Жергілікті желілер


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:
Казакстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педегогика Институты
Информатика және Қолданбалы математика
кафедрасы
Тақырыбы: «Жергілікті желілер»
Орындаған: Кулбасова Р.
Информатика мамандығының
4 курс студенті 402 топ
Тексерген: п. ғ. д. Сағымбаева А.
Алматы, 2007
КІРІСПЕ.
Пәннің мақсаты: компьютерлік жүйелерді құрудың жалпы мәселелері: жүйеленуін, аппараттық құрамдастарын, байланыс тізбегін, желілік модельдерді, компьютерлік желілердің құрылу принципін және тағайындалуын зерттеу, желілердің негізгі ақпараттық қызметтерін, Интернет мүмкіндіктерін қарау, желілік терминологияға негізгі түсініктемелер берілген, архитектуранаың түрлері, топологиясы және қатынау әдістері сипатталған. ЛВС-тің негізгі компоненттері (желілік адаптерлер, желілік операциялық жүйелер, желілік қызметтер және т. б. ) және желілерге қойылған талаптар сипатталған. Негізгі операциялық жүйелердің ерекшеліктері, территориалдық желілердің құрылымы мен ақпараттық қызметтері қаралған. Сондай-ақ желілік жабдықтар туралы мағлұмат берілген.
Кітаптың міндеттері: студенттерде жүйеленген түрде компьютерлік желілер мен ауқымды және жергілікті желілердің дәстүрлі және перспективті технологияларының ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыптастыру. Студенттерді компьютерлік желілерді құрудың принциптерін әзірлеу мен ауқымды және жергілікті желілердің дәстүрлі және перспективті технологияларының ерекшеліктері туралы түсініктерді, зерттеу және желіні құрып, басқару әдістерін игеруге дайындау.
«Компьютерлік ақпараттық жүйелер» - ғылым мен техниканың жаңа, өте жылдам дамып келе жатқан саласы. Компьютерлік желілерді жоспарлау мен құру жұмыстары әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің барлығында бірдей жүріп жатыр.
Телекоммуникациялар мен ақпараттық-есептеуіш желілерді ұйымдастыру мен жұмыс істеу принциптерін зерттеу үшін есептеуіш техника және информатика, электроника, электротехника негіздері бар кең ауқымды терең білімді болуымыз қажет. Осы білімдерді желілік технология, электр байланысы техникасы мен т. б. туралы білімдермен толықтыру керек. Кітапта компьютерлік желілердің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі туралы негізгі білімді береді.
Компьютерлік желілер әдістемелік нұсқауында «Желілік технологиялар негіздері» атты бағдарламаға негізделеді. Кітапта желілік тақырыпшалармен таныстырады және желілерді ұйымдастыру мен жұмыс істеуі, олардың құрылымы, желілік құрамдастарын жәй әрі тиімді түрде жалпы түсініктеме берілген.
Желілерде компьютерлерді іс-жүзінде қосуға қолданатын топологияның түрлері берілген. Желілерде деректерді жіберу ашық желілердің стандарт бойынша халықаралық ұйым әзірлеген эталонды базалық модельдер негізінде жүзеге асады. Ақпараттық желілер арқылы деректерді берудің ережелері мен процедуралары сипатталған. Желілік құрал-жабдықтардың түрлері, олардың тағайындалуы мен жұмыс принципі келтірілген. Желілерді ұйымдастыруға қажетті желілік бағдарламалық қамтамасыз ету сипатталған. Әйгілі желілік операциялық жүйелер, олардың кемшіліктері мен мүмкіндіктері зерттелген. Желі аралық әсерлесудің қағидалары қарастырылған. Желілік қауіпсіздік саласындағы негізгі түсініктер берілген.
Кітаптағы негізгі түсініктер мен терминдерді дайындау үшін интернеттегі ақпараттық-іздеу серверлерінде орналасқан үлкен көлемді ақпарат өңделген және тізбекте көрсетілген әдебиеттер қолданылған. «Компьютерлік желілер» атты әдістемелік нұсқау информатика факультетінің студенттеріне және оқытушыларға арналған.
ЕСЕПТЕУІШ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ОЛАРҒА ЖАЛПЫ ШОЛУ .
Желі-мәліметтерді өңдеу мен тарату құрылғыларымен құралатын объектілердің жиынтығы.
Желілер әдетте қолданушының жекелік меншігінде болады және біршама аймағы мен аймақ бойынша қасиеттер арқылы бөлінеді:
- Жергілікті есептеуіш желілер (ЖЕЖ) немесе Local Area Network (LAN), бір немесе біршама жақын орналасқан ғимараттарда болады. ЖЕЖ әдетте кез-келген ұжымның аймағында (корпорацияларда, мекемелерде) болады, сондықтан оны ұжымдық деп атайды.
- Таратылған компьютерлік желілер, ауқымды немесе Wide Area Network (WAN), көпшілігінде аймақтық, аралас және ауқымды болып бөлініп әртүрлі ғимараттарда, қалаларда және елдерде болады. Осы жағдайға байланысты ауқымды желілер төрт негізгі түрлеріне бөлінеді: қалалық, аймақтық, ұлттық және трансұлттық. өте үлкен көлемдегі таратылған желілерге мысал ретінде мыналарды айтуға болады: Internet, EUNET, Relcom, FIDO.
Жалпы жағдайда желілердің құрамына мына элементтерді біріктіреді:
- Компьютерлер (желілік адаптермен жабдықталған) ;
- Байланыс каналдары (кабельді, жасанды серіктік, телефондық, радиоканалдар, талшықты-оптикадық және т. б. ) ;
- Әртүрлі типті дабылдарды түрлендірушілер;
- Желілік құрал-жабдықтар.
Желінің екі түсінігін ажыратуға болады: қатынастық желі және ақпараттық желі (1. 1. сурет)
1. 1. сурет
Қатынастық желі мәліметтерді алысу үшін және мәліметтерді түрлендіруге бағыттылған іс-шараларды орындауға мүмкіндік береді.
Коммуникациялық желілер физикалық құралдарының жалғасуының типтері бойынша бөлінеді.
Ақпараттық желі ақпаратты сақтау мен қорғау үшін арналып, ақпараттық жүйелерден құралады. Коммуникалық желі негізінде ақпараттық желілер топтары құралуы мүмкін:
Ақпараттық жүйе деп ақпаратты жеткізуші немесе тұтынушы болып келетін жүйені айтаға болады.
Ақпараттық және қатынастық желілер
Компьютерлік желі ақпараттық жүйелер мен байланыс арналарынан тұрады.
Ақпараттық желі деп, ақпаратты сақтап, өңдеп және беруге мүмкіндігі бар объектіні айтады. Ақпараттық желінің құрамына компьютерлер, бағдарламалар, пайдаланушылар мен деректерді оңдеп, беру үрдісіне арналған басқа да құрамдастар кіреді. Пайдаланушының қойған міндеттерін орындауға арналған ақпараттық жүйе осыдан кейін жұмыс станциясы (client) деп аталады. Жұмыс станциясы кәдімгі дербес компьютерден онда желілік картаның (желілік адаптер) болуымен ерекшеленеді, ол деректерді және желілік бағдарламалық қамтамасыз етуді беруге арналған арна.
Байланыс арнасы деп сигналдар берілетін жолдарды немесе құралдарды түсінуге болады. Сигналдарды беру құралын абоненттік немесе физикалық арна деп атайды.
Байланыс арналары (data link) желілік құрылғылар және байланыстың физикалық құралдары арқылы байланыс желілері бойынша құрылады. Байланыстың физикалық құралдары шырмалған қостар, коаксиальды кабельдер, оптикалық арналар немесе эфир негізінде құрылған. Қатынастық желі мен коммутация түйіндерінің физикалық арналары арқылы әсерлесуші ақпараттық жүйелер арасында логикалық арналар орнатылады.
Логикалық арна - бір жүйеден екіншісіне деректерді беру жолы. Логикалық арна маршрут бойынша бір немесе бірнеше физикалық арналарда салынады. Логикалық арнаны физикалық арналар мен коммутация түйіндері бойымен өтетін маршрут деп сипаттауға болады.
Желідегі ақпарат алмасу процедуралары бойынша объектілер арасында деректер блогі арқылы беріледі. Бұл процедураларды деректерді беру хататмалары деп атайды.
Хаттама - екі немесе бірнеше құрылғылар арасында ақпаратты алмасу процедурасының пішімін орнататын ережелердің жиынтығы.
Желінің жүктелуі трафик деп аталатын параметр арқылы сипатталады. Траффик (traffic) - деректерді беру желісіндегі хабарлардың ағымы. Бұл түсінік желідегі таңдалған нүктелерден өткен деректер блогінің санының өлшемі және оның секундттағы биттермен көрсетілген олардың ұзындығын білдіреді.
Желінің сипаттамасына қатынау әдісі айтарлықтай әсер етеді. Қатынау әдісі- деп, байланыс арнасына (кабеліне) қатынауды қалай басқару және қай жұмыс станциясы келесі болып байланыс арнасын қолданатынын анықтайтын әдісті айтады.
Желіде барлық жұмыс станциялары бір бірімен топология деп аталатын нақты құрылым бойынша физикалық байланыс арналары арқылы түйіскен. Топология - қандай жұмыс станциялары бір бірімен байланысатынын көрсететін желідегі физикалық түйісудің сипаттамасы. Топологияның түрі жұмыс станцияларының өнімділігін, жұмысқа қабілеттілігін және пайдалану сенімділігін анықтайды және файлдық серверге қарау уақытын көрсетеді. Желінің топологиясына қарай қатынаудың нақты бір әдісі қолданылады.
Желідегі негізгі элементтердің құрамы оның ахитектурасына байланысты. Архитектура - бұл желідегі жұмыс станцияларының әсерлесу функцияларын, құрылымын және өзара байланысын анықтайтын концепция. Ол желінің техникалық және бағдарламалық құралдарының логикалық, функционалдық әрі физикалық ұйымдасуын көрсетеді. Архитектура желінің элементтерінің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілуінің құрылуы және жұмысының принциптерін анықтайды.
Негізінен архитектураның үш түрін ажыратады: архитектура терминал - бас компьютер, архитектура клиент-сервер және біррангтік архитектура.
Жаңа заман желілерін түрлі белгілері бойынша жүйелеуге болады: компьютерлердің қашықтығы, топологиясы, тағайындалуы бойынша, көрсететін қызметтеріне, басқару принциптеріне (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған), коммутация әдістеріне, қатынау әдістеріне, беріліс ортасының түрлеріне, деректердің берілу жылдамдықтарына және т. б. қарай. Бұл түсініктердің барлығы кітапты алда терең оқығанда егжей-тегжейлі қарастырылады.
Желілерді қолданудың мүмкіндіктері.
Компьютерлік желілер ақпаратты өңдеу және беруді жылдамдатуды қамтамасыз ететін, адамдар мен компьютерлердің бір біріне қызмет көрсетудің бір түрі. Желілерде компьютерлерді қосуды осыдан 30 жыл бұрын бастаған. Компьютерлердің мүмкіндіктері жоғарылағанда және дербес компьютерлерге көпшілік қол жеткізген кезде, желілердің дамуы жылдамдай түсті.
Желіге біріктірілген компьютерлер ақпараттарымен алмасады және ақпаратты сақтау құрылғысы мен шалғай құрылғыны ортақтасып қолданады. 1. 2. сурет.
1. 2. сурет - шалғай құрылғыны қолдану.
Желілер арқылы қорлар мен ақпаратты бөлуге болады. Төменде желідегі станция көмегімен шешілетін, жеке компьютермен шешілуі қиын негізгі міндеттер көрсетілген:
Компьютерлік желі шалғай құрылғыларды бірігіп қолдануға мүмкіндік береді, оның ішінде:
- принтерлер;
- плоттерлер;
- дискілі жинақтаушылар;
- CD-ROM жетектері;
- дискжетектер;
- стримерлер;
- сканерлер;
- факс-модемдер;
Компьютерлік желі қорларды бірігіп қолдануға мүмкіндік береді:
- каталогтар;
- файлдар;
- қолданбалы бағдарламалар;
- ойындар;
- деректер базасы;
- мәтін процессорлары.
Компьютерлік жүйе желінің бүтіндігін қамтамасыз ететін, файлдар мен жазбаларды тоқтатып, жалпы деректер базасына барлық пайдаланушыларға бір мезгілде қатынауды қамтамасыз ететін көпшілік пайдаланатын бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Желінің архитектурасын таңдау
Желінің архитектурасын таңдау желінің тағайындалуына, жұмыс станцияларының санына және онда орындалатын жұмысқа байланысты.
Біррангілі желіні таңдау керек, егер:
- пайдаланушылардың саны 10-нан аспаса;
- барлық машиналар бір-біріне жақын орналасса;
- қаржылай мүмкіндігіңіз жоғары болмаса;
- ДБ сервері, факс-сервер немесе басқа арнайы серверді қажет етпесеңіз;
- орталықтырылған әкімшілік етуді қажет етпесеңіз немесе оған мүмкіндігіңіз болмаса.
Клиент-серверлік желіні таңдау қажет, егер:
- пайдаланушылардың саны 10-нан көп болса;
- орталықтандырылған басқару, қауіпсіздік, қорларды басқару немесе қорға көшірме жасау қажет болса;
- арнайы сервер қажет болса;
- ауқымды желіге қатынау қажет болса;
- пайдаланушылар деңгейінде қорларды бөлу қажет болса.
Бағдарламалық қамтамасыз етілуі және әртекті құрылғылары бар желілерде деректерді біріңғай ұсыну үшін стандарттар бойынша халықаралық ISO ұйымы (International Standartisation Organization) ұйымы OSI (Open System Interconnection) ашық жүйелерінің базалық моделін әзірледі. Бұл модель байланыс сеансын ұйымдастыру кезінде түрлі желілік орталарда деректерді беру процедуралары мен ережелерін сипаттайды. Модельдің негізгі элементтері - деңгейлер, қолданбалы үрдістер және қосылудың физикалық құралдары. 2-суретте базалық модельдің құрылымы берілген. OSI моделінің әрбір деңгейі желі бойынша деректерді беру үрдісінде нақты бір тапсырманы орындайды. Базалық модель желілік хаттамаларды құруда негіз болып табылады. OSI желіде қатынастық функцияларды жеті деңгейге бөледі, олардың әрқайсысы ашық жүйелердің әсерлесу облыстарындағы үрдістердің түрлі бөлімдеріне қызмет көрсетеді.
Модельдің әрбір деңгейі өзінің қызметін атқарады. Деңгей жоғары болған сайын, оның тапсырмасы күрделене түседі.
OSI моделінің жеке деңгейлерін нақты қызметтерді орындайтын бағдарламалар тобы түрінде қарауға болады. Мысалы, бір деңгей деректердің ASCII түрінен EBCDIC түріне айналуын қамтамасыз етеді және онда осы тапсырманы орындауға қажетті бағдарламалары болады.
Әрбір деңгей төменгі деңгейден сервисті сұрап, өзінен жоғары тұрған деңгейге сервисті қамтамасыз етеді. Жоғарғы деңгейлер сервисті бірдей сұрайды: бұл ережеге сәйкес, бір желіден екіншісіне деректердің көшірілуінің талабы. Деректерді адрестеу принциптерін нақты жүзеге асыру төменгі деңгейлердің міндеті.
Қарастырылған модель бір желіде түрлі өндірушілердің ашық жүйелерінің әсерлесуін анықтайды. Сондықтан ол төмендегілер бойынша олар үшін координациялаушы әрекеттер жасайды:
- қолданбалы үрдістердің әсерлесуі;
- деректерді ұсыну формалары;
- деректерді бірдей сақтау;
- желілік қорларды басқару;
- деректердің қауіпсіздігі мен ақпаратты қорғау;
- бағдарламалар мен техникалық құралдарды диагностикалау.
Қолданбалы деңгей (Application layer)
Қолданбалы деңгей қолданбалы үрдістерге әсерлесу облысына қатынау құралдарын қамтамасыз етеді, жоғарғы (жетінші) жеңгей болып табылады және қолданбалы үрдістерге жақын. Шын мәнісінде қолданбалы деңгей бұл - файлдар, принтерлер және гипертексттік Web-беттері сияты бөлінетін қорларға пайдаланушылар қатынауға мүмкіндік алатын түрлі хаттамалардың жинағы, ол сондай-ақ өзінің біріккен жұмысын ұйымдастырады, мысалы электрондық поштаның хаттамасы арқылы [30] . Қолданбалы сервистің арнайы элементтері файлдарды қайта жіберу және терминалдарды эмуляциялау бағдарламалары сияқты нақты қолданбалы бағдарламалар үшін сервисті қамтамасыз етеді. Мысалы, егер бағдарламаға файлдарды жіберу қажет болса, он міндетті түрде файлдарды басқару, қатынау және жіберу хаттамалары FTAM (File Transfer. Access and Management) қолданылады. OSI моделіндегі нақты міндетті орындауы тиіс қолданбалы бағдарлама (мысалы, компьютерде деректерр базасын жаңарту), нақты деректерді Дейтограмма түрінде қолданбалы деңгейге береді. Бұл деңгейдің міндеттерінің бірі - қолданбалы бағдарламаның сұранысын қалай өңдеу қажеттігін анықтау, яғни басқа сөзбен айтқанда, бұл сұраныс қандай түрге көшуі керектігі.
Қолданбалы деңгейді операциялайтын деректердің шамасы әдетте хабарлама (message) деп аталады.
Қолданбалы деңгей келесі қызметтерді атқарады:
- қолданбалы үрдістердің әсерлесуінің әдістері мен түрлері сипаттау;
- түрлі жұмыс түрлерін орындау; файлдарды беру; тапсырмаларды басқару; жүйені басқару және т. б.
- парольдері, адрестері, электронды қолдары арқылы пайдаланушыларды идентификациялау;
- жұмыс сітеп отырған абоненттерді анықтау және жаңа қолданбалы үрдістерге қатынау мүмкіндіктерін анықтау;
- қолда бар қорлардың жеткілікті болуын анықтау;
- басқа қолданбалы үрдістерге қосылуға сұраныстарды ұйымдастыру;
- әкімшілік деңгейге ақпараттарды сипаттау әдістеріне өтінімдерді беру;
- үрдістердің жоспарланған диалогтары процедураларын таңдау;
- қолданбалы үрдістер алмасатын деректерді басқару және қолданбалы үрдістердің әсерлесуін синхрондау;
- қызмет көрсетудің сапасын анықтау (деректердің блоктарын жеткізу уақыты, мүмкін қателік жасалудың жиілігі) ;
- қателікті түзету және деректердің шынайылығын анықтау туралы келісім;
- синтаксиске жүктелетін шектеулерді келістіру (нышандар жинағы, деректер құрылымы) .
Аталған қызметтер сервистің түрлерін анықтайды, оларды қолданбалы деңгей қолдонбалы үрдістерге береді. Сондай-ақ, қолданбалы деңгей қолданбалы үрдістерге физикалық, арналық, желілік, транспорттық, сеанстық және әкімшілік деңгейлер берген сервисті береді.
Қолданбалы деңгейде пайдаланушыларға өңделген ақпаратты беру қажет. Мұны жүйелік және пайдаланушының бағдарламалық қамтамасыз етуі жүзеге асыра алады.
Қолданбалы деңгей қосымшалардың жүйеге қатынауына жауап береді. Бұл деңгейдің міндеттері - файлдардың орнын ауыстыру, пошталық хабарламалармен алмасу және желіні басқару.
Жоғарғы үш деңгейдің кеңінен таралған хаттамалары:
- FTP (File Transfer Protocol) файлдарды беру хаттамасы;
- TFTP (Trivial File Transfer Protocol) файлдарды жіберудің қарапайым хаттамасы;
- Х. 400 электрондық пошта;
- Telnet қашықтағы терминалмен жұмыс;
- SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) пошталық алмасудың қарапайым хаттамасы;
- CMIP (Common Management Information Protocol) ақпаратты басқарудың жалпы хаттамасы;
- SLIP IP (Serial Line IP) тізбекті сызықтар үшін. Деректерді әрбір нышан бойынша жіберудің тізбекті хаттамасы;
- SNMP (Simple Network Management Protocol) желілік басқарудың қарапайым хаттамасы;
- FTAM (File Transfer, Access and Management) файлдарды жіберу, қатынау және басқарудың хаттамасы.
Деректерді ұсыну деңгейі (Presentation layer)
Деректерді ұсыну немесе әкімшілік деңгей қажетті түрдегі қолданбалы үрдістер арасында алмасатын деректерді ұсынады.
Бұл деңгей қолданбалы деңгей беретін ақпараттың басқа жүйедегі қолданбалы деңгейге түсінікті болуын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда ұсыну деңгейі ақпаратты жіберу сәтінде деректер пішімін жалпы пішімге келтіреді, ал қабылдау кезінде керісінше түрленуді жүзеге асырады. Осылай, қолданбалы деңгейлер деректердің ұсынылуындағы синтаксикалық айырмашылықтарды түсіне алады. Мұндай жағдай деректері алмасуы қажет әртүрлі компьютерлері бар (IBM PC және Macintosh) ЛВС-те байқалуы мүмкін. Мысалы, деректер базасының өрістеріндегі ақпарат әріптер және сандар, кейде графикалық кескін түрінде ұсынылуы тиіс. Мұндай деректерді жүзгінді үтірі бар сандар тұрінде өңдеу қажет.
Деректерді ұсынудың негізінде модельдің барлық деңгейлеріне ортақ ASN. 1 жүйесі жатыр. Бұл жүйе файлдардың құрылымын сипаттау үшін қажет, сондай-ақ деректерді шифрлеу мәселесін шешеді. Осы деңгейде деректерді шифрлеуге және қайта шифрлеуге болады, осыған орай бірдей барлық қолданбалы сервистерде деректердің құпиялылығы сақталады. Мұндай хаттамалардың мысалы - Secure Socket Layer (SSL) хаттамасы, ол ТСР/ІР стегінің қолданбалы деңгейлеріндегі хаттамалар үшін құпия хаттамалармен алмасуды қамтамасыз етеді. Бұл деңгей қолданбалы деңгейдің деректерін түрлендіріп (кодтау, компрессия және т. б. ) траспорттық деңгей үшін ақпарат ағымына айналдырады.
Әкімшілік деңгей келесі негізгі қызметтерді атқарады:
- қолданбалы үрдістердің әсерлесуінің сеанстарын анықтауға сұранымдарды генерациялайды;
- қолданбалы үрдістер арасында деректердің ұсынылуын келістіру;
- деректерді ұсыну түрлерін жүзеге асыру;
- графикалық матералдарды ұсыну (сызбалар, суреттер, сызбанұсқалар) ;
- деректерді құпияландыру;
- сеанстарды тоқтатуға сұраным жіберу.
Деректерді ұсыну деңгейінің хаттамалары әдетте модельдің жоғарғы үш деңгейінің хаттамаларының негізгі бөлімі болып табылады.
Сеанстық деңгей (Session Layer)
Сеанстық деңгей - пайдаланушылар немесе қолданбалы үрдістер арасындағы сеанстарды жүргізу үрдісін анықтайтын деңгей болып табылады.
Сеанстық деңгей синхрондау құралдарын ұсынады және осы сәтте қай жақ белсенді болып тұрғанын бекіту үшін диалогты басқаруды қамтамасыз етеді. Істен шыққан жағдайда соңғы бақылау нүктесіне қайта оралып, қайта бастамас үшін ұзын берілістерге бақылау нүктелерін қоюға синхрондау құралдар мүмкіндік береді. Практика жүзінде қосымшалар сеанстық деңгейді көп пайдаланбайды, сондықтан ол аз қолданылады.
Сеанстық деңгей қолданбалы үрдістер арасында ақпараттың алмасуын басқарады, байланыстың бір сеансының берілуін, қабылдауын координациялайды. Бұдан басқа, сеанстық деңгей қосымша түрде парольдерді, диалогты басқару, төменгі деңгейлерде қате табылып, жаңылыс орын алған соң, берілу сеансында байланысты болдырмау және синхрондау қызметтерін атқарады. Бұл деңгейдің функциялары түрлі жұмыс станцияларында жұмыс істейтін екі қолданбалы бағдарламалар арасында байланыстың координациясында . Бұл жақсы құрылымданған диалог түрінде жүзеге асады. Осы функциялардың қатарына сеансты бастау, сеанс кезінде хабарламалар дестесін қабылдау мен беруді басқару және сеансты тоқтату кіреді.
Сеанстық деңгейде екі қолданбалы үрдістер арасында беріліс қандай болатыны анықталады:
- жартылайдуплексті(үрдістер деректерді қатары бойынша қабылдап, жібереді) ;
- дуплексті(үрдістер деректерді бір мезгілде беріп, қабылдайды) .
Жартылайдуплексті режімде сеанстық деңгей берілісті бастаған үрдіске деректер маркерін береді. Екінші үрдіс жауап беретін кезде, деректер маркері оған ауыстырылады. Сеанстық деңгей тек деректер маркері бар жаққа ғана берілісті рұқсат етеді.
Сеанстық деңгейдің қызметтері:
- әсерлесуші жүйелер арасында сеанстық деңгейде байланыстың орнығуы және тоқтатылуы;
- қолданбалы үрдістер арасында қалыпты және жылдам түрде деректерді берілуін орындау;
- қолданбалы үрдістердің әсерлесуін басқару;
- сеанстық байланыстарды синхрондау;
- шекті жағдайлар туралы қолданбалы үрдістерге хабарлау;
- қолданбалы үрдісте істен шығу немесе жаңылыстан соң жақын белгіден бастап қайта қалпына келтіру;
- қажетті жағдайларда қолданбалы үрдісті тоқтату және оны қалпына келтіру;
- деректерді жоғалтпай, сеансты тоқтату;
- сеанстың жүрісі туралы ерекше хабарламаларды беру.
Сеанстық деңгей соңғы машиналар арасында деректердің алмасу сеансын ұйымдастыруға жауап береді. Сеанстық деңгейдің хаттамалары әдетте модельдің жоғарғы үш деңгейдің хаттамаларының негізгі құрам бөлігі.
Транспорттық деңгей (Transport Layer)
Транспорттық деңгей қатынастық желі арқылы дестелерді беруге арналған. Транспорттық деңгейде дестелер блоктарға бөлшектенеді. Жіберушіден алушыға берілу жолында дестелер жоғалуы немесе жойылуы мүмкін. Кейбір қосымшалар қатені өздері түзете алса, кейбіреулері сенімді байланысты қажет етеді. Транспорттық деңгейдің жұмысы -модельдің жоғарғы деңгейлеріне немесе қосымшаларға деректерді қажетті сенімділікпен жеткізу. OSI моделі транспорттық деңгей ұсынатын сервистің бес класын анықтайды. Сервистің бұл түрлері көрсететін қызметтерінің сапалылығымен ерекшеленеді: жылдамдығы, үзілген байланыстың қалпына келтірілуі, жалпы транспорттық хаттама арқылы түрлі қолданбалы хаттамалар арасында бірнеше байланыстарды мультиплекстеу құралдарының болуы, ең бастысы, дестелердің жоғалуы, екі еселенуі және өзгеруі сияқты берілістің қателіктерін тауып, түзететіні.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz