Қылмыс және одан қорғану шаралары


Жоспар:
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім. Іс - әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар туралы түсінік. Қажетті қорғану. Қорғануға байланысты қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру. Орынды тәуекел. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу. Бұйрықты немесе өкімді орындау.
- Қорытынды.
- Қолданылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ.
Бүгінгі қоғамымызда Қазақстанның даму қарқыны жылдан-жылға екпінді серпіп алып келе жатқаны өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде ашық айтылып отыр. Бұл тарапта ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы жолдауында бәсекеге қабілетті озық елу елдің қатарына қосылу жайындағы стратегиялық міндетті нақты қоюының өзі де мемлекетіміздің қазіргі кезеңдегі қарым-қатынас қабілет мүмкіндігін жан-жақты елеп-екшеп, айқындағаннан туындап отыр. Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену киелі келешектің мағызды сатысы. Ал, басты мақсаттың одан биік болуы заңдылық. Межені бағындыру негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет.
Жасөспірімдердің қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан көрініс табуда. Оларды жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеу қоғамының міндетінің бірі болып табылдаы. Жасөспірімдердің тағдыры мемлекетіміздің алдында, бүкіл қоғамының, мектеп, ата-ана, ұстаздардың келешек ұрпаққа білім беру, өз құқығын білуге үйрету, кері әрекеттерін алдын-алу қажет. Қазақстан ғалымдарының жалпы кәмелетке толмағандар қылмысының нақты материалдарға сүйене отырыпжазғанК. А. Бегалиев, К. А. Вайсберг, Ө. С. Жекебаев, С. Х. Жадбаев, Е. І. Қайыржанов, М. С. Нарықбаев, С. А. Шапинова және басқада көрнекті ғалымдар еңбектерінде баса көңіл бөлінген. Сонымен қатар белгілі педагогтар:А. С. Макаренко, А. В. Сухомлинский. т. б.
Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар ұғымы мен белгілер .
Қоғамдық қатынастарды зиян келтіруден қорғау мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен барша азаматтардың негізгі конституциялық міндеттерінің бірі болып табылады. Осы міндеттерді орындау әдістері жүйелерінің арасынан қылмыстық әрекеттердің жолын кесу, жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге қатысты кауіптілікті болдырмау белгілі бір орын алады. Қоғамдық қауіпті қолсұғушылықтың жолын кесу, сондай-ақ басқа көздер тарапынан келетін қауіпті болдырмау басқа біреуге, қоғамға немесе мемлекетке іс жүзіндегі және материалдық зияндар келтіруі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальды түрде ҚР ҚК Ерекше бөлімінде қарастырылған нақты бір қылмыстардың белгілеріне жатады. Дегенмен белгілі бір жағдайлар болғанда мұндай қылықтардың бойында қылмыстың міндетті белгісі - қоғамдық қауіптілік болмағандықтан қылмыс деп саналмайды. Оның үстіне қоғамдық қатынастарға қатысты қауіптің бетін кайтару қоғамға пайдалы іс болып табылады, өйткені ол зиянның келуіне тосқауыл жасап, тойтарыс береді.
Қылмыстың белгілеріне формальды түрде енетін әрекеттер кылмыстық құқық теориясы мен құқық қолдану саласында бір топқа біріктіріліп «Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар» деп аталған.
ҚР Қылмыстық кодексінде әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайларға мынадай мән-жайлар жатады:
- Қажетті қорғаныс (ҚР ҚК 32-бабы) .
- Қолсұғушылық істеген адамды ұстау кезінде зиян келтіру (ҚР ҚК 33-бабы) .
- Аса қажеттілік (ҚР ҚК 34-бабы) .
- Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру (ҚР ҚК 34-1-бабы) .
- Орынды тәуекел ету (ҚР ҚК 35-бабы) .
- Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу (ҚР ҚК 36-бабы) .
- Бұйрықты немесе үкімді орындау (ҚР ҚК 37-бабы) .
Сөйтіп, ҚР Қылмыстық кодексінде әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың жеті мән-жайлары көрсетілген. Айта кететін бір жай, ҚК 34-1-бабымен жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру деген мән-жайлар кейіннен енген, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16-наурыздағы «Ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері бойынша ҚР
1. ЖунусовБ. Ж. Қылмыстық құқық(Жалпы бөлім) оқулық. - Қарағанды, 1998, 77-бет.
кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 163 Заңымен енгізілді.
Алайда кейбір авторлар ҚР ҚК-де көзделген әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың саны мен атауына байланысты дәлдік көрсете алмай жүр. Мәселен, профессор Б. Ж. Жүнісов өзінің бір еңбегінде қылмыстылықты жоятын жетінші мән-жайға «өзінің құқығын жүзеге асыруды» жатқызады (38-бап) .
Сонымен бірге профессор Г. Ф. Поленов, негізсіз ҚР ҚК 36-бабындағы «Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеуді» қалдырып кетіп, ҚР ҚК 5 қана мән-жайлар бар деп айтқан. Отандық заңи әдебиетте де әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың кейбір түрлерін талдаған басқа да еңбектер бар.
Қаз КСР Қылмыстық кодексінде әрекеттің қылмыстылығын жоятын екі-ақ мән-жайлар ғана көрсетілген. Олар «Қажетті қорғану (13-бап) мен «Аса қажеттілік» (14-бап) . Сондай-ақ мұндай мән-жайларға қолсұғушылық істеген адамды ұстау кезінде зиян келтіру де жаткызылды. Тек бұл мән-жайлар Қылмыстық заңда емес, КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1972 жылғы 16-қазандағы «Бұзақылық туралы істер бойынша соттық тәжірибе туралы» қаулысында көрсетілді.
Сөйтіп, әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар қылмыстық заңмен емес, өзгедей заңи актілермен реттелген жағдай қалыптасты.
Мұндай жағдай, сөзсіз, құқық қолдану тәжірибесіне жағымсыз әсер етті. Мұндай қайшылық Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 21-шілдедгі «Бұзақылық туралы істер бойынша соттық тәжірибе туралы» қаулысын қабылдаумен жойылды.
Онда қолсұғушылық істеген адамды ұстау кезінде зиян келтіру сияқты әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар болмаған еді. Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайларды реттеуге Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16-шілдесіне кабылданған Қылмыстық кодексі елеулі үлес қосты. Жоғарыда айтылғандай ҚР ҚК 32-37-баптарында мұндай мән-жайлардың жеті түрі қаралатын болды.
Қылмыстық құқық теориясында әрекеттің қоғамдық қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын басқа да мән-жайлар бар. Оларға мыналар жатады:
1. Поленов Г. Ф. Қ. Р. Қылмыстық құқығы(Жалпы бөлім) Оқулық- Алматы, 1997. 92-бет.
- өзінің құқығын жүзеге асыру;
- жәбірленушінің келісімі;
- спортпен айналысу;
- құқықтық міндеттерін орындау;
5) бұйрық пен үкімді орындау;
- кәсіби қызметін орындау;
- құқықтық міндеттерін орындауға мәжбүр ету;
- міндеттердің қарама-қайшылығы (коллизиясы) ;
- ең соңғы амал;
- өкіметтің заңды қызметін атқару;
- бағынуға мәжбүр ету;
- рұқсат етілген өзіне көмек;
- балаларға қатысты ата-ана билігін жүзеге асыру;
- дәрігерлік араласу.
Байқасақ, аталған және өзге де осындай әрекеттердің осы толымсыз тізімі олар (осындай әрекеттер) Қылмыстық заң қорғайтын игіліктерге зиян келтірумен байланысты бола тұрып, шынайы болмыста айтарлықтай кең тарағанын көрсетеді.
Заң әдебиеттерінде әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың төмендегідей белгілері қарастырылады:
- олар қылмыстың сыртқы белгілеріне жататын әрі осыған белгілі бір негіздер болғанда істелетін адамның саналы және ерікті қылығы болып табылады;
- өзінің әлеуметтік-саяси мазмұны бойынша олар қоғамдық пайдалы немесе әлеуметтік мүмкін әрекеттер;
- олар қылмыстық заңнамаларда қарастырылған;
- олар құқыққа сай болып саналады.
Осы белгілерді ескере отырып, әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар ұғымының мазмұны төмендегіше болып көрінеді:
Бұл қылмыстық заңнамалармен қарастырылған және сырт қарағанда белгілі бір негіз болғанда істелетін, қоғамдық қауіптілік пен әрекеттің заңға қайшылығын, сол сияқты келтірген шығын үшін қылмыстық жауаптылық болдырмайтын қоғамдық пайдалы (әлеуметтік жағынан орыңды) және заңды қылық.
1. Қар. : Биебаев А. Ә. Сыздык Б. К. Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың кейбір түрлері. Заң оқу орындары мен факультеттеріне арналған оқу құралы. Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2003. - 65 бет.
Сөйтіп, адамның белгілі бір қылығын әрекетте қылмыстылық болдырмайтын мән-жайлар деп тану үшін осы қылықты әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың тиісті белгілерімен салыстыру қажет. Егер олардың арасында қайшылық болмайтын болса онда ол әрекеттің кылмыстылығын жоятын мән-жайларға жатады.
Әрбiр азаматтың конституциялық борышы-қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтiрiлген зияннан қорғау. Осы мiндеттi жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағытталған ic-әрекеттердi дер кезiнде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше.
Қоғамға қауiптi iс-әрекеттi тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, coл қауiптi төндiрген адамға материалдық, моральдық және басқа да зиян келтiрiлуi мүмкiн.
Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң жекелеген баптарында көрсетiлген қылмыс құрамына жатуы мүмкiн. Бiрақ та бұл әрекеттер белгiлi бip жағдайларда қылмыс болып табылмайды. өйткенi мұндай әрекетте қылмыстың материалдық бeлгici болып табылатын басты бeлгi - қоғамға қауіптілік жоқ.
Keрiciншe, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтiруге бағытталған қауiптi жою, тойтару қоғомға пайдалы ic - әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажеттi қорғану; аса (мәжбүрлi) қажеттiлiк; қылмыскердi ұстау; орынды кәсiби тауекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе үкiмдi орындау әрекеттерi жатады.
Аталған жағдайларда iстелген әрекет немесе әрекетсiздiк сырттай қылмыс белгiлерiне ұксағанымен, оларда қоғамға қауiптiлiк болмағандықтан, қылмыс қ атарына жатпайды. Өйткенi бұл аталған институттар қоғамға пайдалы ic-әрекеттер қатарына жатады. Ендi осы мән-жайларға талдау жасайық.
- Трайнин А. Учение о составе преступления - М., 1946. 7- бет
- Карпец И. И. Наказание. Социальные, правовыеи криминологические проблемы. - М., 1973
Қажетті қорғану. Оның заңды шарттары. Қажетті қорғаныс шегінен шығу
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында «Әркім өзін құқық субъектісі деп тануға және өзінің құқықтары мен бостандықтарын қажетті қорғанумен қоса заңға қайшы келмейтін жолдармен қорғауға құқылы» делінген. Сөйтіп, қажетті қорғану институты өзінің бастауын мемлекетіміздің Негізгі заңынан алып, жалғасын құқық саласынан табады. Мәселен ҚР Қылмыстық кодексінің 32-бабында ол былайша бекітілген:
1. Қажетті қорғану жағдайында колсұғушы адамға зиян келтіру, яғни
қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық кауіпті қолсұғушылықтан қолсұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.2. Барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына
және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құығы бар. Бұл құқық адамға қоғамдық қауіпті қолсұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.Қылымыстық заң қажетті қорғанысқа оның қоғамдық қауіпті әрекет істеуге қарсы бағытталғандығына және сол әрекетімен қоғамдық қауіпті емес, керісінше қоғамға пайдалы болуына байланысты орын береді.
Қажетті қорғану. Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қayiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан тиесiлi болып табылады(32-баптың 2 бөлiгі) . Қажеттi қopғaнy жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қayiптi қол сұгушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қopғaнy шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, oл қылмыс болып табылмайды делiнген (32-баптың 1-бөлiгi) .
Бұл жерде мемлекеттiк, қоғамдық мүдделерге қорғанушының өзiне, басқа адамның заңды құқықтарына, құқықтық тәртiпке тiкелей қауiп төндiрiп тұрган icтi тоқтату мақсатымен соны төндiрушiге зиян келтiрушiлiк, қылмыстық кұрамда көрсетiлген белгiлерге дәл ұқсағанымен қылмыс болып саналмайды делiнiп отыр.
Қажеттi қорғану - әpбip адамның заңды және заңмен көтермеленетiн әрекетi болып табылады. Әлеуметтiк мәнi бойынша қажеттi қорғанудың қоғамға қayiптiлiгi жоқ. Қажеттi қopғaнy адамның ең қасиеттi, табиғи құқықтары, өмiрiн, денсаулығын, бостандығын, меншiгiн т. б. басқа да игiлiктерiн қорғаудың тәсiлi болып табылады. Қажеттi қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен iстелетiн қылмыстарға және меншiкке, басқа да қылымыстарға қарсы күресудiң пәрмендi құралы болып табылады.
Сондай-ақ қажеттi қорғануды қолданудың аса маңызды сақтандырушылық мәнi зор. Өйткенi, қиянат келтiрушiнiң өзi зиян келтiру жолымен тойтарыс берiлетiнiн сезiнуi оны көп жағдайларда қылмыс iстеуден тартындырады.
Мiне, осыған байланысты қажеттi қopғaнy Конституцияда көрсетiлген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепiлi, қоғамға пайдалы әрекет деп саналады.
Мұндай жағдайда қиянат жасаушының өмipi, денсаулығы, меншiгi оның қылмыс iстеуiне байланысты қылмыстық заңның қорғануынан тысқары қалады. Қажеттi қорғану жағдайында оған зиян келтiру қылмыстық құықылық әрекетпен заң қорғайтын объектiге қол сұғушылық болып табылмайды. Қaжeттi қорғану қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудiң белсендi нысаны болып табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы iстелген тiкелей әрекет болып саналады. Cол себептi де мемлекет заңда белгiленген тәртiппен кейбiр тәртiп сақшыларына мұндай реттерде қару қолдану құқығына да жол бередi.
Қылмыстық заңға сәйкес адам басқа қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрауға мүмкiндiгi болғанына қарамастан қажеттi қорғануды қолдануға құқылы.
Көмек сұрау мүмкiндiгiне қayiптi қиянаттан қашып кету, жасырынып қалу, жұлқынып шығу, қиянат жасаушыға басқадай бөгеттер жасау, айғайлап көмекке шақыру, телефонмен құқық қорғау органдарына, туысқандарына, көршiлерiне, таныстарына хабарлау сияқты әрекеттер жатады. Заң бойынша барлық азаматтар - кәсiби немесе өзге де даярлығын, қызмет жағдайына қарамастан қажеттi қорғануды жүзеге асыруға бiрдей негiзде құқылы. Заңда лауазым адамдары немесе басқадай құқық қорғау органдары үшiн қажеттi қорғануды қолданудың ерекше талаптары белгiленбеген. Көптеген азаматтар үшiн қажеттi қорғануды қолдану олардың жеке құқығы болып табылады.
1. Беляев Н. А. Цели наказания и средства их достижения в ИТУ. -М. 1963. 25-бет
Қажеттi қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар тек қана моральдық жағынан айыпталады. Kepiciнше заңға, уставқа, басқадай нормативтi актiлерге сәйкес қажеттi қорғануды жүзеге асырмаса оның әрекетi қылмыстық немесе тәртiптiк жауаптылыққа жатады.
Мысалы, милиция қызметкерi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының «Азаматтардың өмipi мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшiн жауапкершiлiктi реттейтiн заңдарды соттардың қолдануы арқылы» 1994 жылғы 23 желтоқсандағы №7 қаулысын қылмыстық кодекстiң тиiстi бабына сәйкес қажеттi қорғану құқығы азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, арын, беделiн, сондай-aқ, мүлкiн қоғамдық қауiптерден қорғаудағы конституциялық құқығын жүзеге асырудың ең бip кепiлi екендiгiне соттардың назарын аудару керек.
Азаматтар заңға сәйкес шабуылдан қашып қорғанудан немесе басқа амалдар қолданудан тыс, заңға сәйкес қоғамға қауiптi шабуылға қарсы залал жасау жолымен белсендi шараларды қолдануғга қақысы бар. Мұндай кезде олар қоғамға қayiптi шабуылдан қорғану жағдайында келтiрiлген залалы үшiн жауап бермейдi, деп атап көрсетiлген. Қажеттi қорғануды жүзеге асырудың негiзгi шарттары бар.
Қиянатқа байланысты қажеттi қорғануды қолданудың заңға сыйымдьлық шарттары: оның бipiншici қиянат қоғамға қауiптi болуы керек, яғни қиянат арқылы заң қорғайтын мүдделерге тiкелей зиян келтiретiн немесе зиян келтiру қаупiн тудыратын жағдайда қaжeттi қорғануды қолдануға болады.
Қоғамға қayiптi қол сұғушылық жоқ болса, қажеттi қорғану да жоқ. Қол сұғушылықтың түрлерi қылмыстық кодекстiң 32 - бабында қорғанушылықты немесе басқа адамның жеке басына тiкелей төнген қауiптi қиянаттан болған әрекеттер деп көрсетiлген. Бұл әрекеттер шабуыл арқылы жүзеге асырылады.
Қажетті қорғану институты қылмыстық құқықта құқықтық тәртіпті нығайтуға көмек көрсетуге шақырылады. Ол қылмыстың жасалу мүмкіндігінің алдын алуға көмек көрсетеді, адамның қылмыс істеу ниеттен арылтуға, сол ниетін жүзеге асыруына тежеу салады. Қажетті қорғану тұлғалардың құқықтары мен бостандықтырын, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғаудың бірден-бір құралы болып табылады.
- Кудрявцев В. Н. Закон, поведение, ответственность. - М., 1986. 15-бет
- Тарбагаев А. Н. Понятие и цели ответственности. Красноярск, 1986., 21-36-84-97 беттер.
Құқықтағы қажетті қорғаныс - бұл азаматтың субъективті құқығы. Кез келген адам қажетті қорғаныс актісі арқылы қылмыстық колсұғушылықтан өзінің мүдделерін, меншігін, билік пен басқа да мүдделерді қорғай алады. Осыған қатысты адамның осы құқықтырды жүзеге асыра білуі оның қоғамдық парызын, моральдық міндетін көрсетеді. Қоғамның әрбір азаматының өзін және басқаларды құқық бұзушылар тарапынан болатын қолсұғушылықтан қорғауға және сонысымен қылмыстық әрекеттерге тосқауыл коюға құқысы бар. Қылмыстық құқық жүйесінде қажетті қорғану - бұл табиғатында қылмыстық қолсұғушылықтың болуынан туындайтын әрбір адамның жеке дербес құқығы.
Қажетті қорғаныс, жалпы тәртіп бойынша белгілі бір жағдайда қоғамдық қауіпті қолсұғушылыққа тойтарыс беретін субъективті құқығы болып табылады. Азаматтарға қажетті қорғаныс актісін жүзеге асыру міндеті жүктелмейді. Заң азаматтарды жаза арқылы қорқытып, олардың міндетті түрде өздеріне берілген қажетті қорғану құқығын жүзеге асыруды талап ете алмайды. Адам қажетті қорғанысқа бармай-ақ, біреудің көмегімен және сол сияқты әрекеттермен жасалғалы тұрған шабуылдан құтылып кете алады. Алайда, бұл жерде белгілі бір жағдайда, мысалы мемлекеттің немесе қоғамның мүддделеріне не басқа адамның өмірі мен денсаулығына шабуыл істелгенда қажетті қорғаныс азаматтың моральдық міндетіне айналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz