Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары туралы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазір маңызды мәселелердің ішінде экологиялық дағдарыс ерекше орын алады. Қоршаған ортаны өндіріс қалдықтарымен және улыхимикаттармен ластау, табиғи ресурстардың азаюы, табиғи бірлестіктердің бұзылуы - адамзат, соның ішінде экологияның алдында тұрған глобальды мәселелердің бірі.

Соңғы жылдардағы қоршаған ортаға зиян келтіретін техногенді процестердің нәтижесінде пайда болған қалдықтардың микроағзаларға әсерінің түрақтылығын жоғарылататын және өсуіне жағдай жасайтын мәселедер кеңінен талқылануда. Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметі бойынша 80% аурудың түрі қоршаған ортаның ластануынан болатындығын және адам ағзасына улы заттардың 70% тағам арқылы келіп түсетінін дәлелдеп, адамзат үшін дабыл қағуда[1] .

Техногенді қалдықтармен ластанған жерде металдар жинақталып, осы жерде дифференциацияланады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге техногенді ластанулардың әртүрлі әсер етуі топырақ микроағзаларының ассоциациясының өзгеруіне және олардың қатысатын биохимиялық процестерінің өзгеруіне әкеліп соғады. Төменгі сатыдағы өсімдіктер топырақтың құрамындағы органикалық заттарды өсімдіктің сіңіруіне қолайлы жағдайына дейін жеткізеді. Олардың санының және белсенділігінің азаюы өсімдіктің қоректенуіне және топырақтың құнарлылығының азаюына әкеледі. Техногенді ластанулардың топыраққа әсер етуі барысында миграциялық қабілетінің әлсізденуіне және Төменгі сатыдағы өсімдіктер белсенділігі мен таралуының жоғары болатын қарашірік қабатында жинақталуы микробоценоздар үшін үлкен қауіп тудыруда.

Топырақ - ластаушы элементтердің біраз бөлігін өзінде ұстап қалатын активті геохимиялық экран [2] . Осыдан барып, бір бөлігі өсімдіктермен сіңірілсе, екіншісі жер асты суларына қосылады және желмен атмосфераға көтеріліп, ауаны ластайды. Нәтижесінде өсімдік жамылғысы өте кедей болып, тау-кен өндіріс орындары ұзақ уақытқа шөл далаға айналуда [3] . Сол себепті, микроағзалардың физиологиялық топтарының құрамын және таралуының техногенді ластанулардан өзгеруін, топырақ микробоценозының қызметінің өзгеруін анықтау біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі болды.

Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары

Топырақтану -топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.

Топырақ туралы түсінік. Қазақ халқы жерді - ана, егістікті - асыраушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты өсімдік және жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу қажет, оның құнарлығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мәселелерді шешу жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді.

Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүзжылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі, эрозия, құрғақтану, топырақтардың құнарлылыгының азаюы, т. б. Осы мәселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла басталды.

XIX ғасырдың орта ксзеңінде агроном, агрогеолог, агрохимиктердің еңбектерінде топырақ туралы алгаіпқы түсініктер жазыла бастады. Олар топырақтың жоғары қабатының құрамындағы органикалық және минералдық қалдықтарға көңіл бөліп, топырақ деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің тамырлары жайылған қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сүраққа берілген осындай анықтама, В. В. Докучаевтың ғылымға жаңа бағыт әкелген кезеңге дейін өріс алып келді.

Қазіргі түсінік бойынша топырақ - жер бетінің майда ұнтақталған құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті - құнарлығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы - адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланды.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c2/Waste_July_2010-2.jpg/220px-Waste_July_2010-2.jpg

ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ.

Қазір ғылыми-техникалық үдеу заманында адам қоғамының барлық тірлігі саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай жағдай, әсіресе адамзаттың табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген енжарлығын, немқұрайлы қарауымыздан анық байқалады. Кезінде дарынды орыс оқымыстысы академик В. И. Вернадский (1944) аңсаған адам қоғамының саналы қимылының нәтижесінде биосферадағы тіршілік жаңа сатыға «ноосфераға» (ақыл-еркіне) көшу жолының әзірше жүзеге аспай тұрғаны айқын.

Белгілі Америка экологы О. Одумның (1975) бағалауы бойынша адамға жақсы өмір сүру үшін (мекендеуі, тамақтық т. б. заттармен қамтамасыз етілуі, дем алуы) орта есеппен әр адамға 2 гектардай жер керек екен. Оның 0, 6 гектары тамақтық заттар өндіру үшін; 0, 2-сі мекендеу мен өндіріс үшін, ал 1, 2 гектары жыртылмай, табиғи күйінде сақталуы керек. Бұл жерлер дем алып, саяхат жасаумен қатар биосфераның экологиялық қалыпты болуына қажет. Ескеретін жай, қазіргі әлемдегі 6, 3 миллиард халық үшін жоғарғы қажетті көрсеткіш көптен бері-ақ кеміген. Мысалы, жер жүзіндегі әр адамға қажетті 0, 6 гектар жыртылған жер орнына 0, 3 гектар-ақ келеді. Дегенмен бұл көрсеткіш әр мемлекеттерде әр түрлі. Соңғы жылдарға шейін бұрынғы Одақ Қазақстан өндірісінің 93%-на қожалық етіп, жерімізге, қоршаған ортамызға өте үлкен нүқсан келтірді. Себебі республикамыз Одақтың нүсқауымен негізінен шикізат өндірумен шүғылданып келді, ал шикізат өндіру - өндірістің ең «ылас» саласы. Өктемдігі күшті империя 70 жылдан астам Қазақ жерінің барлық байлықтарының беткі «қаймағын» ғана алып, экологиялық зиянды қоқыстарын калдырып отырды.

Қазақстанда бүкіл Д. И. Менделеев кесте жүйесіндегі элементтердің барлығына жуығы табылғаны белгілі. Халық шаруашылығымызға қажетті барлық пайдалы қазба байлықтар, құрылысқа қажетті құрылыс материалдары да осы өзімізге мекен болып отырған жеріміздің қойнауында, оның әр түрлі тереңдігінде жатыр. Осы байлықтарды барлау, қазып алу, байыту, тасымалдау кезінде жерімізге көптеген-«жарақаттар» түсті. Оның үстіне олардың көбісін ең «арзан» ашық әдіспен қазып алғандықтан, бұл аймақтардың экологиялық жағдайы нашарлады. Мұндай бүлінген жерлер қатарына негізінен кен карьерлері және оларды қазу кезінде кең байлықтарды басып жатқан жамылғы топырақтар мен тау жыныстарын басқа алқаптарға жылжытудан пайда болған құрамы әр түрлі тау жыныстарынан тұратын үйінділер жатады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨСІМДІКТЕРІ

Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы - саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы - сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4, 8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн - эндемиктер. Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын - Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен. Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36 - 58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26 - 35 млн. жыл), неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13 - 25 млн. жыл), плейстоцендiк (2 млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан. Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол. ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi бiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.
Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ - республика жер аумағының 2, 04%-ын алып жатыр, әсер ететін жоғары Көкшетау мен Петропавл қалаларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т. б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi - сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi - қайыңды-теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған.

Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110, 2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i - эндемиктер. Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдiмгi және оңт. қара топырақтағы алуан түрлi шөптесiн - бозды белдем; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем-күңгiрт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелi-бозды дала; 3) шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем - ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала. Шөлдi аймақ - жалпы аум. 124, 6 млн. га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы алуан түрлi, 2500 - 2800 түр бар, олардың iшiнде 200 - 215 түрi - эндемиктер. Шөлдi аймақ 5 белдемге ажыратылады: 1) солтүстiк далалы жердегi құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер - аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң жер аумағының 14, 7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы астық-тұқымдасты - жартылай бұталы (боз, еркекшөптi-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгiн-раң-шағыржусан-еркекшөптi) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстiк тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер - аум. 51, 2 млн. га, немесе республика жерiнiң 18, 9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изендi), сексеуiлдi, бұталы (қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғысы дамыған; 3) оңтүстiктегi өте құрғақ, ыстық шөлдер - аумағы 30, 3 млн. га немесе Қазақстанның 11, 1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты - жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлi), ал дөң және тiзбектелген аллювийлi - эолды құмдарда бұталы-сексеуiлдi-эфемероидты (сексеуiл-қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғылары тән; 4) тау етегiндегi құрғақ, өте ыстық шөлдер - аумағы 3, 2 млн. га немесе Қазақстанның 1, 2%-ы. Негiзiнен эфемероидты iрi шөптесiн-жартылай бұталы өсiмдiктер өседi; 5) тау етегiндегi өте құрғақ шөлдер - аум. 11, 6 млн. га, немесе республиканың 4, 3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттiк бұталы өсiмдiк жамылғысы тән.

Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң аумағы 18, 6 млн. га, яғни республика жерiнiң 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 - 5 биiктiк белдеулi биiк таулар ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400 - 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның iшiнде 540 - 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 - 170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде, шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша) ; май қарағайлы, самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай) ; қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк терек) - жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы - пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктердiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безендiрушiлiк 700 - 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар.

2. ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖОЛДАРЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті өлкенің географиялық ерешеліктері
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары. Қорықтар
Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зоналары
Европа территориясының климатін қалыптастырушы факторлар
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
Аласа таулы аймақ ландшафтысы
Қазақстанның табиғи зонасы
Қазақстанның дала зонасы
Қазақстанның табиғат зонасы
Орман шаруашылығы жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz