Жасөспірімдерде психологиялық білімдерді қалып-тастыру мәселесі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1. ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРДІ ҚАЛЫП-ТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Білімді қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық сипаттары . . . 11

1. 2 Қарым-қатынас жасөспірімдердің қабілетін дамытудың негізгі факторы ретінде . . . 22

2. ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРДІ ҚАЛЫП-ТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

2. 1Тұлға қабілеттерін дамытудағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелері . . . 38

2. 2Тұлға қабілеттерінің дамуының экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелері және оларды статистикалық өңдеу . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазіргі кезге дейін жасөспірім жасындағылардың дамуы психология және педагогика ғылымдарында жеткіліксіз дәрежеде зерттелген. Әсіресе осы жастағы мектеп оқушыларының психологиялық білімдерінің деңгейі, оны қалыптастыру мәселелері ғылыми еңбектерде тапшы екені анықталды. Сол себептен ұсынылып отырған дипломдық жұмыс жасөспірім жасындағыларда психологиялық білімдерін қалыптастыру арқылы өзін-өзі бағалау, басқалармен түсінісу, өзін басқару т. с. с. қарастыруға арналды.

Аталған мәселелерге байланысты шетел психологтарының зерттеулеріне келсек -С. Холл, Р. Бенедикт, М. Мид, Арнольд Гейзель, Е. Эриксон, еңбектерінде келесіше талданады:

С. Холлдың (неміс психологы) негізгі ғылыми жұмысы жасөспірім жасындағылардың дамуымен байланысты. Оның зерттеулерінде жасөспірімнің психологиясын, физиологиясын, антропологиясын, әлеуметтік дамуын, жыныстық дамуын, қылмыстық жағдайларын қарастырылған. Оның еңбегі алғаш рет 1904 жылы жарыққа шыққан. С. Холлды жасөспірім психологиясын «әкесі»- деп есептеген. С. Холлдың еңбегі «Буря и нацист» деген атаумен жарияланды. Бұл еңбек XVIII ғасырдағы неміс әдебиетшілеріне еліктеуден туындаған. Еңбекте С. Холл өзінің социогенездік моделін ұсынған және де жасөспірім кезең- ол адам өміріндегі дамудың тарихи кезеңі. Себебі осы кезеңде міндетті түрде қарым-қатынаста конфликті жағдайлар, жыныстық толысу, физиологиялық жағына өзгерістер болады.

Р. Бенедикт - осы салада бихевиористік бағдарды зерттеп нәтижесін ұсынды. Ол жасөспірім жасындағылардың психологиясын әртүрлі әлеуметтік ортаның стимуляциясына байланысты өзгеріп, дамып отыратындығын дәлелдеген. Р. Бенедикт Боас мектебіндегі антропологтардың мәліметін пайдалана отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жасөспірім жасындағылардың психологиясын мәдени ортада зерттеп, АҚШ елінің жасөспірімдерімен салыстырған. Осымен қатар Р. Бенедикт Үнді, Канада Америка, Африка, Мексика және Жаңа Гвини елдеріндегі жасөспірім жасындағыларды зерттеген болатын.

М. Мид жасөспірім психологиясын әлеуметтік тұрғыдан көп зерттеген ғалым. М. Мид жасөспірімдердің даму кезеңін 1928 жылы Самоа және Адмиралтейства аралында және 1930 жылы Жаңа Гвинияда елдерінде зерттеген. Оларды өмірлік ритмі «салттары» бойынша жасөспірім ересектердің өміріне жеңіл және біртіндеп ауысатындығын байқаған. . Самоа аралының жасөспірім жасындағы қыз баласы жыныстық жест туралы ештеңе білмеген, ал осы кезеңде онымен жасты Американ қыз бала бұл жайлы бәрін түсініп отырғандығына ерекш мән беріп, зерттеу жұмысын жүргізген. Аралды жерлерде, мұхиттарда ешбір өзін - өзі анықтау үшін жағдай (проблема) болмағандығын анықтаған (мамандық, әлеуметтік, моральдік) . М. Мидтің зерттеу жұмыстарын қортындылай келгенде аралды жерлерде жасөспірім шақтағы психо - физиологиялық дамуда қандайда бір қиыншылық қысымдар болмаған. Ал керісінше Америка елдеріндегі жасөспірімдер үшін бұл шақ өте күрделі ауытқушылық мінез - құлық ерекшелігіне әкеліп соғатындығын анықтаған.

Е. Эриксон өзінің ғылыми жұмысын 8 түрлі стратегияға бөліп қарастырған. Жасөспірім шақтағы мінез - құлық соның 5 стратегиясы болып келеді. Е. Эриксонның стратегиясында: «Егерде жасөспірім «басқару - бағыну» қатынасын меңгере алмаса, онда ол өзінің болашағында ата - ана болуы және қандай да бір өмірлік іс - әрекетпен айналысуы мүмкін емес. » делінген. Е. Эриксон индивидуалды даму мен қоғамдық дамуының тәуелділігін ескере отырып, ол мынадай бағыт берген - индивдтің өзіндік бағытта дамуы- ол қоғамның тәрбиесімен және өмір тәртібімен байланысты. Егер ұл баламен әкесінің арасында қарама - қайшы қатынастар болса, онда бұл жасөспірім шақта күрделене түседі» деген тұжырыммен өз стратегиясын қорытындылаған.

Арнольд Гейзель жасөспірім жасындағылардың даму жолын 1950 жылдары қарастырып зерттеді. Ол жасөспірімдердің мінез - құлық ерекшелігінің дамуын жас ерекшелігіне байланысты 10 мен 16 жас аралығы деп қарастырған. Себебі осын кезеңдегі ең алғашқы 5 жыл жасөспірім үшін ауыр болып келетіндігін айтқан.

Арнольд Гезель бойынша 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің мінез-құлқы ерекшелігінің дамуын келесіше сипаттаған:

10 жас-салмақты, сенгіш, ата - анасымен тең. Сырт бейнесіне көп назар аудармайды, күделікті өмірдегі жағдайларды жеңіл қабылдайды.

11 жас-импупильсивті, көңіл - күйі тез арада ауысады, ата -анасына қарсы шығады, құрбы - құрдастарымен конфликтіге тез арада түседі.

12 жас-жеңілтек мінезі көрінеді, әлемге деген қатынасы позитивті, сырт бейнесіне көп көңіл бөле бастайды.

13 жас- ата - анасына қарама-қайшы мінез - құлық көрсете бастайды. Әр қашанда бір нәрсені ұнатпай тұрады. Өз еркімен дос таңдай бастайды.

14 жас- экстроверсия, белсенді қарым -қатынасшыл, өзіне - өзі сенгіш, басқа адамдарға деген қызығушылығы пайда болады. (Мысалы: ұл баланың қызға) . Өзін - өзі басқа жақсы адамдармен салыстырады, сол жандарға еліктей бастайды.

15 жас-жеке басында өзгерістер пайда болады. өзін - тәрбиелейді, жаман жағдай болса соған тез көңіл аударады және сол үшін қайғырады.

16 жас-салмақты, қарым - қатынасшыл, өзін - өзі іштей тәрбиелейді, өмірге ризашыл болып жүреді. [1]

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның қазіргі даму кезеңінің талабына сай, адамның өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т. с. с. жаңа міндеттерді артуымен ерекшеленеді.

Қазақстан Републикасының дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылу мақсатында, қазіргі жасөспірімдердің саналы азамат болып, тұлға ретінде дамуына барлық жағдайларды жасалуда. Өркениетті қоғам үшін құндылық - жеке тұлға, оның дамуы, қалыптасуы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы бағытты бағалай білуі аса маңызды.

Сол себептен жасөспірімдерде психологиялық білімдерді қалыптастыру негізінде тұлғааралық қарым-қатынастарды өрбіту маңызды. «Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана - сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және рухани жаңа құрылымын, оның өзі туралы енді «бала емеспін» дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін «ересекпін» деп сезіне бастайды. Ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.

Осы жастағы өзгешелікті зерттеген психолог А. Г. Ковалев биологиялық әсері туралы мәселені қозғап, соның ішінде жасөспірім жасындағылардың психикалық сферадағы жыныстық жетілуі мен эмоциялық қалыптасуын биологиялық фактормен анықтаған.

В. Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқаша айтқанда ерте жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және азаматтық ересектік жетілу кезеңі.

Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 -15 жастан бастап 17-18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т. с. с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады.

М. Ю. Красовицкий жасөспірім жасындағыларды - барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырды. Бірақ оларды толығымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай-ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата - аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу - танымдық және қоғамдық - саяси іс - әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр.

Рувинский Л. И., Хохлова С. И. еңбектеріне сүйенсек, жасөспірім шақ - бұл қоғамдық жүйедегі көз - қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі, бірақ әлемге деген көз - қарасын толығымен пайымдай алмайды. Бұған арқау болатын түрткі - оқудағы білім, тәртіп пен информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен үлкендермен қарым - қатынас.

М. И. Шардаковтың пікірі бойынша жасөспірімдік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалу. Жасөспірім жасындағылар өз өміріне ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып, әр - түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл - ой, адамгершілік әлеуметтік жағынан есейеді. [2]

Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту, болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан көмек қажет. Мұның өзі күрделі процесс және ұзақ уақытты талап етеді. Осы кезеңде жасөспірімдердің ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастағандығы байқалады. Ал бұл дербестік- қажетті әрі міндетті түрде мақсаттар мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жасөспірімдер ересектерге іс - әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті орындауға, адаммен қарым-қатынас жасауға үйрене алады[3] .

Зерттеудің мәселесі: Жасөспірімдердің психологиялық білімдерін арттырудағы қазақ әдебиеттерінің аз болуы және осы тақырып төңірегіндегі жасөспірімдердің психологиялық білімін арттырудағы мектептегі психология пәнінің маңыздылығы диплом жұмысының зерттеу мәселесін анықтап отыр.

Зерттеудің мақсаты: Психологиялық білімдердің жасөспірімдердің қарым-қатынасына ықпалын теориялық тұрғыда негіздеп, іс-тәжірибеде анықтау.

Зерттеудің обьектісі: Жасөспірімдердің қарым-қатынасына психология-лық білімдердің әсері.

Зерттеудің пәні: Психологиялық білімдері қалыптасқан жасөспірімдер-дің қарым-қатынастағы әлеуметтік орындары.

Зерттеудің болжамы: Психологиялық білімдерді игерген жасөспірім-дердің қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасы мағыналы болуы ықтимал.

Зерттеудің міндеттері:

1. Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша әдебиеттерге, ғылыми әдістемелік материалдарға талдау жүргізу.

2. Жасөспірімдердің қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасында психологиялық ұғымдардың ықпалын анықтау;

3. Тәжірибелік жұмыстың нәтижесін өңдеп қорытындылау.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: Зерттеуге теориялық тұрғыдан ықпал берген келесі әйгілі ғалымдардың И. А. Зимняя психологиялық білімдерді қалыптастыруға қатысты тұжырымдары, Қ. Б. Жарықбаевтың жасөспірім жасындағылардың психологиялық ерекшеліктерін сипаттаудағы талдамалары, О. С. Сангилбаевтың психологиялық білімдер мен қарым-қатынас үрдісіндегі зейінділік мәселелерді қарастыруы.

Зерттеудің әдістері: Тұлға қабілеттерін дамытудағы қарым-қатынастың психологиялық әдістемесі, Спирмен әдістемесі.

Зерттеудің практикалық базасы: Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданы, №148 мектеп-гимназиясының оқушылары.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Алғашқы рет психологиялық білімдер мен ұғымдарды қалыптастыру негізінде қарым-қатынасқа бағытталған түрлі психологиялық әдістемелер арқылы жасөспірімдердің психологиялық білім-дерінің шыңдалуына жол ашылды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу жұмысынан алынған нәтижелерін мекемелердегі практик-психологтар, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар, мектеп мұғалімдері және ата-аналар қолдануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы және көлемі: Дипломдық жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Диплом жұмысының жалпы көлемі - 67 бет.

1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Білімді қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық сипаттары

Білім беру жүйесінде оқушыларды психологиялық дамыту, педагогтардың психологиялық білімін арттыру мақсатында психолог іс-әрекет етеді. Бұл салада психологтың қызметін И. В. Дубровинаға сүйіне отырып тікелей және жанама әсер ету деп қарастыруға болады. Тікелей әсер ету деп- психологтың оқушылармен тікелей қатынас жасауын айтамыз. Жанамалы психологиялық қызметте психолог мұғалім арқылы оқушы-ларға, ата-аналарға әсер етеді. Сөйтіп, психолог педагогтармен бірлесіп іс-әрекет етеді, олай болса бұл жерде психологтың ең бірінші мақсаты - педагогтармен тіл табысу, өзара бірлесе әрекет ету. Бұл өте күрделі әрі қиын үрдіс, ол үшін өзара қарым-қатынастың тең құқылы әріптестік формасын құру қажет. Психолог пен педагог оқушылар туралы ақпараттармен алмасып, оқыту және тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін семинарларда психолог оқыту мен тәрбиелеу аймағындағы психология ғылымының жетістіктері туралы айтып, педагогтарды әдебиеттермен таныстырып, мектеп өмірінен нақты жағдайларды мысалға алып психологиялық әсер ету арқылы оларды түзетуге мүмкіндігіне жеткізуі керек. Психолог білім беру мекемесіндегі тәрбиешілер мен педагогтарға «Жедел жәрдем», балаларға «күтуші» ретінде емес, «кәсіби маман» ретінде келеді. Психолог педагогикалық ұйымның бір мүшесі және ол балалардың психикалық дамуын, психологиялық денсаулығын қамтамасыз етеді. Психолог өз жұмысында кәсіптік біліміне, индивидуалды психи-калық дамуына, психологиялық іс-әрекет пен адамның мінез-құлық мотивтеріне, тұлғаның онтогенез кезіндегі дамуына сүйенеді. Практик психолог балалар бақшасында, мектепте, интернатта жұмыс істей отырып, әр-түрлі жас аралығындағы оқушылармен жұмыс жүргізді. Өзіндік жағдайды анықтауда психологиялық даярлық біртіндеп, баланың туғаннан бастап - үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасы кіреді. Психолог баланың психикалық даму шарттарының жолдарын анықтайды. Енді бұл жерде туындайтын сұрақ - білім беру мекемесіндегі психолог кімге бағынады және кіммен жұмыс істейді? Бұл сұраққа былай жауап беріп көрейік: Психолог екі жақты бағынушылықта болады. Ұйымдастырушылық басқару бойынша мектеп директорына, ал кәсіптік жағынан - әдістемелермен қамтамасыз ететін, кәсіптік қарым-қатынас жасайтын психологиялық орталықтың маман психологтарына бағы-нады. Мұндағы психикалық даму заңдылықтарының зерттеу нәтижелері психикалық үрдіс ерекшеліктерімен, соны-мен қатар оқу іс-әрекет ерекшіліктерін нығайтудағы психологиялық әдістердің негізінде жатыр. Үрдістердің сенсорлы - перцептивті зерттелінуі, жадының, ойлаудың, қызығушылық қызметтің құрылулары және оның дамуы ерекшіліктері заңдылық аймақтар және психомоторлық мінез-демелер кіші оқушылардың ерекшеліктерінің аймақтарын айқындауға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып жастағы оқушылардың мотивациялық аймағы, сана-сезімнің және өзін-өзі бағалаулары, мінез-құлық, әлеуметтік хабардар болулардың және т. б даму ерекшеліктері көрсетілген. Бұл күнде осы сөздің авторы чехиялық Ян Амос Коменскийді көпшілік қолдайды. Бірақ бұндағы дауыл мәселе - білім беру, білім алу қандай түрде болуы керек? Болып жатқан өзгерістер әсері қандай? Ал өзгерістер деп отырғанымыз:

- толық он бір жылдық білімді енгізу және он екі жылдық оқуды талқылау;

- жаңа оқу дисциплиналарын (пәндерінің) пайда болуы;

- мемлекеттік және жеке меншік мектептердің құрылуы т. б.

Өкінішке орай, барлық жаңа ашылымдар жеткілікті түрде ойластырылып, негізделмеген. Бірінші сыныпқа алынған оқушылардың ата-аналары оның оқу біліктілігі, санай алу, әріптерін жаза алуын тексергенде, бұның барлығы мектеп мойнында емес пе деп ойлайтындар да баршылық. Бұдан: қандай бағдарламамен оқушылар оқу керек деген сұрақ туындайды. Осы сияқты сұрақтар жауапсыз қала беруі де білім берушілерге деген сенімсіздік тудырады. [4] А. Г. Асмолова айтуы бойынша білім - қоғамды дамытады. Білім беруде екі басты іс-әрекет жасаушы - мұғалім және оқушы. Бірақ педагог пен балаға психологиялық кеңес беруді қажет етеді. Неге мектепте балалар пән мағлұматтарын меңгеріп үлгермейді, неге қарым-қатынаста қиыншылықтарға кездеседі, неге кейде агрессивті, жалқау. Осы және тағы басқа сұрақтар ата-аналар мен педагогтарды ойландырады. Осындай мәселелермен олар психологқа жүгінуге даяр. Ал психолог бұл мәселелерді шешу үшін келесі талаптарды орындауы қажет.

Психологиялық кәсіптілік - бұл психологиялық мәселелерді шеше алу және оларды көріп қорытынды жасау болып табылады[5] .

Л. С. Выготский педагогикалық және әдістемелік айырмашылықтарды көріп, оны психологиялық жағынан қарастырды. Педагогикалық анализдің, педагогикалық үрдістің міндеті - оқыту актісінің дамуы емес, мектептегі оқытудың ішкі даму үрдісіне әсері.

Ресейлік психологияда нені қалай оқыту керек туралы сұрақтарды Л. С. Выготский, П. П. Блонский, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, П. Я. Гальперин тағы басқалар қорытып шығарды. Н. Ф. Талызина, П. Я. Гальпериннің, ал Қазақстанда С. Елеусізова, Р. Қарамұратова зеттеулеріне сүйене отырып, оқыту мазмұнына байланысты үрдістік бірнеше жағдайларды бөліп көрсетті.

1) Оқытудың негізін базалық білім құрауы қажет;

2) Оқытудың мазмұнына базалық біліммен жұмыс істеу тәсілі жатуы қажет;

3) Білімді меңгеру, оқыту тапсыр-маларын шешу формасында орындалып, бұл оқытуды ешқандай жаттаусыз-ақ қамтамасыз етіліп, есте сақтау қорытынды негізінде қалыптасуы керек; Мектеп жағдайына қатысты, идиалды нұсқа болып әр бір баланың психологиялық мәселесіне психологты енгізу болып табылады.

Н. Р. Талызинаның оқытуында ұстанған психологиялық мазмұны үшінші типті оқуға жатады. П. Я. Гальпериннің пікірінше бірінші және басты үшінші типті оқыту-бұл танымдық іс-әрекеттерді тітір-кендіріп, өзінің танымдық қызығу-шылығын нығайтады. Қазіргі кездегі мектептердегі психологтордың алдында мектеп әкімшілігі жағынан танымдықтары мотивтенген балаларды іздестіру тапсырмасы тұрады. Біздің пікірімізше бұл тапсырманы басқалай құрастыру жөн: іздеу емес, танымдық мотивацияны құру. Себебі, танымдық мотивацияны құру арқылы оқушылардың мотивацияларын дамыту дұрыc [6] .

Білім беру жүйесінің мәселесінің мазмұны баланың танымдық ерекшеліктері мен тұлғалық эмоционалды сферасын диагностау мәселесімен тікелей байла-ныст. Бірақта көпшілік мектептің бетке ұстар мұғалімдері «психолог тестер ғана өткізеді»- деп ескертеді. Бұл әрине өкінішті. В. П. Зинченко «Диагностау тек тестерге негізделмейді, оның интерпритациясының өңделуіне негізделеді»-дейді. Яғни бұл жағдайда біріншіден қажет ерекшелікті анықтау, екіншіден нені түзету керек соны іздеу. Егер психолог тек сандармен сызбанұсқаларды сызумен ғана шектелсе шындығында бұл психолог психолог емес.

Мектепке қатысты идеалды нұсқа болып әр бір баланың психологиялық мәселесіне психологты кірістіру, алайда бұнда бұл әрекетті қолдану мүмкіндігі аз. Біздің ойымызша, ең мүмкін болар шешім: психологтың мұғалімдермен жұмысы. Осылайша мектептегі психологиялық қызмет туралы ғана емес, психологиялық - педагогикалық бірлескен іс-әрекет туралы сөз ету орынды [7] .

А. А. Реан психологиялық және педагогикалық күштердің интеграциясы туралы айта келіп, психологиялық қызметті психологиялық-педагогикалық жүйенің бірлескен элементі ретінде қарастыруды ұсынды.

Психолог жұмысы білім беру жүйесінің түрлеріне (шығармашылық және математикалық мектептер, гимназия, лицейлер) байланысты қызмет міндеттері анықталады.

Психолог өз жұмысын жүргізу үшін ыңғайлы орын қажет. Кабинет - бұл қажетті психологиялық қызметтердің компоненті. Психолог кез-келген мекемеде жұмыс істей отырып, негізгі тапсырмаларды шешеді. Кейбір неғұрлым қажетті іс-әрекеттерге көңіл бөлейік: практикалық психолог ең бірінші психология - педагогикалық шарттарды бақылауға міндетті. Ол балалардың даму ерекшеліктері баланың негізгі даму барысында қалыптасқанын ескеру керек.

Баланың дамуындағы шарттарды талқылау барысында Л. С. Выготскийдің «дамудың жақын аймағы» принципін қолдану дұрыс. Бұл принципті қолдау арқылы психология-педагогикалық бағдар дамудың сол деңгейінде бала жақын арадағы уақытта неге жете алатындығын бейнелейді. Педагогикалық тәжірбиеде бұл принциптің негізгі қиындығы «дамудың жақын аймағы». Дамудың жақын аймағы жасөспірімдерде және жоғарғы сынып оқушыларында ересек адамдармен өзін тану, интелектуалды және тұлғалық рефлекция, өзіндік ұйымдастыру мәселесі аумағында құрылады. Дәл осы кезеңде өмірлік көрінісі, өзін-өзі тануы, өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызы-ғушылықтарын сынап көруі қалыптасады [8] .

Педагогикалық ұйымда, сол сияқты жанұяда үнемі әр түрлі қақтығыстар болады, көбінде ересек адамдардың психологиялық хабарсыздығынан, бірін-бірі тыңдай алмауынан, тыңдағысы келмегеннен, түсінбеуден, кешірмеуден болады. Сондықтан да, тәжірбиелі психологқа балалармен жұмыс істейтін адамдардың психологиялық мәдениетін көтеру қажет.

Психологиялық ағарту - бұл үлкендердің және балалардың психоло-гиялық біліммен қатынасы. Психологиялық ағартудың негізгі мағынасы:

1) Баланың психикалық дамуының сәтті шарттарымен мұғалімдерді, тәрбиеш-ілерді, ата-аналарды таныстыру;

2) Жаңа психологиялық зерттеулерді талқылап көпшілікке таныту;

3) Психологиялық білімдер қажеттілігін құрып, оны жұмыс кезінде баланың немесе өзіндік тұлғалық дамуда қолдану;

4) Оқушыларды өзіндік таным және өзіндік тәрбие туралы түсініктердің негіздерімен таныстыру;

5) Практик психологтың сол мекемеде керек екендігін түсінуге қол жеткізу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Тұлғааралық кикілжің
Педагогикалық психология
Салауатты өмір салты ұғымы
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі
Бастауыш кластарда математикасында дайындық кезеңін оқыту әдістемесі
Қазіргі қоғамдағы педагогикалық өзгерістер
Математиканы бастауыш оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz