Ақ амурдың (Ctenopharyngodon idella) морфобиологиялық сипаттамасы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді»

«» 2012 ж.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар

кафедрасының меңгерушісі, б. ғ. д.,

профессор С. С. Айдосова

Дипломдық жұмыс

Ақ амурдың (Ctenopharyngodon idella) морфобиологиялық сипаттамасы

Орындаған: А. Мырзақұлова

Ғылыми жетекшісі,

б. ғ. к., аға оқытушы: Н. С. Сапарғалиева

Норма бақылаушы: М. А. Суворова

Алматы, 2012 ж

Реферат

Дипломдық жұмыс 47 бет, оның құрамына 3 кесте, 11 сурет, 31 әдебиеттер тізімі кіреді.

Кілттік сөздер: ақ амур, тоған, өсімдік жегіш балықтар, жерсіндіру, тұқымдылық, фитофаг, поликультура, мелиорация, экскремент, фекальді масса, минерализация, порция, көлдер.

Зертеу обьектісі ретінде Қапшағай уылдырық шашу - шабақ өсіру шаруашылығынан ауланған ақ амур (Ctenopharyngodon idella) балығы қарастырылды.

Жұмыстың мақсаты: Жасанды өсіру объектісі болып саналатын өсімдік қоректі ақ амурдың ( Ctenopharyngodon idella ) морфобиологиялық сипаттамасын жасау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

Ақ амур балығының биологиясымен танысу;

Ақ амур балығын шаруашылықта жасанды өсіру жұмыстарына қатысу;

Ақ амур балықтарын өлшеу барысында алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу.

Мәтінде қолданылған қысқартпа сөздер:

ҚазӨЖС - Қазақ өндірістік- жерсіндіру стансасы

ВНИИПРХ- Всесоюзный научно-исследовательский институт прудового рыбного хозяйства

ОӨЖС - Орталық өндірістік -жерсіндірілу станциясының

ГЭС-гидроэлектр стансасы

МАЗМҰНЫ

:
КІРІСПЕ: КІРІСПЕ
:
: 1
КІРІСПЕ: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Ақ амур балығын жерсіндіру тарихы . . .
:
: 1. 2
КІРІСПЕ: Ақ амурдың биологиясы
:
: 1. 2. 1
КІРІСПЕ: Ақ амур балығының өсуі мен жастық құрамы
:
: 1. 2. 2
КІРІСПЕ: Ақ амур балығының көбеюі
:
: 1. 3
КІРІСПЕ: Ақ амур балығының шаруашылық маңызы
:
: 1. 3. 1
КІРІСПЕ: Ақ амур балығының су қоймаларда биологиялық мелиортор ретінде атқаратын қызметі
:
: 1. 3. 2
КІРІСПЕ: Ақ амур балығының ағысы аз су қоймаларды өсімдіктен тазартуда атқаратын рөлі
:
: 1. 3. 3
КІРІСПЕ: Ақ амур балығын медико-санитарлық бағытта пайдалану
:
: 2
КІРІСПЕ: ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
:
: 3
КІРІСПЕ: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ
:
: 3. 1
КІРІСПЕ: Қапшағай уылдырық шашу - шабақ өсіру шаруашылығының физикалық - географиялық сипаттамасы
:
: 3. 2
КІРІСПЕ: Ақ амур балықтарын зауыттық жолмен өсіріп-көбейту технологиясы
:
: 3. 3
КІРІСПЕ:

Ақ амурдың тауарлы балықтарын өсіру технологиясы

Екі жылдық балықтарды өсіру.

:
: 3. 4
КІРІСПЕ: Ақ амурдың морфобиологиялық сипаттамасы
:
:
КІРІСПЕ: ҚОРТЫНДЫ
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ: Қолданылған әдебиеттер
:

КІРІСПЕ

Өсімдікпен қоректенетін балықтарды игерудің кең масштабты кампаниясынан кейін (1960-1970 жылдары), барлық шаруашылықтар поликультура технологиясымен (тұқы+ дөңмаңдай+амур) балық өсіруге көшті. Өсімдік қоректі ақ амур ( Ctenopharyngodon idella) тұқы тектес тұқымдасына бірігетін шаруашылық маңызы жоғары балықтардың бірі болып саналады. Жерсіндіру объектісі ретінде бұл балық мелиоратор балықтарға қойылатын талаптарға сай өзінің биологиялық ерекшелігімен, яғни барлық су өсімдік түрлерімен қоректене береді, трофикалық бейімділігі, өсуі тез, қысқа төзімді және оттегінің жетіспеушілігіне шыдамдылығымен қызықтырады.

Ақ амур балығы мелиоратор ретінде және балық шаруашылығында пайдалану тиімділігі бұл балықты аз уақыттың ішінде біздің елімізде және шет елдердерінде маңызды объектіге айналдырды.

1955 жылдан бастап ақ амур балығы Жайық өзенінің сағасына, Амудария, Сырдария, Іле, Дон, Дунай, Кубани өзендері бассейндеріне, Балқаш көліне, Қарақұм каналына, Куйбышев, Цимлянск, Новосибирск суқоймаларына және Молдавия суқоймаларына жерсіндіріле бастады. Еліміздің балық өсіру шаруашылықтарында аз уақыт ішінде тұқы мен өсімдік қоректі балықтардың поликультурасы тоған шаруашылығының балық өнімділігін жоғарылатудың негізгі жолына айналды.

Сәтті өткен жерсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ақ амур балығы еліміздің әртүрлі суқоймасының ихтиофаунасында орнықты орын иемденді. Қазіргі кезде бұл балық Қазақстан суқоймаларында және тоған шаруашылықтарында тиімді өсіріліп, құнды тауарлы балықтардың бірі болып саналды. Бұл тоған шаруашылығында ақ амур балығы 1963 жылдан бастап тұқы балығымен поликультурада өсіріліп келеді. Ақ амур балығы Шелек тоған шаруашылығының жалпы балық өнімінің 10 пайызын құрайды. Сонымен қатар бұл балықты әр түрлі мақсатта биологиялық мелиоратор ретінде пайдалануда.

Зертеу обьектісі ретінде Қапшағай уылдырық шашу - шабақ өсіру шаруашылығынан ауланған ақ амур (Ctenopharyngodon idella) балығы қарастырылды.

Жұмыстың мақсаты: Жасанды өсіру объектісі болып саналатын өсімдік қоректі ақ амурдың ( Ctenopharyngodon idella ) морфобиологиялық сипаттамасын жасау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

Ақ амур балығының биологиясымен танысу;

Ақ амур балығын шаруашылықта жасанды өсіру жұмыстарына қатысу;

Ақ амур балықтарын өлшеу барысында алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Ақ амур балығының жерсіндіру тарихы

Тип Chordata Хордалылар

Тип тармақ Vertebrata Омырқалылар

Бөлім Gnatostamata Жақтылар

Класс үсті Pices Баықтар

Класс Osteichthyes Сүйекті балықтар

Отряд үсті Cyprinimorphe Ципринойдтар

Отряд Cypriniformes Тұқытәрізділер

Тұқымдас Cyprinidae Тұқытектестер

Туыс Cyprinus Тұқылар

Түр Ctenopharyngodon

Idella Ақ амур

Ақ амурдың табиғи таралу аймағы Қытайдың жазықтық ихтиофауна кешеніне бірігетін Орталық және Оңтүстік Қытай өзендері мен Амур бассейінінің ортаңғы және төменгі ағысы болып табылады [1] .

Бұл балық Моңғолияға, көптеген Еуропа елдеріне, АҚШ-қа және бұрынғы Кеңес одағы республикаларының суқоймаларына кеңінен жерсіндірілген. Олардың ішінде Молдавия, Украина, Краснодар өлкесі, Жайық сағасы, Орта Азия мен Қазақстан суқоймаларын, тоған шаруашылықтарын атауға болады.

Қазіргі кезде ақ амурдың Кубан, Жайық, Амудария, Сырдария және іле өзендерінің бассейіндерінде, өздігінен көбейе алатын популяциялары қалыптасқан. Ал Қазақстанда көптеген суқоймаларында және тоған шаруашылықтарында интродуцияланды.

Қазірге дейін Ырғыз, Торғай, Шу, Нұра және Үршім өзендерінің бассейіндерінде бұл балықтың таралуы туралы мәліметтер жоқ. Әдетте республикада өсімдік қоректі балықтарды қарқынды түрде әкеліп, өсіруіне байланысты бұл бассейіндерде ақ амур балығы кездейсоқ жерсіндіріліп кетуі әбден мүмкін [2] . Осы өсімдік қоректі балықтарды, 1907-1918 жылдары, Амур бассейініндегі албырт және бекіре балықтарын зерттеген В. К. Солдатов басқа су қоймаларға енгізу керектігі туралы айтып кеткен. Бұрынғы КСРОның Европа жағындағы су қоймаларына өсімдік қоректі балықтарды енгізу және тоған шаруашылығында пайдалану туралы алғаш ұсыныстарын Ф. Н. Михайлов (1937 ж. ), А. Н. Державин (1938 ж. ), И. А. Анищенко (1939 ж. ) т. б. ғалымдар айтқан. Бірақ, бұл балықтардың биологиясы сол кезде нашар зерттелгені соншалықты, олардың жерсіндірілуін қалыптастыру мүмкін емес еді.

Ұлы Отан соғысына дейін жалпы ресейлік тоған балық шаруашылығының ғылыми -зерттеу институты (ВНИИПРХ) тек бір рет осы балықтардың біршама мөлшерін тоған шаруашылығы үшін әкелуге әрекет етті. Бұл әрекеттен ештеңе шықпады. Өйткені әкелінген балықтардың барлығы қыстау мерзімінде қырылып қалған.

Өсімдік қоректі балықтарды жерсіндіру туралы жұмыстар 1950-ші жылдарда ғана қолға алына бастады. Бұған Ұлы Отан соғысынан кейін бастау алған, Амур бассейіндерінің ихтиофаунасының биологиялық ерекшеліктерін және жерсіндіруге перспективті балықтарды зерттеу себеп болды. 1949-1953 жылдар аралығында өсімдік қоректі балықтарды тәжірибелік мақсатта әкелу жұмыстарын әр түрлі оқу орындары мен зерттеу орталықтары іске асырды. Оларға - ВНИИПРХ, Мәскеу және Харьков университеттері, УССР Ғылыми Академиясының гидробиология институты және т. б. [4] .

Өсімдік қоректі балықтардың биологиясын білу, сонымен қатар оларды тасымалдау тәжірибесінің жоғарылауы мен жаңа су қоймаларында сәтті өсіру, 1954 жылдан бастап ақ амур және ақ дөңмаңдай балықтарын тасымалдау, Мемлекеттік балық шаруашылық басқармасының Орталық өндірістік -жерсіндірілу станциясының (ОӨЖС) негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Алғашқы жылдары ОӨЖС осы өсімдік қоректі балықтарды тоғанда өсіру мәселесімен айналысатын ғылыми ұйымдарға өз көмегін аямады.

Балықтарды тасымалдау шараларының қарқынды дамуына, ВНИОРХ жасап шығарған тірі балық тасымалдайтын вагондардың, сонан соң Қиыр Шығыспен және тасымалдау көмектермен қамтамасыз етілді.

Өсімдік қоректі балықтарды тасымалдаумен қатар бұл балықтарды өз табиғи ареалында Мәскеу университеті зерттеуді жалғастыра береді.

Өсімдік қоректі балықтармен жұмыс істеу барысында маңызды кезеңдердің бірі- жаңа тіршілік ету ортасында тоғанда өсірілген балықтардан қолдан ұрпақ алу болып табылады.

1961 жылы алғаш рет КСРРО-да Зоология институты мен Түрік ССР Академия ғылыми паразитология униерситеті Амур бассейінінен әкелінген ақ амур балығынан және ҚХР- нан әкелінген ақ дөңмаңдай балығынан тіршілікке қабілеті бар ұрпақ алған. Содан соң осындай нәтижелерге Мәскеулік Университет қол жеткізген. Келесі 1962, 1963 және 1964 жылдары алғашқы қол жеткізген сәттіліктер еліміздің әртүрлі аймағында бұл балықтардан мол ұрпақ алуда болып табылады [1] .

Жерсіндіру жұмыстары соғыстан кейінгі жылдары қарқынды дамып, өзіне ең аз дегенде төрт мақсатты біріктіретін көп жоспарлы шаралар ретінде іске асырылды. Бұл мақсаттар төмендегідей:

  1. Табиғи жағдайда өздігінен көбейе алатын үйірді құру
  2. Тоғандық жағдйда фитофак балықтарын қолдан өсіру биотехнологиясын жасап шығару
  3. Өздігінен табиғи көбеюі мүмкін болмаған жағдайда ғана көлді-өзенді типті су қоймаларға жайылымға енгізу
  4. Өсімдік қоректі балықтарды су қоймалар мен тағы басқа шаруашылықта мелиоратор ретінде пайдалану.

Осы жоғарыда көрсетілген төрт бағыттың қысқаша нәтижелері 1972 жылы жарық көрген Б. В. Веригиннің мақалаларында көрсетілген. Бұл жасалған шаралар толығымен Бүкіл Одақтық Кеңесінің оншақты еңбектер жиынтығы мен тезистерінде көрсетілген. Әдетте, жайылым және өздігінен көбейе алатын үйірлерді қалыптастыру және мелиоративтік жұмыстарды кең ауқымда жүргізу ақ амур және т. б. өсімдік қоректі балықтарды өндірістік жасанды жолмен, тоғанда өсіру технологиясын жасап шығарғаннан кейін мүмкін болып отырғанын айта кету керек.

1957 жылы Қиыр Шығыстан алғашқы материал Амур бассейініне әкелінсе, 1958-63 жылдар арасында ол Янцзы өзенінен әкелінген. Бұл Қиыр Шығыс балықтарының аудан бойынша таралуы А. М. Кулакованың (1963ж. ) мақаласында жазылған. Амур бассейінен тек ақ амур және кәдімгі дөңмаңдай балығының әкелінгендігі туралы айтып кету керек.
Қиыр Шығыс фитофагты балықтарының жерсіндірілуінің теориялық негізі, Амур бассейінінің климаттық және гидрологиялық ерекшелігін көрсететін флорасы мен фаунасының, батыс және оңтүстік елдердің су қоймаларына ұқсастығының болуы болып табылады. Осы климаттық және гидрологиялық ұқсастықтар, Амур бассейінінің оңтүстік ихтиофаунасына кіретін ақ амур, ақ дөңмаңдай балықтарына, батыс және оңтүстік су қоймаларының гидрологиялық және т. б. жағдайлары қоректік жағынан қолайлы ықпал туғызып қана қоймай, жалпы тіршілік цикілінің қалыптасуына мүмкіншілік туғызыды деп болжауға мүмкіндік берді. Ал осы жерсіндірілетін балықтардың биологиялық ерекшелігін Г. В. Никольский (1956ж. ) муссонды климатты аймақта орналасқан, орталық Қытай өзендерінде қалыптасқан қытайлық жазықтық комплекісінің құрамына біріктіреді. Бұл аймақтағы елдердің гидрологиялық және температуралық режимі, жылдың жылы мерзімінде мұхиттан материкке ауа ағысының ауысуынан кейін болатын, жазғы муссонды жаңбырлардың ықпалымен қалыптасады.

Бұл фауналық комплекстік көпшілік балықтары сияқты ақ амур балығы пелогофильді болып келеді. Ал мұндай пелогофильді балықтар жерсіндірілетін су қоймаларының ихтиофаунасында өте сирек кездеседі.

Жерсіндірілетін су қоймаларында су деңгейінің көтерілуі және тасуы, қардың еруінің нәтижесінде болады, ал орта Азияда бұл жаздың ыстық мезгілінде тау қарының еру нәтижелерінен жүреді.

Жерсіндірілетін өсімдік қоректі балықтардың көбею жағдайына жаңа ареалының су деңгейінің режимінің әсер етуі негізгі зерттеу мәселелерінің біріне айналды.

Чен Цзуншоу мен Лин Цуянем (1935 ж. ) мәліметі бойынша су деңгейінің көтерілуі Қытай өзеніндегі осы балықтардың уылдырық шашуы мен миграциясы үшін шешуші фактордың біріне жатады. Бұл ғалымдардың пікірінше бұл балықтардың көбеюіне келесі факторлар әсер етеді: температура (26-30), су ағысының жылдамдығы (1 м/сек. кем болмауы керек) және су деңгейінің көтерілуінен пайда болатын су лайлылығының жоғарылауы да ықпал етуі мүмкін.

1961-63 жылдары Янцы өзені ағысының әр түрлі өрістеу аймағына зерттеу жұмыстары жүргізген И. Тейлу мен Лян Цзесин бұл балықтардың өрістеуінің су деңгейінің көтерілуімен байланысты екендігін көрсетті.

1948-1951 жылдары және 1957-58 жылдар аралығында Амур бассейініне жүргізілген зерттеу жұмыстары, өсімдік қоректі балықтардың шабағының пайда болуы су тасқынымен байланысты екендігі анықталған.

Алғаш рет бұл балықты Каспий бассейінінде жерсіндіру шаралары 1955-1956 және 1961 жылдары іске асты. Жайық өзенінің жағасына салмағы 200-300 грамм құрайтын ақ амур және ақ дөңмаңдай балығының екі мың данасы жіберілген. Ал 1964-1965 жылдары бұл өзенге ақ амур балығының 136, 7 мың 2 + жастағы даралары және 2 млн. осы балықтың биылғы жазғы шабақтары жерсіндірілген. [5] .

К. В. Мартинконың (1975 ж. ) мәліметі бойынша Жайық өзенінің алабына 1955-57 жылдар аралығында ақ амур және ақ дөңмаңдай балығының 1, 5 млн. шабағы жіберілген. Ал 1964-72 жылдары бұл жерге ақ амур балығының 58 млн. жас шабағы мен 7 мың биылғы жазғы шабақтары жерсіндірілген. 1967-76 жылдар аралығында Жайық өзенінің атырауына ақ амур балығының 92 млн. биылғы жазғы шабақтары жерсіндірілген. Ақ амур балығы Жайық өзенінен алғаш рет 1959 жылы қаңтар айында Орал өзенінің атырауынан ұсталса, екінші рет бұл балық Астраханнан 85 км жоғары жерден ұсталған. [2] .

Ю. Б. Белецеровтың (1984 ж. ) мәліметі бойынша Жайық өзеніндегі ақ амур балығының өрістеу миграциясы су деңгейінің көтерілуімен сәйкес келуін айтады. Дернәсілдерді аулау көрсеткіштерін бақылап, өрістеудің сегізінің бесеуі осы су деңгейінің көтерілуімен сәйкес келген [5] .

Қалыптасқан популяция Жайық өзені бойымен Волгаградтық ГЭС-ке дейін таралған. Бұл жерде ақ амур балығының табиғи көбеюі байқалған және бұл балықтардың бір бөлігі Солтүстік Каспийден орал өзеніне лейін мирация жасай отыратыны дәлелденген [2] .

Табиғи өрістеудің нәтижесінде пайда болған ақ амур балығының дернәсілі алғаш ре т 1974 жылы ұсалған. Кейінгі жылдарда бұл балықтың дернәсілдері мен уылдырықтары балықтардың уылдырығының арасында жиі кездесіп отырған [5] .

Сырдария бассейініне ақ амур балығын жерсіндіру екі жақта жүргізілген: өзеннің сағасынан және оның ортаңғы ағысынан жерсіндіру арқылы И. Салухиннің (1961ж. ) келтірген мәліметі бойынша 1960 жылы шілде айында Сырдария атырауында орналасқан арал балық шаруашылыгының, Тастақ биологиялық -балықшаруашылық станция-тоғандарында ҚытайТәуелсіз Республикасынан 8 мың ақ амур балығының дернәсілі әкелінген. Бұл туралы Н. Е. Быков дернәсілдердің шығу тегі мен саны туралы мәліметтер келтіреді. Бұл ғалымның айтуынша 1965 жылы кейбір ақ амур балықтары жыныстық жағынан жетіліп, олардан жасанды түрде дернәсілдер алынып, 1966 жылдан бастап қарқынды түрде көбейтіле бастаған. Сонымен қатар әрбір жыл сайын орташа салмағы 10г. болатын 0, 25 млн. дернәсілді Қаратерең суы тұщыланган түбегіне жіберіп отырған. Ал басқа мәліметтерге сүйенсек, Сырдария өзенінің атырау алдында орналасқан теңіз түбектеріне алғаш рет 1962 жылы бір жасар ақ амур балықтары жіберілсе, 1965 -1970 жылдары 1, 31 «стандартты» және 0, 75 млн. «стандартсыз» сеголеткалар жіберілген. [2] ал басқа әдебиеттердің мәліметтеріне сүйенсек, Сырдария бассейінінде бұл балықтың алғашқы үйірі, Аққорған балық комбинатының жайылым және өрістеу тоғандарының бөгетінің бұзылуынан бұл тоғандарда отырған тауарлық және балық отырғызу материалының осы өзенге түсуі нәтижесінде қалыптасқан.

Бұл үйір өзінің шығу тегін Янцы өзенінен алады. Табиғи өрістеудің уылдырығы алғаш рет 1975 жылы табылған, бірақ бұл балықтың көбеюі бұдан бұрын да болған. Оған негізгі дәләлдер дернісілдердің ұсталуы туралы мәліметтер болып табылады [5] . Арал теңізінің солтүстігінде ақ амурбалығы 1960 жылдары кездесе бастады. 1966-1967 жылдары Сырдария өзенінің сағасында табиғи өрістеуі жүрген, бұған негізгі дәлел ретінде Л. М. Линь 1968 жылы келтірген мәліметтерін алуға болады. Сырдарияның ортаңғы ағысына ақ амур балығы жоғарыда айтылғандай Аққорған комбинатынан түскен. Бұл жерге ақ аму балығының жас шабақтары 1961 жылы Янцзы өзенінен әкелінген. 1966-69 ылдардың өзінде ақ амур балығы Шардары су қоймасында және өзеннің жоғарғы ағысында жиі кездесетін. Бұл уақытқа дейін бұл балықтың бұл жерде табиғи өрістелуі тек 1975-79 жылдары ғана дәлелденген [2] .

Т. В. Салиханованың бақылауынша Шардара суқоймасының Өндіруші балықтарының өрістеу миграциясы көктемде, су деңгейінің көтерілуі байқалатын наурыз, сәуір айларында, су температурасы 13-16 0 С-та басталып, мамыр айының ортасына дейін созылады. Суық жылдары ол кешігіп мамыр айының соңына дейін созылады.

Өрістеуге алдымен ақ амур балығы сонан соң дөңмаңдабалығының екі түрі шығады. Өрістеу миграциялы кешенін жетілетін жас балықтар анықтайды. Өрістеу мерзімінің созылу ұзақтығы өзеннің гидрологиялық режимі мен ауа райының жылылыгымен анықталыды.

Веригин, Каменрская, Салихов, Макеева ғалымдарымен бақыланған 1976-81 жылдар аралығындағы өрістеулер, су деңгейінің күрт көтерілуінен кейін басталған. Әсіресе, өрістеу су деңгейінің көтерілуі мен қолайлы темпиратураның сәкес келгеніндн қарқынды жүреді. Өрістеу мезгілінде уылдырықтардың бірнеше қарқынды ағысы байқалады. Оларлың арасында су деңгейінің төмендеуі мен су температурасының төмендеуіне әкеп соғатын қолайсыз климаттық жағдайларға байланысты, өрістеу қарқындылығының төмендеуі байқалады. Сырдария өзеніндгі өсімдік қоректі балықтардың өрістеуінің негізгі ерекшелігі су деңгейінің антропогенді факторлардың әсерінен өзгеріп отыруы болып табылады [ 5] .

Арал бассейініне ақ амур балығын жоспар бойынша енгізу туралы жалпы мәліметтер әр түрлі авторларда әр түрлі. Мысалы, В. П. Митрофановтың айтуынша 1960-1961 жылдары бұнда ҚХР-дан әкелінсе, Е. Л. Маркованың пікірінше Арал бассейініне 1966-71 жылдар аралығында 21, 7млн. дана шабақ жіберілді дейді. И. Т. Негоновская болса, Арал бассейінене жерсіндірілген балықтардың төмендегі сандарын көрсетеді: 1966-1973 жылдары - 3, 246 млн. сеголетка. (2)

Балқаш бассейініне ақ амур балығы 1958 жылы, Алматы тоған балық өсіру шаруашылығына ҚХР-нан бұл балықтың 300 мың дернәсілі әкелінгеннен кейін жерсіндірілген. [2] .

Жалпы, ақ амур және ақ дөңмаңдай балығының отырғызу материалы Қытайдан Алматы тоған балық өсіру шаруашылығына 1958 жылы әкелініп, сонан соң 1963 жылдары Балқаш көліне әкелінген. Сонымен қатар, 1962 жылы Балқаш көліне Амур бассейнінен әр түрлі жастағы шамамен 1000 дана ақ амур балығы жерсіндірілген [9] . 1962 жылы Іле өзеніне Қапшағай СЭС-ін салғанға дейін Балқаш көлінде ақ амур балығының 952, 8 мың данасы интродуцияланған. Іле өзенінің су ағысының реттелуі қолға алынғаннан кейін 1971-1987 жылдар аралығында Қапшағай су қоймасына шамамен 4233 мың шабақ және 5, 94 мың екі жасар ақ амур балығы жіберілген [7] .

1963 жылдан бастап ақ амур балығы Шелек тоғанында өсірілсе, 1964 жылдан Алматы балық питомнигінде ҚазПАС-та өсірілген. 1965-70 жылдары Балқаш бассейіні мен Іле атырауына Алматы балық питомнигінен 1, 07 млн. данадан артық сеголет жерсіндірілген.

Өндірістік аулауда ақ амур блығы 1964 жылы Балқаштың батыс және шығыс шекарасында бірен-саран кездесіп отырды. 1972 жылы бұл балықтың Балқаш көлінде аулану мөлшері 8, 7 тонна құраған. Қазіргі жағдайда ақ аму балығы көбінесе Іле өзенінің сағасы мен атырауын және оның алдынғы аймақтарында кездеседі.

Батыс Балқаштың ашық аймағында ол сирек кездессе, шығыс бөлігінде Қаратал өзенінде кездескенімен көлдің ашық аймағында кездеспейді. Іле өзенінің арнасыеа 1969 жылы Қапшағай СЭС-ын салғаннан кейін жыл сайын пайда болған суқоймаға популяцияның қалыптасуын жеделдету мақсатында жыл сайын ақ амур балығын жіберіп отырды. Мысалы, 1970-71 жылдары бұл жерге Іле өзені мен Алматы балық питомнигінен әр түрлі жастағы 550 дана ақ амур балығы жерсіндірілсе, 1970-88 жылдар аралығында осы балық питомнигінен 4, 5 млн. сеголетка жерсіндірілген.

1970 жылдардың ортасында Қапшағай СЭС-ымен бөлінген Іле өзененде ақ амурдың өзіндік көбейе алатын популяциясы қалыптасқан [2] . Бұл жерге өздігінен көбейе алатын ақ амур балығының үйірі 1962 жылы енгізілген. Өрістеу 1963 жылы байқалған [9] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балықтардың қоректенуі
Іле өзенінің төменгі атырауының кәсіптік балық түрлерінің популяциясының құрылымы
Тұқымдық балықтарды дайындау
Алакөл көлдер жүйесіндегі жыртқыш балықтардың қоректенуі
. Іле өзеніне жалпы сипаттама және гидрологиялық режимі
Мақтаарал ауданының омыртқалы жануарларын зерттеу
Кәдімгі тарақ балық
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы
Тұқытәрізділердің сипаттамасы
Өсімдік қоректі балықтар өте бағалы, зор кәсіпшілік маңызы бар балық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz