Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлық мәселесінің теориялық аспектілері



Кіріспе

Жасөспірімдердің ауытқушы мінез.құлық мәселесінің теориялық аспектілері
1.1. Девиантты мінез.құлық . педагогикалық.психологиялық мәселенің бірі
1.2. Ауытқы мінез.құлықтың пайда болу себептеріне теориялық сипаттама
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Біздің қоғамымыздың жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне байланысты, оларды жақсылыққа тәрбиелеу мәселесіне баса назар аударуда. Ал қазіргі жаңа қоғамдық қатынастарды орнатудағы өткінші кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын ұрлық, зорлық, бұзақылық, т.б. қылмыстық әрекеттермен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездесіп отыр.
Осы мәселеге байланысты кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін педагог-психологтар білулері шарт, ол үшін олардың ерекшеліктерін неғұрлым айқындай білсек оларды қайта тәрбиелеуде нәтиже арта түседі.
Қайта тәрбиелеу мәселелері жаңадан ғана қаралып отырған проблема емес, шетелдік және орыс педагогикалық ойлардың қайраткерлері П.Г.Бельский, Богдановский, А.Я.Герд еңбектерінде көтерілген.
Осылардың кей біреулерінің идеялары осы күнге дейін өз құнын жоғалтқан жоқ. Мысалы, П.Г.Бельский және Д.А.Дриль құқық бұзушы жасөспірімдерді зерттеп тану, оның психологиялық ерекшеліктерін айқындауды талап етеді. Ал Пусторслав болса, тәртібі нашарланған балалардың заң құқығын бұзу дәрежесіне орай әр түрлі түрде оқу-тәрбие мекемелерін ұйымдастыруды жөн көрген. Ал Совет психологтары жасөспірімдерді қайта тәрбиелеуді қолға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Аса көрнекті психологтар: А.С.Выготский, С.Т.Шацкий шұғылданды. Нақтылай келгенде кәмелетке толмаған жасөспірімдерді зерттеудің қортындысы олардың пайда болуына бірден-бір болатын және жағымсыз жағдай туғызатын себепші – жанұя тәрбиесі. Оның бастылары бірден, баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау, оның көзінше арақ-шарап ішу, жанжал, ұрыс туғызу, т.б.
Екіншіден, тәрбиенің көзі – баланы киіндіру, тамақтандыру. Үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан-дүниесіне көңіл аудармау.
Жанұядағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да істер шиеленісе түсетіндігі анық.
Еліміздің болашағы – өскелең ұрпақ алында тұрған үлкен мәселелердің бірі осы мәселелерге байланысты жасөспірімдерді жас кезінен бастап жан-жақты етіп тәрбиелеуіміз керек.
1. Алдамұратов. Жалпы психология, 1996ж.
2. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982ж.
3. Арсенов А.С. Жеткіншекке философтар көзімен қарасақ. Москва, 996ж.
4. Жүкеш Қ. Ұлттық психология сипаты. Алматы, 1993ж.
5. Бейсенбаев А.А., Аймағамбетов Б.Б.. Жеке адамның даму тәрбиесінің қалыптасуы. Алматы, 1991ж.
6. Үлгілі үйдің ұл-қызы. Алматы, Санат, 2000ж.
7. Ушинский Я.. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнінідегі пікірлер. Алматы, 1951ж.
8. Жұмабаев А. Мектептің қиын оқушыларымен жұмыс жүргізу. Алматы, 1971ж.
9. Мағзам Н. Бала мінезінің қалыптасуы. Қазақстан мектебі журналы, Алматы, 2000ж.
10. Ахметжанова А. Мінез-құлқы қиын балалар. Алматы, 2001ж
11. Қоянбаев Ж. Баланы семьяда тәрбиелеу. Алматы, 1971ж.
12. Мұқанова Б.Ы. Мұғалім мен оқушы қатынасы. Алматы, 1973ж.
13. Дүйсенова Ә. Бала мінезін тәрбиелеу. Алматы, 1966ж.
14. Құттыбаев. Бала дәстүрін қорламайық. Қазақстан мектебі, 1993ж, №2,3-7б
15. Момышұлы Б. Ұшқан ұя . Алматы, 1973ж.
16. Бозжанова К.Б. Оқушылармен жүргізілетін кластан тыс жұмыстар. Алматы, 1991ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе

Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлық мәселесінің теориялық аспектілері
0.1. Девиантты мінез-құлық - педагогикалық-психологиялық мәселенің бірі
0.2. Ауытқы мінез-құлықтың пайда болу себептеріне теориялық сипаттама
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Біздің қоғамымыздың жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне байланысты, оларды жақсылыққа тәрбиелеу мәселесіне баса назар аударуда. Ал қазіргі жаңа қоғамдық қатынастарды орнатудағы өткінші кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын ұрлық, зорлық, бұзақылық, т.б. қылмыстық әрекеттермен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездесіп отыр.
Осы мәселеге байланысты кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін педагог-психологтар білулері шарт, ол үшін олардың ерекшеліктерін неғұрлым айқындай білсек оларды қайта тәрбиелеуде нәтиже арта түседі.
Қайта тәрбиелеу мәселелері жаңадан ғана қаралып отырған проблема емес, шетелдік және орыс педагогикалық ойлардың қайраткерлері П.Г.Бельский, Богдановский, А.Я.Герд еңбектерінде көтерілген.
Осылардың кей біреулерінің идеялары осы күнге дейін өз құнын жоғалтқан жоқ. Мысалы, П.Г.Бельский және Д.А.Дриль құқық бұзушы жасөспірімдерді зерттеп тану, оның психологиялық ерекшеліктерін айқындауды талап етеді. Ал Пусторслав болса, тәртібі нашарланған балалардың заң құқығын бұзу дәрежесіне орай әр түрлі түрде оқу-тәрбие мекемелерін ұйымдастыруды жөн көрген. Ал Совет психологтары жасөспірімдерді қайта тәрбиелеуді қолға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Аса көрнекті психологтар: А.С.Выготский, С.Т.Шацкий шұғылданды. Нақтылай келгенде кәмелетке толмаған жасөспірімдерді зерттеудің қортындысы олардың пайда болуына бірден-бір болатын және жағымсыз жағдай туғызатын себепші - жанұя тәрбиесі. Оның бастылары бірден, баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау, оның көзінше арақ-шарап ішу, жанжал, ұрыс туғызу, т.б.
Екіншіден, тәрбиенің көзі - баланы киіндіру, тамақтандыру. Үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан-дүниесіне көңіл аудармау.
Жанұядағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да істер шиеленісе түсетіндігі анық.
Еліміздің болашағы - өскелең ұрпақ алында тұрған үлкен мәселелердің бірі осы мәселелерге байланысты жасөспірімдерді жас кезінен бастап жан-жақты етіп тәрбиелеуіміз керек.

0.1. Девиантты мінез-құлық - педагогикалық-психологиялық мәселенің бірі

Тарихқа терең бойлай отырып, біз адамдардың іс-әрекеттерінің іздерін байқаймыз, бұл іс-әрекеттерді қазіргі қоғамдық ғылым тілінде девиантты мінез-құлық деп аталады (өзін-өзі өлтіру, нашақорлық, басқаларға агрессивті әрекет, қылмыстық).
Негізге алынатын факт ретінде, біз девиантты мінез-құлық - бұл жүйелі немесе көпжақты анықтаушы (полидетерминтті) құбылыс. Аталған құбылыс пайда болғанда тарихи, макроәлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және жеке тұлғалық факторлар бірлесе әрекет етеді. Сондықтан да девиантты құбылыстардың себептерінің жиынтығын зерттеу пәнаралық ғылыми міндетті қамтиды. Ғылыми пәндер салаларының ешқайсысында да осы құбылыстарды түсіндіруге және олардың қоғамдық әрекеттерінің алдын алу шараларын даярлауға қажетті барлық ұғымдық құралдар жоқ. Тек қана жалпыға танымал ғылымдар тобы: әлеуметтану, психология, тарих, этнография, құқықтану, педагогика, психиатрия, генетика және т.б. девиантты құбылыстардың барлық өлшемдерін тұтас талдай және алынған мағлұматтарды ұйымдастыра алады. Осының барысында психология тұлға деңгейінде девиантты мінез-құлықтың нақты генезисін де (предевиантты синдромды сипаттай отырып), қоғамдық санкциялардың басты амал-тәсілдерін де, соның ішінде емдеу мен ресоциализацияны да анықтап түсіндіреді.1
Осы бөлімнің міндеті мінез-құлықтағы ауытқушылық (девиация) ұғымын анықтау болып табылады. Девиация (ауытқушылық) көпшілік мақұлдаған нормалар мен белгіленген стандарттардан (моральдық, әлеуметтік, заңдық) ауытқыған мінез-құлық деп есептеледі. Психологияда адамның белсенділік деңгейін көрсету үшін іс-әрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен қатар мінез-құлық термині кең қолданылады. Кез келген мінез-құлыққа баға беру әрдайым қандайда бір нормамен салыстыруды қажет етеді. Алайда, өкінішке орай, барлық мүшелері жалпы нормативті талаптарға сай әреет ететін қоғам жоқ. Ауытқушылық әр түрлі формада кездесуі мүмкін: дарындылар, дуаналар, тақуалар, әулиелер, қылмыскерлер және т.б.
Әлеуметтануда ауытқыған мінез-құлықтың пайда болуының себептерін түсіндіретін бірнеше бағытты бөліп көрсетеді. Н.Смелзер: девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-әрекеттерді түсіну қажет деп жазған. Кейбір зерттеушілер аталмыш ұғымды анықтауда қосымша, дәлірек анықтайтын белгілерді енгізуді ұсынады. Сонымен, Роберт Мертон Әлеуметтік құрылым және аномия атты еңбегінде мінез-құлықта ауытқулардың пайда болуының себептері қоғам ұсынған мақсаттар мен оларға қол жеткізу құралдарының арасындағы келіспеушілік деп есептейді, басқаша айтқанда адамдар аномия күйіне әр түрлі жолдармен бейімделеді: конформизммен немесе мінез-құлықтағы ауытқулардың әр алуан түрлерімен. В. Фокс девиантты мінез-құлық тәртіп бұзушыны түрмеге қамауға немесе басқа жазаға тартуға әкелетін, нормадан ауытқу деп есептейді. Бұл анықтамалар девианты мінез-құлық ұғымының мазмұнын едәуір тарылтады, өйткені әлеуметтік-құқықтық саласының аз ғана бөлігін қамтиды.2
ХХ ғасырдың басында бихевиористер мінез-құлық - психологиялық ғылым пәні деп жариялағаннан кейін, адамның мінез-құлқы туралы ғылыми түсініатер кең тарала бастады. Мінез-құлық психологиясының негізін салушылардың бірі Джон Уотсон (1931) мінез-құлық туралы мынадай пікір айтқан: мінез-құлық - жұмыртқаның ұрықтануы кезінде пайда болатын және ағзаның дамыған сайын күрделенетін үздіксіз белсенділік ағыны.
Индивидтің мінез-құлқын зерттейтін бұл пәнаралық саланың қазіргі күйі ынтымақтастық емес, қарама-қарсыластық сияқты көрінеді. Бүгінгі таңда кең тараған әрекеттің бірі девиантты мінез-құлық психологисы мен психопотологиясының қарама-қарсылығы болып табылады, яғни сау ауру психикалық іс-әрекет мәселелерін шектеу, оларды бір-бірінен ажыратып қарастыру. Девиантты мінез-құлықтың айқын мысалы - наркотиктік заттардың қолданылуы. Оның психологиялық мәселесі (наркотикке психологиялық тәуелділік) және медициналық (наркотикті теріс пайдалану), физикалық тәуелділік - нашақорлық. В.Д.Менделеевтің бұл күрделі мәселені ғылыми тұрғыдан қарастыруы өзекті әрі қызықты. Әр түрлі көзқарастардың біржақты, тайыз кәсібилігін ескере отырып, ғалым девиантты мінез-құлық психологиясының ғылым жүйесінде алатын орны туралы өзінің көзқарасын ұсынады.
Психиатрия -- девиантты мінез-құлық психологиясы -- клиникалық -- психология
Бұл схема девиация түріндегі бір мінез-құлықтық құбылысты мамандардың психопатиялық симптом ретінде де, психологиялық құбылыс ретінде де түсіндіретіндіктерін көрсетеді. В.Д.Менделеевтің пікірінше, нормадан ауытқыған кез келген мінез-құлық стереотиппен девиантты деп белгілеу анағұрлым адекватты болып табылады.Норма -- девиантты мінез-құлық 1. Психопатологияның белгілерінсіз 2.Психопатология негізінде

Автор қалыпты және гармониялық мінез-құлық құрамын бөліп көрсетеді: психикалық үрдістердің теңгерілуі (темперамент қасиеті), икемділік және өзін-өзі актаулдендіру (мінез-құлық ерекшеліктері), имандылық, жауапкершілік, ұяттылық (жеке тұлға деңгейінде). Норма да, ауытқушылық та жеке тұлғаның осы аталған үш элементіне негізделеді. Өз көзқарастарының басты ой желісін ескере отырып, В.Д. Менделеевич кітабында мынандай анықтама береді: Адамның девиантты мінез-құлқы қоғамда қабылданған нормаларға қарсы келетін және психикалық үрдістердің теңсіздігіне, бейімсіздікте, өзін-өзі актуалдендіру үрдісінің бұзылуы кезінде және өзінің мінез-құлқына эстетикалық және өнегелі қадағалаудан ауытқу кезінде пайда болатын қылық жүйесі немесе жеке қылық болып табылады.3
Қазіргі кезде девиантты мінез-құлықты зерттеу екі бағытта қарастырылады: біріншісі - психикалық нормасынан ауытқыған мінез-құлық ретінде (жүйке аурулары, психосоматикалық бұзылулар, патологиялық күй және т.б.); екіншісі - әлеуметтендіру - дезадаптация - оқшаулау осьіндегі құқықтық, мәдени және әлеуметтік нормаларды бұзуымен байланысты әлеуметтікке қарсы мінез-құлық. Девиацияның ең айқын көрінісіне делинквентті (құқыққа қарсы) және криминалды (қылмыстық) мінез-құлық жатады. Психологиялық сөздікте девиантты мінез-құлық адамның белгілі бір қоғамда бекітілген немесе қалыптасқан нормалар мен үміттерге сай келмейтін іс-әрекеті, қылығы деген мағынада берілген. Сондықтан да ауытқыған мінез-құлық психология, педагогика , психиатрия секілді ғылымдардың зерттеу нысаны болса, әлеуметтік құбылыс ретінде әлеуметтану, құқұқ, әлеуметтік психология ғылымдарының зерттеу пәні болып табылады12.
С.А.Беличева девиантты мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады:
а) пайдакүнемдік бағыттар: материалдық, қаржылық мүліктік пайда табуға ұмтылуымен байланысты заң бұзушылық, теріс қылық. Басқалар: ұрлық, тонау, алыпсатарлық, жақтау, алаяқтық және т.б.;
б) қастандық бағыттар: жеке тұлғағ қарсы бағытталған әрекеттер: тіл тигізу, бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау, т.б.;
с) әлеуметтік енжар түрлері: белсенді өмір салтынан қашқақтау, азаматтық міндеттерден бас тарту, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге құлықсыз болу. Бұл топқа жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өз-өзіне қол жұмсау және т.б. жатады.
Дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалар санының артуы, әлеуметтік девиация мен мектепке бейімделудің оқушылар арасындам көбеюі Девиантология курсын енгізу қажеттілігін тудырды. Аталмыш курс студенттерді дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар балалармен жұмыс істеуге, сонымен қатар оларды тиімді оқыту мен тәрбиелеуге даярлауды, болашақ мұғалімге психологиялық және педагогикалық түзету жұмыстары әлеміне енуге көмектесуді, мұндай балалармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерi
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Арнайы психология
Ауытқушы мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары туралы ақпарат
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Арт терапиясы арқылы жасөспірімдердегі девиантты мінез құлықтың алдын алу
Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері
Жасөспірімдердің девиантты мінез - құлқын психологиялық және педагогикалық түзету
Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері
Тұлғаішілік конфликтілердің салдарлары
Пәндер