Қылмыстық іс қозғау жайлы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Қылмыстық іс қозғау сатысының түсінігі, маңызы, мақсаты
1.1 Қылмыстық іс қозғау . қылмыстық процестің басты сатысы ретінде ... ... .
1.2 Қылмыс туралы арыз бен хабарламаны қараудың және қабылдаудың
міндеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Кепіл түскен арыз бен хабарлама бойынша қылмыстың алдын алу мен
ескертуге шараларын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Қылмыс туралы арыз бен хабарламаны қараудың мерзімдері ... ... ... ... ...
2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен процессуалдық тәртіптері
2.1 Қылмыстық іс қозғауға құқық берілген лауазымды адамдар мен
органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қылмыстық іс қозғаудың себептері мен негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Қылмыстық іс қозғауды болдырмайтын мән жайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Құқық қорғау органдарының беделі қылмысты толық және тез арада ашу, кінәлілерді жазалау және заңның дұрыс қолдануын қамтамасыз етумен байланысты.
Осы берілген бітіру жұмысында қылмыстық іс қозғаумен байланысты қылмыстық іс жүргізу қызметінің бөлігі айқындалған. Тәжірибеде осы сатыны дұрыс жүргізбеген соң, оның салдары тергеу қателіктеріне әкеліп соқтыратыны бізге мәлім. Сондай ақ негізсіз қозғалған қылмыстық істер де кездеседі, ал бұл құқыққорғау органдарының қажет емес шығындарға әкелетіні бізге түсінікті. Сөйте тұра, жергілікті негіздердің бар болғанымен де, қылмыстық істер қозғалмай қалады және қылмысты жасаған тұлғалар жазадан құтылып кетіп жатыр.
Бұның бәрі мынаны білдіреді, яғни қылмыстық іс қозғау сатысы – процессуалдық қызметтің жауапты кезеңі және тергеуші бұл қызметке кіріскенде қателік жібермеуі тиіс.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл диплом жұмысының мақсаты – қылмыстық іс қозғау сатысының барлық маңызды жақтарын қамтиды, тергеушінің жұмысын көрсету, прокурордың қатыстылығын және тағы басқа көптеген аса маңызды мәселелерді ашып көрсету, құқыққорғау органының жауапкершілігін көтеріу мәселесін айқындау.
Құқық қорғау органдарының міндеті – барлық заңдардың күш – жігерін қылмыстылық пен құқықбұзушылыққа қарсы пайдалану, себебі кез келген жерде адамдар мемлекет тарапынан қолдау мен қамқорлықты оларға ешкімнің тиіспейтіндігін сезуі керек және бірде бір құқық бұзушының жазадан қашып құтылмайтындығына сенуі керек [1, 21 б.].
Қылмыстық іс қозғау сатысы елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті орнату үшін – олар кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы белгілерге тез және ұқыпты әрекет етуі қажет. Бұл саты көптеген процессуалистердің назарын аударған: В.С. Афанасьева, С.В. Бородин, Ю.Н. Белозерев, Л.А. Буторин, А.К. Говрилов, Н.Н. Гаванович, Н.В. Жогин, Н.П. Кузнецова, А.Р. Михайленко, В.В. Степанова, Ф.Н. Фаткулин, А.А. Чувилов және т.б.
Дипломдық жұмысты зерттеу объектісі. Осыған байланысты диплом жұмысында келесі жағдайлар көзделген:
1. Қылмыстық істі қозғау әрі қарай алдын ала тергеу жүргізуге негіз болады.
2. Егер қылмыстық істі қозғау алдын ала тергеуге әкеліп соқтырса, онда қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті және қажетті белгілер болуы шарт. Бұл белгілердің дәлелдігінің деңгейі соншалықты жоғары болуы керек, себебі оның негізінде қылмыстың болғандығы жөнінде нақты шешім шығарамыз.
3. Қылмыстық іс қозғау туралы шешімнің негізі болуына талап қою, яғни осы сатыда ешқандай мәжбүрлеусіз және азаматтардың құқықтары мен босмтандықтарын шектемей, дәлелдемелерді алу мен сақтауға бағытталған бірқатар процессуалдық шараларды қолдану мүмкіншілігінің кеңеюі мен байланысты.

1. Жогин Н.В. Фаткуллин Ф.Н. Возбуждение уголовног дела. М, Госюриздат
1961г, С. 21.
2. Никандров В.И. Возбуждение уголовного дела лекция М. 1990 г, С. 83.
3. Ремнев В.И. и др. Законность возбуждения уголовного дела: (рассмотрение заявлений и сообшений о преступлении) М: Юр. Лит. 1967г, С. 62-64.
4. Гришин С.П. Возбуждается уголовное дело. Нижний Новгород: Хозрасчет. Н-и лаб. «Версия» 1992г, С. 38.
5. Карев Д.С., Савгирова Н. М. Расследование и возбуждение уголовного дела. М: Высшая школа 1967г, С. 123.
6. Тетерин Б. С., Прошкин Е.З. Возбуждение и расследование уголовного дела М. 1997г, С. 87.
7. Белозерев Ю.Н., Чувилев А.А. Проблемы обеспечения законности и обоснованности возбуждения уголовного дела. М. 1973г, С. 93-96.
8. Михайленко А.Г. Возбуждение уголовного дела в советском уголовном процессе. Саратов, 1975г, С. 68.
9. Назарбаев Н.Ә. «Мемлекетке кімнің жаны ашиды?» Жас Алаш. 4 сәуір 2002ж. №40. 3 б.
10. Назарбаев Н.Ә. Тәртіп пен жауапкершілік қатаң талап етілетін болады. Заң газет. 3 сәуір 2002ж. №14. 5 б.
11. Щерба С.П., Химичева Г.П., Донковчев, Чувилев А.А. Рассмотрение заявлений и сообщенй о проступлении органами дознания. Учебное пособие. М: ВНИИ МВД СССР 1987 г, С. 87-88.
12. Лупинская П.А. Решение в уголовном судопроизводстве. М. Юр. Лит. 1971г, С. 14.
13. Дубинский А.Я. Исполнение следователем процесуальных решений. Киев 1981г, С. 87.
14. Химичева Г.П. Рассмотрение заявлений и сообщений о преступлении милицией. М. ЮИ. РФ МВД 1997г, С.85-88.
15. Бажанов М.И. Законность и обоснованость судебных актов в советском уголовном судопроизводстве. Автореферат. Докт.Диссертация. Харьков 1967г, С. 156.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Қылмыстық іс қозғау сатысының түсінігі, маңызы, мақсаты
1.1 Қылмыстық іс қозғау – қылмыстық процестің басты сатысы
ретінде ... ... .
1.2 Қылмыс туралы арыз бен хабарламаны қараудың және қабылдаудың
міндеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Кепіл түскен арыз бен хабарлама бойынша қылмыстың алдын алу мен
ескертуге шараларын
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
1.4 Қылмыс туралы арыз бен хабарламаны қараудың
мерзімдері ... ... ... ... ...
2 Қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен процессуалдық тәртіптері
2.1 Қылмыстық іс қозғауға құқық берілген лауазымды адамдар мен
органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.2 Қылмыстық іс қозғаудың себептері мен
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ...
2.4 Қылмыстық іс қозғауды болдырмайтын мән
жайлар ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Құқық қорғау органдарының беделі
қылмысты толық және тез арада ашу, кінәлілерді жазалау және заңның дұрыс
қолдануын қамтамасыз етумен байланысты.
Осы берілген бітіру жұмысында қылмыстық іс қозғаумен байланысты
қылмыстық іс жүргізу қызметінің бөлігі айқындалған. Тәжірибеде осы сатыны
дұрыс жүргізбеген соң, оның салдары тергеу қателіктеріне әкеліп соқтыратыны
бізге мәлім. Сондай ақ негізсіз қозғалған қылмыстық істер де кездеседі, ал
бұл құқыққорғау органдарының қажет емес шығындарға әкелетіні бізге
түсінікті. Сөйте тұра, жергілікті негіздердің бар болғанымен де, қылмыстық
істер қозғалмай қалады және қылмысты жасаған тұлғалар жазадан құтылып кетіп
жатыр.
Бұның бәрі мынаны білдіреді, яғни қылмыстық іс қозғау сатысы –
процессуалдық қызметтің жауапты кезеңі және тергеуші бұл қызметке
кіріскенде қателік жібермеуі тиіс.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл диплом жұмысының мақсаты – қылмыстық
іс қозғау сатысының барлық маңызды жақтарын қамтиды, тергеушінің жұмысын
көрсету, прокурордың қатыстылығын және тағы басқа көптеген аса маңызды
мәселелерді ашып көрсету, құқыққорғау органының жауапкершілігін көтеріу
мәселесін айқындау.
Құқық қорғау органдарының міндеті – барлық заңдардың күш – жігерін
қылмыстылық пен құқықбұзушылыққа қарсы пайдалану, себебі кез келген жерде
адамдар мемлекет тарапынан қолдау мен қамқорлықты оларға ешкімнің
тиіспейтіндігін сезуі керек және бірде бір құқық бұзушының жазадан қашып
құтылмайтындығына сенуі керек [1, 21 б.].
Қылмыстық іс қозғау сатысы елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті
орнату үшін – олар кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс
туралы белгілерге тез және ұқыпты әрекет етуі қажет. Бұл саты көптеген
процессуалистердің назарын аударған: В.С. Афанасьева, С.В. Бородин, Ю.Н.
Белозерев, Л.А. Буторин, А.К. Говрилов, Н.Н. Гаванович, Н.В. Жогин, Н.П.
Кузнецова, А.Р. Михайленко, В.В. Степанова, Ф.Н. Фаткулин, А.А. Чувилов
және т.б.
Дипломдық жұмысты зерттеу объектісі. Осыған байланысты диплом
жұмысында келесі жағдайлар көзделген:
Қылмыстық істі қозғау әрі қарай алдын ала тергеу жүргізуге негіз болады.
Егер қылмыстық істі қозғау алдын ала тергеуге әкеліп соқтырса, онда
қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін қылмыс белгілерін көрсететін
жеткілікті және қажетті белгілер болуы шарт. Бұл белгілердің дәлелдігінің
деңгейі соншалықты жоғары болуы керек, себебі оның негізінде қылмыстың
болғандығы жөнінде нақты шешім шығарамыз.
Қылмыстық іс қозғау туралы шешімнің негізі болуына талап қою, яғни осы
сатыда ешқандай мәжбүрлеусіз және азаматтардың құқықтары мен
босмтандықтарын шектемей, дәлелдемелерді алу мен сақтауға бағытталған
бірқатар процессуалдық шараларды қолдану мүмкіншілігінің кеңеюі мен
байланысты.
Қылмыстық іс қозғау сатынсында алынған дәлелдемелердің мәртебесін
ақпаратқа жатқызу, егер де ол заң тәртібімен және осы сатыға жататын қайнар
көзден алынса. Дегенмен бұдан біз мұндай ақпараттың дәлелдемелер мәртебесін
тез арада иеленіп кетеді деп түсінбеу керек.
Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық іс қозғау институы қайта қаралуға
жатады. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер
бойынша құжаттарды сотқа дейінгі даярлау процедурасы деген бар, ал бұл
дегеніміз – сотқа жіберушінің шағымына алдын ала тексеру жүргізу
міндеттілігін және айыптау ісін қозғауды жүктеуге негіз жоқ. Дегенмен жеке
айыптау ісі бойынша қылмыстық іс қозғаудың тәртібін өзгерту бұл
категориядағы қылмыстық істердің арнайы қасиеттердің жойылуына әкеліп
соқтырмауы тиіс. Қандай да нысанда сотқа дейінгі даярлау жүзге асырылмасын,
бұл категориядағы қылмыстық істер тек қана жәбірленушінің шағымымен
қозғалып және оның айыпталушының бітісуіне орай қысқартылуға тиіс.
Жалпы қалмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау жөнінде қылмыстық
ісжүргізу ғылымында басты назар аударған.
Н.И. Никандров процессуалдық шешім ұғымына келесідей түсінік береді:
Қылмыстық сот өндірісіндегі шешім – заңда көзделген нысанда жасалған
құқықтық акт, осы актіде анықтама органы, тергеуші прокурор, сот өз
өкілеттілігі шегінде заңда көзделген тәртіппен іс бойынша туындаған
сұрақтарға жауап береді[2, 83 б.].
Процессуалдық шешім әртүрлі сұрақтар бойынша шығарылады, бұған қоса
тергеу әрекеттерін жүргізу туралы немесе іс бойынша өндірісті тоқтата тұру
не тоқтату қажеттілігі туралы және тағы басқа.
Тек шешімнің бір бөлігі ғана қылмыстық процессуалдық қызметтің пәнімен
тікелей байланысы бар сұрақтарға жауап берді: қылмыс орны бар ма; оны кім
жасады; жасаған қылмысы үшін кінәләләгә; қылмысты жасаған тұлғаға қандай
шаралар қолдану. Шешімнің қылмыстық – процессуалдық қызметтің
Негізгі сұрақтарына немесе басқа да сұрақтарына жауап бере
алатындығына байланысты, шешім мазмұнына қарай келесідей болып жіктеледі:
1. Істің мәні бойынша шығарылатын шешім.
2. Іліспелі шешім (сопуствующий решения).
3. Істің мәні бойынша шығарылғын шешім мен іліспелі шешімнің қабылдауын
қамтамасыз етуші шешім [3, 62-64 бб.].
Шешімді осылайша мазмұны бойынша жіктеуде, қылмыстық іс қозғау туралы
шешім – істің мәні бойынша шығарылатын шешімге жатады. Дегенмен, бұл жерде
бір жағдайды ескеру керек. Қылмыстық процесс теориясында қылмыстық істің
мәні бойынша дегенімізде, көбінесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған
адамның кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы шешімді түсінеміз. Шешімнің
мазмұны бойынша жіктелуі функционалдық белгілері бойынша
жіктеументолықтырылады. Бұл белгілер бойынша шешімдер 3 – ке бөлінеді:
1. Басты немесе бастама шешім (начальные).
2. Аралас шешім (промежуточные).
3. Соңғы шешім (конечные).
Мұндай жіктеу процестің шеңберінде жақсы жұмыс істейді, себебі шешім
бір саты үшін соңғы болып табылады және процесстің басқс сатысы үшін соңғы
болып табылады және процестің басқа сатысы үшін бастама болуы мүмкін.
Қылмыстық іс қозғау туралы шешім істі қозғау сатысын аяқтап, алдын ала
тергеу сатысын бастайды. Осындай ситуацияда сұрақ туындайды: қылмыстық іс
қозғау актісінің қасиеттерін қандай сипаттама толық қамтиды – істі қозғау
сатысы үшін соңғы акт ретінде немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін бастама
актісі ретінде. Әрине, осы көрсетілген екі сипаттама шартты болып табылады.
Дегенмен де, қылмыстық іс қозғау туралы шешімді басты (бастама)
процессуалдық шешімге жатқызу керек. Сонымен, қылмыстық іс қозғау туралы
шешім әрбір қылмыстық істің мәні бойынша басты процессуалдық шешім болып
табылады. Қабылданған кез келген процессуалдық шешім заңды және негізді
болуы тиіс.
Шешімнің негізділігінің түсінігі, оның заңдылығы түсінігімен толық
сәйкес келеді. Яғни шешімнің заңдылығы мен негізділігі бір – бірімен тығыз
байланысты, кейбір кезде заң шығарушы шешім қабылдауды фактілермен емес,
тек фактілердің бар екендігін көздейтіні жеткілікті мәліметтер мен
құжаттардың болуымен байланыстырады. Қылмыстық іс қозғауға қылмыс
белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болу негіз болып табылады.
(ҚР ҚІЖК 177 бабының 2 2 бөлімі).
Жасаған қылымысына айып тағу үшін жергілікті дәлелдемелердің
болуы....
Заңда шешім қабылдаудың негізі ретінде фактілерді не дәлелдемелерді
көрсетеді. Осының салдарынан, шешімнің негізділігінің 2 элементін
қарастырайық. Бірінші элементі – фактілер, екінші элементі – дәлелдемелер.
Осы екі элементтің қылмыстық іс қозғаудағы қажеттілігі туралы бірқатар
авторлар оқулықтарында жазған. Қылмыстық іс қорғауға негіздің түсінігі
екі элементті өзіне біріктіреді: 1. Лауазымды тұлғаға мәлім болған
оқиғадағы қылмыстың белгілері, 2. Қылмыс белгілерін орнықтыратын жеткілікті
деректер[4, 38 б.].
Қылмыс белгілері заңдық критерий деп аталады, ал жеткілікті деректер
фактілік критерий деп аталатын қылмыстық іс қозғауға қатысты екі элементті
көрсету қәзіргі уақытта да орын алады. Кейбір авторлар тек бір ғана негізді
көрсетеді, ол – дәлелдемелер. ҚР ҚІЖК – нің 115 бабында көзделгендей,
дәлелдемелер дегеніміз ҚР Қылмыстық Кодексінде көзделген әрекеттердің
болғандығын немесе болмағандығын, айыптаушының бұл әрекетті жасағандығын
немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәсіздігін,
сондай – ақ істі дұрыс шешу үшін алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық
іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Яғни, процессуалдық шешімнің
негізі ретінде дәлелдемелердің болуын көрсету дұрыс болып табылады. Бірақта
мұндай жолмен келуі аяқталмағандықты білдіреді.
Қылмыстық істі қозғау сипаттамасында көп жағдайда саты деген
түсінік кездеседі. Қылмыстық сот өндірісінің бөлігі саты деп тек келесі
жағдайлар бар болғанда айтылады:
1. Өзінің нақты міндеттеріне тән болса.
2. Онда қылмыстық процестің қағидалары орын алса.
3. Қылмыстық процессуалдық қызмет суъектілердің арнайы ортасымен
сипатталса.
4. Құқық қолдану актілерін типтік рәсімделсе .
Бұдан көретініміз, қылмыстық прогрестегі саты – бұл тек процестің
бөлігі ғана емес, сонымен қатар құқықпен реттелетін бөлік болып танылады.
Бұл құқықтық специфика процестің дербес сатысын реттейтін және құқықтық
институт деп аталатын құқықтық нормаларда айқындалған. Қылмыстық іс қозғау
сатысы жоғарыда аталған жағдайларды қанағаттандыра ма? Әрине, бұл сұраққа
ие деп жауап беру керек. Біріншіден, ол өзінің нақты міндеттеріне тән.
Бұл саты маңызды міндетті шешеді – қылмыс туралы түскен алғашқы міндеттерді
қарау және қылмыстық істі бастау үшін материалдық құқықтық пен
процессуалдық нұсқаудың (предпосылки) болуымен байланысты сұрақтарды шешу
- өзінің нақты міндеттеріне тән болуы кезеңі, қылмыстық процесстің
қағидаларының жүзеге асуына ықпал етеді [5, 123 б.]. Бұл кезеңде процесс
жүріп жатқанымен, бірақ қылмыстық іс жоқ. Бұл сатыда қылмыстық істі қозғау
немесе қозғамау сұрағы шешіледі. Сондықтан да мұнда жариялылық,
жарыспалық, айыптаушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету және т.б.
қағидалар толық түрде әрекет ете алмайды. Сондай – ақ істің мән – жайын жан
– жақты, толық, объективті зерттеу қағидасы да толық әрекет ете алмайды.
Мұнда сөзсіз заңдылық қағидасы сақталуы тиіс. Осы сатының субъектілерінің
ортасы жеткілікті түрде белгіленген. Мұнда әзір процесстің қатысушылары
деп атауға болатындай субъектілер жоқ. Бұл сатыда азаматтар арыз беруші,
анықтама алатын тұлғалар ретінде қатысады. Лауазымды тұлғалардың ортасы
кәдімгідей, ол бізге мәлім.
Қылмыстылыққа қарсы күрес – құқық қорғау органдарына мәлім болған
қылмыстың әрбір фактісіне тез арада және ұқыпты кірісуді талап
етеді.қылмысты ашуға, кінәлілерді ұстауға, дереу және белсенді кірісіп кету
үшін нақты негіздер қажет, ал ол негіздер қысқа мерзім ішінде анықталуға
тиіс. Мұндай негіздерді анықтау қылмыстық іс қозғау сатысына жатады. Бұл
негіздерді анықтамай тұрып және қылмыстық іс қозғау туралы шешімді
шығармай тұрып, тергеуге кірісуге болмайды. Қылмыстық іс қозғау туралы
шешім шығару алдын – ала тергеуге кірісудің заңы негізі болып табылады.
Қылмыстық іс қозғау туралы шешімінсіз қалаған басқа келесі әрекеттер заңсыз
деп танылады.
Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтыңтөрағалық етуімен Астанада құқыққорғау органдары басшыларының
және облыс әкімдерінің қатысуымен алқалы мәжіліс өтті. Онда республика
көлеміндегі қылмыстық жағдай талданып, құқыққорғау құрылымдары жұмысының
нәтижесін арттыру, қадағалау және сот органдарының заңдылық пен тәртібін
қамтамасыз етудегі құқықтық реформаны одан әрі тереңдетудің алдағы
міндеттері сараланды.
Мәжілісті ашқан мемлекет басшасы тәуелсіздіктің екінші он жылдығына
қадам басқан еліміздегі орын алған жетістіктерде құқыққорғау органдары
қосқан үлеске тоқтала келе, ең маңызды реформаның бірі құқықтық жүйеде
болуға тиістілігін атады.
Бұдан әрі сөз алған құқыққорғау органдарының басшылары елдегі
заңдылықтардың сақталуы мен қылмыстық ахуалға байланысты жағдайды
баяндады. Қазақстан Ркспубликасының Бас Прокуроры Р. Түсіпбековтың
баяндамасында заңдылықтың сақталуында, әсіресе экономикалық жүйеде
көлеңкелі ағымның басым болып отырғандығын атады. өткен жылы прокуратура
Үкіметтің 35 актісін заңға сай емес деп тапқан. Олардың көпшілігі қажетті
талдау жұмыстары жүргізілмей асығыс қабылданған. Министрлік және
ведомстволарда мұндай актілер саны – 96, ал облыстық және аудандық актілер
– 2000 нан асады. Прокуратура органдарымен өткен жылы барлығы 29 000 заңсыз
құқықтық акт анықталған, оның 2000-ға жуығы нормативтік сипатта.
Күрделі күйде қалып отырған қылмыстық ахуал жөнінде де айтылмай
қалған жоқ. Тіркелген қылмыстардың саны өткен жылы 152 мыңнан асқан. Аса
алаңдататыны – ауыр және аса ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны ұлғайып,
9 % -дан асқан және 75 мыңға жеткені. Қылмыстың денеге ауыр жарақат салу,
зорлау сияқты ауыр қылмыс түрлері өскен. Оң өзгерістер де жоқ емес, соңғы
екі айда тіркелген қылмыстар саны 9 % - ға азайған.
Бас Прокурор қылмыстық қудалау органдары қызметін де сынға алады.
Қылмысты есептеп жасыру тәжірибеден түспей тұр. өткен жылы прокурорлармен
2,5 мыңға жуық бұрын тіркелмеген қылмыстар ашылып,
оның жартысынан көбі сот қарауына жіберілген. Сын тізгінінен Ішкі Істер
Органдары да құр қалмады. Прокурорлар өткен жылы 117 азаматтың заңсыз
ұсталғанын анықтаған. Жалпы алғанды 354 адамның заңсыз қылмыстық
жауапкершілікке тартылғаны айқындалған. Жіберілген олқылықтары үшін өткен
жылы құқыққорғау органдары қызметкерлеріне қатысты 50 қылмыстық іс
қозғалған. Коррупциялық сипаттағы қылмыстың ашылу көрсеткішіде бұрынғы
дәрежесінде қалуды. Жыл сайын 2 мыңнан аса қылмыс тіркелуде. Мұндай әрекет
үшін өткен жылы 500-ден аса адам сотталған.

1.1 Қылмыстық іс қозғау-қылмыстық процестің басты сатысы ретінде
Қылмыстық іс қозғау – болған немесе дайындалып қылмыс туралы
қылмыстық ізге түсу органдарына келіп түскекн хабарлама мен қабылдау,
тіркеу және шешуге арналған қылмыстық процестің бастапқы сатысы. Онда
қылмыс іздері анықталады, бекітіледі, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мен
ескерту шаралары қолданылады.
Аталған сатының болуы заңды және негізді алдын ала тергеудің басталуын,
қылмыстық процесске қатысушыларының құқықтары мен бостандықтарын шектейтін
процесуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудағы әрекеттердің жүзеге асырылуын
қамтамасыз етеді.
Қылмыстық іс қозғау қылмыстық процестің қажетті, бастапқы және міндетті
сатысы болып табылады. Бұл сатыда қылмыстық қудалау органдары нақты іс
бойынша іс жүргізуге қажетті мәліметтердің бар немесе жоғын анықтап, қылмыс
белгілерінен тұратын аныќталѓан фактілер бойынша єрекеттер жасау
ќажеттілігі және осыған орай сот төрелігі органдарының араласуы сияќты
бірқатар мәселелер шешіледі.
Қылмыстық істі қозғау - ол өкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың
қылмыстық іс бойынша өндірісті бастауға себептер мен негіздердің бар не
жоғы жөнінде мәселелер шешілетін қылмыстық процесс сатысы.
Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін қылмыстық ізге түсу органдары нақты істі
қарау мен тергеуге бағытталған процесуалдық әрекеттерді жүргізуге және
азаматтарға процесуалдық мәжбүрлеу шараларын: тінту, алу, куәлардан жауап
алу, тексеру, куєландыру, эксгумация және өзге де тергеу әрекеттерін
қолдануға құқылы єрі міндетті болады. Бұл қылмыстық іс қозғау сатысының
процесуалдық- құқықтық немесе заңды мәнін білдіреді.
Қылмыстық іс қозғау сатысы саяси мәнге де ие болады. Іс қозғау туралы
мәселені дұрыс және жылдам шешу құқықтық тәртіп пен заңдылықтың нығайуына,
қылмыспен күресу шараларын өткізуге, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мен
ескерту шараларын қолдануға өз әсерін тигізеді. Бұл мәселені мұқият қарау
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қылмыстық істердің
негізсіз қозғалуы орын алмас еді.
Қылмыстық ізге түсу органдары өздеріне мәлім болған қылмыстың кез келген
фактілерін жылдам ќарауѓа, тексеруге және қажетті жағдайларда қылмыстық
істі қозғауға міндетті болады.
Қылмыстық іс қозғау сатысы - қылмыстық процестің дербес сатысыныњ бірі.
Сондықтан ондағы мәселелер дер кезінде және дұрыс шешілуі тиіс.
Аталған сатыда тиісті лауазым иелері болған немесе дайындалып жатқан
қылмыс туралы хабарламаларды ғана қабылданып қоймай, қылмыстық іс қозғау
немесе одан бас тарту туралы дәлелді шешімдерді де қабылдайды. Қылмыстық іс
қозғау сатысының жеке дара сипатқа ие болуы ондаѓы қылмыстық процесуалдық
қызметтіњ жүзеге асырылуы мен әрбір қылмыстық істіњ осы сатыдан
басталатындыѓынан кµруге болады [6, 87 б.].
Қылмыстық іс қозғау барысында оны жасаған адам нақты белгілі болмаса да,
қылмыстық іс болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы фактілі
себептермен қозғала береді. Егер қылмыстық іс қозғау кезінде оны жасаған
адам туралы мәлімет болса, онда ол мәліметтер алдын ала тергеу немесе сот
талқылауы барысында түрлі процесуалдық әрекеттердің көмегімен мұқият
тексеріледі.
Белгілі бір тұлғаны қылмыс жасады деп қылмыстық жуапкершілікке тарту
үшін айыбын негіздейтін жеткілікті дәлдемелер жиналуы қажет. Мұндай
дәлелдемелер анықтама және тергеу барысында жиналады және олар алдын ала
тергеу сатысына тән белгілі бір процесуалдық нысанға айналады.
Мемлекетіміздің алдына қойған бірқатар міндеттеріне сай қылмыспен күресуге
қоғамның қатысуы қылмыстық іс қозғау сатысында үлкен мәнге ие болады.
Қылмыстық ізге түсу органдарының қоғаммен күнделікті тығыз байланыста болуы
қылмыстың жасалу фактісін уақтылы анықтауға үлестерін қосады.
Қылмыстық іс қозғау туралы мәселені тек арнайы уәкілеттілік берілген
органдар мен лауазым иелері ғана шеше алады. Оларды ќылмыстық іс жүргізу
заңы нақты көрсетеді. Арнайы уәкілеттілік берілген органдар мен лауазым
иелеріне прокурор, тергеу мен анықтама органдарының бастықтары, тергеуші,
анықтаушы жатады.
Қылмыстық іс қозғау - күрделі процесуалдық ќызметтіњ бір түрі. Ол өзінің
мәнін жан-жақты көрсететін бірнеше белгілерге ие болады. Бұл ұғымды
төмендегідей түсінуге болады:
- біріншіден, қылмыстық істің пайда болу шарттарын, тәртібін және өзге
де мән-жайларын анықтайтын нормалары бар қылмыстық процесуалдық институт;
- екіншіден, қылмыс туралы алғашқы түскен мәліметтерді заңға сәйкес
қабылдау, қарау және шешу барысындағы әрекеттер мен қарым-қатынастардан
тұратын қылмыстық іс жүргізудің біртұтас кезеңі;
- үшіншіден, нақты қоғамға қауіпті әрекет бойынша қылмыстық процестің
басталуы жөніндегі лауазымды тұлғалардың тиісті жеке процесуалдық
актілердің бірін шығаруы.
Қылмыстық іс қозғаудың мәні мен маңызы оның органикалық біртұтас
екендігін ескере отырып, оны жан-жақты қарастырған жағдайда ғана
анықталады.
Қылмыстық іс қозғауды процесуалдық-құқықтық институт ретінде
қарастырудың мазмұны заң нормаларының жиынтығы арқылы анықталады. Аталған
нормалар қылмыс туралы түскен алғашқы мәліметтерді қабылдау, қарау және
шешуге байланысты пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейді. Жоғарыда
аталған институттың нормалары тиісті лауазымды тұлғалардың қоғамға қауіпті
әрекет жөніндегі алғашқы мәліметтерді қабылдау, қарау, тіркеу қызметтерінің
нысаны мен мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қылмыстық істі кім, қандай
жағдайда жєне қандай тәртіптермен бастайтындықтарын бекітеді. Олардың саяси-
әлеуметтік мазмұны халқымыздың, сондай-ақ қоғамдық материалдық өмір
жағдайларының құқықтық көзқарастарын бейнелейді. Бұл нормалар тәуелсіз
мемлекетімізбен бекітілген және оның қызметінің демократиялық қағидаларына
сай. Олар егеменді Республикамыздың саясатын, оның халқының еркіндігін
білдіре отырып, құқықтық мемлекет құруға көмектеседі.
Жалпы қылмыстық іс қозғау институты қылмыстық іс жүргізу пайда болған
кезден бастап-ақ оның бөлінбес бір бөлігі болған. Бірақ бұл бөлімді
өзгерістерге ұшырамады деуге болмайды. Бұл институт мемлекетіміздегі өзге
де құқықтық мекемелер сияқты құрылып, қысқартылып және тереңдетілуіне
байланысты дамып және демократиялы болған, ал оның нормалары әрдайым
тексеріліп, талданып, алға қарай дамып отырған. Дегенмен өмір талабына сай,
заман ағымына және қоғамның өзгеруіне орай аталған сатының осы қалпында
қалуына ешкім де кепілдік бермейді. Әрине, ол реформалауға жатуы мүмкін.
Қылмыстық іс қозғау институты қылмыстық процесуалдық құқықта аса маңызды
орынға ие. Аталған институттың нормаларымен қылмыстық іс жүргізудегі іс
қозғаудың себептері мен негіздері, қылмыс фактісі жөніндегі алғашқы
мәліметтерді қабылдау, қарау және шешу тәртіптері сондай-ақ, қылмыстық іс
қозғауға уәкілетті органдары мен олардың өкілеттіктері, қарым - қатынастары
реттеледі. Бұл нормалар тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтары
мен міндеттерін дәл анықтайды. Және уақытты үнемдей отырып болған әрбір
қылмыс фактісін қабылдау, қарау үшін неғұрлым тиімді жағдайлар жасайды. Осы
заң нормаларының арқасында болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы
алғашқы мәліметтерге назар аудару алғашқы қадамда-ақ мелекеттік және
қоғамдық мүдделерге толық, нақты, қатаң түрде жауап беретін шек қойылады.
Осынысымен қылмыстық процесуалдық қызметтің бастапқы кезеңінде заңдылықтың
қатаң сақталатындығы анықталады. Және аталған қызметтің барысында пайда
болған қатынастардың анық, нақты және құқықтық бекемділігіне назар
аударылады. Заңсыздыққа жол беру мүмкіндігін жоя отырып, азаматтардың заңды
мүдделері мен құқықтарын қорғау қамтамасыз етіледі.
Қылмыстық іс қозғау институтының нормалары нақты қоғамдық қатынастарды
реттейді және осы қатынастар саласындағы адамдардың өзін-өзі ұстау
ережелері ретінде қызмет етуге шақырылады [7, 93-96 бб.]. Осы нормалармен
анықталған заңды құқықтар мен міндеттер белгілі-бір тұлғалардың әрекеттері
арқылы жүзеге асырылады.
Бұл әрекеттер әрдайым қылмыстық материалдық-құқықтық қатынастарда орын
алған болжамалы немесе фактілі себептерге байланысты жүзеге асырылады
немесе болған, дайындалып жатқан қылмыс туралы алғашқы мәліметтердің
алынбауына байланысты қылмыстық іс қозғау институтының нормаларын қолдануға
да мүмкіндік болмайды. Осы көріністен кейін қылмыстық іс жүргізудің
қылмыстық құқықпен тығыз байланысты екендігін көруге болады.
Өзінің сипатына қарай мұндай әрекеттер екі жақты болады. Олардың бірі
қылмыстық іс қозғауға уәкілетті мемлекеттік органдардың алдына ќойылѓан
процесуалдық - құқықтық актіні (мысалы, қаулы шығару немесе хаттама жасау)
шығару өкілеттігіне жатқызылған мәселерді шешу барысында көрінеді. Осындай
құқықтық әрекеттерді жасай отырып, анықтама, тергеу және прокуратура
органдарының лауазымды тұлғалары өз құқықтары мен міндеттерін процестің
қатысушысы болып табылатын тұлғаның алдында емес, ол мемлекеттік органға
жүктелген тікелей жариялы құқықтық міндеттерді орындайды. Осыған сәйкес
олар өзге жағдайларда нақты қылмыстық процесуалдық қатынастардың
субьектілері болып табылмайды. Мұндағы олардың әрекеттері процесуалдық
қатынастардың пайда болуы, өзгеруі мен қысқаруына әсер ететін бірқатар жаңа
құқықтар мен міндеттерді тудыратын заңды фактілі мәнге ие болады.
Қылмыс туралы арызданушының, прокурордың немесе өзге де уәкілетті
тұлғалардың бір-біріне қатысты өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге
асырудағы әрекеттері біршама түрлі сипатқа ие болады. Оларды жүзеге асыра
отырып, олар сөзсіз нақты қылмыстық процесуалдық қатынастардың субьектілері
болып табылады. Мысалы, белгілі бір тұлға қылмыстың фактісі жөнінде арыз
береді - тергеуші ол арызды қабылдайды; қылмыс туралы арызданушы
тергеушінің әрекетіне шағым береді - прокурор ол шағымды қабылдайды және
т.с.с. Мұндай жағдайларда өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырушы
тұлғалардың әрекеттері тиісті процесуалдық қатынастардың мањызды мазмұнын
құрайды.
Бірақ аталѓан процесуалдық әрекеттер және қатынастар органикалық
біртұтастықта болады. Өйткені алғашқылары шартты немесе пайда болудың
(өзгеру, қысқару) себебі болса, екіншісінің маңызды мазмұны болады. Жалпы
олар қылмыстық іс қозғау қызметін құрайды.
Қылмыстық іс қозғау қызметі келіп түскен қылмыс туралы алғашқы
мәліметтерді қабылдау, тексеру, ол бойынша процесуалдық шешім қабылдау, ол
шешімге шағымдану және оның заңдылығы мен негізділігін тексеруді қамтиды.
Ол процесуалдық әрекеттер мен қатынастардан тұратындықтан құқықтық болып
табылады және заңға сай орындалады. Бұл қызмет қылмыстық процестің алғашқы
кезеңдерінің бөлігін құрайды. Оны процестің шегінен шығаруға әрекет жасау
және оның болмысы ретінде қарастыру – заман талабы.
Қылмыстық іс жүргізу қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарылып, ол
актінің күшіне енуіне орай басталады деген көзқарастың дұрыс еместігін
мойындауымыз қажет. Олай деуіміздіњ себебі, яғни іс қозғау барысында
жасалған, сондай - ақ тиісті қаулыны қабылдау процестің шегінен шығады және
ол болмыс ретінде бағаланады. Нәтижесінде іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің
барысында емес, оған дейін жүргізілген болып есептелінеді.
Егер мұндай көзқарасты қолдайтын болсақ, онда мына төмендегідей
қорытындыѓа келуге болады: қылмыстық іс жүргізу құқығының маңызды
институттарының бірінің нормаларын барлық қылмыстық процесуалдық қызметтен
тыс қолдану оның уақытша және процесуалды емес сипатқа ие болатындығын
білдіреді. Бұлай болу ойға сыймайды және ол мәні бойынша әділ деп
есептелмейді.
Іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің бөлінбес бір бөлігі. Яѓни ол
ќылмыстыќ процестіњ дербес сатысы .
Әрине, кезінде іс қозғау жеке дара процесуалды саты болып табыла ма,
ал егер олай болса ол неден құрылады, оның шегі қандай деген мәселелер
кµтерілгендігін айта кетсек, артық болмайды.
Осы кезге дейін криминалистер қылмыстық процесс екі сатыдан алдын-ала
тергеу және істі сотта қараудан тұрады деп есептеген. Ол кезде қылмыстық іс
қозғау алдын-ала тергеудің бір бөлігі деп саналған немесе егер іс бойынша
алдын-ала тергеу талап етілмесе істі тыңдау тағайындалатын.
Аталған көзқарасқа қарсы болып ең бірінші М.С.Строгович сөйледі. Ол
қылмыстық іс қозғау жеке дара процесуалды саты болып танылуы тиіс екендігін
баса айтты [8, 68 б.]. Бірақ бұл көзқарас мұнымен бір қалыпты болмайды. Ол
егер істі қозғаудан және ол бойынша тергеуді бір орган жүргізетін болса,
онда іс қозғау мәні бойынша алдын-ала тергеудің басталуымен сәйкес
келетінін айтты [9, 3 б.].
Сонымен бірге оның көзқарастары да бір-біріне қарама-қайшы болды,
егер қылмыстық іс қозғау мәні бойынша процестің өзге сатыларымен бірігіп
кететін болса, онда мұндай жағдайларда оны формальды белгілері бойынша жеке
дара сатыға бөлуге болмайтынын да айтады.
М.С.Строговичтен кейін де көптеген процесуалистер қылмыстық іс қозғау
жеке дара процесуалды саты болып табылады деген пікірлер айтты. Бірақ
олардың жұмыстарында айтылған көзқарасаты негіздейтіндей жеткілікті
мәселелер келтірілмейді. Бұл жұмыстардың кейбіреулерінде қарама-қайшы
аргументациялар келтірілген. Демек, бұл сатыны бір ғана актіде - тиісті
қаулы шығаруда көреді, бірақ сонымен бірге процестің кез келген сатыларының
белгісі процесуалдық қатынастардың жиынтығы болып табылатындыѓын айтады
[10, 5 б.]. Процесуалистердің бірқатары осы күнге дейін қылмыстық іс қозғау
жеке дара саты болып табылмайды, ол алдын-ала тергеудің бастапқы кезеңі,
яғни М.Л Щерба қылмыстық іс қозғауды жеке дара саты деп бөлудің ешқандай
да қажеттігі жоқ яғни қылмыстық іс қозғау мен алдын-ала тергеуді екі
сатыға бөліп шектеуге негіз жоқ, әрі десеңіз, қылмыстық іс қозғау мәні
бойынша бір ғана құжат-қылмыстық іс қозғау туралы қаулыны шығарумен
шектеледі. Кімге мұндай микростадия қажет? деген кµзќарастар да айтылѓан
[11, 87-89 бб.]. Әрине, бұл мәселе қазіргі таңға дейін өзекті болып келеді.
Жалпы қылмыстық іс қозғауға байланысты қызмет бір ғана тиісті
процесуалдық шешімді қабылдаумен байланысты деген пікірдің дұрыс емес
екендігін атап өту қажет. Мұндай қорытынды заңнан туындамайды. Ол қылмыстық
процестің бастапқы кезеңінің мәні мен міндеттерін жоққа шығарады. Әрине,
қылмыстық іс қозғау туралы шешімі - қылмыстық іс жүргізудің алғашқы
кезеңінің маңызды екендігіне ешқандай күмән жоқ. Ол уәкілетті лауазымды
тұлғалардың алғашқы мәліметтері бойынша өз шешімдерін бейнелейтін
әрекеттерінің бірі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс қозғауға уәкілетті органдарға
қылмыс туралы кез келген арызды қабылдауға, арызданушыға өтірік, жалған
жеткізгені үшін жауапкершілік жөнінде ескертуге және хаттама жазуды (егер
хабарлама ауызша жасалса немесе өзі кінәсін мойындап келсе) жүктейді (ҚІЖК
178 бап). Қылмыстық іс қозғауѓа µкілетті органдар мен лауазымды тұлғалар
аталған міндеттерді атқара отырып, процесуалды әрекеттерді жүзеге асырады,
себебі олар қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттеледі.
Жоғарыда аталған органдар қылмыстық әрекет туралы алғашқы мәліметтерді
алғаннан кейін белгілі бір мерзім ішінде оны қарап, оның негізділігін
тексеруге міндетті.
Қылмыстық ізге түсу органдарының лауазымды тұлғалары қылмыс туралы
мәліметтерді қарау нәтижесінде белгілі - бір қорытындыға келеді. Осыған
орай қылмыстық іс қозғау қызметінің келесі кезеңі - шешім шығару болып
табылады. Бұл шешім процесуалдық заңға сәйкес қаулы нысанында шығарылады
және ол сөзсіз қылмыстық процесуалдық акт болып табылады (ҚР ҚІЖК 185
бабы).
Шешімнің қабылданғандығы жөнінде прокурорға (егер іс тергеушімен немесе
анықтама органдарымен қозғалса) және мүдделі тұлғаларға хабарланады.
Сонымен бірге арызданушылардың мүддесін қабылданған шешім
қанағаттандырмайтын болса, оған шағым беру құқығы бар екендігі
түсіндіріледі. Егер қабылданған шешімге шағым немесе наразылық келтірілетін
болса, онда белгілі бір тәртіппен бұл шешімнің заңдылығы мен негізділігі
тексеріледі, ал қайта тексерудің нәтижесінде тиісті шешім шығарылады және
ол жөнінде мүдделі тұлғалар құлақтандырылады.
Қылмыстық іс қозғауға байланысты қызметті қарастыруда тергеу
органдарының істі өз өндірісіне қабылдау қаулысының, осы қызметпен
қамтылмайтындығын міндетті түрде ескеруіміз қажет. Бұл қаулы - қылмыстық
істі тергеу органдарының актісі десек те, ол тәжірибелік тұрғыдан қозғау
мен тергеу қатар жүргізіледі. Ол қозғалған қылмыстық істің бар екендігін
жєне қылмыс туралы хабарламаныњ қабылданып, қарастырылып оңды шешілгеннен
кейін ғана ойға сыйатындығын білдіреді. Қылмыстық іс қозғау органдарының
алдында тұрған міндеттерді орындау тергеу органдарының істі өз өндірісіне
қабылдау қаулысының болғандығын көрсетеді.
Кейбір жағдайларда қылмыстық іс қозғау туралы қаулыда істі өз өндірісіне
қабылдау туралы шешім көрініс табады. Бірақ ол жағдайды өзгертпеуі тиіс.
Бұған, біріншіден, жан-жақты қарастырылғаннан кейін ғана жол беріледі.
Екіншіден, ол бір ғана процесуалдық құжатта екі түрлі шешімдердің
бекітілетіндігін куәландырады. Сондықтан құжат арқылы процесуалдық
сатыларды қатаң шектеудің барлық уақытта мүмкін екендігін ұсынады.
Қылмыстық істі қозғау қызметі өте күрделі болып табылады. Оның құрамына
қылмыстық факт туралы арызды қабылдау, оны тексеру, ол бойынша процесуалдық
шешім қабылдау, сонымен бірге қабылданған шешімнің заңдылығы мен
негізділігін тексерудегі әрекеттер мен қатынастар жатады. Осы қызметті
қылмыстық процестің жеке дара, бөлек сатысы деп санауға бола ма?
Берілген сұраққа жауап беру үшін, ењ алдымен, қылмыстық процесс
сатысының не екендігін анықтап алу қажет.
Іс жүргізу сатысын процесуалдық құқықтың институтымен араластыруға
болмайды. Алғашқысы екіншісінен белгілі бір заң нормалары болғандықтан
емес, оларды жүзеге асырудағы кезеңдерімен ерекшеленеді. Бір құқықтық
институттың нормалары қылмыстық процестің екі немесе одан да көбірек
сатыларында қолданылуы мүмкін.
Процесуалдық саты қылмыстық процесуалдық қызметінің кезеңі, баспалдағы
екендігі белгілі. Бірақ бұл қызметтің дамуында кез келген баспалдақ
процестің жеке дара, бөлек сатысы деп танылмайды. Бұл үшін ол бірқатар
талаптарды қанағаттандыруды және бірнеше белгілермен сипатталуы тиіс. Олар
тµмендегідей:
- біріншіден, процестің белгілі бір кезеңі, егер өзге жағдай заңның
өзінде айтылмаса, өтіп кетпейтіндей, құтыла алмайтындай бөлігінің болуы
қажетті. Процестің сол немесе өзге де сатысының болмауы немесе одан аттап
кету, тікелей заңмен қарастырылады (мысалы, жеке айып тағу істері бойынша
алдын-ала тергеудің болмауы; соттың үкіміне шағым немесе наразылықтың
келтірілмеуіне байланысты апелляциялық сатының болмауы);
- екіншіден, жеке саты деп танылған процестің кез келген бөлігі
орындалмаған жағдайда процестің әрі қарай дамуына кедергі жасайтындай
тікелей міндеттерге ие болулары тиіс. Бұл міндет, сот төрелігінің жалпы
міндеттерінен туындайтын және сот ісін жүргізудің тиісті кезеңіне сәйкес
нақтыланатындай, сондай - ақ жетерлік дербестікпен сипатталуы тиіс;
- үшіншіден, қылмыстық процестің дербес сатысын құрайтын процесуалдық
әрекеттер мен қатынастар сот ісін жүргізудің осы кезеңіндегі ерекше
шарттарда өткізіледі және ол өз сипаты мен субьектілердің жағдайларына орай
процестің бұл кезеңін оның өзге кезеңдерінен ерекшелендіреді;
- төртіншіден, қылмыстық процестің әрбір сатысының аяғында арнайы
өкілеттілік берілген лауазымды тұлға өз шешімі мен істің әрі қарай
жүргізілуін көрсететін акт қабылдайды. Сондай-ақ осы сатыда дєәелдеу
қызметі жүзеге асырылады деген қорытындыға келуге болады. Бірақ ол қызмет
процестің өзге сатыларындағы дәлелдеуден ерекшеленеді. Ол жөнінде жұмыстың
өзге бөлімдерінде толығырақ айтылады.
Бұл белгілердің жиынтығы процестің тиісті баспалдағының біртұтастығын,
оңашалығын жєне дербес аяқталатынын білдіреді. Ол белгілер барлық
криминалистермен процестің жеке сатысы деп есептейтін қылмыстық
процесуалдық қызметтің бөліктерінің кез келгендеріне де тән. Алдын-ала
тергеу, сотқа беру, басты сот талқылауы, үкімді апелляциялық тәртіппен
қайта қарау және т.б. - қылмыстық процестің барлық осы сатылары аталған
талаптарға жауап береді. Сонымен бірге көрсетілген талаптарға дербес сатысы
деп танылмаған процестің бірде - бір бөліктері жауап бермейді.
Қылмыстық іс жүргізу проблемасына арналған әдебиеттерде,
монографиялық еңбектерде, ғылыми мақалаларда қылмыстық іс қозғау ұғымына
әртүрлі түсінік беріледі. Сондықтан қылмыстық іс қозғауды көп ұғымды деп
санаймыз.
Ең алдымен, қылмыстық іс қозғауды процессуалдық институт деп атаймыз,
яғни қылмыстық іс қозғау сатысында туатын мәселелерді реттейтін құқық
нормалардың жиынтығы деп атаймыз. Екіншіден, қылмыстық іс қозғаудеп, іс
қозғау туралы жазылатын іс жүргізу актісін айтамыз. Осы іс қозғау туралы іс
жүргізу актісі жазылғаннан кейін, іс қозғау туралы қаулы шықаннан кейін
тергеу әрекеттері жүргізіле бастады. Үшіншіден, қылмыстық іс қозғау деп,
қылмыстық – қылмыстық іс жүргізудің ең істер жүргізудің жеке тәуелсіз
сатысын айтамыз.
Қылмыстық іс қозғау сатысы – бір қажетті де, міндетті бөлігі. Қандай
да болмасын қылмыстық іс осы сатыға соқпай өте алмайды. Қылмыстық іс қозғау
сатысын бөлек, тәуелсіз саты дедік, сол себептен қылмыстық іс жүргізудің
басқа сатылары сияқты іс қозғау сатысының өзіне тән белгілері,
ерекшеліктері бар. Осы белгілері мен ерекшеліктері арқылы қылмыстық іс
қозғау сатысын басқа сатыдан айыруға болады. Мысалы, бұл сатының өзіне тән
міндеттері бар. Қылмыс бойынша іс қозғау міндеттері арнаулы лауазымды
адамдарға жүктеледі. Іс қозғау жұмыстары заңда көрсетілген тәртіппен
реттеледі, яғни процессуалдық нысанда өтеді. Қылмыстық іс қозғау кезеңі
нақтылы бір шешім қабылдаумен аяқталады. Қылмыстық іс жүргізуге арналған
әдебиеттерде іс қозғау көпшілік таныған процестің тәуелсіз сатысы болып
табылады. Оның іс жүргізудің бірінші сатысы екіншісіне ешқандай күмән
болмауы керек. 30 жылдары бұл туралы басқа да пікірлер айтылған. Мысалы,
қылмыстық іс қозғау – іс жүргізудің өз алдына бөлек сатысы емес, алдын –
ала тергеу сатысының басы немесе бастамасы деп атаған. Осы пікірмен
келісетін болсақ, алдын – ала тергеу қылмыс туралы арыз немесе хабар алудан
басталады. Мұндай жағдайда іс қозғалмай тұрып, тергеу әрекеттері
жүргізілмесін деген заң талабы бұзылады, бұл заңдылыққа әкеп соқтырады. Ал
заң бойынша алдын ала тергеу мерзімі іс қозғау туралы қаулы қабылданғаннан
кейін басталуы керек.
Қылмыстық іс қозғау сатысының өзіне тән міндеттері бар:
- қылмыс туралы арызды қабылдау; оларды қарау, қажет болса арызды
толықтыру үшін немесе іс қозғау себептерінің заңдылығын және іс қозғау
негіздерін жеткілікті дәлелдеу үшін жұмыс жүргізу;
- қылмыстық іс жүргізуге кедергі жасайтын жағдайларды анықтау;
- қылмысты болдырмау немесе алдын алу дайындалып жатқан қылмысты тоқтату;
- қылмыс жасалған жағдайда заң тәртібін сақтап, оны бекіту.
Профессор Н.Н. Полянскийдің пікірі бойынша іс қозғау сатысының
міндеттерінбылай пайымдаған: Алдын ала тергеу жүргізуге құқықтық негіз
болатын фактіні анықтау. Іс қозғау келесі сатыда, яғни алдын ала тергеу
сатысында қылмыс істеген адамдарды анықтауға жағдай жасайды. Кейбір істер
бойынша қылмыс жасап жатқан үстінен шыққанда, айыбын өзі мойнына алып өзі
келгенде және т.б.
Қылмыстық іс қозғау сатысының саяси – саяси–қоғамдық маңызыда бар.
Оның ең бастысы істі уақытында заңды түрде қозғауда. Заңды және уақытында
қозғалған іс қоғамдық құрылысты, оның саяси және экономикалық жүйелерін,
мемлекет меншігін және азаматтардың жеке басының саяси, еңбектік, мүліктік
және басқа да құқықтары мен бостандықтарын қорғайды.
Қылмыстық іс қозғау сатысы барлық процесс сияқты заңдылық қағидасына
негізделген. Сондықтан орынсыз, дәлелсіз, заңсыз іс қозғап кінәсәздерді
жауапқа тартуға болмайды. Сонымен қатар, іс қозғау сатысы қылмыс жасаған
адамның әрауқытта жазасыз қалмайтындығын қамтамасыз етеді. Егер қылмыстық
іс өз уақытында қозғалмаса, қылмыстың іздерін жасыруға, қылмысты
білдіртпеуге мүмкіндік туады. Кейде дәлелдемелер жойылып кетеді. Ал
дәлелдемелер болмаса, іс бойынша ақиқатты анықтау қиындыққа түсіп, қылмыс
ашылмай қалуы да мүмкін.
Қылмыс жасаған адамдар іздерін жасырып, жауапкершіліктен құтылу
жолдарын іздестіреді. Уақытында ұсталып, жауапкершілікке тартылмаса,
кейбіреулері ауыр қылмыс жасауы мүмкін. Мысалы, Қарағанды қаласындағы
Михеевтің бандасы уақытында ұсталынбаған соң 22 қылмыс жасаған. Ростов
қаласындағы Чикотиланың қылмысы 1978 жылдан бастап, ол 10 жылдың ішінде 8 –
15 жас аралығындағы 21 баланы, 9-17 жас аралығындағы 14 қызды және 18 жас
әйелді өлтірген. Егер қылмыс уақытында ашылмаса, жәбірленушінің құқықтары
мен заңды мүдделері қорғалынбай қалады және уақытында ашылмаған қылмыс
уақыты өткен соң, ашылмай қалуыда мүмкін. Мысалы, Қызылорда қаласындағы
Байтұрсынов көшесінің бойындағы 1000 ұсақ дүкенннің жанында 3 азамат бір
кісіні ұрып, бөркін, былғары қолбағын шешіп алып, тонап кеткен.
Жәбірленуші үйіне келген соң, басы айналып қан қысымы көтеріліп ауырады,
әйелі жедел жәрдем шақырып, күйеуін ауруханаға жібереді. Осы қылмыс бойынша
уақытында іс қозғамай бір жылдан кейін ғана қозғалады, ал оның ашылуы –
ашылмауы екі талай.
Қылмыстық іс қозғау сатысының процессуалдық сатысының маңызының мәні
мынада, істі қозғау туралы қаулы жазылғаннан кейін іс бойынша Қылмыстық Іс
Жүргізу Кодексінде көрсетілген тергеу әрекетін жүргізуге,
процессуалдықеріксіз шараларды қолдануға болады. Осы тұрғыдан қарағанда,
қылмыстық іс қозғау – тергеу әрекеттерін жүргізуге алдын – ала жағдай
жасайды. Қылмыстық іс қозғау сатысында іс бойынша тергеуді кім жүргізетіні
анықталады (ол Ішкі Істер Органның, Ұлттық Қауіпсіздік Органның, әлде Қаржы
Полициясы Органының тергеушісі ме). Содан кейін іс қозғау сатысында
қылмыстық іс бірінші рет сипатталып, жіктеледі. Бұл жағдайда, біз осы
қылмыстық маңызын көреміз. Қылмыстың алғашқы жіктелуі тергеу барысында
тексеріледі, азаматты жауапқа тартқанда анықталады.
Осы жоғарыда айтылған мәселелерді қорытындылай келе мына жағдайды
ерекше айту керек. Яғни қылмыстық іс қозғау сатысында:
1.2. Қылмыс туралы арыз бен хабарламаны қараудың және қабылдаудың
міндеттілігі
Қылмыс туралы арыз бен хабардың тексерудің мақсаты – қылмыстық іс
қозғаудың немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың заңдылығы мен
негізділігі қамтамсыз ету. Түсетін қылмыс туралы арыз бен хабарды шартты
түрде екі топқа бөлуге болады:
1. Алдын ала тексеруді қажет етпейтін хабарлар, егер де қылмыс
белгілері айқын болса. Мысалы, бөлшектелген мәйіттің табылуы;
жәбірленушінің пышақ жарақаттарымен емханаға түсуі және т.б.
2. Алдын ала тексеруді қажет ететін хабарлар, егер де бар
мәліметтердің негізінде қылмыс белгілерін анықтау мүмкін болмаса. Көбінесе
мынандай қылмыстар: тауар материалдық құндылықтардың жетіспеуі туралы;
қызметтік және шаруашылық құқықбұзушылықтар; жыныстық қылмыстар және т.б.
Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда, яғни бұл кезек күттірмейтін жағдайлар
кезінде оқиға болған жерді қарау қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі
мүмкін. Кезек күттірмейтін жағдайлар деп, егер қарауды жүргізу тез арада
жүргізбесе, қылмыстың іздерін жойып жіберуге әкеледі; егер қарау
жүргізбейінше қылмыс белгілерінің бар екендігі туралы дұрыс шешімге келу
мүмкін болмаса. Мысалы, мәйіттің табылуы жөніндегі хабар бойынша.
Егер хабарды тексеру барысында қосымша мәліметтер алу қажет етілсе,
прокурор, тергеуші, анықтама органы жетіспейтін материалдарды сұратуға
немесе олардың мазмұнымен сол жерде танысуына болады. Түсініктеме беруге
шақырылған адамнан, оған мәлім барлық жағдайларды айтып беруді ұсынуымен
басталады. Кейбір кезде түсініктеме алуды жауап берушінің жұмыс орнынан,
мысалы, бір уақытта құжаттарды қараумен алған дұрыс. Түсініктеме жазбаша
нысанда жасалынады және онда түсініктеме берушінің аты-жөні, тегі;
тұрғылықты жері көрсетіледі. Түсініктемені түсінік беруші өз қолымен жазуға
құқылы. Оған әдейі жалған бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы
ескертілмейді. Дегенмен түсініктеме алу барысында, одан шындықты айтуына
назарын аударады. Түсініктеме беруге шақырылған адамға процессуалдық
мәжбүрлеу шараларын (привод) қолдануға болмайды. Егер түскен материалдағы
мәліметтердің бірінде қылмыс белгілерін анықтау үшін тексеру талап етілсе,
ал басқасында қылмыс белгілері айқын болса, онда қылмыстық іс қозғалып және
барлық фактілер тергеу жолымен анықталады.
Жалпы бұған түсініктеме бере өтсек, прокуратура, сот, тергеу және
анықтама органдарына азаматтардың жазбаша және ауызша арыздары бойынша;
мемлекеттік органдарының лауазымды адамдардың немесе ұйымды басқару
функцияларын атқаратын адамдардың жазбашы хабарлауымен; бұқаралық ақпарат
құралдардағы хабардың жариялануымен; кінәсін мойындап келуімен; лауазымды
адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс
туралы мәліметтерді тікелей анықтауымен түседі.
Қылмыс белгілері бар арыздар мен хабарлар қаралуға жатады және
нәтижесінде мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
- қылмыстық іс қозғау туралы;
- қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы;
- арызды, хабарды тергеу ретімен, ал айып тағу істері бойынша – сот
ретімен беру туралы (ҚР ҚІЖҚ 185 бабының 1-ші бөлімі).
Қылмыс туралы хабар кінәсін мойындап келуімен де түсуі мүмкін. Мұндай
жағдайда кінәсін мойындап келгеннің жеке басын анықтаймыз және хаттама
толтырамыз. Заң тұрғысынан қарағанда кінәсін мойындап келу жеңілдетілмеген
мән – жайларға жатады. Сондықтан да хаттама ол адамның өз еркімен
келгендігі және арыз өз еркімен жасағандығы міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Кінәсін мойындап келген адамның жеке басын анықтау басқа құжаттарды
тексеру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, тұрғылықты жері бойынша анықтама
жасау, жұмыс орны немесе оқу орны бойынша және т.б. кінәсін мойындап келген
адам өз қолымен арызын жазуға құқылы. Дегенмен сот, прокуратура, тергеу
және анықтама органдары бұл жөнінде хаттама жасауға міндетті. Хаттамаға
кінәсін мойындап келегн адам және мәлімдемені қабылдаған лауазымды адам
қол қояды. Кейде мынандай жағдай болады, егер кінәсін мойындап келген адам
өзінің физикалық жетіспеуіне немесе білімсіздігіне байланысты хаттамаға қол
қоя алмаса. Мұндай жағдайда іске еш қатысы жоқ адам шақыртылады. Ол адам
арыз берушінің келісімімен хаттамада жазылғаны дұрыстығын қол қоюымен
куәләндырады. Әр бір қылмыс туралы арыздар мен хабарлар белгіленген
тәртіппен тіркелінеді. Тіркеу барысында хабардың түскен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz