Кәсіпкерлік құпия


Жоспар
І. Кіріспе
Кәсіпкерлік құпия
ІІ. Негізгі бөлім
- Жүйені қорғау.
- Ақпаратты жасыру.
- Ақпараттың тұтастығын қолдау. Бүлдіруден қорғау.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кәсіпкерлік құпия
Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру - стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық және әскери қуаты анықталады. Сондықтан да информатика курсын оқып білуді осы ұғымдар туралы түсініктемелерден бастаған жөн.
Есептегіш техникада қауіпсіздік ұғымы өте кең мағынада. Ол компьютер жұмысының сенімділігін де, құнды мәліметтердің сақталуын да, ақпараттың өкілеттілігі жоқ адамдардың өзгеріс енгізуінен қорғауын да, электронды байланыспен хат жазысу құпиясын сақтауды да меңзейді. Ақпарат қауіпсіздігінің қаупі ретінде ақпараттың жойылуына, тұтастығына нұқсан келуге, құпиялық немесе ақпараттың қол жеткізуге болатындығына әкеліп соқтыруы ықтимал оқиға, процесс немесе құбылыс түсініледі. Компьютерлік жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін қатердің көпшілігі екі жікке бөлінеді: кездейсоқ және қасақана қатер төндіру.
Әлбетте, барлық өркениетті лдерде азаматтардың қауіпсіздік сақшысы ретінде заңдар тұр., бірақ есептегіш техника саласында құқық қолданатын іс-тәжірибе әзірге дамымаған, ал заң шығарушы процесс технология дамуына ілесе алмайды, сондықтан компьютерлік жүйе жұмысының сенімділігі көбіне өзін-өзі қорғау шараларына сүйенеді.
Ақпаратты рұқсат етілмей қо жетуден қорғау мәселесі жергілікті, әсіресе, ғаламдық компьютерлік желінің кеңінен таралуымен байланысты елеулі түрде шиеленісті.
Ақпаратты қорғау иесі үшін бағалы ақпаратты жоғалту немесе жаңғыртып, жетілдіру, тарап кету ықтималдығын азайту үшін қажет.
Ақпарат пен оның құпиялығын онлайндық немесе автономды жұмыс режиміндегі қорғау сратегиясы сайып келгенде біреу: ақпаратты бақылау. Сіз ақпараттың сақталу орнын, оған қол жеткізуді шектеу мен оның тұтастығын сақтауды бақылауыңыз керек. Негізгі стратегияларды атап көрсетейік.
Жүйені қорғау. Жұмыста да, үйде де - компьютеріңізге пайдаланушылардың қолы жетуін, мүмкіндігінше, әрқашан және қайда д болмасын шектеңіз. Бұл үшін компьютерді заттай орналастыру және парольмен қорғау сияқты мүмкіндіктерді қарастыруға болады. Бұл шығу тегі белгісіз программамен қамтамасыз ету көмегімен жанама жетуге де қатысты, бұл вирус программасы немесе Троян аты болуы мүмкін.
Ақпаратты жасыру. Егер сіздің ақпараттарыңыздың қайда сақталатындығын өзіңізден басқа ешкім білмесе, ақпараттың құпиялылығының бұзылуы немесе ақпараттың бүліну қаупі едәуір азаяды. Бұл үшін файлдардың жалған аттары немесе файлдар немесе каталогтардың «көрінбейтін» аттары сияқты айла-шарғыны қолдануға болады. Мәліметтеріңіздің барлық іздерін өшірген жөн, бұл бәрінен бұрын ашық файлдар мәзірін және Windows құжаттарын тазалауды меңзейді.
Ақпараттың тұтастығын қолдау. Бүлдіруден қорғау. Негізгі мақсаты - ақпараттарыңызды жойылудан, өзгеруден, нұқсан келуден сақтау. Бұл үшін мәліметтерді архивтеу, файлдарды бұғаттау парольдерді қорғау сияқты тактикалық әдістер қолданылады.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi туралы ақпаратты қорғау
1. Коммерциялық құпияны қорғау коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салудан тұрады.
2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркiн қол жеткiзу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялылығын қорғауға шаралар қолданады.
3. Ақпаратты қолжетiмдiлiк санатына жатқызу тәртiбiн, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын жеке кәсiпкерлiк субъектiсi айқындайды.
4. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз әдiстермен алған, жария еткен немесе пайдаланған адамдар келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге мiндеттi.
5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi немесе ол уәкiлеттiк берген адам өз қызметкерлерiнен коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы қол қоюын талап етуге, ал оны тексерудi жүзеге асыратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiк туралы ескертуге құқылы.
6. Мiндеттi түрде жариялануға не акционерлердiң, шаруашылық серiктестiк қатысушыларының немесе өзге де белгiлi бiр адамдар тобының назарына мiндеттi түрде жеткiзуге жататын ақпараттың тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
7. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi тiркеу, бақылау функцияларын орындау кезiнде және басқа да iс-әрекеттер жасау кезiнде мемлекеттiк органдарға және лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, оларға жүктелген функцияларды iске асыру үшiн қажеттi ақпараттан басқа, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты бермеуге құқылы.
8. Мемлекеттiк орган өзiне жүктелген функцияларды iске асыру барысында алған жеке кәсiпкерлiк субъектiсi туралы кез келген ақпарат, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттiк органға беру жағдайларын қоспағанда, жария етiлуге және таратылуға жатпайды.
9. Құқық қорғау органдары прокурор санкциясы, тергеу органдарының қылмыстық iс қозғау туралы қаулысы негiзiнде не сот қаулысының негiзiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнен де, мұндай ақпаратқа ие мемлекеттiк органдардан да қажеттi ақпаратты, соның iшiнде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
10. Заңды күшiне енген сот шешiмi бар ақпаратты қоспағанда, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң келiсiмiнсiз жария етуге болмайды.
Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану мынадай жолмен жасалады:
- мемлекеттік құпияны қорғайтын бөлімшелер құру арқылы;
- мемлекеттік құпияны қорғайтын бөлімшелер құрмай;
Мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасау мына жолмен жасалады:
- мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді өңдейтін қорғалған техникалық жабдықтарды, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау шараларының тиімділігін бақылайтын техникалық жабдықтарды, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді өңдейтін қорғалған бағдарламалық жабдықтарды, мемлекеттік құпиялардың қорғалуын бақылаудың бағдарламалық жабдығын, сонымен бірге оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен құрылғыларды қайта жасау, дайындау, сақтау, іске асыру;
- мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді оларды өңдеу, сақтау және беру кезінде криптографиялық қорғауға арналған шифрлік жабдықты, сонымен қатар оларды өндіру үшін қажетті арнайы материалдар мен құрылғыларды қайта жасау, өндіру, сертификациялық сынақтар өткізу, сақтау және байланыс арнасы арқылы беру;
- мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтері бар арнайы техникалық құралдарды жедел-іздеу шараларын өткізу үшін оны іске асыруда сертификациялық сынақтар өткізуді, сонымен қатар оларды өндіру үшін арнайы материалдар мен жабдықтарды қайта жасау, өндіру.
- Мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша шаралар өткізу және қызмет көрсету мыналар бойынша:мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеудің қорғалған техникалық құралдардың сертификациялық сынақтар, сертификациялар, мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді өңдейтін қорғалған техникалық жабдықтарды, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау шараларының тиімділігін бақылайтын техникалық жабдықтарды, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді өңдейтін қорғалған бағдарламалық жабдықтарды, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғаудың бағдарламалық құралын, мемлекеттік құпияның қауіпсіздік талаптары бойынша бағдарламалық құралдарын, мемлекеттік құпияларының қорғалуын бақылаудың бағдарламалық құралдары. мемлекеттік құпияны құрайтын ақпараттандыру жүйесінің, басқарудың автоматтандырылған жүйесінің, байланыс пен мәлімет беру, қабылдаудың, беру мен өңдеу жүйесінің, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді өңдемейтін техникалық жүйелер мен құралдардың, бірақ өңделетін кеңістігіне орналастырылған жүйенің, сонымен қатар мемлекеттік құпияны қорғау бойынша нормативтік құқықтық және методикалық құжаттар талаптарына сәйкес мемлекеттік құпиясы бар келісімдер өткізуге арналған орындар аттестациялары; мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді өңдейтін қорғалған техникалық құралдарға, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау шараларының тиімділігін бақылайтын техникалық құралға, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеудің қорғалған бағдарламалық құралына, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғаудың бағдарламалық құралдарына, мемлекеттік құпиялардың қорғалуын бақылаудың бағдарламалық құралына сервистік қызмет көрсету, монтаждау, орнату, жөндеу; мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді криптографиялық қорғауға арналған шифровалды құралдарды, оларды өңдеу, сақтау және байланыс арнасымен берудегі құралдардың монтажы, жөндеу, орнату және өңдеу; мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызмет атқаратын мемлекеттік құпияны қорғау бөлімшелері жоқ ұйымдардағы мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау; өз бөлімшелері құрамында шифрлы байланыс жоқ ұйымдар үшін шифрлы байланыс арнасы бойынша мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді беру; арнайы жедел-іздеу шараларын өткізу үшін мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтері бар арнайы техникалық құралдардың монтажына, орналастыру және жөндеу; мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қабылдайтын электрондық құрылғының шығуы; мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді өңдейтін техникалық құралдарды дәлдеу және жанама электромагнитті сәулеленуді арнайы зерттеудің жүруі; мемлекетткі құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға құпия корреспонденция жеткізу; ерекше қорғалатын және режимді, ерекше режимді нысандарды қорғау жұмыстарын, сонымен қатар мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдар нысандарын жобалау; мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруда мемлекеттік құпияны қорғау құралын жасауға ҰҚК органдарынан рұқсат алу үшін ұйымдарды арнайы экспертизадан өткізу мен олардың жетекшілерінің аттестациялау, сонымен бірге мемлекеттік құпияларды қорғауда қызмет көрсету және (немесе) шаралар өткізу; кадрларды мемлекеттік құпияны сақтау бойынша дайындау және қайта дайындау, сонымен қатар мемлекеттік құпиын құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызмет түрлеріне кадр дайындау, мемлекеттік құпияны сақтауға қызмет көрсету немесе шаралар өткізу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz