ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы Қазақстан – Қытай қарым-қатынастары



Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі, тарихнамасы

1ХХ ғасырдың 90.шы жылдарындағы
Қазақстан . Қытай қарым.қатынастары
1.1. Саяси.экономикалық қарым.қатынастар


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Халықаралық қарым-қатынастың жаңа құрылымының қалыптасуы және жаңа экономикалық жүйенің дамуы кезеңінде Қазақстанның дүниежүзінде алар орны мен қандай беделге ие боларын ұғыну біз үшін аса маңызды деп білемін. Осы тұста әлемдік аренадағы Қазақстан мемлекетінің орнын анықтайтын басты факторлардың бірі – көршілес Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасы болмақ.
Күні бүгін Қытай әлемдік саясаттың көшбасшысы болуға талаптанып отырғандығы әмбеге аян. Біріншіден, Қытай дүниежүзінде халқының саны ең көп ел, оған қосымша жер бетінде шашыраған қытай диаспорасының айтарлықтай ықпалы; екіншіден, соңғы жылдарда Қытай мемлекетінің қуатты экономикалық және әскери потенциалға ие болуы.
Қытайтанушы мамандардың айытуынша, Қытай басшылары қазіргі үкімет басында отырған коммунистік идеологияны жақтайтын догматикалық көзқарастағы жасы егде тартқан лидерлер саясат сахнасына кеткеннен кейін социалистік насихаттың орнына, мемлекеттік идеология ретінде, елдің көнеден келе жатқан дәстүрлі қазынасы – конфуций ілімін ендіруді көздейтін көрінеді. Асылы, Кеңес Одағының ыдырауымен коммунистік идеологияның күйреуі қытай басшыларына да үлкен сабақ болса керек. Қазіргі коммунистік Қытай үшін мұндай тәжірибенің қандай қауіпті екенін билік басындағылар жақсы түсінеді. Сондықтан Қытай жаңа идеологиялық жүйеге көшудің неғұрлым жеңіл әрі еркін тәсілдерін іздестіруде.
Алматыға ресми делегацияның құрамында келген Қытай журналисімен өткен жеке әңгімеде осы тұжырым расталды. Ол Конфуций ілімі, әсіресе, зиялы қауымның арасында үлкен қолдау тауып отырғандығын атап етті.
1. Қазыбекұлы Н. Ежелгі тарихымыздың ескі сарабы.// Түркістан, 2005 ж., 15 қыркүйек, 6б.
2. Назарбаев Н. Көрші елмен ықпалдастық нәтижесі.// Егемен Қазақстан, 2008 ж., 1б.
3. Абдулпаттаев С. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. // Ақиқат, 2002 ж., №3, 62-66 бб.
4. Мұхаметқанұлы Н. «Қытайдың Батыс бөлікті игеру стратегиясы және оның Қазақстан-Қытай қатынасына әсері» // Отан тарихы. 2005ж., №1, 137-141б.
5. Құланбай Б. Қытаймен ынтымақтастық нығая түседі.// Егемен Қазақстан. 2004 ж., 18 мамыр.
6. Мәсімхан Д. Қытайдағы қазақтар.// Егемен Қазақстан, 2004 ж., 30 маусым.
7. Мұқанова Г. Аспан асты елінде.// Түркістан, 2006 ж., 20 сәуір.
8. Жәнісов Ә. Қанжығалы Бөгенбайдың Қытайға елшіліктері.// Қазақ тарихы, 2006 ж., № 6, 29-32 б.
9. Зәңгіров Е. Ху Цзиньтао.// Парасат, 2005ж., №6, 84-87б.
10. Зәкенұлы Т. Күлтегін ескерткішіндегі қытайша мәтіннің зерттелуі.// Қазақ тарихы, 2006 ж, №1, 12-15б.
11. Дәулетханұлы Ә. Қытайдағы қазақтар шежіресі және оның жинадып зерттелуі.// Қазақ тарихы, 2005 ж., №2, 30-33 б.
12. Ақасуұлы А. Таяу он жылдық барысында үлкен өзгерістер болмақ. // Түркістан, 2004 ж., 2 қыркүйек, 3 б.
13. Тыныбайын Т. Шығыс Түркістан немесе бүгінгінің бүге-шегесі.// Қазақ әдебиеті, 2008ж , 27 желтоқсан.
14. Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері.// Алматы, 2005ж., 1-5томдар.
15. Ана тілі. 2007ж., 6-13 маусым.
16. Жұмабекқызы Г. Есігі ашық ұйым. // Түркістан, 2006 ж., 15 маусым.
17. Зәңгіров Е. . Ху Цзиньтао.// Ақиқат, 2005 ж., №6, 86 б.
18. Құланбай Б. Қытаймен ынтымақтастық нығая түседі.// Егемен Қазақстан. 2004 ж., 24 маусым.
19. . Ақасуұлы А. Таяу он жылдық барысында үлкен өзгерістер болмақ. // Түркістан, 2004 ж., 2 қыркүйек, 3 б.
20. Бұл да сонда.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі, тарихнамасы

1ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы
Қазақстан - Қытай қарым-қатынастары
1.1. Саяси-экономикалық қарым-қатынастар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Халықаралық қарым-қатынастың жаңа құрылымының қалыптасуы және жаңа экономикалық жүйенің дамуы кезеңінде Қазақстанның дүниежүзінде алар орны мен қандай беделге ие боларын ұғыну біз үшін аса маңызды деп білемін. Осы тұста әлемдік аренадағы Қазақстан мемлекетінің орнын анықтайтын басты факторлардың бірі - көршілес Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасы болмақ.
Күні бүгін Қытай әлемдік саясаттың көшбасшысы болуға талаптанып отырғандығы әмбеге аян. Біріншіден, Қытай дүниежүзінде халқының саны ең көп ел, оған қосымша жер бетінде шашыраған қытай диаспорасының айтарлықтай ықпалы; екіншіден, соңғы жылдарда Қытай мемлекетінің қуатты экономикалық және әскери потенциалға ие болуы.
Қытайтанушы мамандардың айытуынша, Қытай басшылары қазіргі үкімет басында отырған коммунистік идеологияны жақтайтын догматикалық көзқарастағы жасы егде тартқан лидерлер саясат сахнасына кеткеннен кейін социалистік насихаттың орнына, мемлекеттік идеология ретінде, елдің көнеден келе жатқан дәстүрлі қазынасы - конфуций ілімін ендіруді көздейтін көрінеді. Асылы, Кеңес Одағының ыдырауымен коммунистік идеологияның күйреуі қытай басшыларына да үлкен сабақ болса керек. Қазіргі коммунистік Қытай үшін мұндай тәжірибенің қандай қауіпті екенін билік басындағылар жақсы түсінеді. Сондықтан Қытай жаңа идеологиялық жүйеге көшудің неғұрлым жеңіл әрі еркін тәсілдерін іздестіруде.
Алматыға ресми делегацияның құрамында келген Қытай журналисімен өткен жеке әңгімеде осы тұжырым расталды. Ол Конфуций ілімі, әсіресе, зиялы қауымның арасында үлкен қолдау тауып отырғандығын атап етті.
Ресей болса, тек өзінің ішкі саяси проблемаларының шешім іздеумен бас сауғалап кетті. Ал Ресей дипломатиясы күні бүгін тек Батысқа ғана бет бұрып отыр. Ақиқатын айтсақ, батысшыл Ресей Орталық Азия аймағында және Солтүстік Шығыс Азияда барлық позицияларын жоғалтып, ұлы держава болу мүмкіндігінен айырылды. Қазақстан қытай қауіпімен бетпе-бет қалды. Осы аймақта Ресейдің де стратегиялық мақсаттары көзделетінін ескеріп, Қазақстан Ресейдің әскери-саяси қолдауын дұрыс пайдалана отырып, сауда-экономикалық, әскери-саяси қарым-қатынас саласында икемді әрі көрегенді саясатты өз бетінше жүргізе беруді қолға алып отыр.


1 ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы
Қазақстан - Қытай қарым-қатынастары
0.1. Саяси-экономикалық қарым-қатынастар

Кеңес Одағының ыдырауы ХХ ғасырдың соңғы мезгіліндегі ең ірі уақиғаның бірі болып, жалпы халықаралық саяси жағдайдың өзгеруіне алып келді. Бұрыңғы Кеңес Одағының үлкен шаңырағынан бөлініп жаңа отау көтерген елдердің бірнешеуі Қытай Халық Республикасымен көршілес. Соның ішінде Қытай үшін ең маңызды болып отырғаны көрші қазақ елі. Стратегиялық тұрғыда аса маңызды Еуразия құрлығында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, дүниенің екі шектілігі тәртібінің бұзылуы ондаған жылдар бойы қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесіне түпкілікті бетбұрыс алып келді. Қытай Халық Республикасындағы саяси процестердің дамуы олардың ғаламдық және аймақтық саясатқа тигізер әсері халықаралық қатынастар саласындағы маңызды болып табылады.
ХХ ғасырдың соңғы он жылында дүние жүзінде коммунистік идея күйреп жатқан кезінде, Қытай жарты ғасыр бойы табынып келген идеологиясының сыртқы формасын күрт өзгертіп, стратегиялық мақсатын сақтап калды. Мемлекеттік идеология мен әлемдік экономиканың даму тенденциясына басымдық беріп, нарықтық атрибуттардың жаңа бір формасын ойлап тапты. Қытай Халық Республикасы өзінің геосаяси орналасуы және үлкен экономикалық әлеуетіне байланысты Қазақстанның маңызды әріптесі болып табылады. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап осынау ірі көршілес елмен, яғни Қытаймен ынтымақтастығын өз сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі деп қарастырады. Саясаткерлер ХХ ғасырды Қытай ғасыры деп атап, оның ұлы держава ретінде шарықтау биігіне жететінін сараптауда.
Қытай дүние жүзіндегі аса ірі, экономикалық әлеуетті жылдан жылға артып келе жатқан елдердің бірі болып саналады. Әрі ол БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне мүше. Сол себепті Қытаймен әлемнің көптеген мемлекеттері ынтымақтастық орнатуға ынталы. Бұл тәуелсіздік алған Қазақстанғада қатысты. Өйткені Қытай Қазақстанның ежелгі көршісі. Осы тұрғыдан келгенде біздің еліміздің ұстанған саясаты қай жағынан алсақ та, достық, ынтымақтастық, көршілік, тату-тәтті саясат болуға тиісті. [16]
Қытайдың Таяу болашақтағы стратегиялық бағытын айқындап берген Дэн Сяопин Мемлекетте ұзақ уақыт тұрақтылықтың сақталуы адамның өз қолында. Империалисттер Қытайды бейбіт түрде өзгертудің үмітін біздің алдағы бірнеше ұрпағымызға артып отыр... Беделді ықпалды күш саналатын аға буын біз тұрғанда, сыртқы жау күштері Қытайды бейбіт өзгертуді жүзеге асыра алмайтындығын біледі. Бірақ біз, қарттардың көзі жұмылғаннан кейін оған кім кепілдік бере алады? Сондықтан, әскерді, диктатура органдарын, коммунистерді, бұқара халықты және жастарды осыған рухани тәрбиелеуіміз қажет. Қытайда мәселе болса, ол коммунистік партияның өз қатарынан шығады. Бұл мәселе жөнінде өте сергек болу керек. Өршіл, рухшыл, әрі жас, әрі білімді маман болу критерий бойынша, басшылық алқасына таза, қабілетті адамдарды таңдап өсіру қажет. Біз партияның бағыт саясатын жүз жылға жарайтындай қалыптастырдық және оның тұрақтылығын осы принциптерге сүйеніп баянды етеміз. Көз алдымыздағы мәселе оңтайлы шеліліп кете қойған жоқ, ойдағыдай шешілуінен үміт етемін дейді. [17] Бұл Дэн Сяопиннің Ху Цзиньтаоның бас хатшылыққа келген кездегі кадрды іріктеу туралы айтқан өсиет еді.
Қазір әлемдік саясат Ху Цзиньтаоның әрбір іс-қимылын бақылап отыр. Әрине алып елдің бірінші мақсаты - ел экономикасын көтеру. 2020 жылы елдің ішкі жалпы өнімі төрт есе өсуі тиіс деп жоспарлануда.
Бір миллиардан астам халықты асырап отырған Қытай Қазақстанда өткен жиындардан ешқашан тыс қалған емес. Достығы мен ынтымақтастығы көптеген мемлекеттерге үлгі болатын көршілер осы Қазақстан мен Қытай болса керек. Оның жарқын бір мысалын Алматыда өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің тұңғыш саммитіне ҚҚР-дің сол кездегі Төрағасы Цзян Цзэминьнің қатысуынан көруіне болады. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың халықаралық Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің арасында алатын орны айрықша. Оған мүше бес мемлекетпен бірлесе отырып, екеуіде сол елдердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде және Орталық Азиядағы мемлекетердің экономикалық жағынан дамуына белсене араласып келеді. Қазақстан мен Қытай арасындағы құқықтық келісімдер базасы аса қомақты барлығы 105 екі жақты шарт пен келісім екі елдің ынтымақтастығы жолында жұмыс істеуде. [18]
Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдан бастап орнады. Екі елдің арасындағы достық ынтымақтастық қарым-қатынастар 1993 жылы дүниеге келген декларациядан бастау алады. Сол қарым-қатынас жаңа белеске көтерілді. Әр жылдардағы тығыз байланыстар екі мемлекеттің бір-біріне сенімді әріптес бола алатындығын іс жүзінде дәлелдеп берді. Соның бірі - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2002 жылғы 23 желтоқсанда Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапарын айтар едік. Осы сапар кезінде Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
Ал 2003 жылдың маусымында Қытай Халық Республикасы басшылығының Қазақстанға сапарының орны бөлек болғанын атап өткен жөн. Сол жолы мемлекет басшылары Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен декларацияға қол қойып, соның нәтижесінде екі елдің өзара қарым-қатынасын әрі қарай дамыту жолдары айқындалды. Сондай-ақ Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы туралы бағдарлама қабылданды. Бұл құжатта екі жақты ынтымақтастықты, жандандыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру көзделді.
2004 жылы маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары басталды. Елбасын Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао қарсы алды. Ху Цзиньтао көршілес екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосқаны үшін Н.Ә.Назарбаевқа алғыс білдірді. Ал Қазақстан Президенті екі елдің ынтымақтастығына жоғары баға бере келіп, ынтымақтастық алдағы уақыттада артатынына сенімді екендігін жеткізді. Елбасы өз сөзінде Қазақстанның ең басты әріптесі Қытай екендігін көрсетті. Осы кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы бірлескен декларацияға қол қойды. Ал екі мемлекеттің тиісті министрліктері мен ұлттық компанияларының басшылары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтері арасындағы ынтымақтастық негізіндегі комиссия құру туралы келісімге, Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтері арасындағы өсімдік қорғау және карантин жөніндегі келісімге қол қойылды. Осы Қытайға сапарында Н.Назарбаевтың Сындарлы он жыл кітабының тұсау кесер рәсімі өткізілді. 2004 жылдың мамыр айының 17 күні ҚХР Президенті Ху Цзиньтао мен ҚР Президенті Н.Назарбаев Пекинде кездесіп ортақ құжатқа қол қойды. Екі жақ министрлерімен басқа да өкілдер тарапынан оншақты бірлескен келісім шартқа қол қойылды. Біріншісі - Атасу - Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы жайындағы келісім CNRC (Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясы) мен ҚазМұнайГаз өкілдері арасында жасалды. Бұл келісім шартқа АҚШ-тың энергетика министрі мынадай баға берген: 2004 жылдың мамыр айында қазақ және қытай үкіметі қазақ мұнайын Батыс Қытайға тасып жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс. 700 миллион долларлық мұнай құбырын салу туралы келісім-шартқа қол қойды. Бұл құбыр орталық Қазақстандағы Атасудан Шыңжаңға дейін тартылып, сондағы үш мұнай зауытын күніне 200 мың баррель шикізатпен қамтамасыз етіп отыруға тиіс [19] - деді. Екінші келісім-шарт теміржол қарым-қатынастарын дамытуға байланысты болды. Оған қол қойған Қытай темір жолдары министрі Лю Жиджун және Қазақстанның көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов болды. Бұл құжаттағы негізгі көзделген мәселе - Қытайдың Қиыр Шығыс жағыфмен Еуропа аралығын Қазақстан үстімен жалғастыратын құрылықтық байланыс жолын қалыптастыру болды. Бұл мақсат жүзеге асса, біздің еліміз ғана емес, күллі Орталық Азия әлемнің тұйықталған бір түпкірі болып қала беру мәселесінен құтылып, халықаралық сауда ауқымында маңызды орынға ие болмақ. Осы келісім-шарттан кейін іле шала Қытайдан автобустар алып келінді.
Қытай экономикасының қарқындап дамуы елдегі мұнай шикізаты мен өнімдерін тұтыну көрсеткішінің күрт өсуі түрінде көрініс тауып жатыр. 2003 жыл барысында Қытайда орта есеппен күніне 5,56 баррель мұнай қажетке жаратылып отырған. Басқаша айтқанда Қытай сырттан күніне 2,02 миллион баррель мұнай сатып алып отырған. Жылдық есепке шаққанда бұл - 100 миллион тонна. Қазақстан мұнай өнер кәсібі осыншама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868-1917 жж.)
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868- 1917 ж. ж. )
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
Қазіргі кезеңдегі Қазақ-Қытай қарым-қатынастары
ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары
Уақыт және тарих
Зайсан ауданында қуғын - сүргін әрекеттерінің көрініс ала бастауы
ХХ ғасырдың 90 - жылдарындағы Қытайдың азық - түлік қауіпсіздігі саясаты
Пәндер