Жеке мүліктік емес игіліктер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Жеке мүліктік емес игіліктердің ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.7
2. Азаматтардың құқықпен қорғалатын жеке мүлікті емес игілік түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.9
3. Жеке мүліктік емес құқықтық ұғымы мен негізгі белгілері ... ... ... ... ...10.12
4. Жеке мүліктік емес құқықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.23
5. Жеке мүліктік емес құқықтар мен өзге де мүліктік игіліктерді қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғаммүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады.Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып, тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал, белгілі бір топтардың, яғни, өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.
Құқық пен мүддені қорғаудың сәтті де тиімді жүзеге асырылуы мемлекет бекіткен құқықтық тетіктердің тиімділігі мен икемділігі, сапалылығы мен қоғамдық өмірдің деңгейі мен сәйкестігіне байланысты болады.
Белгілі бір құқықтар мен заңды мүдделерін қорғау үшін адамдар оны қорғауды сан түрлі тетіктерін қолданады және қорғану тәсілін таңдау құқығы олардың өздеріне қалдырылады. Яғни, құқықтар мен бостандықтарды мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпте қорғауды жүзеге асырады.
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтары заңмен ғана шектелуі мүмкін және оның өзінде де ол Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіп, халықтың денсаулығы мен ізгілігін қорғау мақсатына қажет болатын шамада шектелуі мүмкін. Азаматтардың мүліктік емес өзіндік құқықтарын Конституцияда баянды ете отырып мемлекет оны осы арқылы оларды құқықтық реттеуді, яғни, құқықтың түрлі салаларының көмегімен реттеуді қамтамасыз етеді. Мәселен, азаматтардың мүліктік емес өзіндік құқықтарын қорғау функцисын азаматтық құқықпен қатар, құқытың қылмыстық, әкімшілік, отбасылық еңбек құқығы секілді салаларды атқарады.
Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары Конституцияға сәйкес танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолюттік деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

1.Жайлин Г.А. «Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)», І том. Алматы, 2001. 2.Азаматтық құқық. І-том. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық (академиялық курс). Өңделген және толықтырылған 2-басылымы. Жауапты ред.: М.К. Сүлейменов, Ю.Г.Басин. –Алматы,
3.ҚР Азаматтық кодексіне түсініктеме. (Жалпы бөлім). Алматы. Жеті жарғы. 2000.
4.Басин Ю.Г. Юридические лица по ГК РК. Понятие и общая часть характеристика. Алматы-1996
5.«Ар-намыс», «қадір-қасиет» категориялары бірқатар еңбектерде жан-жақты қаралған: Флейшиц Е.А. Личные правда в гражданском праве Союза ССР и капиталистических стран. – М.;
6.Белявски А.В. Судебная защита чести и достоинства граждан.- м.1996
7.Эрделевский А.М. Проблемы компенсации мараьного вреда в зарубежном и россиском законодательстве // 2007
8.Гражданское право. Учебник. Часть I/Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К.Толстого. М.: Проспекты; 1996.
9.Суханов Е.А. Лекции о праве собственности. М.; Ю:Л., 1999
10.Гражданское право. Учебник. Часть II/ под. Ред. А.П. Сергеева, Ю.К.Толстого. Проспект, 1997
11.Гражданское пр Оқулық 2 бөлім Сергеев А.П., Толстой Ю.К.
12.Төлеуғалиев Ғазиз Ибрагимұлы Қазақстан Республикасының Азаматтық құқықғы – Алматы: КазМЗА, 2001.
13.Мелеина М.Н. защита личный пеимущестованных прав советских граждан6 1991.
14.Красавчикова Л.О. Гражданско-правовая защита чести и достоинства. –Екатеринбург7 1997.
15.Мелеин Н.С. О моральном вреде\\ Государство и правл6 1993 №3:
16.Эрделевский А.М. О размещения вреда // Россиская юстиция72004 №10;
Нормативтік құқықтық актілер
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995ж. өзг. мен толық.
2.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі(1994 ж. 27 желтоқсан)
(Жалпы бөлім)(2009.13.02. берілгенөзгерістер мен толықтырулармен)
3.Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралыҚазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы
4.Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 1999 жылғы 13 шілдедегі N 411 Заңы.
5.Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану. туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 1992 жылғы 18 желтоқсан (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж. 2 том, 3 бет)

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Жеке мүліктік емес игіліктердің ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 3-7
2. Азаматтардың құқықпен қорғалатын жеке мүлікті емес игілік түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-9
3. Жеке мүліктік емес құқықтық ұғымы мен негізгі белгілері ... ... ... ... ...10-12
4. Жеке мүліктік емес құқықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-23
5. Жеке мүліктік емес құқықтар мен өзге де мүліктік игіліктерді қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе
Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғам мүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып, тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал, белгілі бір топтардың, яғни, өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.
Құқық пен мүддені қорғаудың сәтті де тиімді жүзеге асырылуы мемлекет бекіткен құқықтық тетіктердің тиімділігі мен икемділігі, сапалылығы мен қоғамдық өмірдің деңгейі мен сәйкестігіне байланысты болады.
Белгілі бір құқықтар мен заңды мүдделерін қорғау үшін адамдар оны қорғауды сан түрлі тетіктерін қолданады және қорғану тәсілін таңдау құқығы олардың өздеріне қалдырылады. Яғни, құқықтар мен бостандықтарды мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпте қорғауды жүзеге асырады.
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтары заңмен ғана шектелуі мүмкін және оның өзінде де ол Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіп, халықтың денсаулығы мен ізгілігін қорғау мақсатына қажет болатын шамада шектелуі мүмкін. Азаматтардың мүліктік емес өзіндік құқықтарын Конституцияда баянды ете отырып мемлекет оны осы арқылы оларды құқықтық реттеуді, яғни, құқықтың түрлі салаларының көмегімен реттеуді қамтамасыз етеді. Мәселен, азаматтардың мүліктік емес өзіндік құқықтарын қорғау функцисын азаматтық құқықпен қатар, құқытың қылмыстық, әкімшілік, отбасылық еңбек құқығы секілді салаларды атқарады.
Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары Конституцияға сәйкес танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолюттік деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
1. Жеке мүліктік емес игіліктердің ұғымы
Азаматтық құқық пәнінің элементтерінің бірі мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 1-бабына сәйкес Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені, олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 1-бабының 2-тармағы аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.*
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматқа тиесілі мүліктік емес өзіндік игіліктір мен құқықтардың үлгі тізбесі келтірілген, оған жататындар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар. Азаматтық құқық объектілерінің бұл тобының ерекшелігі мынада:
1) Бұл құқық жеке, яғни, тиесілі тұлғадан ажырамайды;
2) Мүліктік емес сипаты бар, яғни материалдық (мүліктік) мазмұны болмайды;
3) Абсолютті құқықтың сипатына жатады, яғни, бұл құқықтарды ешкім де бұза алмайды;
4) Бұл құқықтар ешкімге тапсырылмайтын, әрі өзгеге берілмейтін құқық.
____________
*Төлеуғалиев Ғазиз Ибрагимұлы Қазақстан Республикасының Азаматтық құқықғы - Алматы: КазМЗА, 2001. 380-бет
Аталған белгілерге қарап, мүліктік қатынастар тұлғаның өзінің ыңғайына қарай қалыптасып, ал мүліктік емес өзіндік игіліктер жеке тұлғадан ажырамайтындығын көреміз.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс мүліктік емес жеке игіліктерді азамат туған сәтінен бастап алатын (жеке мүліктік емес өзіндік игіліктердің бірінші деңгейі) және азаматқа заң арқылы берілетін (жеке мүліктік емес өзіндік игіліктердің екінші деңгейі) деп бөлінеді. Мүліктік емес өзіндік құқықтардың мүліктік құқықтарды иеленушілермен байланыс дәрежесіне қарап, мүлікке қатысы жоқ мүліктік емес өзіндік құқық және мүлікпен байланысы бар мүліктік емес өзіндік құқықтар деп ажыратылады.
Мүліктік емес өзіндік құқықты көзделген мақсатына қарай мынадай түрге бөлуге болады:
а) азаматтардың өмір сүруін қамтамасыз ететін мүліктік емес жеке құқықтар ( мысалы, өмір сүру құқығы денсаулық сақтау құқығы және т.б.);
ә) азаматтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін мүліктік емес өзіндік құқықтар (мысалы, есім алу құқығы, жеке өміріне құқығы және т.б.);
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 143-бабына сәйкес азамат немесе заңды тұлға өзiнiң ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екендiгiн дәлелдей алмаса, сот арқылы терiске шығаруды талап етуге құқылы.*
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 143-бабында теріске шығару ұғымы ашып көрсетілмеген, тек ар-намысқа, қадір-қасиетке немесе іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтар деп қана жанама түрде айтылған. Азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.
Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтiндiгi туралы тиiстi адамға мiндеттi түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе керi сұратып алынуға тиiс.
Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот белгiлейді.
__________________
*Гражданское право. Учебник. Часть II под. Ред. А.П. Сергеева, Ю.К.Толстого. Проспект, 1997 136-б
Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегiн жариялауға құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтық немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады.
Егер соттың шешiмi орындалмаса, сот тәртiп бұзушыға бюджеттiң кiрiсiне өндiрiлiп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртiп бұзушыны сот шешiмiнде көзделген әрекеттi орындау мiндетiнен босатпайды.
Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды терiске шығарумен бiрге олардың таратылуымен өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкiн болмаса, өзi жөнiнде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейдi деп тану туралы сотқа жолдануға құқылы.
Ар-намыс дегеніміз тұлғаның (азамат немесе заңды тұлғаға) рухани және әлеуметтік болмысына берілетін қоғам бағасы. Ал қадір - қасиет дегеніміз тұлғаның өзін-өзі бағалауы, өзінің жеке сапаларын сезінуі, қабілет қарымын көре білуі, дүние танымын, қоғамдағы орны мен борышының маңызын іштей түсінуі, өзін-өзі бағалау тұлғаның моралдық және басқа сапаларын бағалаудағы әлеуметтік маңызы түйіндерге негізделеді.
Іскерлік бедел тұлғаның кәсіби іскерлік (өндірістік, мамандық) қабілеті жөнінде қалыптасқан қоғамдық пікір.
Азаматтық кодекстің 143-бабына сәйкес сот арқылы мынадай мағлұматтар:
1) Ар-намыс пен қадір - қасиетке кір келтіретін;
2) Жауапкер арқылы тартылған;
3) Шындыққа сәйкес келмейтін мағлұматтар теріске шығарылады.
Аталған талаптардың жиынтығы ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлікке қатысты құқық қатынастарын қорғаудың жалпы негізін құрайды.
Қазіргі кезде сот тәжірибесі мен ғылыми пікірге сүйенсек, баспасөзге, радиоға және теледидар хабарларында, кино бағдарламаларында және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында кір келтіретін мағлұматтардың жарияланатындығын көреміз. Сондай-ақ қызмет мінездемесінде, жария түрде сөйленген сөздерге, лауазымды тұлғаға байланысты жасалған мәлімдемелерде немесе бірнеше тұлғаның атынан бағытталған ауызекі әңгімелерде ондай кір келтірушілік кездесетіні белгілі болып отыр.
Заңда әлгіндей мағлұматтарды таратудың нысандарына қатысты арнайы талаптар қаралмаған. Дейтұрғанмен ондай кір келтіретін фактілердің кез келген сипатта көрінуі оны теріске шығаруға жеткілікті негіз болады.
Кір келтіретін мағлұмат деп азаматтың (ұйымның) қолданылып жүрген заң мен моральдық принциптерді бұзуы туралы (әділетсіздікке бару, ұжымда, тұрмыста теріс қылықтар жасау, өндірістік шаруашылық және қоғамдық қызметтерді, беделді қаралау және т.б. туралы) олардың абыройы мен ар-намысына негізсіз нұқсан келтіруді атайды.
Демек, азамат немесе ұйым туралы кез келген кір келтіретін мағлұмат шындыққа жанаспайды дей алмаймыз. Ал, құқықтық немесе моральдық жағдайды байыбына бармай теріс бағалаған хабарлар жөнсіз кінәлауды білдіреді. Егер мағлұмат ар-намысқа, қадір-қасиетке тимесе, онда ол бейтарап сипатқа ие болады, яғни, оны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 143-бабына сәйкес теріске шығаруға негіз болмайды.*
Азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар қатарына баспа сөзде жарияланған теріс мағлұматтар, радио және теледидар арқылы және басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілген хабар, қызмет мінездемесіне және басқа мінездемелерде, жария сөз сөйлеулерде, түрлі ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға бағытталған, оның ішінде ауызекі түрде айтылған хабар жатады. Ауызекі нысандағы мағлұмат бір немесе бірнеше тұлғаға қатысты болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 143-бабында кір келтіретін мағлұматтардың теріске шығарылуының арнайы тәртібі бекітілген. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарында азаматқа және заңды тұлғаға қатысты кір келтірушілік мағлұмат жарияланса, онда олар өз
____________
*ҚР Азаматтық кодексіне түсініктеме.(Жалпы бөлім). Алматы. Жеті жарғы. 2000.
кезегінде бұзылған құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін сол аталған бұқаралық ақпарат құралында дәлелді жауабын тегін жариялауға құқылы.
Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжат болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиіс адамға міндетті түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе кері сұратып алынуға тиіс. Өзге реттерде теріске шығару тәртібін сот белгілейді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 142- бабының 2-тармағы.
Мағлұматтарды теріске шығару жөнінде берілген талап арызда көрсетілген жауапкер осы мағлұматты таратқан адам не тұлға болып табылады. Егер мағлұматты теріске шығару жөніндегі талап қою бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты болса, онда тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы мен кінәлі автор жауапкер болады. Жарияланымдарда және басқалай таратылған әлгідей мағлұматтарға байланысты автор көрсетілмесе (мәселен, редакциялық мақала), онда іс бойынша сол бұқаралық ақпарат құралы жауапкер болады.
Қызмет мінездемелерінде жол берілген кір келтірушілік мағлұматтарына мінездемені берген және қол қойған адам немесе заңды тұлға жауапкер болып табылады.*
Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадір- қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтірмейтін мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдық зиянның орын толтыруды талап етуге құқылы. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкін болмаса, өзі жөнінде осындай мағлұматтар таралған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейді деп тануы туралы сотқа шағымдануға құқылы.
__________________________
*Басин Ю.Г. Юридические лица по ГК РК. Понятие и общая часть характеристика. Алматы-1996 158-ст
2. Азаматтардың құқықпен қорғалатын жеке мүлікті емес игілік түрлері
Адамның құқықтары мен қадір - қасиеттерін қорғау БҰҰ Жарғысында баянды етілген. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Комиссиясы өзінің алғашқы бастамаларының бірі ретінде Адам құқықтары туралы халықаралық билль жасауды қолға алды. Осыдан кейін, 1948 ж. 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының жалпы бірдей декларациясы және адам құқықтары жөніндегі кейінгі халықаралық фактілер қорғалатын құқықтар мен бостандықтардың ауқымын айтарлықтай ұлғайтады. *
Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары Конституцияға сәйкес танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолюттік деп танылалды, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
Құқықтық мемлекет құру азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігін ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің азамат алдындағы жауапкершілігін де күшейтуді көздейді.
ҚР Конституциясында адам мен азаматтың айыруға болмайтын құқықтарына арналған арнайы ІІ бөлім бар. ҚР Конституциясы азаматтардың барынша маңызды өзіндік құқықтары мен бостандықтарын атап көрсетеді, олардың жүзеге асырылуына және құқық бұзушылықтан тиімді қорғалуына кепілдік береді. Бұл-өмір сүру құқығы; денсаулық сақтау құқығы; жеке өміріне қол сұқпаушылық құқығы; өзіндік және отбасы құпиясын, өзінің ар - намысы мен қадір - қасиетін қорғау құқығы; үйге қол сұқпаушылық құқығы; ар-ождан бостандығы; еңбек бостандығы құқықығы және т.с.с.
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтары заңмен ғана шектелуі мүмкін және оның өзінде де ол Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіп, халықтың денсаулығы мен ізгілігін қорғау мақсатына қажет болатын шамада шектелуі мүмкін. Азаматттардың мүліктік емес өзіндік құқықтарын Конституцияда баянды ете отырып мемлекет оны осы арқылы оларды құқықтық реттеуді, яғни, құқықтың түрлі
салаларының көмегімен реттеуді қамтамасыз етеді. Мәселен, азаматтардың мүліктік емес өзіндік құқықтарын қорғау функциясын азаматтық құқықпен
__________
*Азаматтық құқық. І-том. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық (академиялық курс). Өңделген және толықтырылған 2-басылымы. Жауапты ред.: М.К. Сүлейменов, Ю.Г.Басин. - Алматы, 388-бет
қатар, құқықтың қылмыстық, әкімшілік, отбасылық еңбек құқығы секілді салаларды атқарады.
Азаматтық заңдар мүліктік емес өзіндік қатынастардың екі тобын реттейді және қорғайды: мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар.
Мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық құқық нормалары реттеп отырады, өйткені мүліктік емес өзіндік қатынастардың өмір сүруінің өзі субъект үшін мүліктік қатынастар пайда болуының мүмкіндігі мен керектігін көздейді.
Мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық заңдар реттеп отырады, өйткені бұл заң актілерінде өзгеше көзделмеген не материалдық емес өзіндік қатынастардың мәнінен туындамайды.
Мүліктік қатынастар мен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар дегеніміз - бұл рухани немесе материалдық емес игіліктерге қатысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Сонымен, егер мүліктік қатынастар мен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар отбасылық, еңбек, әкімшілік және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелген болса, онда олар азаматттық құқықтың нысанасына кірмейді. Қалған жағдайлардың барлығында олардың азаматтық құқық нормалары реттейді.
Мүліктік емес өзіндік құқықтарды реттеуде азаматтық құқықтың мүмкіндіктері шексіз емес. Сондықтан, азаматтық кодексте мүліктік емес өзіндік құқықтарды құқықтық реттеудің біртұтас жүйесі жоқ. Азаматтық заңдардың ірге қалаушы актісі бола отырып, азаматтық кодекстің мүліктік емес өзіндік құқықтардың бүкіл алуан түрлерін көрсете алмайды.
3. Жеке мүліктік емес құқықтық ұғымы мен негізгі белгілері
АК-ның 115-бабына сәйкес, азаматтық құқықтар объектілеріне жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.*
Бұл арада мүліктік емес өзіндік құқықтардың есім алу құқығы еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау секілді түрлері АК-ның 15 және 16-баптарында реттелген Азаматтың туған кезде берiлген есiмi, сондай-ақ есiмiн өзгерту азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы заңдарда белгiленген тәртiп бойынша тiркелуге тиiс. Азамат өз есiмiн заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша өзгертуге құқылы. Есiмiн өзгерту оның бұрынғы есiмiн, жасырып немесе бүркеншiк атпен алған құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға немесе өзгертуге негiз болмайды. Азамат өзiнiң борышқорлары мен несие берушiлерiне өз есiмiн өзгерткенi туралы хабарлау үшiн қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi және бұл адамдарда оның есiмi өзгертiлгендiгi туралы мәлiметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етедi. Есiмiн өзгерткен азамат өзiнiң бұрынғы есiмiне ресiмделген құжаттарға тиiстi өзгерiстер енгiзiлуiн талап етуге құқылы. Басқа бiр адамның есiмiмен құқықтар мен мiндеттер иеленуге жол берiлмейдi. Азамат өз есiмi оның келiсiмiнсiз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы ал 16-бабында Азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi олардың ата-анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жерi болып танылады.
Мүліктік емес өзіндік құқықтардың негізгі сипаты белгілері мыналар:
- біріншіден, олар абсолютті, яғни, белгілі бір уәкілетті тұлғаға оны мүліктік емес өзіндік құқықтарын қандай да болсын құқық бұзушылықтан қалыс қалуға міндетті тұлғалардың белгісіз тобы қарсы тұрады;
- екіншіден, олар бөлінбейді, яғни, заң бойынша қарастырылатын құқықтардың азаматтық құқықтық қатынастардың бір субъектілерінен екіншісіне ауысуына жол бермейді. Мәселен, Азаматтық кодестің 116-бабының 4-тармағы былай деп көрсетіледі:

Мүліктік емес өзінідік игіліктер мен құқықтар заң актілерінде белгіленген реттерді қоспағанда, өзге әдіспен берілмейді және ауыспайды. Заңда көзделген жағдайларда және тәртіпте басқа заңды тұлғаға берілуі мүмкін фирмалық атау, тауар белгісі және т.с.с заңды тұлғаға тиесілі игіліктер ғана бұл қағидаға жатпайды;
- үшіншіден, олар мүліктік мазмұнынан айрылған, яғни өзіндік мүліктік емес сипатта болады. Олардың экономикалық немесе құндық мазмұны жоқ;
- төртіншіден, олар азаматтардың немесе заңды тұлғаның жеке басымен тығыз байланысты. Бұл игіліктердің кейбіреуі азамат туған сәтінен бастап пайда болып, ол өлген соң тоқтатылады;
- бесіншіден, олар осы игіліктердің иелерінен ажырағысыз, яғни, нақты жеке немесе заңды тұлғаға нақты мүліктік емес өзіндік құқықтар тиесілі (өз есіміне, өзінің ар-намысына және қадір - қасиетіне, өз атауына және т.с.с құқық);
- алтыншыдан, бұл игіліктер қандайда болсын азаматтық-құқықтық мәмілелердің нысанасы бола алмайды, өйткені өркениетті азамат қоғамның өмір сүруі және дамуы жағдайларында жеке адамның өмірі, денсаулығы, есімі ар-намысы, қадір-қасиеті тауар бола алмайды.
Сонымен, мүліктік емес өзіндік құқықтар дегеніміз - бұл мүліктік емес сипаттағы игілікке құқық. Мүндай экономикалық мазмұны жоқ және иесінің жеке басынан ажырағысыз, қолданыстағы заңдар таныған реттейті және қорғайтын игіліктер мен бостандықтарды мүліктік емес өзіндік құқықтар ретінде түсіндіріледі.
Мүліктік емес сипаттағы мүліктерге мүліктік емес өзіндік құқықтар пайда болады және тисінше, олар, негізінен алғанда, жәбірленушінің бұзылған мүліктік жағдайында қалпына келтіруді мақсат етпейті әдістермен қорғалады. Азаматтық кодекстің 9-бабына тікелей көрсетілген
Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейiнгi болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттерге тыйым салу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетiн айыпты өндiртiп алу; мәмiленi жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасағаны үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады.
Бірақ мүліктік емес өзіндік құқықтарды бұзылған адамның, осы шаралардан басқа азаматтық кодексінің 141-бабының 1-тармағына сәйкес, Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтары бұзылған адамның, Кодекстiң 9-бабында көзделген шаралардан басқа, осы Кодекстiң ережелерi бойынша моральдық зардаптарын өтетуге құқығы бар, бұл бұрын қолданылған Қазақ КСР Азаматтық кодексінде көзделмеген болатын.
Бұл шара көптеген шетелдерде бұрыннан кеңінен қолданылатын бірақ, ТМД елдерінде ол тек 1991 жылдан бастап, яғни, Азаматтық заңдардың негіздері қабылданған кезден бастап енгізіледі. Мәселен, негіздердің 131-бабында тұңғыш рет моральдық зиян ұғымына анықтама беру, сондай-ақ оны өтеу жағдайлары мен әдістерін бекіту әрекеті жасалады. АК-ның қабылдануымен моральдық зиян санаты толығымен заңдастырылады.
Соңғы жылдары заң әдебиеттерінде моральдық зиян ұғымына және моральдық зиянның өтемі проблемаларына біршама көңіл бөлінуде.
Кең мағынада алғанда, жеке адамға оның құқықтарын бұзатын іс әрекеттер арқылы тән азабын немесе жан азабын келтіруді моральдық зиян деп түсінеді.*
ҚР Жоғарғы Соты Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңдарды қолдану туралы 2001 жылығы 21 шілдедегі № 3 Нормативтік қаулысында біздіңше, моральдық зиян ұғымына барынша толық әрі дұрыс анықтама және түсінік берген. Мәселен қаулының 3-тармағында былай деп айтылған: азаматтың тиесілі мүліктік емес өзіндік құқықтары мен игіліктерін құқыққа кайшы жолмен бұзу, кемсіту немесе олардан айыру нәтижесінде оның шегінен жан азабын немесе тән азабын моральдық зиян деп түсіну керек. Жәбірленуші өзіне қарсы жасалған құқық бұзушылықтар нәтижесінде бастап кешетін қорлану, ашулану, қысымшылық көрсету, ашу-ыза, ұят, түңілту, залал шегу, жайсыздық сенімдерін адамның сезімдік-ерік толғаныстары ретіндегі жан азабы деп түсінген жөн. Азаматтың өзіне қарсы құқыққа қайшы жолмен күш қолдану немесе денсаулығына нұқсан келтіру арқылы жасалған әрекеттен қиналуын тән азабы деп түсіну керек.
___________________________
*Азаматтық құқық. І-том. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық (академиялық курс). Өңделген және толықтырылған 2-басылымы. Жауапты ред.: М.К. Сүлейменов, Ю.Г.Басин. - Алматы, 247-бет
4. Жеке мүліктік емес құқықтың түрлері
Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтерді тарату деп мына жағдайлар танылады: баспа жүзінде жарияланған, радиомен, теледидардан, жалпы басқа да бұқаралық құралдарды пайдалану арқылы хабарланған, қызметтік, партиялық және басқа да мінездемелерде, арыздарда, әртүрлі ұйымдарға жолданған хаттарда көрсетілген, көпшілік алдында сөйлеу кезінде, лауазымды адамдарға, немесе басқада, оның ішінде бір немесе бірнеше адамға ауызша айтылған мәліметтер. Жеке адам туралы ондай мәлімет тек сол адамның өзіне ғана айтылса, ондай әрекеттерді кір келтіретін мәліметтерді тарату деп есептеуге болмайды.
Қоғам немесе жеке азаматтардың заңдарды сақтау, моральдық принциптерді орындау туралы көзқарастары бойынша ұйымдар мен азаматтар жөніндегі шындыққа жатпайтын мәліметтер олардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтер деп есептелінеді (мәселен, арамдық істерді, семьяда, еңбек ұжымында тәртіпсіздік жасады деген, мекеме жөнінде өндіріс-шаруашылық жұмысын жаманатты ететін мәліметтер). Сонымен қатар тұрмыста, ұжымда, қоғам орнында, жұмыста болған көпшіліктер туралы айтылған сын мәліметтер шындыққа жатса талапкердің ондай мәліметтерді теріске шығару туралы қойылған талабын негізді есептеуге болмайды. .
Ар-намысты, қадір - қасиетті және іскерлік беделді сот арқылы қорғау - азаматтар немесе заңды тұлғалардың олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін жалған өсектерден қорғаудың басты құралдары. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел саналатын қатысты азаматтық құқық ғылымында айтарлықтай бірдей пікір қалыптасты. *
Ар-намыс дегеніміз - бұл адамға берілген қоғамдық баға, оның рухани және әлеуметтік қасиеттерінің өлшемі.
Қадір-қасиет дегеніміз - адамның өз қасиеттеріне қабілеттеріне дүние танымына, өзінің қоғамдағы маңызына өзі іштей беретін баға.
Іскерлік бедел дегеніміз - адамның іскерлік (өндірістік, кәсіби) қадір - қасиетіне қоғамдық пікір беретін тұрақты оң баға. Заң ар-намысқа, қадір - қасиетке және іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығару жолымен жеке адамды қорғауды көздейді.
_________________
*Ар-намыс, қадір-қасиет категориялары бірқатар еңбектерде жан-жақты қаралған: Флейшиц Е.А. Личные правда в гражданском праве Союза ССР и капиталистических стран. - М.; 279-c
Белгілі бір мән-жайлардың бар-жоқтығын білдіретін ақпаратты немесе тұжырымды мағлұматтар деп түсінеу керек. Демек, әңгіме белгілі бір тұлғаны теріс сипаттай кез-келген мағлұматтар жөнінде болып отырған жоқ. Азаматтық кодекстің 143 - бабы адамның моральдық баға беруге тұратын қасиеттері, сапалары, іс қимылдары туралы жалған мағлұматтарға, яғни, айналадағылардың көз алдында адамның моральдық бағасын кемітетін жалған мағлұматтарға қарсы қорғаудағана қолданылады. Сонымен, заң, біріншіден, ар-намысқа, қадір-қасиетте кір келтіретін мағлұматтарға қарсы; екіншіден, жауапкер тартқан; үшіншіден, шындыққа сай келмейтін жалған мағлұматтар таратудан қорғануды көздейді.
Ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәліметтер шындыққа жатпайтыны анықталған жағдайда, ол мәліметтердің таратылуына кінәсі болмаса да, оларды теріске шығару міндеті жауапкерге жүктеледі.
Соттың биліктерінде, үкімдерінде, тергеу органдарының қаулыларында және басқа да ресми құжаттарда көрсетілген мәліметтерді теріске шығару туралы талаптар заң жүзінде шағым бойынша басқа тәртіппен қаралатын болғандықтан, ондағы мәліметтерді Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 24-бабында және АК-нің 143-бабында көзделген тәртіппен қаралмайды.
Сот тәжірибесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың қолданылуы туралы 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының №6 Қаулысында аталған жағдайлардың әрқайсысына қалай түсіну керектігі баяндалған.
Заңды сақтау қоғамның моральдық принциптері тұрғысынан қарағанда, қоғамдық пікірдегі немесе жекелеген азаматтардың пікіріндегі азаматттың немесе ұйымның ар - намысы мен қадір - қасиетін кемсітетін, шындыққа сай келмейтін мағлұматтар, кір келтіретін мағлұматтар болып табылады.*
Ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтарды тарату бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып оларды баспасөзге жариялануды, радио, теледидар арқылы хабарлауды әр түрлі ұйымдарға, лауазымды адамдарға немесе ең болмағанда бір адамға арналған қызметтік және өзге мінездемелерде, жария сөздерде мәлімдемелерде баяндауды білдіреді.
_______________
*Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 1992 жылғы 18 желтоқсан (Қазақстан Республикасы (Ќазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 2 том, 3 бет)
Оларды бөгде тұлғаларға хабарлауды да ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматарды тарату деп түсіну керек. Мағлұматтарды тікелей өзіне қатысты адамға беру оларды тарату болып есептелмейді. Ар - намысты, қадір - қасиетті және іскерлік беделге кір келтіретін жалған мағлұматтарды мемлекеттік, сот-тергеу, прокурорлық және т.с.с органдарға хабарлауды да оларды тартуға жатқызу керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 143-бабына сәйкес, азаматтық істерді қарауда мына жағдайларды жан-жақты анықтау қажет:
- оларды теріске шығару жөнінде талап қойылған мағлұматтар таратылған ба;
- олар азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, ұйымның іскерлік беделіне кір келтіреме;
- бұл мағлұматтар шындыққа сай келе ме?
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz