Бөтеннің мүлкін ұрлаудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы, онымен күресудің шаралары


МАЗМҰНЫ

ГЛОССАРИЙ . . . 3

КІРІСПЕ . . . 4

  1. БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҰРЛАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ

ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

  1. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы түсінігі . . . 7

1. 2 Бөтен мүлікті ұрлаудың түсінігі және оның нысандары . . . 10

1. 3 Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері . . . 15

1. 4 Бөтен мүлікті ұрлаудың субьективтік белгілері . . . 19

1. 5 Ұрлықтың сараланған құрамдары . . . 22

1. 6 Ұрлықты ұқсас қылмыстардан ажырату . . . 29

2. БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҰРЛАУДЫ ЕСКЕРТУ ЖӘНЕ

ОНЫМЕН КҮРЕСУДІҢ ШАРАЛАРЫ

2. 1 Бөтеннің мүлкін ұрлаумен байланысты қылмыстарды

ескертудегі қолданылатын жалпы шаралар . . . 32

2. 2 Бөтеннің мүлкін ұрлаумен байланысты қылмыстарды

жасаудың себептері мен жағдайлары . . . 46

2. 3 Бөтеннің мүлкін ұрлаумен байланысты қылмыстарды

жасаушы тұлғалардың жеке басы ерекшеліктері . . . 50

2. 4 Ішкі істер органдарының бөтеннің мүлкін ұрлаумен

байланысты қылмыстарды ескертудегі атқаратын ролі . . . …56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . … . . . …65

ГЛОССАРИЙ

Ұрлау - деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне за-лал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады”.

Абайсыздық- Егер қылмыс істеген адам өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін біле тұра, бірақ жеңіл ойлылықпен ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, қылмыс абайсыздықпен істелді деп танылады.

Сезікті -подозреваемый. Қылмыс істеді деген сезікпен ұсталған және айып тағылмастан бұрын бұлдыртпау шарасы қолданылаған адам

Айып. Заңда немесе шартта белгіленген тәртіппен немесе жағдаймен қолданылатын материалдық ықпал ету, ақшалай жазалау шарасы.

Айыпкер - Қылмыс істеді деп айып тағылған адам.

Айғақ адам-Тергеу әрекеттерін растау үшін тергеуші шақырып алған бөгде адам.

Ұрлық -Бөтен мүлікті жасырын ұрлау.

Кешірім беру -. Сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдету немесе сотталды деген атағын жою туралы кесім. Кешірім беруді Қазақстан Президенті ғана шеше алады және тек жеке адамға қолданады.

Кодекс -. Біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң.

Сезікті -Қылмыс істеді деген сезікпен ұсталған және айып тағылмастан бұрын бұлдыртпау шарасы қолданылаған адам

Бандитизм -Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақстаныда тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты басқару.

Қорлау -. Басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту.

Қашу -Қылмыстық құқықта жазалау немесе қамауға алу негізінде бұлтартпау шараларын қолдану орнынан өз бетінше кетіп қалу.

Құзау хат -Мемлекеттік ұйымға немесе тиісті құзіреттегі қоғамдық ұйымға жолданған ресми өтініш немесе ұсынба. 2) . Сот өндірісінде іске қатысушының тергеу өндірісі немесе кез-келген қылмыстық іс бойынша шешім шығарған соттың әрекеттері жөнінде іс жүргізуші органдарға немесе басшы тұлғаларға ауызша немесе жазбаша өтініш жасауы.

Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік арқылы жүзеге асыру.

Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алу және одан пайда көру мүмкіндіктерін заңмен қамтамасыз ету.

Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын біреудің Заңмен қамтамасыз етуі.

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығында меншікке қарсы қылмыстар арасындағы бөтеннің мүлкін ұрлаумен күресудің теориялық проблемалары күрделі және жеткіліксіз өңделген институт болып танылады.

Адамның жеке меншігі олардың қауіпсіздігі әлеуметтік жоғары құндылық болып танылады.

Еліміздегі ішкі істер органдарының құқық қолдану қызметін жетілдіру мен ұйымдастыру қазіргі кезеңде ерекше орын алады. Осыған байланысты қылмыстық-құқық нормаларын, оның институттарын қолдану тиімділігін жетілдіру мен арттыру жолдарын теориялық тұрғыда жете зерттеу құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыстылықпен күресуі мен тойтаруына тиімді мүмкіндіктер жасайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6 - тарауында орын алған меншікке қарсы қылмыстар атты тарауында орын алған бөтеннік мүлкін ұрлау өз алдына ерекше сипатқа ие.

Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл қылмыстар меншік қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.

Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен пара-пар (кең мағынада алғанда) . Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізінде міндеттерінің бірі болып табы-лады (ҚР ҚК-нің 2-бабы) .

Қоғам салаларының дамуының жетістіктері адамның маңызды мүддесінің бірі меншік қатынастарын сақтауға қажет болып танылады.

Сондай-ақ заң туралы әдебиеттерде бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстармен күресудің теориялық проблемалары Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің басқа институттарымен өзара байланысы жеткіліксіз айтылған.

Құқықтық мемлекет құру адамның жеке басы құқығын өмірі мен денсаулығын, заңды мүдделерін, соның ішінде олардың жеке меншігін қол сұғушылықтан қорғау болып танылады.

Сонымен бірге қоғамдық әлеуметтік ортада адамның меншігіне қол сұғушылықтар олардың құндылығы әрқашанда ескеріліне бермейді. Аталған норма бойынша Қазақстан Республикасында осы қылмыстардың алдын алу шараларына жеткілікті тұрғыда зерттеулер жүргізілмеген. 1997 жылғы қабылданған қазіргі заң күші бар Қазақстан Республикасы қылмыстық заң атқарушылығында өзгерістер мен қосымшалар енгізілуіне байланысты осы норманы зерттеу, бүгінгі күннің тәжірбиеге қажеттіліктен туындайтын мәселелердің бірі болып танылады.

Осы мәселелерге қатысты сұрақтар мысалы қазақстандық заңгер ғалымдар Е. О. Алауханов, А. Н. Ағыбаев, Б. И. Ахметов, Н. М. Абдиров, З. О. Ашитов, И. Ш. Борчашвили, Е. И. Қайыржанов, А. Д. Макуха, Г. С. Мауленов, М. С. Нарикбаев, Г. Р. Рүстемова Д. С. Чукмаитов және т. б басқаларымен зерттулер жүргізілген.

Осыған байланысты меншікке қарсы қылмыстар арасындағы бөтеннің мүлкіне қол сұғатын қылмыстар саласындағы қылмыстардың түсінігін анықтау туралы ұшқыр қажеттілік туындайды. Осыған ұқсас қылмыстардың обьективті және субъективті белгілеріне талдау жасау немесе айқындау қажет.

Диплом жұмысының мақсаты- болып, бөтеннің меншігіне қарсы қылмыстармен күресудің теориялық проблемаларын анықтау және ІІО қызыметкерлерімен тәжірбиеде күресу тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау болып танылады.

Диплом жұмысының міндеті. мақсаттарды жүзеге асыру үшін мына міндеттер қойылы:

Бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстардың жалпы түсінігіне;

Бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстардың нысандары түсінігіне;

Бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстардың обьективтік және субьективтік белгілері сипаттамасына;

Бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстардың дәрежелеуші белгілеріне талдау жасау.

Бөтеннің меншігін ұрлаумен байланысты қылмыстарды ескерту шараларына талдау жасау.

Диплом жұмысының объектісі. Қазақстан Республикасындағы меншіктік-қарым қатынастар саласындағы, яғни адамның жеке меншігін сақтаудағы қарым қатынастары танылады.

Диплом жұмысының пәні қазіргі кезеңде қылмыспен қылмыстық-құқықтық күресудің міндеттерін жүзеге асыру барысында меншікке қарсы қылмыстар, яғни бөтеннің мүлкін ұрлаумен байланысты қылмыстар туралы заңдарды, ішкі істер органдарының қызметінде қолданудың тиімді жолдарын, оны жетілдіру мен дамытудың және экономикалық, әлеуметтік саяси, әлеуметтік психологиялық заңдылықтарын анықтайтын оның негізі мен мақсаты және мазмұны жатады.

Диплом жұмысының методологиясы мен методикасы. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау барысында жұмыс материалистік диалектиканың заңдары мен таным әдістерін басшылыққа алып, формальдық логиканың да ережелері, салыстырмалы құқықтық әдістер де қолданылып, кей тұстарда статиститкалық мәліметтерге жүйелі түрде талдау жасау әдістеріне сүйенуді қажет етеді.

Диплом жұмысының нормативтік базасын мыналар құрайды: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары, Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-атқарушылық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық құқықтық заңдар. Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қаулылары танылады.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы. Жұмыстың теориялық маңызы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңындағы Ұрлық қылмысының түсінігіне талдау жасаумен, оған теориялық сипатама жасалынып, онымен күресудің қажеттіліктеріне қорытынды жасап, ұрлықпен байланысты қылмыстардың алдын алудағы ішкі істер органдары қызметкерлерінің ролін ашумен және ұсыныстар енгізуімен ұштасады.

Диплом жұмысының практикалық маңызы сол, кешенді негізделген әдістемелік ұсыныстар мен басшылыққа алынатын жағдайлар, ұрлықпен байланысты қылмыстардың алдын алудағы кездесетін қиыншылықтар мен қателіктерге жол бермеуге, ұрлық қылмыстары бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекетті дәрежелеуге, және шын мәніндегі және заңды негіздерді анықтауға үйретеді.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және он бөлімшеден және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҰРЛАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

  1. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы түсінігі

Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 және 1926 - жылдардағы қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары солай деп аталған. Бұл екі түсінік бердей, себебі меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады.

Бөтен мүлікті ұрлаудың мәнін түсіну үшін қылмыс-тың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі тиіс.

Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтің қатысуымен “Адамдар өздерін қауіпсіздікте сезінуі тиіс” атты құқық қорғау органдарының республикалық кеңесінде сөйлеген сөзінде “Біз конституциялық деңгейде Қазақстанда адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндіктері ең басты құндылық болып табылады деп жарияладық. Сондықтан да заңға құлықты азаматтарды олардың құндылықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қорғау - сіздердің басыңқы міндеттеріңіз. Мұны мен сіздерге ел Президенті ретінде, Конституцияның кепілі ретінде айтып отырмын” деп атап өтті. Таяуда онбес жылдығы зор жетістіктермен аталып өткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің мемлекет демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды [1] .

Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін ашуға, олардың қоғамға қауіптілік сипа-тын көрсетуге мүмкіндік береді және, ең бастысы, қылмыстарды дұрыс саралауға бағыт береді. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игілікті бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады [2. 35 б] .

Жоғарыда баяндалғандарды қорыта келгенде, меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін - меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншікке құқық дегеніміз - субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы заңдағы заң нормаларымен қорғалатын тікелей объект ретіндегі меншіктер қатына-сының мәнін осы құқықтар құрайды.

Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік арқылы жүзеге асыру.

Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алу және одан пайда көру мүмкіндіктерін заңмен қамтамасыз ету. Пайда - кіріс, өсім түрінде, жеміс - өнім сипатында болуы мүмкін.

Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын біреудің Заңмен қамтамасыз етуі. (ҚР АК-нің 188-бабының 2-бөлігі) [3] .

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде, бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүмкіндікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы (ҚР АК-нің 188- бабының 3-бөлігі) . Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген қатынастарды бұзады.

Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекеттік түрлері мойындалған. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің ”Меншікке қарсы қылмыстар” тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтеннің меншігі екендігін көрсетеді.

Кейбір қылмыстарда (ұрлық, тонау, алаяқтық, т. б. ) тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес келеді. Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты формасын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік, муниципалдық не жекелеген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек деген пікір айтылған. Мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан Республикасының Конституциясы меншіктің кез келген формасын бірдей қарауды жариялап отыр. Сондықтан да, ұрлықты, бөтен мүлікті иемденуді, тағы басқадай әрекеттерді саралау үшін ұрланған мүліктің қандай формадағы меншік екендігінің маңызы жоқ.

Объективтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған. Сондықтан да, олардың объективтік жағы үш міндетті нышаннан тұрады: іс-әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептік-зардаптық байланыс. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыстар болып табылады, себебі бұлардың міндетті нышаны - тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бұл қылмыстардағы зардап қылмыс құрамының шегінен тыс жатыр. Қылмыстық зардапта әрқашанда материалдық сипат болады, мүліктік залал туындайды.

Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарда құрамның объективтік жағының міндетті түрдегі элементі қылмыс жасаудың тәсілі (күш қолданып немесе қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен, есі дұрыс адам бола алады, яғни қылмыс субъектісі жалпы. Бір қылмыста - мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуде - қылмыс құрамының міндетті элементі арнаулы субъект болуға тиіс. Кейбір қылмыстарда арнаулы субъект сараланған құрамның ны-шаны ретінде алынады, мысалы, қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық (ҚК-тің 177-бабы 2-бөлігінің ”в” тармағы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182-бабының 1-бөлігі), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 186-бабының 3-бөлігі) .

Қылмыскердің жасына қарай жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке қарсы жасалған барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚК-тің 176-бабы), алаяқтық (ҚК-тің 177-бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182-бабы), көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (ҚК-тің 183-бабы), интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (ҚК-тің 184- бабы), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 186-бабы), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188-бабы), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену және ауырлататын мән-жайлардың болмауы (ҚК-тің 185-бабының 1-бөлігі), ауырлататын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының 1-бөлігі) жатады. 14 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға: ұрлық (ҚК-тің 175-бабы), тонау (ҚК-тің 178-бабы), қарақшылық (ҚК-тің 179-бабы), қорқытып алушылық (ҚК-тің 181-бабы), ауырлататын мән-жайларда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену (ҚК-тің 185-бабының 2-4-бөліктері), ауырлататын мән-жайларда бөтен адамның мүлкін қасақана жағу немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының 2, 3-бөліктері) .

Субъективтік жағынан меншікке қарсы қылмыстар тікелей ниетпен жасалынады, меншікке қарсы тек бір қылмыс қана - бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүл-діру (ҚК-тің 188-бабы) кінәнің абайсыз формасында жасалуы мүмкін [4] .

Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді.

Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті нышаны - пайда табуды көздеу немесе сондай себептер. Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарына қарай, мүлікті алумен байланысты ұрлау деп аталған қылмыстарға және ұрлаумен байланысты емес қылмыс-тарға бөлуге болады.

Ұрлауға мына қылмыстар жатады: ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық, ерекше құнды заттарды ұрлау. Пайда табу мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға мыналар жатады: алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интел-лектуалдық меншік құқықтарын бұзу, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену, жерге заттай құқықтарды бұзу. Ал, бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру пайда табу мақсатынсыз жасалған қылмыстарға жатады.

Аталған сұрақты қорытындылай келе біздер меншікке қарсы қылмыстардың заңмен қорғалынатын мүдделерге айтап айтсақ меншік құқығы қатынастарына нұқсан келтіреді. Әлі де болса қылмысытық құқық ғылымында кейбір қылмыс құрамдары бойынша меншікктік қатынастарға қол сұғушылық бағытынан нақты белгілірін анықтауымызға қажетті белгілердің әлі де болса анықталуына жататындығы көрінеді.

  1. Бөтен мүлікті ұрлаудың түсінігі және оның нысандары

Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп таралған және қоғамға едәуір қауіптісі - ұрлау.

Қылмыстық заң, ұрланғандық үшін, оның жасалу тәсілдеріне қарай нақты жауаптылық қарастырған. ҚК-тің тиісті баптарына бөліп, нормативтік тұрғыдан бекіткен, оларға ұрлаудың мына формалары жатады: ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау және қарақшылық.

Ұрлау түсінігін анықтаудың және оның негізгі элементтеріне сипаттама берудің ұрлаудың барлық формаларына тән нышандарды айқындауға және бөлектеуге мүмкіндік беретіндігі, ұрлаудың нақты формаларына талдау жасауды жеңілдететіндігі, оларды меншікке қарсы басқа қылмыстардан, басқа объектіге қол сұғушылықтан, сондай-ақ қылмыстық заңмен жазаланбайтын әре-кеттерден шектеуге көмектесетіндігі қылмыстық заң ғылымында құптау тапқан [5. 11 б. ] . Қазіргі кезде ұрлау түсінігі Қа-зақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде өзінің заңдық бекімін тапты. Мысалы, ҚК-тің 175-бабы-ның ескертуінде былай делінген: ”Осы кодекстің баптарында ұрлау деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне за-лал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады”. Ұрлау түсінігіне берілген бұл анықтамадан көретініміз, ғалым-заңгерлер ұсынған, заң талаптарына жауап беретін топтама түсініктер ішінен заң шығарушы ”алу” терминін мойындаған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі ”Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы” қаулысында да ұрлауға, бір-қатар ауытқылармен, осы тектес анықтама берілген: ”Бөтен мүлікті ұрлау дегеніміз - меншік иесінің мүлкін пайдакүнемдік мақсатта заңсыз, қайтарымсыз алу және оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру”.

Заңмен берілген анықтамадан ұрлаудың объективтік жағынан сипаттайтын мына нышандарды бөліп алуға болады:

1) мүлікті алу;

2) алудың заңға қайшылығы;

3) алудың қайтарымсыз болуы;

4) пайдакүнемдік мақсат;

”Алу” түсінігі ұрлаудың қарақшылықтан басқа барлық мүмкін болатын жеке тәсілдерін қамтиды. Ал қарақшылықты алатын болсақ, заң шығарушы оның аяқталу кезін мүлікті иелену мақсатында шабуыл жасау кезеңіне аударған. Бұл нышан қылмыс затына заңға қайшы ықпал жасаудың сыртқа процесін неғұрлым дәл бейнелейді және белгілі бір шамада қылмыстық-құқықтық қорғау объектісіне зиян келтіру тетігін сипаттайды, себебі алу әр-қашанда заңсыз қылмыспен, ұрланған мүліктің меншік қатынастарына қатысушылардың (жақтардың) әлеуметтік байланыстарындағы құрылымында орнын өзгертуімен ұштасқан, ол байланысты қалай да бұзады, оның қалыпты дамуына нұқсан келтіреді.

Кәсіпорын қорына әлі келіп түспеген мүлікті алу, белгілі бір мән-жайларда ҚК-тің 182-бабында көзделген қылмыстың құрамын береді, атап айтқанда ол - алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтікбелгілері
БӨТЕН МҮЛІКТІ ТОНАУДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУДЫҢ НЫСАНДАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
БӨТЕННІҢ МЕНШІГІН ҰРЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ
Алаяқтық және онымен күресудің проблемалары мен болашақ мәселелері
Бөтен мүлікті ұрлаудың объектісі
ҰРЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС, ПАЙДА ТАБУ МАҚСАТЫНДА МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАР
Көлік құралдарын заңсыз иеленудің түсінігі мен ол үшін белгіленген қылмыстық жауаптылықтың пайда болу тарихы және оның мәні
Қарақшылықпен күрестің криминологиялық, қылмыстық – құқықтық мәселелерін теориялық тұрғыдан зерттеу және қылмыстылықтың алдын алу жолдарын анықтау
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығындағы қылмыстық ұрып соғу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz