Кәсіпорынның табыстылығы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
2 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... 8
3 Маржиналды табысты талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
4 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... 22

5 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
Кіріспе

Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайын қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның жылдық бағдарламасын жасап шығарудағы негізгі шығындарын есептеу арқылы оның өзіндік құнын анықтау, салалық пайдалылығын қолданып, детальдің бағасын есептеп шығару. Жұмыста базалық технология мен жобалау технологиясын салыстырып, экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынды, цехты, учаскені ұйымдастырғын кезде немесе өндіріп отырған өнімнің – детальдің тораптың, бұйымның өзіндік құнын есептеудегі негізгі шығындарға мыналар жатады:
Бастапқы мағлұматтар ретінде берілген детальдің, тораптың құрастыру бірлігінің негізгі технологиялық процестері, ондағы қолданылған операциялардың уақытының қажет екендігі болып табылады. Осы мәліметтер бойынша детальді өндіріп шығару үшін қандай жұмыстар атқарылатынын талдап шығу керек: біріншіден- өнімді өндіріп шығару үшін қандай жабдықтар, станоктар, аспаптар қажет екенін есептеу керек.
Екіншіден – жабдықтардың саны бойынша цех әлде учаске болатынын белгілеу керек, кейін қажетті кескіш аспаптарды, тетіктерді бақылау аспаптарын, жетектерді бақылау аспаптарын, тағы басқа құралдардың көлемдерін есептеу кетек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. К.Ш.Дүйсенов., Э.Т.Төлегенов., Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы. Экономика баспасы, 2001 ж.
2. Ишмухамбетова Т.Р., Мендебаев Т.М. «Өнімнің өзіндік құнын есептеу» - Алматы : ҚҰТУ, 1995.
3. Ишмухамбетова Т.Р., Қапанова А.К. «Кәсіпкерлік іс-әрекеттің экономикалық негізі» - Алматы : ҚазҰТУ , 2001.
4. Гамрат- Курек Л.И. «Экономическое обоснование дипломных проектов» -М.: Высшая школа , 1985.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Кәсіпорынның табыстылығы

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... 8
3 Маржиналды табысты талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
4 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... 22
5 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
Кіріспе

Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайын
қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады.
Кәсіпорынның жылдық бағдарламасын жасап шығарудағы негізгі шығындарын
есептеу арқылы оның өзіндік құнын анықтау, салалық пайдалылығын қолданып,
детальдің бағасын есептеп шығару. Жұмыста базалық технология мен жобалау
технологиясын салыстырып, экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік
береді.
Кәсіпорынды, цехты, учаскені ұйымдастырғын кезде немесе өндіріп
отырған өнімнің – детальдің тораптың, бұйымның өзіндік құнын есептеудегі
негізгі шығындарға мыналар жатады:
Бастапқы мағлұматтар ретінде берілген детальдің, тораптың құрастыру
бірлігінің негізгі технологиялық процестері, ондағы қолданылған
операциялардың уақытының қажет екендігі болып табылады. Осы мәліметтер
бойынша детальді өндіріп шығару үшін қандай жұмыстар атқарылатынын талдап
шығу керек: біріншіден- өнімді өндіріп шығару үшін қандай жабдықтар,
станоктар, аспаптар қажет екенін есептеу керек.
Екіншіден – жабдықтардың саны бойынша цех әлде учаске болатынын
белгілеу керек, кейін қажетті кескіш аспаптарды, тетіктерді бақылау
аспаптарын, жетектерді бақылау аспаптарын, тағы басқа құралдардың
көлемдерін есептеу кетек.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ
МІНДЕТТЕРІ

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің
пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы
абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың
абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік
арнаулы әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей тұрде анықталады:
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюі түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық
пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен
өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі".
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлік
есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған.
Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бұл есептік кезеңдегі
активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы". Белгілі бір шығындар
шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс
алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу
мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің
абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден
алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық
салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан
кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан
алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын
таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің жанды және затқа
айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер
экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны
кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша,
алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған
қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей
жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын.
Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі)
ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни
кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш
мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс
табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал
нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының
көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық
ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне
негізделеді. Бұл әр кәсіпорын ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің
меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы
кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар
банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен
қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен
басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.
Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы
негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы
кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі атқаратын қызметтермен
анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы
мәселеі жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті
жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму
көзі.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты
шаруашылыкты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының
экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан
табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның
(тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің
алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін
қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар
қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық
қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің
үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі
ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және
өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы
тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық тұтқаларының жүйесінде
(амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер,
төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай
(жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері,
валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне
жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері
және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін.
Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей
болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын
қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін
рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы
көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші
субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында
табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде
талдау жасау қажет.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
• табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын
бағалау;
✓ таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
✓ табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
✓ табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын
зерттеу;
✓ табыстың өсу резервтерін анықтау;
✓ кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді
пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
✓ табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі кэффициенттерін және
олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару
және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы
ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды
және басқаны іскс асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде
көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы
органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі,
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
2 ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ АБСОЛЮТТІ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы
көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, кызмет)
өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар
мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату
шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы
бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды
өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның
сапасымен және төменде қарастырынатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар
қалдықтарының және сатын алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген
тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық
құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі жағдайда өткізуден түсетін табыс
сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді. Кәсіпорында өнімді
өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың
(дайын өнімдер, сатын алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген
бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден
түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық
қорлардың тым артуы есебінен болат жағдайлар да кездеседі.
1-кестеде өнімді өткізуден түскен табысты жоспарының негізделуін
тексеру жөнінде мәліме келтірілген.
Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін тексеру
№ Көрсеткіштер Есептік бағасы
бойынша мың тт.
1. Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл басындағы 8360
нақты қалдығы
2. Тауарлы өнім шығару 29000
3. Өткізілген өнімнің жыл аяғындағы қалдығы 15940
4. Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс 21420
(1 қатар+2 қатар - 3 қатар)
5. Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын табыс 20850
6. Ауытқуы (4 қатар - 5 қатар) 570

Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570
мың теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы
өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек.
Өнімді өткізуден түсетін табыс 20 850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге
көп, яғни 21 420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды
артық орындау болмас еді.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептер байланысты құралады. Дайын
өнімнің бір бөлігі оларды буып-тую, - орау, тиеуге дайындау, көлік
партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде
қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс
мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім
шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе
басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай
нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорыңда орын алады. Орындалған
жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына
байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір
салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс
салаларына қатысты.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни
өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды
негізде төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының
жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен
төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен
анықталуына әкеледі. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп
түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін
сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың
түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке
айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу
жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны
есеп айырысудың едитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу
бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын
ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі
өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп
айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның
кемшіліктері де бар:
• біріншіден бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
• екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау
төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет
көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
• үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті
санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар
мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).
Табыстылықттың екінші абсолют көрсеткіші жалпы табыс. Ол өнімді
өткізудің қаржынық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде
өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік
құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн,
сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен
айналысатын, оны төмендету дарын іздестіретін экономикалық қызметтің
бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының
әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен
өзінің маңызын теме детеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті
айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі
нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару
қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып
жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының — реттеудің, қаржы
рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын
есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық
экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік
жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір
сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны
басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары
жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвснциялардан (мақсатты
жәрдем қаржыдан) бас тарту болды және т.б. Осы және басқа себептерге
байланысты қаржының ролі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа
қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа
әдістеріне қошуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші
ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге,
әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың
қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың
бастыларына мыналарды жатқызуға болады.
Біріншіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі.
Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір болігі, биліктің аймақтық
және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі
тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып
жаткан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен
нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет
операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету
жөніндегі операцияларға қатысты.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономика жағдайында жалпы табыстың
өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды
төменгдету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік
құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында
(машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ
және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін пайдалы
қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте
қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен
анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке не болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі.
Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар
көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды
сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын
талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция,
бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты
қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге
қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабель-
іділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын
нақгы өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым
қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді.
Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың
шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі
бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын
ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс
әкетеді.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір
сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен
жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар мен
жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімделстін қаржылық сипаттағы
басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи заңдардың
талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен
бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-
математикалық әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін,
басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген
жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын
енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы
жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық
ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және
ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару
субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын
пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты
нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау),
ұйымдастыру, реттеу, бақылау. Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген
жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті
басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері
қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты
жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен
уақытгылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық
ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге
негізделеді.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл
— жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мелшерін
және оның көздерін анықтау; орталықтаңдырылған және орталықтандырылмаған
ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық
бірліктері арасында қаражаттарды белудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын)
белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жене салынғандығын,
айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару
қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны
оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің — қаржы органдарының,
салық қомитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық
салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай
ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының
ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық
қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.

3 МАРЖИНАЛДЫ ТАБЫСТЫ ТАЛДАУ

Нарықтық экономикаға өту өндіріс шығындарын есепке алуды ұйындастыруды
қайта қарауды жөне оның прогрессивті әдістерін өндіруді талап етеді. Осы
мақсатта ҚР бухгалтерлік есеп теориясы мен практикасы үшін нарықтық
экономикасы дамыған елдердегі шығындарды есепке алуда "директ-костинг"
жүйесі бойынша ұйымдастыру тәжірибесі көңіл аудартады. Бұл жүйе АҚШ-та
пайда болған. Оның негізгі идеялары "Өндірістік есептің Ұлттық
қауымдастығының бюллетенінде 1996 жылдың қаңтарында жарияланған американдық
зерттеуші И.Н.Гаррисгің мақаласында айтылған. Директ-костиингті нақты
енгізу АҚШ-та 1953 жылы іске асты, сол кезде бухгалтерлердің Ұлттық
қауымдастығы осы әдістің сипатамасын жариялады. Ұлыбританияда бұл әдіс
"маржиналь-кост", ал Францияда - "маржиналдық бухгалтерия" деп аталады", -
деп жазған В.И.Ткач және М.В.Ткач. Директ-костинг жүйесінің негізінде
"Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу - директ-костинг жүйесінің
бірінші ерекше белгісі", - деп біздің ғалым, профессор С.С.Сатыбалдин
тұжырымдайды.
Айнымалы шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін
тікелей шығындар жатады: шикізат және негізгі материалдар, технологияяық
мақсаттарға жұмсалатын отын және энергия, өндірістік персоналдың
жалақысы, тиісті төлемдерімен бірге жабдыктарды күту және пайдалану
шығындары және бірқатар басқа да үстеме шығындар.
Тұрақты шығындарға әкімшілік, басқарушылық, коммерциялық және жалпы
шаруашылық шығындары жатады. "Тұрақты шығындар кезеңдік шығындар болып
есептеледі және бұйымдар арасында бөлінбейді, олар тура нәтижелерге
жатқызылады".
Айнымалы шығындар тұрақты шығындармен салыстырғанда күшейтілген
бақылауды талап етеді. Тұрақты шығындардың мөлшері тұрақты болып қалады
және өндіріс көлеміне пропорционалды өзгермейді, мысалы, жал төлемі,
несиені пайдаланғаны үшін пайыздар, негізгі құралдарға есептелген
амортизация, кәсіпорын басшысының жалақыларының кейбір түрлері және басқа
да шығындар.
Тұрақты шығындар бірдей уақыт аралығында бірдей сомамен есептеледі.
Оларға кәсіпорын және оның бөлімшелері бойынша смета есептеледі. Ескерілген
ауытқулар (үнемдеу немесе артық шығындалу) негізінде кәсіпорынның
шаруашылық нәтижесіне әр бөлімшенің салымын анықтауға болады. Айнымалы
шығындарға қарағанда, тұрақты шығындар, жоғарыда аталғандай өндіріс
көлемінің өзгеруіне тәуелді емес. Сондықтан оларды азайтудың басгы резерві
өндіріс көлемінің өсуінде жатыр. Шығарылған өнім көлемі қаншалықты көп
болса, өнім бірлігіне тұрақты шығындар соншалықты аз келеді.
Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп жіктеу біршама шартты сипатта
екенін айта кеткен жөн, себебі шығындардың бір бабы әр түрлі жағдайда
өндіріс көлеміне тәуелді немесе тәуелсіз болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорын
қызметінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау тəртібі
Астық түйірін кептірудің негізгі үрдістері
«АСМЕЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру - экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану механизмі
Ардагер-Неруд ЖШС қызметінің табыстылығы мен шығынсыздығының талдауы
ЖШС Ботбай кәсіпорынының жетістіктері
Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау
КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ӘІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары
Ақша қаражаттары мен есептеулердің есебі
Пәндер