Қазақ тіліндегі белгілілік функционалды-семантикалық категориясы


... жалғасыҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БЕЛГІЛІЛІК ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ
Кіріспе
Тіл - қоғамдағы адамдардың практикалық қатынасының құралы. Тілді бір адам өзі үшін ғана қолданбайды, басқа адамға өзінің ойын білдіру, жеткізу үшін қолданады. Тіл - конкретті сана болғандықтан, қоғамдық өмір өзгерісіне сәйкес қазақтың әдеби тілі күн санап дамып келеді. Қазақ тілінің әлсіз жерін күшейтіп, кедей жерін байыта түсті. Осындай сатылап, бірте-бірте дамудың нәтижесінде әдеби тіліміздегі грамматикалық категориялардың қайсысы болса да дамып, бір жүйеге түсті. Сол грамматикалық категорияларды функционалды-семантикалық аспектідегі тілдік бірліктердің түрлі тіл деңгейі тұрғысынан зерттеу қазіргі таңда тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл біліміндегі ең басты әрі маңызды мәселе болып табылады.
«Барлық ғылым салаларының өзіне тән дүниеге келу, бірте-бірте даму тарихы болады. Ғылым тарихы өткенді білу үшін ғана емес, оның қазіргі күйін дәл, дұрыс танып, болашағын қатесіз бағдарлау үшін де аса қажет. Ғылым, соның ішінде тіл туралы ғылым да бірден жетілмейді, біртіндеп дамиды, кейінгісі алдыңғысының негізінде туып, соның өзгерген, жаңа сатыға көтерілген табиғи жалғасы ретінде желі болып тартыла береді». [1; 11] . Тіл мен ойлаудың арасындағы байланыс, тілдің негізгі қызметі, сөйлеудің ойлаумен, ұғыммен, болмыспен арақатынасы көне заман философтарын бей-жай қалдырмаған [2; 3] . Сондықтан, грамматика мен логика арасындағы байланыс, сөйлеудің ерекшелігі, грамматикалық құрылым мен жүйе ежелгі ойшылдардың еңбектерінде біршама сараланған. Алайда сан ғасырлар бойы тек құрылымдық тұрғыдан зерттеліп келген тіл білімінің функционалдық сипатта зерттеліп, ғалымдар назарына ие болуы 1926 жылы негізі қаланған Прага мектебімен тығыз байланысты. Бұл мектепті қалыптастырушы чех ғалымы профессор В. Матезиус болатын. Мектептің Б. Гавранек, Б. Транка, В. Скаличка, Р. Якобсон, Н. Трубецкой сынды өкілдері лингвистиканың негізгі обьектісі - тілдің құрылым жүйесі мен тілдік элементтердің қызметін зерттеу дегенді баса айтты. Әрбір элемент өзінің тілдік жүйеде атқаратын қызметіне қарай бағалануы керек, тіл дегеніміз - функционалды жүйе, белгілі бір мақсат үшін қолданылатын тілдік таңбалардың жүйесі, тіл білімінің міндеті осы жүйені тілдің барлық қабатынан - фонологиядан, морфологиядан, синтаксистен, лексикадан да табу және олардың әрқайсысының өзіндік сипаттарын айқындау деп санайды. Тілдік элементтердің қызметін бірінші орынға қоятындықтан бұл мектепті Прагалық фунекцияналды лингвистика деп атаған. «Адамдардың ойлауға, сезімге, еркін білдіруге психикалық қабілеттілігі тілдің үш түрлі қызметін - коммуникативтік, білдірушілік айту, қаратпалылық қызметтерін туғызды. Бұл қызметтерге тілдегі хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдер және сөйлеу актісіндегі тілдік таңбалардың құрылымы сай келеді дейді»[3; 8] . Прага мектебі тілдік элементтердің арақатынасын зерттеуде, алдымен, сол қарым-қатынас көрсеткіштерінің өзіндік сипатына ерекше мән беру керек, қарым-қатынас пен сол қарым-қатынасқа түсетін материя мен формалар өзара байланысты болатындығын естен шығармау керек дейді. Аталған мектеп өкілдерінің жетістіктері функционалды тіл білімінің қалыптасып, дамуына негіз болды. Көптеген зерттеулер мен ғылыми тұжырымдар, функционалды тіл білімінің жеке зерттеу нысандары, бағыты, мақсаты бар жеке ғылыми сала ретінде қалыптасуына ықпал етті. Оның қарқынды түрде зерттелген саласы - функционалды грамматика болатын. Бұл сала жөнінде ХХ ғасырдың орта шенінде алуан түрлі тұжырымдарға толы еңбектер жариялана бастады. О. Есперсен, К. С. Аксаков, А. А. Потебня, И. А. Бодуэн де Куртенэ, Ш. Балли, В. В. Виноградов, А. А. Шахматов, Ю. С. Маслова, А. М. Пешковский, И. И. Мещанинов, А. В. Бондарко, Н. К. Дмитриев, Д. М. Насилов, В. Г. Гузев, Т. В. Булыгина, В. Г. Адмони, В. Г. Гак, Н. Ю. Шведова, Г. А. Золотова, Д. Н. Шмелев, Н. А. Слюсарева, Т. В. Булыгина, Б. А. Успенский, Н. Д. Арутюнова, Н. Ф. Катанов, М. М. Попович, Л. И. Ильин, М. И. Алехина сынды ғалымдардың еңбектерінде жүйелі түрде қарастырылды. Функционалды грамматика мәселелері орыс тіл білімінде ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана қолға алынып, арнайы зерттеу нысаны болды. Алайда ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кездің өзінде-ақ ғалымдардың функционалды грамматиканың көптеген мәселелерін терең зерделеп, түсінгені байқалады. Функционалды грамматикаға қатысты қазіргі кезде қолданылып жүрген атауларды қолданбағанымен, ғалымдар функционалды грамматиканың негізгі ұстанымдарын, функционалды-семантикалық категория, өріс, семантикалық инвариант, ұғымдық категориялардың өзіндік ерекшеліктерін терең түсінген. А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбанов тұжырымдарының бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктерімен сәйкес келуі, бір жағынан, ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімінің қаншалықты құлаштап алға басқанын көрсетсе, екінші жағынан, репрессия зардабының кесірінен ғылым дамуының қаншалықты тежелгенін де танытса керек. Ойлаудың бейнесі, көрінісі болып табылатын тілдің негізгі мәні, қызметі қарым-қатынас құралы болуы десек, тілдік бірліктердің жеке грамматикалық ерекшеліктерін зерттеумен бірге, оның сөйлеудегі қызметін айқындаудың мәні зор. Ойды жеткізудің негізгі құралы тіл болғандықтан, тіл мен ойлаудың арасындағы іргелі байланысты анықтауда әл-Фараби көшелі теориялық ілім жасаған. «Тілдің қоғамдағы қатынас құралы болу қызметі мен ойлау арасындағы байланыс туралы айтылған іргелі теориялық ойлар ұлы ғұлама ғалым әл-Фараби мұраларында жатыр. Ойды жеткізудің негізгі құралы тіл болғандықтан, тіл мен ойлаудың арасындағы іргелі байланысты анықтауда әл-Фараби көшелі теориялық ілім жасаған. » [2; 9] . Сөйлеудің мәнін ашу барысында әл-Фараби логикалық категорияларға сүйенеді әрі логика мен тілді бір-бірімен сабақтастыра отырып зерделеп, тұжырым жасайды. Ғалымның пайымдауынша, логика мен грамматика арасындағы байланыс олардың арасындағы ортақ заңдылық арқылы анықталады. Ал А. В. Бондарко «Проблемы функциональной грамматики» еңбегінде «Результаты семантических исследований требуют поисков нового в сфере системности, охватывающей различные типы языкового содержания в их отношении к средствам формального выражения. Интенсивное развитие лингвистической семантики становится стимулом для осмысления роли формы, системы и структуры в целостном комплексе научного познания языка и речи. »[3; 48] деп, жаңа бағытта зерттеудің маңыздылығын айтады. Бұл ғалымдардың теориялық ойлары барлық тілге ортақ мәселені көтерген. Осылай, жеке ғылым ретіндегі бастауын Еуропадан алған функционалды тіл білімі Ресей ғалымдарының да назарын аударып, сол арқылы қазақ тіл ғылымының да жаңа бағыт алуына үлкен ықпал етті. Осы орайда А. Байтұрсынов[4], М. Балақаев[5], Т. Қордабаев[1], З. К. Ахметжанова[6], А. Ә. Жаңабекова[7] сынды зерттеуші ғалымдардың еңбектерін атауға болады. З. К. Ахметжанова «Принципы сопоставительного функционального исследования казахского и русского языков» зерттеуінде қазақ және орыс тілдеріндегі функционалдық зерттеудің негізгі принциптерін салғастыра қарастырды. Ж. А. Жақыповтың сөйлеудің функционалды-коммуникативтік сипатын ашуға арналған «Сөйлеу синтаксисінің сипаттары» атты еңбегі, З. Ш. Ерназарованың сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық мәселелерін зерттеген еңбегі бар. Дегенмен бұл қазақ тіл білімінде енді ғана қолға алына бастаған сала. Функционалды тіл білімі тіл табиғатын кешенді сипатта зерделеумен, адамдардың қарым-қатынасында белгілі бір хабарды жеткізуде қолданылатын лексикалық, грамматикалық бірліктердің қызмет жүйесінің өзара қарым-қатынасындағы заңдылықтарды айқындаумен анықталады. Ол әр түрлі тілдік деңгейге жататын бірліктерді ортақ семантикалық қызмет атқаруына байланысты жүйелі бір құбылыс ретінде қарастырады. Функционалды тіл білімінің басты ерекшелігі - тілдік құралдар қызметі жүйесінің сөйлеу барысында мағына мен мәнді берудегі ортақ заңдылықтарын айқындау, яғни грамматикалық бірліктердің, лексикалық жүйе мен контекстің арасындағы ортақ заңдылықтар сөйлеуге қатысты анықталып, талданады.
Функционалды тіл білімі - тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметін сипаттайтын бағыттар мен көзқарастардың жиынтығы. Жалпы, функционалдық ұғымымен байланысты әр түрлі ұғымдар қалыптасты. Функционалдық ұстанымы тілді атқаратын қызметіне қарай зерттеуді көздейді де, тілді қызмет етуші механизм ретінде қарастырады. Функционалдылық - тілді оқытуда мағынадан -тұлғаға - функцияға жүйесімен байланысты. Осындай тілге деген жүйелілік - интеграциялық көзқарас тіл жүйесінің концентрлік модельін құрайды. Бұл бағыт тілдің дәстүрлі деңгейлік құрылымына сүйене отырып, мағынадан оның берілуіне, одан әрі сөйлеудегі функциясына барады. Функция ұғымы мағына ұғымымен тығыз байланысты. бірақ оларды бір-біріне пара-пар қоюға болмайды. өйткені қандай да бір мағына болмасын белгілі бір тілдік құралдың немесе тілдік құралдар кешенінің қызметі ретінде қаралады. мысалы, әр түрлі шақтық мағынаның берілуі -шақ формаларының қызметі, функциясы. ал кез келген функцияны мағына деп тануға болмайды. Айталық, сөз бен сөзді байланыстырушы қызмет, сөйлем мүшелерінің құрылымдық функциялары олардың білдіретін мағыналары түрінде қаралмайды. Функция тілдік бірліктің сөйлеу актісінде атқаратын рөлі болып табылады. және ол грамматикалық мағынадан кең ұғым. Мағына ұғымының мазмұн және тұрпат межесі болады, яғни қандай да бір форма белгілі бір мағынаны білдіру ұшін қолданылады. Мағына - тіл жүйесінің, ал функция - сөйлеудің бірлігі болып келеді. Мағына сөйлеуде жұмсалғанда ол өзінің жүйелі категориялық мағынасын сақтай бермейді, оған сөйлеу ортасы, категориялық жағдаят, контекст міндетті түрде әсер етеді. Функцияның жүйелі тілдік мағынаны беруі міндетті емес. Осылайша «функционалды семантикалық категория мен өрістің» грамматикасы қалыптасады. ( А. В. Бондарко мектебі) . Функционалды - семантикалық категория сөз сөйлеуде берілетін негізгі логикалық, ұғымдық категориялармен сәйкес келеді. Олардың тізіміне субъект ( жеке неиесе заттық), предикат ( әрекет, қалып күй, сын белгілер және т. б. ), обьект, сан, мезгіл, сын, себеп және басқалар жатады. Мұндай категориялардың негіздемесі - сөз, ( речь) сөйлеу. Тілді, тілдің құрылымын функционалды ұстаным бойынша жан-жақты зерттеудің нәтижесінде функционалды грамматика пайда болды.
Функционалды грамматика - ғылымда антикалық кезеңнен бастап зерттеліп келе жатқан тіл білімінің бір саласы. Функционалды грамматиканың негізгі принципі - тілдік бірліктердің қолданылуындағы мағыналық, мазмұндық жағын, яғни қызметін басшылыққа алып, әр түрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктерді қарым-қатынас процесімен, сөйлеудің жағдаятымен тікелей байланыста қарастыру. Жалпы, функционалды грамматиканың негізгі мақсаты - болмысты пайымдау мақсатында адам санасындағы ойдың мәнін берудегі грамматикалық бірліктердің тығыз қарым-қатынастағы қызметінің заңдылықтарын саралау. Функционалды грамматиканы зерттеудің басты объектісі ретінде грамматикадағы тіл бірліктерін мазмұннан тұлғаға, түсініктен типке қарай зерттеу бағыты алынады. Грамматиканың орыс тіліндегі бұл бағыты А. В. Бондарко ұсынған ономасиологиялық функционалды грамматика теориясына негізделеді. Ал тіл білімінде функционалды грамматиканың негізгі пәні болып табылатын функционалды-семантикалық өріс теориясы ұғымдық категорияның құрамына енеді. Ұғымдық категорияны алғаш ғылымға енгізген О. Есперсен болатын. Ал Ресей ғалымдарынан ұғымдық категория мен грамматикалық категорияларды өзара байланыстыра зерттеген академик Мещанинов болды. Оның еңбектері жайлы жазылған Кеңесбаев пен Мұсаевтың «Юбилей академика Н. И. Мещанинова» мақаласында ғалымдар мынадай пікір білідіреді: «Академик Мещанинов сочетает анализ смыслового и формального аспектов языка - плана содержания и плана выражения. Этот новый подход к типологии языка и получил реализацию в постулирования понятийных категорию как единиц измерения типологических структур. Под понятийными категориями понимались единицы плана содержания обобщенные значения, получившие обозначение в лексической, морфологической и синтаксической системе. И. И. Мещанинов показал неравномерность распространения в различных языках таких понятийных категори как категории одушевленности и неодушевленности, лица и нелица, модальности, субъекта, предиката и т. д . . . во всех работах И. И. Мещанинова понятийные категории обычно так или иначе соотнесены с грамматическими категориями и фактически извлекаются из грамматического материала. Однако система средств обозначения понятийных категории значительно шире системы выражения грамматических категорий, а содержание выкладываемое в них, имеет более обобщенный характер, что и позволяет использовать их в типологических сопоставлениях. » [8; 534] . Ұғымдық категория болмыстың адам санасындағы көрінісін білдіреді. Ал егер адамдардың өмір жайлы ұғым-түсініктерінің ортақ екенін ескерсек, онда ұғымдық категория да жалпыға бірдей. Ол тілге бағынышты емес, керісінше, тіл ұғымдық категорияға негізделеді. Яғни, тілдік категориялар ұғымдық категорияны көрсетеді. Мысалы, уақыт жайлы түсінік уақыт(темпоралдық), таксис, аспектуалдық, сан есім, локалдылық сынды тілдік категориялар арқылы көрінеді. Ұғымдық категория ойлау мен тілді байланыстырушы құрал қызметін атқарады. Яғни, тілдің барлық деңгейлеріндегі бірліктердің өзара қатынасы тілдік ұғымдық категориялар арқылы жүзеге асады. Ұғымдық категория - болмыстың сан алуан қырларының адам санасындағы бейнесі. Ұғымдық категориялар мен тілдік функциялар бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып, ұғымдық, тілдік, мазмұндық бірлікті құрайды. Олардың берілу тәсілдері функционалды грамматика негізінде ашылады. Функционалды-семантикалық категория - бірнеше тілдік деңгейлердің тұтас жүйесін құрайды. Категория атауын термин құрамында қолданғанда бірлесу, топтасу деген мәнді меңзейміз. Ал «функционалды-семантикалық категория дегеніміз - белгілі бір семантикалық қызметті орындау үшін өзара байланыс жасауға қабілетті әр түрлі тілдік құралдардың жүйесі». [2; 14]
Функционалды-семантикалық және морфологиялық категориялар әр түрлі аспектіге жатпайды - универсалды-логикалық және лингвистикалық жүйеде бір ғана тіл әлеміне кіреді. Функционалды грамматика функционалды-семантикалық өріс (ФСӨ) семантикалық категория, категориялды жағдаят негізінде жасалады. ФСӨ теориясы орыс ғалымы А. В. Бондарконың еңбектерінде неғұрлым өзекті түрде айтылған « Функционалды-семантикалық өріс» - тілдегі грамматикалық көрсеткіштердің лексикалық, лексика-грамматикалық әрі сөз тудырушы, сөз түрлендіруші лексемалардың екіжақты қырынан (мазмұн-форма) үндесе әрі үйлесе бірігіп келіп белгілі бір семантикалық ортада көрініс табуы. Функционалды-семантикалық өріс - семантикалық категориялар негізінде әртүрлі деңгейдегі әрекеттес тілдік құралдардың функцияларының ортақтығына байланысты қалыптасқан жүйе. [24, 390] .
“Өріс” өзіндік бір сипаты бар құрылым ретінде анықталып, алғашқыда тек лексикология, кейін тілдің барлық саласында қолданыс тапты. Соның негізінде лексикалық өріс, семантикалық өріс, лексика-грамматикалық өріс, синтаксистік өріс, реляциялық өріс, функционалды-семантикалық өріс сияқты тағы да басқа көптеген терминдер қалыптасқан
Осы категориялар арасындағы ерекшелік ескерілген жағдайда: морфологиялық категориялар тілдің морфологиялық деңгейіне, сөзформа ретінде сөз деңгейіне жатады. Функционалды-семантикалық категориялар болса, одан ауқымдырақ, морфологиялық категорияларды және басқа да тілдік деңгейлердегі элементтерді қамтитын сала болып табылады. Функционалды-семантикалық категориялардың аспектуалдылық, темпоралдылық, таксис, персоналыдылық, модальділік, локативтік, сын-сапа, белгілілік/белгісіздік, шақтық локалдылық/бейлокалдылық, т. б түрлері бар. Ғалымдар олардың негізгі төрт түрін атап көрсетеді: 1) акционалды (персоналдылық, темпоралдылық, экзистенциялдық, рефлексивтік, таксис, т. б) ; 2) заттық негізді (белгілілік/белгісіздік, нақтылы/нақтылы емес, жанды/жансыздық, т. б. ) ; 3) квалитативті-квантативті (сын-сапалық, мөлшерлік, компаративтілік (салыстыру), т. б. ) ; 4) пысықтауыштық (себеп, мақсат, салыстыру, т, б, ) . Осындай функционалды-семантикалық категориялардың бір түрі - белгілілік/белгісіздік категориясы.
Грамматикалық категорияларда ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері көрініс табады. Морфологиялық категорияларда ұлттық болмыс, ұлттық дүниетаным, адамдар арасындағы қатынас айқын көрінеді. Морфологиялық бірліктердің когнитивті қызметі ойлау үдерісімен, ұлттық ділмен, ақпаратты өңдеу, сақтау, жіктеу ерекшеліктерімен байланысты болады.
Негізгі бөлім
І. Белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясының зерттелуі
Белгілілік/белгісіздік ұғымдары уақыт, кеңістік, қозғалыс сияқты философиялық ұғымдармен тығыз байланысты. Адамдардың өздеріне белгісіз ұғым, құбылыстардың сырын ашуға деген ұмтылысы, оны түсіндіруге тырысуы аталған ұғымдардың терең зерделенуіне үлкен ықпал етті. Себебі, адамзат табиғаттың алуан түрлі құбылыстарының сырын ұғынуға ұмтылып, өзіне белгісіз тылсым күштердің ерекшеліктерін түсіндіруге тырысып, өзіндік зерттеулер жүргізе бастады. Бұл ұмтылыстар ғалам сырына терең үңіліп, белгілі бір теориялардың қалыптасуына негіз болды. Белгісіз құбылыстың сырын ашып, белгілі болған жайларды одан әрі зерттеудің нәтижесінде түрлі бағыттағы ғылымдардың негізі қаланып, қоғам дами бастады. Ал ғалымдардың жеке белгілілік/белгісіздік категориясына деген қызығушылығы аталған антика дәуірінен, яғни, Гераклит, Аристотель, Платон сынды ойшылдардың еңбектерінен бастау алады. Бұл дәуірдегі зерттеушілер аталған категорияны логиканың, философияның аясында қарастырған. Ұзақ жылдар философия, логика, психологияның аясында қалып келген белгілілік/белгісіздік категориясы тек ХХ ғасырдың орта шенінде ғана лингвист ғалымдардың назарына іліге бастады. Бұл тіл білімінің құрылымдық зерттеу аясынан шығып, функционалды бағытта зерттеле бастауымен байланысты еді. Еуропадан бастау алған зерттеулер орыс ғалымдарының да еңбектеріне негіз болып, қазақ ғылымына да айтарлықтай өзгерістер алып келді. Таным категориясын біртұтас функционалды-семантикалық категория ретінде сипаттаған еңбектердің қатарында А. М. Горлатов, А. Казембек, Н. Ф. Катанов, Е. Г. Гуцу, В. С. Рябенко, В. Г. Гузев, Д. М. Насилов, А. Б. Михалев сынды ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Орыс тіл біліміндегі белгілілік/белгісіздік фуекционалды-семантикалық категориясының лексикалық, грамматикалық мәндерін айқындауға арналған еңбектердің қатарында А. В. Бондарко, М. А. Шелякин, И. И. Ревзин, Т. П. Ломтев, Ю. А. Рылов, М. И. Алехина, Г. А. Золотова, М. Ю. Олешков т. б. атауға болады. Бүл еңбектерден ғалымдар тарапынан белгілілік/белгісіздік категориясы жайлы пікірлер мен түсініктердің әрқилы екендігін аңғарамыз. Белгілілік/белгісіздік категориясын тануда ғалымдар арасында бірқатар пікірталастар да кездеседі. Ю. А. Рылов оны грамматикалық категорияға жатқызса, К. Г. Крушельницкая коммуникативті - синтаксистік категорияға, М. И. Алехина контекстуалды категорияға жатқызады. Ал И. И. Ревзин оны «жасырын синтаксистік категория» деп атайды. Зерттеушілер белгілілік/белгісіздік категориясы екпін, интонация, сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздердің көмегі арқылы берілетінін айтады». [6; 8б] . Түрлі деңгейдегі категорияларды зерттеуде В. Виноградовтың еңбегі зор болды. Ғалым грамматикалық және лексика-синтаксистік деңгейлердің өзара әсеріне назар аудару қажеттігін, мұндай зерттеулердің семантика жүйесін құруға арналған зерттеулерде маңызы зор болатынын айтады. Осы бағыттағы зерттеулер А. В. Бондарко еңбектерінде жалғасын тапты. Ол функционалды-семантикалық категорияларды ерекше тілдік категория ретінде қарастырды. Белгілілік-белгісіздік функционалды-семантикалық категориясы жайлы құнды пікірлері «Проблемы соременной грамматики», «Проблемы грамматической семантики и русской аспектологии», «Принципы функциональной грамматики и вопросы аспектологии» сияқты елеулі еңбектерінде айтылған. Белгілілік/белгісіздік категориясын модустік категориялар құрамында қарастырған М. А. Шелякин өзінің «Функциональная грамматика русского языка» атты зерттеу еңбегінде аталған категорияға «Категория определенности / неопределенности предметных компонентов события, выражающая степень индивидуализации его предметных компонентов, которые могут быть представлены как единственные в своем роде (индивидуально-определенные) или как подобные другим элементам класса предметов (неопределенные) : ср. Эту книгу я купил в магазине и Я хочу купить книгу для подарка (одну из книг) »[6; 165б] деген анықтама бере отырып, белгілілік/белгісіздік категориясын сөйлеу актімен, сөйлеушімен өте тығыз байланыста қарастырады. Себебі, аталған категория сөйлеушінің зат немесе қандай да бір құбылыс туралы түсінігінің деңгейін көрсетеді. Егер ақиқат шындықпен сәйкес келетін фраза нақты затты атаса, онда ол белгілілік дескрипциясы болады, ал егер ол фраза бірнеше затпен сәйкес келсе, онда белгісіздік дескрипциясын көрсетеді. Бұл жайында А. М. Щербак «Значение определенности заключено в самом имени(имя собственно, местоимение, прилагательное, числительное) или создается своеобразием контекста, наличием определений, а также присоединением к имени аффиксов принадлежности
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz