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.
Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзербайжан, Ресей, Иран,
Түркменстан, Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамы қоршаған орта
жөніндегі бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның
негізгі мақсаты – экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының
табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
КЭП-нің негізгі бағыттары:
1. Теңіз деңгейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы
мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
2. Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған
орта жағдайын жақсарту;
3. Теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалпына келтіру және оның биологиялық
алуан түрлілігін сақтау;
4. Аймақта экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты
жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.

1.1. Табиғат араша сұрайды.

Каспий өңірі экология прокупатурасының қоршаған ортаны қорғау
заңдылықтарын қолдану барысына жүргізген тексерулерінің қорытындысына
сүйенетін болсақ, еліміздің батыс өңіріндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
күйде қалып отыр. Орын алып отырған заң бұзушылықпен олқылықтарды сипатына
қарай жіктесек, олар табиғатты пайдаланушылардың өз жұмыстарын жүзеге асыру
барысында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау туралы заңының
талаптарын орындамайтындығы, соның салдарынан табиғи ортаның сапасын
нормалауға қойылатын негізгі принциптердің бұзылатындығы, нормадан артық
ластайтын заттар шығару мен тастау жағдайларының қалыпты дағдыға айналуы,
қоршаған ортаға төленетін төлемақылардың мезгілінде төленбеуі, табиғи
ресурстарды дұрыс пайдаланбау тәрізді кемшіліктермен сабақтасып жатады.
Қоршаған ортаның ластануына мұнай өндіру мен өңдеу саласындағы
мекемелер соның ішінде атақты Теңіз кешенінің тигізіп отырған залалы шаш
етектен. Бұл мекемелердің облыстағы қоршаған ортаның ластануына бірден бір
әсерін тигізетін зиянды заттар бөлуі 56,8% құрайды. Бір ғана Теңізшевройл
ЖШС 1996 жылы 5 миллион тонна мұнай өндіргенде ауаға 28222,56 тонна зиянды
заттар тараған.
Солтүстік Каспий теңізінде бұрғылау жұмыстарын жүргізген ОКИОК
компаниясы да қоршаған ортаны қорғау заңдарына қайшы әрекеттерге жол беріп
келген. Яғни компанияда Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
туралы заңының 38- бабының талаптарына сәйкес зиянды заттар тастайтын
белгіленген лимиттер шегінің жобасы жасақталмаған. Заң бұзушылық экология
прокуратурасының ұйғарынан кейін түзелді. Осы жерде тиісті орындардың
қаперіне сала кететін бір жайт бар. Келешекте Каспий теңізінің Солтүстік
бөлігіндегі бұрғылау жұмыстарына талаптарына сай тексеру жүргізіп отыру
үшін бақылаушы органдарды осы заманғы соңғы үлгілермен жабдықталған
зерттеуханамен қамтамасыз ету қажет. Мұның өзі теңіз суының тазалығы мен
ластанбау жағын әрдайым қадағалап отыруға мүмкіндік берер еді.
Батыс өңірінің бірден бір баға жетпес байлығы балық болып табылады.
Сол себептен де күні бүгіндері балық уылдырық бизнесінің кең көлемде өріс
алып, үлкен табыс көзіне айналып отырғаны жасырын емес. Өкәнәшке орай балық
қорғау органдарының бұл бағыттағы жұмыстары жеке дара балық аулап жүрген
немесе базарда балық сатып жүрген адамдарды ұстаумен ғана шектелуде. Ал
балық аулау төңірегінде ұйымдасқан қылмыстар ашылмай, тасада қалумен
келеді. Құқық қорғау органдарының алдында тұрған өзекті міндеттің бірі жең
ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу екені
екінің біріне мәлім. Бірақ ол құқық қорғау органдарындағы жауапкершіліктің
төмендігінен өз деңгейінде қолға алынбай отыр. Экология прокуратурасы бұл
салады да тексеру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті атқару органдардың
шешімдеріне байланысты 5 ұйғарым, 2 наразылық келтірді, прокуратураның
қаулысымен 3 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2. Мұнай мен бекіре.

Бағдарлама бойынша экспедицияның алғашқы күнінде “Каспий: болашақ
үшін әріптестік” және “Каспий: 3-ші мыңжылдықта” атты тақырыпта өтетін
конференцияға Каспий теңізінің проблемаларының жетік білетін бірқатар
ресейлік саясаткерлер мен ғалымдар қатысуы жоспарланған еді. Өкінішке орай,
белгілі себептерге байланысты олардың көпшілігі қатыса алмады. Сондықтан
болар, сөз алған ғалымдар мен эколог-сарапшылар саясаттан гөрі, Каспий
теңізінің қазіргі және болашақтағы экологиялық жағдайына көбірек тоқталады.
Қарт теңіздің геосаяси және экономикалық мүмкіндігі бүгінде әлем
назарын аударып отыр. Мұнай мен газ конденсаты қоры жағынан оған тең
келетін аймақ жоқ. Келешекте Каспий атырабы мұнай мен газдың орталығы ғана
емес, алып өндіріс орындары молынан шоғырланатын аса ірі өндірістік
орталыққа айналды. Соның арқасында теңізт жағалауындағы 5 мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуі едәуір жақсарды. Бұл несібеден сол
жағалауда тұрып жатқан тұрғындар да құр қалмайды. Өйткені, 1,7 миллионға
жуық қазақстандықтың, 3 миллионнан астам ресейліктің өмірі мен күнкөріс
тіршілігі Каспий теңізімен тығыз байланысты.
Эколог – ғалымдар мен сарапшылардың Каспий теңізінің экологиялық
жағдайына алаңдатушылық білдірулері жайдан-жай емес. Енді бірер жылдан соң
теңіз қайраңынан жаппай мұнай өндіру басталады. Мұнай тиеген танкерлер ары-
бері жүзеді, биік мұнаралар қатары еселеп артады. Жағалауында құбырлар
тартылып, алып өндіріс орындары бой көтереді. Оған мұнай өндіру, оны өңдеу
процестері кезінде шығатын қалдықтарды, басқа да зиянды заттарды қосыңыз.
Міне, сонда Каспий теңізі және оның аймағында экологиялық қауіп-қатер
туындауы әбден мүмкін.
Биология ғылымдарының докторы, “Лукойл оверсиз” мұнай компаниясының
экологиялық мәселелер жөніндегі жетекші сарапшы Наталья Жмур ханымның
айтуынша, Каспий теңізінің қазіргі экологиялық ахуалына алаңдаудың жөні
жоқ, теңіз суының ластануы бұрынғыға қарағанда едәуір төмендеген. Оның
басты себебі: Ресей, Қазақстан, Әзербайжан және Түркменстан
мемлекеттеріндегі жөнді жұмыс істемей тұрғанында жатыр. Дегенмен, Каспийге
құятын Еділ мен Жайық өзендерінің ластануы өте жоғары. Теңіздің ең лас
бөлігі Әзербайжанға тиесілі аймақ болып отыр. Өйткені, Әзербайжан теңіз
қайраңынан мұнай өндіру көлемі жылдан-жылға арттыра түсуде. Ал теңіздің
Қазақстан мен Ресейге қарайтын бөлігінің тазалығы ойдағыдай.
Ресейдің “Лукойл” компаниясы Каспийдің мұнайын игеруге бел буып
отырған компанияның бірі. Наталья Жмур ханым осы компанияның еншілес
кәсіпорны саналатын “Лукойл оверсизде” еңбек етеді. Ендеше, компанияның
мүддесі үшін ол жаңсақ пікірлерге баруы әбден мүмкін. Ал Каспий мәселесіне
байланысты бірнеше кітап жазған, тарих ғылымының докторы Айдер Куркчи
мырзаның пікірі басқаша. Ол Каспийдің қазіргі экологиялық жағдайы өте
алаңдатарлық екендігін, алдағы уақытта тіпті қиындайтынын ашық айтқан
болатын. Оның пікірінше, КСРО таратылған соң, Каспий теңізі онда үлесі бар
елдер үшін тек пайда табу көзіне айналды. Оның экологиясын қалыпты деңгейде
ұстау мол қаржыны қажет етеді. Бұған теңіз жағалауындағы мемлекеттер қанша
көлемде қаржы бөліп отырғандары жария түрінде айтылмайды. Теңіз ортақ
болғандықтан, оның экологиясына көзқарас бірдей болу керек. Өйтпеген
жағдайда Каспий теңізі де Аралдың кебін киеді. Экологиялық апат, міне сонда
болады.
Эколог – ғалымдардың келтірген мәліметтеріне сүйенетін болсақ, кез-
келген мемлекет өз елінің аумағындағы экологиялық ахуалды сауықтыруға
қомақты қаржы бөліп отырады. Мысалы, АҚШ осыған ішкі жалпы өнімдерінің 12-
14%-ын жұмсайды екен. Бұл өте мол қаржы екендігінде дау жоқ. Ал Ресей мен
Қазақстан Каспий теңізінің экологиясына қанша қаржы бөліп келеді? Біздің
білуімізше, ол теңіз қайраңынан мұнай өндіруші компанияларға жүктелген.
Пайда табу мақсатында мұхит асып келегн шетелдік компаниялар тапқан
пайдасының қомақты бір бөлігін бөтен жердің экологиясын сауықтыруға жұмсар
қояр ма сірә?!
Каспий теңізінде көмірсутегі мен қатар, балықтың, оның ішінде әлемдік
рынокта аса көп сұранысқа ие бекіре тектес балықтардың мол қоры бар. Бір
ғасырдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан Каспий балық
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Марк Карпюк мырзаның
мәліметінше, Каспийдің Ресейлік секторындағы балық қоры шамамен 37 млрд.
долларға бағаланды. Қазақстандық бөлігінде де осы шамалас. Сондай-ақ,
теңіздің солтүстік акваториясы бүкіл каспийдің жартысынан астамын алып
жатыр, мұнайға бай бөлігі де Қазақстан мен Ресей жағында. Институт
директоры ертеңгі күні теңіз қайраңы игеріле бастағанда, ондағы балық
түрлеріне қауіп төнетінін жоққа шығармайды. Оның мәнісі мынада: қазіргі
кезде солтүстік Каспийдің Ресей жағындағы секторының бірқатар құрылымында
барлау-бұрғылау жұмыстары аяқталып, көмірсутекті шикізаттарды өндіруге
дайындықтар жасалып жатыр. Мұндай жұмыстар қазақстандық секторында да
жүргізілуде. Ал балықтар, оның ішінде жас бекірелер судың мұнаймен
ластануын тамақтанғанда бірден сезінеді екен. Марк Карпюк мырзаның интернет
материалына сүйенеотырып келтірген мәліметі бойынша, теңіздіңқазақстандық
бөлігіндегі мұнайда улы заттар көбірек. Оның құрамындағы күкіртті сутегі
25%-ға жуық. Апат бола қалса, ол теңіз жәндіктеріне зор зиянын тигізеді.
Аса бағалы бекіре балығын Каспий теңізінде көбейтудің жолдары бар.
Оның бірі – Қазақстанның бекіре балығын аулауға, квота еңгізу жөніндегі
бастамасына қолдау көрсету. Екіншісі – бекіре тұқымдас балық түрлерін
жасанды жомен өсіру, яғни балық зауыттарында өсіріп, теңізге жіберу. Бекіре
балығын өсіретін зауыттар Түркменстаннан басқа елдің барлығында бар.
Мамандардың айтуынша, бұл зауыттар бір-бірімен тәжірибе алмасып тұрады.
әсіресе, Қазақстан мен Ресейдің балық өсірушілері арасындағы байланыс
жоғарғы деңгейде. Ал үшінші жолы – броконьерлерге қарсы күресті күшейту.
Бұл Каспий жағалауындағы елдердің барлығына ортақ өткір проблеманың бірі
болып отыр. Кейбір деректерге қарағанды, заңсыз жолмен ауланатын бекіре
балығының мөлшері ресми мәліметтерден 9-12 есе жоғары.
Каспий теңізіндегі биологиялық ресурстарды орнымен пайдалану – табиғат
сыйға тартқан байлықты сақтап қалу деген сөз. Ол үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
Су жүйелер экологиясы
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері
КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
ЖАЙЫҚ ЭКОЛОГИЯСЫ
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Каспий теңізінің экологиялық мәселелесі
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Каспий теңізінің экологиясы мен құқықтық мәртебесі
Атырау қаласының экологиясы
Пәндер