Азаматтық іс жүргізу жайлы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Диплом жұмысы Қазақстан Республикасындағы азаматтық іс бойынша сотта істі бірінші сатыда қарап шешу түсінігін, тәртібін, ерекшелігін және де сот отырысының бөлімдеріне талдау жасау. Бірінші сатыда істі қарап шешу барысында шығарылатын сот актілерінің түсініге, түрлеріне тоқталып жеке-жеке қарастыру болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Азматтық істер бойынша сот төрелігінің басты әлеуметтік міндеті адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін соттық қорғау болып табылады. Бұл - қоғамдық маңызы бар қажеттілік және өз алдына құқықтық және демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойған Қазақстан Республикасы үшін маңызды міндеттердің бірі.
Азматтық құқықтарды қорғау және сақтау құқықтық мемлекет қызметінің құрамдас бөлігі және азаматтық қоғам қызметінің негізгі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабының 2-тармағында белгіленгендей, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар [1] . Бұл бір жағынан, азаматтың тиісті сотқа қорғанып жолдануын, екінші жағынан, соттың берілген арызды қарау және ол бойынша заңды, негізді шешім қабылдау міндетін білдіреді. ҚР Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазастан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.
Азаматтық құқықтардың қорғалуы сотпен және аралық соттармен жүзеге асырылады. Бұзылған құқықтарды қорғаудың нысандары ішінде сот арқылы қорғану, оның конституциялық орган ретінде әділсоттылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік билік органы ретінде іс жүргізу қызметінің басты әрі ең тиімді субъектісі болып табылады. Яғни сот арқылы бұзылған немесе даулы құқықты қалпына келтіру неғұрлым демократиялы, қолжетімді әрі ашық тиімді нысан болып табылады.
1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ-нің Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында әрбір адам Конституциямен немесе заңмен оған берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда құзіретті ұлттық соттармен құқығын тиімді қалпына келтіруге құқылы делінген [2, 390 б. ] . Демек, осы Декларацияны мойындаған әрбір мемлекет азаматтарының өз сот органдары арқылы қорғалуы абсолюттік құндылықты құрайтын негізгі бостандықтар мен құқықтардың қатарына жатқызылады. Сонымен қатар, 1966 жылы 19-желтоқсанда қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің 14-бабының 1-бөлігінде «Әрбір адам өзіне тағылған кез келген қылмыстық айыптауды карау кезінде немесе қайсыбір азаматтық процессте оның құқықтары мен міндеттерін анықтау кезінде заң негізінде құрылған құзіретті, тәуелсіз және әділ сот арқылы ісі әділетті және ашық қаралуын талап етуге құқылы» [3] деп жариялап осы халықаралық пактіні бекіткен әрбір мемлекет азаматтарының өз ісінің құзіретті сотта қаралуы құқығына кепілдік береді.
Құқық қорғау жүйесіндегі соттардың ерекше рөлін білдіретін негізгі көрініс оның жеке және заңды тұлғалардың құқын қорғау мен жүзеге асырудағы шешуші маңызы болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда азаматтық істер жүргізу кодекстеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістерге сәйкес енді үш буынды сот жүйесі қалыптасты. Енді бірінші сатыдағы соттағы істерді аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданарлаық сот) қарайды. Осыған орай ендігі барлық ауыртпалық осы бірінші сатыда істі қарап шешуге жүктелетіні анық. Істің сапалы шешілуі - заңды әрі негізді шешімнің шығарылуын қажет етеді.
Дипломдық зерттеудің объектісі - Қазақстан Республикасының сот жүйесін кұрайтын соттардың азаматтық істерді бірінші сатыда қарап шешу кезінде қалыптасатын азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен реттелетін қоғамдық қатнастар.
Дипломдық зерттеудің пәні - азаматтық істердің бірінші сатыда қаралуы мен шешілуінің теориялық және практикалық аспектілері.
Дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеттері - бірінші сатыда істі мәні бойынша қарап шешуде сотпен жүзеге асырылатын әрекеттерді талдау. Аталған мақсат келесі міндеттерді айқындайды:
- Әділ соттылықты жүзеге асыру барысындағы құқықтық реттеудің кемшіліктерін айқындау, оларды жоюға бағытталған ұсыныстар жасау;
- Азаматтық іс жүргізу құқығының бір бөлімі ретінде бірінші сатыда іс жүргізудің түсінігін анықтау;
- Бірінші сатыда істі мәні бойынша қарау барысындағы бөлімдерді жеке талдау;
- Бірінші инстанция сот актілеріне тоқталып, олардың мәнін ашу болып табылады.
Диплом жұмысын жазу барысында қолданыстағы заңнамаға талдау жасалып, Қазақстандық және ТМД елдерінің көрнекті процессуалист-заңгер ғалымдарының еңбектері қарастырылды, атап айтсақ: Абдуллина З. К., Баймолдина З. Х., Егембердиев Е. О., Треушников М. К., Чечина Д. М., Козлов А. Ф., Осипов Ю. К., Гурвич М. А., Зейдер Н. Б. және т. б.
Сондай-ақ зерттеу-зерделеу жұмысымыздың нормативтік құқықтық базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Заңы, Азаматтық іс жүргізу кодексі және өзге де нормативтік құқықтық актілер.
1. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ
1. 1 Бірінші сатыдағы сотта азаматтық іс жүргізудің мәні және мағынасы
ҚР Конституциясының 75-бабының 4-тармағына сәйкес республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және Конституциялық заңмен белгіленеді [1] . ҚР Конституциясы 75-бабының 3-тармағы «Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады» [1] деп жариялайды. Сот жүйесінің құрамына «басқа да соттар» ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 21 мамыр 2007 жылғы №254-ІІІ ҚР Заңымен қосылды. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңының 3-бабына 17-қараша 2008 жылғы №80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес жергілікті соттарға облыстық оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары) ; аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот), ал басқа да соттардың қатарына мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар жатқызылады[4] .
Даулы мәселені қарап шешуде азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі және шешуші субьектісі басты іс жүргізушілік қызметті, яғни істі мәні бойынша шешуді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы сот болып табылады. Осы жерде «бірінші саты соты» ұғымының мәнін ашып қарайтын болсақ, А. Ф Козловтың берген анықтамасы бойынша, сот істерін қарауға (жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу жолымен) және оларды мәні бойынша шешуге (азаматтық істер бойынша тиісті шешімдерді және қылмыстық істер бойынша үкімдерді шығару жолымен) өкілетті соттар бірінші саты соттары болып табылады. Ал азаматтық істерді мәні бойынша шешу мәлімделген азаматтық талапты қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бастарту жөнінде шешім шығаруды білдіреді [5, 17 б. ] . Г. Ж Сулейменованың анықтауы бойынша, бірінші саты соттары жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу жолымен сот істерін қарауға және қылмыстық істер бойынша қаулы, үкім және де азаматтық істер бойынша тиісті шешім, ұйғарым шығару жолымен оларды мәні бойынша шешуге өкілетті соттар болып табылады [6, 44 б. ] . В. М. Семеновтың пікірінше бірінші саты соттарымен жүзеге асырылатын сот төрелігі азаматтық іс бойынша талапты қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау және қылмыстық істер бойынша сотталушыны айыптау немесе ақтау мақсатында істі мәні бойынша талқылау [7, 78] . Біздің ойымызша жоғарыда айтылған пікірлер дұрыс себебі, сот төрелігі алдымен бірінші сатыда жүзеге асырылады, өйткені азамат немесе ұйым өзінің бұзылған құқықтары мен даулы мүдделерін қорғап алдымен осы сотқа жолданады.
ҚР Конституциясының 75-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасында сот төрелігің тек қана сот жүзеге асырады» деп жарияланған[1 б. ] . Осы нормаға сәйкес соттан басқа ешбір құқық қорғау органы сот билігін, сот төрелігін жүзеге асыра алмайды. З. Х. Баймолдинаның пікірінше, ешбір нормативтік құқықтық актіде құқық жөніндегі дауларды соттың құзіретінен алып тастайтын норма болмауы тиіс. Сот қоғамдағы барлық құқықтық сұрақтарды түпкілікті шешетін жалғыз орган болып табылады және болуы тиіс [8, 13-15 бб. ] .
Құқық қорғау жүйесіндегі соттардың ерекше рөлін білдіретін негізгі көрініс оның жеке және заңды тұлғалардың құқын қорғау мен жүзеге асырудағы шешуші маңызы болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда қылмыстық және азаматтық істер жүргізу кодекстеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. 2008 жылы конституциялық реформалар аясында сот жүйесіне жаңа үрдістер енді. Сот өндірісін жеңілдету мен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында үш буынды жүйенің негізі қаланды. Осы реформаға дейін азаматтардың даулы мәселелер бойынша ісі бірінші сатыда аудандық, облыстық, Жоғарғы соттарда қаралса, оған процессуалдық мерзімде шағым беруге облыстық соттың апелляциялық саты, мұнан кейін қадағалау сатысы, Жоғарғы Соттың қадағалау инстанциясы секілді бірнеше сатылардан өтіп, іс бойынша нақты шешімнің шығуы көп уақытты алады. Халықтың бірнеше инстанцияларда табан тоздырып, уақытын кетірместен сот әділдігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін үш сатылы сот қалыптастырылды. Енді барлық санаттағы істерді бірінші саты тұрғысында аудандық және оған теңестірілген соттар қарайды. Еліміздің облыстық және оған теңестірілген соттары апелляциялық және кассациялық сатыда істерді қараса, Жоғарғы Сот тек қадағалау сатысында істерді қарайтын болады. Бұған дейін облыстық сотта азаматтық істер жөніндегі алқа, қылмыстық істер жөніндегі алқа және қадағалау алқасы қызмет атқарып келсе, жаңа өзгерістер енгізілгеннен кейін тек апелляциялық, кассациялық, азаматтық және қылмыстық істер бойынша алқалар құрылады. Аталған сот алқаларына осы Конституциялық заң талаптарына сай төрағалар басшылық жасайды.
ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы №227-ІV Заңына сәйкес енді барлық істер аудандық (қалалық) соттың және оған теңестірілген соттардың соттауына жатады. Жоғарыда аталған заңға сәйкес Азматтық іс жүргізу кодексінің 27 - бабында былай деп көрсетілген:
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 5-тармағында көзделген істерді қоспағанда азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып шешіледі. Яғни облыстық және Жоғарғы соттың бірінші саты ретінде іс қарауы қысқартылды. Біздің ойымызша бұл өте орынды себебі, азаматтық істердің көп бөлігінің аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттарда қаралуына жатқызылуы олардың қаралуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді. Аудандық соттар тараптармен тікелей байланысу үшін көп мүмкіндіктерге ие, оларға сот мәжілісіне куәгерлердің келуін қамтамасыз ету, қажетті құжаттарды талап ету және де толып жатқан басқа да процессуалдық әрекеттерді орындау ыңғайлы болып табылады. Мұның барлығы олардың істі неғұрлым кең, жан-жақты қаруына жағдай жасайды, бұл өз кезегінде істі уақытында және дұрыс шешудің кепілі болып табылады. Сонымен қатар аудандық соттарда істерді қарау уақытты үнемдеуге және қаражатты аз жұмсауға мүмкіндік береді.
Аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттардың құзіретіне заңмен жатқызылған істердің шеңбері өте кең. Ол істерді мынандай үш негізгі санатқа бөлуге болады:
- Азаматтық, отбасы, еңбек, жер т. б. құқықтық қатнастардан туындайтын даулармен байланысты талап қою істері;
- Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері;
- Ерекше іс жүргізу істері;
Демек, аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттар осындай дауларды шешу заңмен әкімшілік немесе өзге органдардың қарауына жатқызылған жағдайларды қоспағанда, егер тараптардың біреуі азамат, ұйым немесе олардың бірлестіктері болып табылатын азаматтық, отбасы, еңбек және өзге құқықтық қатнастарынан туындайтын істерді әкімшілік құқықтық қатнастардан туындайтын істерді, сондай-ақ заңмен олардың құзіретіне жатқызылған өзге де істерді қарайды. Байқағанымыздай, бірінші саты ретінде аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттардың құзіретіне құқық жөніндегі даумен байланысты емес, белгілі бір фактілілерді анықтауды талап ететін сұрақтарды да қарау жатады. Азаматтық істердің бірінші саты ретінде мамандандырылған соттарда қаралуы АІЖК-нің 30-бабында көрініс тапқан, яғни экономикалы, қаржылық, әскери, мамандандырылған аудандық және соларға теңестірілген әкімшілік соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар өздерінің құзіретіне сәйкес келетін істерді мәні бойынша бірінші саты соты ретінде қарап шешеді. Демек, соттар жүйесінде бірінші саты соттары азаматтық істі мәні бойынша қарап шешуде негізгі звено болып табылады. Осы соттарға деген жауапкершіліктің да жоғары екендігі, мойнына артқан жүгі ауыр екендігі белгілі. Соңғы енгізілген өзгерістерге сай енді бірінші саты соттарына істі мәні бойынша қарап шешуде жауапкершіліктің артары сөзсіз.
Жоғарғы Соттың 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында апелляциялық тәртіпте қаралған істер жөніндегі сот практикасын қортуында бірінші сатыдағы соттардың шешімдері мен қаулыларының қүшін жою және өзгертудің себептері негізінен мыналар болған:
- Материалдық құқық нормаларын бұзу немесе дұрыс қолданбау;
- Істер үшін маңызы бар мән-жайлардың шегін дұрыс түсінбеу және дұрыс анықтамау;
- Шешімдерде баяндалған істердің көрсетілген мән-жайларымен сәйкес келмеуі;
- Даудың мәніне қатысы жоқ тұжырымдар мен пайымдаулардың шешімнің дәлелдеме бөлігінде жіберілуі;
Көріп тұрғамыздай бірінші сатыдағы соттардың судьялары істі қарап шешуде біраз қателіктер жіберуде. Осы қателіктер неліктен кетуде соның жолдарын ұсынсақ:
Біріншіден, бұл - судьялық корпусқа кездейсоқ жандардың еніп кетуі. Бір қарағанда судьяларды іріктеудің қолданыстағы жүйесі сенімді секілді көрінеді, бірақ судьялық қауымдастық кездейсоқ адамдардан өзін қорғай алар емес.
Екіншіден, бұл - судьялардың адамгершілік-әдеп келбетінің және кәсіптік деңгейінің жеткіліксіздігі.
Үшіншіден, сот төрелігін атқарудың сапасына көңіл толмаушылық. Әңгіме сот төрелігін атқару кезінде судьялардың сөзбұйдаға салынуы, қателіктер жіберуі, тіпті, заң бұзушылықтың орын алатындығы болып отыр.
Төртіншіден, бұл - өткізілген процеске байланысты сот өндірісінің жеткіліксіздігі, яғни оның шешіміне орай еліміздің соттары әділ бола ма, жоқ па деген мәселе айқындалады.
Бесіншіден, бұл - сот шешімдерінің сапалы деңгейде орындалу барысы. Оның нақты шешіміне байланысты сот жүйесінің беделі мен қызметі айқындалады.
Алтыншыдан, заңдылықтың жағдайы. Дауларды тудыратын негізгі себептердің бірі қолданыстағы құқықтың кемшіліктері мен олқылықтары. Демек, бүгінгі таңда сот жүйесінде толғандырар мәселе аз емес. Осы мәселелерді шешу жолы ретінде біз мынаны ұсынар едік:
Бірінші, азаматтардың сот жүйесіне сенім деңгейін арттыру үшін мүмкіндігінше барлық шараларды қарастырып, ол үшін, ең алдымен, судьялар корпусының кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отыру керек. Бұл орайда қызмет етіп жатқан судьяларға, үміткерлерге талапты қатайтқан жөн. Осы орайда, судьялар мен судьялыққа үміткерлерге арнап кәсіптік талап пен адамгершілік-әдеп нормалары бар жоғары критерилер мен стандарттар белгілеп, енгізу қажет. Ал тиісті лауазымды тұлғалар судьялыққа ұсынған үміткерлер үшін жауап беруге тиіс. Сол сияқты сот төрағаларын сол соттағы судьялар арасынан жиі алмастырып тұрған жөн шығар. Бұған қоса судьялық лауазымдарға кандидаттарды анықтау барысында құпия дауыс беру қағидаттарын енгізген де артық болмас еді.
Екінші, судьялардың өздері жіберетін қателіктер мен заң бұзушылықтарды және сөзбұйдалықты жоятын жағдай жасау мен сот өндірісін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Ол үшін жауапкершілік мәселесін жоғарлату қажет. Сот тәртібімен қаралатын даулар санын азайту өте маңызды болмақ. Оларды шешудің балама түрлерін, соның ішінде бітімгершілік процедураларын енгізген дұрыс. Сот өндірісін жетілдірудің бір бағыты инновациялық технологияларды кеңінен қолдану болып табылады. Қағазбастылықтан арылып, “электронды үкімет” технологиясы сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі үшін қолданылуы тиіс. Ал сот өндірісінің жемісі - сот шешімдерінің орындалуы. Сондықтан сот актілерінің мүдіріссіз сапалы орындалуына қол жеткізу қажет.
Үшінші, сот төрелігін сапалы атқару және азаматтардың заңды құқын қорғау үшін соттар мен судьяларды мамандандыруды қолға алудың маңызы зор. Мәселен, әкімшілік, салық және т. б. мамандандырылған соттардың жүйесін біртіндеп енгізу керек. Мамандандырылған соттарды барынша көбейту яғни, тек облыс орталықтарында ғана емес сонымен қатар аудандарда орналастыру қажет. Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес уақыт талабы.
Төртінші, соттар мен судьялар өзіне тән емес қызмет түрлерінен арылуы қажет. Соттың ең басты және бір ғана міндеті - сот төрелігін жүзеге асыру.
Бесінші, сот жүйесін жетілдіру үрдісі заңдарды жаңартумен теңбе-тең жүргізілуі тиіс. Бір жағынан сот практикасының нәтижелері заңдылық ұсыныстардың көзі болып табылса, екінші жағынан заңмен бекітілген ережелер мен үдерістер іс пен соттық дауларды әділ және тез шешуді қамтамасыз етуге тиіс.
Жоғарыда біз жасаған ұсыныстардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде тиісті дәрежеде бекітілуі ҚР Жоғарғы сотынан бастап әсіресе, жергілікті соттарға бірінші саты ретінде істі мәні бойынша қарап шешуде, яғни сот төрелігін жүзеге асыру қызметінде кездесетін кейбір мәселелерді шешуге өз септігін тигізеді деген түйінге келуге болады.
1. 2 Азаматтық істі сотта қозғаудың мәні және мағынасы
Азаматтық істі қозғау - бұл жалпы іс жүргізудің бірінші және өте маңызды сатысы. ҚР АІЖК-нің 8 - бабы бойынша жеке және заңды тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар талап арыз беру арқылы сотта іс қозай алады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабына сәйкес, әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы.
К. С. Юдельсонның пікірі бойынша азматтық істі сотта жүргізу - деп істі дұрыс қарап шешу кезінде орын алатын бір бағытта жылжитын және өзара мәндес бірін-бірі алмастыратын іс әрекеттер айтылады. Азаматтық істі сотта талқылау және қарап шешу белгілі тәртіп бойынша кезек-кезегімен өтетін әрекеттерден және бөлімдерден тұрады [9, 56 б. ] . Азаматтық істі сотта қозғау - өзінше жеке бөлім, яғни істің алға жылжуын қамтамасыз ететін бірінші кезекте жүзеге асатын маңызды процессуалдық ірекеттердің жиынтығынан тұрады [10, 225 б. ] . Ал М. С. Шакарянның пікірі бойынша азаматтық істі қозғау бұл істі сотта қарап шешу кезіндегі оның құрамдас бөлімі ғана. М. К. Треушникованың пікірі бойынша - азматтық істі қозғау бұл - азматтық процесстің жеке бір сатысы [11, 324 б. ] . Азаматтық істі сотта қарап шешу кезінде орын алатын әр бөлімнің алдында тұрған белгілі бір міндеттері оларды бір-бірінен ажыратып ерекшелендіреді. Жоғарғыда айтылған пікірлердің негізінде азаматтық істі қозғау бұл бірінші сатыда істі қарап шешудің бір бөлімі деуге болады. Осындай пікірді де З. Х. Баймолдина келтіреді, яғни іс жүргізуде орын алатын бөлімдер олардың аяқталғандығымен ерекшеленеді [12, 7 б. ] . Азаматтық істі қозғау аяқталғандығымен ерекшеленеді. Осы бөлімнен кейін азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу бөлімі орын алады. Бұл бөлімнің басты мақсаты істі ең бастысы дұрыс және уақытылы шешілуін қамтамасыз ету болып табылады. Үшінші бөлім бірінші сатыдағы сотта істі мәні бойынша қарау болып табылады. Негізінен бірінші сатыдағы сот істі шешім шығарумен аяқтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz