Мектеп жасына дейінгі жетім балалардың моторлы аясының жағдайы мен түзетудің кейбір жолдары


Мектеп жасына дейінгі жетім балалардың моторлы аясының жағдайы мен түзетудің кейбір жолдары
Жоспар
Кіріспе . . .
І БӨЛІМ. Мәселеге теориялық шолу
1. 1. Жетім балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы проблемалар . . .
1. 2. Моторлы аяның табиғаты мен даму механизмі . . .
1. 3. Қалыпты баладағы мотордың дамуы . . .
1. 4. Моторлы ая мен сөйлеу тілі . . .
ІІ БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі жетім балалардың моторлы аясының жағдайы
2. 1. Жетім балалардың моторлы аясының жағдайын тексерудің әдістемесі. .
2. 2. Моторлы аясын тексерудің қорытындылары . . .
ІІІ БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі балалардың моторлы аясының қалыптасуы
3. 1. Жалпы моториканы дамытуға арналған жаттығулар кешені . . .
3. 2. Ұсақ моториканы түзету . . .
3. 3. Артикулияциялық моториканың дамуы . . .
3. 4. Оқытылудағы эксперименттің қорытындылары . . .
Қорытынды . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Арнайы зерттеулер көрсеткендей (Беккер К., Совак М., Фомина Л. В. ) мектеп жасына дейінгі балалардың көбісінің үлкен моторкасы мен қолдың жұқа қозғалысы және саусақтары өз деңгейіне сәйкес қалыптаспаған. Жұқа моторканы дамуда артта қалған.
Бұл проблема бірнеше жыл бойы зерттеудің негізіне айналып отыр. Қол, қол саусақтарының және мүшелердің артикулияциясының моторкасының дамуында өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктер логопед жұмысына ауқымды мүмкіндіктер ашады.
Қазіргі таңдағы зерттеулерге жүгінсек көптеген жұмыстардың артикулияциялық аппаратты зерттеу мен сөйлеу тілі аппаратына әсер ету мақсатына арналған ұсыныстар мен әдіснамалық жұмыстарда, дыбыстаудағы бұзылуларды түзету мен жөндеуге және т. б. ғана арналғанын байқау қиын емес. Моторлы аяға келер болсақ оған көңілдің аз бөлінетіні сондай көп ақпараттар ағымында елеусіз қалып қалады. Тәжірибе де жалпы моторканы дамыту үшін көп болса физминутка қолданылады, онда да кейбір жағдай да физикалық шаршауды басуға бағытталады. Ал егер ұсақ моторканың дамуына келер болсақ, оның мағынасы жиі дұрыс бағаланбай жатады.
Ал (М. М. Кольцов., Е. И. Исенина және т. б. ) ал жақындағы мектеп жасындағы балардың сөйлеу тілінің дамуы мен моториканың өзара тығыз байланысы жайындағы зерттеулері тәжірбиелі жұмыскерлер тарапынан сұраныс туғызбауда.
Баланың толыққанды білім алуына керек танымдық үрдістің дамуының жоғары деңгейінің болуымен қоса бірден-бір шарт ол жасына сәйкес моторының дамуы болып саналады. Бұл үшін моторлы аяны арнайы зерттеу қажет әсіресе оның жетіспеушілік белгілері байқалған жағдайда. Мұның маңыздылығы басқа себептерге де байланысты. Аты аталған зерттеушілер (Бернштейн И. А., Кольцов М. М., Озерецкий Н. И. және т. б. ) психикалық дамуы мен ми қызметінің дамуының қозғалыс активтілігі моториканың жағдайына байланысты, тәуелді екендігін, оған әсер ететінін көрсетеді. Моторлы аядағы дамудың өзгерісі оқу шығармашылығында белгілі бір қиындықтар туғызады, әсіресе әрекеттің мақсатқа бағытталған түрі сурет салуда, қол жұмысы және т. б. анық көрінеді.
Әдебиетте жетім балалардың моторлы аясының жағдайын сипаттап және оның сөйлеу тілінің дамуымен өзара байланысын көрсеткен. Балалар үйіндегі тәжірибе жұмысын зерттеуде тәрбиеленушілердің барлығының бірдей моторлы аясының даму мүмкіндігі жүзеге аса бермейтінін көрдік. Моторлы аяны тексергенде оның кемістіктері жиі байқалады да, ал жұқа дифференцияланған қозғалыстар, арнайы диагностикалық пробаны қажет ететіндер әрең көрініп, байқалмай да жатады.
Жоғарыда айтылғандар біз арнайы зерттеу нысанасы етіп алып отырғанның актуалдылығы мен тәжірбиелік мәселенің құндылығын көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты. Жабық түрдегі мекемелердегі жетім балалардың моторлы аясының дамуындағы тәжірибе жұмысында қалыптасқан жетілдіру жолдарын анықтауға бағытталады.
Зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі жетім балалардың дамуының түзету-педагогикалық үрдісі.
Зерттеу пәні. Мектеп жасына дейінгі жетім балалардың моторлы аясының дамуы.
Зерттеудің мақсаты жүзеге асу үшін біз келесі міндеттерді алға тартамыз.
- Мектеп жасына дейінгі жетім балалардың моторлы аясының дамуы мен жағдайы проблемасының теориялық негізі;
- Моторлы аяның дамуы бойынша балалар үйіндегі тәжірбие жұмыстарын зерттеу;
- Мектеп жасына дейінгі жетім балалардың моторлы аясының жағдайын көрсету;
- Мектеп жасына дейінгілердің моторлы аясының қалыптасуы;
- Балалар үйінің жағдайында түзету жұмыстарын жетілдірудің жолдарын анықтау;
Зерттеу әдістері. Жетім балалардың жалпы, ұсақ және
артикулияциялық моторикасының жағдайын тексеру; проблемаға қатысты әдебиеттер көзін талдау; әңгімелесу; балалар үйі мамандарының жұмыстарын бақылау; эксперименталды зерттеудің әдістері.
Тәжірибелік маңызы. Зерттеу мектеп жасына дейінгі жетім
балалардың моторлы аясын дамыту жөніндегі ұсыныс жұмысын жасаудан тұрады.
Теориялық маңызы. Мектеп жасына дейінгі жетім балалардың моторлы аясының дамуы мен жағдайына арналған сұрақтарға қосымша мәліметтер ретінде ұсынылады.
І БӨЛІМ. Мәселеге теориялық шолу
Біз қарастырған проблеманың әдебиет тізімдеріне бұл тарауда шолу жасалған.
- Жетім балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы проблемалар
Педагогика ғылымы мен практика мектеп жасына дейінгі балаларды
қоғамдық тәрбиелеуде отбасымен бірігуі олардың психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететінін айтады. Алайда белгілі бір себептерден ата-ананың қарауынан айырылған балалар мен бала-бақшаға барып, ата-анасымен бірге тұратын балалардың өмірінен өте көп айырмашылықтары бар. Мұндай балалардың тәрбиеленудегі жалғыз ортасы болып мектепге дейінгі жабық түрдегі мекеме - балалар үйі. Барлық балалар бірегей бағдарламалар бойынша оқытылады, ал отбасында өмір сүретін және отбасысыз өмір сүретін балалардың білім алуда тең мүмкіндік болатынына кепілдік беру тиіс.
Әрине отбасында өмір сүрмейтін балалар педагог жағынан болсын, не тәрбиешілер жағынан болсын ерекше назарды және қамқорлықты талап ететіні түсінікті жайт.
Отбасында өскен және отбасысыз өскен балаларды өмірімен тәрбиесі оларды психикалық дамуына күшті ықпал ететінін әртүрлі тәжірбие көрсетуде. Авторлар (Залысина И. А., Смирнов Е. О. ) мектеп жасындағы отбасысыз өскен балалардың техникалық дамуындағы бірнеше арнайы өзгешеліктерді көрсеткен болатын. Баланың жалпы психикалық дамуындағы негізгі шарт пен қозғаушы күш - ол үлкендермен қарым -қатынас жасау. Зерттеушілер отбасында өскен баламен балалар үйінде өскен баланың қарым-қатынас характерін салыстырып көріп олардың психикалық дамуындағы негізгі көрсеткіш - қарым-қатынас деп шешті. Бұл балалар отбасында өскен балаларға қарағанда үлкендерге деген зор қызығушылықтарын танытты. Балалар үйінде тәрбиеленетін балаларда мектеп жасының соңына дейін үлкендердің назары мен қамқорлығына мұқтаждықтары доминант болып қалады. Балалар үйінің тәрбиеленушілері ол құрдастарымен қарым-қатынасқа деген құлшынысы төмен байқалады. Ол өзге балаларға үш реттен де төмен жүгінеді. Сонымен қоса қатынас кезінде балалар бір жақты және эмоциясы аз. Қатынас жай ғана жүгіну мен нұсқаулардан тұрады.
Осылай отбасында тәрбиеленген және отбасысыз тәрбиеленген балалардың үлкендермен және қатарластарымен қарым-қатынасының дамуында маңызды айырмашылықтар бар екендігін көрсетті.
- Моторлы аяның табиғаты мен даму механизмі
Моторлы аяның астарында ерікті қозғалыстар мен қозғалыс
әрекеттерінің кешенінің жатқанын түсіну керек.
Моторика - адамның ең қиын психикалық функцияларының қатарына жатады. Ол тегіне қарай шартты рефлективті, көп звеналы афферентті және эфферентті күрделі құраммен сипатталады, өзіне көп деңгейді және деңгей астарын кіргізеді иерархиялық ұйымдастырылған жүйеден немесе күрделі функционалдық жүйеден тұрады.
Моторика - бұл әр түрлі тектегі афферентті импульстар басқаратын және әрқилы жүйке жүйесінің құрылымдарымен реттелетін, әртүрлі қозғалыс актілерінің бірегей жиынтығы. Баланың қозғалысының дамуы оның сөйлеу тілінің «бекуі» мен стимуляция факторы ретінде қарастырылады. Моториканың дамуы сөйлеу тілінің дамуы үшін маңызды яғни қозғалыс үрдісінің және қабілеттің қалыптасуы сөйлеу тілінің дамуына негіз болып табылады. Емшектегі бала өзінің моторлы жүйесін ең алдымен бірнеше кординацияланылған қозғалыстар арқылы дамытады, кейін оған деген қажеттілігін сезеді. Егер қозғалысқа деген қажеттілік өте көп шектеліп немесе күшпен тоқтатылатын болса, ол моторлы дамуды тоқтатады, олар бұзылуға әкеп соғады, жүйке психикалық функцияның қалыптасуына оның ішінде сөйлеу тіліне де кері әсерін тигізеді. Бұл қозғалыстың ағзаның өмір тіршілігінің көрсеткіштерінің негізгілері болып саналатындығымен байланысты. Сондықтан сөйлеу тілінің дамуында ерекше маңызға ие қол мен артикулияция мүшелерінің моторикасының дамуы болып табылады. Мотор дамуының астарын жаңа қозғалысқа ие болу оны нақтылау, бекіту және қолдануды түсінуге болады.
Қозғалыс координациясы моторлы дамуда ең маңызды болып саналады. Оның қалыптасуымен барлық ағзалардың және жүйелердің функцианалды мүмкіндіктерінің дамуы тығыз байланысты. Менель К. Координацияны «орталық ұғым» деп атады, ол координациялық барлық қозғалыс белгілерін сипаттайды.
Бала онтогенезінде қозғалыс функцияларының дамуы, үрдісі өте баяу жүреді, көп жылдар не айлар кетеді. Сөзді дәлелдеу үшін дені сау балалардың психанаторлы дамуының жас ерекшілік нормативтерін, қозғалыс функциялары мен балалардың туылғанынан бастап сөйлеу тілінің дамуын параллельді көрсетеміз.
- Қалыпты жағдайдағы баланың моторикасының дамуы.
Қалыпты жағдайдағы баланың моторикасының дамуын көрсету үшін
(О. А. Бадалян бойынша) төмендегі кезеңдерді айтуға болады.
1 кезең - туылғаннан 4 айға дейін. Бұл кезеңде моторлы дамудың арықарайғы негізі қалыптасады - бастың дұрыс ұстауына, оның кеңістіктегі еркін бейімделуіне мүмкіндікті берік бақылау, сонымен қатар туғанда пайда болған рефлекторлы қозғалыс автоматирлері өшеді.
2 кезең - 5-тен 6 айға дейін. Бала отырудың алғашқы функциясын үйренеді.
3 кезең - 7 айдан 8 айға дейін. Еңбектеуді үйренеді.
4 кезең - 9 айдан 12 айға дейін. Қозғалыс механизмдерінің дамуы тұруды және тік тұру жағдайын сақтау.
5 кезең - 13 айдан 18 айға дейін. Өз бетінше жүру дененің тепе-теңдігін сақтау үшін қолдың қатысуының көмегімен іске асады.
6 кезең - 14 айдан 24 айға дейін. Өз бетінше жүруде жетілу қозғалыс кезінде монипулятивті іскерлікте қолдың ысырылуы.
7 кезең - 25 айдан 30 айға дейін. Жұқа қозғалыс қабілетінің жетілуі заттың - практикалық іскерліктің дамуына себепші болуы және үлкенділі, формасы жайлы алғашқы көзқарастардың оның негізі бойынша қалыптастыру. Баланың сөйлеу тілінің даму периодымен сәйкес келу.
8 кезең - 2, 5-дан 3 жасқа дейін. Жүру кезіндегі тепе-теңдікті жетілдіру. Бала бір қолына затты ұстап жүре алады, баспалдақпен көтеріле алады, допты лақтыруға, қағып алуға мүмкіндігі болады. Және ол тепе-теңдігін сақтайды. Қол мен және саусақтарын меңгеруде жетілген. Өз бетінше қасықтар мен шанышқыларды қолдана алады. Дене сызбасы бойынша көзқарастар сызбасын дамыту.
9 кезең - 3 жастан 7 жасқа дейін. Қозғалыс функциясын жетілдіру осы кезеңде жүреді. Қозғалыс біршама координацияланылған болады. Ол ойын іскерлігіне әсер етеді. Алайда мектепке дейінгі оқушылардың қозғалыс координациясы үлкен балалардың және ересектерде жақсы сипатқа ие. Тек 7-ге толғанда ғана балалар координациялық пробаларын сенімді атқаруды бастайды.
- Моторлы ая мен сөйлеу тілі
Баланың толыққанды дамуының негізгі шарты болып ересектермен
қатынасы болып саналады.
Отбасында өскен бала ересектермен қарым-қатынас үрдісінде 2 айынан бастап сөйлеуге дейінгі коммуникация құралын меңгереді, ол өзі және қоршаған ортасы жайлы көзқарас қалыптастырады.
Ақырындап ода сөйлеу тілінің алғы шарттары дамиды. Балалар үйінде тәрбиеленген балалардың сөзге дейінгі коммуникация құралының дамуында артта қалушылықтың болуы заңды құбылыс, сонымен қоса танымдық үрдісте баяулайды., нәтижесінде тұрақты жағымды өзін-өзі сезінуі, қоршаған ортаға деген активті позиция қалыптасады. Пассив балалардың инициативасы да аз. Жалпы мағлұматтар мен ой-танымдары шектеулі, парасаттылық іскерлік қабілеті қалыптаспаған, сөздік қоры кедей.
Балалар үйінде тәрбиеленген балалар, отбасында тәрбиеленген балалардан тағы бір айырмашылығы фонематикалық және тактикалық қабылдауы, оптика кеңістік синтезі, көру моторлы координациясы жеткіліксіз. Олардың сөйлеу тілінде грамматикалық формалар қалыптаспаған, примитивті қарым-қатынас формасымен сипатталады.
Бұл балалардың психикалық дамуындағы жетіспеушіліктерді Боханова Л. В. зерттей келе қол іс-әрекетіне негізделген сөйлеу тілі жұмысының әдістемесін негізгі алды. Қол іс-әрекеті үрдісіндегі сөйлеу тілінің дамуы үшін жұмыс істей отырып, сонымен бірге қарым-қатынастың сөйлеу тілі қабілетімен ол осы балалардың көру-кеңістік ой-танымын оптико - моторлық координациясын жалпы моториканы қалыптастырады. Қол еңбегінің үрдісінде балалар ұсақ қол саусақтарының бұлшық еттерін дамытты, бұл балаларды мектепке дайындауда маңыздылыққа ие.
Басқа да қозғалыс функцияларымен қатар қол саусақтары да ерекше маңызды, өйткені ол жоғарғы жүйкелік іскерліктің дамуына өте күшті ықпал етеді. Бектерев В. М. «қолдың қозғалысы әрқашанда сөйлеу тілімен тығыз байланысты екендігін оның дамуына әсер ететіндігін» жазған болатын.
«Моторлы сөйлеу тілінің» қалыптасуы үрдісі белгілі бір деңгейде қозғалыс аясының бүтіндей тәуелдігіне байланысты.
Кольцова М. М. және Руденева М. И. -дің эксперименталды зерттеулер жүргізгенде байқағанымыз шектеулі қозғалыстар балалардың сөйлеу тілі реакциясының сапасын төмендетуге тез жақындатады екен. Сондықтан қол саусақтарының жұқа қозғалыстарын шынықтыру сөйлеу тілінің дамуына жалпы моториканың шынығуына қарағанда көп жағдайда әсер етуі тиіс. Фамина Л. В-нің жасаған эксперименттерінен көретініміз қолдың жұқа қозғалыстарын жаттықтырғанда да уыс реакциялары қарқынды дамып қана қоймай, нәтижесінде өте қатты жетілуге де ие болады. Фамина Л. В. «Сөйлеу тілінің даму деңгейі біртіндеп қол саусақтарының қозғалысының дамуымен сәйкес келеді» деп жазған. Тәжірбиелік жақтан маникулятивті іскерліктің дамуы, еркін қозғалыстың дамуы, ескерту мен балалардағы сөйлеу тілінің бұзылуын жоюда кешенді жүйенің маңызды бөлімі деп айтуға негіз болады.
Физиологтардың, психологтардың, педагогтардың көптеген зерттеулерінде сөйлеу тілінің дамуы мен моторика жағдайының арасындағы өзара тығыз байланыс байқалады, яғни қозғалыс аясының кемшіліктері сөйлеу тілінің жалпы даму жағдайына кері әсерін тигізетіндігі байқалады.
Осылай біз әдебиеттерге жүргізілген талдаулар аталмыш зерттеудің тақырыбының маңыздылығы, моторлы аяның жағдайына байланысты мектеп жасына дейінгі жетім балалардың жалпы жағдайын, ұсақ, артикулияциялық моторикасы мәселелерін жіті зерттеудің тәжірибелік маңыздылығына жайлы тағы да басып айтуға негіз болып табылады.
ІІ БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі жетім балалардың моторлы аясының жағдайы.
Бұл тарауда мектеп жасына дейінгі жетім балалардың моторлы аясын тексерудегі нәтижелер сипатталған. Әсіресе жалпы жағдай, ұсақ, артикулияциялық моторика сөз болады.
Зерттеу «Үміт» атты Алматы қаласының балалар үйінің аумағында жүргізілді. Экспериментте 6 жастағы 20 бала қатысты. Салыстыру үшін біз № 111 балалар бақшасында жалпы тәрбие алатын 20 баланы тексердік. Жалпы нысанаға алынған балалар саны 40.
2. 1. Жетім балалардың моторлы аясының жағдайын тексерудегі әдістеме.
Моторлы аясының жағдайын көрсету үшін біз әдебиеттерде бар Озерецкий И. И -дің шкала тестерін өзіміз өз бетімізше құрастырып модифицирование жасадық.
Моториканың жалпы жағдайын тексеру әдістемесі.
Төмендегі тапсырмаларды қолдану көзделеді:
- Қозғалыстың статикалық координациясы
- Қозғалыстың динамикалық координациясы
- Қозғалыстың ауыспалылығы
- Қозғалыс дифференцациясы
- Киностетикалық гнозис
- Қозғалыстың оптико-киностетикалық координациясы
- Қозғалыстың ырғақтық ұйымдастырылуы
Моториканың жалпы жағдайын тексеруде біз Озерецкий Н. М. -дің
шкала тестін қолдануды кеңес береміз.
Балалардан ең алдымен сөздік нұсқау жаттығуларын орындауларын
талап етті. Қиындықтар туған жағдайда қозғалыстар үлкендер көрсеткен үлгі бойынша жасалды. Келесі көмек түрі қозғалысты икемдеп отырып орындау яғни үлкен мен баланың қозғалысы параллельді түрде жүрді.
Қозғалыстың статикалық координациясын бағалауда келесі жаттығулар берілді.
- Қолды екі жаққа серпу, сол аяқтың ұшы оң аяқтың үстіне қойылады, табан түзу тұру керек. Дәл осылай он бес секунд көзді жұмып тұру керек. Егер тапсырма балаға қиын болса, бөксені қимылдатуға рұқсат беріледі, тепе-теңдікті сақтау үшін қол да көмекке келеді. Егер өте қиын болса, көзді ашып тұрып жаттығуды орындауға рұқсат етіледі.
- Аяқтың «ұшымен» он секунд көзді ашып тұрады. Қол бос ұсталып аяқ берік тіреледі. Қол көмекке келе алады, аяқ саусақтарының ұшы мен не толық тұруға рұқсат беріледі.
- Қол бос жіберіледі. Кезек пен кезек көзді ашып тұрып біресе оң аяқты, біресе сол аяқты көтеріп он секунд тұру керек. Егер бала жаттығуды орындауға қиналса, көтеріп тұрған аяғын түсіруге, аяғын еденге тигізуге, қол мен көмек жасауға, аяқ ұшымен тұруға рұқсат етіледі.
- Қол бос жіберіліп, көз жұмылады. Оң аяқпен тұрып, сол аяқты он секунд көтеріп тұрады. Бірнеше минут үзілістен соң қайталанады. Егер қиын болса бұл жаттығуды былай орындауға болады: бала денесін бос ұстап, көзін жұмып тұрады. Бөксені қимылдатуға, аяқ ұшымен тұруға рұқсат беріледі.
- Аяқ жиналған, қол бос жіберілген. Көзді жұмып аяқтың ұшымен он бес минут тұру керек. Әлсіз тербелу барлық жаттығу барысында аяқ ұшымен не түбегейлі аяқты басып тұруға рұқсат етіледі.
- Қол мықынға қойылады. Сол аяқты тізеге дейін бүгіп, артқа тарту керек. Аяқтың ұшымен, көзі ашық күйінде он секунд тұру керек. Демалған соң дәл солай сол аяқпен жасайды. Жаттығуды орындау өте қиын сондықтан қолдың көмегімен оны жасауға рұқсат етіледі. Босаңсу бөксені қимылдатуға аяқтың ұшымен көтерілуге және толық тұруға рұқсат беріледі.
- Бұл жаттығуды көзді жұмып жасайды. Бұл балаларға алдыңғы жаттығуды жақсы жасағанда ғана ұсынылады. Позаны ұстау баяғыдай.
- Аяқты және қолды алға созады. Позаны сақтайды. Ең алдымен жаттығуды қосу тәрізді орындап, содан соң жеке орындайды.
- Қолды алға созып, аяқты екі жаққа қойып, позаны ұстап тұру.
Қозғалыстың динамикалық координациясын бағалауға арналған жаттығу.
- Алға жүру
- Артқа жүру
- Бір қырымен жүру
- Бұрылу
- Секіру
А. Екі аяқпен бірге секіру. Қозғалыс екі аяқпен бір мезгілде жасалуы керек, аяқ аздап тіземен бүгіледі.
Б. Қол мықында, оң аяқпен алға жылжып секіру. Үзілістен соң сол аяқпен жасау. Бала түзу сызықтан жарты метрден артық ауытқымауын қадағалау керек, қол бұлғамауы тиіс.
В. Еденге отырып, қолдың көмегісіз тұруы қажет.
Қозғалыстың ауыспалылығын бағалауда келесі жаттығулар пайдаланылады:
- Қолды жоғары, алға, ек жаққа, белге және т. б. қою.
- Үзіліс жасай отырып бір орында секіру: бала бір аяқпен секіріп бастайды, содан соң тоқтамайды, аяғын ауыстырады, секіруді екінші аяқпен тоқтамай жалғастырып кету және т. б.
Қозғалыс дифференцациясын бағалау мынадай қозғалыс
топтамалары арқылы іске асады.
- Қолды алға созу
- Аяқты екі жаққа қою
- Басты төмен салу
- Басты оңға, солға бұру
- Басты артқа салу
Балалар жаттығуды тез және дұрыс жасауы тиіс.
Кинестетикалық гнозисті бағалау мақсатында келесі тапсырмалар
балаларға ұсынылады:
Бала көзін жұмады, экспериментатор оның қолын белгілі бір жағдайға қояды. Бала көзін ашқан соң оны қайта кері жасайды, содан соң екінші қолымен жасайды.
- Иекті үстелге тіреп сыртқы бұрышын үстел еніне тоқсан градусқа бұрып қояды.
- Дәл солай, бірақ иықтың бұрышын қырық бес градусқа қояды.
- Қолды бөкседен тоқсан градусқа алшақ салу
- Қолды бөкседен қырық бес градусқа алшақ салу.
Қозғалыстың оптико-кинетикалық координациясын бағалау үшін балалар экспериментатор көрсеткен үлгіге мұқият қарап соны көзді жұмып қайта жасату керек.
- Оң қол иыққа қойылады
- Сол қол мойынға қойылады
- Оң қол иыққа, сол қол белге қойылады
- Оң аяқты тізеден жинап ішке қарай бұрылу қажет
- Сол аяқты алға өкшеге қою керек.
- Аяқтарды саусақтар жанасып етіп қою керек, ал өкше алшақ тұру керек. Жаттығуды жасағанда қателік кетсе, қайта жасалады.
Қозғалыстың ырғақтық ұйымдастыруын бағалау үшін төмендегі жаттығу пайдаланылады.
Тез және ақырын темпте екі минут ішінде қозғалыс жасалады, темп есебі 15 секунд сайын өзгереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz