Ренессанс (қайта өрлеу дәуірі) және екі жақты жазу бухгалтерияның дамуы


Ренессанс (қайта өрлеу дәуірі) және екі жақты жазу бухгалтерияның дамуы
Бухгалтерлік жазу (Проводка) деп - шаруашылық операциялары сомасының дебеттік және кредиттік шоттарда көрсетілуін айтады.
Әрбір шаруашылық операциясы бухгалтерлік есептің шоттарында екі рет (екіжақты жазу әдісімен) : бір шоттың дебеті және екінші шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
Екіжақты жазу - бұл шаруашылық операциясын әр түрлі шоттардың дебеті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісі.
Дебіттелген және кредиттелген шоттарды көрсету шоттар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу (бухгалтерлік жазба) деп, ал шоттар деп аталынады.
Шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық операцияларының мысалында қарастырылатынын атай кету керек. Олардың мағынасы: шаруашылық операциясы бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне әсерін тигізеді, яғни оған тек екі шот қана қатысады.
Алайда тәжірибе жүзінде көрсеткендей, қаржы - шаруашылық қызыметте бір шоттың кредиті бойынша және бірнеше шоттардың дебеті бойынша көрсетілетін операциялар да кездеседі. Сондықтан бухгалтерлік жазулар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Бір шоттың дебеті екінші шоттың кредитімен жазу қарапайым деп аталады.
Мысалы: жеткізушіден 30 000 теңге сомасындағы материалдар келіп түсті. Материалдардың келіп түсуі нәтижесінде активтік «Шикізат пен материалдар» шотындағы сомалар артады, сондықтан «Шикізат пен материалдар» шоты дебеттеледі, сонымен бірге жеткізушілерге берешек өсті, сондықтан «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша бұл сома кредитте көрсетіледі. Жалпы жазу мынандай түрге ие болады: «Шикізат пен материалдар» шотының дебеті, «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының кредиті - 30 000 теңге.
Бір шоттың дебеті екі немесе одан да көп шоттардың кредитімен , бір шоттың кредиті екі немесе одан да көп шоттардың дебетімен бухгалтерлік жазу күрделі жазу деп аталады.
Мысалы: 50 000 теңге жалақы есептелген, соның ішінде, негізгі өндірістің жұмысшыларына - 30 000 теңге, көмекші өндірістің жұмысшыларына - 20 000 теңге.
Келтірілген шаруашылық операциясы былай көрсетіледі:
Д-т «Негізгі өндіріс» шоты - 30 000 теңге.
«Көмекші өндіріс» шоты - 20 000 теңге.
К-т «Қызыметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты - 50 000 теңге.
Күрделі жазу, жазу операцияларының санын азайтып, бухгалтерлер жұмысын жеңілдетеді. әйткенімен күрделі жазумен орынсыз айналыса беруге болмайды. Күрделі жазудың дұрыстығы сонда, егер бір шот дебіттелініп, бірнеше шоттар кредиттелінсе немесе бір шот кредиттелініп, бірнеше шот дебеттелінсе ғана. Ал бірдей уақытта бір операцияның негізінде бірнеше шоттар дебеттеліп, бірнеше шоттар кредиттелінсе, мұндай жазулар қате деп есептелінеді. Бұлай жазылған жағдайда шаруашылық құбылыстарының дұрыс еместігімен қоса шоттар арасында байланыстың бұзылып, берілген корреспонденцияның қате екенін және бухгалтерлік есеп өзінің тексеру міндетін атқара алмайтынын көрсетеді.
Сонымен шаруашылық операцияларын екіжақты жазу негізінде бухгалтерлік шоттар арсында байланыс туады. Бұл байланыс шоттар корреспонденциясы деп аталды. Шоттар корреспонденциясы деп - шоттар арасындағы байланысты көрсете білетін, шаруашылық операцияларына сай қос құбылысты бейнелейтін тәсілді айтады.
Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарына жазу құжаттардың негізінде жүргізіледі. Шаруашылық операциясының пайда болуы мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттарымен рәсімделуі хронологиялық деп аталады. Мұндай жазулар шаруашылық операцияларын тіркеу журналында жүргізіледі.
Деректерді экономикалық біртектес объектілер бойынша жүйелендіретін жазулар жүйелік деп аталады. Шаруашылық операциясының бұл жазулары шоттарда (шоттар схемасында) жүргізіледі. Есеп практикасында хронологиялық және жүйелік жазулардың бір кестеге бірігуі сирек емес (№1 журнал - ордер, «Кассадағы ұлттық валюта мен қолға берілетін ақшалар» шоты бойынша №1 ведомость, №2 журнал - ордер, «Есеп айырысу шотындағы қолма - қол ақшалар» шоты бойынша №2 ведомость) .
Экономикалық мағынасына қарай әрбір шаруашылық операциясы есептің екі объектісіне, яғни екі шотқа әсерін тигізеді, өйткені екіжақты сипатқа ие болады. Іс жүзінде, егер кәсіпорынға материалдар келіп түссе, онда бір жағынан, материалдар көбейеді, ал екінші жағынан, оны сатып алатын қаражаттар азаяды, яғни олардың қандай көздердің есебінен келіп түскені міндетті түрде көрсетіледі: қолма - қол ақшаға сатып алынған ба, әлде оларды сатып алуға несие пайдаланылды ма немесе жеткізушілерге берешек қалыптасты ма?
Шаруашылық операциясын екіжақты көрсетудің мәні - ол бір шоттың дебеті бойынша және екінші шоттың кредиті бойынша бірдей сомомен жазылуға тиіс. Демек, екіжақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде үш құраушы қатысады: шаруашылық операциясының мазмұны; дебеттелген шот; кредиттеленетін шот.
Екіжақты жазудың мәні кәсіпорын балансының құрылымымен түсіндіріледі. Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады: құрамы мен орналасуы бойынша (баланс активі) ; осы мүлкінің қалыптасу көздері бойынша (баланс пассиві) . Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан тең.
Демек, екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстық топтау әдісінен туындайды. Екіжақты жазу әдісінің үлкен қадағалаушылық мәні бар, өйткені сол бір ғана шаруашылық операциясы бірдей сомамен екі рет көрсетіледі. Сондықтан осы операция бойынша сома айырмашылығы болса, жіберілген қателік пен оған жауапкер де анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz