Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Дәлелдеу теориясының ұғымы мен мазмұны
- 1. Дәлелдеу теориясының жүйелілігі
- 2. Дәлелдеу теориясының негізі мен негіздемесі
- 3. Қылмыстық іс жүргізушіліктің таным объектісі
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің жалпы сипаттамасы
- 1. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеме түсінігі
- 2. Дәлелдеме бастаулары
2. 3. Дәлелдемелердің өзіндік ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
1998 жылдың 1-қаңтарына бастап күшіне енгізілген Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі еліміздің аумағында сот ісін жүргізу тәртібін бекітеді және ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген [1, 3. ] .
Қылмыстық істер бойынша өндірістің негізгі мазмұны болып олар қозғалғаннан бастап жоғары тұрған сот сатысында қаралғанға дейін дәлелдемелермен жұмыс жүргізу болып табылады, олар өз кезегінде қылмыстық іс жүргізу үрдісінің әрбір нақты сатысының алдында тұрған міндеттермен айқындалатын шектер мен нысандарда жүзеге асырылады. «Барлық іс жүргізу қатынастары қалай болсада дәлелдеу қызметімен байланысты болады, осы өрістегі барлық құқықтар мен міндеттер олардың іс жүргізу құзіретіндегі бөлігіне қатысты ғана маңызға ие болады. Әрине барлық қылмыстық іс жүргізуді тек дәлелдеу деп есептеу қате болар еді. Дәлелдемелер және дәлелдеу туралы нормалар сот өндірісінің міндеттерін және оның қағидаттарын, мемлекеттік органдардың құзіреттерін, қылмыстық іс жүргізу процесінің қатысушыларының құқықтары, міндеттерін және олардың құқықтарына кепілдік беретін, тергеу және сот әрекеттерінің тәртібін, қылмыстық іс жүргізудің барысында қабылданатын шешімдер жауап беруге тиісті талаптарды айқындап, бекітетін, нормалар ажырамас байланыста болады. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу туралы ғылымда әртүрлі ғылымдардың атап айтар болсақ, логиканың, психологияның, криминалистиканың, сот медицинасының, психатрияның және т. б. жетістіктері пайдаланылады. Дәлелдеу теориясының дамытылуында тергеу және сот практикасын зерттеу маңызды рөл атқарады.
Дәлелдеу теориясының ұғымы мен мазмұны
1. 1. Дәлелдеу теориясының жүйелілігі
Қылмыстық істің барлық мән-жайын заңда бекітілген тәртіппен сот органдарының анықтауынан көрініс табатын танымдық және дәлелдеу қызметі қылмыстық іс эжүргізудің негізгі өзегі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізудің аталған бөлшегінің тұтастығы мен дербестігінің деңгейі сондай оны реттейтін нормалардың жиынтығы заң әдебиеттерінде дәлелдеу құқығы деген атауға ие болған, ал іс жүргізушілік қызметтің аталған өрісіне қатысты ғылыми көзқарастар дәстүрлі түрде дәлелдеу теориясы деп аталады. Сонымен бірге қазіргі замандағы дәлелдеу теориясының өзара байланысты және пәтуалы білімдер жүйесі екендігі аталып көрсетіледі [5, 20. ] .
Ғылыми көзқарастардың белгілі бір жиынтығын теория мәртебесінде тану әлде кімнің солай деп тұжырымдауына тәуелді емес, ол объективтік факторлармен шартталады, аталған жиынтықты жүйе ретінде қалыптастыратын қажетті қасиеттердің болуына байланысты болады, себебі «кез келген теория өз кезегінде логикалық жүйені құрайды (логикалық қатынастармен байланысты көптеген терминдер мен анықтамалардың болуы) » [6, 92. ] .
Дәстүрлі дәлелдеу теориясының жүйелілігі қандай? Бұл сұрақ кездейсоқ туындап отырған жоқ. Бұрынғы кеңес ғылымында дәлелдеу теориясында көптеген әрқилы кейде бір-біріне қарама қайшы келетін көзқарастарды да кездестіруге болады. Осы тұрғыда айтылатын пікірлердің көптігі сондай мысалы, дәлелдеу шегі ұғымының өзіне оннан аса анықтама берілген. Оның нәтижесінде тәлім алушы көп санды, өзара қайшылықты тұжырымдарды шатастырып қылмыстық іс жүргізудің негізгі институтын меңгермейді, сол себепті де іс жүргізу қызметінің мәнісін, оның «жанын» түсінбейді ал бұл болса өз кезегінде құқық қолданушы органдардың практикалық қызметіне теріс ықпалын тигізеді. «Дәлелдеу теориясында ең болмаса оның негізгі ұғымдарын ашып көрсетуде қажетті деңгейдегі тұжырымдылықтың және анықтылықтың болмауы өз кезегінде бірқатар зияды салдарды пайда қылады: оның одан әрі дамуын тежейді, заңнаманы жетілдіруге қолайсыздықты туғызып ғана қоймайды сонымен бірге оны қолдану практикасына да кері әсерін тигізеді» - деп жазады Л. М. Карнеева [7, 15-16. ] .
Қазіргі уақыттағы дәлелдеу теориясының қарама қайшылығы бірқатар себептерге байланысты орын алып отыр. Аталған теорияның жүйелілігіне қатысты түрдегі басты түсіндіру келесілерге саяды. Дәлелдеу теориясының құрылымы дәстүрлі түрде дәлелдеу құқығының құрылымының айна қатесіз көрінісі ретінде қалыптасқан болатын, яғни заңшығарушымен күні бұрын белгіленіп берілген және сол себепті де құқықтанушылармен талқыға салынбайтын. «Дәлелдеу теориясының жүйесі - бұл оның мазмұнының элементерінің орналасуының кезектілігі және өзара байланысы. Жалпыдан жекеге атты біргей қағида бойынша құрастырудың схемасы - ғылыми пән ретіндегі дәлелдеу теориясы үшін барынша мақсатты болып табылады. Осыған сәйкес дәлелдеу теориясының Жалпы және Ерекше бөлімдері ажыратылып көрсетіледі, ол негізінен алғанда дәлелдеу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдеріне сәйкес келеді» [8, 20-21. ] . «Дәлелдеме құқығының ішкі жүйесі туралы айта отырып біз тиісті құқықтық нормаларды Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдерінің нормаларына айқын түрде бөлінетіндігін атап көрсетеміз. Дәлелдеу теориясының жүйесі де осы тақылеттес» - осындай пікірді Г. Ф. Горский, Л. Д. Кокорев, П. С. Элькинд білдірген [9, 47. ] .
Дәстүрлі дәлелдеу теориясының қайшылығының басты себебі бұл - оның қалыптасуына, ғылыми көзқарастарды дәлелдеу құқығының құрылымымен толық сәйкестікте жүйелеуге деген тар нормативтік көзқарас болып табылады. Шындығын айтқанда теорияның көлемі құқықпен тікелей реттелген ережелердің жиынтығынан көп кеңірек. Бұл жерде әңгіме қылмыстық іс жүргізушілік таным теориясы пәніне құық нормаларымен қатар оларды практикада қолданудың да және дәлелдеу теориясының даму тарихының да, оны өзге елдердегі осындай ғылымдармен салыстырудың кірістірілуінде емес, әңгіме бұл орайда, қылмыстық іс жүргізудің жалпы алғандағы адамның танымдық қызметінің бөлшегі бола отырып танымның жалпы теориясының, гносеологияның заңдылықтарына бағынатындығында болып отыр.
- 2. Дәлелдеу теориясының негізі мен негізлемесі
Кез келген теория «зерттеу объектісінің мәнісін, оның ішкі қажетті байланыстарын, оның қызмет атқаруы мен дамуының заңдылықтарын көрсететін идеалдық үлгілердің [ұғымдардың] жиынтығы» [10, 20] . Берілген танымдық қызметтің объектісі ретінде орын алатын өмірдегі құбылыстардың мәнісі мен мазмұнын ашатын ұғымдардың, түсініктердің, ережелердің жүйесін қалыптастыру теорияның негізін қалау болып табылады. Осындай жүйе еркіндікті көтермейді себебі теорияның құрылымы зерттелетін объектінің құрылымына сәйкес келуі тиіс ал оның тәртіптелуі танушы суъектіге тіптен де байланысты емес.
Теориялық жүйенің құрылысы қалай жүзеге асырылады? Аталған мәселені приципті түрде материалистік диалектика шешіп береді. Кез келген зерттеу объектісінде оның негізгі және анықтаушы болып табылатын жақтары, қатынастары болады. «Бұл тараптар [қатынастар] «негіз» категориясында» көрініс табады, ал барлық қажетті тараптар мен байланыстар негіздің тікелей ықпалымен қалыптасады және сондықтан сол негізден туындайды, «негізді» ұғымында өз көрінісін табады» - деп жазады А. П. Шептулин [10, 42. ] . Ендеше, объектінің құрылымына сәйкестікте теорияда негізді - бастаушы, қайнар-көздік ұғымдарды және негізделген - яғни негізге негізделетін және одан туындайтын барлық өзге ұғымдар мен түсініктерді ажырата білу керек.
Туындаушылық, яғни негіздінің негізден алынуы - теориялық жүйені құрастырудың басты шарты болып табылады. Ол диалектиканың тарихи және логикалық әдістерінің көмегімен құрылады. Тарихи тәсіл объектіні оның қозғалысында, оның бастапқы қарапайым нысандарынан күрделі түрлерге айналып дамуының барысында қарастыруды білдіреді. Логикалық қоршаған өмір шындығына ақыл-ойдың сәйкес (идеалдық образдардың) келуін білдіреді. «Өзінің ең кең мағынасында логикалық дегеніміз - бұл ой қозғалысындағы қажеттілік» [11, 147. ] .
Теоретикалық жүйені жасақтау үшін танымдық қызметтің берілген түрінің объектісін анықтау, объектінің басты қасиетін айқындау қажет болады, яғни теорияның негізгі мәселесін шешу, оның негізін табу және осы негізге сүйене отырып қарапайымнан күрделіге қарай логикалық түрде негіздіні туындату қажет. Нәтижесінде теория немесе белгілі бір тұтастық ретіндегі ұғымдар жүйесі қалыптасады, оның әрбір элементі басқа барлық элементтермен өзара тәуелділікте және өзара байланыста бола отырып өзінің нақты орынына ие болады.
- 3. Қылмыстық іс жүргізушіліктегі таным объектісі
Философияда объект «субъектіге қарсы тұрған және субъектінің практикалық және танымдық қызметі бағытталған нәрсе» ретінде түсіндіріледі [12, 123. Философская энциклопедия: В 5 т. Т. 4 / Гл. ред. Ф. В. Константинов. М., 1967] . Таным объектісі ретінде нақты қоршаған ортаның құбылыстары, нәрселері, үрдістері орын алады олар субъектінің алдында тұрған міндеттерді шешу мақсатында олар туралы білім алу үшін қоршаған ортадан ажыратылып қарастырылады.
Қылмыстық процесуалдық танымның объектісін құрай отырып қылмыстық істерді тергеу барысында сот өндіріс органдарымен өмір тіршілігінің қандай құбылыстары, нәрселері, үрдістері зерттеледі?
Қылмыстық іс бойынша таным объектісінің мазмұны қылмыстық іс жүргізудегі танымдық қызметтің басты ерекшелігімен - оның ретроспективалық сипатымен алдын ала анықталады. Сот өндірісі органдары үшін тергелетін қылмыс - әрқашанда өткен күннің оқиғасы болып табылады. Оны танып-білу «қазіргі және өзге де өткен нәрселер туралы білімнің негізінде өткен нәрселер туралы туынды білім алудың үрдісі болып табылады» [13, 34. ]
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің жалпы сипаттамасы
1. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеме түсінігі
Қазақстан Республикасының ҚІЖК 116-бабында дәлелдемелер ұғымына анықтама берілген: Оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамандығын және айыпталушының кәнәлілігін не кінәлі емес екендігін, содай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Заң дәлелдемелермен байланыстыратын фактілер салыстырмалы түріндегі дербестікке ие болатын екі топты құрайды:
өздерінің жиынтығында қылмыстық іс бойынша дәлелдеу нәрсесін құрайтын мән-жайлар;
дәлелдеу нәрсесіне кірістірілмейтін (өтпелі, көмекші, туынды) фактілер.
Қылмыстық сот өндірісіндегі дәлелдеу нәрсесі бұл - қылмыстық іс жүргізу заңында қарастырылған және іс бойынша тұтастай алғанда немесе жекелеген құқықтық мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін дәлелденуге тиісті, заңи тұрғыдан маңызды болып табылатын іс жүзінде орын алған жағдайлар.
Қазақстан Республикасының ҚІЖК 117-бабында қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлардың қатарына төмендегілер жатады:
1) оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгілері (қылмыстың жасалу уақыты, болған жері, әдісі және басқа да мән-жайлары) ;
2) қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті кімнің жасағандығы;
3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаудағы кінәлілігі, оның кінәсінің нысаны, жасалған әрекеттің себеп-дәлелдері, заңдық және іс жүзіндегі қателіктер;
4) айыпталушының жауаптылығының дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-жайлар:
5) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
6) жасалған қылмыстың зардаптары;
7) қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;
8) әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;
9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар, сондай-ақ қылмыс жасауға ықпал етуші мән-жайлар да қылмыстық іс бойынша анықтауға жатады. Ендеше, дәлелдемелер дегеніміз бұл:
а) бұрын орын алған қылмыс оқиғасы туралы мәліметтер ретінде түсіну қажет болатын іс жүзінде орын алған мәліметтер;
б) соның негізінде қоғамға қауіпті іс-әрекеттің орын алғандығы немесе болмағандығы, бұл іс-әрекетті жасаған кінәлі тұлға және істі дұрыс шешу үшін маңызды болып табылатын өзге де мән-жайларды анықтайтын іс жүзіндегі мәліметтер;
в) тек ғана сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің айғақтармен, сарапшының қортындысымен, заттай дәлелдермен, іс жүргізу және сот әрекеттерінің хаттамаларымен және де басқа құжаттармен анықталатын іс жүзіндегі мәліметтер;
г) заңда бекітілген тәртіппен жинақталған іс жүзінде орын алған фактілер. ҚІЖК 125-бабы дәлелдемелерді жинаудың тәртібін бекітеді, сонымен қатар тиісті нормаларда әртүрлі тергеу амалдары өндірісінің тәртібі бекітілген;
д) судьяның, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының ішкі нанымы бойынша тексерілген және бағаланған іс жүзіндегі мәліметтер.
Егерде дәлелдеудің заңда бекітілген ережелері сақталған болса кез келген іс жүзінде орын алған мәліметтер (фактілер), ақиқатты анықтауға қызмет ететіннің барлығы да дәлелдемелер болша алады.
Заң дәлелдемелерді іс жүзіндегі деректер ретінде бағалайды, яғни бұл объективті өмір шындығында орын алған нақты оқиғалар туралы мәліметтер ғана қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер бола алады дегенді білдіреді. Нақты іс жүзінде орын алған мәліметтерді келтірмей әлдебір адамның қылмысты жасағандығы туралы тұжырымдар, болжамдар, жалпылама мәлімдеулер дәлелдеме болып табылмайды. Тергеу органдарымен, сотпен оларды қоршаған өмір шындығынан алынып жинақталған іс жүзіндегі мәліметтерді ғана дәлелдемелер ретінде бағалай аламыз. Бұл мәліметтер өзге адамдардың жадында сақталып қалуы немесе заттарда, құжаттарда әлде бір нысандарында іздерін қалдырулары арқылы дәлелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың санасына тәуелсіз түрде орын алады. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу үрдісінің барысында осы мәліметтер тергеушінің, судьяның игілігіне айналады және ақиқатты анықтау мақсатында пайдаға жаратылады.
2. 2. Дәлелдеме бастаулары
Іс жүзінде орын алған мәліметтерді (тергеу және сот үшін қызығушылық туғызатын мән-жайлар туралы мәліметтер) алу көздерін келесідей түрлерге бөлуге болады: куәнің айғақтары, жәбірленушінің айғақтары, сезіктінің айғақтары, айыпталушының айғақтары, сарапшының қорытындысы, ревизиялар мен құжаттық тексеру актілері, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әркеттерінің хаттамалары және өзге құжаттар. Дәлелдемелердің аталған түрлерінің тізбегі заңмен бекітілген (ҚР ҚІЖК 119-123 б. б. ) және толық болып табылады. Өзге, заңмен қарастырылмаған көздерден алынған мәліметтер дәлелдеуші маңызға ие болмайды және оларды пайдалануға жол берілмайді.
Куәнің айғақтары дегеніміз бұл - одан жауап алу барысында жасалған және заңмен қарастырылған тәртіппен хаттамаланған қылмыстық іс үшін маңызға ие болатын мән-жайлар туралы ауызша көрсетулері. Куәнің айғақтары дәлелдемелердің барынша кең таралған түрі болып табылады. Қазақстан Республикасы ҚІЖК 119-бабының 6-бөлімі бойынша куәдан кез келген іске қатысты мән-жайлар туралы, оның ішінде айыпталушының, жәбірленушінің жеке басы туралы, өзінің олармен және басқа куәлармен өзара қатынасы туралы жауап алынуы мүмкін екендігі. Егер ол өзінің хабардарлығының көзін көрсете алмаса, куә хабарлаған мәлімет дәлел бола алмайтындығы көрсетілген. Сондай-ақ аталған бапта бекітілген ереже бойынша куә ретінде жауап алуға жатпайтын адамдардың хабарлауы дәлел болып табылмайтындығы көрсетілген. Қазақстан Республикасының ҚІЖК 82-бабының 2-бөлімінде куә ретінде жауап алуға жатпайтын адамдардың санаты бекітілген: оларға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешімін шығару кезінде туындаған мәселелерді кеңесу бөлмесінде талқылау барысында өзіне белгілі болған қылмыстық істің мән-жайлары туралы - судья, аралық судьяның немесе төрешінің міндеттерін атқаруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы - аралық судья немесе төреші; қылмыстық іс бойынша өзінің міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған жағдайлар туралы - сезіктінің, айыпталушының қорғаушысы, сонымен бірдей жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің өкілі; оған ішкі сырын ашу кезінде белгілі болған мән-жайлар туралы - діни қызметші, өзінің жасының толмауына не психикалық немесе дене кемістіктеріне орай іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсінуге және олар туралы жауап беруге қабілетсіз адамдар осындай адамдар қатарына жатқызылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 7-бөлімі бойынша ешкім де өзіне, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы жауап беруге міндетті емес екендігі бекітілген.
Куәнің айғақтары дегеніміз бұл - одан жауап алу барысында жасалған және заңмен қарастырылған тәртіппен хаттамаланған қылмыстық іс үшін маңызға ие болатын мән-жайлар туралы ауызша көрсетулері болып табылатындығы біз осыған дейін де атап өткенбіз. Куәнің айғақтары барлық қылмыстық істерде дерлік орын алады. Жәбірленушіден жауап алудың нәрсесі мен тәртібі куәдан жауап алудың тәртібі мен нәрсесіне сәйкес келеді. Сонымен бірге ҚІЖК 75-бабына сәйкес жәбірленушінің жауап беруі тек оның міндеті ғана емес сонымен бірге құқығы екендігін де есте ұстаған дұрыс. Бұл жәбірленушіден жауап алудың процесуалдық органның бастамасы бойынша да, сондай-ақ жәбірленішінің өзінің бастамасы бойынша да жауап алынуы мүмкін екендігін білдіреді.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу нәрсесіне кірістірілетін кез келген мән-жайлар сезіктінің айғақтарының мазмұнын құрауы мүмкін. Өзіне қарсы келтірілген күдікке байланысты түсініктеме мен жауап беру сезіктінің құқығы болып табылады және оның міндетіне кірмейді. Ол жауап беруден бас тартқаны үшін не көрнеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Сезіктіні ұстау барысында онымен берілген және ұстау хаттамасында көрсетілген түсініктемелер айғақ ретінде танылмайды.
Қазақстан Республикасының ҚІЖК 122-бабы бойынша тиісті ережелерге сәйкес жасалған, тексеру, көзін жеткізу, алу, тінту, ұстау, мүлікке тыйым салу, хат-хабарларға тыйым салу, хабарларды ұстап алу, телефонмен және басқа да сөйлесулерді тыңдау және жазып алу, зерттеу үшін үлгілерді алу, мәйітті эксгумация жасау, қылмыс болған жерде тергеу экспериментінде, тергеу әрекетерінің барысында маманг жүргізген заттай айғақтарды зерттеу кезінде анықталған, қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей түсінген мән-жайларды куәландыратын тергеу іс-әрекеттерінің хаттамаларында бар іс жүзіндегі деректер, сондай-ақ сот іс-әрекеттерінің барысы мен олардың нәтижелерін көрсететін сот отырысының хаттамасында бар деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. 3. Дәлелдемелердің өзіндік ерекшеліктері
Қылмыстық іс бойынша әрбір дәлелдеме қатыстылығы, жол берілушілігі, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығында қылмыстық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануы тиіс.
Дәлелдеу ережелерінде дәлелдемелерге жол берілушілігі ережесі ерекше орын алады. Аталған ережелер дәлелдеу құралдарының шындыққа сай келетіндігін қамтамасыз етуі керек және де сол себепті белгілі бір мән-жайлардың дәлелденгендігін немесе дәлелденбегендігін тану үшін сенімді іргетас болуы тиіс.
Дәлелдемелердің жол берушілігін дәлелдемелердің көздерінің, алу тәсілдерінің және іс жүзіндегі фактілердің бекітілуінің заңдылығының анықталуы ретінде түсіну керек. Бұл оның іс үшін маңызды болып табылатын мән-жайларды анықтау барысында оның алынуының көздеріне, анықталуының тәртібіне және дәлелдемелерді зерттеуге қатысты олардың пайдалануға жарамдылығы болып табылады.
Дәлелдемелерді жинау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына айтарлықтай қатысты болуы мүмкін. Сондықтан да бір қарағанда арнайы мәселе болып табылатын дәлелдемелердің жол берілушілігінің мәселелері конституциялық нормаға айналған мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 9-бөлігінде «заңсыз тәсілдермен алынған дәлелдемелердің заңды күші болмайды» - деп бекітілгендігін айта кетсек те жеткілікті.
Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызға ие болатын мән-жайларды анықтауға қабілеттілікке ие болатын іс жүзіндегі мәліметтердің өзіне тиісті ішкі қасиеттерін дәлелдемелердің қатыстылығы деп санауға болады. Бұл дәлелдемелердің мазмұнының іс бойынша дәлелдеуге жатқызылатын мән-жайлармен байланысы және де ол осының негізінде аталған мән-жайларды анықтау үшін пайдаланыла алады. Басқаша айтар болсақ қатыстылық дәлелдемелердің мазмұнын айқындайды.
Берілген қылмыстық іс бойынша дәлелдеу нәрсесіне кірістірілетін әлдебір мән-жайдың болғандығын немесе болмағандығын анықтау үшін пайдаланылғанда ғана дәлелдеменің іске қатыстылығы туралы сөз қылуға болады.
Дәлелдеменің қатыстылығын анықтау іс бойынша дәлелдеу үрдісінің барысында орын алады, ол істің мән-жайларын анықтау тұрғысынан алғанда қандай тергеу әрекеттерін жүргізу қажет және олардан қандай нәтиже күтуге болады деген мәселені шешуге бағытталған дәлелдемелерді жинауды бастаған кезден-ақ туындайды. Тергеуді жоспарлау, тергеу болжамдарын тексеру, процеске қатысушылардың дәлелдемелерді жинау немесе оларды іске тіркеу туралы ұсыныстарын шешу дәлелдемелердің қатыстылығын бағалаумен байланысты болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz