Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Лого

Реферат

5В 011900-шетел тілі 2 шетел тілі

Орындаған:Ырысбай Арай

Тексерген: Кенжан А. М

Алматы 2014

Тақырыбы: Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялар. К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, Куменский еңбектеріндегі халықтық тәрбие даму көзқарасы.

Жоспары

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

а. Халықтық педагогика тәрбиенің қайнар бұлағы.

ә. Адамзат тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың рөлі

б. Халық педагогикасында тұлға қалыптастыру біртұтас процесс.

в. Халық педагогикасының негізгі қағидалары мен оның ғылыми педагогикамен байланысы.

III. Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақтың халық педагогикасы бұрын-соңды ешуақытта ғылым ретінде байыпталып та, жинақталып та, жүйеленіп те көрген емес. Олай болса, оның негіздері мен методологиясы да анықталып көрген емес. Ендеше, кез келген пәннің негіздері айқындалмаса, оның ғылыми жүйеленген теориясы да жоқ деген сөз. Ал, теориясы қалыптаспаған пән үнемі үзіліссіз дами да алмайды. Бұл ежелден белгілі, ғылымның заңы! . . . Халқымыздың төл мәдениетінің, соның ішінде әсіресе, ұлттық тарихымыз бен халық педагогикамыздың тұмшаланып қалуы, неше ықылым дәуірлерден бері басынан кешкен уақыт тынысы мен замана сырына тікелей байланысты.

Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми - педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемалары көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды. Олар орыс педагогтары К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, В. И. Водовозов, Г. С. Виноградов, чуваш педагогі Г. Н. Волков, татар педагогі Я. И. Ханбиков, азербайжан педагогі А. Ш. Гашимов, грузин педагогі А. Ф. Финтибидзе, қырғыстан ғалымы, академик А. Э. Измаилов, қазақтың көрнекті жаңашыл педагогі Ыбырай Алтынсарин, қазақтың асқан ақыны, педагогі Мағжан Жұмабаев т. б.

Кейбір ғалым - педагогтар зерттеу мәліметтеріне қарағанда халық педагогикасы жайлы әртүрлі ұғымдарды және көзқарастарды байқауға болады. К. Д. Ушинский әрбір елде халықтың мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік білім және тәрбие беру жүйесінің қажет екендігін айтты. Ол өзінің педагогикалық теориясында тәрбиенің ұлыстық принципіне сүйеніп, тәрбиенің халықтық идеясын дәлелдеді. К. Д. Ушинский халық дәстүрлерін, әдет - ғұрыптарын, салт - санасын жақсы білген. « Дерексіздік идеяларға сүйеніп жазылған ең жақсы тәрбие жүйесін, халықтың мол тәрбиесіне негізделген тәрбиеге еш уақытта тең бола алмайды » ─ деп тұжырымдады. Осыған орай

халық педагогикасының тәрбиелік ықтималын өте жоғары бағалады. Оның пікірі бойынша халық ─ бірінші тәрбиеші, ал халық ертегілері ─ халық педагогикасын жасаудың бірінші және жарқын әрекеті.

Белгілі татар педагогі Я. И. Ханбиков бірсыпыра авторлардың көзқарастарын қуаттай келіп, өзінің анықтамасында халық еңбекшілер бұқарасы қолданатын тәрбие және оқыту мақсаттары мен міндеттері, халық құралдарының жиынтығы, іскерлік пен дағдылар кіретін халықтық эмпирикалық білімдердің саласын халық педагогикасы деп атайды.

Кейбір авторлар халық педагогикасының зерттеу саласын тәрбие деп қарастырады. Әрине, тәрбие жастарды әлеуметтік өмірге, еңбекке даярлау және қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Сонымен бірге халық педагогикасында оқыту процесінде маңызы өте зор. Өйткені, халық жастары да оқытады, оларды мамандық алуға, зергерлікке, ұлттық спорт ойындарына үйретеді. Демек, халық педагогикасында тәрбие мен оқытуды екі жақты бір текті, яғни тұтас педагогикалық процесс деп қарастыру қажет.

Әр түрлі ғылыми мәліметтерге сүйеніп халық педгогикасы туралы ұғымның мәнін Орта Азия және Қазақстан халықтарының педагогикалық көзқарастарын зерттеген А. Э. Измаилов былай деп анықтауға болар еді дейді: халық педагогикасы бұл жиналған және эмпирикалық білімнің практикасымен тексерілген, ұрпақтан ұрпаққа берілетін мағлұматтар, іскерлік пен дағдылар жиынтығы, халықтың әлеуметтік және тарихи тәжірибесінің жемісі. Әр түрлі халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының мақсаты - жас ұрпақты бұқараның ең жақсы идеяларына тәрбиелеу. Халық педагогикасы ескерткіштерінің халық ертегілерінде, батырлар жырында, мәтелдер мен мақалдарында, эпостарда тәрбиелік мәні зор. Оларды қазіргі ғылыми педагогикалық ойлардың негізін салушы халық педагогикасы.

Халық педагогикасы ─ бұл ұлттық қазына, кең өріс ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев т. б. педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары.

Бұл демократ-ағартушылардың еңбектеріндегі қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдері, фольклорлық жырлары мен көркем шығармалары, тілі мен мәдениеті ұлттық тәрбиенің құралына айналады.

Халықтық педагогика тәрбиенің қайнар бұлағы.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында:

« Білім беру жүйесінің басты міндеті ─ ұлттық және

жалпы - адамзаттық қазыналар, ғылым және практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау », ─ деп ерекше атап көрсетілген.

Осы Заңның 8-бабында « Білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеу бағдарламалары этномәдениет элементтерімен байытылады », ─ делінген.

Қазақстан Респуликасындағы этникалық- мәдени білім тұжырымдамасының этникалық- мәдени білім берудің негізгі міндеттерінің бірі ─ жан- жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу, өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерге бағыт ұстаған адам ғана жан- жақты мәдениетті тұлға деп ұғынылады.

Этнопедагогика ─ этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін ілім саласы, оның объектісі - халықтық педагогика.

Болашақ маман өз тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелілігі ғасырлар бойы қалыптасқан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықталатынын түсінуі қажет.

Сондықтан, бұл пәнді оқу барысында студенттер алдына төмендегідей міндеттер қойылады:

  1. Халық өміріндегі құбылыстардың мәнін талдау.
  2. Ол құбылыстардың тәрбиенің қазіргі міндеттеріне үйлесімделігін ажырата алу.
  3. Мәлім және аса мәлім емес емес педагогикалық - халықтық шығармаларды анықтау және жинақтау жұмыстарына белсенді қатысу.
  4. Көне әдет- ғұрыптардың, салт- дәстүрлердің қазіргі жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтай алу.
  5. Жаңа дәстүрдегі халықтық мейрамдар мен көне салт- дәстүрлердің мазмұн сабақтастығын аша білу дағдысын игеру.

Бұл талаптар халық педагогикасын зерттеу, оның тәрбие берудегі рөлін анықтау және көрсету, арқылы жүзеге асырылады. Бұл зерттеу негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері мен ойындары, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады.

Отбасы ─ адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін ортасы, тәрбие алып өсіп- өнетін, ер жететін ұясы.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Бұған байланысты көптеген тәрбиелік бағыттағы салт- дәстүрлер қалыптасқан. Мысалы: « Шілдехана », « Азан шақырып, ат қою », « Бесікке бөлеу », « Сәбиді қырқынан шығару »,

« Тұсау кесер », « Тіл ашар », « Атқа мінгізу », « Мүшел той » рәсімдері.

Бұл дәстүрлер қоғамдық, әлеуметтік сипатқа ие болып отырған. Жеке бас мүддесі мен қоғамдық мүдделердің туыстық, қандастық, адамгершілік негізінде тоғысы, үйлесімді шешілуі жас ұрпақтың қайырымды, адал азамат болып қалыптасуына зор ықпалын тигізген. Оның танымдық қағадалары жас ұрпақты көк пен жердің, табиғат пен адам жаратылысының, ата- баба рухы мен тірілер өмірінің белгілі бір табиғи тұтастығын, рухани жақындығын түсінуге негізделген. Осы ұғымдарды қазақ түсіндіру, қызықтыру, үгіттеу, сендіру, үйрету, жаттату әдістері арқылы қалыптастырған. Олар:ертегілер, жұмбақтар, жаңылпаштар, мақал- мәтелдер, шешендік сөздер, баталар, өлең- жырлар.

Мысалы: « Өлі разы болмай, тірі байымайды », « Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер » деген мақалдар соған жатады. Қазақтың тарихи- этикалық поэмалары, жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятса, мақал мәтелдері мен билердің шешендік сөздері бірлікке, адал еңбекке шақырған.

Оған мысал Төле бидің « Жүзге бөлгеннің жүзі күйсін » деген сөзі, немесе халықтың « Көргенсізбен құрдас болма, опасызбен сырлас болма » деген мақалы. « Жеті атасын білген бала жеті рулы елдің қамын ойлайды » деп халқымыз ата- тегін, өз халқының тарихын, салт- дәстүрін білуге талаптанған жастарды бағалаған.

Қандай да болмасын халықтың ұлттық ерекшеліктері мен ұлттық психологиясына, салт- дәстүріне мән бермеу ұрпақтар сабақтастығының жойылуына әкеліп соғады. Сондықтан тәрбие жұмысын жүргізуде халық педагогикасына сүйеніп, оның бай тәжірибелерін кеңінен қолдануымыз керек.

Халықтық педагогиканы мынадай сызба нұсқа арқылы түсіндіруімізге болды.

Адамзат тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың рөлі

Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың парызы болды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлеутерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабылеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай рөл атқаратындығын көрсетеді.

Әрине, жастарға тәлім - тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді қараған жөн.

Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шам - шырағы болған. Халық даналығы мақал - мәтел, ертегі, өлеңдер, батырлар жыры, ақын-жыраулардың, шешендердің сөздері толғау, өсиет өлеңдері арқылы баяндалып отырған. Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі - ауыз әдебиеті, оның ішінде тәрбиелік маңызы зор. ХІ ғасырдан ХХғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары болады.

Халық педагогикасында тұлға қалыптастыру біртұтас процесс.

Тәрбиені қажет ету адамның пайда болуымен бірге туды және адам қоғамы қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрсе, сонша өмір сүріп келеді. Осыған орай тәрбиенің дамудың халықтың, этностық қатысуымен алға басуын ескермеу заңсыз.

Мектептер пайда болғанға дейін тұлға қалыптастыруда ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің халықтық дәстүрлері шешуші рөл атқарды. Халық ұрпақтан ұрпаққа өзінің қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын, үлкеннің кішіге құрметі ретінде мұра етіп келді, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәдениеті тарихын туғызды.

Халықтың рухани өмірін анықтаушы жәйттер еңбектен, табиғиттан, ішкі дарындылықтан, табиғилықтан және адамгершіліктен туындады. Және дәл осылар тәрбиенің нағыз халықтық сипаттарын айқындап берді.

Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы көпқырлы және кең. Және оны жүзеге асыру құралдары да сан алуан. Жастардың тұлғалық бейнесін қалыптастыруға бүкіл халық өмірі ықпал етті:бәрі тәрбиелейді, барлығы тәрбиеледі, бәрін тәрбиеледі. Тәрбие қоғамның экономикалық өмірі мен рухани өмірі арасын байланыстырушы ретінде алға шықты. Тұтас алғанда халықтың материалдық және рухани өміріндегі педагогикалық мәдениетінің ерекше хал-ахуалы осымен түсіндіріледі. Адам мәдениетінің екі саласы арасындағы сабақтастық байланыс дәл осы педагогикалық мәдениетпен қамтамасыз етіледі. Көрнекті педагогтардың қай-қайсысы болмасын халықтық педагогика этностық ұжымдық шығармашылығының құрамды бөлігі екендігін ескеріп, оның педагогикалық мәдениеті көрінісі ретінде ежелгі дәуірлерден тамыр алатындығына назар аудартуы осыдан.

Халықтық педагогиканың қоғамдық сана элементі ретінде дамуы, тәжірибе мен дәстүрлер жинақтауы негізінен қоғамдық жүйелері әлі өмірге келмеген тарихи кезеңге жатады. Демек, табиғат және еңбек жалықтық тәрбиесінің қозғаушы күштері, жетілген адам тұлғасы жайлы түсінікті туғызушы факторлар болды. Табиғаттың ықпалы педагогикалық процеске саналылық элементін енгізді, жетілу жайлы ойды кеңейтті, нәтижесінде өзіндік жетілуге ұмтылып, табиғитпен үндестікке кемелдену ұғымы туды.

Табиғатпен объективті үйлесімділіктің субъективті де жағы бар:денсаулықтың нығаюына көмектеседі, балалардың ақыл-ойы дамуына игі әсер етеді. Табиғатпен және оның аясында өтіп жатқан өмірмен жанасу арқылы балалар оны жақсы үйретуші, ұстаз деп таниды. Мұндағы қандай да бір құбылысты бақылауға беріледі және қоршаған дүние жайлы қызғылықты мәліметтер алады.

Табиғаттағы құбылыстардың тұтастай қабылдануы олардың есте анағұрлым күштірек сақталуына алып келеді, нәтижесінде ойдың жинақылығы мен тереңдігі тәрбиеленеді.

Ал, табиғаттың эстетикалық рөлі мәңгілік. Бүкіл әдемілік табиғатқа тән. Жастардың эстетикалық талғамының артуына табиғаттың әсер ететіндігі жайлы әрбір халықтың табиғат сұлулығын пайымдаумен рухтанған жоғары поэтикалық шыығармаларынан көрініп тұр. Мінездің саналуандығын табиғат пен адамдар әрекетінің саналуандығымен түсіндіріп, адам мен тұтас халықтық қалыптасуындағы табиғаттың рөлі, ұлттық мінезде табиғат жағдайлары көрініс беретіндігі жайлы пікір білдірушілердің бірі орыс педагогы - К. Д. Ушинский болатын. Көрнекті педагогтың табиғат әсерімен қалыптасатын даралықтардың педагогикалық құбылыстарды да бейнелей қалмайтындығы жөніндегі ойлары назар аударуға тұрарлық.

Табиғат тұлғаның барлық жағынан қалыптасуына ықпал етеді - дене күштерін дамытады, ерік пен мінезді шындайды, еңбексүйгіштігін, көркемдік талғамын жетілдіреді. Яғни, табиғатпен үйлесімділік үлкендердің саналы педагогикалық әрекеті жағдайындағы оны сырттай қарау және түсіндіру ғана емес, сондай-ақ оны белсенділікпен қайта өзгертуге қабілеттілік. Ал адам тұлғасының үндестікте жетілуі дәл осы айналаны - табиғатепн қоғамды қайта түлетулерде, онымен ұқыпты қарым-қатынас орнатуда.

Осылайша бірте-бірте тәрбиенің мақсаты айқындалып, нақтылана берді. Әлеуметтік тәжірибе, рухани құндылықтарды сақтау, жаңғырту, бекіту құралы ретінде дәстүрлер алға шықты. Олардың көмегімен аға ұрпақтан кішілерге мінез-құлық қалыптары, тұлғаға қойылатын талаптар жеткізілді. Сонымен қатар дәстүрлер қоғам өмірінің объективті жағдайларын бейнелей келе, оның мәнді элементтерін бекітеді, олардың сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Дәстүрлердің күші табиғилығы, бір жағынан, ұйымдаспаған жаратылысында. Олар көзқарастар мен тәртіп жолдарын ешкімге күштеп таңбайды, адамды тәжірибелік әрекеттерге қосады, түсініктер мен тәртіп қалыптары ішкі қарсылықсыз қабылданады.

Өзге халықтар секілді қазақ халқы да жастарды тәрбиелеуде прогрессивті идеялар мен дәстүрлерді қолданудың бірегей тәжірибесіне ие. Төменде осы педагогикалық тәжірибеден хабардар етуде білімдік мәнге бірқатар материалдар келтірілген.

Дәстүрлердің өміршеңдігі келер ұрпақтың оларды жаңатарихи жағдайларға әрі қарай дамыта алуында жатыр. Қоғам және топтар әлеуметтік мұраның бір элементтерін қабылдай отыра, басқаларынан сыртайналады, сондықтан дәстүрлер ұнамды, болуы секілді, ұнамсыз да болуы мүмкін. Яғни, тәжірибе дәстүрлердің рөлін саралап бағалаудан шығуға үйретеді.

Алайда, өкінішке орай, дәстүрлер табиғаты жеткіліксіз зерттелген. Олардың мәні, педагогикалық қорытындылану деңгейі, озық дәстүрлердің мазмұны және олардың жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне ықпалы жайлы мәселелер нақтылауларды қажет етеді.

Тәрбие дәстүрлерін талдауда, халық тәрбиесінің барлық салалары қатарласа жүзеге асуына қамқор болды, тұлға қалыптастыруды, оның барлық құрамдарымен жиынтықта қарастырды және оны тұтас процесс ретінде үзеге асырды деп тұжырым жасауға алып келді. Мұның даусыздығы халықтың ауызша шығармашылығының кез келген жанрымен дәлелденеді. Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар мен мақалдардың поэтикалық формалары мен мазмұнының саналуандығы халықтық педагогика жетілген тұлға сипаттарын анықтай отыра, онымен қатарласа жетілген тұлға идеялын жүзеге асыру жайлы да қамқор болғанына куә етеді. Мәселен, ауызша поэзияның аса кең тараған түрі әндер мен өлеңдерді алайық. Олар әрине, эстетикалық тәрбие берудің тиімді құралы болып табылады. Алайда сонымен бір мезгілде көптеген әндер балалар мен жасөспірімдерді табиғат пен қоғам жайла сан түрлі мәліметтермен қаруландырады:тарихи жырлар маңызды тарихи оқиғалар жайлы жалпыға түсінікті хабарлайды, еңбек әндерінде емес, сондай-ақ, мерекелік, әдет-ғұрыптық, бесік жырларында, тіпті той-думандарда да басым тақырып болып табылады; өлеңдер жоғары адамгершілік идеяларды насихаттайды; бұларда күш пен денсаулық және т. б. дәріптеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Жаңашыл әдіс-тәсілдер
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Этнопедагогикалық зерттеу өдістері
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау
Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас халықтық құралы
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz