Дидактикалық ойынның балалардың оқу-танымдық әрекетін дамытудағы ерекшеліктері



І.Кіріспе


ІІ.Негізгі бөлім

2. Дидактикалық ойынның баланың оқу танымдық әрекетін дамытудағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.1.Дидактикалықойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Ойын арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18


ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25


Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Кіріспе . Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді»
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім» Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен айқындалады. А.С.Макаренко еңбектегі сияқты, ойында да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: «Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс-әрекетсіз ойын — қашан да жаман ойын». Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада: «...жұмыс адамның қоғамдық өндіріске... материалдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Ойын мұндай мақсаттар көздемейді, қоғамдық мақсаттарға оның тікелей қатысы жоқ, бірақ оған жанама қатысы бар: ол адамды жұмыс үшін қажетті дене күші мен психикалық күш жұмсауға үйретеді».
Сонымен бірге ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейту қажеттігін туғызады. Ойын білімдерді мақсат қоя және дәйектілікпен қайталауға, оларды ойын әрекеттерінде, ережелерде іске асыруға үйретеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дидактикалық ойындардың балалардың оқу-танымдық әрекетін дамуындағы ерекшеліктері
Зерттеудің міндеттері:
– Ойын балаларды тәрбиелеу және дамыту құралының ерекшеліктерінің мәнін ашу.
– Ойыншықтармен және ойын құралдарымен өтілетін сабақтардың маңызын, мазмұнын ашу.
1. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы. 1973.
2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. Москва, 1986.
3. Щукина Г.И. Проблемы познавательного интереса в педагогике.Москва. 1971.
4. Выготский А.С. Игра и ее роль в психическом развитие ревенка. //Вопросы психологии. 1966.
5. Качество знаний учащихся и пути его совершенствования // Под ред. Скатника М.Н.,Краевского В.В.Москва. 1978.
6. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. Москва. 1969.
7. Качество знаний учащихся и пути его совершенствования // Под ред. Скатника М.Н.,Краевского В.В.Москва. 1978.
8. Педагогикалық ізденіс. Алматы.1976.
9. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
10. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. - 640 с.
11. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
12. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996.
13. Оконь В. Введение в общую дидактику. - Москва: Высшая наука, 1990.
14. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау
15. Қазақстан Республикасының Білім Заңы
16. Жанпейісова М.М.. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы,2006, -4,5 бет
17. Қазақ ұлттық энциклопедиясы ,Алматы // -241б
18. Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена 2007,93-97 б.
19. Құдайбергенева К.С. Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында. Алматы // 2006. -86б.. Алматы // 2001. -75б. 9. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.
20. Абдрахманова К. Төменгі жастағыларды оқыту ерекшеліктері // Бастауыш мектеп. – 1989. - №9. - 10-12 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Тақырыбы: Дидактикалық ойынның балалардың оқу-танымдық әрекетін дамытудағы ерекшеліктері

Орындаған: Өкпебаева Р.А
Тексерген: Метербаева Г.М



І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2. Дидактикалық ойынның баланың оқу танымдық әрекетін дамытудағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.1.Дидактикалықойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Ойын арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе . Ойын бала үшін -- нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру -- оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен айқындалады. А.С.Макаренко еңбектегі сияқты, ойында да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс-әрекетсіз ойын -- қашан да жаман ойын. Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада: ...жұмыс адамның қоғамдық өндіріске... материалдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Ойын мұндай мақсаттар көздемейді, қоғамдық мақсаттарға оның тікелей қатысы жоқ, бірақ оған жанама қатысы бар: ол адамды жұмыс үшін қажетті дене күші мен психикалық күш жұмсауға үйретеді.
Сонымен бірге ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейту қажеттігін туғызады. Ойын білімдерді мақсат қоя және дәйектілікпен қайталауға, оларды ойын әрекеттерінде, ережелерде іске асыруға үйретеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дидактикалық ойындардың балалардың оқу-танымдық әрекетін дамуындағы ерекшеліктері
Зерттеудің міндеттері:
- Ойын балаларды тәрбиелеу және дамыту құралының ерекшеліктерінің мәнін ашу.
- Ойыншықтармен және ойын құралдарымен өтілетін сабақтардың маңызын, мазмұнын ашу.
Зерттеу пәні: Тіл дамыту.
Зерттеудің объектісі: Дидактикалық ойындардың балалардың оқу-танымдық әрекетін дамуындағы ерекшеліктері
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат тәжірибені қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

2.3 Дидактикалық ойынның баланың оқу танымдық әрекетін дамытудағы маңызы. Кез келген ұстаздың басты мақсат- міндеті - оқушыларға сапслы білім беру, жан-жақт жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған. Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы Сауат ашу оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. Ұйқасын тап,Сиқырлы қоржын,Өлең жолын құрастыр т.б. ойындар. Ал математика оқулығының басты ерекшелі оқу мен тәрбие ерекшелігі жақсы, шебер ұйымдастырған.Математика сабағында баланың логикалық ойлауында дамытатын ойындар Құрастыру, Бөлігін тап, Көршісін тап, Өрнекті шеш, Ойлан тап ойындарын ойнауға болады. Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін.Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмір -лерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Ұлттық қазақ ойындары: Қыз қуу, Орамал тастау, Асықтар, Бәйге ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде оиындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Мектепте балалар табысты, жақсы оқу үшін баланың тілдік функйиялары толық дамыған болуы керек. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытудаойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы : Қуыршаққа қонаққа бару, Мен кіммін, Қуршақты киіндіреміз, Шарбақты құрастыру, Көлемі бойынша қой деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: Телефон ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға сабақта серуенге де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді. Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. Шаштараз, Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында жиі қолданады.Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті.Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.Ойын ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. Сюжетті-рольді ойындар. Сюжетті рольді ойындар ақыл-есі кем балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рольді ойында бейнелеу құралы мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: Телефон ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты - бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.Мысалы: Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал Аурухана ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Дамытушы ойындар танымдық сезімді оятады, яғни балада тану іздену әрекетін дамыта отырып, ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын ойлау процесінің икемділігін, жаттығуын және тапқырлығын, қиял ұшқырлығын қалыптастырады. Бұл жағдайда сөзжұмбақтар мен ребустар көп септігін тигізеді. Өз шығармашылығымен құрастырылған сөзжұмбақтар баланың аса қызығушылығын тудырады. Балалар еркін сөздерді буынға бөліп, ойлау қабілеті дамиды, есеп сабағынан білім дейгейі кеңейеді. Ребустың бір түрі. Қағаз бетінде заттық суреттер ( екі суреттер, төрт сурет т.б. болуы мүмкін)арқылы белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып, ретімен орналастырғанда жасырынып тұрған сөзді табуға болады.
Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық, тап-қырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп-салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады. Өз тәжірибемде ойындық сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнауды да үйретемін. Бір мезетте оқытушы және ойынның мүшесі ретінде де балаларды ойнатуға талпындырамын, ал балалар ойнай отырып үйренеді, сондай-ақ ойын өзіндік ойын әрекеті нәтижесінде де қалыптасады. Өзіндік ойын әрекеті балалардың ойынға деген қызығушылығы артқан кезде ғана іске асады. Балалар ойын ойнағанды ұнатады және өз ынталарымен беріліп ойнайды. Тапсырмаларымды балалар өз беттерімен орындап және ойынды ұйымдастырып бір-біріне әділ баға беруге үйренеді. Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлерін төмендегі жүйе бойынша өткіземін: 1.ойыншықпен ойналатын ойындар. 2.Үстел үстінде ойналатын ойындар. 3.Сөздік ойындар . Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеймін, сондай-ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түсемін және ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамытуға көмектесемін. Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады: Дидактикалық тапсырмалар, мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы, мұнда басты элемент-дидактикалық тапсырмалар болып табылады, ал қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі. Тапсырмалар әртүрлі болады (табиғат, жануарлар және өсімдіктер әлемі, адамдар, еңбек т.б.) және қарапайым математикалық ұғымдарды бекітуге байланысты. Ойын ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл-ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалар өзін-өзі ұстауға, өздерінің мінез-құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді. Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке-дара ойнауына арналған (мозаика, пирамида), олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді. Кейбір ойындар 4-6 баламен ойналады, сандық лотолар сан үйрету үшін өте қолайлы қызықты.

2. Дидактикалық ойып арқылы-баланың оқу-танымдық әрекетін дамыту
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық - ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
- Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
- Экономиканың нарықтық моделін ұсынып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
- Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына арналған Жолдауында "біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді,олар бейбіт,абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" деп көрсетілгеніндей,ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білім нәрі.[1]
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде "ойын" ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Ойын ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарад:
Ойын - сауық
Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық
Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану)
Коррекциялық (өзін-өзі түзету)
Әлеуметтендіру
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ұлттық ойындар халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп, жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшан ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
жеке оқыту маңызының артуы;
оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т.б.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой-өрісін қалыптастыратын, білгірлікке шындайтын бірден-бір құрал болып есептеледі. Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шындай түсуімен бірге халықтың салт-дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала - балалар ойыны. Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

Тапқырлық

О й ы н
Ұйымдастырушылық
Шыдамдылық
Белсенділік
Шапшаңдық
Адамгершілік

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабылдауын дамытудағы дидактикалық ойындардың рөлі
Ойын-оқушылардың танымдық үрдістерін қалыптастыру және дамыту құралы
Ойын технологиясын ұйымдастыру арқылы өзін өзі дамыту жолдары
Балалардың жаңа біліммен қаруланудағы белсенділіктері
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуді дамытуда ойындарды қолдану және коммуникативті құзіреттілігін дамыту
Бастауыш класс математика сабағында ойын технологиясын қолдану
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Балаларды есептеуге үйрету кезінде ойын тәсілдерін қолданудың теориялық негізі
Ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Пәндер