Интернетке қатынас құру


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
I КІРІСПЕ . . . 3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- тарихи деректер мен
статистикалық мәліметтер . . . 5
- Тұрақты қосылып тұратын байланыс . . . 12
- Интернетке қатынас құру . . . 15
III қОРЫТЫНДЫ . . . 35
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 36
Кіріспе
"Жүйе" терминінің түсінігі. Клиент-сервер архитектурасы. Провайдерлер және олардың жүйелері.
Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен - бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында - бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет сөзімен Желінің информациялық құрамын түсінеді. Интернет - бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған технология. Интернет сонымен қатар ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді және оперативті тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық түрде өзін-өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады.
Интернеттің басты тапсырмасы бұл - әр тәуліктік, жоғары сенімді байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай “Желі” сөзін қолданғанда Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер - бұл Желінің бір бөлігі.
Бір компьютерде серверді де және клиентті де орнату мағынасында бөлу онша қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және почталық клиентпен де жұмыс жасауға болады.
Басқа компьютерлерге анықталған сервис ұсынатын компьютерлерді серверлер (ағыл., to serve - қызмет көрсету) деп атайды, ал осы сервисті қолданатындар - клиенттер. Көп жағдайларда үйдегі клиенттік компьютерлерде әр уақытта Интернетке кіруге мүмкіндігі болмайды, сондықтан Желіге тек керек уақытта ғана қосылады. Керісінше, компьютер-серверлер мәліметтерді берудің жоғары жылдамдықты арналары арқылы Интернетпен байланысқан, сондықтан оларға сұраныс арқылы хабарласуға болады.
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі «ханшалардан» күнделікті «күңіңізге» айналып барады. Оның күрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионга жуық адам жүмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ІSОС президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір милиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мүнда таңқанарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге «даналық көзі» болып көрінсе де, оньң өзін қалай пайдалатынымызды білген артық болмайды.
- Тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер
INTERNET
желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінің
АPRANET
компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бүзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол - желілердін желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
INTERNET -тің бір ерекшелігі оның қүрамындағы көптеген компьютерлер нақты ВВS тәрізді жүмыс істейді (шындығында, INTERNET компьютерлерінің көпшілігі ВВS1 сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мүрсат алады) . - INTERNET ке қосылу дегеніміз - басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз.
Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана
каталогтарындагы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. Б. Цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.
INTERNET информация магистральна өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET -тегі жүйенің номірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысын, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.
INTERNET желісінің сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінін иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық қабіл құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің косылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
INTERNET -ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.
Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді) .
Әлде әртүрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? ІВМ суперкомпьютерімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.
INTERNET -тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мөліметтер келіп түсіп жатады.
INTERNET -пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
- қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары) ;
- тұрақты қосыльш тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары) ;
- почталық байланыстар.
Бүл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін қарастырайық.
Тұракты косылып тұратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей ТСР/ІР 1 желісіне қосылған түрінде болады, бұл INTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET - ке қызмет ететін компьютермен (хост-компьютері қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Іntеrnеt арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компанияның компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Іntеrnеt арқылы мәлімет жібере (алады) береді.
Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, СSLIP немесе РРР деп аталады. Ал Хrеmote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да ТСР/ІР2 секілді, бірақ телефон каналын түрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында түр.
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына SLIP (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, SLIP пен косылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.
Почталық байланыс. Іntеrnеt - пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe America Online болып келген компьютерлер бірден Іntеrnеt - пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын Іntеrnеt -ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. Сотри8егүе жүйесінде почта адресі алдына Іntеrnеt деп жазып қойылады. Бұл ортада әртүрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTSERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей деп аталады, олар Іntеrnеt желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.
Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жүмыс істейтін программа арқылы орнатылады .
Компьютер-серверлер және компьютер-клиент
Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі типке бөледі, олар: серверлер және клиенттер. Бір компьютерде серверді де және клиентті де орнату мағынасында бөлу онша қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және почталық клиентпен де жұмыс жасауға болады.
Басқа компьютерлерге анықталған сервис ұсынатын компьютерлерді серверлер (ағыл., to serve - қызмет көрсету) деп атайды, ал осы сервисті қолданатындар - клиенттер.
Көп жағдайларда үйдегі клиенттік компьютерлерде әр уақытта Интернетке кіруге мүмкіндігі болмайды, сондықтан Желіге тек керек уақытта ғана қосылады. Керісінше, компьютер-серверлер мәліметтерді берудің жоғары жылдамдықты арналары арқылы Интернетпен байланысқан, сондықтан оларға сұраныс арқылы хабарласуға болады.
Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер. Компьютерлерді серверлер мен клиенттер деп атағаннан гөрі, оларды бағдарламалық қамсыздандыру деңгейіндегі клиенттер немесе серверлер деп атаған жөн. Бір бағдарлама клиент есебінде, ал екіншісі сервер есебінде іске қосылатын қосымшалардың өзара байланысы клиент-сервер архитектурасы деп аталады.
Сервердің басты тапсырмасы - сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр кезде жұмыс жасап және күту жағдайында болу болып табылады.
Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы баяулап және белгілі бір сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір протокол шегінде болады - бұл Желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар жиыны. Серверлік бағдарламалар клиенттік бағдарламаларға қызмет көрсету үшін компьютердің аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-бағдарлама сұраныс құрып, оны Желі арқылы белгілі бір адреске жібереді және алдын ала белгіленген протокол арқылы сервер-бағдарламамен өзара байланысады. Сол бір компьютерде бірнеше серверлік бағдарламалар орналаса алады. Клиенттік қосымша серверлік қосымша орналасқан компьютерде де, сонымен қатар, серверден керегінше жойылған компьютерде де орналаса алады, бірақ олар Желімен байланысса, бұл айырмашылық тек уақыт бойынша жауаптың кідіруіне сәйкестеледі.
Әрбір сервер-бағдарламаның типі үшін өзіндік клиент-бағдарламасы бар. Осылай, Web-клиент Web-серверге, почталық клиент - почталық серверге хабар береді және т. б. Серверлік бағдарлама әрқашан сұранысты орындауға дайын болу керек және сондықтан да сервер-бағдарлама жұмыс жасайтын компьютерлерге сенімділікке және өнімділігіне байланысты жоғары шарттар қойылады. Клиенттік компьютердің жұмысының тұрақтылығы бір адамның жұмысына әсер ететіндіктен, олардың жұмысына сенімділігіне байланысты аз талаптар қойылады, ал аппаратты сервердің жұмысының сенімділігіне байланысты көптеген клиенттердің жұмысының жүргізілуі тәуелді болады. Жоғарыда көрсетілген тәсіл (клиент-серверлік архитектура) дербес компьютердің қолданушысына өзінің жұмыс үстелінен Интернетке қосылған миллиондаған серверлердің ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Провайдерлер және олардың желілері
Интернетке қарап, біз интернет-провайдерлердің қызметтерін пайдаланамыз және ISP(Internet Service Provider - Интернет қызметін жеткізуші) . Көбіне ISP - бұл өзіндік желісі бар арнайы ұйым (магистральды деп аталады), оған клиенттердің көптеген саны қосылады. Провайдердің желісі ғаламның кез келген нүктесімен байланысуды қамтамасыз ететін жер жүзінің басқа да желілерімен байланысуы мүмкін. Қалыпты жағдайда ISP-провайдерлер - бұл белгілі бір аймақтарда өзіндік орналасу нүктесі (POP - Point of Presence) бар ірі компаниялар, бұл нүктелерде клиенттерінің Интернетке қосылуын қамтамасыз етуге арналған провайдердің аппаратты қамсыздығы. Ірі провайдердің әртүрлі қалаларда өзінің орналасу нүктесі мен мыңдаған клиентері болады. Бірнеше қалаларда орналасу нүктелері бар провайдерлермен қатар, бір қалада орналасу нүктесі бар провайдерлерді де атап көрсетуге болады. Телефон линиясы арқылы ISP мен байланысуды ұйымдастыру: ДК қолданушысы драйверге хабарласады және модем жинақтарының ішіндегі провайдер модемдерінің бірімен байланыс орнатады (модемді пул деп атауға болады) . Қолданушы өзінің ISP не қосылғаннан кейін, ол оның желісінің бір бөлігі болып табылады. Провайдер өзінің серверінде клиенттерге әртүрлі қызмет көрсете алады: электрондық почта (e-mail), желілер жаңалықтары (Usenet) және т. б. Провайдердің магистральды желісін көбіне тіректі желі немесе бэкбоундеп атайды (ағыл. Backbone - қырат) . Провайдер желілері көптеген клиенттерге қызмет көрсететіндіктен, оның жоғары жылдамдықты желісі болуы және жоғары трафикті қамтамасыз етуі керек (желі бойымен берілетін мәліметтер көлемі) . Өзінің барлық орналасу нүктелерін біріктіру үшін, провайдер ірі коммуникациялық компаниялардан жоғары жылдамдықты арналарды жалға ала алады, сонымен қатар, өзінің арналарын тарта алады. Ірі коммуникациялық компаниялардың өздерінің жоғары жылдамдықты каналдары бар.
Провайдерлердің желілерін біріктіру
Кейбір провайдерлердің клиенттері, мысалы, ISP-A бір бірімен өздерінің жеке желілері арқылы өзара байланысады, ал басқа ISP-В компаниясының клиенттері өздерінің, бірақ егер ISP-A және ISP-B желілерінің арасында байланыс болмаса, онда А компаниясының клиенттері және В компаниясының клиенттері бір бірімен байланыса алмайды. Өздерінің клиенттерін бір желіде біріктіру мақсатында А және В әр қалада желілік кіруді (NAP - Network Access Points) қамтамасыз ететін нүктелер арқылы өз араларында тікелей байланысты орнатады. Осылайша, басқа провайдерлердің магистральды желілеріне қосылу құрылады, нәтижесінде жоғары деңгейлі көптеген желілердің бірігуі болады.
Интернетте жүздеген ірі интернет-провайдерлер орналасады және олардың магистральды желілері NAP арқылы әр түрлі қалаларда жасалады, және мәліметтердің үлкен ағыны NAP-түйіннің әр түрлі желілері арқылы таралады.
Үлкен және кіші желілердің бірігуі (Интернетті құрайтын) негізінде шартты келісімдер жатады. Әрбір клиенттің белгілі бір ISP пен өзінің компьютерін немесе жергілікті желісін провайдер желісіне қосу туралы келісім шарты бар. Кейбір ISP-A провайдерлердің клиенттері ISP-A желісіне қосылу туралы келісім құрайды, өз кезегінде ISP-A ISP-B мен желілерін біріктіру туралы келіседі және солай жалғаса береді. .
Провайдерлер желілерінің иерархиясы
Әр түрлі елдерде халықаралық, ұлттық және аймақтық болып бөлінетін жүздеген провайдерлер бар.
Аймақтық провайдерлердің желілері (екіншілік) ұлттық провайдерлердің желілерімен (біріншілік) жоғары жылдамдықты каналдар арқылы байланысады. Мысалы, АҚШ-та Т1стандартты мәліметтерді беру жылдамдығы 1, 544 Мбит/с арна немесе жылдамдығы 44, 74 Мбит/с жететін ТЗ арнасы.
Қолданушының Интернетке кіруі. “Соңғы миля”. Коммутация каналының желісі. Модем.
Қолданушылардың көп бөлігі жоғарғы жылдамдықпен желіге кіру мүмкіндіктері провайдерге қарағанда жоқ. Абонентпен провайдердің болу нүктесі арасындағы болатын байланыс технологиясы технологияның соңғы милясы деп аталады. Бұл атау шартты түрде, ал практика жүзінде осы айтылған қашықтық бір миляға сәйкес келу қажет емес. Көп жағдайларда “соңғы миля” желіден компьютер қолданушысына ақпаратты жіберу тар жол болады. Интернетке жіберу соңғы миля технологиясы әртүрлі бола алады, бірақ “кіру жылдамдығы жоғары болған сайын, каналдарды қолдану ақысы жоғары болады” деген принцип әмбебеапты болып келеді. Бар инфраструктураны қолдануға мүмкіндік беретін көптеген технологиялар бар, олар - Интернетке кіру мүмкіндігіне арналған телефонды линиялар, кабельді теледидар желілері және басқалар.
Интернетке кіру әртүрлі технологиялары: телефондық линия арқылы модеммен қосылу, радиоканал арқылы қосылу, кабельді теледидардың желісімен қосылу, және де, спутникті канал көмегімен. Интернетке қосылудың әртүрлі әдістеріне қарамастан, қолданушы үшін тек қосылу тұрақтылығы, мәліметтерді жіберу жылдамдығы және жауап беру уақытында ерекшеліктер бар. Интернеттің барлық ресурстары кіру мүмкіншіліктері бар, оның көмегімен ол провайдермен қосылады. Желіге қосылудың әртүрлі варианттарын қарастырайық.
Интернетке кірудің әртүрлі варианттары
Коммутаторлық телефон линиясы арқылы қосылу. Коммутативті телефонды линияның модем арқылы қосылуы - бұл әзірше үйдегі Интернет қолданушылардың СНГ-да таралған қосылу әдісі.
Желінің коммутациялы каналдарымен. Коммутациялы телефонды желінің немесе желінің коммутациялы каналдарымен жұмыс принципін айтайық. Сіз біреуге қоңырау шалған кезде, сіздің аралығыңызда белгілі бір физикалық байланыс каналы орналасады, олар коммутатор арқылы байланысатын жеке учаскелерден тұрады. Абоненттің әрбір учаскесі бірінші коммутаторға дейін бөлінбейтін болып келеді. Яғни әрбір абонент осы учаскелерді жеке өзі қолданады. Желіліердің қалған учаскелері коммутатор арасында ажыратылған болып келеді, дәлірек айтқанда әртүрлі уақытта әртүрлі қолданушылармен қолданылады. Бірақ, егер қайсыбір участок бір қолданушымен бос емес болса, онда келесі біреу оны осы уақытта қолдана алмайды. Коммутативті телефонды линиямен қосылу - бұл уақытша (сеансты) қосылу дейді. Телефонды линия телефонды әңгімемен немесе мәліметтерді модем арқылы жіберумен бос болмауы мүмкін. “Модем” сөзі “МОДулятор” и “ДЕМодулятор” деген сөздерден құралады. Модем телефонды линия арқылы мәліметтерді жіберуде қолданылады. Жалпы жоспарда модем - бұл қондырғы, цифрлық кодты әртүрлі екі жиелік дыбыстардың ауысу мен кері қайту - дыбыс тербелісін цифрлық ақпаратқа ауыстырады. Екі модем қосылғаннан кейін модулятор тұрақты тербеліс периодының басты сигналымен генерацияланады және болып жатқанды өзгертіп екінші сигналды қосады. Сонымен, жүріп жатқанның бір параметрі жіберу сигналының өзгеруіне байланысты. Демодулятор анализдайды, түсетін сигнал жүріп жатқан сигналдан қалай ерекшеленеді де басты сигналды қалыптастырады. Басқаша айтқанда, жіберуші модем болып жатқан жиелікті пайдалы сигналмен моделдейді және жоғарыжиеліктегі сигналды жібереді, ал модем-адресат сигналды ASCII кодына (American Standard Code for Information Interchange - ақпараттармен алмасудың стандартты коды - машиналық көріністегі латын алфавитінің әріптері, сандар мен басқа сисволдардан тұратын 128 код символ топтамасы, олардың әрбіреуіне 7-биттық екілік сан. Сегізінші бит жіберу кодының дұрыс контроліне жұмыс жасайды) сәйкес кері цифрлы формаға демодулдейді.
Бірінші модемдер Bell Laboratories зертханалық центрінде өңделген және Bell 103 атауын алды. Бұл қондырғылар екі сыңарлы жиелікті қолданды: сыңарлы жиелік бір модемге, және сыңар екіншіге. Жіберуші модем 1, 07 және 1, 27 кГц арасындағы жиеліктерге ауысуы арқылы, ал жауап беруші модем 2, 025 және 2, 225 кГц арасындағы жиелікте мәліметтерді жіберді.
Bell 103 модемдері 300 бит/с жылдамдықпен жұмыс істеді работали со скоростью 300 бит/с, солай минутына 30-ға жуық символ жіберуге болатын болды. Мұндай жылдамдық тек қана текстік хаттамалармен алмасқасқан кезде қолайлы, себебі бұл жылдамдық адамның оқу жылдамдығымен салыстырғанда артық. Мәліметтерді 300 бит/с жіберетін модемдер 1980жылға дейін өмір сүрді. Сөйтсе де, адамдар суреттерді жібере басталғалы ондай жылдамдық аздау екені айқындалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz