Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы



Кіріспе
Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы
Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы
Абылай ханның қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі
Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау шараларына қарсы күресі

Қорытынды
“Ақтабан шұбырынды”. ХVІІІ ғ. бас кезіндегі қазақ-жоңғар қарулы қақтығыстары көп жағдайда ойраттардың үстемдігімен аяқталып, қазақ қоғамының экономикалық, саяси және басқа әлсіз жақтарын көрсете бастады. Тәуке ханнан соң билікке келген Болат хан (1718—1729) тұсында қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылық үстемдік алады (1-карта). Кіші жүз бен Орта жүздің біраз бөлігі Әбілқайыр сұлтанды ақ киізге отырғызып хан көтереді (1718—1748). Ташкентте Ұлы жүздің өкілдері Жолбарыс сұлтанды хан сайлайды. Орта жүздің қалған бөлігі Сәмекені хан ретінде мойындайды. Орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар басқыншылығына жол ашқан еді.
ХVІІІ ғ. қазақ-жоңғар қатынасының асқынып кетуінің негізінде тағы да сол жер мәселесі жатты. Қонтайшы Севан Рабдан Жетісуды біржола ойраттарға қалдырып, сонымен бірге, Түркістан арқылы өтетін сауда жолын да иемденуден үміттенді. Жоңғар хандығы бұл кезде біршама экономикалық және саяси өрлеу кезеңінде тұрды: егіншілік бұрын болмаған көлемге жетті, көрші елдермен сауда қатынасы өсті, қонтайшы Тибетті, Шығыс Түркістан мен қырғыздардың біраз бөлігін өзіне қаратты. Темір өндіру технологиясын игерген ойраттарға орыс шебері Зеленовский мен швед офицері Ренат мылтық және зеңбірек құю ісін, оқ-дәрі жасауды жолға қойып берді.
1723 ж. жоңғар қалмақтарының үлкен күші Жетісу арқылы Талас өңіріне, одан әрі Қаратауға жетіп, Түркістан мен Ташкенттен бір-ақ шығады. “Жұт — жеті ағайынды” дейді халық. Жұт әкелген ауыр қыстан соң, жайсыз көктемге енді ғана іліккен Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының біразы қырғынға ұшырап, бірнеше мыңы тұтқын есебінде қалмақ жеріне айдалып, қалғаны мал-мүлкін тастап Ходжент пен Самарқанға, Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхарға жетіп паналайды. Демограф М.Тәтімовтың болжамы бойынша, осы трагедиялы кезеңде қазақ елі миллионнан астам адамынан айырылған. Осы оқиғаның ізін ала қазақ жұртына келген орыс елшісі А.И.Тевкелев елдің жағдайын білдіре келіп, “қазақтар ойрандалды, тоз-тоз болды, жүрдай болып жұтады” деп жазды. Оқиға қазақ елінің тарихына “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен енді.
1727 ж. Ұлы жүз Саңырақ, Орта жүз Орта жүз Бөгенбай, Кіші жүз Тайлақ батырлар бастаған қазақ қолдары Бұланты өзенінің бойында ойрат әскерін талқан етіп жеңеді. Кейін бұл шайқас өткен жерді халық “Қалмаққырылған” атап кетеді. Келесі ірі жеңіске қазақ қолдары 1729 ж. Балқаш өзенінің батыс жағындағы Аңырақай атты жерде жетеді. Шамамен осы мезгілде Қойгелді батыр, Тоқсанбай, Мәлік және Кеген билер бастаған халық көтеріліп, Түркістанға жақын маңда орналасқан қонтайшының өкілі Барша хан мен оның кеңесшісі Саңғалды өлтіріп, шағын әскерін тұтқынға алады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы
Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы
Абылай ханның қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі
Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау шараларына қарсы күресі

Қорытынды

Кіріспе
РЕСЕЙДІҢ ҚОЛ АСТЫНА ӨТКЕНГЕ ДЕЙІНГІ
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАҒДАЙЫ

"Ақтабан шұбырынды". ХVІІІ ғ. бас кезіндегі қазақ-жоңғар қарулы қақтығыстары көп жағдайда ойраттардың үстемдігімен аяқталып, қазақ қоғамының экономикалық, саяси және басқа әлсіз жақтарын көрсете бастады. Тәуке ханнан соң билікке келген Болат хан (1718 -- 1729) тұсында қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылық үстемдік алады (1-карта). Кіші жүз бен Орта жүздің біраз бөлігі Әбілқайыр сұлтанды ақ киізге отырғызып хан көтереді (1718 -- 1748). Ташкентте Ұлы жүздің өкілдері Жолбарыс сұлтанды хан сайлайды. Орта жүздің қалған бөлігі Сәмекені хан ретінде мойындайды. Орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар басқыншылығына жол ашқан еді.
ХVІІІ ғ. қазақ-жоңғар қатынасының асқынып кетуінің негізінде тағы да сол жер мәселесі жатты. Қонтайшы Севан Рабдан Жетісуды біржола ойраттарға қалдырып, сонымен бірге, Түркістан арқылы өтетін сауда жолын да иемденуден үміттенді. Жоңғар хандығы бұл кезде біршама экономикалық және саяси өрлеу кезеңінде тұрды: егіншілік бұрын болмаған көлемге жетті, көрші елдермен сауда қатынасы өсті, қонтайшы Тибетті, Шығыс Түркістан мен қырғыздардың біраз бөлігін өзіне қаратты. Темір өндіру технологиясын игерген ойраттарға орыс шебері Зеленовский мен швед офицері Ренат мылтық және зеңбірек құю ісін, оқ-дәрі жасауды жолға қойып берді.
1723 ж. жоңғар қалмақтарының үлкен күші Жетісу арқылы Талас өңіріне, одан әрі Қаратауға жетіп, Түркістан мен Ташкенттен бір-ақ шығады. "Жұт -- жеті ағайынды" дейді халық. Жұт әкелген ауыр қыстан соң, жайсыз көктемге енді ғана іліккен Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының біразы қырғынға ұшырап, бірнеше мыңы тұтқын есебінде қалмақ жеріне айдалып, қалғаны мал-мүлкін тастап Ходжент пен Самарқанға, Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхарға жетіп паналайды. Демограф М.Тәтімовтың болжамы бойынша, осы трагедиялы кезеңде қазақ елі миллионнан астам адамынан айырылған. Осы оқиғаның ізін ала қазақ жұртына келген орыс елшісі А.И.Тевкелев елдің жағдайын білдіре келіп, "қазақтар ойрандалды, тоз-тоз болды, жүрдай болып жұтады" деп жазды. Оқиға қазақ елінің тарихына "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" деген атпен енді.
1727 ж. Ұлы жүз Саңырақ, Орта жүз Орта жүз Бөгенбай, Кіші жүз Тайлақ батырлар бастаған қазақ қолдары Бұланты өзенінің бойында ойрат әскерін талқан етіп жеңеді. Кейін бұл шайқас өткен жерді халық "Қалмаққырылған" атап кетеді. Келесі ірі жеңіске қазақ қолдары 1729 ж. Балқаш өзенінің батыс жағындағы Аңырақай атты жерде жетеді. Шамамен осы мезгілде Қойгелді батыр, Тоқсанбай, Мәлік және Кеген билер бастаған халық көтеріліп, Түркістанға жақын маңда орналасқан қонтайшының өкілі Барша хан мен оның кеңесшісі Саңғалды өлтіріп, шағын әскерін тұтқынға алады. 1729 ж. Цинь империясы әскерінің басқыншылығына ұшыраған ойраттар енді қайтып қазақ жеріне басып кіру мүмкіндігінен айырылады. Өз жерінен ауа көшкен қазақ жұрты енді атамекеніне орала бастайды.
Састөбе кеңесі. Тәуелсіздік үшін күрес, терең күйзеліске ұшыраған шаруашылықты жандандыру қажеттілігі ХVІІІ ғ. 30 -- 50-жылдары қазақ елінің басқарушы тобы алдына мемлекет тұтастығын қалпына келтіру мәселесін үнемі қоюмен болды. Бұл мәселеге байланысты қоғамның саяси өмірінде өзара қарсы бірнеше ағымның қалыптасқаны анық байқалды. Олардың бірі -- Сәмеке, Күшік сияқты ірі тайпалық одақтардың басында тұрған хан, сұлтандар саяси бытыраңқылық жағдайды қанағат тұтса, Әбілқайыр хан бастаған екінші топ Ресейдің қолдауына сүйеніп, бүтін хандық билікті қалпына келтіруден үміттенді, ал үшінші -- Төле би мен Абылай сұлтан бастаған топ қазақ билеушілерінің арасындағы ала ауыздықты жеңіп, өзара ымыраға келу арқылы жалпыұлттық мемлекеттікті қайта жандандыру жолында тұрды.
1729 ж. әкесінен қалған хандық билікті әлсіретіп алған Болат хан өмірден өтті. Жоңғар қаупі біржола жойылмаған жағдайда қуатты хандық билікті қалпына келтіру мәселесі билеуші саяси топ арасында қайтадан талқыға түсе бастайды. 1730 ж. көктемнің жазға ұласар сәтінде Сайрамға жақын маңдағы Састөбеде үш жүздің билеушілері бас қосып, талқыға екі мәселе түседі. Бірі -- қаңарлы жоңғар қаупі жағдайында Тәуке хан тұсындағы Түркістандағы ұлы хандық билікті қайта жаңғыртып, соған сай жалпы қазақ ханын сайлау, екіншісі -- бұл кезде босқыннан оралған үш жүздің "енші мекенін" анықтау. Әйтеке би бастаған топ ұлы хандық таққа Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр ханды ұсынады. Бірақ бұл ұсынысқа Қазыбек би мен Тастемір би (Төле бидің орнына келген) бастаған қалған екі жүздің өкілдері қарсы шығып, бір жетіге созылған тартыс нәтижесіз аяқталады. Осы арада мынадай жағдайды айта кеткен жөн. Бұл кезде төре тұқымдары арасындағы аса белсенді де жігерлі, айлалы Әбілқайыр ханға тура соның деңгейінде баламаға түсе алатын басқа қайраткер де жоқ еді. Ұлы жүздің ханы Жолбарыс Әбілқайырға бауыр, оның айтқанынан шықпайтын, ал Орта жүзді билеуші Әбілмәмбет хан мен Сәмеке, Күшік сұлтандардың жеке бас қасиеті мен ел арасындағы беделі ұлы хандық таққа жетімсіз еді. Жақсы аты енді ғана шыға бастаған Абылай мен Барақ сұлтандар бұл кезде әлі жас болатын. Сонымен құрылтай үш жүздің "енші жерін" анықтаумен аяқталады.
Сөйтіп, Састөбе құрылтайы қазақ жүздерінің феодалдық бытыраңқылық жолына бет бұрғандығын ресми түрде бекітіп берген тарихи кеңес еді. Сонымен бірге, бұл кеңес Қасым хан заманынан бері, әсіресе Әз-Тәуке хан тұсында тұрақты өтіп тұрған үш жүздің ең соңғы бас қосуы болды. Бұдан былайғы уақытта іс жүзінде әр жүз өз мәселелері бойынша дербес шешім қабылдауға құқылы болды. Басқаша айтқанда, Састөбе құрылтайы қазақ елінің саяси өмірінде жаңа тарихи кезеңнің, яғни саяси бытыраңқылықтың біржола үстемдік алғандығын көрсеткен оқиға болды.
Басқарушы топ. Төле би мен Абылай. ХVІІІ ғ. алғашқы жартысындағы қауырт саяси оқиғалар, әсіресе "Ақтабан шұбырынды" оқиғасы ел басқару ісімен, оның ішкі және сыртқы қатынас мәселелерімен арнайы кәсіби деңгейде айналысатын топтың қалыптасуына түрткі болды. Бұл топ тек төре тұқымынан ғана тұрған жоқ, оның арасында қара сүйектен шыққан би мен батырлар да, бай мен ақын-жыраулар да бар еді. Оның басында тұрғандардан алдымен Төле би Әлібекұлын (1663 -- 1756), Қазыбек би Келдібекұлын (1667 -- 1763) және Әйтеке би Бәйбекұлын (1666 -- 1722) атауға болады. Қоғам өмірінде Бұқар жырау сияқты қайраткер-ойшылдардың, Жәнібек тархан, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Есет, Тайпақ, Қойгелді, Хангелді, т.б. сияқты батырлардың орны да қомақты болғаны даусыз.
Ел арасында сақталған деректік материалдар ХVІІІ ғ. 20 -- 30- жылдары қазақ басқарушы тобының жалпыұлттық мынадай үш мәселені ел алдына міндет етіп қойғанын аңғаруға болады. Олар -- жалпыұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру және орнықтыру, халықтың белгілі бір бөлігін біртіндеп отырықшы тұрмысқа аудару және ру-тайпалық, жүздік мүддеден жалпыұлттық мүддеге бет бұру еді.
ХVІІІ ғ. 50-жылдарының алғашқы жартысында Түркістандағы Төле биге Көкшетаудан Абылай сұлтан бастаған өкілдік келеді. Шәкерім Құдайбердіұлы өзінің "Шежіресінде" және Абылай туралы тарихи жырда сапарға келушілердің мақсаты "Қазақ хандығының тұрағын анықтау" болды деп көрсетеді. Бұл кезде Ұлы жүздің соңғы ханы Жолбарыс хан қаза тауып (1740), билік Төле бидің қолында еді. Бидің 1748 -- 1749 жылдары Барақ сұлтанды Ұлы жүз ханы етіп қою әрекетінен ештеңе шықпайды. Ал бұл жолы қартайған Төле бидің үш жүз алдында бірдей беделді Абылай сұлтанмен арада болған келіссөзде сұлтанды Орта жүз бен Ұлы жүздің тең билеушісі ретінде мойындағандығы жөнінде тұжырым жасауға толық негіз бар. Абылай сұлтанның ресми түрде хандық билікке сайланғанға (1771) шейін-ақ Ұлы жүз билеушілерінің өтінішімен қырғыздар мен Қоқан хандығына әскери жорықтар жасауы (1766, 1770) соның айғағы.
"Ақтабан шұбырынды" оқиғасы көшпелі мал шаруашылығына сүйенген экономиканың әлсіз жақтарын көрсетіп, оны реформалау қажеттігі туралы мәселе қойды. Басқарушы топтың оны елемеуі мүмкін емес-тін. Төле би алқалы кеңесте сөйлеген сөзінде халыққа: "...Дұрыс жолға түс, жер емшегін ем, орнықты болсаң қарның тойынар, киімің бүтінделер! Аяқты малға сенбе, мал бір жұттық... төрт түлік жиған малыңнан күндердің күні келгенде бір үзім нан артық!", -- деген үндеумен қайырылады. Бидің түсінігі бойынша қазақ жерінің ерекшелігіне байланысты егіншілік пен дәстүрлі мал шаруашылығы қатар дамуға тиіс. Мәшһүр Жүсіп Көпеев Төле би заманында 22 наурызды Жаңа жылдың басы ретінде (наурыз мейрамы) қарсы алу, осы күннен бастап егіншілік қамына кірісудің қазақ арасында дәстүрге айналғандығын жазады.
Тура осы мазмұндағы пікірді Абылай хан да ұсынады. Ол Қалдан Серенмен болған әңгімеде "қазақ орнықпай жүрген ел еді, бір жерге орнықтырып, отырықшы өмірге кіргізіп өлсем армансыз болар едім" деген ойын білдіреді.
Қар астынан қылаң берген жауқазындай бас көтерген қоғамдық өмір мен ойдағы бұл тенденциялар бұдан былайғы уақытта өзінің табиғи жалғасын таба алған жоқ; мемлекеттіліктің қалыптасу үрдісі соңына жетпей үзілді, енді ғана басталған қоғамның белгілі бөлігінің отырықшы тұрмысқа өту үрдісі тоқтап қалды, қоғамдық санада рулық, жүздік жіктелуден ұлттық тұтастыққа көшу аяқталмады.
Ал осы іргелі мәселелер аталмыш тарихи мезгілде неге өз шешімін таппады? Көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономика және өмір салты тұрақты басқару аппаратына сүйенген мемлекеттік жүйенің тамыр жайып, орнығуына қолайлы жағдай туғыза алған жоқ. Сонымен бірге, экстенсивті көшпелі мал шаруашылығын жүргізуге тиімді үлкен аумақ сан жағынан аса көп емес халыққа интенсивті экономикалық жүйеге көшуге аса қолайлы фактор емес-тін. Сондай-ақ, елде білім беру саласының мүлдем жоқтығы, сауаттылықтың өте төмен деңгейі шаруашылық пен қоғамдық өмірдің тиімді жүйесіне көшуге негізгі кедергілердің біріне айналды.
Сонымен, ХVІІІ ғ. 30-шы жылдары Ресей империясы құрамына енуге аяқ басқанда қазақ жұрты жоғарыда аталған іргелі жалпыұлттық мәселелерді біржола шешу кезеңінен өте қойған жоқ-тын.

ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАУЛАП АЛУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

* Қазақстанның Әбілқайыр және Сөмеке бастаған билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы және оның салдары.
* Абылай ханның қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі.
* Кіші жүз қазақтарыньщ патша үкіметінің отарлау шараларына қарсы күресі.

Қазақстанның Әбілқайыр және Сәмеке бастаған билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы және оның салдары

XVIII ғасырдың басы қазақ халқының тарихында аса бір ауыр кезең болды. Тәуке хан қайтыс болған соң (1718 ж.) қазақ жүздері арасындағы саяси және шаруашылық байланыстар әлсіреп, билеуші топтар арасында ала ауыздықтар барған сайын үдей түсті. Қазақ хандығы саяси жағынан бөлшектенген елге айналды. Тәукенің кезінде қазақ хандығы бір орталыққа бағынған хандық мемлекет еді. Белгілі орыс тарихшысы -- ғалым А.И.Левшин өзінің Описание киргиз -- қазачьих или киргиз -- қайсацких орд и степей деген еңбегінде қазақ хандығын Тәуке хан билеген кезеңді былай сипаттайды: Тәукенің атын атасақ, бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп, мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Лиқұрты, Драконты -- сол адам. Тәуке ала ауыз болып, қырғынға бөккен елді сабаға түсіріп, ру мен рудың арасындағы талай жылғы қантәгісті тоқтатты, ақылы мен әділдігінің арқасында жүрттың бөрін өзіне мойынсұндыра білді, әлсіз рулардың басын қосып, әулетті дұшпанға қарсы қоя алды, күштілерді тізеге салып, тәубөсіне келтірді, баршаға ортақ заң жасап, сол бойынша билік айттың.
Осы кезеңде тұтас Қазақ хандығы іс жүзінде жеке-жеке хандықтарға бөлінді. Жүздердің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті, ал сұлтандар басқарған ұлыстар соларға тікелей бағынды. Ұлы жүздің ханы Жолбарыс (1720-1740 жж.), Орта жүздің - Қайып (1716-1719 жж.), сосын Сөмеке (1719-1734 жж.), Кіші жүздің - Әбілхайыр (1718-1748 жж.) болды.
Тәукенің орнына хан болған оның баласы Болаттың (1718 ж.) Ұлы хан деген атағы ғана болды. Саяси тұтастығы бөлшектенген мемлекеттің экономикасы да әлсірей бастады. Жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар және сыртқы сауда-саттық үзіліп қалды. Оңтүстік Қазақстандағы қоләнер мен сауда орталығы болған қалалар кұлдырады. Көшпелі және жартылай көшпелі аймақтармен отырықшы халықтың арасындағы байланыстың әлсіреуі халықтың әлеуметтік, мәдени, психологиялық, демографиялық жағдайын төмендетті.
Осы кезеңде Қазақ хандығының сыртқы жағдайы да шиеленісе түсті. Жоңғарлар шапқыншылығы күшейді. 1690-1697 жж. болған Қытай - Жоңғар соғысы кезінде ойраттар (жоңғарлар) біраз жерінен, адамынан (50 мың), малынан айырылды. Қытай мемлекетіне күші жетпеген Жоңғар мемлекеті соғыста айрылған байлықтарын (адам, жер, мал) Қазақ хандығынан қайтаруға болады деп есептеді. Ал орыс мемлекеті болса Кіші жүз қазақтарының көш-қоныс жерлеріне жақындады. Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының жеріне Орта Азия хандықтары, Еділ бойындағы қалмақтар, башқұрттар мен Сібір қазақтары да үздіксіз шабуыл жасап отырды.
Ш. Уәлиханов Абылай хан атты мақаласында бұл кезеңді былай сипаттайды: XVIII ғасырдың алғашқы он жылы қазақ халқының өмірінде өте бір ауыр кезең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар қазақ ұлыстарын жан-жақтан ойрандап, малдарын тонап, қазақтарды үй іштерімен түгел алдына салып айдап кетіп жатты. Бұған тәңірінің жіберген сынындай қатал қыс пен аштық қосылып, қазақтардың басына түскен ауыртпалықты онан сайын ауырлатады. Орынбордағы қазақ ру басыларының бірі өзінің жерлестерінің осы ауыр күйін Көп ит қуған қоянмен салыстырады. 1723 жыл қазақтардың өміріндегі аса бір қатал жыл болып ел есінде қалады.
1723 жылы көктемде жоңғарлар Ұлы және Орта жүздің жеріне басып кіреді. Қаратаудан асып, Талас өзеніне дейін жетеді. Қазақтар бұл уақытта шабуыл бола қояды деп ойламаған, жайлауға көшуге дайындалып жатқан кезі еді. Елді жаппай қырып, үйін, малын тонап, айдап әкетіп жатты, тірі қалғандар туған жерін тастап, қашуға немесе жоңғар билігіне көнуге мәжбүр болды. 1724-1725 жылы жоңғарлар Ташкент пен Түркістанды басып алды. 1723-1727 жылдар тарихта Ақтабан шұбырынды -- Алқакөл сұлама деген атпен белгілі. Бұл жалпы қазақ халқының басына түскен қасіретті кезең болды. Қазақтар 1 млн. 100 мың адамнан айрылды, демографиялық апатқа ұшырады. Демограф М.Тәтімовтың есебі бойынша қазақ хандығы құрылған кезде (1465 ж.) қазақ халқының саны 1 млн. 100 мың, 1723 жылы 3 млн. 330 мың, ал 1725 жылы 2 млн. 222 мың болды.
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына зиян келді, көшіп-қону тәртібі бұзылды. Қалалар қирады, сауда мен қоләнер ісі күйреді. Халықтың да, мемлекеттің де жағдайы қиындады.
Ақтабан шұбырынды заманынан біздің уақытқа дейін жеткен Елім-ай атты мұңды ән осыған дәлел, көрсеткіш және де дерек деп айтуға болады.

Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Ел-жүртынан айырылған жаман екен,
Екі кезден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман, қысқан заман?
Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман?
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.

Мына заман қай заман, баты заман?
Баяғыдай болар ма тағы заман?
Қарындас пен қара орын қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын ...
Мұнша қысым қылдың ғой, қатты құдай,
Қабырғама қара жер батты, құдай!
Жаяу жүрсем табаным ауырады,
Тым болмаса бермедің атты, құдай!
Мына заман қай заман, қай-қай заман!
Ұл айрылған атадан дай-дай заман!
Бауырынан айрылған жаман екен,
Күн бар ма екен көрісер есен-аман?!

Осындай халық басына түскен ауыр кезеңде, билеуші топтарды ымыраға итермелеп, бірігуге ынталандырған қазақ билері мен батырлары болды. Олар 1726 жылы қазақ билеуші топтарының бастарын қосып, Ордабасы деген жерде (Оңтүстік Қазақстан облысы) құрылтай әткізеді. Қаралған мәселе: жоңғарларды қазақ жерінен қуып шығу, елді, жерді қорғау, күресті жандандыру. Кіші жүздің ханы Әбілхайыр біріккен қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланады. Бұл жөнінде А.И.Левшин ортақ іс сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленгендігін, тәнген қауіптің өзара қырқыстарды бітістіргенін және ортақ жауды ежелгі қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланғандығын атап көрсетеді.
Батырлар -- Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай, Малайсары, Қойгелды, Қарасай т.б. күш жинап 1727 ж. Бұланты өзенінің, 1728 ж. Шұбартеңіз көлінің, 1729 ж. Балқаш көлінің оңтүстігінде -- Аңырақай деген жерде жоңғар әскерлеріне күшті соққы беріп, осы шайқастарды жеңіспен аяқтайды. Бұл жерде қазақ батырлары мен Абылай сұлтанды айтпауға болмас. Қай-қайсысын алсақ та қалың қол бастап, ел қорғаған, ақыл-парасатымен, ержүректілігімен, ел есінде қалған азаматтар. Қазақ жасақтарының ерлігі Бұхар жырау шығармаларында айқын көрсетілген.
Осы жеңістердің нәтижесінде жоңғарлар қазақтың біраз жерін босатуға мәжбүр болады. Әрине, қазақтың барлық жері түгел азат етілмесе де, бұл үлкен жетістік еді. Қазақтар осы шайқастарда біртұтас күш ретіңде өзін және жерін қорғауға шамасы жететінін көрсетті. Алайда Ұлы хаңдық билік үшін күрес қазақтарды тағы бөлшектеді. Ұлы хандықтан үміткер Кіші жүзден - Әбілқайыр, Орта жүзден - Сөмеке өздерін елеусіз қалдырды деп, шайқас алаңынан кетіп қалды. Осы ішкі алауыздықтарды, қырқысуларды пайдаланған жоңғарлар қазақ жерлерін басып алу үшін қайтадан батысқа қарай жылжыды. Осындай қиын-қыстау жағдай Әбілқайыр ханды Ресей мемлекеті сияқты одақтас іздеуге мәжбүр етті.
1730 жылы жазда Әбілхайыр Уфа наместнигі арқылы Петербургке Сейітқұл Құндақұлы мен Құтылымбет Қоштайұлын елші етіп жіберіп, Ресей империясының бодандығына қабылдауды әтінеді. Тұтас алғанда Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының объективті негіздерін жоққа шығармай, Әбілқайырдың алысты көздейтін жеке басының менмендігін, оның барған сайын айқын көріне түскен қара басын ойлаған мүлделерін естен шығармау керек екенін атап өтеміз. Хатында Әбілхайыр хан Орта және Кіші жүз қазақтарымен түгел Ресей бодандығын қабылдайтынын атап көрсетті.
Еділ қалмақтарын, Қабарда княздігін, Грузин билеушілерінің жерлерін Ресей құрамына қабылдау Сыртқы істер алқасы дипломатиялық қызметінің әрісін едәуір кеңейтті. Бұл жолы да Әбілхайыр ханның елшілігіне барынша құрмет көрсетілді. Оның Құтлымбет Қоштайұлы бастаған 7 адамнан тұратын елшілері құрметпен қабылданып, бағалы сыйлықтар тартылды. Әбілхайырдың әтінішін қабыл етудің себебі орыс патшасы I Петрдің XVIII ғ. басында Қазақ хандығы туралы айтылған пікірінен белгілі. Ол: ... барлық Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы дәл сол орданың (Қазақ хандығының) өзі ғана, осы себептен де солар арқылы барлық Азия елдерімен қатынасатын жолымыз болуы үшін қазақ ордасы Ресейдің қол астыңда болу керек деген еді.
Осы мақссатта ол қазақ жеріне 1713-1720 жж. бірнеше экспедициялар жібереді. Алғашқысын 1713 ж. кньяз Александр Бекович-Черқасский басқарды. 1715 ж. И.Д.Бухгольц экспедициясы жасақталды. I Петрдің И.Д.Бухгольцке арнаулы жарлығында оған Тобылға бару және онда аталған губернатордан 1500 әскери адам алып, солармен Ямышев көліне бару, онда қала жасап, аталған адамдарымен жаңадан салынған бекініс пен оның маңайына орналастыратын жерге жету міндеттелді. Осы әскери экспедиция үшін адамдар Томскіден Түменнен Тарадан және тәңіректегі қыстақтардан жинап алынды. Деректерге қарағанда, 70-ке жуық әртүрлі зеңбіректер алынған. И.Д.Бухгольцтің қырдағы жүрісі ойраттардың қауіптенуін туғызбау үшін Цеван-Рабтан қотайшыға алдын-ала Сібір губернаторының арнаулы өкілдері жіберілді. 1715 жылы 1 қазанда экспедиция Ямышев көліне жетіп, сол жерде бекініс салды. 1716 ж. Омбы бекіністерінің іргесін қалап кетеді. 1717 ж. полковник П.Ступин экспедициясы Ямышевск бекінісінің іргесін одан әрі бекітеді, 1718 ж. П. Сежрскийдщ отряды Железинск бекінісін салады, ал В. Чередов басқарған екінші отряд Семей бекінісінің іргесін қалайды, 1720 жылы И. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Әскемен бекінісінің негізін салады. Ресей мемлекеті үшін Қазақ хандығы кілт пен қақпа ғана емес, ол бірнеше мың халықтың бейбіт жолмен империяға қосылуы, Ресейдің шығыс-оңтүстік шеқарасында тыныштықтың орнауы еді. Сонымен бірге Ресей қазақтар арқылы жоңғарлар мен башқұрттарға күш көрсетуге немесе әлсіретуге мүмкіндік аламыз және Орта Азия халықтарын бағындыруға жеңілдік туады деп есептеді.
1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің патшасы Анна Иоанновна қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды. Бұл құжатта былай жазылған: біріншіден, қазақтар патшаға берік болса және де салық тәлеп тұруға уәде берсе, екіншіден, Ресей азаматтары қазақтарды ренжітпесе, қорлық көрсетпесе; үшіншіден, қазақтарға біреулер шабуыл жасаса, Ресей империясы оларды өз азаматтарындай қорғаса, тәргіншіден, тұтқынға түскен орыс азаматтарын қайтарып, башқұрт және де қалмақтармен тату-тәтті боламыз деп қазақтар уәде беріп отырса, біз оларды Ресей империясының қол астына аламыз да, оның боданы деп есептейміз. Ал қазақтар, империяның боданы болған соң, өз жерлерінде Ресей бодаңдарына ешқандай қиыншылық жасамай, ренжітпей, тату-тәтті болуы қажет.
Осы грамотаны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 31 сәуірінде Ресей Кіші жүзге Сыртқы істер коллегиясының тілмөші А.И.Тевкелев бастаған арнайы елшілік жіберді. Патша үкіметі А.И.Тевкелевті қырғыз-қайсақ ордасын Рессей бодандығына келтірудегі міндеттері белгіленген Мемлекеттік сыртқы істер алқасының нұсқауымен жабдықтады. Нұсқау 12 тармақтан тұрды. Бұл құжат дипломатиялық миссия үшін іс-қимыл бағдарламасы болды. Онда Ресей елшісіне тек Кіші жүз қазақтарын ғана емес, бүкіл қазақ хандығын түгел бодандыққа әткізу міндеті қойылған еді. Нұсқауда Ресей бодаңдығын қабылдау мәселесінде хан тәңірегінде алауыздықтар анықталған жағдайда дипломаттың еркін нусқаулар таңдау мүмкіндігі болды.
Империяның ішкі губернияларына неғұрлым жақын орналасқан Кіші жүзге дипломат жібергенде, үкіметте ол жөнінде жеткілікті ақпарат болған жоқ, тек Қазақстанның солтүстік-батыс аудандары туралы Сыртқы істер алқасының кеңсесінде жинақталғандардың бөрі алдын-ала алынған, үзік-созық сипатта болды. А.И.Тевкелев дипломатиялық тәжірибені қазақ жерінде жүріп жинақтады. Нұсқауда оған қырғыз-қайсақтар туралы мәліметті жазып алу, елдің орфографиясын, халыққа бодандықтың ұнайтын-ұнамайтынын, оның көршілерінің кімдер екенін, өздері зеңбіректер құя білетін-білмейтінін зерттеу міндеті жүктелді. Осы нұсқау негізінде АИ.Тевкелев күнделік-журнал жүргізген. Белгілі тарихшы Н.Маев 150 жыл әткен соң, өзі жинаған деректер негізінде даладағы істің жайы туралы да, халықтың салты туралы да, тіпті оның тілектері туралы да сенімді мәліметтері болмай, жорамалмен әрекет еткен үкіметтің көзқарасын сын көзбен бағалады.
1731 жылы 5 қазанда АИ.Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтәбе сайына келді. Атақты мейманды бастап жүруді Әбілхайыр хан үлкен баласы, тәжірибелі жауынгер, әкесінің қызметін тугелдей қолдаған Нұрмұхамед Әли Баһадүрге (Нұралыға) тапсырды. Алайда Ұлы даланың тілі де, әдет-ғұрпы да жақын, түсінікті болған бұрынғы татар мырзасының күрделі дипломатиялық мансабының алғашқы қадамдарының өзі көрнекті ақсақалдардың, сұлтандардың зор қарсылығына ұшырады. Олар орысқа бодандық туралы естігілері де келмеді, ханды соқыр тиын сияқты да көрмеді тіпті оны әлтіруге тырысқаны туралы дерек бар. Осы жағдай Әбілхайырдың Ресей патшасына елшілерді билеуші топтармен және халыкпен ақылдаспай жібергендігін дәлелдейді.
Ал Тевкелев болса өз басының пайдасын ойлап келген адам, сондықтан ол өз мақсатын орындау үшін қазақтың кейбір ақсақалдары мен билеріне мол сыйлықтар беріп, алдап-сулап әрең көндірген деп жазады тарихшы С.Асфендияров. А.И.Тевкелев кұнделігіне 2 жылғи жуық уақыт бойы үнемі әлім қаупіне бас тіге жүріп, аштыққа шыдап, бүкіл қабілетін жұмсап, бүкіл орданы көндіргенін жазды.
Бірінші болып бодандыққа Әбілхайыр хан ант берді, оған Бөкенбай ақсақал, содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада адалдыққа 27 ақсақал ант берді. Сонымен қазіргі кейбір басылымдарда жазылып жүргендей бастапқыда антты 27 емес, ханнан басқа 29 адам бекітті. Бодаңдықты қабылдаған Әбілхайыр Ресей империясының Шығыс шеқарасын, орыс Көпестерінің сауда керуендерін қорғауға, орыс мемлекетіне әскери көмек көрсетуге, бағалы терілерден салық тәлеуге уәде берді. Бірақ бұл уәделердің бөрі толық орындалған жоқ. Сонымен қатар Әбілхайыр патша өкіметінен өз ұрпағында хандық биліктің қалуын, іштен және сырттан қиындықтар туа қалған жағдайда, өзіне тірек және қорған болатын Ор бекінісін салуды талап етті. Әбілқайырдың бұл талаптарына патша өкіметі үлкен мән бермеді, себебі жоғарыдағы талаптар патша үкіметінің шығыс шеқарасындағы мүлделеріне қарсы келмеді. Тіптен Хан ордасы мен шеқаралық аймақта бекініс салу Ресей үшін хандық бодандықты нығайтуға тиімді еді.
1731 жылы Кіші жүз бен орыс мемлекетінің арасындағы қарым-қатынас осы жылы Ресей империясының протекторатын қабылдау туралы құжатқа қол қойғаннан бастап іс жүзінде бекітілді. Бұл сонда, қандай қарым-қатынас? Протекторат немесе қамқорлық қатынастар-бастапқыда күшті және елсіз мемлекеттердің арасында ерекше құқықтар мен өзара міндеттемелер белгілейтін шартқа негізделген қатынастар. Оның мәнісі -- алғашқысы кейінгісін қорғаса, ал кейінгісі алғашқысына егемендігін сақтай отыра белгілі қызмет көрсетеді дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед өзінің Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі деген енбегіңде.
Протекторат -- қорғаушы, қамқоршы, -тірегі, демеушісі т.б. (защитник, покровитель). Протекторатын қабылдау -- күшті мемлекет әлсіз мемлекеттің қорғаушысы, қамқоршысы, демеушісі, арқа сүйегіші, тірегі болады, ал әлсіз мемлекет сол үшін белгіленген (келіскен) міндеттер атқарып отырады. Басқаша айтқаңда Ресей империясы Қазақ мемлекетін (Кіші жүзді) сыртқы жаулардан қорғап, ішкі саясатына араласпай, қазақтардың егемендігін сақтап қалуға мүмкіңдік жасауға тиіс. Кіші жүз басшылары Ресей империясының протекторатын қабылдауы немесе оның боданы болуын сұрауы тарихи факт. Алайда бодан (полданный) қосылу емес. Ол тату болу, бейбіт қарым - қатынас жасау, одақтасу, адал болу деген ұғымдарды білдіреді.
Әілхайыр хан Ресеймен татулыққа жету арқылы таққа талас мәселесін шешуді ойлады, яғни өзінің билікке жетуінің бірден-бір жолы деп үміттенді. Екіншіден, халықтың ұзақ соғыстан шаршағанын, экономиканың қансырағанын, орыс бекіністерінің қаптауын, орыс-қазақ станицаларының салынуын және жоңғарлар мен Еділ қалмақтарынан, Орта Азия хандықтарынан, Қытайдан келетін қауіп-қатерлерді ескере отырып, ол Ресейден бодандықты сұрауға мәжбүр болды. Дәл осы сәтте хан тағына лайықты адам соғыс тәжірибесі мол, атағы да, абыройы да зор, әктем мінезді, әркөкірек Әбілхайыр ... болды дейді тарихшы Ж. Қасымбаев. Ал М. Мағауин пікірінше: ... үш жүздің әскерлерінің бас қолбасшысы сайланып, өзінің ұйымдастырушылық дарын, қабілеті, жеке басының ерлігімен аты шыққан, оның үстіне тәжірибесі мол... Әбілхайырдың аға хандықтан үміт етуіне негізі бар еді.... Тарихшы-ғалым М.Қ.Қозыбаевтың пікірі де осы мағынамен ұштасады. Ол: Сол бір сәтте тәре әулетінде Әбілхайырдан басқа жан жақты. Алайда бақ таласы, тақ таласы, жүздік талас нәтижесінде бұл мақсат іске аспады. Әбілхайыр хан халық бірлігін, оның болашақ тірлігінің өзіндік жолын іздеді ... дейді.
Сонымен қатар Ресей патшалығы қазақ хандықтарын түгел өзіне қарату мақсатыңда бұл әлкеге бірнеше экспедиция жасақтады. 1734 жылы мамырда қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Көп кешікпей оны Орынбор экспедициясы деп атады. Ол экспедицияны сенаттың обер хатшысы И. К. Кириллов басқарды. Ол әлген соң 1737 жылы Н. Татищев келді. Бұл экспедициялардың мақсаты Кіші жүз және Орта жүздегі ықпалды Шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту болды. 1740 жылы Орынбор бекінісіне олар қазақтың беделді сұлтандарын шақырып, Ресейге өздерінің бодандығын мойындауды талап етті. Осы жолы орта жүздің біраз сұлтандары Ресей бодандытын қабылдады. Алайда айта кету керек, бұл жерде бодандық қабылдау туралы құжатқа қол қою рәсімі болған жоқ.
Осыған байланысты айта кететін жәйт, қазақ билеуші топтарының бодандық туралы мәселеге өте селқос қарауында. Оған патшалық Ресей империясының қазақ билеуші топтарынан ант алу рәсімін жиі қайталауы себеп болды. Мысалы: Әбілқайырдың өзі үш рет ант берген. Әбілқайырдың 1742 жылы тамыздың 20-жұлдызында берген антының 1731, 1738 жылдардағы анттарының мәніндей құны болмаған.
1740 жылы Қытаймен бейбіт бітім жасасқан жоңғарлар 1741 ж. Орта жүз қазақтарының жеріне басып кіреді. Күтпеген соққыны қазақтар қайтара алмай, Кіші жұз жеріне қарай шегінуге мөжбур болады. Әбілхайыр хан дереу Ресейден әскери көмек сұрайды. Бірақ Ресей империясы көмек көрсетпейді, өз азаматтары (полданныйы) ретіңде санап, сыртқы жаудан қорғамайды. Бұл жерде Ресейдің екіжүзді саясаты көрінеді және де Орта жүздің Ресей протекторатын қабылдауы жай ғана сөз жүзінде қалып, ешқандай саяси мағынасы болмаған деп айтуға болады. Ресей империясы қазақ хандығының күшеюін немесе біртұтас болғанын қаламады. Себебі, ондай мемлекетті бағындыру қиын болатынын түсінді. Сондықтан Ресей қазақ билеушілерін бір-біріне аздап салу және түрлі сыйлықтар мен атақтар таратып өз мақсаттарына пайдалану, қазақ жерін Ресей империясының отарына айналдыру саясатын ұстанды. Ресей Әбілхайыр ханды патша үкіметіне түгелдей тәуелді ету үшін оның ұлы Қожахметті аманатта ұстады. Тарихшы С.Асфендияров пікірі бойынша патшалық үкімет Қазақстанға достық және бодандық туын желеу етіп, жыртқыштық, тонаушынық саясатты ұстанды. Атылшын ғалымы Краузен Азиядағы Ресей атты еңбегінде Ресей тарихы басқыншылық, жаулаушылық және басқа елдерді бағындыру жылнамасынан тұрады, - дейді.
Патша үкіметінің Кіші жүздегі өз ықпалын күшейтуге бағытталған шаралары Әбілхайыр ханды қарсылыққа мәжбүрледі. 1744 жылы ол қарақалпақтарды шауып, Астраханнан Хиуа мен Бүқараға тауар алып бара жатқан Көпестерді тонайды, 1746 ж. Ресей қарамағындағы қалмақтарға, сосын орыс шеқараларына шабуыл жасайды.
Жоңғар хандығы әлсіреген кезеңде қазақ жеріне орыстар билгінің таралуына орай бұл мәселелер Әбілхайырдың Орынбор әкімшілерімен жиі әткізілген қиын келіссөздердің нысанасына айналып, егес, күтпеген тусініспеушіліктер туғызды. Осы жағдай Әбілхайыр ханның Ресей жағына қатысты бұрынғы адал және ізгі ниетті көзқарасының салқындауына себеп болды. Әбілхайыр ханның Ресей билеушілеріне қарсылық көрсеткені төмендегіден көрінеді. 1748 жылы Әбілхайыр ханды Орта жүздің Барақ сұлтаны әлгіргенде Ресей империясының шенеуніктері былай деп жазған: Әбілхайыр хан қаншалық қиянат жасаса да, басқаларға қарағанда бірінші болып императордың ұлы мөртебесінің қол астына кірген еді.
Осы жылы патша үкіметі Кіші жүздің хандығына Әбілхайырдың баласы Нұралыны бекітті, және ол Петербордан Орынборға әкелген сыйлықтарға ие болды. Патша Анна Иоанновнаның атынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Қытайдың сыртқы саясаты
Қытайдың Қазақстанға байланысты саясатының маңыздылығы
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ЖОҢҒАР МЕМЛЕКЕТІ
Ж.Қ.Қасымбаевтың өскен ортасы мен еңбек жолының басталуы
«Алаш» партиясы (1917—1920)
Орталық Азия ойшылдарының экономикалық ойлары
Тарихи деректерді жіктеу
Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктер
Пәндер