Драмалық шығармалар



Кіріспе

Негізгі бөлім

Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктері

Пайдаланылған әдебиеттер
Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері — оқушылардың әдеби тілін жетілдіру, оқырмандық мәдениетін дамыту, шығармалардың көркемдік болмысын түсініп қабылдауға жол салу. Мұндай мақсаттар әдебиетті оқыту барысында оқушылардың жан-дүниесіне әсер ете алатын әдістерді қолдану нәтижесінде ғана орындалады. Проза, поэзия, драматургия қайсысы болсын ең бастысы туындының көркемдік болмысын оқушыға таныта алатын жақсы әдістер жүйесін қолдану арқылы ғана оқушының дамуы туралы айта аламыз.
Бағдарламада берілген драмалық шығармаларды оқи отырып, оқушылар тарихи-әдеби процестер туралы біліп, әдебиет теориясынан білім алады. Осы арада бағдарламада берілген драмалық туындының оқытылуы құрғақ, формалдық жолмен оқытылып кетпеуін қатаң қадағалау арқылы ғана әдістеменің тиімділігі танылады. Сондықтан драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің міндеті — оқушыларға теориялық, тарихи-әдеби білім беру, өнердің бір саласы ретінде драмалық шығармалардың ерекшелігін таныту, адам характерін сомдаудағы мүмкіндіктерін таныту және сол білімді өз бетімен ала алатындай әдістерді үйрету.
Мектеп бағдарламасында берілетін драмалық шығармалардың барлығына ортақ негізгі мәселелерді қатыстыра отырып, әрбір шығарманың өзінің көркемдік – сюжеттік құрылымына байланысты да әдістемелік құралдар мен әдіс-тәсілдерді жүйелеуді міндет етіп отырған драматургияны оқыту әдістемесі қазіргі білім берудегі бастан кешіріліп жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді де молынан бойына сіңіруі тиіс. Сол арқылы ғана драмалық шығармаларды оқытудың сапасы жетіліп, оқушыларға білім беру мен биік идеялды тәрбие беру міндеті жүзеге асырылмақшы.
Эпостық және лирикалық шығармалармен бірге көркем әдебиеттің күрделі бір саласы болған драма да жалпы әдебиет заңдылықарына бағынады. Сондықтан драмалық шығармаларды мектепте оқыту принципі де эпос, лириканы оқытудың әдіс-тәсілдерімен сабақтас болып келеді. Бірақ драманы оқытудың өзіндік ерекшеліктері, өзіндік сипаттары бар. Бұл оның жанрлық табиғатына байланысты.
1. Дүкенбаев С.Х. Драмалық шығармаларды оқыту. - Алматы. 1987.
2. Бораш Р.Б. Драмалық шығармаларды оқытудың кейбір мәселелері // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2006. № 3.
3. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. - Алматы, Қазақ университеті. 1992.
4. Станиславский К.С. Особенность драматических прозведениий. Москва. 1986.
5. Зепалова Т.С. Уроки литературы и театр. Москва, «Просвещение. 1982.
6. Никольский В.А. Методика преподования литературы в средней школе. М., 1971, стр 163.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктері

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері -- оқушылардың әдеби тілін жетілдіру, оқырмандық мәдениетін дамыту, шығармалардың көркемдік болмысын түсініп қабылдауға жол салу. Мұндай мақсаттар әдебиетті оқыту барысында оқушылардың жан-дүниесіне әсер ете алатын әдістерді қолдану нәтижесінде ғана орындалады. Проза, поэзия, драматургия қайсысы болсын ең бастысы туындының көркемдік болмысын оқушыға таныта алатын жақсы әдістер жүйесін қолдану арқылы ғана оқушының дамуы туралы айта аламыз.
Бағдарламада берілген драмалық шығармаларды оқи отырып, оқушылар тарихи-әдеби процестер туралы біліп, әдебиет теориясынан білім алады. Осы арада бағдарламада берілген драмалық туындының оқытылуы құрғақ, формалдық жолмен оқытылып кетпеуін қатаң қадағалау арқылы ғана әдістеменің тиімділігі танылады. Сондықтан драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің міндеті -- оқушыларға теориялық, тарихи-әдеби білім беру, өнердің бір саласы ретінде драмалық шығармалардың ерекшелігін таныту, адам характерін сомдаудағы мүмкіндіктерін таныту және сол білімді өз бетімен ала алатындай әдістерді үйрету.
Мектеп бағдарламасында берілетін драмалық шығармалардың барлығына ортақ негізгі мәселелерді қатыстыра отырып, әрбір шығарманың өзінің көркемдік - сюжеттік құрылымына байланысты да әдістемелік құралдар мен әдіс-тәсілдерді жүйелеуді міндет етіп отырған драматургияны оқыту әдістемесі қазіргі білім берудегі бастан кешіріліп жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді де молынан бойына сіңіруі тиіс. Сол арқылы ғана драмалық шығармаларды оқытудың сапасы жетіліп, оқушыларға білім беру мен биік идеялды тәрбие беру міндеті жүзеге асырылмақшы.
Эпостық және лирикалық шығармалармен бірге көркем әдебиеттің күрделі бір саласы болған драма да жалпы әдебиет заңдылықарына бағынады. Сондықтан драмалық шығармаларды мектепте оқыту принципі де эпос, лириканы оқытудың әдіс-тәсілдерімен сабақтас болып келеді. Бірақ драманы оқытудың өзіндік ерекшеліктері, өзіндік сипаттары бар. Бұл оның жанрлық табиғатына байланысты.

Орта білім бететін мектептерде әдебиет сабағынан берілетін мәтін түрлері әр алуан болып келеді. Эпикалық шығармалар, лирикалық шығармалармен қатар драмалық шығармалар да оқытылады. Драмалық шығармалар басқа жанрдағы шығармалар сияқты әдебиет заңдылықтарына бағынады. Сондықтан драмалық шығармаларды оқыту принциптері эпикалық, лирикалық шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдерімен сабақтас келеді. Дегенмен драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері де болады.
Драма -- әдебиеттің үлкен бір жанры. Ол өзінің қоғамдағы орны мен жазылу формасы арқылы эпостық және лирикалық шығармалардан дараланады. Драма бір жағынан әдебиет туындысы болса, екінші жағынан ол театр өнеріне негіз болады. Мектепте драмалық шығарманы оқытқанда оның осы екі жақтылығын ескеру керек.
Драма мазмұнына қарай үш түрге бөлінеді: комедия, драма, трагедия. Драмалық шығармаларда автор өмір болмыстарын көркем типтік жағдайларда тартыс үстінде көрсетіп, белгілі бір идеяны ұсынады. Драманың басты нысаны -- адам, оның қоғамдағы орны, іс-әрекеті, жеке басының қасиеті, ізгілікке ұмтылуы, күресі. Театр өнерінің дамуына байланысты драмалық шығармалардың түрлері дами түсуде (оперетта, водовиль, либеретто т.б.).
Драма мәтіні тек кейіпкерлердің сөзінен тұрады. Диолог, монолог түрінде жазылады. Драма шығармасы сахнаға ойналғанда "пьеса" немесе "спектакль" деп аталады. Пьеса өз ретінде афишадан, акті, сурет, көріністерден тұрады, уақытпен шектеледі. Мұнда авторлық баяндаулар, суреттеулер болмайды. Кейде автор өз тарапынан оқиғаға, не декорацияға, не кейіпкерлерге қатысты сілтеме түсінік келтіреді. Бұл сілтемелер "ремарка" делінеді және жақшаға алып жазылады.
Қазақ әдебиетінде драма кейіндеп дамыған саланың бірі. Сондықтан қазақ әдебиетін оқытуда оның әдістемесі дамымай келеді. Бұған тағы бір себеп мектеп қабырғасында оқытылатын драмалық шығармалардың аздығы және оны оқытудағы теориялық тіректің жоқтығына да байланысты. Орта буын сыныптарда драмалық шығармалардан Д.Исабековтің "Әпке" драмасы оқытылады. ХІ сыныпта Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш -- Баян сұлу", М.Әуезовтің "Еңлік -- Кебек", Ш.Мұртаза "Бесеудің хаты" т.б. шығармалар оқытылады.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мәселелері бойынша жазылған ғылыми еңбектер мен зерттеулерде драмалық шығармаларды оқыту жайлы көп айтыла бермейді. Аталған шығармалардың сахнаға арналып жазылатын ерекшелігі оны мектепте оқып талдауда белгілі бір қиындықтар туғызуы мүмкін. Бірақ қалай дегенде де, бұл туындылар мектепте оқыту мақсаты үшін оны талдау, игерту жолдары мен әдістері де тиімділік жағынан әдістемелік тұрғыдан қарастырылуы керек.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымында драмалық шығармаларды оқыту жолдарын қарастырған әдіскер-мұғалімдер мен әдіскер ғалымдар санаулы. Драмалық шығармаларды оқыту жолдарын қарастырып, әдістемелік көмекші құрал жазған -- Сайлау Дүкенбаев. С.Х.Дүкенбаевтың "Мектепте драмалық шығармаларды оқыту" атты оқу әдістемелік көмекші құралы 1985 жылы "Мектеп" баспасынан жарияланған(1).
"Драмалық шығармаларды оқыту" тақырыбында кандидаттық дисертация жазылды(2). (Рыскүл Байділдақызы Бораш, 2006). Әдістемелік басылымдарда мұғалімдер тәжірибесінен жарияланып жүретін мақалалар да көбіне поэзиялық, прозалық шығармаларға арналады. Драмалық шығармаларды оқыту тәжірибесінен мақалалардың көп жариялана бермейтіні аталған жанрды оқытудағы күрделілік пен әдістемелік сонылығына қатысты деп түсінеміз.
Сондықтан драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі әлі де көп қарастыруды, зерттеуді қажет ететін тың тақырып болып есептеледі.
Драмалық шығарманы мектепте талдауда мұғалім алдында бірнеше мәселе тұрады. Бұл мәселелер драманың тақырыбы мен идеясына, сюжеті мен композициясына, кейіпкерлер мен әрекеттерге, тіліне, сахналық қойылымына т.б. қатысты.
Драмалық шығарманы талдау мәтінмен жұмыс істеу арқылы іске асады. Қашан да басты назар драманың тіліне аударылады. Тілдің қолданылу аясы, -- адамдардың сөйлесуі -- диолог. Диолог -- тіл болмысы. Сондықтан оған үңілу шығарманың сырын ашады. Драма тілі кейіпкердің жай ғана сөйлеуі емес, автордың мақсатты түрде саралап салған сөздері болып есептеледі. Демек, драма тілі -- көркем тіл. Әлемге әйгілі драматургтер Шекспир тілі шынайылығымен, дәлдігімен, ойнақылығымен, уытты-өткірлігімен ерекшеленеді. Драмада адамдар тілі іс-әрекеттер арқылы бейнеленеді. Олардың бар болмысы, сөйлеуі, киімі, жүріс-тұрысы, кейпі, мінезі -- көруші назарында болды.
Эпикалық тек пен лирикалық тектің жанрларында танылатын кейіпкерлердің болмысынан драмалық кейіпкер болмысы өзгеше. Себебі драмалық кейіпкер нақты іс-әрекетімен жанды қимылда көрінеді. Сахнадағы рөлді сомдаушы актердің бет бейнесінде, іс-әрекетінде, сөйлеуінде жанды кейіпте көрінеді, танылады. Драмалық шығарманы оқып қабылдау мен оны нақты сахналық қойылымда көріп қабылдаудың айырмашылығы болады. Оқушы үшін тиімдісі сахналық қойылымды көріп тамашалау. Себебі мектепте оқылатын драмалық шығармалардың барлығы дерлік сахналанған. Дегенмен сахналық қойылымды көрсету мүмкіндіктері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Драмалық шығармалар оқыту
Драмалық шығармаларды оқыту
Драмалық шығармаларды оқытудың ерекшеліктері
Қазақ драматургиясының жанрлары
Қазақ балалар драмасының шағын түрлері
Қазақ драматургиясы
Драмалық монологтың көркем әдебиеттегі рөлі
БАЛАЛАР ДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ БАСПАЛДАҚТАРЫ
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі
Әдеби тек. Драма. Лирика. Эпос
Пәндер