Қабілет және дарындылық психологиясы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қабілет және дарындылық психологиясы

Күнделікті ауызекі сөзде қабілет деген атау жиі қолданылады. Мәселен мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенің айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалдар әр адамның әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсете тетін дара ерекшелігі болатының байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс - әрекеті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мысалы біреу алған бұрқыратып тез бітіріп тастайды және жұмысты өте нәтижелі етіп шығарады. Ал, екінші біреу өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілетігі екіншіге қарағанда әлде қайда жоғары екенді айдай анық көрінгіп тұр.

Қандайда болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмай- ды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келеді. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екеннің дәлелдейді дегенде тендік деп адамдардың қабілеттерінің тендігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсінеді.

Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет д. а. ақылдың арамдылығы мен

Сыншылдығы, материалды еске тез қалдыру, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т. б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп аталады. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спорттың, математик-ғылымның ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырғышты, педагогтық, консруктивті-техникалық қабілеттерді жатқызамыз. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларынағылым, өнер, практикаболып бөлінеді.

Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми - текникалық прогресс байланысты болып отырады. Мәселен, капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды. Өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызады. Сол кездері жан - жақты қабілетті, аса дарынды адамдар көп болды. Өйткені бұл қоғамның қажетінен туған құбылыс еді.

Адам қабілеттерінің жан - жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін, яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мамандылыққа танылып қоюын бірте - бірте жоюды көздейді. Әрине бұдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның бірлімі, шеберлігі, іс - әрекеттің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжирибе мен білім икемі дұрыс ұштасқанда ғана ғылым, техника, әдебиет пен өнер саласындағы адамның қабілеті дарыны, таланты дамып оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады.

Адамның кейбір өзгешіліктері ана құрсағында жатқаныңда - ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата - анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Нерв жүйесінің, кейбір анализатордың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді. Нышанның соңғы түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мысалы, баланының есіту анализиторлардың жетіле дамуы музыкалық қабілет үшін, көру анализаторларының өзгешілігі сурет қабілетінің көрінуіне септігін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден - бір шарты бола алады. Ол адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болсада дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп адам өмірінің жан жақтытылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады.

Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары нерв қызметінің тума типіне байланысты болып келеді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Тарихта болсын, өмірімізде болсын мұндай өте көп.

Осыдан 200 жылдай бұрын Германияда Ұстазы Кристиан фон Шенах жазып алған любектік төрт жасар дарынды бала Кристиан Генрих Хейнекенің өмірі, іс - әрекеті, саяхаты мен өлімі деген кітап жарық көрді. Аса дарынды бала жөніңдегі алғашқы осы болатын. Туғанына он ай толмай жатып Генрих суретке салынған заттардың көпшілігін айырып атайтын болды. Ол он үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, математиканың төрт амалынмен есеп шығара алады. Көп ұзамай сәби француз тілін үйреніп, мыннаң астам латын мәтелін біледі.

Гейнрихтың даңқы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа шақырады. Сол дарынды сәби төрт жастан төрт ай асқан соң қайтыс болған.

Дарынды адамдардың қабілеті әдетте ерте ашылатын зертеу жұмыстароы байқатып жүр. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. 5 -6 жаста ондай балалар өзінен екі есе үлкен балалардын білгенінен артық білетін болады. Кейде дарынды балалардың мектептеге оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі. Мысалы, Д. Байрон, В. Скотт, Ч. Дарвин бала күндерінде түк білмейтін кеще саналған. Олардың көпшілігі өз уақыттарын өлең жазып, сурет салып, көбелек ұстап, коллекция жинауға немесе химиялық тәжірибе жасауға сарп етті. Мұндай дарынды адамдардың балалық шақтағы ерекшеліктер туралы жазылған шығармалар есепсіз. Айталық, Дюрер үш жасында өз портретін салған, жеті жасар Моцарт төрт соната жазып үлгерген.

Лист, Шопен мен И. Менухин он бір жасында үлкен концерт қоюға қатысқан. Тоғыз жасар Гете неміс, латын, грек тілдерінде өлең жазатын болған.

Қазіргі математиканың негізін салушы Гаусс үш жасында әкесінің салық төлеу есебін көріп, соның қатесін шығарып, сөйтіп әкесінің 25 талер ақшасын сақтап қалыпты деседі. Ол алгебралық есептер мен сандар теориясы жөніңдегі өзінің дарының ерте танытқанға ұқсайды. Гаусс өзінің ең басты жаңалықтарын негізінен 14 пен 17 жастың арасында ашыпты.

Кибернетиканың атасы Ноберт Винер бес жасынан бастап ғылымға ден қояды. 9 жасында 18 жасар балалармен бірге оқиды. 12 жасында коледжге түсіп, 14 жасында оған ғылыми атақ беріліпті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дифференциалды психология - психодиагностиканың екінші қайнар көзі
Дарындылық негізгі түрлері
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Балалардың дарындылығын бақылау
Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала қабілетін дамыту
Дарындылықтың негізгі түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz