Өзін- өзі тану сабақтарында студенттердің көңіл-күйін жақсартудағы музыканың рөлі
Аннотация
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ғылым, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен біртұтас қарауға негізделеді.
«Өзін-өзі тану» пәні білім берудің басымдылықтары – рухани-адамгершілік білімді іске асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетті үйренуге ықпал етеді. Бала әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаға сәйкес конструктивті шешуге үйренеді. Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, көмек беру, қамқорлық жасауға баулиды. Жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Қоғам дамуында біздің қарапайым күнделікті тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сынды асыл қасиеттер қажет-ақ.
Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева ұсынды. Сара Алпысқызының өркениетке өріс алған еліміздің дамуына деген зор сенімі, ертеңгі өскелең өрендерімізге деген шынайы сүйіспеншілігі мен қамқорлығы өмірге «Өзін-өзі тануды» алып келді.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың бүгінгі заман талабынан туындап отырғанына көзіміз барған сайын жетуде. Себебі қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі – адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі. Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісіне еніп отырған «Өзін-өзі тану» пәнінің әлеуметтік-рухани өмірде алатын орны ерекше.

1. Өзін-өзі тану оқулықтары. С.А. Назарбаева. «Бөбек» Алматы-2010 ж.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Өзін- өзі тану сабақтарында студенттердің көңіл-күйін жақсартудағы музыканың рөлі
Бағыты:
Секция:
Жас ізденуші: Ақытай Әйгерім Нұрланқызы
Ғылыми кеңесшілер:
Ғылыми жетекшілер:
Ғылыми үйлестіруші:
Алматы 2013
Аннотация
Ғылыми жобаның тақырыбы: Өзін-өзі тану сабақтарында студенттердің көңіл-күйін жақсартудағы музыканың рөлі.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеті: Өзін-өзі тану пәнінің негізгі мақсаты адамдарға рухани-адамгершілік қасиеттерді игерту болып табылады. Ал, міндетіне келер болсақ, сол игерген қасиеттерін қоғамдық ортада толық пайдалана білу. Тәлім-тәрбиедегі орнына келер болсақ, бұл айтылған рухани-адамгершілік қасиеттерді меңгерген кез-келген адам баласы ешуақытта жамандық жасауға бармайды, әрі толық адам болып қалыптасады.
Жоба жұмысының әдістері:
Жоба жұмысының құрылымы: Жоба жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ғылыми жобаның кезеңдері:
Жоба жұмысының дерексөздері:
Ғылыми жобаның болжамы:
Ғылыми жобаның қорытындысы: Өзін-өзі тану сабақтарында студенттердің көңіл-күйін жақсартуда музыканың рольі зор. Пән барысында адамгершілік сезімдері, эмоциялары, өзара қарым-қатынас туралы түсініктері кеңейеді. Музыка-шынайы өнер, адамға әсер етип, құдыретті эмоционалық орасан зор күш арқылы эстетикалық талғамды оятады.
Кіріспе
XXI ғасырда көтеріліп отырған Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану - адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ғылым, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен біртұтас қарауға негізделеді.
Өзін-өзі тану пәні білім берудің басымдылықтары - рухани-адамгершілік білімді іске асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетті үйренуге ықпал етеді. Бала әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаға сәйкес конструктивті шешуге үйренеді. Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, көмек беру, қамқорлық жасауға баулиды. Жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Қоғам дамуында біздің қарапайым күнделікті тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сынды асыл қасиеттер қажет-ақ.
Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева ұсынды. Сара Алпысқызының өркениетке өріс алған еліміздің дамуына деген зор сенімі, ертеңгі өскелең өрендерімізге деген шынайы сүйіспеншілігі мен қамқорлығы өмірге Өзін-өзі тануды алып келді.
Өзін-өзі тану пәнін оқытудың бүгінгі заман талабынан туындап отырғанына көзіміз барған сайын жетуде. Себебі қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі - адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі. Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісіне еніп отырған Өзін-өзі тану пәнінің әлеуметтік-рухани өмірде алатын орны ерекше.
Сонымен қатар Өзін-өзі тану пәнін оқыту арқылы мектептегі басқа пәндердің әлеуетін күшейтеміз. Әрбір оқушының өзін-өзі тануы жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ықпалы зор. Бұл пәннің тағы бір ең басты ерекшелігі - адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, ата салт пен ұлттық ұлы дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін тамырына тағлым етіп дарыту.
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындалады. Халқымыз Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман еткен.
Мәселен, атасы немересін, алдымен, елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгіліне орай елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты адамдардың ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерінбей-жалықпай баласының санасына сіңіре білген.
Бала атаулының айналаны қабылдағыш, зейінді кезі - үш пен бес жас аралығы. Қазіргі педагогика мен психология ғылымдары бұл жайтқа айрықша назар аударып, бұларға жүз мың сұрақ неліктен деп сауал қоятын кезең деп айдар тағып жүр. Осы ерекшелікті әлімсақтан аңғарған ата-бабаларымыз төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен төгілдірген күйшілік секілді киелі өнерлеріміздің ірге тасы бала санасында сәби шақта қаланатынын ерекше ескеріп, осынау балдәурен балалық кезеңге айрықша мән берген.
Сондықтан да бүлдіршін мен балдырғанға жоғарыда айтқанымыздай, елі, жері, суы туралы, ата тегі, төрт мүлік мал, жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, аспан денелері, табиғат құбылыстары, ауа райы, т.б. жөнінде оның түсінігіне лайық, қысқа да нұсқа, жүйелі мағлұматтарды әр түрлі әдіспен жеткізіп отырған.
Көшпенді ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты осындай жайларды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды жүйелік принципке ерекше мән берген. Тәрбие тал бесіктен басталады да, бүкіл өміріне жалғасады.
Өзін-өзі тану пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырып, рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану арқылы жас ұрпақ өзіне терең мән беруді үйренеді. Ежелгі грек ойшылы Сократ: Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны деген болатын, қазіргі біздің Өзін-өзітану пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы.
Негізгі бөлім
Музыка (грек. musike, тура мағынасында музыкалар өнері) - белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға өзінің үйлесімді ұйымдасқан сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнердің бір түрі. (ҚҰЭ, 6 том, 579 бет, Алматы - 2004).
Әлемде ең кең таралған музыкалық шығармалар жанрын ән деп атайды. Ол - музыка және поэзия өнерлеріне ортақ туынды. Өйткені, әннің сөзі - жыр шумақтары. Ән мынандай бірнеше түрге бөлінеді: мазмұнына қарай (азаматтық, лирикалық, әзіл, т.б.), орындалуы мен құрылымына байланысты (жеке дауысты, көп дауысты). Ал енді әуендік - ырғақтық, орындаушылық мәнері мен нақышына, шырқау ерекшелігіне қарай әндер: Арқа әндері, Жетісу сазы, Батыс Қазақстан мектебі, Алтай әуені, Сыр бойы мақамы тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Мұның сыртында әр елдің өзіндік әнұраны бар. Әнұран - салтанатты түрде шырқалатын мадақтау әні, ол - мемлекеттік рәміздердің бірі.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының:
Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй, - деп жырлайтынындай, көптеген әуендер мен әуездер сөзсіз айтылса да адамның ішкі жандүниесіне ерекше әсер етіп, жүрегіне қуаныш, мұң, тәтті арман, сағыныш, іңкәрлік сезімдерін құяды, оны сыры мен жұмбағы мол тылсым бір әлемге қанат қақтырады, қалың ой құшағына бөлейді.
Екі ішекті домбырадан күмбірлеп төгілетін күміс күй-қазақтар үшін әрі музыкалық туынды, әрі ұлт тарихының әуенделіп, әуезделген парағы, бағдарлама сипатты аспаптық пьеса, адам жанының музыкалық тілі.
Әр адамның өзіндік жеке психологиясына, сырқатына, әлеуметтік жағдайына және қоғамдық ортасы орнына қарай әр түрлі музыканың әсері де өзгеше болатыны анықталуда. Мәселен: біреулердің жүйкесін күй, ән немесе эстрада әндері қозғаса, ал симфония мен баяу әндер көңілді жайландырады немесе, керісінше, әсер етеді. Жан - дүниені тербейтін өте әсерлі тербелістік ұнамды музыка ғарыштық жүйемен үндесе отырып, адамның және жануарлар мен тірі организмдердің де жүйелі дамуына молдығы барын халықта және ғалымдарда ертеден бақылап біліп отырған.
Ежелгі грек философы Пифагор музыканың адам ағзасына, көңіл - күйіне қалай әсер ететіні туралы ғылыми анықтама берген [20, 139 б]. Адам мұңайғанда, қайғырғанда, қажығанда ән мен күй оның ауыр жағдайынан шығуына немесе ауытқыған қуатын бір қалыпты жағдайға келуіне көмектесетінін тәжірибелік ізденістер көрсетуде.
Әбу Наср әл - Фараби бабамыздың, яғни Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фарабидің қыпшақ даласынан шыққан ұлы ғалым, оның ішінде музыка теоретигі де болғаны тарихи ақиқат. Ол - саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарып композиторлық талантын да таныта білген өнер қайраткері. Оның әрі музыка, әрі физика, әрі математика хақында жазған тарихи үлкен туындысы - Музыканың ұлы туындысы. Зерттеушілердің дәлелдеуінше, ғұлама ғалым өз кітабында музыка, акустика мәселелерін кең талдаған. Дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы туралы таңғажайып, ойлар толғаған. Және де музыканың тәжірибелік, теориялық негіздерін жасап, физикалық-математикалық заңдылықтардың белгілі бір музыкалық аспаптарда қалай жүзеге асатын жолдарын көрсетіп берген.
Ол жас кезінде өзінің бір ұстазынан ән-күй туралы сұрайды. Ұстазы сырнай-керней әуенінің жын-шайтанның дауысы, ісі, ол адамдарды аздырып, күнәлі етіп, басқа жолға салады, шаруасынан қалдырады деп жауап қайтарады. Мұны естігеннен кейін музыканы (ән-күйді) қатты жақсы көретін Әбу Наср қолына күй аспабын алмайды, ән де айтпайды, ән-күйді де тыңдамайды. Сол сәттен бастап ол сыңарын, сырласын жоғалтқандай құлазыған күй кешеді. Әсем ән мен күй адамның жанын жадыратып, жан дүниесіне мейірім шуағын құятын өнер емес пе?, - деп ойлаған әл-Фараби екінші ұстазына барып Мұндай өнер қалайша сайтанның меншігі мен мазағы болады?, - деп сұрайды. Оған ол ұстазы былай деп жауап береді: Әсем әуеннің қасиетті күші бар. Ғарыш пен ғаламның сыры осында тоғысқан. Одан жиренбе. Оған қаншама шаттанса да әл-Фараби үлкен ұстазы Әбу Мәлік хазіреттің өзіне барып, ойын мазалаған сұраққа жауап таппақшы болады.
Әбу Мәлік хазірет әл-Фарабиге екі ұстазының да айтқан пікірінің дұрыс екенін айтып, жамандық пен жақсылықтың қашанда қатар жүретінін, егер де ән-күй шаруасынан айырып, басқа білім, ғылым, өнерден қол үздіртсе, оның өкініш, теріс жол екендігін айтып түсіндіреді. Әсем әуен алпыс екі тамырды идіретін құдіреттті күш. Оның адам баласын ессіз - түссіз билеп алуы мүмкін. Алғашқы ұстазың соны біліп, сені сақтандырып отыр. Екінші ұстазың құдіретті өнерді өлшеумен ұстауға үндейді. Солай жасасаң оның пайдасы аз емес екенін есіңе салады, - дейді. Әл-Фараби мұны естіп, үлкен ойға батады.
Әл-Фараби бабамыз музыканың адам психологиясына әсері жөнінде: Музыка - денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді. Алдымен ләззатқа бөлейді, одан соң құмарлықты оятады, қиялға жетелейді - деп пікір айтқан.
Қазақтар жас нәрестесін бесікте, бесік жырын айтып тербетіп өсірген. Бұл біздің ата-бабаларымыздың ән, күй әуенінің адам ағзасына айрықша әсер ететіндігін, оны өнер, білімге тәрбиелеп, жақсылыққа, сұлулыққа қарай қанат қақтыратынын ерте кезден-ақ білгендігі. Сірә, содан болар, қазақ Ән - көңілдің ажары, - дейді. Өнер зерттеушілері ән-күйдің ізгілікті сенімді адам жанына ұялататынын баяндайды. Осы сенім тіршіліктегі орныңды айқындап, өзіңе ту сыртыңнан қаратады. Ал енді ғалымдар ән-күйдің дыбыстық жүйесінің ми бөлшектеріне импульстер жіберетін айтады. Дыбысты сезімтал немесе сенсорлық жүйке ұштары қабылдап, эффекторлық жүйке ұштары оны өткізетін көрінеді. Ән-күйден адам жанында ұялайтын ізгілікті сенім-адам ағзасына шипалы ем де болып шықты.
Музыка -- жүрек тілі, ол -- сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.
Қос перненің бірін қатты, Бірін сәл-сәл кем бұра. Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ домбыра, - деп жырланатынындай, халқымыздың ішкі жан дүниесін, бітім-болмысын ашып көрсетіп бере алатын киелі мұрасы - қара домбырасы ғой. Домбыра күйлерін тыңдағаныңда көз алдыңа ата-бабаңнан асыл мұра болып қалған кең байтақ дарқан далаң елестейді, әсем әндерді естігеніңде көктеммен кезігіп, ақ жауын үнін, бұлақ сылдырын естисің, тамылжыған табиғатқа тап боласың.
Талас тудырмайтын ақиқат, шығыс халқы, мұсылмандар әскері жаумен шайқасқа түсер алдында олардың рухын көтеру үшін барабанды да пайдаланған, қобызды да құйқылжытқан. Жүйке ауруларын да музыка арқылы емдеген.
Ән-көңілдің ажары деп айтылады. Ал ажарлы көңіл алдымен денсаулық көрінісі. Бірақ Әннің де естісі бар, есері бар (Абай) - дегендей, денсаулықты сақтудың есті, есер жолдары бар ғой.
Ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) музыкаға байланысты өзінің бірқатар хадис-шәріптерінде өз өсиеттерін айтып қалдырған. Оның музыкаға рұхсат ететін де, тиым салатын да хадистері бар. Осыған орай ғұламалардың ішінде музыканы жалпы харам дегендер де, адамға пайдалысы халал дегендер де болды. Соған байланысты олар өз фәтуаларын берді (Әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, әл-Фәтаауа. 355 бет. Дәруш - шуруқ, Египет. 2004 ж.). Осы беттегі басқа да фәтуаларда табиғаты таңғажайып адам баласы жан дүниесін ләззатқа бөлейтін құстардың дауысы, судың сылдыры тәрізді дыбыстарды естуге құмартатынын, оны тыдауға Ислам дінінің қарсы еместігі айтылады.
Яғни, музыка адам баласының уақытын босқа өткізуіне, ғибадаттарын бұзуына, нәпсісінің қозуына, ойына жаман пиғылдардың жолауына, даңғырығының жағымсыз, күшті болуынан ми жасушаларының өлуіне, мінез-қылықтың теріс жаққа қарай өзгеруіне ықпал жасамауға тиісті. Осыған орай ХІ ғасырда өмір сүрген тақуа ханафи ғалымы Абдул - Ғани ән-Нәбулуен өзінің Идахут - дәлалат фи самағил - әәләәт (музыка аспаптарын тыңдауға байланысты дәлелдерді баяндау) атты кітабында былай дейді: Пайғамбарымыздың кейбір хадистеріндегі музыкаға байланысты тыйымдар осындай теріс бағытқа жетелейтін музыкаларға байланысты болса керек.
Музыка - өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді.
Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе -- оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады,-дейді Дмитрий Дмитриевич Шостакович. Өзін-өзі тану пәні студенттердің адамгершіліқ қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ар - намысты бағалай білуге, ұлттық, жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға ықпал етеді. Педагогтардың бірлескен әрекеттерінің арқасында ғана рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру өз нәтижесін береді, оның дәлелі Бөбек орталығында өткізіліп жатқан Республикалық конкурстар мен фестивальдер.
Құр айқай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған,
Кісіге сән бе екен?
Абай Құнанбаев
Адамның тіршілігі үшін тамақ қандай қажет болса, музыка ән-күйдің де сондай физиологиялық қажеттігі бар
Сұлтанбек Қожахметов
Ән -- халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі
Жамбыл Жабаев
Музыка - адамның тікелей жан дүниесінің тілі.
Музыка өзінің өте нәзік, сырлы әуенімен сезімтал адам жанының бар байлығын ашып бере алады.
Музыка әлемі -- адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажап дүние.
Музыкада адамның асқақ ойлары мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді.
Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан зор,
сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.
Музыканың жанрлары , түрлері өте көп.
Олар : Опералық, балеттік, симфониялық, камералық, халықтық музыкалар,әскери және
аспаптық, вокалдық, эстрадалық, биге арналған, балаларға арналған, және т.б. музыка түрлері бар.
Әлемдік музыка қорына әр халық, әр ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді.
Олардың музыкалары әр түрлі жанрды қамтиды. Әр халықтың өзіне тән ерекшеліктері болады.
Ол ерекшелік адам мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірдегі тұрмыс тіршілігі, әдет - ғұрпы,түсінік- түйсігі мен ойлау, сезіну қасиеттері сияқты дара сипаттарға байланысты.Сондықтан музыканың ерекшелігні ескермей, бір өлшеммен өлшеуге болмайды.Музыканың шынайылығы мен өміршеңдігі де сол халықтығында.Музыканың халықтық, классикалық, жалынды, жігерлі, тіпті жеңіл түрлерінің бәрі де -- өмірімізге қажет дүниелер.Бірақ музыканы тыңдап, түсіну үшін дұрыс таным, талғам болуы тиіс.
Музыка-шынайы өнер, адамға әсер етип, құдыретті эмоционалық орасан зор күш арқылы эстетикалық талғамды оятады.Адамзат қоғамы дамуының таң сәрісінде туып, музыка адам өмірінде елеулі орын алып келді.
Музыка адамның ішкі жан дүниесіне, сезіміне тікелей әсерін тигізеді. Музыканың адамға деген ықпалы кейде үгіттеуден, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Адам әр түрлі шығармаларды оқып танысқанда олардың ішіндегі сан түрлі сезімдерін оянады, музыкаға әсерлену қабілеті дамиды. Музыкалардағы шығармаларды сипаттау кезінде балалардың сан түрлі ой қиялын, ойынан шыққан суреттемелерін барынша демеп қолдап отырамын. Музыкалық тәрбие арқылы адамның жағымды мінез-құлқы тұрақтанады. Мұхтар Әуезов бұл жайында мынадай пікір қалдырған: Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі.
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын Бөбек қорының президенті С.Назарбаеваның Өзін-өзі тану авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.
Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.
Сонымен бірге балалардың қоршаған әлеуметтік-мәдени және табиғи ортамен үйлесімді байланысын, этикалық және экологиялық мәдениетін, адамдарға, өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыруға және балалардың адам, өмір, отан, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтары мен мейірімділік, сыйластық, махаббат, адалдық, патриоттық, еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейтуге негізделген.
Отанын, отбасын, мектебін сүйетін азаматтық, патриоттық, мәдени сапаларын арттыруда адамгершілігі мол, жаңалыққа талпынып тұратын шығармашылық тұрғыда белсенді, табиғат пен қоғам байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.
Себебі адам өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу - өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-кұлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы баланың дүниеге келгеннен бастап оған жақын адамдардың қарым-қатынасынан басталады.
Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық - адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына - жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады. Бастауыш сынып оқушыларының өздеріне, өз ортасына, құрбыларына және үлкен адамдарға байланысты эмоционалды-мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады.
Әр бала - керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі, - деп белгілі педагог Ш.Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі Өзін-өзі тану пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі.
Өзін - өзі тәрбиелеу туралы, оның тәсілдері туралы түсінік. Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бакытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды.
Тұлғаның коғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын да түсінеді. Ол өзіне-өзі тәрбиенің субъектісі ретінде қарай бастайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсендігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды белігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір педагогикалық өрісте орналасып, тұлғаны қалыптастыру деген тұл-ас процесстің екі жағы болып саналады. Әр-бір педагог тек тәрбиенің заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеудің әлеуметтік-психологиялық механизмдерін жақсы түсінуі керек.
Тұтас педагогикалық процессте әр балада өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік әр-түрлі жас кезеңдерінде байқалады. Осы қажеттілік әсіресе балалардың жасөспірімдік шағында анығырақ байқалады. Себебі, балалар осы шақтарында өздерінің жеке Мен-дерін үнемі іздеу үстінде болады, түрлі спортгық секциялар, үйірмелер, қызығушылықтары бойынша клубтарға қатысады. Дәл осы кезеңде олардың жеке күңделіктерін бастап өз ойларын жазулары, өз мінез-құлықтары мен сезімдерін бағалаулары, ұл балалар мен қыз балалар үшін арнап құрастырған сауалнамаларын қызыға толтырулары, түрлі заттарды әуестікпен жинастырулары кездейсоқ процесс емес. Қазіргі кезде мектептерде міңдетті түрде өзін-өзі тану сабақтары енгізілуде, өзін-өзі тану мектептері де бар. Өзін-өзі тәрбиелеу өте ұзақ және адамның бүкіл өмірі бойы жалғасатын процесс екенін айта кету қажет.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның жеке Мендігін- жүйелі түрде зерттеуін, қажымас қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу мектебі адамнан көптеген күш-қайратты жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықты, өзіне деген сын көзбен қарауды талап етеді. Неміс ақыны Ф.Логау былай деп тегін айтпаған шығар:
Өзіңмен өзің түскен күрес - ең қыйын күрес,
өзіңді өзің жеңген жеңіс - ең ұлы жеңіс.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Адамның өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс істеуінде кітаптардың маңыздылығы зор. Өйткені, кітаптар бізді жақсы адам болуға ынталандырады, қызықты адамдармен таныстырады. Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды бөлігі -мотивтерді, ынтаны дамыту. Жақсы, ақ ниетті болуға талпынбай, адамзаттың білімдер байлығын, адамзат мәдениетін игеруге тырыспай жан-жақты тәрбиелі және білімді адам болу мүмкін емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымдарда өзін-өзі тәрбиелеудің кең қолданылатын тәсілдері болып өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету және т.б. саналады.
Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Тұтас педагогикалық процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен салыстырып, зерттеп, мынандай сұрақтарға: -Неге мен осындаймын?, Басқалар мені қалай қабылдайды?, Өмірде мен қандай жетістіктерге жете аламын?-деген сұрактарға жауап іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі тәрбиелеудің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz