Инвестициялық операциялары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І. Активті операциялар, олардың банк қызметінде алатын орны
мен рөлі.
1.1. Активтік операциялардың экономикалық маңызы.
1.2. Негізгі активтік операциялар түрлеріне сипаттама.
1.3. Коммерциялық банктердің активтерінің құрылымы және жіктелуі.

ІІ. Коммерциялық банктің активтік операциялары.
2.1. Коммерциялық банктердің несие беру қызметі.
2.3. Банктің инвестициялық операциялары.

ІІІ. Коммерциялық банктердің жаңа операциялары
3.1. Факторингтік операциялар.
3.2. Лизингтік операциялар.
3.3. Форфейтингтік операциялар.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебеиеттер тізімі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімді- лігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналас-тыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
• ссудалық (несиелік) операциялар;
• инвестициялық операциялар;
• депозиттік операциялар;
• қаржылық операциялар;
• басқада операциялар.
Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік (ссудалық) операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операция- лары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұндай активтер топ- топтары банкте басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80% -ға жуық) құрайды. Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалайқорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс жасайтын етуімен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудаларды береді.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар болып табылады. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады:біріншісі – банке табыс әкелу, екіншісі ─ өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
1. Мемлекеттің бағалы қағаздары;
2. Корпаративтік бағалы қағаздар.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Инвестициялық операциялары

Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І. Активті операциялар, олардың банк қызметінде алатын орны
мен рөлі.
1.1. Активтік операциялардың экономикалық маңызы.
1.2. Негізгі активтік операциялар түрлеріне сипаттама.
1.3. Коммерциялық банктердің активтерінің құрылымы және жіктелуі.

ІІ. Коммерциялық банктің активтік операциялары.
2.1. Коммерциялық банктердің несие беру қызметі.
2.3. Банктің инвестициялық операциялары.

ІІІ. Коммерциялық банктердің жаңа операциялары
3.1. Факторингтік операциялар.
3.2. Лизингтік операциялар.
3.3. Форфейтингтік операциялар.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебеиеттер тізімі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І. Активті операциялар, олардың банк қызметінде алатын орны
мен рөлі.
1.1. Активтік операциялардың экономикалық маңызы.
Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімді-
лігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналас-тыруды
жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде
тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына
қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп
тараған түрлеріне мыналар жатады:
• ссудалық (несиелік) операциялар;
• инвестициялық операциялар;
• депозиттік операциялар;
• қаржылық операциялар;
• басқада операциялар.
Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік
(ссудалық) операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операция- лары
негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және
жоғары тәуекелді болып табылады. Бұндай активтер топ- топтары банкте басты
пайда көзі ретінде қызмет етеді.
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің
активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80% -ға жуық) құрайды.
Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер
уақытша жұмыс жасамайтын ақшалайқорларды өндірісті, айналысты және тұтыну
процесінде жұмыс жасайтын етуімен сипатталады. Коммерциялық банктер
өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудаларды береді.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейін
банкке табыс әкелетін операциялар болып табылады. Банктің инвестициялық
операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы
қағаздар портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады:біріншісі – банке
табыс әкелу, екіншісі ─ өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа
бөлінеді:
1. Мемлекеттің бағалы қағаздары;
2. Корпаративтік бағалы қағаздар.

Неге жок.лл
Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарй үш түрге бөлінеді:
─ Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвестор-
ларға жеңілдікпен (наминалдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, на-
миналдық құны бойынша өтеледі.
Мысалы, 91 күнге шығарылған , наминалдық құны 100 теңге тұратын
дисконттық бағалы қағазды 75 теңгеге сатып алсақ, онда одан мынадай табыс
аламыз:

100 – 75 = 25 теңге немесе
25 теңге : 75 теңге (бастапқы салынған инвест.) х 100%=33,3%
Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс:
33,3% :91күн=0,3659% құрайды. Демек,бір жылдық табыс:
0,3659% х364күн =131,19% тең.

─ Купондық, яғни наминалдық құнына пайызбен бейнеленген табыс
әкелетін қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін төле- неді.
─ Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін баға-
лы қағаз. Бұл жағдайда инспектор банктің табысы екі көзден: дисконт
түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.
Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық
операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы
қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға
салған активтер: біріншіден , өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада
қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен
болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ деседе болады.
Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы
қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мына- лар
жатады:
• акциялар;
• облигациялар;
• депозиттік және жинақ сертификаттары;
• ипотекалық куәліктер;
• депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен обли-
гацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде
дами қойған жоқ.
Акция – Бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын
куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне
табыс әкелетін бағалы қағаз.
Дивиденд төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты жай және
артықшылықты акцияларға бөледі. Жай акция, оның иесі акционерлік қоғамның
табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару
ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал артықшылық-
ты акция иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық
береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жиналысына
қатысуға құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы —
қоғам борштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайды мүлікті жай акция иесінен
бұрын алуға мүмкіндік беруі.
Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады: құжатты (сертификатпен)
түрде және құжатсыз ( шоттағы бухгалтерлік жазулар арқылы).
Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәлан-дыратын
және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып
беру туралы міндеттемесін растай- тын бағалы қағаз.
Қазақстандағы айналыста жүрген облигацмялар табыстылығына қарай екі
түрге бөлінеді:
─ Купондық облигация – инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі фор-
формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
─ Дисконттық облигация – инвестор банктің облигацияны шығарушы-
дан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құны-мен қайта
сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.
Мысалға,облигацияның ағымдағы бағасы 100теңге,купон мөлшер лемесі –
10%, онда облигацияның ағымдағы табысын мынадай түрде есептеуге болады.
Купон баға х100 =10 100 х100 =10%.
Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс:
10150 х100 =6,66%.
Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың өз деңгейінде дамымауына және
олардан алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен тәуекелдің соғұрлым
жоғары болып келетініне байланысты банктер, оларға қаражат салуда әлі де
пассиптік танытуда.
Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдау және
банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Мұндағы
корреспонденттік қатынас банктердің бір–бірінде ашатын кор-респонденттік
шоттары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік
операциялары негізінде банкаралық несиенің дамуы мүмкіндік жасайды.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке
табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг
және форфейтинг операциялары жатады.

НЕСИЕНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІГІ
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық даму-дың
ажыралмас элементін білдіреді. Осы барлық шарушылық субъек-тілері - мен
қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланылады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас
сферасынан іздеу қажет.Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші
қолға өтуін білдіреді десе шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге
байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған
негізде бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде
берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әр
түрлі қатынастарды түсіндіретінін есептен шығаруға болмайды. Сонымен қатар,
несиемен қатар қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл
ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаржаттың уақытша берілуін
және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір
жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия
түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлға-лардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңерегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар.
Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ
олардың жұмсалымдарыныңбір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда
– бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу , пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы. Зерттеу заты
сияқты несие құрылымы бір – бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады.
Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады.
Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және
қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы.
Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып
табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет,
шаруалылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы. Боршқор және қарыз алушы бір – бірімен жақын
сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға,кәсіпорын
немесе жеке азаматтардың комуналдық қызметерге, салықтарға т.б байланысты
төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандайда несиелік қатынас
туындамайды. Борыш бұл тек қана эконо-
микалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын
сипаттайды. Борыш – бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша
қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне
берілетін объектіде жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі, яғни
қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиенің қызметтері

Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызмет-терімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді
атқарады:
• қайта бөлу;
• айналыс шығындарын үнемдеу;
• айналыстағы н ақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
• капиталдың шрғырлануын жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызме-тінің
көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір сала-сына капитал
ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен
айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүгізілсе, ал салалар мен
аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм
негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шағымдарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асыуы
несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъек-тілеріндегі
ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын
алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті
туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық
категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын
толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын
қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік
жасайды.
Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын
уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға
толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесін-
де тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын
ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады.
Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік
карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша
айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем
айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты да-муына
жағдай жасау үшін мағызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде
несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға
мүмкіндік береді
Несиенің ғылыми – техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми –
техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландыру мен сипат-талады. Сондықтан да,
несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми – зерттеу орталықтарының (бюджеттік
қаржыландыруда отырғандардан басқала-ры) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-
ақ несие өндіріске ғылыми тех-нологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де
аса қажет болып табы-лады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның
қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен
қаржы-ландырылады.

4.3. Несиенің формалары және олардың жіктелуі

Несиенің формалары, оның құрылымымен және беогілі бір дәрежеде несиелік
қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзге-рістер барысында толық
сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар
түріндегі берілетін несиеі – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені
банктік несие деп атаймыз.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан тұрады.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарыз-ға берген
тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына се-беп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл
формасының басты мақсаты – тауардың өту процесін же-ңілдету, сондай-ақ одан
пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен биз-неспен
айналысатындар бола алады. Коммерция несие көбінесе тауарды сатып алушыда
нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс
құралы ретінде қарыз алушы-ның көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін
куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме – вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
• қарыз берушілер рөлінде бенктік мекемелер емес, яғни тауар
• немесе қызметті сатумен айналысатын кезкелген заңды тұлға бола
алады;
• коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
• қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен
• байланысты;
• коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
• мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің
заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар
бағасының құнына қосылады.
Банктік несие – бұл банктікмекемелерден қарыз алушыларға ақ-шалай
түрде берілетін несиелерді айтады.
Банктік несие – экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастар-дың
формасы болып табылады. Банктік нсие бойынша несиелік құра-лына несиелік
шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк
және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде:
кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген
сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің
басты мақсаты – бұл пайыз тү-рінде табыс алуы.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарғаберілетін неиселер:
• мақсатты қорларға;
• банктерге;
• қаржы несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркәсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• кооперативтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
ІІ. Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• орта мерзімді (1 жылдан 3 – 5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
• негізгі қорларға жұмсалатын;
• айналым қаражатына жұмсалатын.
ІV. Қамтасасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
• кепілхатпен,
• кепілдемемен,
• кепілдікпен.
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
• сенім (банктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие – қайтарылу уақыты кешіктірілген, бірақ қай-
туында ешқандай күмән жоқ несиелер.
2) Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзар-
тылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Қабылданған ак-тивтердің
жіктеу ережесіне сәйкес күмәнді несиелер ішінара бөлінеді:
1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді,
5-санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудаларшотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасымен.
VII. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын са-
тып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді,
өндіріс ғымараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несие.
3. Оведравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру,де-
беттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге бе-
рілетін банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша
өтелетін қысқа мерзімді несие.
6. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттардынемесе
бағалы қағаздардыкепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланыс-
ты берілетін несие.
9. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жарты-
жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқашығару тәжірибе-сінде
пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиентерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты
мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жа-
жабуға арналған несие.
VIII. Несиелеу объектісіне қарай:
• меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
• материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
• сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау
мен импорттауға;
• азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құ-
құралдар және басқа да мүліктер алуына;
• ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
• театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасын-
дағы маусымдық үзілістерге;
• күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;
• тез өтелетін тиімдігі жоғары шараларға.
Тұтыну нисиесінің басты тағайындалуыхалыққа тауарлар сатуды
ынталандуруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты:
бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен
қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туын-дайды; екінші жағынан, халықты
несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады. Мұндай
тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар на-рығын толтыру жағдайында пайда
болуда.
Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әрқалай дәрежеде қалып-тасуда.
Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің жиынтық
өнімінің 10% -ын, Германия мен Францияда 30%-ын, ал Ұлыбританя мен АҚШ-та
60%-ын құрайды екен. Бұл елдердің тәжіри-белерінде тұтыну несиесін ең
қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және
т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің
жартысынан көп бөлігі автмобилдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық
мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның
басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді.
Сондықтан да, несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен
пай-далануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие
халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге қолайлы
жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның дамуының
басты бір экономикалық мәселесі – бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше
тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүм-кіндік береді. Тұтыну
несиесі көптеген елдердің экономикасында маңыз-ды рөл атқарады, сондықтан
да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет.
Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу.
Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.
Қазақстанда тұтыну несиесі кеңіне дамып отырған несиеге жатады. Екінші
деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түр-лері
қолданылуда:
─ автомобилдік несие;
─ ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін
несие;
─ тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
─ кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу
және т.с.с.) берілетін несие.
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомо-
бильдердібанк несиесінің көмегімен алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
• жиһаз;
• сантехника;
• аудио-видео және тұрмыстық техникалар;
• компьютер және оргтехника;
• басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құры-лыс
және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі

4.1. Банк активтерінің сипаты мен сапасы.

Банк активтері – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әр түрлі
активтер бойынша орналастырған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін
сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын си-паттайды.
Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді
акивтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің
өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін мынадай төрт топқа бөлуге бола-ды:
1) касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
2) несиелер;
3) бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
4) банктің ғимараты мен жабдықтары.
Активтердің сапасы олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көле-міне,
толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс
әкелуіне қарай анықталады.
Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі
үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге
тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мер-зімдеріне
байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай
банк активтері мынадай топтарға бөлінеді:
1) жоғары өтімді активтер;
2) өтімді активтер;
3) ұзақ мерзімді өтімді активтер.
Жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:
• Кассадағы қолма-қол ақшалар;
• Орталық банктегі корршоттағы қаражаттар;
• Мемлекеттің қарыздық міндеттемелері;
• ЭЫДҰ-на (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мүше
елдер, яғни бейрезиденттердің банктеріндегі тұрақты валютада салын-ған
корршоттағы қаражаттары;
• Ішкі валюталық облигациялық заемдарға салынған қаражаттар.
Банктің бұл қаражаттары банктің айналымынан қажет уақытында алу-ға
мүмкіндік беретін активтерге жатады.
Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда аталғандары-
рынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрайтын, шетел валю-
тасында берілген несиелер, алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге
тиісті басқа да төлемдер жатады.
Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген
несиелердің бәрі, сондай-ақ 50 (кепілхат және кепілдікпен 1 жылдан жо-ғары
уақытқа берілген несиелер, Өкіметтің кепілхатымен, бағалы қағаздарды және
бағалы металдарды кепілге алып берілген несиелерді шегеріп тастағандағы
мерзімі өткен несиелер.
Активтердің тиімді құрылымын жасай отырып, банктер өтімділікке қо-
йылатын талаптарды орындауға тиіс, демек, олардың жоғары өтімді, өтімді
және ұзақ мерзімді активтері міндеттемелердің мерзімдеріне, сомаларына және
типтеріне сәйкес келуі керек.
Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен
пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:
Ағашқы резервтер – бұл алынатын салымдарды төлеуге жә-не несиеге деген
өтінішті қанағаттандыру тез арада пайдаланылатын өтімді активтер. Мұндай
активтерге мыналар жатады:
• Касса;
• Орталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы
ақшалай қаражаттар;
• Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжат-
тары;
• Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің
негізгі көзі болып табылады.
Екінші реттегі резервтер – бұл банкке шамалы ғана табыс
әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, олар-ды ең
төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыруға
болады. Оларға мыналар жатады:
• Вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар;
• Талап етілетін несиелер; (онкольдық);
• Бірінші класты қарыз алушыға берілетін несие.
Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты – алғашқы
резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет етуі болып табылады.
Банктік активтердің маңызды бөлігі – банктік несиелік
портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып
келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты көзін құрайды.
Инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық
портфельді қалыптастыруекі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ
мерзіді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты,
сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге
қосымша ретінде болу.

4.2.Банк активтерінің жіктелу

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк Басқармасының 2002 жылы 16
қарашадағы №465 қаулысымен бекітілген Активтердің, шартты мін-
деттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза
отырып, оларға қарсы провизиялар құру туралы ережесіне сәйкес, банктер
Ұлттық банкке ай сайын айлық баланспен бірге Ұлттық банктің Банктерді
қадағалау департаментінде активтері мен шартты мін-деттемелердің жіктелуі
және олар бойынша провизиялар құру туралы мәліметтер береді.
Мұндағы активтерге заңды және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа
банктерге байланысты банктің талаптары жатады.
Аталған ережеге сәйкес активтер мен шартты міндеттемелер
стандартты және жіктелінген болып бөлінеді.
Жіктелген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып
табылады.
Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді (5 санатты
күмәнді) және үмітсіз болып бөлінеді.
Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы қа-
ғаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.
Несиелердің жіктелуі олардың сапасына, қамтамасыз етілуіне, қарыз
алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихына, несиелердің жіктелу
санаттарына байланысты жүзеге асады.
Заңды және жеке тұлғаларға берілген несиелердің жіктелуі 9 кестеде
берілген.

Рос нов

ІІІ.Коммерциялық банктердің жаңа операциялары
3.1. Лизинг операциялары

Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанде жалға беру
дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы – жалға
беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш
қатысушы: лизинг беруші, лизинг салушы және жабдықтау-шы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал
–жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда
– саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге)
лизингтік төлем төлеу шартымен , белгіленген мерзімге пайдалануға беруін
қарастырытын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып
келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісім шартта
көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг
объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал
несиде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі
қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі
Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг
операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы Белл
Телефон Компани деген американдықкомпанияның телефондарды сатудың орнына
жалға бергендігін тілге тиек етеді. Юнайтед Стейтс лизинг корп. атты
алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан – Францискода (АҚШ) құрылған.
Еуропада 1962 жылы Дойче лизинг ГМбХ деген бірінші лизингтік компания
Дюссельдарфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг
нарығы дамып келеді.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік
операциялар екі түрге бөлінеді : шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда,
оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өте-меуін
сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг заты-
затының мерзімі ішіннде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шы-ғуымен
немесе өзін - өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданы-латын
мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын зерттеу
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Мемлекетің бағалы қағаздары
Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейінгі банкке табыс әкелетін операциялар
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операцияларының дамуы
«Коммерциялық банктің активті операциялары»
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық операциясы
Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері
Пәндер