Қазақ шешендіктеріндегі сөйлеу түрлері



I. Кіріспе
Қазақ шешендіктеріндегі сөйлеу түрлері
II. Негізгі бөлім:
1.Монолог туралы жалпы түсінік
2.Абайдың қара сөзіндегі монологтың колданылуы
3. Диалог туралы алғашқы пікірлер
4.Айтыс оның түрлері,көркемдік ерекшеліктері
III.Қорытынды
Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.
Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың “Болыс болдым, мінеки” өлеңі лирикалық монолог болса, Алтай(“Сұлушаш”), Қоңқай (“Ақан сері – Ақтоқты”) репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері араласып, әрекеттесіп қолданылады.
Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.
Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі - бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән ерекшеліктері:байымдау, синтаксистік құрылым, лексикалық бірліктерді таңдап жұмсау, біршама жинақы пікір сияқты өзгешеліктері болады. Бұл аталған белгілердің сөйлеу немесе жазу жанрларына байланысты (көркем монолог, шешендік сөз, тұрмыстағы әңгіме т. б.), функциональдық-коммуникативтік қызметіне қарай (сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.) әр түрлі монологтар көрініс береді. Жанрішілік айырмашылықтар (автор сөзі, кейіпкерлер тілі, ғылымы баяндама, үгіт-насихат мақсатындағы сөз т. б.) монологтың стилистикалық ерекшеліктерін танытады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, монологтың белсенді болуы (риторикалық сұрақтардың жиі ұшырасуы, аудиторияға тікелей қарата сөйлеу дәстүрі т. б.) оны "диалогтандыра түседі", яғни адресаттарды (тыңдаушылар мен оқырмандарды) сөйлеуші немесе жазушы өзінің ойына етене араластыра алады. Монологтың бір көрінісі ретінде көркем шығармада, әсіресе, прозалық дүниедегі авторлық баяндау, бір жағынан, әдеби тілді ауызекі сөйлеу тіліне біршама жақындатса, екінші жағынан, тыңдармандар мен оқырмандарды оқиғаға араластырып жіберетін ұлы сөз зергерлері де бар. Демек, монолог туралы сөз болғанда, тек көркем әдебиеттегі мысалдарды келтіру бір жақты болады.
1. Қазақ тілі. Энциклопедия - Алматы 1998
2. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия – Алматы 2011
3. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011
4. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы
5. Отырар. Энциклопедия – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ж

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Монолог - (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.
Монолог - сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың "Болыс болдым, мінеки" өлеңі лирикалық монолог болса, Алтай("Сұлушаш"), Қоңқай ("Ақан сері - Ақтоқты") репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері араласып, әрекеттесіп қолданылады.
Монолог - сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.
Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі - бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән ерекшеліктері:байымдау, синтаксистік құрылым, лексикалық бірліктерді таңдап жұмсау, біршама жинақы пікір сияқты өзгешеліктері болады. Бұл аталған белгілердің сөйлеу немесе жазу жанрларына байланысты (көркем монолог, шешендік сөз, тұрмыстағы әңгіме т. б.), функциональдық-коммуникативтік қызметіне қарай (сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.) әр түрлі монологтар көрініс береді. Жанрішілік айырмашылықтар (автор сөзі, кейіпкерлер тілі, ғылымы баяндама, үгіт-насихат мақсатындағы сөз т. б.) монологтың стилистикалық ерекшеліктерін танытады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, монологтың белсенді болуы (риторикалық сұрақтардың жиі ұшырасуы, аудиторияға тікелей қарата сөйлеу дәстүрі т. б.) оны "диалогтандыра түседі", яғни адресаттарды (тыңдаушылар мен оқырмандарды) сөйлеуші немесе жазушы өзінің ойына етене араластыра алады. Монологтың бір көрінісі ретінде көркем шығармада, әсіресе, прозалық дүниедегі авторлық баяндау, бір жағынан, әдеби тілді ауызекі сөйлеу тіліне біршама жақындатса, екінші жағынан, тыңдармандар мен оқырмандарды оқиғаға араластырып жіберетін ұлы сөз зергерлері де бар. Демек, монолог туралы сөз болғанда, тек көркем әдебиеттегі мысалдарды келтіру бір жақты болады. Ғылыми баяндамада да, көпшілік алдында сөйлегенде де, екеу, үшеу ара сөйлескенде де, монологтың шебер құрылуы арқылы тыңдармандарымен диалог құрып кететін шешендер де болады.

Абай қара сөздерінде қолданылуы
Абайдың Қара сөздерінде монолог мол ұшырасады. Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір, бірталай өмірімізді өткіздік... (Бірінші сөз). Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды қүртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады (Бесінші сөз). Қазақтың бір мақалы: Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік, - дейді бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді (Алтыншы сөз). Жеке өз аузынан айтылған пікір болғанымен, Абайдың әр қара сөзі жалпы халықтың, қалың жұртшылықтың ойын білдіріп, үлкен ғибратты түйін жасайды. Осындайда кейіпкер ойы мен автор ойының бір жерден шығып отыратынын байқау қиын емес. Автор ойы мен кейіпкер ойының тұтастығы Абай өлеңдерінде де ерекше көзге түседі: Жігіттер, ойын арзан, күлкі кымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат... Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау, Бүгінгі дос - ертең жау, Мен не қылдым, япырм-ау?! Монологтың тек қана бірінші жақтан немесе үшінші жақтан айтылуы шарт емес, жақ түрлерінің қай-қайсысы да келе беруі әбден мүмкін. Ұлы ақынның өлеңдеріңде екінші жақтан айтылатын монологта аз орын алмайды: Сен мені не етесің? Мені тастап, Өнер бастап, жайыңа және алдап, арбап, өз бетіңмен сен кетесің.. Абай шығармаларында монолог елеулі стильдік қызмет атқарып, автор ойын оқырманға тиімді жеткізудің бір тәсілі ретінде қолданылған.
Диалог пен оның ерекшеліктері туралы алғашқы пікірлер. А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтардың еңбектерінде айтылса, кейінірек М. Балақаев, М. Серғалиев, Б. Шалабаевтың көркем мәтін мен оның стиліне қатысты еңбектерінде диалогтың бірқатар ерекшеліктері ашыла түседі.Ал соңғы жылдары диалог арнайы зерттеле бастады. А.Қ.Айтбенбетованың Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік және стилистикалық сипаттама (2007) атты зерттеуінде ауызекі сөйлеу және көркем шығарма мәтініндегі диалогтық лексикалық, синтаксистік, стилистикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалған, олар қазақ және орыс тілі материалдарымен салғастырыла, пайда болу табиғатының, қызметінің негізгі көрсеткіштері бірдей екендігі көрсетіледі .Ал Г.С. Иманғалиева Типология диалога (на материале казахского и русского языков) (1999) еңбегінде диалогтарды екі тілдің материалдары негізінде психолингвистикалық, этнолингвистикалық, әлеуметтік- лингвистикалық факторлар арқылы салыстыра зерттейді.
Автор диалогты хабарламалық, прагматикалық, модальдік деп үш түрге бөліп қарастырып, оларды іштей әңгімелесу, хабарласу, пікіралмасу, сұхбаттасу, түсінісу, мақұлдау, талқылау, өтіну, қорытындылау т.б. түрлерге жіктейді.Диалог феноменінің философиялық астары жанды тілді түсінуде ғана емес, алдымен өзіне және өзгеге деген қарым - қатынасын қалыптастыруда жатыр деуге болады.

Демек, диалогтық тіл - репликалардан тұратын ұдайы қабылдаулар арқылы әсер ететін тілдік қызметте белсенді рөл атқаратын сөйлеудің түрі. Олай болса диалогтың өзіне тән ерекшелігі - екі немесе одан да көп тұлғалардың сөйлесудегі шұғыл сөз алмасулар болып табылады.
Диалогтық тілдің негізгі құрылымдық және мазмұндық компоненттерін құрайтын екі адамның сөйлесуін әдетте реплика дейміз.
Диалогтық тілге мазмұндық (сұрақ, жауап, толықтыру, түсіндіру, пайымдау, тарату, келісу, өзара сырласу), тілдік этикеттің т.б. түрлері және репликалардың құрылымды байланысына тән.
Репликаларға қатысты Д.Б.Абдыкаримованың Типология реплик казахского и русского диологов (1999) және Ж.С.Қаңлыбаеваның Коммуникативтік акт шеңберіндегі жауап репликаның қызметі (2006) атты еңбектерін атауға болады.
20-ғасырдың орта шетінен бастап, диалог лингвистикалық зерттеулердің ғана емес, психология, психолингвистика, мәдениеттану, прагматика, сөйлеу актілерінің теориясы, тіл мәдениеті, лингвостилистика ғылымдары да тілдік қарым - қатынасты зерттеу барысында диалогқа жүгінді.
Кейбір диалогтар өте ауқымды болуы мүмкін, бірақ оның негізін екі әңгімелесушінің репликалары ғана құрайды.
Енді біз осы уақытқа дейін белгілі болған орыс ғалымдарының еңбектеріндегі диалогтың түрлерін атап көрейік:
а) Қостау диалогы - екі сөйлеуші де бір-бірінің пікірімен келісіп, бірін- бірі толықтырып отырады.
ә) Полемикалық диалог - сөйлеушінің бірі екіншісінің сөзін қақпайлап, сөзбен қақтығысып отырады.
б) Нақтылау диалогы
в) Эмоционалды қарсылық білдіру диалогы
г) Сұрақ - жауап диалогы
д) Сұраққа кері реакцияны білдіретін диалог
е) Жауапқа қарама-қарсы сұрақ бағыттау диалогы
ж) Сұраққа модальдық әсерді білдіретін диалог.
Әрине диалог күрделі композициялық-стилистикалық және мағыналық бірліктен тұрады. Одан басқа репликалардың өзара қарым-қатынастарына авторлық комментарийлер, репликаларға қатысты барлық микроэлементтер (стимулдық реплика, сұрақ, шешім, т.б.) кіреді.
Тілдік коммуникацияның прагматикалық табиғатын ашуда диалогтың мақсатты бағытын қарастыру қажет. Қарым-қатынастың жоғарыдағылардан басқа мынадай жалпы түрлерін атауға болады: ақпарат беруші диалог, прескриптивті диалог, ақиқатты анықтау немесе шешім қабылдау мақсатындағы ой алмасулар, екі тұлғаның арасындағы қарым - қатынасты реттеу, эмоционалды, интеллектуалды т.б. Бұлар күнделікті шынайы сөйлеу барысында көп кезедесе бермейді. Олар мақсаттарына қарай тура және жанама мағыналарында қолданылып пікірлесушілердің интенциялық жағдайларын, коммуникативтік қызығушылықтарын анықтайды.
Жанрлық-стилистикалық негізіне қарамастан барлық пьесалар (драма, комедия, трагедия, мелодрама т.б) ең алдымен өнер туындысы болып саналады, ал бұлардың бәрінде бастан - аяқ диалог өрбіп отырады. Сондықтанда бұл жерде сахналық диалогтың екі есе қызметі көрінеді. Ол сахнадағы диалог пен өмірдегі диалог. Осы ретте сахналық диалогтың өмірдегі диалогтан бірнеше айырмашылықтарын көрсетейік:
а) Сахнадағы диалог белгілі бір уақытты, кезеңді қамтуы тиіс;
ә) Ол автордың әбден пісіп-жетілген ойларын көрсетеді;
б) Сахнадағы диалог кинодағы әрекетті дамытып түрлі жолдармен ары қарай өрбитін келесі диалогтармен жалғасын тауып отыруы тиіс;
в) Сахналық диалогтың пьесаның қашан жазылғанына қарамастан, уақытпен, ырғақпен, қарқын ережелерімен санаспауына болмайды.
Диалог-таласта қате әлсіз логикалық сәттің берілуі, эксперссивтіліктің жоғары деңгейі қамтылады. Мұнда да монологтық репликалар болмайды, лексика-синтаксистік паралеллизмдер болуы мүмкін, репликалардың жеке берілуі болмайды, диалогтың аяқталуы диалог мазмұнымен сәйкес келе бермеуі де мүмкін.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пікірдің танымдағы рөлі
Пікірдің тіл формасы сөйлем болады. Бұл екеуі мазмұн мен форма сияқты байланысшы болғанымен, екеуі тең емес. Пікір мен сөйлемнің тең еместігі бірнеше жағдайлардан байқалады. Біріншіден, қандай да болса пікір сөйлем бола алмайды. Пікір тек хабарлы сөйлеммен баяндалады, сұраулы және қозғаушы сөйлемдер пікір бола алмайды, өйткені оларда пікірдің ең басты белгісі жоқ - құбылыстар арасындағы байланысты терістеуші не қозғаушы сөйлем жоқ сипаттамаларын және табылған ұғымдардың қатынасын атап көрсетуін ұйғарады. Шыққандай алғаш рет шаранадан, Үзіліп шықты-ау адам Жер - Анадан. Ойдың заты - адам. Ойдың заттының сипаттамасы -- "үзіліп шықты-ау". Ал бұл сөйлемнің грамматикалық талдауы мүлдем басқаша болады. Үшіншіден, сөйлемнің нақтылы бөлгіленген бөлшектері болып саналатын бастауыш-баяндауышпен салыстырғанда, субъект предикаты пікірдің бөлшектері -- логикалық екпінге тәуелді болатыны байқалады.
Төртіншіден, әр түрлі тілдер бар болуы пікір мен сөйлемнің тура келмейтініне дәлел беріп отыр, өйткені бір пікірді әр түрлі тіл формасында беруге болады. Әрбір пікір қашанда грамматикалық сөйлем арқылы айтылады. Сөйлем дегетлаз -- пікірдін материалдық қабығы. Пікір де, ұғым сияқты, тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. Тілдік материалдан аулақ, жалаң пікір болмайды. Тіпті біз пікірді ойша, құраған күнде де, бәрі бір пікір сөздер, терминдер және сөйлемдер арқылы құралады.
Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз бірлікте, өйткені пікір мен сөйлемнің мазмұны біреу-ақ. Бірак пікір бөліктері мен сөйлем мүшелері толық сәйкес келе бермеуі де мүмкін.
Кейде сөйлем бір-ақ сөзден тұрады (мысалы, жақсыз сөйлемдер: Жарық. Тыныш. Аяз.), бірақ мұнда да белгілі бір пікір бейнеленген.
Пікір мен грамматикалық сөйлемнің арасындағы тағы бір айырмашылық сол, түрлі тілдерде сөйлемдердің грамматикалық құрылысы түрліше болады.
Ал пікірдің логикалық құрылысы барлық тілдерде бірдей болып келеді.
Сонымен, пікір мен сөйлем тығыз бірлікте болғанымен, бірақ олардың арасында белгілі бір айырмашылықтар да бар. Ойлаудың формасы болып табылатын пікір мен оның тілдік керінісі болып саналатын сөйлемді бір нәрсе деп қарастыру пікір, ойлау үдерісінде қателіктерге соқтыруы мүмкін.
Пікірдің құрылымы мен түрлері. Пікірдін бір-бірінен бір қатар өзгешеліктері болуы мүмкін және болады да. Мұның мәнісі: пікірде әр түрлі нәрселер, олардың әр түрлі қасиеттері, сондай-ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді. Пікір қарапайым және күрделі болып, үлкен екі топқа бөлінеді. Қарапайым пікір бір субъектіден және бір предикаттан тұрады, ал күрделі пікір бірнеше субъектіден немесе бірнеше предикаттан тұрады.
Мысалы: "Арман құс көкті терең бойлап баққан" -- жай пікір.
Ал: Ғашықпын, өмір саған көктем үшін, қорқыныш - үрей үшін, От дем үшін. Ғашықпын өмір саған азды-көпті дәміңнен бұйырғаны жеткені үшін, - бұл күрделі пікір.
Пікірді түрлендіру. Сөзбен пікір әр түрлі мағынада, түрліше болады. Бір пікірдің өзін әр түрлі сөйлемдермен беруге болады. Мысалы: "Ынтымақ түбі -- бірлік", "Ынтымақ түбінде бірлік жатыр", "Бірліктің нәтижесі ынтымақ болады". Осы үш сөйлемнің үшеуінде де бір ғана пікір бар; олар түрлі сөздермен айтылғанымен, пікір біреу.Бір пікірдің өзін көбінесе жақты сөйлеммен де және жаксыз сөйлемдермен де айтуға болады. Мысалы: "Найзағай ағашты өртеп жіберді" және "Найзағайдан ағаш өртеніп кетті".
Инверсия
Пікірді инверсиялау деп пікірдің мағынасын өзгертпей, терістеуші пікірді қостаушыға және қостаушы пікірді терістеушіге айналдырудың логикалық тәсілін айтамыз.
Айналдыру нәтижесінде пікірдің тек сапасы ғана өзгереді. Мысалы: "Жұлдыздар қозғалмайды емес" -- "Жұлдыздар қозғалып тұрады". "Өткен жетінің кейбір күндері суық болды" -- "Өткен жетінің кейбір күндері суықсыз болмады". Айналдыру тәсілін қолданғанда бір пікірге екі терістеуші белгі енгіземіз, біріншісі -- байланыстың алдынан, екіншісі баяндауыштың артынан келеді. Инверсиялау біздің ойымызды айқындай түседі, оның маңызы да осында. Дұрыс инверсияламаса, онда пікір айқын емес болып шығады немесе олардың мағыналары тікелей бұзылады.
Ауыстыру дегеніміз - пікірдің бастауышын баяндауышқа, ал баяндауышын бастауышқа айналдыратын логикалық тәсіл. Мысалы: даланы тұман басты; тұман басты даланы.
Пікірді түрлендірудің - айналдыру мен ауыстырудың біздің ойлау үдерісімізде елеулі маңызы бар. Түрлендірудің әрбір түріне жасалған талдау пікірін бір түрінен екінші түріне көшу әркімнің өз еркінше, қалай болса солай бола бермейтіндігін көрсетеді. Бұл өзгерістердің зандары бар, олар белгілі ережелерге негізделген.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс - халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.
Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.
Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып - жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген ақындар :
Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай,Сүйінбай, Түбек, Омарқұл,
Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері
Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға абырой әпермейді. Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Әсет пен Ырысжан айтысында Ырысжан:
Дау айтып күні бұрын көрсетпелік, Майданда озса жүйрікке есептелік. Орта жүз түгел білген Ырысжанмын Үш кессе қауқарым бар кесірткелік, - деп асқақ жауап қатады.
Ақындардың бірден асқақ кетуі тек бірін-бірі ығыстырып үркіту, тұқырту ниетін көздемейді, олар сонымен қатар бір-бірінің аяқ алысына, сөз саптасына, өнерлілігіне барлау да жасау мақсатын көздеген. Сөз майданында тосын кездескен, бір-біріне танымал емес ақындардың мұндай барлау жасауы табиғи да.Ақындар айтысының тағы бір ерекшелігі "ойында өрелік жоқ" дегендей, айтысқа үлкен де, кіші де, еркек те, әйел де қатынаса береді. Тек талант-дарыны болса, бәйгеге түсер шамасы болса болғаны. Майталман ақынның жарыста таныла бастаған балаң ақынмен, ұлғайған ақынның жас қыз, келіншекпен айтысуы, сөзбен сілкілесуі шам емес.Сонымен қатар айтысып отырғанда, ақын өзінің жеңілгенін білу де айтыстың негізгі шартының бірі болып саналады. Сөзге сөз табу, орынды жерінде ұтымды сөз айту сияқты өзінің, жеңілгендігін білу де жоғары бағаланады. Жеңілгеніне қарамай, құр босқа төпей беруді көпшілік дарындылық, ақындық деп танымайды. Мұндай қылықты қазақ айтысқыштық, ұтымшылық деп санамайды. Оны қазақ "сиыршылау" деп атайды. Шынайы ақын өзінің ұтылғанын білсе, бірден жеңілгенін мойындап, әрі қарай сөз таластырмайды. Ауыз әдебиетінің басқа жанрларына қарағанда, айтыстың ерекшелігі - оған көптеген әйел ақындар қатынасқан. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Кәсіби қазақ тіліндегі базалық категориялы - түсініктік аппаратты қалыптастыру
Жаттығулар арқылы тіл дамыту жолдары
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Сөйлеу техникасы
Диалог түрінде сөйлеуге үйрету
Жоғары сынып оқушыларының көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Қазақ және ағылшын тілдерінде бұйрық мәнінің білдірілуі
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
Ресми іс қағаздары мен стиль түрлері
Пәндер