Ауыз су және оның сапасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Ауыз су және оның сапасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Таза ауыз су мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Ауыз су қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Нысаны мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Ауыз су дайындау станциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Коагуляция әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Ауыз суды хлорлау тәсілімен залалсыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Зерттеу нәтижелерін сараптап талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қазіргі танда әлемдегі әрбір үшінші адам суға деген қажеттілігін қажетті деңгейде пайдалана алмай отыр. Қалалардың және адам санының қсуіне, ауыл шаруашылығына қатысты суға деген сұраныстың артуына байланысты бұл мәселе күннен – күнге тереңдей түсуде. Су тапшылығының адам денсаулығына, күнделікті тұрмыс тіршілігіне және халықаралық қатынастардың дамуына әсері бар. Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. Адам ауыз суға толық жете алмай отыр.жалпы адамзаттың 20%таза ауыз суға тапшы болып отыр. Адамның денсаулығы су оның санитарлық жағдайларды жақсартудағы рөлімен тікелей байланысты. Адамның санасының өсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде. Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. Адам канализациясы бар жағдайда қол жеткізе алмай отыр, 5 млн. Адам, оның ішінде 2-3 млн. Балалар, жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде. Ауыз сумен қамтамасыздандыру мақсатында «Ақ бұлақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.2002-2010-шыв жылдары 335 миллиард теңге бөлінеді. Ол қаржыға 13 288 шақырым ауыз су құбыры тартылды. Осы жылдары 3 449 елді мекенге су жеткізілді. Халықты ауыз суменқамтамасыздандыру үшін ауыз су дайындау және тазалау әдістерін білуіміз қажет. Сумен қамтамасыз ету адам өмірінің деңгейінің жақсаруына, жекелеген аумақтарда ауылшаруашылығы және өндрістің дамуының көтерілуіне бағытталған техниканың басты саласы болып табылады.
Қалаларда, өндірістік кәсіпорындар мен энергошаруашылығына су көп мөлшерде қажет. Бұл тапсырмалар орындалу үшін сумен қамтамасыз ету құрылысында тазарту құрылғыларының рөлі ерекше.
1. Ү.И.Кенесариев, Н.Ж. Жақашов « Экология және халық денсаулығы» Алматы 2003 ж.
2. Жатқанбаев Ж. «Экология негіздері» Алматы 2003 ж.
3. Мамбетқазиева, Сыбанбеков «Табиғатты қорғау» Алматы 1990 ж.
4. С.Каженбаев, С.Махмутов «Табиғатты қорғау» Алматы 2001 ж.
5. Ж.Достайұлы «Жалпы гидрология» Алматы білім 1996ж.
6. Ж.Ж.Жатқанбаев «Биосфера және Экология» І – том, Алматы 2004ж.
7. Ж.Ж.Жатқанбаев «Биосфера және Экология» ІІ – том, Алматы 2007ж.
8. Қазақстан Республикасының «Суды қорғау және оны пайдалану» қаулысы 2000ж.
9. «Атамекен» журналы №9,9 мамыр 2003 жыл, № 1, 7 қаңтар 2007 жыл,№3,11 ақпан 2004 жыл.
10. А.Е. Макенбаева «табиғи суларды тазалау тәсілдері», Алматы 2000ж.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.1 Ауыз су және оның сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.2 Таза ауыз су мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.3 Ауыз су қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Нысаны мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.1 Ауыз су дайындау станциясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.2 Коагуляция әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.3 Ауыз суды хлорлау тәсілімен залалсыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Зерттеу нәтижелерін сараптап талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Қазіргі танда әлемдегі әрбір үшінші адам суға деген қажеттілігін қажетті деңгейде пайдалана алмай отыр. Қалалардың және адам санының қсуіне, ауыл шаруашылығына қатысты суға деген сұраныстың артуына байланысты бұл мәселе күннен - күнге тереңдей түсуде. Су тапшылығының адам денсаулығына, күнделікті тұрмыс тіршілігіне және халықаралық қатынастардың дамуына әсері бар. Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. Адам ауыз суға толық жете алмай отыр.жалпы адамзаттың 20%таза ауыз суға тапшы болып отыр. Адамның денсаулығы су оның санитарлық жағдайларды жақсартудағы рөлімен тікелей байланысты. Адамның санасының өсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде. Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. Адам канализациясы бар жағдайда қол жеткізе алмай отыр, 5 млн. Адам, оның ішінде 2-3 млн. Балалар, жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде. Ауыз сумен қамтамасыздандыру мақсатында Ақ бұлақ бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.2002-2010-шыв жылдары 335 миллиард теңге бөлінеді. Ол қаржыға 13 288 шақырым ауыз су құбыры тартылды. Осы жылдары 3 449 елді мекенге су жеткізілді. Халықты ауыз суменқамтамасыздандыру үшін ауыз су дайындау және тазалау әдістерін білуіміз қажет. Сумен қамтамасыз ету адам өмірінің деңгейінің жақсаруына, жекелеген аумақтарда ауылшаруашылығы және өндрістің дамуының көтерілуіне бағытталған техниканың басты саласы болып табылады.
Қалаларда, өндірістік кәсіпорындар мен энергошаруашылығына су көп мөлшерде қажет. Бұл тапсырмалар орындалу үшін сумен қамтамасыз ету құрылысында тазарту құрылғыларының рөлі ерекше.

1. Ауыз су және оның сапасы.
Ауыз су - органолептикалық қасиеттерә (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; түсі 200-тан төмен, мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлығы 2мгл-ден аз, кермектілігі 7-100 моль болуы керек. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауыз судағы мөлшері 0,7-1,5 мгл-ден төмен болуы - флюороз және кариес,темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі - анемия, бордың аз болуы асқаан, никельдің кем болуы - көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз судың температурасы 8-15 С аралығында, минералдығы 1гл-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға сондай - ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының саны (коли - индекс) бойынша т.. талаптар қойылады. Ағын сулар, көлдер мен бөгендерді ластануына, олардың табиғи гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерінің антропогендік өзгеруіне байланысты Қазақстанның көптеген өлкелерінің (Арал өңірі, Батыс,Орталық Қазақстан) тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр. Бұл көрсеткіш адам денсаулығына сапасыз судың кері әсер ету қауіпін анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар ауыз судың санитарлық сұранысына және нормаларға сай келу деңгейін сипаттайды. Таза ауыз су көлемі жеткілікті болмағанынша халықтың денсаулығының жақсаруы мүмкін емес. Осы көрсеткіш ауыз судың қаншалықты химиялық заттармен ластанған және микробиологиялық организмдермен және осының нәтижесінде қосымша терең зерттеуді және қарсы шараларды қолдануды талап ететін, ақуалды алдын ала ескерту механизмі ретінде қызмет етеді. Көрсеткіш түрлі бұлақтардан алынған алдын ала су дайындаудан өткен, ашық су шарбағынан, құдықтан және ұқаса ауыз су сынамасының жалпы санында ауыз су сапасының нормаға сай келмейтін сынама үлесі ретінде анықталады. Пайызбен өлшенеді. Ауыз суды пайдалану және қорғау үшін:
* Жақсы сапалы ауыз сумен барабар қамтамасыз ету;
* Адам денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау жеткілікті деңгейін қамтамасыз ететін, стандарттарға сай келетін барабар санитарлық - профелактикалық шараларды қамтамасыз ету;
* Денсаулығымен тікелей байланысты, ауыз судың параметрлерге сай келу туралы қолдағы бар деректер негізінде есептеледі. Химиялыө сапасының он параметрінен Өзекті тобын таңдау ұсынылады.
Химиялық параметрлер санына қосуға болады. Әр параметрлер үшін математикалық мәнер сәйкес нормаларға сай келмейтін сараланған ауыз су сынамасының үлесі. Деректерді жинауды тәртіпте қарастырылған сынаманың жалпы санына қолданған жөн, ол ауыз су сапасының мониторингі бойынша ресми ұйымдар алатын немесе белгілі бір территория шекарасында осыған уәкілденген жеке ұйымдар (сумен қамтамасыз ету аймағы немесе басқа аймақтық бірлік, ол реттеу мақсатында анықталған) берілген уақыт ішінде (мысалы, бір жыл) (Т), сонымен бірге осы территориялық бірлікте сынаманың нормаға сәйкес келмейтін санына. Пайыздық қатынас көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі.
Сынама қатынасының көрсеткіші = ((Т - Е)Т)*100(4) Халықаралық стандарттар ретінде ДДҰ - ң ауыз су сапасын бақылау (үшінші басылым) туралы Ұсынысын қолдану ұсынылады. Ауыз су туралы ЕС - ң директивасында ДДҰ-ң ұсынысы негізінде 48 жалпы параметрлер үшін мазмұндар бекітілген. Қазіргі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2006 жылдың 5 маусымының №56 бұйрығына сәйкес санитарлық эпидемиологиялық қызметкерлерәмен Қазақстанда тоқсан сайын ауыз су сапасының мониторингі жүргізіледі.
1.2 Таза ауыз су мәселелері.
Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. Адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Жалпы адамзаттың 20%таза ауыз суға тапшы болып отыр. Су жетіспей отырған елдерге Солтүстік Африка, таяу Шығыс, Азия мемлекеттері жатады. Су мен су ресурстарының жетіспеуі көптеген Оңтүстік Африка елдерінің дамуында да тежеуші факторлардың бірі болып тұр. Өте үлкен мөлшерде суды Европа елдері қолдануда.
Адамының денсаулығы су оның санитарлық жағдайларыды жақсартудағы рһлімен тікелей байланысты. Адамның санасының өсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде. Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. Адам канализациясы бар жағдайға қол жеткізе алмай отыр, 5 млн. Адам, оның ішінде 2-3 млн. балалар, жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде . Қаладағы су құбырларынан басқа сулар табиғи ресурстарға жатады және қоғамдық меншілікке қарайды. Су ресурстарын қолдану, оны ары қарай дамыту мен оны қолдануға контроль жасау тек ұлттық мүдде тұрғысынан ғана емес, көп аймақтарындағы халық өте аз мөлшерде ғана таза суды қолданып отыр. Әлемдегі барлық өзендердің суларының жылдық көлемі шамамен 42600 км3, ал бұл 1995 жылғы есептеулер бойынша адам басына шаққанда 7600м3 келеді. Бірақ та адам санының өсуіне байланысты бұл шама жыл сайын өзгеруде. Мысалы, 1970 жылы бұл шама 12900 болса, 2005 жылы ол 5200м3-ге дейін төмендеуі мүмкін. Деректер бойынша 2005 ж. әлемнің 50 шақты елінде тұратын 3 млрд. халық ауыз су тапшылығына тап болады. Бұл жағдай суға байланысты экологиялық және қоғамдық шиеленістерді қиындатады. Қазірдің өзінде Африка мен Таяу Шығыс елдеріндегі ауыз судың жетіспеушілігі кедейлік пен артта қалғандықты, политикалық тұрақсыздықты әкеліп отыр. Судың жетіспеушілігі этникалық және мемлекетаралық қақтыгыстардың себебі болып отыр. Египет, Судан мен Эфиопия елдері Ніл өзенінің суына таласуда. 1998 ж. жаз айларында жарты миллионға жуық палестинстерге Иордан өзенінің батыс жағалауынан су алуға кедергі жасалды, бұл Израиль мемлекетіне деген қатты наразылықты тудырды. Индия мен Бангладеш төменгі жақтарында кейде кеуіп қалатын Ганг өзенінің ағымына байланысты араздасуда. Алдағы уақытта Ресей мен Қазақстан Қытай мемлекетінің су саясатының әсерін сезінуі мүмкін. 1999 жылдан бастап Қытайда Ертіс өзенінің жоғарғы ағынын басқа жаққа бүру басталды. Қазірдің өзінде бұл өзеннің ластануы күшейіп, өзендегі су көлемі азайып келеді. Жеке елді аймақты таза сумен қамтамасыз ету проблемалары тек сол елге ғана қиындық әкелмей бүкіл әлемдік дағдарысқа үлес қосады. Сондықтан да мүндай дағдарыстық жағдайларды шешу бүкіләлемдік бірлесіп іс-әрекет жасауды талап етеді. Үлкен ойшылдықпен және болашақтық түрғыдан суға адамзаттың негізгі стратегиялық ресурсы ретінде қарау XXI ғасырдың маңызды бағыттамаларының бірі болып тұр. БYenҮ Ассамблеясы 2003 жылды Халықаралық таза ауыз су жылы деп белгіледі. Судың жетіспеуінің алдын алуға бағытталған іс-шараларға ең алдымен суды тиімді пайдалану мен оны территориалдық жағынан өзгерту жатады. Судың сарқылуы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану;
өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану;
3) ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде пайдаланбау. Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты;
4) ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек құбырмен беру. Суды мөлшсрлі түрде беру және оның ысырап болуына жол бермеу;
5) суға экономикалық түрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау
нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.
Судың ластануын кеміту шаралары ең алдымен суды пайдалану, тазалау әдістері мен технологиялық процестерін жетілдірумен байланысты суды тазарту әдістерінің ішінде биологиялық әдістер өте тиімді және жақсы нәтиже береді. Қазіргі кезде халықтың өсуіне байланысты және оның ірі қалаларына шоғырлануы, сондай-ақ өндіріс орындарының сонда жинақталуынан суға деген сүраныс күрт өсіп кетті. Және өндірістік ағынды сулардың көлемі де көбейді. Көптеген өндіріс мекемелері осы ағынды суларды су қүбырларымен өзендерге жіберіп, оларды ластайды. Осының салдарынан өзендер мен көлдердің тым ластанып кеткендігі соншалық оларды ішу және жүмыстық қажетке пайдалану былай тұрсын, өндіріс мақсаты үшін де пайдалану қиынға соғуда. Сонымен қатар мүндай лас суларды пайдалану түрғындардың денсаулығына да зиянды әсерін тигізуде. Жер үстіндегі сулардың ластануы, әсіресе, ірі қалалар мен өндіріс кешендерінде санитарлық нормадан әлдеқайда артық екендігі анықталып отыр. Мәселен, Орал, Тобық, Есіл өзендері ағынды лас суларды көп жинайтын болғандықтан қазір қатты ластанып отыр. Сол сияқты Ертіс бассейні де экологиялық жағынан таза емес. Судың қүрамында ауыр металдардың (цинк, кадмий, мышьяк, фенол жэне басқалары) иондары көп, олар өзенге негізінен металлургиялық өндірістің ағынды суларымен келеді.
Қазір ауыз суға деген сұраныс күн санап өсуде. Судың, біріншіден, санитарлық жағынан сапасы жоғары болуы қажетті, екіншіден, суды үнемді пайдалану керек. Ауыл шаруашылығында егісті суарудың тиімді әдістерін қолдану қажет. Мысалы, аэрозольді әдісті қолданғанда ауа, өсімдік жэне топырақ кішігірім тамшылар арқылы бірқалыпты ылғалдандырылады. Тағы бір айта келетін жай - ағын суларды су құбырларына жіберіп, суды ластаған өндіріс орындары мен мекемелерді халықтың игілігіне, тұрмыс кажетіне пайдаланып жүрген су құбырларына не болса соны, яғни тамақ қалдыктарын, шөлмектер мен синтетикалық, өзен мен көл жағасына барып машиналары мен техникаларын жуып, суды ластап және жағадағы жасыл шөпті өртеп, ағаштарды кесіп отқа жағып, қоршаған ортаны ластап, табиғатты бұзушыларды заң жүзінде қатаң тәртіпке шақыру керек Біздің Қазақстанда минералды (құрамында 1-6 гл тұзы бар) су қорлары өте көп, оларды тиімді пайдалану қажет. Ал ол үшін суды тұщыту керек. Ал өндіріс орындары мен шаруашылықтар лас ағынды және аяқ суларды су құбырларына жібермегендері жөн. Ластанған су көздерін лазер технологиясы арқылы тазартқан тиімді. Ол әрі арзан, адамның денсаулығына да зиянды әсер етпейді. Бұл ғылыми озық әдіс бойынша еліміздің кез келген өзендері мен көлдерінің суларын түщытып, ауыз суға пайдалана аламыз. БYenYen деректері бойынша елдің суға деген сұранысы су қорының 40%-тін құрайтын болса, ол жағдайда бұл елде су проблемасы пайда болады. Бұл жағдайда су проблемасы осы елдің экономикалық дамуын тежеуші факторлардың біріне айналады. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздерінен алып пайдалану өсіп барады. Бұл адамзаттың өмірге өте қажетті ресурстарының азаюына келуде. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд. м3 таза судан айрылуда. Судың мұндай үлкен көлемі оның айналымы кезінде орнына қайтып келмейді. Таза суға деген жетіспеушілік пен оның ұқыпты түрде қолдану мәселелері бұрыннан бері адамзатты ойландыруда, себебі бұл факторлар сол елдің тұрақты түрде дамуында, халқының денсаулығында және тұрмыстық жағдайының деңгейінде, өнеркәсіп пен тамақ өндіруде маңызды роль атқарады. Болашақта бұл жағдай қиындай түсуі мүмкін. XXI ғасырдың ортасына қарай Жердің негізгі стратегиялық ресурсы мүнай таза емес.

1.3 Ауыз су қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Суды түтынушыларға орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау жүйелерімен, үйдегі бөлу жүйелерімен, дербес ауыз сумен жабдықтау жүйелерімен және көлік құралдарындағы ауыз сумен жабдықтау жүйелерімен берілетін адамның тұтынуына арналған ауыз су індеттік және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз болуы және қолайлы органолептикалык қасиеттері болуы тиіс.

1. Ауыз судың қауіпсіздігі мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:

ауыз сумен жабдықтау көздерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыз су сапасының стандартқа сәйкестігін анықтау
Су жайлы
Су, су экологиясы жөнінде білім берудің тиімді әдіс-тәсілдері
Мемлекеттік стандарт
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН СИПАТТАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау технологиясы зертханасы
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Ақмола облысының көлдер жүйесіне толықтай сипаттама
Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстары
Пәндер