Бала тәрбиесіндегі халықтық салт- дәстүрдегі тәрбиенің маңызы



І. Кіріспе:

а) Халық педагогикасы . тәрбие құралы;
б) Халық педагогикасының қайнар бұлағы . ауыз әдебиеті үлгілері;
в) Қазақ даласының ұлы ойшылдары, философиялық ой.пікірлердің көш басшылыры;

ІІ. Негізгі бөлім: Салт пен дәстүрдің тәрбиедегі алатын орны

а) Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер;
б) Тұрмыстық салт.дәстүрлер;
в) Әлеуметтік мәдени салт.дәстүрлер;
г) Үйлену, үй болу салт.дәстүрлері;
д) Жаңа заман салт.дәстүрлері;

ІІІ. Қорытынды:

Баланы ұлттық рухта тәрбиелудің негізгі құралы . халық педагогикасы.
Таихқа көз жүгіртсек халқымыз ата бабаларының ғасырлар бойы жинақтаған омир тәжрибесін, бай рухани қазынысын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған бала тәрбиесіне ерекше мән бере, үміт арта, сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына асқаралы мақсат қойылып, келелі міндеттер жүктеген болашақ ел қамқоры, Отан қорғаушысы, шаңырақ иесі, өмір гүлі деп бар жақсысын баласына арнаған. Халықтың өмірлік тәжрибеден түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары мен тұжырымдары, ұқыптылықпен жинаған әдет-ғұрптары, салт-дәстүрлері, даналық асыл ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып қалыптасқан. Халық педагогикасы халықтың ауыз әдебиетінде, ақын-жыраулардың шығармаларында, халықтың тәрбие дәстүрлері, әдет-ғұрптары, отбасындағы тәрбие, халық ойындары мен мерекелері, музыкалық шығармалары, бейнелеу өнері, қол өнер туындыларында тәрбиелік мазмұнда көрініс тапқан.
Халық дүниеге келген нәрестенің болашағын ойлап, бар жақсылықты соның жолына бағыштап, көркем сөзге, өлеңге, әнге, күйге қосып неш түрлі қызықты ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, әңгімелер шығарып, оларды күнделікті тәрбиеде пайдаланып отырған. Сан ғасырдан бері жинақталған ойшылдардың, даналардың шешендердің, ел бастаған көсемдердің, ұстаздардың педагогикалық идеялары халықтың өмір-тіршілігімен, кәсібімен, ұлттық тәрбие дәстүрімен қоғамнан қоғамға жалғасып, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған.
Халық педагогикасының қайнар бұлағы - ауыз әдебиеті үлгілері. Адамдық принцптерге негізделген шығармалар – ертегілер, эпостық жырлар, ақындар айтысы, аңыз -әңгімелер, өлең – жырлар, жаңылпаштар, жұмбақтар, мақал – мәтелдер, қанатты сөздер – жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу, ақыл – ой санасын дамыту, дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық т.б. тәрбиесін жүзеге асыруға бағытталған. Бұл жөнініде кемеңгер жазушы М. О. Әуезов «Табиғатты баурап алғанша адам қиялмен танып меңгеріп, оған өз ықпалын жүргізуді арман еткен. Ертегілерде қоғамдық тартыста, күштердің көпшілікке көрсеткен қиянаты, зорлық – зомбылығы да халықтың әділет, арман туралы ұғым-нанымы түгел жинақталған. Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, адамгершілік гуманизмді, халықтың қанатты үміті – оптимизмді, сол халықтың өткендегі өмірін, аңсау арманын, әдет – ғұрпын көреміз...» - деп, жас ұрпақты тәбиелеулдегі ауыз әдебиетінің орнын жоғары бағалаған. Өйткені халықтың тәрбие дәстүрі ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, ән, күй, музыкалық ойындар, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, күрес, алтыбақан, қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, өнер сайыстары, атжарыс фольклорлық шығармалар арқылы көрініс тауып отырған.
1. С.Қалиев, Қ.Жарықбаев. Халық ауыз әдебиетіндегі тәрбиенің көрінісі. – А., 1987
2. Ә.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. – А., 1992
3. С.Қалиев. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. – А., 1987
4. С.Ғаббасов. Халық педагогикасының негіздері. – 1995
5. Көшімбаев А. Орта мектептің қазақ әдебиетін оқыту методикасының мәселелері.- Алматы. Мектеп, 1970 ж. 244 бет.
6. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы.- Алматы, 1969 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

5В 011900 шетел тілі-2 шетел тілі

Орындаған:Ырысбай Арай
Тексерген: Кенжан А.М

Алматы 2014

Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі халықтық салт- дәстүрдегі тәрбиенің маңызы

Жоспар:

І. Кіріспе:

а) Халық педагогикасы - тәрбие құралы;
б) Халық педагогикасының қайнар бұлағы - ауыз әдебиеті үлгілері;
в) Қазақ даласының ұлы ойшылдары, философиялық ой-пікірлердің көш басшылыры;

ІІ. Негізгі бөлім: Салт пен дәстүрдің тәрбиедегі алатын орны

а) Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер;
б) Тұрмыстық салт-дәстүрлер;
в) Әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер;
г) Үйлену, үй болу салт-дәстүрлері;
д) Жаңа заман салт-дәстүрлері;

ІІІ. Қорытынды:

Баланы ұлттық рухта тәрбиелудің негізгі құралы - халық педагогикасы.

Халық педагогикасы - тәрбие құралы

Таихқа көз жүгіртсек халқымыз ата бабаларының ғасырлар бойы жинақтаған омир тәжрибесін, бай рухани қазынысын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған бала тәрбиесіне ерекше мән бере, үміт арта, сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына асқаралы мақсат қойылып, келелі міндеттер жүктеген болашақ ел қамқоры, Отан қорғаушысы, шаңырақ иесі, өмір гүлі деп бар жақсысын баласына арнаған. Халықтың өмірлік тәжрибеден түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары мен тұжырымдары, ұқыптылықпен жинаған әдет-ғұрптары, салт-дәстүрлері, даналық асыл ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып қалыптасқан. Халық педагогикасы халықтың ауыз әдебиетінде, ақын-жыраулардың шығармаларында, халықтың тәрбие дәстүрлері, әдет-ғұрптары, отбасындағы тәрбие, халық ойындары мен мерекелері, музыкалық шығармалары, бейнелеу өнері, қол өнер туындыларында тәрбиелік мазмұнда көрініс тапқан.
Халық дүниеге келген нәрестенің болашағын ойлап, бар жақсылықты соның жолына бағыштап, көркем сөзге, өлеңге, әнге, күйге қосып неш түрлі қызықты ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, әңгімелер шығарып, оларды күнделікті тәрбиеде пайдаланып отырған. Сан ғасырдан бері жинақталған ойшылдардың, даналардың шешендердің, ел бастаған көсемдердің, ұстаздардың педагогикалық идеялары халықтың өмір-тіршілігімен, кәсібімен, ұлттық тәрбие дәстүрімен қоғамнан қоғамға жалғасып, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған.
Халық педагогикасының қайнар бұлағы - ауыз әдебиеті үлгілері. Адамдық принцптерге негізделген шығармалар - ертегілер, эпостық жырлар, ақындар айтысы, аңыз -әңгімелер, өлең - жырлар, жаңылпаштар, жұмбақтар, мақал - мәтелдер, қанатты сөздер - жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу, ақыл - ой санасын дамыту, дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық т.б. тәрбиесін жүзеге асыруға бағытталған. Бұл жөнініде кемеңгер жазушы М. О. Әуезов Табиғатты баурап алғанша адам қиялмен танып меңгеріп, оған өз ықпалын жүргізуді арман еткен. Ертегілерде қоғамдық тартыста, күштердің көпшілікке көрсеткен қиянаты, зорлық - зомбылығы да халықтың әділет, арман туралы ұғым-нанымы түгел жинақталған. Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, адамгершілік гуманизмді, халықтың қанатты үміті - оптимизмді, сол халықтың өткендегі өмірін, аңсау арманын, әдет - ғұрпын көреміз... - деп, жас ұрпақты тәбиелеулдегі ауыз әдебиетінің орнын жоғары бағалаған. Өйткені халықтың тәрбие дәстүрі ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, ән, күй, музыкалық ойындар, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, күрес, алтыбақан, қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, өнер сайыстары, атжарыс фольклорлық шығармалар арқылы көрініс тауып отырған.
Жас ұрпақты намысшылдыққа, ерлікке, отаншылдыққа, жақсылыққа, кішіпейілділікке, бауырмалшылыққа, ілімпаздыққа, ақылдылыққа, өткір тілді шешендікке, әдептілікке, тазалыққа, өнелі, шебер болуға, өнерліні құрмет тұтуға, туған жер табиғатын, ерлік дәстүрін сүюге тәрбиелеген.
Қазақ ақын - жырауларының шығармаларынан халықтың салт-санасын, ой-өрісін, мақсатын, талап тілегін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, болашақ өрендер айтар өсиетінің терең мәнін жас ұрпаққа ұғындыру алдына бір тәрбие құралы екенін мақтанышпен атап айтамыз. Қазақ даласының ұлы ойшылдары, халқымыздың қоғамдық - саяси, әлеуметтік,педагогикалық, филасофиялық ой - пікірлерінің көш басшылары - Асанқайғы, Досмамбет жырау, Шалгиіз Тіленшіұлы, Жиембет жырау, Ақтамберді Сарыұлы, Үмбетей Тілеуұлы, Бұқар Қалқаманұлы, Шал
( Тілеуке) Құлекеұлы, Махамбет Өтемісұлы, Сүйінбай Аронұлы, Базар жырау
т.б.
Адам бойындағы сапалы адамгершілік қасиеттерді жаман әдет, жат мінез-құлықтарға қарсы қоя отырып, жамандықтан жиренуге баулиды. Жастарға тіл мәдениетін үйретіп, шығармашылыққа тәрбиелеуде қанатты асыл, көркем сөздердің ықпалы ерекше тиімді. Қазақ халқы салт - дәстүрлерге бай, атап айтсақ:
1. Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер;
2. Тұрмыстық салт-дәстүрлер;
3. Әлеуметтік-мәдени дәстүрлер;
4. Үйлену, үй болу салт - дәстүрлері;
5. Жаңа заман салт - дәстүрлері;
Дәстүр дегеніміздің өзі жалпы халықтың ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып отыратын, қалыптасқан озық салты мен әдет-ғұрпының жиынтығы. Оның ықпалдылығы, адамдардың психолгиясына, күнделікті тіршілігіне енуінде.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ерекшелігі мен қасиеті, тәрбиелік әсер-ықпалы да осы өміршеңдігінде, жаңа дәстүрлердің туып, дамып, қалыптасып, тәрбие құралы ретінде кейінгі ұрпаққа мұра болып қала беруінде.
Қазақ халқының салт-санасында ата-ананың арман-тілегі ерекше көрініс тапқан, бірақ бұл асыл қазыналар тоқырау кезінде нағыз тәрбие құралы бола алған жоқ, қайта жыл озған сайын тәрбиеден шеттеп шығып қалып отырды.
Тоқырау кезеңінде бірыңғай мәдениет жасаймыз деп ұлт мәдениеті, ұлт тілі, ұлт өнері атаулыдан безіп, халқымыздың тарихымен мәдени, әдеби музыкалық мұраларын өз ана тілінде оқып, тыңдап, түсініп, тәлім-тәрбие ала білмейтін, өз ұлтының ізгі дәстүрін ұмытқан, жеңіл-желпі даңғыра әуенге әуес, өз халқының тілі мен өнеріне, болашағына немқұрайды қарайтын, адамгершілік сапасы, эстетикалық мәдениеті төмен, рухани дүниесі жүдеу талғамсыз ұрпақты қалыптастырады. Қазақ дәстүрінде баланы әлдилеу, жұбату, ойнату, тәрбиелеу үстінде оның алдына неше алуан тілек - мақсат қою өлеңмен, жырмен, әнмен, көкемсөз айшықтарымен айтылған. Мектеп жасына дейінгі балалар ата-анасының, апа-ағаларының айтуы, оқып беруі бойынша сәбилік шақтан-ақ халық ауыз әдебиетімен таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар, жан-жануарлар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер - бәрі де баланы қызықтырып, оларды қуанышқа бөлейді. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөздік қорын байытып, бірден - бірге мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра береді.
Бөбектің алғаш тыңдайтын өлеңі - Бесік жыры балаға деген махаббаттан, болашақ ел азаматы болсын деген тілектен туған ойлар. Халық тәрбиесі бала жас кезінен бастап көпшіл, ынтымақшыл, үлкенге сый-құрмет көрсете білетін өнегелі адам болуын көздеді және баладан адамгершілік қасиетті талап етті. Алақаны ашық, қолы кең береке иесі болсын, жұдырығын түйген сұм болмасын дегенді баланың бойына сәби шақтан сіңіруге тырысқан.Ата-ана өз баласын халыққа жан-жақты өнерімен, біліктілігімен, игілікті ісімен қызмет етіп танылса екен деп армандап, ол ізгі ойын бесік жырына қосты, жас нәрестенің болашағына үміт артты.
Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын жырға, әнге қосқан. Атап айтсақ: Шілдехана, Қырқынан шығару, Бесік тойы, Тұсау кесу, Атқа міну, т.б. тойлар мен қатар қыз ұзату, келін түсіру оқиғаларының бәрі де көркемсөзбен, ән мен үндесіп отырған. Мысалы: Бөбек, Қаз - қаз, Тәй - тәй, Ақ білек, Бөпем - ай, Әлди, бөпем, т.б. әні бар өлеңдердің әуені мейірімге, махаббатқа, жылы сезімге, жұмсақ үнге толы, бір қалыпты ырғағы бесіктің тербетілуіне сай құрылған. Жалпы қазақтың халық әндерінің негізгі ерекшелігі оның әуенінің әуезділігінде, ырғағы мен формасында, терең де ашық-жарқын жайдары, кең сарынды сазында.
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениеті ән, күй шығармаларын айқын да терең байқалады. Бұл шығармалар қай заманда да халықтың талап - тілегі мен асыл арманына үндес дыбыстардың жүйесі арқылы әсер етіп, адамның жан - жүйесіне қозғау салған. Кейде халық қайғылы, қуанышты оқиғаларды, ақыл-кеңестерді әнмен, күймен, өлеңмен, жұмбақпен хабарлап білдірген. Олар - сүйінші, естірту, жоқтау, тойбастар, беташар т.б. Бұлар хабаршы ролін де атқарған. Халық әндері өзінің пайдалану аясына қарай әлеуметтік, тарихи, лирикалық, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып немесе еңбек тақырыбына арналған. Төрт түлікті бағып - қағу, баптау барысында табиғаттың сан-қилы құбылыстарын, дала мекендеушілерінің қимыл-әрекеттерін, тіршілігін бақылап, олардың өмір сүру тәсілдерін танып білген.
Ерте заманда қазақ халқы өзінің көшіп-қонып жүруіне байланысты тек қана мал шауашылығын кәсіп еткен. Сондықтан баланы жұбатса да, ойнатса да , еркелетіп сүйсе де немесе оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялар
Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы қыз балалар тәрбиесін арттырудың жолдары мен көздерін жан-жақты қарастыру
МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қыз бала тәрбиесі
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Қазақтың салт - дәстүрлер құрылымы
Қазақтың салт - дәстүрлер құрамы
Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі көрінісі
Ауыз әдебиетінің түрлері
Пәндер