Ақындық мектеп дәстүрі (Ж. Жақыпбаев шығармашылығы негізінде)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Ақындық мектеп дәстүрі ( Ж. Жақыпбаев шығармашылығы негізінде)
Орындаған
4 курс студенті Жаңалық Саягүл
Ғылыми жетекшісі
Ф. ғ. д., проф. м. а. Ержанова Сәуле
Норма бақылаушы
Ф. ғ. к., А. Көшекова
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
Ф. ғ. д., проф. м. аС. Б. Ержанова
Алматы, 2012
Мазмұны
Кіріспе . . . 4-7
Негізгі бөлім . . . 8
I . Тақырыптық -идеялық бірлік және ақындық тұлғаның толысуы . . . 9- 35
II. Ж. Жақыпбаев поэзиясының көркемдік ерекшеліктері . . . 36-64
Қорытынды . . . 65-68
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 69-70
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ поэзиясының 1970-80 жылдардағы тұсы өзіндік ерекшелігімен дараланған кезең болды. Әлеуметтік көңіл -күйдің ең алдымен әдебиетте, әсіресе, поэзияда таңбаланатынын ескерсек, бұл кезең поэзиясының өзгеше болу себебін аңғару қиын емес. 1970-80 жылдар тоталитарлық жүйенің күйреуіне, ССРО құрамындағы елдердің тәуелсіздік алуына деген халық санасының дайындық кезеңі болды. Бұл тұста «социалистік қоғамның коммунизмге ұласатын мәңгілік болашағы» жөніндегі жалған идеяны халық санасына барынша сіңіру әрекеті мемлекеттік деңгейде жүргізілгендіктен, бір жағынан оның ықпалы да елеулі болып, екінші жағынан кеңестік саясаттың құйтырқылығы да айқын аңғарылып, қалың ел екі ұдай сезім шарпуында жүрді. Дәл осы сана қалыбын бейнелеуде қаламгерге елден асқан білімпаздықтың немесе болжампаздықтың қажеті шамалы болатын. Ол үшін, ең бастысы жүрек сөзін айта білетін шынайылық қажет еді. Аталмыш дәуірде осыған дейінгі кезеңдерде қаптап кеткен кеңестік саясат ықпалымен жазылған плакаттық өлеңдердің әуенімен жүрген ақындар тобы да аз болған жоқ.
ХX ғасырдың 1970-80 жылдарындағы қазақ поэзиясы жасалуы мен дамуында бірсыпыра тың тенденциялар көрініс бергені мәлім. Егер одан бұрынғы дәуірлердегі поэзиядан қоғамдық саяси оқиғалардың жалпы мәнін ғана алғы кезекке шығарып, адамның қайталанбас көңіл-күйлерін, қуанышы мен наласын тереңдеп бейнелеуге жеткілікті көңіл бөлінбей келген болса, аталған кезеңдерде мұндай дәстүрге бірсыпыра өзгерістер енді. Адамның жеке басының сезім иірімдеріне мән беру, көңіл күйінің қыры мен сырына үңілу молырақ көріне бастады, Мұндай тенденциялар Ә. Тәжібаев секілді аға буын ақындардың шығармашылығынан да, 60 жылдарда поэзия әлеміне келіп қосылған Ғ. Қайырбеков, І. Мәмбетов, Т. Молдағалиев, Қ. Мырзалиев, С. Жиенбаев, М. Мақатаев, Е. Ибрагим, Ж. Нәжімеденов, Т. Айбергенов, С. Асанов, Ә. Абайділданов, Ө. Нұрғалиев, Ж. Қыдыров секілді ақындар өлеңдерінен де белгі бергені анық. Сондай -ақ бұлардан кейінгі ақындардың жаңа буыны шығармашылығында мұндай тенденция айқындала, нақтылана түсті деп айтуға болады. Міне, осы айтылған буынға жататын дарынды ақынның бірі - Ж. Жақыпбаев өлеңдерінен поэзия, лирика тағдырындағы эволюцияны айқынырақ көреміз. Ж. Жақыпбаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде жазылған пікірлер, айтылған маңызды ойлар жоқ емес. Белгілі әдебиеттанушы ғалым, академик С. Қирабаев 60 жылдар әдебиетіндегі аса көрнекті ақындардың соңын ала шыққан өзіндік қолтаңбасы бар, аз ғана таланттар шоғырының ішінде Ж. Жақыпбаев есімін ауызға алады [1, 188] . Ал, әдебиеттанушы, сыншы Б. Ыбырайымов С, Мәуленов, Ж. Нәжімеденов, О. Асқарлар секілді талантты ақындардың
қатарында Жұматайды да атаған өлеңдерінен мысал келтірген[2, 9] . Зиялы жұртшылық тарапынан ерекше ілтипатқа ие болған ақын шығармашылығы қарапайым көпшіліктің «қолынан түспес» дүниесіне бірден айналып кете қоймағаны белгілі. Нақты бір шығармашылықтың дер кезінде бағалануы оқырманның тарихи дәуірдегі эстетикалық талғамына, интеллектуалдық деңгейіне де байланыстық Ақынның шығармашылығын талдай отырып, бұл мәселенің де сырларын ашу мүмкіндігі туады.
Әдебиетті зерттеу тәжірибесінде белгілі бір ақынның не жазушының шығармашылығын суреткер өмірден өткенннен кейін, араға біраз уақыт салып барып зерттеу ұтымды деген пікір қалыптасқан. Мұндай тұжырымның белгілі дәрежеде шындыққа сәйкес келетіні күмәнсіз. Өйткені қандай шығарманың да құндылық деңқандай шығарманың да құндылық деңгейіне қатал сыншы уақыт қой. Кезінде әдебиет сынында мақталған туындылардың уақыт өте келе әсерін, тартымдылығын тіпті құндылығын жоятындары болады. Әрбір жаңа қауымның көркем шығармаға жаңа биіктен тың көзқараспен баға беруі заңды . . . Сонымен қатар әдеби шығармаларды жарияланған кезеңнен тым алыстап кетпей тұрғанда «ізін суытпай» талдаудың да өзіндік ұтымды жақтары жоқ емес. Бұл тектес еңбектерде зерттеуші өз объектісіне неғұрлым соны да қызғылықты материалды молырақ қамтиды. Сондықтан ол зерттеу мүмкіндігінің кейбір артықшылықтарын пайдалана алады. Мұндай жағдайда қазіргі әдебиеттану мен өнертанудағы аса зәру мәселе шығармашылықты психоаналитикалық тұрғыдан талдауға , туындының оқырманға берер әсерінің негізгі факторларын айқындауға [3] қажет материалдарды жинаудың мүмкіндігі мол болады. Белгілі бір суреткердің тірі жүрген замандастарының, жолдастарының жалпы әдеби қауым өкілдерінің пікірлері шығарманың табиғатын, ерекшелігін тануға көмектесетіні сөзсіз.
Осы айтылғандарды еске тұта келіп, біз өмір жолдары бүгінгі күімізден тым жыраққа кетпеген талантты ақын Ж. Жақыпбаевтың шығармашылығын өз заманындағы поэзиялық ахуалымен байланыстыра, туындыларының көркемдік тәсілін, ақын мен огны лрикалық қаһарманының ара қатынасы диалектикасын жүйелі түрде сөз етуге, талдауға бекіндік. Біздің зерттеуіміздің өзектілігін танытатын бірінші мәселе Ж. Жақыпбаев поэзиясының ғана емес, онымен замандас ақындардың шағармашылығын да сабақтастыра сөз етуіміз болса, екінші мәселе ақын мұрасының даралығын таныту, яғни Ж. Жақыпбаев өмірі мен шығармашылығы негізінде 1970-80 жылдардағы қазақ поэзиясының басты қаиетіне, жаңалықтарына барлау жасау.
Ж. Жақыпбаев шығармашылығы 1970-80 жылдардағы қазақ поэзиясының ең көрнекті өкілдерінің бірі ретінде ғана емес, сонымен қоса, жоғарыда айтылған поэтикалық мәселелерді айқындауға қызмет ететін деректік сипатымен де құнды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Ж. Жақыпбаев лирикасының идеялық- тақырыптық ерекшеліктерін сипаттау, олардың ақын өмір сүрген дәуір шындығымен байланысын, өлеңдерінің көркемдік тәсілін, қазақ поэзиясындағы орны мен мәнін анықтау жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Осыған орай төмендегідей нақтылы мәндеттер алға қойылды.
- Ж. Жақыпбаев лирикасының идеялық-тақырыптық өзгешеліктерін жүйелеу;
- Ақын шығармаларының көркемдік тәсілдерін анықтау;
- Ж. Жақыпбаев өлеңдерінің көркемдік бейнелеу құралдарын талдау;
- Ақын шығармашылығындағы өмір шындығы мен лирикалық қаһарманның ара-қатынасын зерделеу;
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ж. Жақыпбаевтың шығармашылығы қазірге дейін арнайы зерттелеген жоқ. Тіпті оның өлеңдері жөнінде айтылған ғылыми пікірлердің өзі саусақпен санарлық. Бұл қатарда оның өлеңдері мен жыр жинақтарына арналған Ж. Нәжімеденовтің, Б. Ыбырайымовтың, Қ. Ергөбековтің, К. Мырзабековтың, С. Негимовтың, Ұ. Есдәулетовтың, М. Неталиевтің рецензияларын айтса болады[4] .
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі. Орыс және қазақ зерттеушілерінің лирика, өлең табиғаты жөніндегі монографиялар мен зерттеулерді жұмысымызға таяныш еттік. Сондай -ақ лирикалық туындыдағы автор қолтаңбасына тән ерекшеліктердің қыр-сырын көрсететін зерттеулер де басты бағдар етілді. Әдебиет теориясына қатысты еңбектер пайдаланылды.
Ақынның «Жалын» баспасынан көзі тірісінде шыққан «Саратан» /1970/, «Ләйлә» /1981/, «Шұғынық гүл төркіні» /1984/, қайтыс болғаннан кейін жұбайы З. Елғондиева дайындауымен жарияланған «Көктемгі хаттар» /1992/ атты жыр жинақтарындағы өлеңдер негізгі материал ретінде алынды. Әсіресе, соңғы екі жинақ негізгі дәйек етілді. Сондай-ақ туындыгердің бұл жинақтарына енбей қалған кейбір өлеңдері де қамтылды.
Ақын жөніндегі ақын-жазушылардың, қаламдас достарының түрлі басылымдарда жарық көрген естелік, ой-толғамдары [5] да зерттеуге қажетті деректердің үлкен бір бөлігін құрайды. З. Елғондықызының, филология ғылымдарының кандидаты Б. Қорғанбековтың Ж. Жақыпбаев туралы ауызша естеліктері ең керекті тұстарда пайдаға асырылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми негізі. Ж. Жақыпбаев шығармашылығына қатысты зерттеу еңбектерді басшылыққа ала отырып, орыс және қазақ ғалымдарының теориялық тұжырымдарын негізге алдық. Ж. Жақыпбаевтың шығармалары көркемдік жағынан талдау барысында төмендегі мәселелердің көбірек белең алуына байланысты жұмысымызды төмендегі мәселелерге арнадық :
-Автор поэзиясы ақын туып-өскен ортасының өз тағдыр жолдарының ерекшелігіне тығыз байланыстылығын,
- Шығармашылық тұлға мен лирикалық қаһарманның арақатынасын анықтау,
-Ж. Жақыпбаев поэзиясының көркемдік тәсілі көрсетілуіне мән берілді,
- Ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректердің ғылыми айналымға түсірілуін зерттеудің жаңалығы деп білеміз.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
I. Тақырыптық-идеялық бірлік және ақындық тұлғаның толысуы
Автор бейнесі оқырманға, көбінесе лирикалық қаһарманмен бір немесе жақын болып көрінетін лирикалық әдеби тек үшін ақын өмірбаяны шешуші рольді иеленеді. Неміс қаламгері И. Бехер лирик ақынды «өзін-өзін бейнелеуші адам. Оның өзі-өз лирикасының кейіпкері»- дейді. Енді бір әдебиетшілер лирикалық кейіпкердің автор көшірмесі емес екеніне баса назар аударады. Мәселен, лирика табиғатын зерттеген Т. Шапай былай дейді: « лирикалық кейіпкер - ақынның өзі емес, творчествалық тұлғаның шығармадағы көркемдік прокциясы, әдеби бейе» [4, 148-149] . Бұл айтылғандар бір -бірімен қарама-қайшы емес, керісінше, бір-бірін толықтырушы пікірлер. Демек лирикалық кейіпкер бойынан ақын тұлғасына, өмірбаянына қатысты шындықты да, оның қиялынан туған қоспаларды да табуға болады. Бұл тұрғыдан келгенде, ақын мен лирикалық кейіпкер байланысы эпикалық немесе драмалық шығармалардағы түп тұлғаға оның көркем образының қаншалықты қатысты болатыны тәрізді құбылыс.
«Әдебиеттің объектісі-өмір, предметі-адам»[5, 86], дегенЗ. Қабдолов тұжырымына сүйенер болсақ, автор мен лирикалық қаһарман бейнесінің байланысын көрсету барысында кейіпкер образы арқылы шығармада бейнеленген өмір шындығы да танылатынын аңғарамыз. Бұл -ақын шығармаларының тақырыптық ауқымына барлау жасау деген сөз. «Тақырып -жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса», -[5, 86], өмірдің сан-саналылығы шығармада да тақырыптың көпқырлылығы арқылы бейнеленеді. Ал тақырып ауқымының күрделілігін айқындайтын ақын тұлғасы болса, оны кең қамтып бейнелеу мүмкіндігін туғызатын оның талант деңгейі болмақ. Т. Шапайдың «Лирикалық кейіпкерден ақын тұлғасын бүкіл қыр-сырымен тануға болатындығы, Ол-өз алдына мәселе[4, 149] », -деуінің осындай мәні бар.
Ж. Жақыпбаевтың лирикасының тақырыптық сипатын, көркемдік ерекшелік қырларын оның өмірбаянымен байланыстыра отырып көрсету, сол арқылы лирикалық тұлғаны ашу жұмысымыздың алғашқы тарауында көздеген басты нысанымыз болып табылады. Осы орайда «лирикалық кейіпкер», «лириклық тұлға» атауларының қолдану аясы жөнінде арнайы зерттеу нәтижесінде орнықты тұжырым айтқан Т. Шапай пікіріне тоқтала кетейік: « . . . белгілі бір ақынның жеке бір туындыларындағы лирикалық бейнені лирикалық тұлға емес, лирикалық кейіпкер деп тануымыз орынды деп ойлаймыз. Ал оның барлық лирикалық туындыларын ішкі бірлікте ұстап тұрған нақты әлеуметтік, кісілік дара ерекшеліктермен рухани дүниетанымдық өресімен сомдалғани біртұтас адам бейнесі -біздің ұғымызда лирикалық тұлға»[4, 149-150] . Әрине Ж. Жақыпбаев поэзиясындағы тұтас лирикалық тұлға жекеленген өлеңдерінен танылатын кәміл.
Біз автор-лирикалық кейіпкер-тақырып мәселелерінің байланысын ақын өмірбаяны негізінде ашуға тырыстық.
Әрбір қаламгер өз тұсындағы дәуір шындығымен бетпе-бет келіп, оның ең көкейкесті деген мәселелерін ой мен сезім елегенен өткізеді. Ақын өз заманының өзекті құбылыстарына деген көркем пайымдауларын шығармашылығы арқылы оқырман назарына ұсынғанда, салқынқандылық таныта алмайды. Заманына, айналасына деген адами көзқарастың ең эмоцияға бай түрі поэзиядан танылатыны шындық. Сондықтан да адам мен дәуір арасындағы байланыстан туатын көңіл-күйді көрсетіп берудегі поэзияның көтерер жүгі үлкен.
Түрлі дәуірдің өзіндік ерекшіліктерін, сол тұстағы қоғамдық сананың негізгі белгілерін поэзиядан айрықша тани аламыз. «Әр заман поэзиясының өзіне лайық күйі бар, өзіне лайық үні. Адам баласының бүкіл тарих бойына ілгері басып-дамуы қаншалықты тынымсыз, толассыз жүріп жатқан процесс болса, көркем бейне жүйесімен ойлау, дүниені образбен танып баяндау, суреттеу өнері де тоқтаусыз дамып, жаңаланып, жақсарып келе жатқан құбылыс. Қоғамдық сананың бір түрі ретінде көркем әдебиет қай ғасырда болса да, сол заманғы адамдардың бір -біріне деген қатынасын, ой -арманын, дүниетанымын байқатпақ. Соның ішінде поэзияның ғана құдіреті келетін, тек өлең ғана айта алатын тебіреніс бар. Ол -заман күйі, адам күйі, тіршілік еткен жанның мұңы мен зары, ішкі ой-сезімі, арманы, күйініші мен қуанышы», - дейді М. Базарбаев. Демек дәуірге тән қоғамдық көңіл-күй ең алдымен поэзияда, әсіресе, лирикада бейнеленеді деген сөз.
Біз зерттеуіміздің негізгі өзегі етіп алған Ж. Жақыпбаев лирикасы - кеңестік дәуірдегі қазақ поэзиясының құрамдас бір бөлігі. Сондықтан ақын туындыларын кеңестік қазақ әдебиетінің, оның ішінде, 70-80 жылдардағы қазақ лирикасының аясында қарастырған жөн. Аталмыш кезеңдегі қоғамдық көңіл-күйдің ерекшелігі, оның қазақ поэзиясына тигізген ықпалы жөнінде кіріспе бөлімде біршама айттық. Осы тарихи дәуірдегі лириканың ең басты өзгешелігі - қоғамдық пікірді кеңестік саясат қалыбына салмай, ойды ашық айта білу еді. Сондай -ақ лирикалық қаһарманның өзінің ішкі әлеміне көбірек үңілуі, сыршылдықтың басымдығы да бұл кезең лирикасына тән сипат болатын. Көркемдік ізденістер көкжиегі де осы тұста кеңейе түсті. «Жапатармағай жарық көріп жатқан жыр жинақтарының әрқайсысына шұқшия үңілмей-ақ сыдыртып оқып шықсаңыз да төл әдебиетіміздегі озық туындылармен қатар Шығыс пен Батыс поэзиясының үлгі -әсерін, рухани ықпалын байқау қиынға соқпайды. Бұл да поэтикалық, көркемдік ой дамуында, тәжірибе байытуда маңызды факторлардың бірі» [2, 43], - деп жазды ол кезде Б. Ыбырайымов.
Осы ерекшеліктерді дәуір лирикасының алдыңғы кезеңдерден артықылығы ретінде бағалау дұрыс бола қоймайды. Өйткені қоғамдық жағдай тудырған әдеби кезең өзгешелігі сол жағдайдың өзімен бірлікте қарастырылуы керек. Алдыңғы әдеби кезеңдерде тоталитарлық жүйе «социалистік реализм» деп аталатын, қатаң қағидалар шеңберінен шықпауға мәжбүр етсе, оған суреткер немесе әдебиет емес, сол қоғамдық жүйе кінәлі деп білу керек. Оның үстіне кеңестік қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңдерінде шығармашылық еркіндікке сыршылдыққа, шығармашылдық индивидуализмге тарихи жағдайлардың суреткер мойнына жүктеген айыр міндеті де мүмкіндік бере қоймайды. Алдыңғы әдеби дәуірлер поэзиясының атқарған осындай міндеті жөнінде Ә. Тәжібаев былай деген:
«Поэзия бай жылқышысы болған жастарды романтикалық геройға айналдырудан, оның еңбектегі ерліктерін жырлаудан бұрын, әуелі оған бас бостандығын қалай алу жолын үйретуге тиісті болды.
Біресе поэзия алдында кедей, надан елді ояту, ілімге, еңбекке шақыру ұраны тұрса, біресе қанаушы таптан қалай есеп айыру, одан малды, жерді қалай алу ұраны тұрды. Одан кейін ұлы бесжылдықтар өтті; әр алуан жауларға соққы беру, мұхит құшағындағы жалғыз аралдай социализм мемлекетін капитализм қоршауынан аман сақтау, балға мен мылтықты қатар тұтына білуді де поэзия үйретісуге міндетті болды. Өлең жазуға жағдай күтіп отырмадық. Эстетика оқуға да уақыт жете берген жоқ. Қазақ совет поэзиясының поэтикасын жасаудан бұрын әуелі өзін жасау, оны халқымыздың керегіне, мұқтажына жұмсау керек еді, солай еттік те. Көшелерге плакат, ұран, газеттерге үгіт-насихат жырлары керек, ертең емес, бүгін керек. Біз ондай өлеңдерді жазу үшін ақ қанатты музаның ұшып келуін күтіп отыра алмадық. Ауызға түскен, тілге бірінші үйірілген сөз ырғаққа, ұйқасқа қалана берді. Олардың ішінде керемет асылдары да, керемет жасықтары да жүрді. Сөйтіп жүріп Отан іргесі берік, поэзия бұғанасы жаңа беки бергенде Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Сондықтан болу керек Абайдан кейінгі поэзиямыздың міндеттері, оны жат ықпалдардан қалай сақтау туралы қанша сөйлессек те, поэзиямыздың эстетикалық жағына көбірек үңілуге уақыт таппағандай болып келдік».
Қазақ әдебиетінің, оның ішінде қазақ поэзиясының саяси қысым ықпалында айрықша болған кезі -30 жылдар. Сондықтан осы кезең лирикасында көркемдік кемшіліктер айрықша көрінді.
Осы кезең әдебиетін зерттеген Р. Бердібаев кеңес үкіметі тұсында-ақ бұл олқылықтарды айқын көрсетіп берген болатын.
«Лирика табиғатының өзі мейлінше шыншылдықты көңіл аңсары мен күдігін ірікпей айта білуді қажет етеді ғой. Шаттық та, мұң да шын ақиқатымен поэзиға бөленіп берілсе ғана адамның сыры басқалар үшін ғибратқа айналмақ. Бірақ 30 жылдар лирикасында өмірдің қат-қабат байлығын, тіршіліктің алуан тарауын көрсетудің орнына оның тек күнгей ғана беткейін жырлау орын тепті. Мұндай бір сарынды өлең мазмұнын сұйылтты, шын поэзияның емес, жаттанды машықтың көбеюіне жол ашты», - дейді ғалым.
Ал қазақ лирикасының келесі кезеңі Ұлы Отан соғысы ауыртпашылығын арқалаумен өткендіктен, аталмыш кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік те бола қоймайды. Алайда бұдан соңғы кезеңде де мұндай олқылықтар бірден жойыла қоймады. «Сын түзелмей-мін түзелмейді» деген қанатты сөздің растығы осы кезде айқын көрінді. Алдыңғы дәуірлердегі солақай сын 40-50 жылдар әдебиетінде де қайталанып, сол кездегі әдеби олқылықтардың сақталып қалуына себеп болды. «1936-1937 жылдардағы жазылған сын мақалаларды есепке алмағанның өзінде 40-50 жылдар ішінде осыншалық асыра сілтеулер болғанын айқын көреміз.
Лириканың интимдік тақырыптарға, сүйіспеншілікке арналған түрлеріне де қысым жетпей қалған жоқ», - дейді бұл жөнінде Ә. Тәжібаев.
Тек қазақ әдебиеті ғана емес, Кеңестер Одағындағы өзге ұлт әдебиеттері де солақай сынның «сойылынан» алпысыншы жылдардан бастап құтыла бастады. Оған ең басты себеп болған оқиға -1956 жылдың басында өткен КОКП-ның ХХ съезінде Сталиннің жеке басына табынушылығының айыпталуы, 1957 жылы жеке адамға табыну қалдықтарын жою туралы Орталық партия Комитетінің қаулысы болды. Осы кезең әдебиетіндегі өзгерістер жөніндегі қазақ әдебиеті тарихына қатысты еңбектерде былай делінген еді: «Түрі-ұлттық, мазмұны -социалистік» деген құрсау принциптің ыдырауының басы жеке адамға табыну індетін әшкерелеу кезеңінен бас алады»[6, 135] .
60 жылдар әдебиеті де тоталитаризм құрсауынан бірден босанып кете қоймады. Бұл кезде әдебиет сапына қосылған жас қаламгерлер балалық шағын соғыстың ауртпалығында өткізген ұрпақ өкілдері еді. Сондықтан олардың шығармаларында мұңды әуен басым болды. «Өлеңдерінде баланың -жетім, ананың- жесір қалуын, майданнан оралмаған әкені күткен бала сағынышын жырлаған буын 60 жылдардағы әдебиетке жаңа бір леп әкелді», - [6, 137] деген пікірдің айтылуы жайдан жапй емес.
Социалистік өмірдің жарқын суреттерін басым жырлаған алдыңғы уақыт поэзиясымен салыстырғанда бұл кезең лирикасында мұңды, қайғылы пафосы, соғыс тақсіреті тақырыбы мен қатар көрінуі сияқты күрт өзгеріс көзге түсті. Бұл пафос адамның ішкі әлемін кеңірек ашуға септігін тигізді. Осылайша интимдік лирикаға кеңірек жол ашыла бастады. Өлеңнің сыршылдық мазмұны тереңдей түсті. Ал тың мазмұн жаңа пішінді туғызатыны рас. Жаңа түр өзгерістер көбейді [7, 256-257] . «Өлеңнің ішкі құрылымы мен сыртқы сымбатына мән беріп, мазмұнын байытып, тұтас бір организмге айналдырып жарлауда, сөзін мелодиялық -интонациялық кестесіне, ұйқас табиғатына, әуезділігіне, ырғақтың құрылысына басты назар аударған бұл кезеңдегі ақындар өзінен бұрынғы толқындардың ең озық үлгілерін ілгері дамытып, жаңадан шығармашылық өнер танытты. Кейінгі поэзия өкілдеріне өз ерекшеліктерімен үлгі боларлықтай із салды» [6, 157] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz