Қазақ тарихи-этнографиясының экспозицияда алатын орны (тұжырымдама)
Алматы тарихы музейіндегі қазақтардың тарихи экспозициясы қазақ хандығы дәуірінен басталады.
Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде ежелгі сақ заманынан, қағандық-ұлыстардың дәстүрінде, Әбілхайыр ұлысынан ірге ажыратып, өздеріне қарасты ру-тайпалармен Шу, Іле бойындағы Қозыбасы өңірінде Керей мен Жәнібек сұлтандар бүгінгі Қазақстан аумағында ХҮғ-дың ортасында (1465-66жж) бой көтерді. Қазақ хандығы билік болмысында көшпелі қоғамға тән хан-төрелік құрылысты мирас етіп, саяси-экономикалық дербестігі мен аумақтық тұтастығын әрқашан нығайтып отырды. Жасақ ұстау, қала бекініс тұрғызу, ақша-теңге шығару елдермен сауда-экономикалық және саяси-дипломатиялық қарым-қатнас кеңейту т.б. іргелі мемлекеттік жүйеге тән құрылымды шыңдады. Сонымен бірге шаруашылығы мен кәсіпшілігін ұлттық салт-дәстүрлерін тіл ортақтығын берік сақтап өзіндік этно-мәдени келбетін қалыптастырды.
Хан-орта ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Бұл билік атадан балаға мұра ретінде қалдырылып отырды. Ханның қолында мемлекеттік маңызы бар көптеген өкілеттік болған. Ол аса маңызды саяси-экономикалық мәселелерді шешумен қатар өз атынан бұйрық шығарып отырған. Елді басқаруда хан қасындағы билік жүйесіндегі рубасы, би-батырлардың, сұлтандардың ақыл айтатын ақсақалдардың ақылына сүйенген, әсіресе хандықтардың тұсында «Тура биде туған жоқ» деп әрқашанда әділ шешім шығарып отырған – билер соты болған. (Әйтеке, Төле, Қазыбек) Ханның мұрагерін сұлтан деп атаған. Қазақ хандығының орнығып, өрлеуі Қасым ханның атымен байланысты. Қасым ханның тұсында қазақтардың саны 1 млн-ға жетіп, қазақ хандығының аумағы кеңейіп, хандықты іргелі мемлекетке айналдырады. Қазақ ордасын ұзақ жылдар билеген – Хақназар, Тәуекел,еңсегей бойлы Есім хандардың тұсында да Қазақ хандығының күш-қуаты бұрынғыдан артып, толыға түседі. Салқам Жәңгір, әз Тәуке хандардың билік құрған кезеңі Жоңғар шапқыншылығымен тұстас келеді. Әз Тәукенің жанындағы кеңес жасаған «Жеті жарғы» заңдар жинағы қазақтың ХҮІІ-ХҮІІІ ғ-дағы әдет-ғұрып ережелерінің жиынтығы ретінде белгілі.
ХҮІІІ ғасырда Қазақ хандығының шекарасын ұлғайтып, үш жүздің басын біріктірген, қазақ халқының ұлы мемлекет қайраткері- Абылай хан (1711-1781жж) кезінде Қытай, Ресей мемлекетімен саяси-дипломатиялық қарым-қатнас орнатқан, халықаралық жағдайын нығайтып, мемлекеттің бірлігін қалпына келтірген дипломат.
ХІХ ғасырда қазақ жерін Ресей империясының отарлау саясаты күшейді, осы кезде 1841 жылы хандық билікті Абылай ханның немересі Кенесары қолына алды. Бірақ бұл хандықтың ғұмыры қысқа болды. Қазақ дәстүрінде алтын таққа отырған хандардың орны жоғары болған. Қазақ халқы хандарын сыйлап, ақ киізге көтеріп отырған. Қазақ хандары халқын, туған жерін құрметтеген, игі жақсыларын сыйлаған, елдің жауына алдымен қарсы тұрған. Хандардың ішінде жауымен жағаласып, шапқыншылықта қаза тапқандары аз емес. ХІХ ғасырда Ресейдің Қазақстанды отарлау үшін жүргізген саясаты хандық билікті түбірімен жойды.
Экспозицияда: ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының картасы, Қазақ хандарының атрибуттары: Ханның киімі: айырқалпақ, арнайы ою-өрнекті шапан кию,байрақ басы, өрнекті кемер белдік(былғары күміс) буыну, жеке мөр-жүзік тағу және хандардың мөрі басылған хаттары немесе қолжазбаларын қоюға болады. Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орны өте жоғары болды. Сол ұлы билердің суреттері немесе бас мүсіні қойылса.

Алматы тарихы музейіндегі қазақтардың тарихи экспозициясы қазақ
хандығы дәуірінен басталады.
Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде ежелгі сақ заманынан,
қағандық-ұлыстардың дәстүрінде, Әбілхайыр ұлысынан ірге ажыратып, өздеріне
қарасты ру-тайпалармен Шу, Іле бойындағы Қозыбасы өңірінде Керей мен
Жәнібек сұлтандар бүгінгі Қазақстан аумағында ХҮғ-дың ортасында (1465-
66жж) бой көтерді. Қазақ хандығы билік болмысында көшпелі қоғамға тән хан-
төрелік құрылысты мирас етіп, саяси-экономикалық дербестігі мен аумақтық
тұтастығын әрқашан нығайтып отырды. Жасақ ұстау, қала бекініс тұрғызу, ақша-
теңге шығару елдермен сауда-экономикалық және саяси-дипломатиялық қарым-
қатнас кеңейту т.б. іргелі мемлекеттік жүйеге тән құрылымды шыңдады.
Сонымен бірге шаруашылығы мен кәсіпшілігін ұлттық салт-дәстүрлерін тіл
ортақтығын берік сақтап өзіндік этно-мәдени келбетін қалыптастырды.
Хан-орта ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы.
Бұл билік атадан балаға мұра ретінде қалдырылып отырды. Ханның қолында
мемлекеттік маңызы бар көптеген өкілеттік болған. Ол аса маңызды саяси-
экономикалық мәселелерді шешумен қатар өз атынан бұйрық шығарып отырған.
Елді басқаруда хан қасындағы билік жүйесіндегі рубасы, би-батырлардың,
сұлтандардың ақыл айтатын ақсақалдардың ақылына сүйенген, әсіресе
хандықтардың тұсында Тура биде туған жоқ деп әрқашанда әділ шешім
шығарып отырған – билер соты болған. (Әйтеке, Төле, Қазыбек) Ханның
мұрагерін сұлтан деп атаған. Қазақ хандығының орнығып, өрлеуі Қасым ханның
атымен байланысты. Қасым ханның тұсында қазақтардың саны 1 млн-ға жетіп,
қазақ хандығының аумағы кеңейіп, хандықты іргелі мемлекетке айналдырады.
Қазақ ордасын ұзақ жылдар билеген – Хақназар, Тәуекел,еңсегей бойлы Есім
хандардың тұсында да Қазақ хандығының күш-қуаты бұрынғыдан артып, толыға
түседі. Салқам Жәңгір, әз Тәуке хандардың билік құрған кезеңі Жоңғар
шапқыншылығымен тұстас келеді. Әз Тәукенің жанындағы кеңес жасаған Жеті
жарғы заңдар жинағы қазақтың ХҮІІ-ХҮІІІ ғ-дағы әдет-ғұрып ережелерінің
жиынтығы ретінде белгілі.
ХҮІІІ ғасырда Қазақ хандығының шекарасын ұлғайтып, үш жүздің басын
біріктірген, қазақ халқының ұлы мемлекет қайраткері- Абылай хан (1711-
1781жж) кезінде Қытай, Ресей мемлекетімен саяси-дипломатиялық қарым-қатнас
орнатқан, халықаралық жағдайын нығайтып, мемлекеттің бірлігін қалпына
келтірген дипломат.
ХІХ ғасырда қазақ жерін Ресей империясының отарлау саясаты күшейді,
осы кезде 1841 жылы хандық билікті Абылай ханның немересі Кенесары қолына
алды. Бірақ бұл хандықтың ғұмыры қысқа болды. Қазақ дәстүрінде алтын таққа
отырған хандардың орны жоғары болған. Қазақ халқы хандарын сыйлап, ақ
киізге көтеріп отырған. Қазақ хандары халқын, туған жерін құрметтеген, игі
жақсыларын сыйлаған, елдің жауына алдымен қарсы тұрған. Хандардың ішінде
жауымен жағаласып, шапқыншылықта қаза тапқандары аз емес. ХІХ ғасырда
Ресейдің Қазақстанды отарлау үшін жүргізген саясаты хандық билікті
түбірімен жойды.
Экспозицияда: ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының картасы, Қазақ
хандарының атрибуттары: Ханның киімі: айырқалпақ, арнайы ою-өрнекті шапан
кию,байрақ басы, өрнекті кемер белдік(былғары күміс) буыну, жеке мөр-жүзік
тағу және хандардың мөрі басылған хаттары немесе қолжазбаларын қоюға
болады. Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орны өте жоғары болды.
Сол ұлы билердің суреттері немесе бас мүсіні қойылса.
Қазақтың киіз үйі
Көшпелілер табиғат тылсымымен үйлесе тіл табысу арқылы экожүйеге
бейімделіп, шыңдалған шаруашылық-мәдени типтерін қалыптастыру жағдайында
әлемдік өркениеттің әйгілі туындысы – киіз үйді дүниеге әкелді. Киіз үй -
өзіндік баға жетпес өнер туындысы бола тұра көшпелілер үшін өмір-салты мен
әдет-ғұрпының, дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы.
Осынау ғажайып өнер туындысымен қазақтардың бүкіл өмірі байланыстырылды,
сондықтан ол күнделікті тұрмыс-тіршілікте ерекше орын иеленді. Өзінің
қызметі жағынан көшпелі өмірге едәуір сай келген киіз үй көшуге аса қолайлы
тұрақ-жай ретінде көшпелі өмір салтының барлық қажеттіліктеріне сай келеді:
икемді, аз уақыт ішінде тез жиналынып, басқа жерге ауыстырылып, қайтадан
тез тігіледі. Көшпелілердің кіші әлеміне айналған киіз үй олардың дәстүрлі
тұрақты мекен орыны болды, өмірінің көп бөлігі осында өтетін. Ол
қазақтардың тіршілік қамы доминантының бірі бола тұра, үй иесінің өнері мен
ауқаттылығының да көрінісі болды. Көшпелi халықтың негiзгi баспанасы болып
келген киiз үйден бастап, үй жиһаздары (мүлiктерi) кiлем, алаша, текемет,
тұскиiз, керме, төсек жабдықтары, түрлі қап, дорбалар сияқты үнемi
қолданыста болып келе жатқан қолөнер бұйымдарының сан алуан үлгiлерi қоғам
мен шаруашылық тiршiлiгiнiң дамып, өрiстей түсуiне байланысты өзгерiп,
жетiлiп, түрлене түсiп отырған. Қазақ қолөнерiнде пайдаланған мал
шаруашылығынан алынатын негiзгi шикiзат түрлерi – терi, жүн, сүйек, мүйiз
болды. Тарихи деректерге қарағанда
адамдар қола дәуiрiнде тас үйлерiн тастап, қоныс аударып, көшпелi өмiр
салтына көшкен тұста киiздiң алғашқы нұсқаларын дүниеге әкелген. Сондай-ақ
археологиялық қазба жұмыстары кезiнде әр жерден кесек киiз, текемет, киiз
тоқым, тағы басқа да киiз жұрнақтары табылды. Киiздiң тұрмысқа мүлiк
ретiнде енуi бұдан әлдеқайда бұрын, тым ерте заманнан басталғанын осындай
қазбалардан табылған жәдiгерлер айғақтайды. Киіз үй космос және әлем
дүниесінің біртұтастығын, игерілген кеңістіктің белгісін білдірді. Оның
шаңырағы үй ішінің ерекше құрметтейтін бөлігі, ұрпақ жалғастығының символы
ретінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Ал, шаңырақ шеңберіндегі
күлдіреуіштің крест түрінде бір-бірімен тоғысуы – табиғаттағы күннің
мәңгілік қозғалыс белгісін, эволюция, өмір дамуын білдірді. Шаңырақ шексіз
аспанның белгісі, мәңгілікке апаратын жол іспеттес. Егер киіз үйге
жоғарыдан төмен қарасақ, онда шаңырақ күнге, ал уық-керегелері оның
сәулелеріне ұқсас. Халық санасындағы нұр жауып тұрған аспанға ұмтылу идеясы
киіз үй құрылысынан да өз көрінісін табады. Қазақтарда шаңырақ береке-
бірлікті білдіріп, бата-тілек бергенде “шаңырағын шайқалмасын” деп жатады.
Мұны отбасы тату-тәтті, бірлікшіл болсын деп түсінуге болады. Ұлттық сана-
сезім, дүниетаным, тәлім жағынан келгенде, шаңырақ - “үй”, “отбасы”,
“әулет” одан жоғары халық ұғымын беретін, қазақ жұртының өсіп-өну
ұйытқысын, дәстүр мен тәрбиесін, біртұтас бірлік-тірлігін білдіретін рухани-
философиялық көркем балама. Шаңырақ арқылы киіз үйдегі адамдар қасиетті
аспан денелерімен: күн, ай және жұлдыздармен байланыс жасайтын. Күн
сәулесінің шаңырақ арқылы киіз үй ішіне түсуіне қазақтар ерекше мән берген.
Киіз үйдің сүйегі дегеніміз- ол кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ.
Киіз үй сыртқы жабысына қарай: үзікті көтерме туырлықты сүйегінің ұсақ-
ірілігіне қарай: үш қанаттан он-он екі қанаттыға дейін, ал салтанатына
қарай: ақ орда, хан орда, қараша үй сияқты түрлерге бөлінеді.
Экспозицияда көрсетілсе: Киіз үй немесе шаңырақ, кереге, уықты жартылай
құрып қазақтардың киіз үйіне лайықталынып жасалған
үй жиһаздары: кебеже, абдыра, кереует, жастық ағаш, жүк аяқ, түскиіз,
кілем.
Төсенетін бұйымдар: алаша, текемет, сырмақ, құрақ көрпеше,
Тұтынатын бұйымдар: аяқ қап, кесе қап, қоржын.
Жүннен жасалған қолөнер бұйымдары.
Жүн өңдеу, киiз басу — белгiлi машық пен шеберлiктi қажет ететiн
күрделi жұмыс барысынан құралады. Жүн сабаудан бастап, шиге шабақтау, ыстық
су құйып орап, бастыру, білектеу сияқты киіз дайын болғанға дейінгі қат-
қабат жұмыстарға ауыл-үйдің барлық жасы қамтылады. Әртүрлі жіп-арқан, бау-
шу есу үшін жүн иіру апалар мойнында. Жүннен әртүрлі тұрмыстық бұйымдар,
киім мен үй жиһаздарын жасады. Көшпелiнiң тiрлiк қамы жүйесiнде орын алатын
негiзгi қажеттiлiктердiң бiрi — киiз үй жамылғылары — туырлық, үзiк және
түндiктер. Қазақ тұрмысында ең көп тараған төсеніш — текемет, сан түрлі
оюмен безендіріліп жасалатын сырмақ пен кестеленген тұскиіздер үйге сән мен
көрік береді. Киізден сондай-ақ, ерге тоқым, киімдер — қалпақ, кебенек,
етікке байпақ, пима және заттар мен бұйымдарды сақтауға, алып жүруге
арналған — аяққап, тең, шабадан, қоржын мен сандыққап жасады.
Тоқымашылық, кілем тоқу. Қой мен түйе жүнінен бау-басқұрлар мен
белдеу бау, алаша, тақыр кілем мен қалы кілем, қоржын, кежім мен ат жабу
сияқты бұйымдарды тоқыған. Үлкен кілемдерді көп болып жұмыла істеген. Оған
шикізатқа негізінен қой жүнімен бірге түйе мен ешкі түбіті де пайдаланылды.
Өрмек деп талатын арнайы құрылғыда тоқылатын кең таралған алаша мен
кілемнің өз ұқсастықтары бар. Алашаны үй еденіне төсеген, кейде керегеге,
үй қабырғасына да тұтқан. Қолөнер және әшекей бұйымдарында, киiм-кешекте
кең қолданылатын қызыл, қара көк, сары, күлгiн, аспан түстес көк өңдердi
қолдану арқылы түрлi ою-өрнектер табиғат көрiнiстерiмен ұштастырыла
бейнелендi. Ши тоқу — шидің өзегін түрлі-түсті жіппен орап, ою-өрнек
шығатындай етіп тоқитын ежелгі өнердің бірі. Ол үшін арасы 1,5 метрлік екі
бағананың арасына көлденең қойылған бақан немесе сырықтың үстіне ши өзегін
ұшына тас байланған түрлі-түсті жіптермен алма-кезек айқастырып, келесі
шиді тағы да жоғарыдағыдай тәсілмен орай отырып жасайды. Осылайша тоқылған
шилер киіз үйдің керегесінің сыртынан туырлықтың ішінен ұстаса, үйдің
ішінде қазан-аяқ жақты қоршап қоюға, құрт кептіретін өреге және киіз басуға
пайдаланды.
Тұрмыстық-сәндiк бұйымдарды, киiмдi әшекейлеу үшiн оларға кестелеп ою-
өрнектер салды. Киiзден жасалатын көлемдi тұскиiздермен қатар мақта-мата,
жiбек пен барқыттан жасалатын сейсеп, шымылдық, орамал, сүлгi, асжаулық
сияқты бұйымдарды өрнектеп кестеледi.
Кестелi бұйымдардың iшiнде ең көрнектiсi болып табылатын тұскиiз — үйге сән
беретiн негiзгi әшекейлiк жиһаз болумен бiрге үй иелерiнiң ауқаты мен
дәрежесiн бiлдiрдi. Ол қыз жасауына кiрiп, қыздың өзi тiгуiмен оның
шеберлiгiн, iсмерлiгiн көретiн болған. Сондықтан, тұскиiз жиһаз ретiнде
практикалық мәндi болып қана қоймай, үйдiң құт-берекесiн бiлдiретiн,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын киелi де асыл бұйым болып саналады
Зергерлік әшекейлерінің түрлері және олардың
мән-мағынасы
Қазақ қоғамында киімнің қымбатын әйел киген, әшекейдің сәндісін әйел
таққан десек артық болмайды. Зергерлердің ең көп жасайтын бұйымдары
қатарына әйелдерге арналған әшекейлер жатады. Әйел әшекейлері тек сән-
салтанат үшін ғана емес, әдет-ғұрып, наным-сенімге де тікелей қатысты
болғандықтан кез-келген әлеуметтік ортаның өкілі өз хал-қадіріне қарай әр-
түрлі әшекейлер иемденуге, оларды тағуға тырысқан. Әшекейіне қарай әйелдің
жасын, әлеуметтік тобын, қай аймақтан екендігін ажыратуға болады. Мысалы,
ауқатты отбасынан шыққан әйелдің әшекейлерінде бағалы тастардан көз
салынған алтындалған әшекейлер мол болды. Олар күрделі көркемдік
шешімдерімен, техникалық жағынан мінсіз орындалуымен ерекшеленді. Бай
әйелдері зергерге бірыңғай нақышта жасалған әшекей бұйымдарының толық
жинағына тапсырыс бере алды. Ал, ауқатты отбасынан шыққан қыздар самағы үш
келіден кем түспейтін күміс әшекейлер тағынды. Зергерлік әшекейлердің саны
мен сипаты әйел жасына орайлас келді. Мысалы, пішіні жағынан кіші,
қарапайым әшекейлерді жасөспірім қыздар тақты. Қыз бой жеткен сайын ол
тағынған әшекейлерде өзгеріп, көркемдік нақыштары көбейе түскен. Ал,
тұрмысқа шыққаннан кейін әйел әшекейі біртіндеп азайып, жасына қарай басқа
нақыштарға ауысты . Олай болса әйел әшекейлерінің негізгі түрлеріне және
олардың атқаратын функциясына тоқталып өтейік:
Сәукеле — әйел әшекейінің ең қымбаты, әрі күрделісі. Сәукеле —
ұзатылатын қыздың өз үйінен киіп шығатын бас киімі. Оның негізін ақ киізден
не болмаса, бірнеше қабат матадан биік конус тәріздендіріп жасайды. Сыртын
қызыл түстес шұға, барқыт сияқты қымбат матамен көмкеріп, құндызбен
жиектейді. Сәукелені тек зергерлер алдын-ала тапсырыс бойынша жасаған. Қыз
әкесі ауқатты болса ұзатылатын қызының сәукелесінен байлығын еш аямаған.
Қымбат сәукелелер зерлі жіппен сырылып, алтындалған күміс күлдіреуіштермен
көмкерілген (Кей жерлерде сәукеле шұбыртпасы деп те атайды – ). Сәукеленің
биіктігі қыздың шыққан тегінің дәулетін білдірген. Алтындалған, күмістелген
күлдіреуіштерін барған жерінің ұрпаған көбейітсін, бала-шағалы болсын деген
мағынада мол салған. Алтын, күміс құймалармен қатар інжу, маржан, ақық
сияқты тастарды да молынан салған. Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке
жеткізе шолпы тәріздендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтары
сәукеленің бетмоншағы деп аталды. Сәукеленің төбесінде алтынмен, күміспен
әшекейленген бергек деп аталатын қатырғы болды. Осы бергекке көбіне ақ
жібек желек орнатылды. Кейде бергекке құстың қауырсындары бекітілді. Оны
қарқара дейді. Сәукеленің алдыға түсіп тұратын екі құлағы мен белге дейін
жететін шашқап тәрізді артқы құлағы да маржан, ақық тастармен әшекейленді.
Сәукелені жас келін той өткенше киген, той өткен оны қадірлеп жоғары жерге
іліп қойған. “Осындай қымбат сәукелелердің Бөкей ордасында кездескен бір
түрінің құны күміс ақшамен 1000 сомға бағаланған. Семей төңірегіндегі
сәукеле құны 2000 сомға жеткен көрінеді. Ал, ХІХ ғ. орта шенінде Жетісу
атырабында жасалып, Петербургтегі Антропология және этнография музейіне
сыйланған бір сәукеле жүз жылқының құнына бағаланғаны белгілі”, - дейді
белгілі ғалым Х.Арғынбаев 16, - 63 б.. Әрине, мұндай қымбат сәукелелер
сирек кездесті. Сәукеленің әрбір деталі ұмтыла сүйірлене біткен пішіні мән-
мағынаға толы. Сәукеленің пішіні мен ою-өрнегінің өзі-ақ көшпелі өмір
сүрген қазақтардың мифологиялық таным-түйсіктерінің қаншалықты терең де бай
болғандығын айқын аңғартады. Ою-өрнектер айналадағы кеңістікті, дүниенің
жаратылысын, адамзат қоғамының қалыптасуын бейнелейді.
Өңіржиек — кеудеге шынжыр арқылы тағылатын, кеудені жауып тұратын
қымбат алқа түріндегі әшекей. Өңіржиекті көбіне ауқатты үйдің қызы немесе
жас келіншектері таққан. Өңіржиек бір-біріне шығыршық арқылы ілінген
бірнеше төртбұрышты немесе дөңес бөліктерден тұрады. Өңіржиектің аса
көркем, әрі күрделі түрлері Қазақстанның батыс және оңтүстік-батыс
аймақтарында кездеседі. Өңіржиектің әр бөлігі сіркелеу, сымкәптеу,
алтындау, тастар орнату әдістерімен әшекейленеді. Мұндай әшекейлер әбден
жұқартылған және қуысталған күміс қабатынан жасалады, арасына ақ балшық
толтырылады. Төменгі бөлігіне сыңғырлауық қоңыраулар, құйма тістер
орнатылады .
Білезік — әйелдерге арналған әшекейдің ең көп кездесетін, әрі
күнделікті қолданатын түрі. Оны қыз-келіншектерде, орта жастағы әйелдер мен
үлкендер де білегіне салады. Білезік алтыннан да, күмістен де соғылған.
Білезіктердің үлкен-кішілігі, ауыр-жеңілдігі әркімнің өз қалауынша болды.
Білезіктердің аталу түрлеріне қарай, олардың бетіне жүргізілетін өрнектер
де түрлі болды:
Бес білезік — бауыр сырты жалпақ, сағат бау тәрізді, топса арқылы
бекітіледі. Топса арқылы білезіктің екі басы бір-біріне бекітіледі.
Білезікке шынжыр арқылы қол үстінен өтетін үзбеге бекітілген үш немесе екі
сақина орнатылады. Бес білезікті қолға тағарда алдымен сақинасын киіп
алады. Бес білезікке асыл тастардан түрлі көздер орнатылып, “ирек”,
“мүйіз”, “құс қанат”, “бөріқұлақ” сияқты күрделі оюлар сымкәптеу тәсілі
арқылы орнатылады.
Жұмыр білезік — кісінің қалауынша жуандығы әр түрлі етіліп, құйма
тәсілімен жасалады. Жұмыр білезікті кейде қолдың басынан білекке қарай
киілетін етіп, екі басын түйістіріп жасайды. Жұмыр білезікке ою-өрнектер
сызу және шеку әдістері арқылы түсіріледі. Жұмыр білезіктің жез қосып
балқытылған және күмістен жасаған түрлері көптеп кездеседі. Мұндай
білезіктерді көбіне егде тартқан әйелдер басының сақинасы ұстаған кезде
(мигрен), қан қысымы көтерілген (давление) уақытта көмектесіп тұрады деп
түсінген.
Өрме білезік — жуан алтын, күміс сымдардан өріп құрастырылып жасалған
түрі. Мұндай білезіктердің екі жақ басы алақан сияқты тұтас келеді. Осы
алақан бетіне “қазтабан”, “жүрекше”, “қос ырғақ” өрнектері сызу арқылы
жүргізіледі. Мұндай білезіктерді жас қыз-келіншектер таққан.
Топсалы білезік — ортасынан екіге қайырып ашылады, екі басы топса
арқылы түйістіріп жабылады. Білезіктің екі ілмек, тиек арқылы жалғасады.
Топсасы мен білезікке кигізілетін ілмек білезік бауырына нәзік тоқылған
шынжыр арқылы жалғасады.
Білезіктің ел арасында үзбелі білезік, қолқа білезік, бұрама білезік,
көзді білезік, орама білезік сияқты түрлері және 4 жас пен 10 жас
аралығындағы қыз балалар қолға тағатын бала білезіктер де кездеседі.
Жүзіктер мен сақиналар қазақ зергерлерінің әйелдерге арнап ең көп
жасайтын әшекей түрі. Сақиналар көбінесе күмістен, кейде алтыннан да
жасалды. Сақина бетіне шапқымен шеку, бізбен безеу әдісімен орындалатын
түрлі ою-өрнектер жүргізілді. Қарапайым сақиналарды егде тартқан әйелдер
салса, көзді сақиналарды көбіне жас қыздар салды. Орта жастағы және егде
тартқан әйелдер көбіне жүзікке араб әріпімен өз аттарын жаздырып алып
отырған. Мұның мәнісі бұл өмірден өткенде сақинамды келінім немесе қызым
алып, атымды оқып, көзімдей көріп жүрсін деген мағынаға саяды. Сақиналардың
тасты сақина, кавказ сақина, ырғақ сақина, моншақты сақина, бұрама сақина
сияқты түрлері кездеседі. Ал, жүзікті қазақтар кейде балдақ деп те
атайды. Сақина мен жүзіктердің киелілігі мен қасиетіне сену ғұрпы қазақтар
арасында кең тараған түсінік. Әдетте, қазақтар әйелдің қолында не жүзігі,
не сақинасы болуы керек деп санаған, ол болмаған жағдайда дайындаған
тағамын арам деп білген. Күмістен сақина, жүзік салған әйел қолынан сусынды
келген қонақ адал деп, сүйсініп ішкен. Халық арасында тасты және шыны
көзді сақиналар кеңінен тараған. Ал, символды түрде күнді бейнелейтін
шеңбер формасындағы сақина, жүзіктертердің өрнегі мен түрлерінің
көркемдік құрылымы мен гормониялық үйлесімділігі көзге түседі.
Құдағи жүзік — іші қуыс етіп жасалған, өте көлемді, аса сәнді жүзік.
Құдағи жүзіктің бауырында екі саусаққа қатар киілетін екі сақинасы болады.
Кейбір құдағи жүзіктерде бір ғана сақина болады. Әдетте, мұны ұзатылған
қыздың енесіне және күйеу жігіт шешесі құдағиына тарту ретінде бір-біріне
арнайы соқтырады. Қыз шешесі қызымды өз қызыңдай көріп, аналық мейіріміңді
төгіп жүр деген ниетпен, күйеу шешесі жақсы қыз тәрбиелегеніңе рахмет,
бізге тастай батып, судай сіңіп келе жатыр деген ниетпен, той өткеннен соң
бір жылдың ішінде тарту ететін кәделі дәстүр. Ал, екі саусаққа қатар
киілетін сақинасы екі баламыздың жұбы жазылмасын деген мағынаны білдірген.
Мұндай жүзіктер төрт саусақ сыртын түгел жауып тұрады. Құдағи жүзіктерді де
көбіне ауқатты құдағилар бір-біріне тарту ете алған.
Құстұмсық жүзік — аты айтып тұрғандай құстың тұмсығы сияқты бір ұшы
үшкірленіп жасалған жүзік. Құстұмсық жүзіктерге сымкәптеу, сіркелеу,
алтындау әдістері арқылы түрлі геометриялық және өсімдік тәріздес оюлар
салынған. Бұл жүзікті ертеректе тұрмысқа шықпаған қыздар салған. Ол “құстай
ерікті” деген мағынаны білдірген. Ұзатылар уақытта болса артынан ерген
сіңілісіне салған, немесе өзі тағып кетіп, барған жерінде қайын сіңілісі
болса, тарту ретінде соның саусағына салған. Көбіне келіндер қыз күнінде
саусағына салған құстұмсық жүзігін сақтап, кейін өзінің қызының немесе
немересінің қолына салған. Сөйтіп, құстұмсық жүзік анасынан қызына
мұрагерлікке қалып отырған. Оны кей өңірлерде “құсмұрын жүзік” деп те
атайды. Бұл жүзіктерде кездесетін өрнектер, өркен жаю, өрістеу идеясын да
білдіреді.
Отау жүзік — сақина үстіне шаңырақ немесе күмбез тәрізді етіп, күміс
сымды бұрап, орау арқылы жасалған жүзік. Бұл жүзікті жаңа түскен келінге
енесі “отауың берік, шаңырағың биік болсын”, - деген мағынада салған. Келін
енесі салған отау жүзікті тек өзінде сақтаған, оны ешкімге бермеген, сыйға
тартпаған.
Шолпы — әйел әшекейлері ішіндегі ең сәндісі. Қазақтар арасында
оның түрлері көп тараған. Шолпыны сән-әшекей ретінде, әрі оның салмағынан
шаш ұзын болып өседі деп таққан. Кеудесіне өңіржиек, шашына шолпы таққан
қыздың мойыны құрықтай болып өскен, бойын тік ұстаған. Шаш қашанда қыздың
сұлулығын білдіріп, тіпті оның тартымдылығы мен сымбаттылығының белгісі
ретінде қабылданған. Шолпы жіп арқылы шаштың, яғни бұрымның ұшына ілінеді.
Бұлар көбінесе қос тоғыз теңгелердің тізбесінен құралады. Теңгелер бір-
біріне жоғарыдан төмен қарай жалғанады. Шолпының сым үзбелер арқылы
жалғасатын, ортасына асыл тастар орнатылған түрлері де кездеседі. Кей
өңірлерде күміс теңгелерге ұқсас дөңгелек пластинакаларды құйып жасап,
содан жүргенде сыңғырлайтын күміс майда қоңыраулар орнату әдісі
қалыптасқан. Қазақта “сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған шолпысы үн қосар”
деген сөз бар. Шолпының қыз тәрбиесінде алатын маңызы да зор. Анасы қашанда
қызына “қатты жүгірме, оқыс қозғалма, шолпың қатты сыңғырласа сені әдепсіз
қыз дейді”, - деп отырған.
Шолпыны қазақ салтында қыздар мен жас келіншектер таққан. Егде
тартқан әйелдерге шолпы тағу ерсі болған. Шолпының ел арасында қоңыраулы
шолпы, қозалы шолпы, қос үзбелі шолпы, көзді шолпы, маржанды шолпы, шашбау,
шаш теңге сияқты түрлері кездеседі. Қазақтар арасында “адам жанының бір ұшы
шаш арасында мекендейді”, - деген наным қалыптасқан, сол себепті де
қоңыраулы, сылдырмақты шолпыны шын-шайтанды, бәле-жаланы маңайлатпайды
деген сеніммен, ырымдап та үнемі тағып жүрген. Шығыс пен Орта Азияның басқа
да халықтарындағыдай қоңырау сыңғыры қара ниетті күштерді үркіте алатын
күшке ие. Айта кету керек, кейде бұрымға тағылған шолпы шашбаулардың
салмағы үш келіге дейін жеткен, сонымен ол қыздардың жүрісі мен бойын тік
ұстау мәнерін қалыптастырған. Ал, күміс теңгелер аяқ басқан сайын сыңғыр
қағып, қыздың мінез-құлқы мен тәрбиесінен хабар берген.
Шашқап — егде тартқан әйелдер шаш өрімінің түбіне бекітіліп шаштың
ұзына бойына түсіріледі. Ал жас келіндер жүн сабау, киіз басу, ши тарту,
жүк арту, үй тігу, мал сауу жұмыстарына араласқан кезде киген. Шашқап көк,
жасыл, қызыл, қара түсті мақпалдардан жасалып, оның өң жақ беті күміс,
алтындалған кұймалармен әшекейленді.
Белдік — қыз-келіншектерге тән, қамзол сыртынан бел тұсына тағылады.
Әйел белдіктерінің негізгі дені барқыт, шұға, зер маталардан тігіліп,
қапсырма арқылы бекітілген. Белдіктердің өн бойына бетіне ою-өрнек
жүргізілген күміс немесе алтындалған құймалар бекітілген. Бетіне қарала
жүргізілген құймалар қондырылған белдік түрлері де сақталып қалған. Сондай-
ақ, құймалар бетіне түрлі тастар, түрлі-түсті шынылар орнатын сәндеген
белдік түрлері кездеседі.
Шекелік — Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде өзіндік пішімін
сақтап қалған самайлық әшекей. Шекеліктің барлық құрамдас бөліктері -
қалыпқа құйылған күн бедерлі белгілері мен қиықша тәріздес пішіндері
әсемдік сымдармен жалғанып келіп, шілтерлі қондырғы құрайды да, ұзынша түзу
өзекке бекітіледі. Шекелікті тақия, бөрік сияқты бас киімдерді кигенде екі
самай тұсқа іліп тағады.
Сырға — қыздар, жас келіншектер құлаққа үнемі тағып жүретін әшекей.
Орта жастағы және егде тартқан әйелдер кебіне кимешек кигеннен, құлағымыз
көрінбейді деп көбіне сырға салмаған. Сырғаның айшықты сырға, ай сырға,
қозалы сырға, тасты сырға, алтынды сырға, қарала сырға, төлме төбе сырға,
салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға, қоңырау сырға, күмбезді
сырға, сояу сырға деген түрлері болған. Сырғалардың атаулары, негізінен,
олардың сыртқы көрінісіне, қандай металдан жасалғандығына немесе жасалу
тәсіліне қарай қалыптасқан. Мысалы, ай сырғаның іші ойық, жарты айға
ұқсайды. Сымнан семделген шығыршық сырғалардың құрылымы күрделі болғанымен
әр қилы. Зергерлер сырғаның тартымды жасалуына қатты көңіл бөлген. Кәдімгі
сырғаның өзінің де әуел баста кісіге медеу болатын киелілігі бар деп
қабылданып, ежелгі заманнан бері оны қыздарға бала жасынан тағатын болған.
Қапсырма — қамзол, шапан сияқты сырт киімді қаптырып кию үшін
қадалады. Кей өңірде қаптырма деп те атайды. Қапсырма екі бөлек жасалады
да, бір-бірімен ілгек арқылы жалғасады. Қапсырманың екі бөлегінің сыртына
салынған ою-өрнектері, орнатылған тастары да, формасы да бірдей болады.
Үш бөліктен тұратын қапсырмалар өте сирек кездеседі. Олардың әрқайсысының
астыңғы ілгектерінен шынжырлы салпыншақтар және екі шеткісінің жанынан қос
шынжыр ілінген. Қапсырмалардың сымкәптеу тәсілі арқылы оймалы өрнектермен
сәнделіп, ортасына асыл тастар орнатылатын өте күрделі, әдемі түрлері де
кездеседі. Балық, қошқар, мүйіз, ұшқан құс, гүл жапырағы, күн, жұлдыз, ай
тұрпатында болып келетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz