Ұлттық экономиканың негізгі өзегі болып табылатын агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудағы мемлекеттік аграрлық саясатының маңыздылығы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясаттың жүзеге асырылуы, қазіргі жағдайы
1. 1Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың теориялық негіздері . . . 5
1. 2Агроөнеркәсіп кешенінің мәні, қазіргі жайы . . . 11
1. 3Агроөнеркәсіптің дамуының әлемдік тәжірибесі . . . 28
2. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік саясаты және оны оңтайландыру жолдары
2. 1Ауылшаруашылық өндірістік инфрақұрылымды жетілдіруде мемлекеттің ролі . . . 34
2. 2Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, экономиканы әртараптандырудың бағыты ретінде . . . 44
2. 3Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік саланы оңтайландыру жолдары . . . 62
Қорытынды . . . 71
Қолданылған әдебиеттер . . . 73
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың мақсаты ұлттық экономиканың негізгі өзегі болып табылатын агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудағы мемлекеттік аграрлық саясатының маңыздылығын ашу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешеннің даму мәселесі экономикалық саясаттың басты басымдықтарының бірі. Сонымен қатар оның әрі қарай бәсекеге қабілеттілігін нығайту мақсатында арнайы шаралар қабылданып жатыр. Бүгінде өнеркәсіптік кешеннің тұрақты даму тұжырымдамасы іске асырылуда.
Тақырыптың өзектілігі агроөнеркәсіп саясаты Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Агроөнеркәсіп саясатының даму деңгейі қашан да Қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де қала береді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, өнеркәсіп аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.
Қазақстан Республикасында өнеркәсіп кешенінің барлық салалары, оның ішінде ауыл шаруашылығында қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкіндікті нарық жагдайында әрбір жекелеген аймақтардың өзгешеліктерін еске ала отырып ауыл шаруашылығының қызмет көрсету салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан биік деңгейге көтеруге мүмкіндік туады.
Осы міндетті шешу үшін Қазақстан Республикасының 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы іске асырылды. Осы жылдары АӨК-нің нарыққа бағдарланған заңнамалық базасын қалыптастыру, оны халықаралық тәжірибенің нормаларына сәйкес келтіру бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді. Бағдарламаның іске асырылуы тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тиімді бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік өндірісі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызды. [2]
Алайда, еліміздің АӨК-де әлі де, бірқатар кемшіліктер бар - саланың құрылымды-технологиялық жаңғырту қарқынының төмен болуы, нарықтық инфрақұрылым дамуының қанағаттанғысыз деңгейі, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы, саланың қаржылық тұрақсыздығы, саланы дамытуға жеткіліксіздігі жеке инвестициялардың бөлінуі, білікті кадрлардың тапшылығы және т. б.
Бұдан басқа, саланың инвестициялық қызметіне әсер еткен қаржы, ал одан кейін азық-түлік дағдарысы қосымша проблемаларды тудырды. Осыған орай үлкен және басқада жауапты міндеттер алда тұр - экономиканың аграрлық секторын сапалы жаңа даму деңгейіне көтеру, сол арқылы оның жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, бұл әсіресе Ресей мен Беларусь елдерімен кеден одағына кіру жағдайында, ал кейіннен Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру кезінде өзекті проблема проблема болып табылады.
Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық - техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т. б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылықтың электр-энергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген қажеттіліктері де көбейеді.
ХХІ ғасыр табалдырығында ауыл шаруашылығын кешенді дамытудағы процесс тұр. Осылардың негізінде селоның бүкіл өндірістік - экономикалық, әлеуметтік қатынастарын жетілдіріп, яғни басқару мен ұйымдастыруда нақтылы тиімділікке қол жеткізуі хақ.
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясаттың жүзеге асырылуы, қазіргі жағдайы
1. 1Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың теориялық негіздері
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса маңызды бағыты болып отыр. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті - елімізді азық - түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету. 2012 жылдан бастап Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасы жасалып, аграрлық сала дамуының әлемдік деңгейлеріне жету және индустриялы агроөндірісті қалыптастыру алдымызға қойылды. Ол бағдарлама бүгінгі таңда «Агробизнес 2020» бағдарламасы болып, өзінің қызметін бастауда. [2]
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады.
Бүгінгі таңда республиканың агроөнеркәсіптік кешеніндегі (бұдан әрі - АӨК) жағдай өндіріс тиімділігінің өсуімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен, ауыл халқының тұрмыс сапасының жақсаруымен сипатталады.
Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңінен енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізгі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндіріс құлдырауы тоқталып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылдаған заңдар мен Республика үкіметінің қабылдаған қаулыларын басшылыққа ала отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2006 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасалып іске асты. Ішкі көздердің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылық өнім өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылып жүзеге асырылды:
- меншік қатынастарын қайта құру, жекешелендіру тәсілдері мен қарқыны, бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін көпкуладты экономиканы қалыптастыру және агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру жөніндегі экономикалық реформалар бағытына түзетулер енгізу.
- агроөнеркәсіп кешенінің еркін баға белгілеуге көшуін қамтамасыз ететін тиісті қаржылық-несиелік және баға жүйесін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім ұсынушыларды мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін, монополист-кәсіпорындар өнімнің бағасын шектеуді, шетелдік инвестицияны тарту және біріккен бизнесті дамыту мәселелерін жасау және жүзеге асыру
- тауар қорларын қалыптастырып, реттеуге мүмкіндік беретін және соның негізінде рынок сыйымдылығы
- агроөнеркәсіп кешенінің терең құрылымдық жаңғыруын төмендегідей бағыттарда жүзеге асыру;
- республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын олардың экологиялық жүйе тараптарына, экономикалық жағдайына, өзін-өзі қамтамасыз етуіне, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары егіс көлемі құрылымның әлемдік рынок конъюнктурасына сәйкестедіріледі.
- ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалық потенциалын әрбір табиғи аймақтағы жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану.
- агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік негізгі қордағы қажеттілікетерін қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларын құру.
- қуаты және орналасуы жағынан тиімді өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру.
- экономиканың көпуклаттылығы және жеке меншіктің пайда болуын есепке ала отырып, селодағы әлуметтік инфрақұрылымды дамыту.
- агроөнеркәсіптік кешен араласқан экожүйелердің барлық элементтерінің эколгиялық қауыпсіздігіне экономикалық, құқықтық және техника-технологиялық кепілдік беретін жүйелер құру. [2]
Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік комплекстің барлық салаларының материалдық - экономикалық базасындағы сапалы өзгерістер мен ілгерілеушілік болды. Аграрлық өндіріс жоспарлы түрде машиналы ірі индустрияға көшіріле бастады, шаруашылықаралық кооперация мен агроөнеркәсіптік интеграция дамыды. Республикада мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеттері мен облыстық комитеттері, сондай-ақ аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктері құрылды. Енді еліміздің әртүрлі аудандарында ғылыми өндірістік бірлестіктер, өндірістік жүйелер құрыла бастады. Олардың бір - бірінен айтарлықтай ерекшеліктері болғанмен, бәрінің де мүдделері ортақ. Біріншіден, ғылым мен тәжірибе тығыз байланысты болып, ғылыми жаңалықтардың өндіріске барар жолын қысқартса, екінші жағынан серіктестер арасындағы кооперативтік келісім - шарт негізіндегі байланыстар өзара шаруашылық есепке қызығушылық пен жауапкершілікті қамтамасыз етті. Агроөнеркәсіптік комбинаттар; бірлестіктер, фирмалар ғылыми өндірістік және өндірістік жүйелер, шаруашылық есеп пен мердігерлік әдіске көшкен әр түрлі фирмалар біздің аграрлық экономикамыздағы шын мәніндегі жаңа құбылыстар болып отыр. Егін шаруашылығы мен өнеркәсіпті ұштастыру және агроөнеркәсіптік өндірісті басқарудың жаңа түрлерінің артықшылықтары былай сипатталады: біріншіден бұл жаңалықтарды дұрыс пайдалану нәтижесінде шынайы интеграция, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сатып алудың; сақтаудың, қайта өңдеудің және тағамдық дайын азық-түліктерді сақтаудың бірыңғай процесі қамтамасыз етілуде. Бірлестіктердің және оның құрамына енетін шаруашылықтар мен кәсіпорындардың экономикалық жағдайы, оған қоса агроөнеркісіптік кешеннің қызметкерлерінің материалдық жағдайының жақсы дамуы өндірілген өнімнің айтарлықтай бөлігін тұтынушыларға тікелей, дүкендер арқылы сатуға байланысты болғандықтан, шикізатты қайта өңдеу мен тағамдық азық - түліктердің сапасына деген көзқарас пен қамқорлық артуда. Агроөнеркәсіптік құрамалардың еңбек коллективтерінің материалдық жағдайларының жақсаруы мен әлеуметтік мәселелерінің шешілуі түпкі өнімдерді сатуға түгелдей байланысты болып отырған жағдайда өндірісті ұйымдастыруды шын мәніндегі шаруашылық есеп пен өзін - өзі қаржыландыру принципінде жүргізуге итермелейді және мәжбүр етеді. [5, 102 б]
2008-2009 жылдары Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің дамуына негіз болған екі құжат қабылданды. Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылға арналған мемелекеттік аграрлық азық - түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейін салалық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Оларда агробизнесті оңтайлы құрылымы қалыптасуымен агротехнология деңгейінің өсуімен ауыл шаруашылық өндірісінің маркетингтік стратегияға көшуімен, ішкі рынокте импорт алмастырумен, алыс және жақын шетелдерге экспорттың артуымен селоның әлеуметтік дамуының қарқындылығымен байланысты қаралған. Ал бұған ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге түсуіндегі (конкуренция) қабілеттілігін арттыру және өндірісті диверсификациялау жолымен ғана қол жету мүмкін еді.
Ауыл шаруашылығы ілгеріде атап өткеніміздей - агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы. Ауыл шаруашылығында селодағы экономикалық белсенді халықтың жартысы еңбек етеді. Экономикалық белсенді халық (ЭБХ) дегеніміз - қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін (қызмет көрсету саласы мен жеке шаруашылық иелерін қоса есептегенде) халықтың бір бөлігі. Қазақстандағы жер реформасына байланыс ты ауыл шаруашылығы үш санатқа бөлінеді. Олар: ауыл шаруашылығы кәсіпорыны, шаруа шаруашылығы және халықтың жеке шаруашылығы. [6, 70 б]
1) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауыл шаруашылығы салаларының негізгі қызметін атқаратын заңды түрде жұмыс жасайтын ұйым.
2) Ал ауыл шаруашылығына жарамды жерлерді пайдаланып, отбасылық еңбек бірлестіктерін құру, ол жерлерге ауыл шаруашылығы өнімдерін егіп, одан өнім алу жатады.
3) Халықтың жеке шаруашылығына олардың жеке бау - бақшалары, саяжайға бөлінген жері және олардан алынған өнімдері жатады.
Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен ерекшелігі - ол табиғатқа, топырақ пен ауа райы жағдайына тәуелді. Ауылшаруашылығы өндірісі жер ресурс-тарына негізделген. Ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жер деп атала-ды. Оның құрамына жайылым, егістікке жарамды жер мен мал азығын дайындайтын жер кіреді.
Нарық саясаты негізінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы елеулі өзгерістерді бастан кешті. Мал шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны төмен болғанымен бірақ, олардың өскіні, ал егіндік шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны жыл сайын елеулі өзгеріп отыратынын, өйткені, ол табиғи - климаттық жағдайлардың қандай болуына бағынышты екенін байқауға болады.
Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы өндірістік - шаруашылық ара қатынасының тұрақсыздығы, ауылға мемлекеттік қолдаудың - жеткіліксіздігі, инфляцияның шарықтап кетуі, несие ресурстарының қымбаттауы, сондықтан оларға өнім иелерінің қол жетпеуі, төлемеушіліктің өсуі, ауыл шаруашылығы өнімдері оған қажетті ресурстардың бағалары арасындағы теңсіздіктің аса үлкен болғаны себепкер болды.
Сала өніміне деген сұраныстың шектелуі - ауыл шарушылығының негізгі проблемасына айналды. Нарықтық реформалар кезіндегі Қазақстанның аграрлық азық - түлік кешеніне тән ерекшелік халықтың жеке қосалқы шаруашылықтырының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі үлес салмағының айтарлықтай өскендігі болып табылады. Қазақстандағы жеке қосалқы шаруашылық аграрлық сектордың тиімді құрылымына айналады да оның дамуы бірнеше бағытта жүзеге асуы мүмкін.
- Тұтынушы шаруашылығы түрінде, егер ол, тек қана жеке қажетті
қанағаттандыруға жұмыс істейтін болса;
- Егер ол өнімді өзі үшін өндіріп, ал артығын рыноктық құрылымдар арқылы сатса, онда аралас түрде.
- Егер өнім сату үшін өндірілетін болса, онда тауарлы шаруашылық түрінде;
- Жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) кооперативке бөлінсе бірлестіктер түрінде. Бұлардың әр тобы үшін әрқайсысының өзіне тән міндеттері шешілуге тиіс, бірақ, түбінде олардың бәрі де елдің ауыл шаруашылығының әлуметтік және экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау қажет.
Нарықтық экономикаға барар жолдағы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешені дамуының жай-күйі, негізгі проблемалары мен бағыттарын қарастыру қажеттігі туындайды.
Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды ерекшелігі алабөтен - топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік өсіретін топырақ бетінің әр түрлігі, олардың көлденеңнен және тігінен аймақтануын анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады. Температураның (100˚С) тиімді жиынтығы солтүстіктегі 25-нан оңтүстік-шығыста 45000-ға дейін аралықта құбылып отырады. Мұның өзі субтропикалық және тропикалық дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығының барлық дақылдарын, дәнді дақылдан бастап, жүзім және мақта өсіруге дейін мүмкіндік береді.
1. 2Агроөнеркәсіп кешенінің мәні, қазіргі жайы
«Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту» концепциясын табысты жүзеге асыру нарықтық қатынастар жағдайында экономиканың аграрлық сферасында маркетингтік қызметті жетілдіруге байланысты.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласының алдында тұрған басты мақсат агроөнеркәсіп кешенінің тиімді жүйесін қалыптастырып және бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде облыс тұрғындарын тұтыну нормасына сәйкес азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады.
Аграрлық өнеркәсіптік кешенге - ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, сақтау, тұтынушыға жеткізу жатады. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің дамуын қамтамасыз ететін (ауыл шаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібі, минералдық тыңайтқыштар өндіру кәсіпорындары) басқа да салалары бар.
Аграрлық өнеркәсіптік кешен - республика шаруашылығының жетекші саласының бірі.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық саласында материалдық өндіріс қарқындап өскен сайын шикізаттарға, энергияға, тасымалдау, материалдық-техникалық, техника жөндеу қызметтеріне, сондай-ақ ғылыми, ақпараттық, зат сақтайтын орындарға деген қажеттілік арта түседі.
Аграрлық өнеркәсіптік өндірістің қазіргі және болашақтағы дамуы тек ауыл шаруашылығының тікелей даму деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оған қызмет көрсететін салалардың даму дәрежесімен де айқындалады, сондай-ақ ауылдың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының даму дәрежесіне байланысты.
Ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі салаларының бірі болып табылады. 2011 жылы облыстың ЖІӨ ауыл шаруашылығының үлесі 14, 5%-ды құрады, ауыл шаруашылығы өндірісінің нақты көлем индексі 2010 жылмен салыстырғанда 101, 1%-ды құрады. Облыста елдің жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің республика бойынша көлемінің 11, 4% өндіріледі. Ауыл шаруашылығының өңірлік өнім құрылымында өсімдік шаруашылығы (саланың 57, 9% өнімі) басым болғандықтан, облыста ауыл шаруашылығының даму қарқыны негізінен дәнді, техникалық және көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі мен өнімділігін арттырумен айқындалды [13, 10-18б] .
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының қазіргі таңдағы жағдайы позитивтік тенденциялармен сипатталады, соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің орташа жылдық өсімі 4, 2% құрайды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2011 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 1, 1% артты, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 2, 2% кеміді, ал мал шаруашылығының жалпы өнімі 3, 7% артты.
Бірақ, ауыл шаруашылығындағы позитивтік тенденцияларға қарамас тан, бүгінгі күнде қайта құруға дейінгі кезеңді қалпына келтіру белгілі қиыншылықтармен жүзеге асуда. Ауыл шаруашылығының жалпы бүгінгі таңдағы жағдайын бағалау үшін жалпылама көрсеткіштер, сонымен қатар тікелей және жанама (ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, мал шаруашылығы және егіс шаруашылығының жалпы өнімі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының рентабельділігі, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар және т. б. ) көрсеткіштер қолданылды.
Ауыл шаруашылығының өндірістік қызметі шаруашылықтың ұжымдық формасынан жеке түріне өзгеру үрдісі жүрді.
Әдеттегі ұжымдық шаруашылықтардың акционерлік қоғам түріндегі экономикалық жағдайы нашарлай түсуде. Жүргізілген реформалар нәтижесі (2003 ж. дейін) өндірістің құлдырауы, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің әлеуметтік және экономикалық жағдайының төмендеуімен сипатталды.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін 2005-2011 жж. аралығына талдау нәтижесі, жалпы өнім өндірісі көлемі ағымдық бағалар бойынша 48, 7% артуына қарамастан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істейтін негізгі персоналдың саны 3, 9% кеміді.
1кесте - ҚР экономикалық қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының үлесі 2005-2011 жж. қорытынды %
оның ішінде:
егіндік шаруашылығы
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі басқармасының мәліметтері негізінде құрастырылды, 2012ж.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істейтін жұмысшылардың орташа айлық жалақысы жалпы республикалық ауыл шаруашылығы жалақы деңгейінің 78, 4% немесе 16, 6%-ға республикалық деңгейден төмен болып табылады.
Бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының төмен рентабельділігінің басты себептерінің бірі деп атауға болады (кесте - 6) [16] .
2 кесте - ҚР Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы 2006-2011 жж.
Ауыл шаруашылығы
құрылымдарының саны.
Орташа республикалық
ауыл шаруашылығы жалақы деңгейіне, %
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі басқармасының мәліметтері негізінде құрастырылды, 2012ж.
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2009-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаның» іс-шараларын жүзеге асыруға 2009 жылы республикалық бюджеттен - 1840, 6 млрд. теңге қаралып, 1822, 6 млрд. теңгесі игерілді.
Ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысуын дамыту және табыс деңгейін көтеру мақсатында, мемлекеттік қатысуымен қаржылай қолдау ұйымдары құрылды. Соның бірі болып табылатын ауылдық несие серіктестіктерінің (АНС) жүйесін құру және оның қатысушыларына несие беру негізгі мақсаты болып табылатын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ АНС жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін қаржыландыру көзделген.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы әрбір шаруашылық бірлікті дамыту және бүкіл агроөнеркәсіп кешенінің қызмет етуі үшін жетілдірілген жаңа тәсілдерді игеру қажеттілігімен байланысты мәселелерді шешумен ұштасуда. Бұл міндеттерді жүзеге асыру бірінші кезекте аймақтың бәсеке қабілетілігін арттыру бойынша кешенді шараларды жүргізу керектігінен туындайды.
Қазіргі таңда, шын мәнінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін маркетингтік қызметті жетілдіру қажеттілігі әрбір шаруашылық субьектілерінің әлеуетті нарықтар, әлеуетті тұтынушылар, олардың сұраныстары туралы ақпарттармен қамтамасыз ету қажеттілігі арқылы көрініс табады. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешеніндегі маркетингтің қызметтің дамуының негізгі бағыттарын талдай отырып, агромаркетинг жүйесі бүгінгі таңда даму кезеңінің бірінші сатысында ғана тұрғанын көреміз.
Агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті жетілдіру процесі белгілі себептерге байланысты өте баяу жүруде. Бұл бірінші кезекте агроөнеркәсіп кешенінің экономиканың баса салаларына қарағанда өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.
Агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметтің баяу дамуына әсер етуші факторлар бұл біріншіден, ұлттық экономиканың ең монополиясыз саласы бола отырып, ауыл шаруашылығы өнеркәсіп саласының азық-түлік тауарларын өндірушілері тарапынан тұрақты баға үстемдігін көріп отырады. Бір жағынан, барлық дамыған елдерде өндіріс құралдары мен өндірістік қызметтерге деген бағалардың өсуі ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының өсуінен артық болады. [8, 27 б]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz