Қазақстан тарихы библиографиясы


КІРІСПЕ
Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылдың 27 қаңтардағы Қазақстан халқына арналған «Әлеуметтік - Экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында Қазақстан жолының жаңа кезеңін, - экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесін, онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағытын. Он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыру жәйлі баяндады. [1]
Елбасымыздың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауында жаңаша инновациялық технологиялар саласындағы ақпараттық ресурстарды кеңінен пайдалану арқылы тығырықтан шығуға жол көрсетті. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ қоғамы үлкен бір серпіліс үстінде өз тіліне, өз тарихына, өз әдебиетіне, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген танымдық бетбұрыс жасады. Ел тарихына қатысты ашылмаған, немесе бұрмаланған деректерден мағлұмат алу, ақпарат көздері мен құжаттардағы қалтарыс қалған оқиғаларды, халқымыздың ұлт болып сақталуы мен мәдениетіміздің асыл мұраларын ұрпаққа жеткізу жолына өмірін арналған тұлғалар жайлы қазақ тілінде мәлімет іздеу, оқу, зерделеу қарқынды үрдіс алды.
Елбасының халқымыздың мәдени құндылықтарын анықтауға, жинақтауға бағытталған бастамасы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында да айқындалған. Бұл - әлем елдерінде теңдесі жоқ бағдарлама екенін дәлелденген, маңызды нәтижесін көрсеткен бағдарлама. Бұл бағдарламаның мақсаты - ұлттық мәдениетімізбен халқымыздың тарихи -мәдени мұрасын сақтап, оны жаңғырту болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарындағы қоғамдық тұрақтылық пен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлттық мәдениет саласында көптеген игі істер жүзеге асырылуда [2] .
Ұлттық мәдениетіміздің ауқымды бір бөлігі - отандық библиографияның дамуы еліміздегі ғылыми - техникалық ақпараттар ағынының қарқынды дамуымен тығыз байланысты.
70 - жылдан астам тарихы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының, Ғылым және білім министрлігі Орталық ғылыми кітапханасының ақпараттық кеңістікте ғылыми және ақпараттық -библиографиялық орталықтар ретіндегі қызметтері ұлттық библиографияның өз биігіне жетуіне қомақты үлестерін қосып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштерді жүйелі түрде шығаруы Республика көлемінде барлық ғылым және білім салалары мен әртүрлі тілдерде жарық көрген баспа өнімдерін түгелдей мемлекеттік тіркеуге алып, үзбей жариялап отыруы, ұлттық библиографияның жан-жақты дамуына жол ашып, жалпы әмбебап және салалық түрлерінің ілгері дамуын қамтамасыз етуде.
Соңғы 20 жылдам астам жуық мерзім ішінде Қазақстан тарихына қатысты жарық көрген библиографиялық құралдар мен ақпараттық электрондық дерекқорлары ғалымдар мен зерттеушілерге, оқытушылар мен мұғалімдерге, студенттер мен оқытушыларға және қалың оқырман қауымға қызмет көрсетіп келеді. Ұлттық сананы жетілдіру деңгейін көтеру үшін Қазақстаннан тыс тарихи ақпараттық құралдарды жинастыру, оларды елге жеткізу, мемлекеттік тілде қазақ жұртына жеткізу мәселесіне қозғау салу, қазақ халқының ұлттық рухын дамыту арқылы
тәуелсіздікті мәңгі сақтап қалу идеясына үлес қосу болмақшы. Диплом жұмысының мақсаты осы аталған міндеттердің маңызын көрсету және оның іске асырылуына қозғау салу.
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Елімізде библиографияның барлық түрлері мен салаларының әрі қарай едәуір қарқынмен дамуы оның теориялық мәселелерінің әр түрлі аспектісін жан-жақты зерттеуді алға қойып отыр. Республикамыздың библиография саласында жинақталған озық тәжірибелерін зерттеу арқылы оларды ғылыми айналымға ендіруде Қазақстан тарихының ақпараттық - библиографиялық ресурстарының жай-күйін қарастырудың маңызы зор екені анық. Бүгінгі күнге дейін республиканың тарих библиографиясы жөнінде, оның қалыптасуы мен қазіргі жағдайын жүйелі түрде қарастыратын ғылыми зерттеулердің жоқ екенін баса айтқанымыз жөн.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Бүгінгі күнге дейін республикада тарих библиографиясы жөнінде, оның қалыптасып дамуы мен қазіргі жағдайын қарастыратын көлемді ғылыми-зерттеу еңбектердің болмай келгені мәлім. Осы орайда соңғы кезде жарияланған М. С. Сарыбаевтың «Ғылым библиографиядан басталады»[20], С. С. Ақашеваның «Проблемы развития научных исследований в библиографии и библиографоведений в 90-е г. г. » мақалалары, М. А. Ақшалдың тарихи библиография саласында әр жылдары жарық көрген еңбектері «Библиографический указатель в помощь ученым и специалистам по истории дореволюционного Казахстана», «Қазақстан тарихының библиографиясындағы ақтаңдақтар», «Қазақтар»
энциклопедиясының библиографиялық томы, «Қазақстанның тарих библиографиясының кейбір мәселелері», «Қазақстан тарихының жаңа бибилиографиялық көрсеткіші»[3-8], С. О. Смағұлованың «Тарих ғылыми саласындағы библиографияның маңыздылығы», [22] С. К. Джарылгасованың «Некоторые вопросы висторической библиографии дореволюционного Казахстана», «Библиографическая информация о Казахстане в русской периодике», [12-17], Сералиева Ж. К., мен Джарылгасованың С. К. «Библиография библиографии Казахстана как библиографическая система методанных» мақалаларында еліміздегі тарих саласындағы библиографиялық ресурстарға шолумен қатар сараптама жасалынып, алдағы уақытта Қазақстан тарихы ғылымы саласындағы әлі де көптеген тақырыпты библиографиялық көрсеткіштер қажет екендігіне ерекше көңіл бөлінуі керектігі қарастырылған. Мұндай ғылыми мақалалардың тарих библиографиясын дамытуда зерттеушілер үшін маңызы зор екендігі айқын. Осындай еңбектер бүгінгі таңда мамандарға, ізденушілерге бағыт-бағдар беріп, библиографиялық ресурстармен қамтылған немесе жеткіліксіз қамтылған, тіптен мүлде қамтылмаған ғылым салаларын, олардың тақырыптарын анықтауға, салалық, тақырыптық библиографиялық құралдар жүйесін қалыптастыруға, орын алған олқылықтарды жібермеуге, сапалы библиографиялық өнімдер шығаруға септігін тигізетіні анық.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Дипломдық жұмыстың мақсаты Республикамызда библиографиятану ғылым саласының қалыптасып дамуындағы салалық тарихи библиография ресурстарының жағдайын мүмкіндігінше жан-жақты саралап көрсету. Осы
мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыстың І-бөлімінде «Қазақстан
тарихының теориялық мәселелері» осы саладағы ақпараттық - библиографиялық ресурстарға библиографияның негізгі түрлеріне қарай (ағымдағы, ғылыми-көмекші және ұсыныс) қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың ІІ - бөлімінде тәуелсіздік жылдарындағы (1991 - 2011жж) Отан тарихының библиографиясына толығырақ тоқталуымыз осы саладағы елеулі жетістіктерді ашып көрсету, тарихи тақырыптарға байланысты жарық көрген библиографиялық ресурстардың тарих ғылымын дамытудағы маңызын, мәнін ашып және олардың тарих библиографиясының тәжірибесіне қосқан үлестерін қарастырып, сол арқылы тарих библиографиясының тәуелсіздік жылдарындағы деңгейін саралауға тырыстық. Бұл жұмыстың библиография тарихы мен теориясын зерттеуші мамандарға, библиографтар мен ізденушілерге, студенттер үшін де маңызды зор деуге болады.
Дипломдық жұмыстың деректемелік құжаттық көздері
Дипломдық жұмыстың тақырыбына тікелей қатысты ақпарат көзі ретінде ТМД және Отандық ғалымдар мен кітапхана мамандарының теориялық, ғылыми - зерттеу және әдістемелік, тәжірибелік еңбектері негізге алынып, тақырыпқа қатысты ақпараттық-библиографиялық және анықтамалық ресурстар кең түрде пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 негізгі бөлімнен, 5 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Қосымшада диплом жұмысын орындау барысында қолданылған ақпараттық-библиографиялық ресурстар ( атау) тізімі берілген.
1. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БИБЛИОГРАФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Қазақстан тарихының ағымдағы библиографиясы
Уақыт талабына сай жыл сайын баспа шығарылымдары ақпарат тасқыны көбейе түсүде. Тарих басылымдарының тәуелсіздік жылдары жоғары шапшаңдылықпен шығуы, ақпарат санының көбеюі, адам мүмкіндіктеріне қарама-қайшылықтар туғызатыны мәлім. Сондықтан баспа өнімдерінің тасқынынан үнемі хабардар болу үшін оған арнайы көмекшілер керек. Ағымдағыақпарат көздерінің тізімдер, көрсеткіштер, әдебиеттер жайында шолулардың, ең басты міндеттердің бірі жаңа шыққан басылымдар туралы ақпаратты оқырмандарға тұрақты түрде жеткізу болып табылады.
Ағымдағы библиография баспа шығармалары жайында ақпарат беріп, хабарлама және ұйымдастырушылық жұмыспен айналыса отырып дамитыны мәлім.
Кейін білімдердің дараланып, сала-салаға бөлінуіне байланысты ағымдағы библиографияда библиографиятану ғылымның жеке бір саласына айналғаны мәлім.
Жалпы библиография атқаратын қоғамдық қызметіне қарай ағымдағы,
өткенді шолу (ретроспективті) және ұсыныс библиографиясы болып, ал мазмұнына, тақырыбына қарай жалпы, салалық, өлкетану, әмбебап болып бөлінетіні белгілі.
Қазіргі таңдағы библиограф оқырманның жасына, таным, біліктілігіне, дайындығына қарай кітап мұхитынан қажетін таңдап оқуға бағыт сілтеуші, кітаптану ғылымын зерттеуші ғалым маман.
Ағымдағы библиография - жалпы адамзатқа, қоғам мүшелерінеғылым мен білім берудің барлық тармағын қамтитын, баспа
шығармаларын тіркеп әрі отыратын іс-тәжірибелік қызмет саласының
бір маңызды тармағы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы республиканың кітапхана ісінің ірі ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-библиографиялық орталығы болып табылады. ҚР Ұлттық кітапханасының қызметіндегі басты бағытының бірі ақпараттық библиографиялық қызмет болып табылады.
Ұлттық кітапхана әр түрлі типтегі мазмұндағы, тақырыптағы библиографиялық құралдар басып шығарудағы, сонымен бірге тарих библиографиясы орталық.
ҚР Ұлттық кітапханасы - ақпаратты пайдаланушыларға көп салалы ақпараттық - библиографиялық қызмет көрсетеді және республикаға қатысты барлық комплекстік мәселелер бойынша қоғамды ақпаратпен қамтамасыз етеді.
2004 жылы ҚР Ұлттық кітапханасында Ақпараттық ресурстардың орталығы құрылды. Осы орталықтың басты бағытының бірі - библиографиялық көрсеткіштер құрастыру болып табылады.
ҚР Ұлттық кітапханасы Отан тарихы саласындағы ақпараттық - библиографиялық қызметтің ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөліп отыратыны белгілі.
Ғылыми жұмыста аса қажетті, құнды, талаптарға сай сарапталып, жасалып библиографиялық көрсеткіштердің барлығы ҚР Ұлттық кітапханасынан жарық көреді десек артық атпағанымыз.
Соңғы жылдары кітапхана ағымдағы библиографиялық ақпарат көздерін шығаруғада өз үлесін қосып келеді. Тарих саласындағы ағымдағы библиографияның басты міндеті - Қазақстан туралы жаңа шыққан әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіштерін дайындап басып шығару,
яғни, ағымдық библиографиялау жұмыстарын атқару. Сонымен бірге, жаңадан пайда болған құжаттар жайында ақпарат беру қызметін атқарады, тұтынушылардың өз ғылым, білім саласы бойынша құжаттар тасқынын бақылау және оның арасында жан-жақты бағдарлау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Осы функционалды-мақсатты, бағыт-бағдары мен байланысты ағымдағы библиография толық талап етуі мен тұрақты шығу жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады.
Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер атты ағымдағы библиографиялық көрсеткіш тарихи әдебиеттер бірнеше тақырыпты бөлімдерде беріліп отырады. «Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер» тақырыпты ағымдағы библиографиялық көрсеткіші Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының электронды библиографиялық ақпараттар қорының негізінде жасалады.
Басылымның негізгі - мақсаты Ұлттық кітапханаға келіп түскен мерзімді басылымдар мен жинақтардағы Қазақстан туралы мақалалармен көпшілікоқырмандарды таныстыру.
Көрсеткіш тарих ғылымның барлық саласы бойынша жарияланған басылымдарды қамтиды. Материалдар Ұлттық кітапхананың электронды ақпарат қорына даярланған рубрикаторға сай тақырыптарда жүйеленеді. Тақырып ішінде мәліметтер авторлардың және мақалалардың алфавиттік ретімен орналастырылады. Мазмұнына қарай бір немесе бірнеше тақырыпқа қатысты материалдар бір бөлімге орналастырып, басқаларында сілтемелер жасалады.
Көрсеткіш қосымша көмекші авторлар, құрастырушылар, редактор және персоналдардың есімдер көрсеткіші, пәндік-географиялық және басылымдар аттары көрсеткіштерімен жабдықталған. Көрсеткіш көпшілік оқырмандарға, түрлі саладағы кітапхана қызметкерлері мен ақпарат орталықтары қызметкерлеріне арналады. Республикамыздың Ұлттық кітапханасына үздіксіз түсіп жатқан жаңа басылымдар жайлы оқырмандарға ақпарат беру - заман талабы. Кітапхананың 1999 жылдан бастап бұрынғы «Ақпараттық библиография» бөлімі негізінде құрылған «Ұлттық библиография және ғылыми ақпараттар» орталығының «Реферативтік журнал» шығаратын тобы 1998 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді. «Қоғамдық ғылымдар» сериясы бойынша реферативтік журналдың тұңғыш нөмірі 1998 жылдың қыркүйегінде ҚР кітапхана қызметкерлерінің съезі қарсаңында жарыққа шықты. ҚР Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес Қазақтың Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттар институты ұлттық ақпараттар ресурсын қалыптастыру және ақпараттық материалдар шығару мақсатында техника, медицина, ауыл шаруашылығы, геология, экология ғылымдары бойынша реферативтік журналдар шығарады. Ал қоғамдық және гуманитарлық ғылымдары бойынша республикамыздың және одан тыс жерлеріндегі қазақстандық авторлардың әртүрлі ғылым салалары, практикасы және өндірістің ғылыми-техникалық бағыттары бойынша жарияланған тақырыптық құжаттардың рефераттарын құрайтын реферативтік журнал шығару міндеті - Ұлттық кітапханаға жүктелеген. Бұл журнал Қазақтың Мемлекеттік ғылыми техникалық ақпараттар институтында шығарылатын реферативтік журналдардың жүйесін құрайды және кітапхананың ғылыми деңгейін қамтамасыз етеді. Журнал қазір кітапхананың өз баспасынан шығатын дәрежеге жетті.
Реферативтік журнал/ Қоғамдық ғылымдар. Серия 6. - Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы.
Ғылымның қазіргі талабына сай оқырмандарының басым көпшілігі ғылыми қызметкерлер, оларға баспадан шыққан қазіргі заманның өзекті мәселелерін қамтитын жедел жұмыстар ауадай қажет. Бұл міндеттерді реферативтік журнал атқарады.
Бізде реферативтік журнал жылына 6 рет екі сериядан қазақ және орыс тілінде шығарылады. Журналды шығару мәселесімен айналысатын редакция алқасы. Референттердің құрамында ғылым докторлары мен кандидаттары және тәжірибелі библиографтар жұмыс істейді. Рефератттарды құрастыруда Қазақстан авторларының еңбектері: монография, ғылыми еңбектер жинағы, мерзімді және жалғасты басылымдар, елімізде өтетін ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдарда қаралған мәселер іріктелініп алынады. Рефераттардың жазылуы, библиографиялық жазбалар орналасу тәртібі, рубрикатор бойынша, ғылыми-техникалық ақпараттық жүйелердің мемлекеттік стандартының талаптарына сай орындалуы ескерілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Реферативтік журналы Қазақстандық авторлардың еліміз бен сырт жерде жарияланған қоғамдық ғылымдар, мәдениет, тіл білімі, әдебиет, өнер жөніндегі еңбектерінің рефераттары негізінде құрастырылатын ақпараттық жалғасты басылымның журналдық нұсқасы. Екі сериямен шығарылады: 6 -серия «Қоғамдық ғалымдар»; 7-серия «Мәдениет. Тіл білімі. Әдебиет. Өнер».
Журналда материалдың маңыздылығына қарай әртүрлі рефератттар қамтылып, библиографиялық жазбалар жүйелі түрде орналасады.
Рефераттар Мемлекетаралық ғылыми-техникалық ақпараттардың рубрикаторы және Уневерсалды ондық жіктеу бойынша реттелінеді. Рефераттық журналдағы әр жазбаның нөмірі рубриканың коды, журналдық нөмірі, басылған жылы, библиографиялық жазбаның реттік саны бойынша таңбаланады. Мәселен, 03. 03. 06. 015. жазбасы мынаны білдіреді: «Рубрикасы 03. Тарих. Тарих ғылымдары, №3, 2006 ж. 015-ші реферат».
Журналдың құрылымында негізгі бөлімнен басқа көмекші авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараушалар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді.
Қоғамдық ғылымдар сериясында қоғамдық ғылымдар тұтас қамтылып, философия, тарих, социология, мемлекет және құқық, саясат, экономика, ғылымтану, білім, педагогика, ақпараттану, дін т. б. салаларды жинақтайды.
Реферативтік журнал ғылыми - зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, басқару органдарына және жалпы мамандарға, аспиранттарға, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналады.
Қоғамдық ғылымдар. Ағымдағы библиографиялық тізім. / ҚР Ұлттық кітапханасы.
«Қоғамдық ғылымдар» библиографиялық көрсеткіші Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының автоматтандырылған библиографиялық мәлімет қорының (БД) негізінде шығарылады.
Тізімге кітапханаға келіп түскен қазақ тіліндегі кітаптар мен журнал мақалалары іріктелініп алынады. Бұл басылым оқырмандарды қоғамдық ғылымдар саласынан келіп түскен жаңа шығармалармен дер кезінде таныстырып отыруды мақсат тұтады.
Көрсеткіш 1968 жылдан бастап тұрақта түрде шығады. Әдебиеттер тақырыптық жүйе бойынша жіктеліп, ағымдағы өзгерістерге орай тақырыбы қажетінше толықтырылып отырады. Тақырыптық ішкі бөлімдер шығарма атауы мен автордың алфавиттік ретімен берілген. Библиографиялық сипаттамалар қажетінше толықтырылып, аннотациясы мен қосымша анықтамалық деректер беріледі. Мазмұнына қарай, бір немесе әлденеше бөлімге қатысты саналған басылымдарға қосымша сілтеме жасалады.
Әрбір басылымның көмекші бөлімін автор, құрастырушы, редакторлар мен жеке тұлғалардың есімдер көрсеткіші және басылымдар аттары көрсеткіштерімен жабдықталған
Қазақ, орыс бөліміндегі библиографиялық жазбалардың, реттік саны әрқайсысына жеке тізілген.
Көрсеткіш кітапханашыларға, ақпарат саласы қызметкерлері мен қалың оқырман көпшілікке арналады.
Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының (ҚР ҰК) компьютерлік мәлімет қоры негізінде шығарылады.
Тақырыптық бөлгіштер туындап отыратын жаңа мәселелерге орай өзгертіп және толықтырылып отырады.
Жоғарыда қаралған мәселелерді саралай келе кітапханада библиографиялық қызметті ұйымдастыру жолдарын әлі де жандандыруды қажет етеді. Республикада қазіргі кезеңге дейін ағымды, ғылыми-көмекші және ұсыныс библиографияның теориясы мен әдістемесі мәселелерімен шұғылданушылардың әліде жеткліксіз екенін осы зерттеу жұмысын жазу барысында назар аудардық.
Қазіргі кезеңде тарих ғылымының жан-жақты дамуы және оның патриоттық тәрбиедегі маңызының күрделене түсуі осы саланың ғылыми ақпараттық жүйесін түпкілікті жақсартып, жетілдіре түсуді қажет етеді. Республикада ағымдық, ғылми-көмекші, ұсыныстық библиографияның дамуына библиографиялық орталықтарда да елеулі үлестерін қосуда.
1. 2 Қазақстан тарихының ретроспективтік ғылыми-көмекші библиографияның қазіргі жағдайы
Қазақстан республикасының тәуелсіздік алып, қазақ қоғамының рухани жаңғыру процесі еліміздің өткені мен бүгініне объективті көзқараспен қарап, тарихи мұрасын жаңа өмір сұранысына сай зерделеуді қажет етеді. Еліміздің библиографиясының басты міндеттерінің бірі - аздаған уақыт ішінде ғалымдар мен мамандардың керекті ақпаратты іздеудегі уақытын үемдеуге, ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен денгейін көтеруге, оқырмандарды белгілі тақырып бойынша тез арада, дәл іріктелген ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ретроспективті библиографиялық құралдар лайыедау болып табылады. Ретроспективтік ұлттық библиографияның негізгі мақсаты - елдің немесе ұлттық, құжаттың мүмкіндігінше толық есебін алу арқылы елдің зияткерлік мұрасын библиографиялық ақпарат түрінде сақтау және құжаттың ұлттық қорына қол жетімділікті қамтамасыз ету.
Тәуелсіздіктін алғашқы жылдары библиография бірінші кезектехалық жадынан сызылып тасталған қазақ зиялыларының алдыңғы қатардағы өкілдері мен тарихи қайраткерлерінің есімдерін, еліміздің дамуының барлық бағыттары бойынша өлкетану әдебиетін кеңінен насихаттау болды. Осы тұрғыда библиография қызметі «Қайта оралған қаламгерлер» атты ретроспективті библиографиялық көрсеткіштер сериясын дайындап шығарды. Серияның бірінші шығуы (1994) сталиндік репрессияға
ұшыраған ақын - жазушылар Ж. Аймауытов, А. Байтурсынов, М. Дулатов,
М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылықтарына арналды. Көрнекті мемлекет қайраткері Т. Рысқұловтың 100 жылдығына орай «Тұрар Рысқұлов» атты (1994) жеке библиографиялық көрсеткіш шығарылды. Көрсеткіш негізгі екі бөлімнен тұрады: қайраткердің
еңбектері, жеке кітаптар, 1918-1937 ж. Аралығындағы мерзімдібасылымдарда басылған мақалалар: Т. Рысқұловтың сөйлеген сөздері, баяндамалары, хаттары: Т. Рысқұловтың жазған мақалаларына, рецензияларына пікірлер: өмірі мен қызметі туралы әдебиет.
Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасы Қазақстан тарихының жаңа библиографиялық көрсеткішін шығарды. Көрсеткіштің көздеген мақсаты ежелгі Қазақстан тарихынан 1917 жылға дейінгі кезеңді қамтитын Қазақстан тарихына қатысты Орталық ғылыми кітапхана қорында сақталып келген кітаптар мен қолжазбалар жөнінде ақпарат беру, сол арқылы Отан тарихына байланысты бұрын-соңды жарық көрген библиографиялық көрсеткіштерді барынша толықтыру. Осы тұрғыдан қарастырғанда жаңа көрсеткіш Қазақстанның төңкеріске дейінгі тарихын зерттеуде деректік құндылығы басым құжаттарды ғылыми айналымға ендіруге зор мүмкіндік туғызары анық.
Көрсеткіште берілген барлық материалдар Қазақстан тарихының даму кезеңдеріне сәйкес тарихи-хронологиялық принцип негізінде топтастырылып, 31 бөлімде жинақталған. Соның ішінде аса маңызды тақырыптар төңірегінде де қажетті ақпарат алуға болады: Қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы; Білім мен мәдениеттің дамуы; Медицина; Ұйғыр, дүнген және басқа халықтардың тарихы; Деректану; Мұражайтану; Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихының тарихнамасы; Қазақстан тарихын зерттеушілердің өмірі мен қызметі т. с. с. Осындай тақырыптағы бөлімшелер көрсеткіштің ақпараттық
библиографиялық аясын кеңейте, арттыра түседі. Мұның өзі Қазақстан туралы жан-жақты, толық ақпарат алу үшін тиімді де, ұтымды әдіс екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар бөлімдерде баслымдардың екі тілде (қазақ, орыс) қатар және аралас берілуі, қолжазбалар болған жағдайда олардың да көрсетіліп тыруы белгілі дәрежеде, ғалымдар мен мамандардың қай тақырыптың қаншалықты деңгейде зерттелгенін, сонымен қатар болшақта қандай мәселелердің назарда болуы қажеттілігіне зер салып, пайдалануларына мүмкіндік туғызады.
Көрсеткіштің осындай тиімді жақтары тарих зерттеушілеріне, мамандарға, ізденушілерге таптырмас қолғабыс болары және көптеген еңбектердің, қолжазбалардың ғылыми айналымға түсуіне, сөйтіп Отан тарихының дамып жетілуіне зор үлес қосатыны анық.
Библиографиялық көрсеткіштің өзіндік әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталсақ. Көрсеткіште берілген алғы сөзбен кіріспенің өз алдына жеке ақпарат көзі ретінде маңызды екенін атап өткен жөн.
1/ История Казахстана. Дорев. Период: Аннотир. библиогр. указатель казахских, русских книг и рукописей, хранящихся в фондах ЦНБ МОН РК.
1 том/ Сост. Галиев В. В. д. и. н. и др. Гл. ред. Абугалиева К. К. - Алматы: Типография «Комплекс», 2007-452 с. 2 том/ Алматы: Типография «Комплекс», 2007-544с.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz