Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жайлы


ЖОСПАР
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру, әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша ТМД елдерінің ішінде жетекші орындардың бірін иеленеді. Бірақ, еліміз алдағы 10 жылдың ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Мұндай міндеттің оң шешімін табуына еліміздің ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан ең алдымен кәсіпкерлік қызметті қолдау мен дамытуға, отандық кәсіпорындардың жоғары сапалы өнімдер өндіруіне және бәсеке қабілеттілігі мен қызмет тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажет.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу барысында қоғамымыздың көптеген әлеуметтік және экономикалық мәселелерін жаңаша шешуге тура келді.
Нарық жағдайында сауда желісі өнімнен бас тартуы мүмкін, мемлекет шығындарды жаппайды; банктер несие беру кезінде өздерінің талаптарын қояды, бәсекелестік пайда болады. Нарықтық қатынасқа қалыптаспаған кәсіпорындар, осылайша, тез банкротқа ұшырауы мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін шаруашылық қызмет облысында басшылар мен мамандарға нарық қатынасының шарты бойына басқарудың әдісі мен техникасын меңгеру керек. Нарық шартындағы басқару шарты - ол маркетинг. Қазақстанның қазіргі заманғы кәсіпорын басшыларына маркетинг концепциясын үйреніп қана қоймай, сонымен қатар, оны қолдана білу де керек.
Нарыктық әкономика жағдайында бәсекелестік өндірушілерді тек қажеттілігі бар тауарларды ғана өндіруге жетелейтін, негізгі реттеуші тетік болып табылады. Латынның сопсиге (мақсатқа жүгіру) сөзінен шыққан термин өндірушілер мен сатушылар арасында сатып алушылар үшін таластартысты анық сипаттайды. Нарықта бәсекелестердің мақсаты тауарды сатып алушыға сату негізгі құрал ретінде кәсіпорындағы сапалы маркетинг саналады.
Бәсекелестік - экономиканың тиімді дамуы мен жұмыс істеуінің басты тетігі. Тиімді бәсекелестік үшін жағдай жасау, адал бәсекелестікті қолдау мен қорғау мемлекеттің индустриялық және инновациялық саясатының негізгі міндеті - экономиканың әртараптануы мен өнеркәсіпті жаңғыртуды іске асыруға ықпал етуге тиіс.
Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу, шектеу тәжірибесінің шектен тыс шоғырлануы мен өсуі жайлы мәселелерді шешуге бағытталған.
Тауардың бәсекелестік артықшылығы оның бәсекеге қабілеттілігін қүрайды. Ол дегеніміз басқа сондай тауарлармен салыстырғанда оның артықшылығын көрсететін түтынушылық және кұндық қасиеттердің жиынтығы.
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттігін арттыру нарықтық экономикада үлкен рөл атқарады.
Қазақстандық кәсіпорындардың маркетинг жағынан тәжірибесі өте шектелген, сонымен қатар, «нені алады, соны сату және кез-келген бағаға» принципін жиі ұстанады. Бұл, әрине маркетинг идеясына қарама-қарсы.
Қазіргі заманғы нарықтық іскерлік кәсіпорын басшыларынан және мамандарынан нарық шартында шешім қабылдау әдетін талап етеді. Сыртқы нарықта жұмыс істеу үшін шетел компанияларында қолданылатын басқару әдістерін, маркетинг концепциясының практикалық нәтижесін жақсы білу керек.
Диплом жұмыстың тақырыбы «Сапаны басқару кәсіпорынның бәсекеге қабілетті факторы ретінде». Қазіргі уақытта бәсекеге қабілеттілікті арттыру маңызды мәселенің бірі болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік - нарықтың талабын анықтайтын және тауардың басқа тауармен салыстырғандағы оның сапалық және экономикалық қасиеттерін кешенді бағалайтын кез келген тауардың негізгі маңызды сипаттамаларының бірі. Бәсекеге қабілеттілік түсінігі салыстырмалы сипатқа ие. Ол нақты нарық пен сатылым уақытының жағдайларына байланысты. Сатып алушылардың көпшілігі қоғамдық қажеттіліктерге сай тауарларды сатып алады, сонымен бірге әр сатып алушы өзінің кажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды алады. Сатып алушылардың мінездерін зерттеу көрсеткендей, екі ұксас тауар болса, сатып алушы оның арзанын қалайтынын, егер сатылым бағалары бірдей болған жағдайда - сатып алушы түтыну бағасының (қолдану шығындары) төменіне ұмтылатыны белгілі.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын зерттеу. Негізгі тапсырмаға кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теоретикалық негіздемесін беру, кәсіпорынның шаруашылық қызметін, шұжық өнімінің нарықтағы қызметін саралау жатады. Зерттеу нысаны болып «Leader art kz» ЖШС алынды.
Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты келесі міндеттер шешіледі:
- кәсіпорын өнім бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық негіздерін қарастыру;
- «leader art kz» ЖШС-ның өндірістік - шаруашылық қызметіне талдау жүргізу;
- «leader art kz» ЖШС-ның өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жолдарын анықтап шаралар ұсыну.
Зерттеу пәні болып кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілердің жиынтығы табылады.
Зерттеу объектісі болып Алматы қаласындағы құрылыс өнімдері нарығында өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыратын «Leader art kz» ЖШС саналады.
1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі және сапа туралы түсінігі мен оның мәні
Нарыктық әкономика жағдайында бәсекелестік өндірушілерді тек қажеттілігі бар тауарларды ғана өндіруге жетелейтін, негізгі реттеуші тетік болып табылады. Латынның сопсиге (мақсатқа жүгіру) сөзінен шыққан термин өндірушілер мен сатушылар арасында сатып алушылар үшін таластартысты анық сипаттайды. Нарықта бәсекелестердің мақсаты тауарды сатып алушыға сату негізгі құрал ретінде кәсіпорындағы сапалы маркетинг саналады.
Бәсеке адал ниетті және адал ниетті емес деген түсініктерге бөлінеді. Халықаралық құжаттарда адал ниетті емес бәсеке өнеркәсіп және сауда істерінде адал әдетке қайшылық білдіретін кез келген іс-әрекет деп түсіндіріледі. Соның ішінде, тиым салуға жататындар:
- бәсекелестің өнеркәсіптік немесе сауда-саттық қызметінде, кәсіпорындарда, тауарлар өндіруде қым-киғаш жағдай туғызатын іс-әрекет.
- бәсекелестің өнеркәсіптік немесе сауда қызметі, кәсіпорын және оның тауары туралы теріс ой туғызатын, жалған түжырымдар жасау.
- сауда-саттық іс-әрекетпен айналысқанда тауардың сипаттамасы, дайындау тәсілі, пайдалану қасиеті немесе оның көлемі жайлы қогамды шатастыратын пікірді пайымдау.
Қазіргі таңда, адал ниетті емес бәсекенін бөтен немесе соған үқсас тауар белгісімен таңбалау, тапсырысты мақалалар, жалған ой туғызатын ақпараттар және басқа да әдістері кең етек жайған.
Адал ниетті бәсеке жоғары түтынушылық қасиеттерге ие тауарларға сүранысты қалыптастыру мен тауар өткізуді ынталандыруды қарастырады. Бәсекелестіктің міндетті шарты ұсыныстың сұраныстан асып түсуі болып табылады, әйтпесе тауарлардың жетпеушілік жағдайында сатып алушылар сапасыз тауарды да алуға мәжбүр болады.
Тауардың бәсекелестік артықшылығы оның бәсекеге қабілеттілігін қүрайды. Ол дегеніміз басқа сондай тауарлармен салыстырғанда оның артықшылығын көрсететін түтынушылық және кұндық қасиеттердің жиынтығы.
Бәсекеге қабілеттілік - нарықтың талабын анықтайтын және тауардың басқа тауармен салыстырғандағы оның сапалық және экономикалық қасиеттерін кешенді бағалайтын кез келген тауардың негізгі маңызды сипаттамаларының бірі. Бәсекеге қабілеттілік түсінігі салыстырмалы сипатқа ие. Ол нақты нарық пен сатылым уақытының жағдайларына байланысты. Сатып алушылардың көпшілігі қоғамдық қажеттіліктерге сай тауарларды сатып алады, сонымен бірге әр сатып алушы өзінің кажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды алады. Сатып алушылардың мінездерін зерттеу көрсеткендей, екі ұксас тауар болса, сатып алушы оның арзанын қалайтынын, егер сатылым бағалары бірдей болған жағдайда - сатып алушы түтыну бағасының (қолдану шығындары) төменіне ұмтылатыны белгілі.
Осылайша, өнімнің бәсекеге кабілеттілігі оның жоғары тұтынушылык касиеттері мен төмен бағасымен анықталады. Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын тұтынушылық және қүндық қасиеттер әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі болады. Мысалы, үзақ қолданылатын және өндіріске кажетті күрделі тауарлар үшін бәсекеге қабілеттілікті көрсететін көрсеткіштерге келесілер жатады:
- тауардың пайдалану шеңберін анықтайтын атқарымдық міндетінің көрсеткіштері;
- тауардың колданыстағы ыңғайлылығы мен оның қауіпсіздігін сипаттайтын пайдалану көрсеткіштері;
- тауарды сатып алу мен пайдалану шығындарын сипаттайтын әкономикалық көрсеткіштері;
- жоғарыда көрсетілмеген (сертификат, сервистік қызмет көрсету), баска бағалық емес көрсеткіштер.
Бәсекеге қабілеттілік салыстырмалы көрсеткіш екенін ескере отырып, оған катысты бағалау жүргізілетін басқа да оған үқсастарды анықтау қажет. Ұқсастар көп болған сайын, бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың нәтижелері солғүрлым нақтырақ болады.
Өнімнің бәсекеге деген қабілеттілігін жоғарылатуда сертификаттау үлкен рөл атқарады. Сертификаттау дегеніміз - өнімнің нақты сипаттамаларының қажетті стандарттар мен басқа нормативті қүжаттарға сай екенін растауга бағытталган іс-әрекеттер жүйесі. Сертификаттау дамыған елдерде XX ғасырдың 60-жылдары пайда болды. Бұл елдердің нарықтарында дамушы елдерден кең қолданылатын тауарлар көптеп келе бастады. Соның салдарынан сатып алушыларда олардың сапасы туралы күмән туа бастады. Сертификаттау сатып алушыны, онымен катар алынып жатқан тауардың қауіпсіз және жоғары сапаға ие екенін сендіру үшін қажет болды. Сөйтіп сертификаттау жүргізу жүйесі біртіндеп дами бастады.
Сертификаттауды ұйымдастыру төмендегі кезекпен жүргізіледі:
1. Өндіруші бәсекелестік жағдайында сатып алушыға оның тауары қазіргі талаптарға сай және бәсекеге қабілетті деп дәлелдеуге мүдделі.
2. Сатып алушы өзінің алған тауарының қауіпсіз және бәсекеге қабілетті екендігіне көз жеткізуі керек.
3. Қоғам өздерінің басқару органдары аркылы өндірушіден оның тауары қауіпсіз екендігіне дәлелді талап ете алады.
4. Өндіруші оның тауары жеке тұтынушыға ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамға пайдалы деген пікір қалыптастыруды қалайды.
5. Өндіруші өзінің өніміне сертификат алу үшін стандарттауды ұйымдастыратын бас үйыммен хабарласады.
6. Стандарттау бойынша ұйым немесе өндірушінің өзі өнім сертификаттауы бойынша кешенді жүмыстарды жүзеге асыратын ұйымды анықтайды.
7. Сертификаттау жасайтын үйым сынау зертханаларының көмегімен сертификацияланып жаткан өнімнің накты сипаттамаларын анықтап, сертификат беру жөнінде қорытынды дайындайды.
8. Сертификаттау жасайтын үйым сынақтан өткен өнім үшін өндірушіге сертификат береді.
Сертификаттауды жүргізу барысында оған қатысушалар арасында жауапкершілік былай бөлінеді:
1. Өнім өндіруші кез келген шығарылған өнімнің сапасы үлттық стандарттар мен техникалык шарттарға сай екеніне жауапты болады.
2. Жабдықтаушы өзі жеткізіп отырған өнімнің сертифи-каты бар екеніне жауапты болады.
3. Сертификаттау жасау үйымы берген сертификаты заңды екеніне жауапты болады.
4. Сынау зертханасы өткізілген сынақтар нәтижесінің дұрыс екеніне жауап береді.
Сертификаттау үдерісінің негізгі қатысушыларының қызметі қазақстандық және халықаралық құжаттарға сай белгіленген.
Сертификаттау үдерісін анықтайтын негізгі күжат стандарттау бойынша халықаралық үйымның стандарты ИСО-9000 жатады.
ИСО-9000 стандарттары өнім мен қызметтің сапасын жоғарылату тұжырымдамасын құрайды. Ол келесілерден түрады:
- сапа саласында кәсіпорын басшылығының саясатын көрсететін сапа жүйесі құрылып, қүжатқа түсірілуі ке-рек;
- сапа жүйесі тауарға тиісті оның өмірлік циклінің барлық сатыларын камтуы керек;
- сапа жүйесі тиімдігін талдай отырып, кәсіпорынның ішкі жұмысын өздері қадағалап отыруы керек;
- сапаны қамтамасыз ететін шығындарды бағалап, талдау жасап отыру керек.
Кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты жоғары басшылықпен қалыптастырылады. Сапа жүйесі сапа саласындағы саясатты жүзеге асыратын құрал есебінде пайдаланылады.
ИСО-9000 әдістемелігіне сәйкес маркетингте колданылатын «өмірлік цикл» түсінігінің орнына «сапа ілмегі» деген түсінік колданылып жүр, оған кіретіндер:
- маркетинг, нарықты іздеу және зерттеу;
- техникалық талаптарды жоспарлау және әзірлеу, өнімді өндіруді қалыптастыру;
- материалды-техникалық жабдыктау;
- өндірістік үдерістерді дайындау және әзірлеу;
- өндіріс;
- бақылау, сынақты және тексеруді жүргізу;
- буып-түю және сақтау;
- өнімді сату және бөлу;
- кұрал-жабдықты қүрастыру және пайдалану;
- кұрал-жабдықты техникалық жагынан жөндеу және осыған лайықты қызмет көрсету;
- кұрал-жабдықты пайдаланып болганнан кейін қалдық-тарын пайдалану.
«Сапа ілмегінің» кезеңдеріне әсер ету сипатына карай сапа жүйесінде үш бағыт болуы мүмкін: сапаны қамтамасыз ету, сапаны басқару, сапаны жақсарту.
Өнімнің сапасын қамтамасыз ету - сапа жагынан талаптарға сай келетін өнімді шығару үшін жағдайды көрсететін «сапа иілмегінің» әрбір кезеңдерін орындауға қажетті жоспарлы және жүйелі түрде атқарылатын іс-шаралардың жиынтығы.
ИСО-9000 стандартының идеологиясына сай сапа жүйесі мәселелердің себебін іздегеннен гөрі, оларды алдын ала сақтандыруға талпындыру арқылы жүмыс істеу керек.
Сапаны басқару - сапа жағынан талаптарға сай келетін өнімді шығару үшін күнделікті іс-әрекет пен оның әдістері. Оған жататындар: үдерісті басқару, өнімде, өндірісте немесе сапа жүйесінде болатын қайшылықтарды дер кезінде анықтау және оған әсер еткен себептерді жою.
Сапаны жақсарту өнімнің техникалық деңгейін, оның жасалу сапасын, өндіріс әлементтерін және сапа жүйесін жоғарылатуға бағытталған іс-әрекетті күнделікті түрақты жүргізу » болып саналады. Сапаны түрақты жақсартып отыру идеологиясы бағасы неғүрлым төмен, сапа деңгейі өте жоғары болатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған үрдістен шығады. Осыған байланысты сапаны түрақты жақсартып отыру үшін өнімнің көрсеткіштерін, немесе жасау сапалылығын түрақтандыруды жоғарылату немесе дайындау шығындарын азайту керек.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша заңды түлғалар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығы лауреаттарының өндіру үдерісі сапа менеджменті және қоршаған ортаны басқару жүйесінің 9000 және 14000 сериялы халықаралық ИСО стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен сертификатталған өз тауарла-ры өз өндірісінің сертификатталған тауарлары деп танылады. Өз өндірісінің сертификатталған тауарларын өткізуден түскен табыстар болған жағдайда корпорациялық табыс салығының сомасы 50 пайызға азайтылады.
Маркетингке ерекше талап койылады. Маркетинг - көп жоспарлы, динамикалық күрделі құбылыс, яғни маркетинг сипаттамасының функциясы мен принципіне бір ғана анықтама арқылы толық, адекватты түсінік беру мүмкін емес.
Қазіргі кезде маркетингтің 2000-ға жуық анықтамасы бар, олардың әрқайсысы маркетингтің бір ғана жағын қарастырады немесе кешенді сипаттама береді. Маркетинг - бұл бұйымды өңдеуді, тауардың тұтынушыға жетуін, шығынды жоспарлау мен басқару процесі, осылайша жеке тұлғалардың да, сонымен қатар ұйымдардың да қажеттіліктерін қанағаттандыруды қадағалап отырады. «Маркетинг» түсінігінің негізінде «нарық» термині жатыр. Бұл түсінік жалпылама алғанда нарықтық іскерлікті білдіреді. Маркетинг арқылы іскерліктің мына түрі түсіндіріледі, яғни өндіруші тұрмыстық мәселерді шешу үшін бағдарламалық-мақсатты әдісті қолданады, ал нарық және оның талаптары іскерліктің әсерлілігінің критериі болып табылады.
Өнеркәсіп өзінің өніміне деген сұраныстың қажетті деңгейін алады. Кез-келген уақытта сұраныстың нақты деңгейі қажетті деңгейден төмен, соған сәйкес немесе жоғары болуы мүмкін. Осы жағдайлардың барлығын маркетингті басқару қарастырады. Кәсіпорын өзінің маркетингтік іскерлігін жүргізетін бес негізгі тәсілі бар: өндірісті жетілдіру концепциясы, тауарды жетілдіру концепциясы, коммерциялық күштерді интенсификациялау концепциясы, маркетинг концепциясы және әлеуметтік-этикалық маркетинг концепциясы.
Өндірісті жетілдіру концепциясы бойынша тұтынушылар кең таралған және бағасы да қол жетерлік тауарды тұтынады, сәйкесінше басшылық өздерінің күшін осы тауарды жетілдіруге және оны үлестіру жүйесінің тиімділігін арттыруға жұмсау керек.
Сапаға кеткен шығындарды анықтау міндеттілігі сапа жүйесінің ерекшелігі болып саналады. Оны күрайтындар - өнім өндірушінің шығындары мен басқа да шығындар.
Өндіруші шығындарына келесілер жатады:
- сақтық шығындары - сапаны жоспарлауға; сапаны басқару жүйесін ендіру мен ұйымдастыруға; шикізат пен материалдар, өндіріс үдерісі және шығарылған өнім сапасын бақылауды арттыруға қойылатын талаптарды әзірлеу; әдістемелер, нұсқаулар даярлауға; өндіріске дейінгі сатыда сапаны талдаумен байланысты шығындарды қамтиды. Бұған тағы да технологиялық үдерісін, бақылау және сынау құралдарының кадағалау шығындары; сапаны басқару аясындағы кадрларды оқыту және даярлау бағдарламаларын жасауға кеткен шығындар; сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге кеткен шығындар; әр түрлі ұйымдастырушылык шығындары (басқару персоналының еңбекақысы, іс-сапар шығындары және т. б. ) да кіреді.
- бағалау шығындары - сапаны бағалау шығындары. Бұл өнімді шығаруға қажетті материалдарды сынау мен қабылдаудың; шикізат сапасын тексеру үшін жабдықтаушы зауытына жіберілген мамандардың іс-сапарының; шикізат пен материалдардың зертханалық сынаудың; бақылау-өлшеу қүралдарының тексеру және оларды жөндеудің; техникалық қадағалаудың; бұйымдардың түтынушылық қасиетерін анықтау үшін сынаудың; пайдалану сипаттамасын бағалау үшін бүйымды сынау; өз жүмыстары мен технологиялық үдерістің сапасын, өндіріс үдерісінде оны жөндеу; сапаны және сапа жүйесін қадағалауға байланысты шығындар кіреді. Бағалау шығындарына, сонымен бірге өнім сапасын аттестациялауға (тәуелсіз сынау орталықтары немесе зертханалары, сақтандыру кәсіпорындары және т. б. мекемелердің қызметі үшін төлем-ақы) ; өнімді арттыру шығындары; өнімді пайдалану кезінде сынау (сынауды түтынушыда жүргізілуі мүмкін осы мақсаттар үшін тұтынушыларға жіберілген кәсіпорын қызметкерлерінің іс-сапарлық шығындары) шығындары да кіреді.
- өнімді дайындау кезінде оны қабылдамауға байланысты шығындары - өнімді тапсырыс берушіге жібермес бұрын анықталған сапаның төмен болуынан пайда болады;
- сыртқы сатып алушылардың өнімнен бас тартуынан болған шығындар - кепілдемелік мерзім ішінде сатып алушылар рекламациясы бойынша тауарды жөндеу шығындары; техникалық қызмет көрсету кезінде ақауды жөндеу шығындары; заң бойынша аныкталған жауапкершілік шеңберінде төмен сапа үшін айыппұлдар; тиісті сапасы жоқ тауарларды қайтарумен байланысты шыгындар да кіреді.
Басқа шығындарға жататындар:
- сапа үшін жанама шығындар. Олар көбінесе өндіріске қатысты емес үдерістерді атқарғанда болатын шығын-дар. Ондай үдерістерге өндіруші дайындаған өнімнің сапасы талапқа сай екенінде күмәнді болғанда ғана барады. Бүдан басқа шығындардың бөлек себептері: материалдар, құралдар мен жұмысшы күшін ысырапқа әкелетін өнімнің тиімсіз конструкциялары болуы мүмкін. Мүндай шығындарды төмендету сынауға жататын материалдардың көлемін азайтуға, тоқтап қалуды жоюға себеп болады, тұтынушы қосымша тексеруді жүргізбейді;
- сапаны тұрақтандыру үшін жабдықтаушылардың шығындары. Шикізат тұтынушылар мүны міндетті түрде есепке алуы тиіс, себебі олар сатып алу кезінде баға деңгейіне әсер етеді;
- тұтынушылардың болжаусыз шығындары. Сатып алушылардың кәсіпорын тауарын сатып алғысы келмегендіктен өнімді сату көлемі азаяды, міне осындай жағдайда Бұл шығындар пайда болады. Тұтынушылардың техникалық қызмет көрсету шығындарының көбеюі, сонымен қатар өнімнің жиі тұрып қалуы көбінесе осыған себеп болады.
- сапа туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін аппараттар мен күралдар үшін шығындар. Бұл шығын ӘЕМ-ны қолдану мен сапа қадағалауды автоматтандыру есебінен өсіп отырады. Әдетте Бұл шығындарды жоспар-лау кезінде микропроцессорлар мен ӘЕМ енгізу және аппаратураның жүмыс істеу уақытының үзаруына байланысты сапа шығындарын төмендету мәселелері анықталады (яғни қымбат қүрал-жабдықтың өтелім шығындарын камтамасыз ету керек) .
Тауарды тұтынумен байланысты сапа шығындарына кәсіпорын үлкен көңіл аударады, себебі олардың әсері өнімді сату көлеміне әсер етеді. Тұтынушыдағы шығындар туралы акпарат сапаны қамтамасыз ету жүйесіне қажетті өзгерістерді енгізу үшін негіз болып табылады. Кәсіпорындарда тауарды түтыну сатысында сапа шығындарын төмендету бойынша ар-найы бағдарламалар жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz