Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І - тарау Каспий теңізіндегі экологиялық дағдарыс
І. 1 Каспий теңізіне жалпы сипаттама . . . 4
І. 2 Каспий теңізінің қазіргі таңдағы экологиялық жағдайы. 7
І. 3 Каспий теңізіндегі бағалы балықтардың құрып кету қаупі. 13
ІІ - тарау Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер
ІІ. 1 Каспий жағалауы мемлекеттерінің теңізді бөлу процесі16
ІІ. 2 Каспий теңізін пайдалану және қорғаудағы мемлекетаралық жаңа шарттар . . . 27
Қорытынды . . 30 Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Каспий теңізі ( ескі тарихи атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар т. б) - Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376000 км². Мередиан, бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км ( солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалауының солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары : Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл т. б. 50-ге тарта аралдар бар. ( ірілері: Құлалы, Шешен, Артем т. б. ) . Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз терассалары өте көп. Каспий теңізіне 130 -дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайық өзендері берсе, Терек Сулак, Самур өзендері 5% - тен астам, Кура өзені 6%- тін береді. Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4%-ке жуығын береді.
І - тарау Каспий теңізіндегі экологиялық дағдарыс
І. 1 Каспий теңізіне жалпы сипаттама
Каспий теңізінің жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз терассалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты ( трансгрессия ), бірде суы кейін қайтып отырды ( регрессия ) . Плейстоцен кезеңінде ( 70 млн. жыл бұрын ) теңіздің Понто- каспий алабы оңтүстігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтии кезеңінде ( 10 млн. Жыл бұрын ) құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат теңізі бірнеше бөлікке бөлінді. Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плейоценнің орта кезеңінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. Каспийдің шарасы тереңдігі және түпкі бедері жөнінен үш бөлікке бөлінеді. Құрлықтық қайраңда орналасқан солтүтік бөлігі тайыз ( 10-20 м ), орта тұсындағы ойпаңда тереңдігі 788 м . Оңтүстік бөлігі терең ойпаң ( 1025м ) . Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24-26°С, оңтүстігінде 27-28°С дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады. Оңтүстігінде судың температурасы 10°С - қа жуық болады. Жалпы жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп және ең аз жылдық айырмасы жүз жыл ішінде 260км 2 құрады. Теңіз суы бетіне шаққанда өзен ағынының мұндай өзгеруі Каспий теңізінің деңгейін 67 см -ге өзгертеді . Басқаша айтқанда Каспий теңізі деңгейінің жыл аралық өзгеруі құбылысында өзен ағыны ғана жарты метрді құрайды . Теңізге келіп түсетін атмосфералық жауын - шашын мөлшері тым аз . Ол теңіз деңгейін 1 см - ге ғана көтереді . Каспий теңізінде Қарабұғакөз шығанағының маңызы өте зор . Әсіресе оның суының деңгейі мен тұздылығын сақтауға ықпал етеді . Теңізден келген әрбір км 3 шығанаққа 13 -15 млн. т әртүрлі минералды тұздар алып келеді. Қарабұғазкөл теңізінің буландырғыш рөл атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық өзендері сағасында 0, 1 - 0, 5 % 0, оңтүстік шығыста 13% 0 көтеріледі. Теңізде желдің, өзен суының, жағалау сызығының әсерінен циклондық айналма ағыс пайда болды. Каспий теңізі деңгейі маусымдық, бір жылдан екінші жылға және ғасырлық мерзімге ауытқып отырады.
Геоморфологиялық зерттеулер бойынша Каспий теңізі деңгейінің ауытқуы уақыт өткен сайын кеми берген: плейстоценде ( 700-500 жыл ішінде ) теңіз деңгейінің ауытқуы 100м, голоценде ( соңғы 10 мың жылда ) 15 метрге ( 20 - 35м - ге дейін ), соңғы 2 мың жыл ішінде 12 м - ге, ал инструментальды бақылаудан бастап ( 1830 жылдан қазргі уақтықа дейін ) 4 м - ге ауытқып отырған. Теңіз деңгейінің көтеріліп немесе төмен түсіп отыруының негізгі себептері туралы көптеген болжамдар бар. Олардың негізгілері : ғаламдық геологиялық құбылыстар және геологиялық теңіздің аймақтық ерекшеліктері. Каспий теңізінде ерте неогенде тектоникалық қозғалыстар мен тау пайда болу процесі әсер етсе, жоғары плейоценде тектоникалық және климаттық факторлар әсер еткен. Ал қазіргі кезеңде Каспий теңізінің деңгейінің өзгеруіне климаттық және антропогендік факторлар әсер етеді.
Соңғы кезеңдегі ең жоғары деңгей ( + 22, 5 м ) 19 ғасырдың басында, ең төмен деңгейі ( - 29, 0 м ) 1977 жылы байқалғанн. 1978 жылдан ( 20 ғасырдың соңына қарай ) теңіз деңгейі 2 - 2, 7 м-ге көтерілді. Теңіз айдыны кей жерлерде 100 км- ге дейін кеңіп, көптеген мұнай өндірісі нысандарын, шабындықтарды, жайылымдарды, жолдарды су басты. Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізі қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде.
І. 2 Каспий теңізінің қазіргі таңдағы экологиялық жағдайы
Каспий теңізінде мұнай - газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай. Каспий теңізі - әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы.
Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума - желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0, 5-1м- ге дейін ауытқып отырады. 1837-1990 жылдары жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 - 90 ж аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж су деңгей і 2 м-ге төмендесе, 1977 ж бұл көрсеткіш ең төменгі абсолютті мөлшеріне ( -29, 01м) жетті. 1978 - 95 ж су деңгейі 2, 35 м- ге қайта көтеріліп, 1995 ж -26, 66 м болды.
Су деңгейінің тұрақсыздығы - климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0- 12 ‰. Каспий теңізі морфологиялық жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Теңіздің қазақстандық бөлігі - солтүстік шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында. Солтүстік Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан географиялық орны, теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық режимі, су теңгермесі және т. б бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік және Орталық Каспийге қарағанда таяз Солтүстік Каспий бөлігінің аумағы 80 мың км². Оған келіп құятын өзендердің жылдық су ағымының жиынтығы - жалпы Каспийге құятын барлық өзен сулары ағымының 88%- құрайды. Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрлері ( оның ішінде омыртқасыздар- 1069, омыртқалылар - 415, паразит жануарлар - 325) тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар ( шаянтәрізділердің 60%-і, моллюскілердің 80 % -і, балықтардың 50 %-і ) құрайды.
Каспий теңізінің балық қоры 2, 9 млн. т болса, оның 40 %-і Солтүстік Каспий бөлігінің үлесіне тиеді. Каспий теңізі - ежелден балық ауланатын су айдыны. Бекіретәрізділердің дүниежүзілік өнімінің 90 % -і осында ауланады. Соңғы кезде балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі келтіретін өзендергі салынған бөгеттер, судың радиайиялық және химиялық жолмен ластануы және қаскөйліктің ( браконьерлікті) етек алуы бекіренің қорын азайтуда. Сондай - ақ мұндағы қортпа, пілмайдың жылдан- жылға саны кеміп бара жатыр. Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім - Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазіргі заманның балық шаруашылығы - балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін ( бекіре, қортпа, шоқыр және пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген.
Жыл сайын 11 балық зауыты ( Ресейдің, Әзірбайжанның, Қазақстанның ) Каспий теңізіне 75 млн. т балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына ( дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке, тұзды суда (тұздылығы 10-11%), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етеді.
Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік - Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Қазақстанның және Ресейдің «Қызыл кітабына» егізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т. б бар. Ал Каспий итбалығы - тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920ж 1млн. астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360-450 мыңға дейін азайған итбалықтың - 27 мыңы, 1990ж - 13, 8 мыңы, 1996ж - 8 мыңы ауланған. 2000ж сәуір -тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы - Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорологиялық және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуі көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі - Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі ( оның 5 түрі- жоғары сатыдағылар) өседі.
Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылықтары бар. Құрлықта негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады.
Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде . Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мысалы, 1998ж Атырау облысы бойынша атмосфераға 135, 1 мың. т зиянды заттар, (оның ішінде 132, 8 мың т газ тәрізді заттар, 2, 3 т қатты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3, 5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы- ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн. ³ газ ауада жанады. Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумағы 194 мың. га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1млн т- дан асады. (2001) .
Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органикалық пестицидтер, аммонийлі азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғарғы концентрациясы мамыр- шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суларында тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай - ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мысалы, 1900 жылмен салыстырғанда Каспий теңізінде балық аулау 3есеге, яғни 500- 600 мың т-дан 180 мың. т-ға дейін азайды. Теңіз суын ластаушы ең қауіпті заттың бірі- ыдырамайтын ауыр металдар (мысалы мырыш, барий) .
Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20мкг/л ( рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі - 50 мкг/л ( бұл- 5 есе артық) . Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет ( Әзәрбайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан және Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП - тің негізгі бағыттары : теңіз деңгейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; аймақта экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.
І. 3 Каспий теңізіндегі бағалы балықтардың құрып кету қаупі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігі дүние жүзінде сирек кездесетін экологиялық таза табиғи тіршілік ортасы болып табылады. Оның үстіне бұл жағалауда сирек кездесетін - бекіре, итбалықтар, шоқыр, қара уылдырық беретін балықтар аса құнды табиғи тіршілік иелері екендігі белгілі. Сондықтан бұл аймақ ерекше қорғалатын табиғи аймақ деп жарияланған.
Алғашқы кездері шетелдік мұнай компаниялары өздерінің озық технологиялары барын, сондықтан мұнай қалдықтарымен жұмыс жасауға мол тәжірибелері бар екендігін ұсынған. Халықтың наразылығына қарамастан билік басындағылар шетелдік мұнай компанияларының мұнайды барынша игеріп, табиғи ортаға қол салуына жол берді. Нәтижесінде, балықтардың түрлі ауруға ұшырауы, итбалықтардың жаппай қырылуы орын алғаны белгілі. Бағасы алтынмен пара - пар, қара, қызыл уылдырық өндіру де кеімп барады. Соңғы жылдары теңіз астынан мұнай іздеп бұрғылау кезінде күкірт қышқылы, азот, аммиак және сынаппен ластанған. Теңіз суына және онда өсетін тіршілік иелеріне аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Мысалы, балық уылдырық шашар кезде, шіркеуде қоңырау соғуға тыйым салу керек. Себебі су астандағы дыбастар бекіре балығына әсерін тигізген. Дыбыс бар жерде балықтар уылдырық шаша алмай қашады немесе өліп қалады.
Кейінгі кезде Каспийдің итбалықтары қырылу құбылысы енді қызыл балықтарға қауіп төндіруде. Сонымен бірге теңіздің кіші інжу - маржан аралдарынан қорытпа, бекіре, севербга тәрізді бекіре тұқымдастардың ғана уылдырығымен және шабақ планктондарымен қоректенетін мнемиопопсис деп аталатын мөлдір денесі іркілдеген теңіз жәндігі - медузаның көп мөлшерде табылғандығы туралы мәліметтер бар.
Медуза - мөлдір түсті, денесі іркілдек теңіз жәндігі. Бұл жәндіктердің ойда жоқта көбейіп кетуін ғалымдар түсіндіре алмай отыр, ал бұл жебір жәндіктер асыл байлығымыз болып табылатын балықтарымызды құртуда. Көпшілік ғалымдар бұл құбылысты теңіздің мұнай қалдықтарымен ластануымен байланыстырып отыр. Әлдебір құдірет Каспийге енді сол тауқіметті тартқызбақ.
Каспий теңізіндегі балықтардың ауруға шалдығуы көптеп кездесіп жүр. Мысалы, зерханалық зерттулер бекіре ағзасының елеуді түрде сырқатқа шалдыққанын анықтап отыр. Оның уылдырығының сырты былжырап жұқарған. Әсіресе, етінен ауыр металдар - қорғасын, сынап пен калий бар екендігі анықталған. Бұлардан басқа гербицид, пестицид сияқты улы заттар да табылған. Ал ауру балықтардың уылдырығы болса консервілеуге мүлдем келмейді. Айта берсек қазіргі кездегі Каспий теңізінің тіршілік көздерінің ластану салдары ұшан - теңіз.
Кей ғалымдар Каспийдің астынан мұнай сорып алып, байлыққа кенелеміз деген ойдұрыс емес екендігін айтып жүр. Олардың ойынша теңізден бал татыған балығы мен қара, қызыл уылдырықтары, мұнайдан түсетін пайдадан жүз есе көп. Ал балықтарды белгілі бір жүйемен ауласа, балықтар саны ешқашан азаймас еді, әрі ауру - сырқауғы ұшырамас еді.
Қорыта келгенде балық бағалы байлық . Тек Каспий байлығымен қазіргі күні бес мемлекеттің жүздеген миллион адамдар қоректеніп отыр. Егер осы балық болмаса, соншама халық қалай күн көрмек.
Каспий - ғажап теңіз. « Атамекен » газетіндегі мәліметтерге жүгінер болсақ, оның басқа байлықтарын былай қойғанда бағалы бағалы балығының өзінен 500 млрд. доллар пайда табуға болады деген жорамалдар бар. Сонда мұнайды өндіріп, қоршаған ортаны бүлдіргеннен гөрі, бағалы баылқта аулап байлыққа кенелгеніміз жөн болар еді.
ІІ - тарау Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер
ІІ. 1 Каспий жағалауы мемлекеттерінің теңізді бөлу процесі
Бір мезгілде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция, Кеме қатынасы туралы шарт, Каспий теңізінің минаралдық ресурстарын барлау және игеру туралы шарт жобаларын келісу жөнінде екі жақты және көп жақты үлгідегі жұмыстар жалғасып жатты.
- Аталған шарттарда Каспий теңізі бойынша бұрынғы одақтастық республикалар арасындағы шекараға қандай да бір сілтеме жоқ, өйткені кеңес заңдары бойынша шекаралық режимнің мәселелері тек қана федеральдық деңгейдегі құқыққа жататын. Каспий теңізінде одақтас республикалара арасында шекара болған жоқ, өйткені бұрынғы КСРО- ға тиесілі теңіздің бір бөлігі федеральдық болды, ал республикалардың Каспий теңізін межелеу мәселелерін қарауға құқығы болған жоқ
- Аталған шарттарда сауда мақсатында теңізде жүзу мен балық аулау мәселелерін ғана реттейді, бірақ Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін толық көлемде, оның ішінде теңіздің түбі мен қойнауының ресурстарын пайдалану шарттарын белгілемейді.
Каспийдің құқықтық мәртебесі проблемасын жеделдетіп шешуге бағытталған Каспий жағалауы мемлекеттерінің іс қимылының негізінде осы теңіздің минералдық ресурстарының тиесілілігін айқындау тілегі жатқан құпия емес. Осы жерде бер көміртегі ресурстарының қорлары әртүрлі бағаланады, бірақ көптеген сарапшылар осы аймақ көмірсутегін жөнінді әлемде Таяу Шығыстан кейін екінші болуы мүмкін деген пікірге тоқтайды. Сондықтан « ойынның » өзара қабылдауға болатын және анық ережелерін белгілеместен Каспий байлығын кең ауқымды пайдалану перспективасы дау туғызуы әбден мүмкін.
1992 жылы Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін жасау мақсатында Каспий мемлекеттері арасында келіссөздер процесі басталды. Бірінші кезеңде проблеманы шешудің үш түрлі көзқарасы байқалды.
Ресей табиғи ресурстардың барлық түрін қолданылатын бірлесіп билік жүргізу негізінде Каспий теңізі ортақ пайдалануда болуы тиіс деп санады. Әрбір Каспий мемлекеті өзінің заңды тар жағалау алабына ғана қолдана алады, ол жерді теңіздің түбімен оның минералдық ресурстарын барлауға және игеруге ерекше құқық алады. Тар жағалау аймағынан тыс минералдық ресурстарға қатысты айтсақ, олар ресейлік нұсқа бойынша ортақ пайдалануда болуы тиіс.
Әзірбайжан нөлдік нұсқа деп аталатынды талап етіп, су айдынын, оның түбін және қойнауын ұлттық секторларға бөлуді ұсынды. Бұл нұсқа қатаң сипатымен ерекшеленеді.
Қазақстан бір - біріне қайшы Ресей мен Әзірбайжанның ортасында теңдестірілген, ымыралық позиция ұстанды. Оның мәнісі мынадан көрінді, қолданылып жүрген халықаралық құқық нормаларын мейлінше пайдалану, атап айтқанда, 1982 жылғы Теңіз құқығы жөніндегі ББҰ конвенциясының жекелеген ережелерін Каспийге қолдану, бұл ретте оларды біртұтас экологиялық жүйе ретінде теңіздің ерекшеліктерін ескере отырып қолдану. Теңіздің түбі мен ресурстарын барлық Каспий мемлекеттері арасында экономикалық аймақтарға бөлу ұсынылды. Тараптар осы аймақтардың шегінде табиғи ресурстарды барлауға және оларды игеруге ерекше құқықтары болады. Кеме қатынасы, балық аулау, табиғи ортаны қорғау және қызметтің басқа да түрлері саласындағы ынтымақтастық мақсатындағы теңіздің биологиялық ресурстарына, суын пайдалануға қатысты қазақстандық тарап бірлесіп билік жүргізуге дейін ең бір кең ауқымды ымырағы баруғы дайын екенін білдірді. Түрікменстан мен Иранның позициясы ол кезеңде анық тұжырымдалмады және барлық үш позияцияның жекелеген ережелерінің басын қосуға әрекеттенді.
Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындау 1994 жылға дейін таза теориялық мәселе болып қала берді, осы жылы Әзірбайжан Каспий қайраңының өзінің бөлігіндегі мұнай кен орындарын игеруге арналған « ғасыр келісім - шартына » қол қойды. Теңіз ресурстарын практикалық тұрғыдан игерудің басталуы келіссөз процесін жандандыру белгісіне айналыд.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz