Агробизнес экономикасы



Кіріспе

1 Агробизнес экономикасының негіздері
1.1. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
2 Агроқұрылымдар бизнес.жоспары
2.1. Бинес.жоспартақырыбының мазмұны мен түсінігі
2.2. Шаруа қожалығының бизнес.жоспарының үлгілері

Қорытынды
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салаларға тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық - әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады. [3.-52 бет].
Агробизнес кешені ресурстар, ауылшаруашылығының, маркетниг және агросервистік қызмет жасайтын құрылымдардан, яғни негізгі төрт сферадан тұрады.
Бизнес – жоспар шаруа қожалығының немесе өндірістік кооперативтің күнделікті жұмысын жүйелі және тиімді басқару үшін керек. Негізнен бизнесте жобаға орай есеппен іс - әрекеттер жасап қателеспеу мақсаты қойылады. Осындай жолмен кәсіпорынның тезірек қалыптасуына, оның көздеген өндірістік және қаржылай көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүдделі.
Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек деген тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады.
Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған нарық жағдайында да бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысуып отыруы мүмкін, бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады. Көп жылға тәжірибеде сыналған олардың көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірігіп кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теориялардың тиісті тарауларынының негізін құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан саяси және ілеуметтік конъюнктураның әсеріне ұшырады.
Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру өндіру үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10,5 миллиардқа жуық гектар құрайды. Өз кезінде К.А.Тимирязев айтып кеткендей, егер планета бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның барлық адамдарын қоректендіруге қауқары жетеді.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 Агробизнес экономикасының негіздері
1.1. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
2 Агроқұрылымдар бизнес-жоспары
2.1. Бинес-жоспартақырыбының мазмұны мен түсінігі
2.2. Шаруа қожалығының бизнес-жоспарының үлгілері

Қорытынды

Кіріспе

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге
және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген
шақтағы аралас салаларға тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы
экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең
зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық
- әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену
қажеттілігі туады. [3.-52 бет].
Агробизнес кешені ресурстар, ауылшаруашылығының, маркетниг және
агросервистік қызмет жасайтын құрылымдардан, яғни негізгі төрт сферадан
тұрады.
Бизнес – жоспар шаруа қожалығының немесе өндірістік кооперативтің
күнделікті жұмысын жүйелі және тиімді басқару үшін керек. Негізнен бизнесте
жобаға орай есеппен іс - әрекеттер жасап қателеспеу мақсаты қойылады.
Осындай жолмен кәсіпорынның тезірек қалыптасуына, оның көздеген өндірістік
және қаржылай көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүдделі.
Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық
экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек
деген тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің
тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің
қажетті буыны болып табылады.
Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік
бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған нарық
жағдайында да бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең алдымен,
мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста
болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы бойынша олар
әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады.
Экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысуып отыруы
мүмкін, бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады. Көп жылға тәжірибеде
сыналған олардың көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірігіп
кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теориялардың тиісті
тарауларынының негізін құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан
саяси және ілеуметтік конъюнктураның әсеріне ұшырады.
Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру өндіру
үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл
шаруашылығы қажеттілігіне жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10,5 миллиардқа
жуық гектар құрайды. Өз кезінде К.А.Тимирязев айтып кеткендей, егер планета
бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш салып өмір сүретіндей
жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның барлық адамдарын қоректендіруге
қауқары жетеді.

1. Агробизнес экономикасының негіздері

1.1 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге
және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген
шақтағы аралас салаларға тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы
экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең
зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық
- әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену
қажеттілігі туады.
70-жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір
кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше агроөнеркәсіптік кешен атауы
пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қоладынысына енді. Оның үш саласы
– қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар
кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша
ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз
табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің
салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді (1-схема).
Агробизнес кешені

1-схема
Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйтқысы
ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға (І) ауыл шаруашылығын
техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды
қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғниөндірістің материалдық факторымен қамтамасыз
ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға
мүмкіндік беретін қаржылық ресурс – несие де кіреді. Бұл сфера ауыл
шаруашылығы үшін ресурстар рыногін қалыптастырып, оның техникалық және
технологиялық деңгейін анықтап, ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығынының
көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін
ресурстарды тауып, жеткізуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптің басқа
салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады. [3. – 68 бет ].
Сфералардың үшінші тобы (ІІІ) егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға
жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік
сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық салаларға қатысты маркетингтік арналарға
қарағанда агробизнестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік
сала – тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы
дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындар
қажеттілігінің өсуі мен азық – түлік сервисінің дамуына байланысты ол онан
сайын өсе түсуде.
Төртінші сфера (IV) агробизнесті толықтай және оның жекелеген
салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады.
Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның ішінде агробизнестің басқа
сфераларына мамандандырылан қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар,
кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу,
коммуникация, мемлекеттік реттеу және басқару бар. Оның негізгі ерекшелігі
сонда, агросервис мемлекеттік құрылымдар: ауыл шаруашылығын басқару,
рынокті реттеу ұйымдары, ғылыми-зерттеу, мамандандырылған білім беру және
тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақты түрде жұмыс істейтін,
агробизнестің бірден-бір сферасы болып табылады. Сондықтан да, міндеттерді
шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге
бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің
техникалық қызмет көрсету, агротехникалық және агрохимиялық қызметтер,
жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және ғалымдар мен мамандардың
консультациясы, материалдық – техникалық жабдықтау және қамтамасыз ету және
басқа қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен
кәсіпорындарына сондай – ақ шаруа және фермерлік ұйымдар, одақтар мен
бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына шаруашылық, экономикалық және
әлеуметтік мақсаттарды қойған.
Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрамымен өте ұқсас
және ол үш негізгі сфераның басын құрайды (2-схеманы қараңыз).

Агроөнеркәсіптік кешен

І ІІ
ІІІ

2-схема
Бірінші сфераға (І) трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау,
минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық
құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және
микробиология, сондай – ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін
салалар кіреді.
Екінші сфераға (ІІ) таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары – егін
шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық мал азығын өндіру жатады.

Үшінші сферасы (ІІІ) әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау,
тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің
жиынтығы болып табылады. Кей жағдайларда бірқатар мамандар тасымалмауды,
сақтауды және байланысты өндірістік инфрақұрылымның салалары ретінде
өздігінше, жеке төртінші сфера (IV) жатқызып жүр.
Құрылымдарға талдау жасау көрсетіп отырғанындай, агробизнес және
агроөнеркәсіптік кешендер сандық жағынан болсын, сапалық жағынан болсын
өздерінің құрамы бойынша бір- бірімен ерекшеленеді. Өздерінің қарауындағы
салалар немесе қызмет түрлерінің даму деңгейіне байланысты бұл
айырмашылықтар онан сайын айқынырақ байқалады. [3.- 71бет ].
Бір қарағанда дәстүрлі қабылдауға үйренген біздерге таңқаларлықтай
болып көрінетін бір жайт, агросервис құрамында мемлекеттік реттеуші жүйенің
болуы әлгі маңызды айырмашылықтардың бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік
кешеннің отандық схемасында мемлекеттік басқару әдетте әдейі көрсетілген
жоқ. Өйткені, әкімшіл-әміршіл жүйеде мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалық
жүйенің басынан аяғына дейін экономикалық дамудың қозғаушы факторы болғаны
айтпаса да түсінікті. Ал, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеу
агробизнес жұмыс істеуінің тегерішіне қосылған экономикалық процестерді
қамтамасыз етудің басқарушы және үйлестіруші элементі ретінде көрінетіні
рас.
Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген сфераларға бөлу
процесінің экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі
өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай
алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген
салалар мен сфералардың рациональді арақатысынан айқындалатын болғандықтан,
бұл кешендердің ішкі тепе – теңдік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің
Республикамызда маркетингтік сфераның дамымай артта қалуының себебі ауыл
шаруашылығы шикізаты мен азық – түлігінің көп ысырапқа ұшырауы болып
табылады. Кейбір жылдары жалпы өнімнің 25-35 проценті ысырап болған. Біздің
еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімінің құрылымын Америка Құрама
Штаттарындағымен салыстыру көрсеткеніндей, бұл жердері айырмашылық бізді
аса қуанта қоймайды. АҚШ-та агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімінің 70
проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 процентке жуығы ауыл
шаруашылығының үлесіне тиеді. Ал, біздің Республикамызда ауыл
шаруашылығының үлесі 50 проценттен асып кетіп отыр. Оның үстіне АҚШ-та ІІІ
сфераның өзінде сауда жүйесі басым, ал бізде бұл жұмыстарды тамақ
өнеркәсібі атқарады.
Дәл осындай жағдай нарықтық экономикасы дамыған басқа елдерде де
қалыптасқан. Мысалы, Францияда азық-түлік құнының 75 проценттен астамы ауыл
шаруашылығынан тыс жерде жасалады. Скандинавия елдерінде түпкі өнімде тамақ
өнеркәсібінің үлесі 65 процент құрайды.
Батыс елдері өнеркәсіп кешені құрылымының қозғалысына тән бір жайт,
мұнда азық – түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту
байқалады. Мысалы, АҚШ-та 1960-1985 жылдар аралығында мұндай қысқарту 30
процентке жуық болды. Мұның өзі негізінен ауыл шаруашылығы өндірісі
есебінен жасалып отыр. Ал, өңдеу саласындағы және саудадағы қызметкерлердің
саны өсе түсуде. Айталық АҚШ-та соңғы он жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінің
маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны бір жарым есе өсті. Қорды
қажет ететін салалар мен шығарылған техника мен ауыл шаруашылығы өнімдерін
өңдіру технологиясының бір – бірімен сәйкес келмеуі, егін шаруашылығы мен
мал шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың жетілдірілген
жүйесінің болмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы өндірісінің үлес салмақтарын
салыстыру отандық агроөнеркәсіп кешенінде салааралық және ішкісалалық
сәйкестіктің жоқтығын аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да
айтарлықтай емес. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық секторын
реформалау ауыл үшін қсініліп отырған техниканың сәйкессіздігін қатты
сезініп отыр. Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың кең ауқымда жүргізілетін
өндірісіне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа қожалықтарының
қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде
мал басына арналған жем-шөп өндірудің көлемі мен сапасы, малды азықтандыру
технологиясы мен күту процесінің сәйкессіздігі байқалады.
Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі
құрылымдық сәйкессіздіктерді жою әрекеті 80-жылдардың өзінде бірнеше рет
бой көрсеткен.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық –
түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта
құрылды. Бірақ шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл - әкімшіл экономика
шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен
сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық
байланыстар негізінде жүйенің өз - өзін реттеу жолымен ғана жасауға болады.
Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторға бірдей бастау
алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге
болмайтын өзіндік ерекшеліетер бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда
болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей
қатысты.
Агроқұрылымдар бизнес жоспары.

2.1. Бизнес – жоспар тақырыбының мазмұны мен түсінігі

Көпшіліктің арасында бизнес десе болды коммерция, алыпсатарлық деген
теріс пайымдау фактілері де жоқ емес. Бұл негізінен дұрыс емес, бизнес –
нарықтық экономиканың факторы, оның алға басу механизмі болып табылады.
Бизнес ағылшын сөзі – іс, іскерлік деген ұғымды береді. Іскерлік
дегеніміз жеке бастамамен өз атынан тәуекелге бел буып, мүлкімен
жауапкершілік жүгін арқалаған алып жасаған жеке азаматтардың және заңды
тұлғалардың тұрақты табыс, пайда табу мақсатында жасаған іс – қимылы. Мұны
ол жер үлесін, мүліктерін тиімді пайдалану, өндірген тауарын сату,
жұмыстарды орындау және қызмет көрсету жолдарымен табады. Іскер адам
сонымен қатар қабілетін көрсету мен іскерлік статусын нығайту мақсатында да
еңбек етеді.
Бизнесмен – іскер адам, табыс, пайда табу мақсатында өзінің жекеменшік
ісімен шұғылданатын тұлға.
Бизнес орталық – іскерлік жұмыстарды ұйымдару орталығы. Ол іскерлікке
өз қызметтерін көрсетеді.
Нарықтық экономиканың алғашқы негізін қалаушысы Адам Смит іскерліктен
тапқан пайданы қоғамның бизнесменге – меншік иесіне бастамашылық іс -
әрекеті мен тәуекелге бел буғандығына төлеген сыйақысы деп түсіндіреді.
[18. – 5 бет ].
Бизнесмен өзінің жеке басының ерекшеліктерімен көзге түсуі керек. Ол
ұзақты болжай білуі мен оған сеніммен қарау, есепте пысық және тәуелсіз
болу, жаңалыққа жақын және үнемшіл, мәселенің алдын ала білу, тағы сол
сияқты адам бойындағы дарындарға ие болуы керек. Сонымен қатар іскерлік бір
сөзділікті және этиканы сақтай білуді қажет етеді.
Экономика бойынша әдебиеттерде: Бизнес дегеніміз субъекттің нарықтық
экономика жағдайында пайда табу үшін жасаған экономикалық әс - әрекеті,
деген түсінік алға тартылады.
Бизнесті – іскерлікті құқықтық жағынан қамтамасыз етуде оның бірнеше
ұйымдық – құқықтық түрлері бар. Оның ең қарапайым түрі жеке кісінің
іскерлігі, яғни жеке тұлғаның тәуелсіз іс - әрекеттері. Олар көбінесе
лицензия, төлемді патент алу жолымен өз істерін бастайды.
Жекеменшік іскерліктің басқа бірнеше түрлері бар, ол: шаруа қожалығы,
жеке кәсіпорын немесе серіктестіктер, тағы сол сияқтылар. Бұлар мемлекеттік
тіркеуден өтіп заңды тұлға болып құжаттанулары керек. Жеке кісілердің
іскерлігі шектеулі көлемдегі жұмыстарды атқарады және олардың ауқымы да
кішігірім істер. Сондықтан пайдасы да аз мөлшерде болады. Олар шаруашылық
серіктестіктерге бірігу жолымен іскерлік жұмыстың көлемін ұлғайтып, алатын
пайданы бірнеше есеге көбейтуі мүмкін.
Мүліктік жауапкершілігінің деңгейіне, мөлшеріне қарай серіктестіктер
толық және шектелген жауапкершілікпен бірігеді. Сонымен қатар өндірістік
кооперативтер, кіші кәсіпорындар және акционерлік қоғамдар құрылады. Ең ірі
бизнесті ұйымдастыру үшін корпорацияларға, концерндерге, холдинг
компанияларға бірігу керек.
Бизнестің түрлері. Бизнес – нарықтық қарым – қатынастағы экономиканың
барлық жағын қамтитын саналуан түрлі іс - әрекеттер. Оларға: өндіріс, сатып
өткізу, қаржылай қамтамасыз ету, сақтандыру, қызмет көрсету, сол сияқты
тауар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша адамдардың іс –
қимылдары жатады. Осы іс - әрекеттердің сипаттарына қарай бизнес -
өндірістік, сауда – саттық, қаржы, делдалдық және сақтандыру бизнесі болып
бірнеше түрге бөлінеді.
Өндірістік бизнес негізінен өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдерін
шығарумен айналысады.
Агробизнестің теориясы мен практикасы (Оспанов М., Р. Аутов және Х.
Ертазин) еңбегінде өндірістік бизнестің схемасы ұсынылған. Ол төмендегідей:
Өндірістік бизнестің принципиалдық схемасы:

ЖЕ ЖЖ
АҚ
ТР

АА
ТС
АН НҚ

Шартты белгілер:
АҚ – айналма қор
АА – айналма қордың сатып алу үшін ақша
НҚ – негіз өндіріс құралы
АН – негізгі құралды сату немесе жалға алу үшін ақша
ЖЖ – жалданған жұмысшылар
ЖЕ – жалдап алынған жұмысшылардың еңбек ақысы
ТР – тауар, өндірістің сатуға арналған өнімі
ТС – тауарды сатудан түскен табыс.
Коммерциялық немесе сауда бизнесі – тауарды сатумен және сатып алумен
айналысатын кәсіпкерлік.

Сауда саттық бизнесінің принциптік схемасы:
Т
Т
АН
АК
Шартты белгілер:
Т – тауар
АН – тауар иесіне сатып алуға жұмсалған ақша
АК – кәсіпкер коммерсанттан тауар сатып алуға жұмсалған ақша.
Қаржы бизнесі дегеніміз – қаржы рыногында ақша сатып алу және сату
жолымен бизнес – іскерлік жасап пайда табу.
Қаржы бизнесінің принциптік схемасы:
АҚ
АҚ
АТ
АС

Шартты белгілері:
АҚ – ақша қаржысы
АТ – ақша қаржысын сатып алу үшін жұмсалған ақшалай төлем
АС – қаржы бизнесменінен ақша қаржысын сатып алушының төлемі.
Делдалдық бизнес дегеніміз – ақпараттар негізінде тұтынушыны мен
өндірушіні – сатушының арасын келістіріп кәсіпкерлік тізбегіне қосу.
Делдалдық бизнестің схемасы:
А
А

АТ
АТ
ДТ

Шартты белгілер:
А – ақпарат
АТ – ақпарат үшін төлем
ДТ – делдалдық үшін төлем.
Сақтандыру бизнесі
Сақтандыру бизнесі – ерікті түрде мүліктік сақтандыру, жеке
кәсіпкердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру, тәуекелділік пен
жауапкершілікті сақтандыру, яғни сақтандыру жолымен құрылған ерекше
қызметтерді сатып алу.

Сақтандыру бизнесінің схемасы:
СТ

Қ

СЖҚ

Шартты белгілер:
СТ – сақтандыру қызметінің төлемі
Қ – сақтандыру қызметі
СЖ – сақтандырушының ақшалай шығынының қайтарымы.
Жоғарыдағы келтірілген бизнес түрлерінен біздің қарайтынымыз
ауылшаруашылығы өндірісінің бизнесі.
Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі үш факторы бар:
Олар жер, еңбек және капитал. Осы үш факторды қимылға түсіретін фактор
– агробизнес деп аталады. Бизнестің өзіне тән белгісі сол, ол жекеменшікке,
өндіріс факторына негізделеді.
Агробизнес кешені ресурстар, ауылшаруашылығының, маркетниг және
агросервистік қызмет жасайтын құрылымдардан, яғни негізгі төрт сферадан
тұрады.
Агробизнес кешенінің схемасы

Бизнес-операция – бір бизнес іс - әрекет жасау мақсатында жүргізілген
бірнеше іс-қимылдар процедураларының қорытындысы. Бизнес–іс- әрекеттер
жоспар бойынша ұйымдастырылып,өндірістен тауар сатып алудан басталады да,
тауарды сату, пайда табумен аяқталады. Бизнес- операцияны іс жасау (сделка)
деп те атайды.
Бизнес жоспар-бизнес операцияны іс жүзінде орындау бағдарламасы, оны 3-
5 жылға жасалады. Бизнес жоспарда фирма туралы толық мәліметтер, оның
өндірісі, өндірістік тауары, сатылатын рыногі, маркетингтік зерттеулері,
іс жасауды ұйымдастыру әрекеттері және олардың тиімділігі анықталады.
Бизнес – жоспар шаруа қожалығының немесе өндірістік кооперативтің
күнделікті жұмысын жүйелі және тиімді басқару үшін керек. Негізнен бизнесте
жобаға орай есеппен іс - әрекеттер жасап қателеспеу мақсаты қойылады.
Осындай жолмен кәсіпорынның тезірек қалыптасуына, оның көздеген өндірістік
және қаржылай көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүдделі.
Мақта шаруашылығының көп укладты, нарықтық экономикалық өатынастарға
өтуіне байланысты бизнес жоспар көптеген жас буын кәсіпкерлердің кездейсоқ
жағдайларға ұшырауынан сақтандырады, пайда табуда дұрыс бағыт алуына
көмектеседі. Бизнес жосапар бойынша материалдық және еңбек ресурстарын
тиімді пайдаланудың жолдары анықталады. Агробизнесте ой- мақсаттардың
орындалуы үшін капитал қажет. Керекті қаржының мөлшерін, алатын қаржы
көзін, оның өсімдерін есептеп талдау керек болады. Мақта шаруашылығында,
мақта- шикізатын өңдеу зауытында фьючестік келісімдер жасау кәсіпкерлерді
ынталандырады, сондай –ақ селолық несие серіктестерімен де қаржыландыру
келісімін жасаға болады.
Бизнес – жоспарды амалға асыруда инвесторларды тартуға немесе бірнеше
жеке тұлғалардың серіктестігін құру жолымен несие мөлшерін жетерлік етіп
алуға болады. Бұл іс - әрекеттерді орындауда бір кісі бас шылық жасап,
бастама көрсетуі қажет.

Бизнес жоспар:

Жер көлемі: 10 га.
Оның шит себу үшін егістік жер көлемі: 8 га.
Пленка астына қарбыз өсіру үшін жер көлемі: 2 га.
Жоба бойынша 1 га түсетін мақта шикізатының өнімі: 30 ц.
Қарбыздан түсетін өнім: 350 ц.
Жалпы мақта өнімі: 24 тонна.
Оның сатылатыны – 24 тонна.
Қарбыздың “Ница” сорты - 35*2=70 тонна.
Оның сатылатыны - 65 тонна.

1. Тұқымдық шит :
1га норма бойынша тұқым шығыны - 30 кг
1га қосымша тұқым сақтандыру қоры (15%) – 4.5 кг
Барлық тұқым шығысы – 1га – 34.5 кг
1 га қаржылай шығысы – 34.5*52=1794 тг.
8 га қаржылай шығысы – 8*1794=14352 тг
2. Жанар-жағар май:
1 га норма бойынша жанар жағар май шығысы – 300 кг
1 га дизель отынының бағасы – 300*45=13500 тг
Жалпы мақта алқабына кететін шығыс – 8*13500=108000 тг
3. Минералды тыңайтқыштар:
1 га нормаға сай барлық түрлері бойынша – 300 кг
Азот – 150 кг.
Фосфор – 100 кг.
Калий – 50 кг.
1 га түкка айналдырғанда:Азот – 15034.5*100=435 кг
Фосфор – 10024*100=416 кг
Калий - 50 кг
1кг азот бағасы –22 тг.
1кг фосфор бағасы - 15тг
1кг калий бағасы - 20тг
1га қаржы шығысы азотқа – 435 * 22 = 9570 тг
1га қаржы шығысы фосфорға – 416 * 15 = 6240тг
1га қаржы шығысы калийге – 50 * 20 = 1000тг

Мақта алқабына қаржы шығысы – Азот - 8 * 9570 т = 76560 т
Фосфор – 8 * 6240 т = 49920 т
Калий – 8*1000 т = 8000 т
Жалпы минералды тыңайтқыштар үшін қаржы шығысы:
N+P2O5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
Агробизнес
Агроөнеркәсіп пен агробизнес интеграциясы
Агробизнес қызметінің теориялық негіздері
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
Агробизнес туралы
Қазақстандағы агробизнес
Агробизнес мәселесі
Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары
Рента қатынастары және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі
Пәндер