Агробизнес экономикасының негіздері


Жоспары:
Кіріспе
1 Агробизнес экономикасының негіздері
1. 1. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
2 Агроқұрылымдар бизнес-жоспары
2. 1. Бинес-жоспартақырыбының мазмұны мен түсінігі
2. 2. Шаруа қожалығының бизнес-жоспарының үлгілері
Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салаларға тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық - әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады. [3. -52 бет] .
Агробизнес кешені ресурстар, ауылшаруашылығының, маркетниг және агросервистік қызмет жасайтын құрылымдардан, яғни негізгі төрт сферадан тұрады.
Бизнес - жоспар шаруа қожалығының немесе өндірістік кооперативтің күнделікті жұмысын жүйелі және тиімді басқару үшін керек. Негізнен бизнесте жобаға орай есеппен іс - әрекеттер жасап қателеспеу мақсаты қойылады. Осындай жолмен кәсіпорынның тезірек қалыптасуына, оның көздеген өндірістік және қаржылай көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүдделі.
Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек деген тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады.
Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған нарық жағдайында да бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысуып отыруы мүмкін, бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады. Көп жылға тәжірибеде сыналған олардың көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірігіп кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теориялардың тиісті тарауларынының негізін құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан саяси және ілеуметтік конъюнктураның әсеріне ұшырады.
Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру өндіру үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10, 5 миллиардқа жуық гектар құрайды. Өз кезінде К. А. Тимирязев айтып кеткендей, егер планета бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның барлық адамдарын қоректендіруге қауқары жетеді.
- Агробизнес экономикасының негіздері
1. 1 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салаларға тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық - әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.
70-жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше «агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қоладынысына енді. Оның үш саласы - қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді (1-схема) .
Агробизнес кешені
1-схема
Агроқұрылымдар бизнес жоспары.
2. 1. Бизнес - жоспар тақырыбының мазмұны мен түсінігі
Көпшіліктің арасында «бизнес» десе болды коммерция, алыпсатарлық деген теріс пайымдау фактілері де жоқ емес. Бұл негізінен дұрыс емес, бизнес - нарықтық экономиканың факторы, оның алға басу механизмі болып табылады.
Бизнес ағылшын сөзі - «іс, іскерлік» деген ұғымды береді. Іскерлік дегеніміз жеке бастамамен өз атынан тәуекелге бел буып, мүлкімен жауапкершілік жүгін арқалаған алып жасаған жеке азаматтардың және заңды тұлғалардың тұрақты табыс, пайда табу мақсатында жасаған іс - қимылы. Мұны ол жер үлесін, мүліктерін тиімді пайдалану, өндірген тауарын сату, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету жолдарымен табады. Іскер адам сонымен қатар қабілетін көрсету мен іскерлік статусын нығайту мақсатында да еңбек етеді.
Бизнесмен - іскер адам, табыс, пайда табу мақсатында өзінің жекеменшік ісімен шұғылданатын тұлға.
Бизнес орталық - іскерлік жұмыстарды ұйымдару орталығы. Ол іскерлікке өз қызметтерін көрсетеді.
Нарықтық экономиканың алғашқы негізін қалаушысы Адам Смит іскерліктен тапқан пайданы қоғамның бизнесменге - меншік иесіне бастамашылық іс - әрекеті мен тәуекелге бел буғандығына төлеген сыйақысы деп түсіндіреді. [18. - 5 бет ] .
Бизнесмен өзінің жеке басының ерекшеліктерімен көзге түсуі керек. Ол ұзақты болжай білуі мен оған сеніммен қарау, есепте пысық және тәуелсіз болу, жаңалыққа жақын және үнемшіл, мәселенің алдын ала білу, тағы сол сияқты адам бойындағы дарындарға ие болуы керек. Сонымен қатар іскерлік бір сөзділікті және этиканы сақтай білуді қажет етеді.
Экономика бойынша әдебиеттерде: «Бизнес дегеніміз субъекттің нарықтық экономика жағдайында пайда табу үшін жасаған экономикалық әс - әрекеті», деген түсінік алға тартылады.
Бизнесті - іскерлікті құқықтық жағынан қамтамасыз етуде оның бірнеше ұйымдық - құқықтық түрлері бар. Оның ең қарапайым түрі жеке кісінің іскерлігі, яғни жеке тұлғаның тәуелсіз іс - әрекеттері. Олар көбінесе лицензия, төлемді патент алу жолымен өз істерін бастайды.
Жекеменшік іскерліктің басқа бірнеше түрлері бар, ол: шаруа қожалығы, жеке кәсіпорын немесе серіктестіктер, тағы сол сияқтылар. Бұлар мемлекеттік тіркеуден өтіп заңды тұлға болып құжаттанулары керек. Жеке кісілердің іскерлігі шектеулі көлемдегі жұмыстарды атқарады және олардың ауқымы да кішігірім істер. Сондықтан пайдасы да аз мөлшерде болады. Олар шаруашылық серіктестіктерге бірігу жолымен іскерлік жұмыстың көлемін ұлғайтып, алатын пайданы бірнеше есеге көбейтуі мүмкін.
Мүліктік жауапкершілігінің деңгейіне, мөлшеріне қарай серіктестіктер толық және шектелген жауапкершілікпен бірігеді. Сонымен қатар өндірістік кооперативтер, кіші кәсіпорындар және акционерлік қоғамдар құрылады. Ең ірі бизнесті ұйымдастыру үшін корпорацияларға, концерндерге, холдинг компанияларға бірігу керек.
Бизнестің түрлері . Бизнес - нарықтық қарым - қатынастағы экономиканың барлық жағын қамтитын саналуан түрлі іс - әрекеттер. Оларға: өндіріс, сатып өткізу, қаржылай қамтамасыз ету, сақтандыру, қызмет көрсету, сол сияқты тауар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша адамдардың іс - қимылдары жатады. Осы іс - әрекеттердің сипаттарына қарай бизнес - өндірістік, сауда - саттық, қаржы, делдалдық және сақтандыру бизнесі болып бірнеше түрге бөлінеді.
Өндірістік бизнес негізінен өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналысады.
«Агробизнестің теориясы мен практикасы» (Оспанов М., Р. Аутов және Х. Ертазин) еңбегінде өндірістік бизнестің схемасы ұсынылған. Ол төмендегідей:
Өндірістік бизнестің принципиалдық схемасы:
ЖЕ ЖЖ
АҚ ТР
АА ТС
АН НҚ
Шартты белгілер:
АҚ - айналма қор
АА - айналма қордың сатып алу үшін ақша
НҚ - негіз өндіріс құралы
АН - негізгі құралды сату немесе жалға алу үшін ақша
ЖЖ - жалданған жұмысшылар
ЖЕ - жалдап алынған жұмысшылардың еңбек ақысы
ТР - тауар, өндірістің сатуға арналған өнімі
ТС - тауарды сатудан түскен табыс.
Коммерциялық немесе сауда бизнесі - тауарды сатумен және сатып алумен айналысатын кәсіпкерлік.
Сақтандыру бизнесі
Сақтандыру бизнесі - ерікті түрде мүліктік сақтандыру, жеке кәсіпкердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру, тәуекелділік пен жауапкершілікті сақтандыру, яғни сақтандыру жолымен құрылған ерекше қызметтерді сатып алу.
Сақтандыру бизнесінің схемасы:
СТ
Қ
СЖҚ
Шартты белгілер:
СТ - сақтандыру қызметінің төлемі
Қ - сақтандыру қызметі
СЖ - сақтандырушының ақшалай шығынының қайтарымы.
Жоғарыдағы келтірілген бизнес түрлерінен біздің қарайтынымыз ауылшаруашылығы өндірісінің бизнесі.
Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі үш факторы бар:
Олар жер, еңбек және капитал. Осы үш факторды қимылға түсіретін фактор - агробизнес деп аталады. Бизнестің өзіне тән белгісі сол, ол жекеменшікке, өндіріс факторына негізделеді.
Агробизнес кешені ресурстар, ауылшаруашылығының, маркетниг және агросервистік қызмет жасайтын құрылымдардан, яғни негізгі төрт сферадан тұрады.
Агробизнес кешенінің схемасы
Бизнес-операция - бір бизнес іс - әрекет жасау мақсатында жүргізілген бірнеше іс-қимылдар процедураларының қорытындысы. Бизнес-іс- әрекеттер жоспар бойынша ұйымдастырылып, өндірістен тауар сатып алудан басталады да, тауарды сату, пайда табумен аяқталады. Бизнес- операцияны іс жасау (сделка) деп те атайды.
Бизнес жоспар-бизнес операцияны іс жүзінде орындау бағдарламасы, оны 3-5 жылға жасалады. Бизнес жоспарда фирма туралы толық мәліметтер, оның өндірісі, өндірістік тауары, сатылатын рыногі, маркетингтік зерттеулері, іс жасауды ұйымдастыру әрекеттері және олардың тиімділігі анықталады.
Бизнес - жоспар шаруа қожалығының немесе өндірістік кооперативтің күнделікті жұмысын жүйелі және тиімді басқару үшін керек. Негізнен бизнесте жобаға орай есеппен іс - әрекеттер жасап қателеспеу мақсаты қойылады. Осындай жолмен кәсіпорынның тезірек қалыптасуына, оның көздеген өндірістік және қаржылай көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүдделі.
Мақта шаруашылығының көп укладты, нарықтық экономикалық өатынастарға өтуіне байланысты бизнес жоспар көптеген жас буын кәсіпкерлердің кездейсоқ жағдайларға ұшырауынан сақтандырады, пайда табуда дұрыс бағыт алуына көмектеседі. Бизнес жосапар бойынша материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың жолдары анықталады. Агробизнесте ой- мақсаттардың орындалуы үшін капитал қажет. Керекті қаржының мөлшерін, алатын қаржы көзін, оның өсімдерін есептеп талдау керек болады. Мақта шаруашылығында, мақта- шикізатын өңдеу зауытында фьючестік келісімдер жасау кәсіпкерлерді ынталандырады, сондай -ақ селолық несие серіктестерімен де қаржыландыру келісімін жасаға болады.
Бизнес - жоспарды амалға асыруда инвесторларды тартуға немесе бірнеше жеке тұлғалардың серіктестігін құру жолымен несие мөлшерін жетерлік етіп алуға болады. Бұл іс - әрекеттерді орындауда бір кісі бас шылық жасап, бастама көрсетуі қажет.
Бизнес жоспар:
Жер көлемі: 10 га.
Оның шит себу үшін егістік жер көлемі: 8 га.
Пленка астына қарбыз өсіру үшін жер көлемі: 2 га.
Жоба бойынша 1 га түсетін мақта шикізатының өнімі: 30 ц.
Қарбыздан түсетін өнім: 350 ц.
Жалпы мақта өнімі: 24 тонна.
Оның сатылатыны - 24 тонна.
Қарбыздың “Ница” сорты - 35*2=70 тонна.
Оның сатылатыны - 65 тонна.
- Тұқымдық шит :
1га норма бойынша тұқым шығыны - 30 кг
1га қосымша тұқым сақтандыру қоры (15%) - 4. 5 кг
Барлық тұқым шығысы - 1га - 34. 5 кг
1 га қаржылай шығысы - 34. 5*52=1794 тг.
8 га қаржылай шығысы - 8*1794=14352 тг
- Жанар-жағар май:
1 га норма бойынша жанар жағар май шығысы - 300 кг
1 га дизель отынының бағасы - 300*45=13500 тг
Жалпы мақта алқабына кететін шығыс - 8*13500=108000 тг
- Минералды тыңайтқыштар:
1 га нормаға сай барлық түрлері бойынша - 300 кг
Азот - 150 кг.
Фосфор - 100 кг.
Калий - 50 кг.
1 га түкка айналдырғанда:Азот - 150/34. 5*100=435 кг
Фосфор - 100/24*100=416 кг
Калий - 50 кг
1кг азот бағасы -22 тг.
1кг фосфор бағасы - 15тг
1кг калий бағасы - 20тг
1га қаржы шығысы азотқа - 435 * 22 = 9570 тг
1га қаржы шығысы фосфорға - 416 * 15 = 6240тг
1га қаржы шығысы калийге - 50 * 20 = 1000тг
Мақта алқабына қаржы шығысы - Азот - 8 * 9570 т = 76560 т
Фосфор - 8 * 6240 т = 49920 т
Калий - 8*1000 т = 8000 т
Жалпы минералды тыңайтқыштар үшін қаржы шығысы:
N+P 2 O 5 + K 2 O = 76560 + 49920 + 8000 = 134480
- Биологиялық және химиялық препараттар:
1 га алқапқа жұмсалатын биологиялық және химиялық шығынның сомасы 2000 тг.
Жалпы мақта алқабына жұмсалатын биологиялық және химиялық шығын сомасы - 16000 тг.
- Ағын су көлемі:
1га мақта үшін су шығыны - 6000 текшеметр.
1га/ текшеметрдің прейскурант бойынша бағасы - 4. 7 тг.
1га су шығынының төлемі - 6000*4. 7 =28200тг.
Мемлекеттік реттеулер бойынша бюджеттен бөлінген субсидия - 40%, яғни 28200*0, 4=11280тг.
28200-11280=16920/8=2115=1га
2115*8=16920тг
Орташа тасу қашықтығы 4 км.
32. 4 = 130 т. км.
Азот - 1га = 435*8 = 3480тг.
Фосфор - 1га = 416*8 = 3328тг.
Калий - 1га = 50*8 = 400
Барлығы: 7208тг.
Жанар-жағар май 1га = 300*8 = 2400тг.
Мақта 24 тонна.
130*131. 6 = 17108тг.
Жалпы мақта өсіру үшін операциялық шығындар сомасы:
14352 + 108000 + 134480 + 16000 + 16920 + 17108 = 306860 тг.
Мақтамен қатар қосалқы сала - қарбыздың «Ница» сортын өсірудің есебі.
2 га қарбыз алқабына кететін материалдық ресурстар шығынын есептеу.
1. Қарбыз тұқымы :
1га кететін қарбыз тұқымы - 500г.
2га кететін қарбыз мөлшері - 1000кг.
Қарбыз алқабына тұқым үшін шығыс сомасы - 1 тг.
2. Полиэтилен пленка :
1га алқапқа жұмсалатын полиэтилен пленканың мөлшері - 90кг.
1кг полиэтилен пленканың бағасы 170тг.
90*170=15300тг.
2*15300=30600тг.
3. Минералды тыңайтқыштар :
1га алқапқа норма бойынша азот тыңайтқыштарының шығыс сомасы - 400кг.
1га азот бағасы - 20 тг.
Ал барлығы - 8000 тг.
Жалпы қарбыз алқабына тыңайтқыштарға шығыс сомасы - 16000тг.
- Жанар-жағар май:
1га жерге жанар-жағар май шығыс мөлшері - 60кг.
1га дизель отынының бағаасы - 45тг.
Алқапқа кететін жанар-жағар май мөлшері - 120кг.
120*45=5400тг.
- Химиялық препараттар:
1га шығыс болатын улы химиялық препараттар мөлшері - 3кг.
1га - 500тг.
2га - 6кг.
6*500=3000тг.
1га егістікке қосымша ұнтақталған күкірт бағасы - 4-5 рет қолдану үшін шығыс мөлшері - 150 кг.
1кг ұнтақталған күкірт бағасы - 100тг.
1га қарбыз алқабына шығыс - 15000 тг.
Жалпы алқапқа ұнтақталған күкірт үшін шығыс сомасы - 3 тг.
- Ағын су төлемі: 1692 тг.
Жалпы қарбыз өсіру үшін операциялық шығындар сомасы:
1+30600+16000+5400+3000+3+1692=96692тг.
Ал мақта мен қарбыз өсіру үшін операциялық шығындар сомасы:
306860 + 96692 = 650244 тг
Шаруа қожалығы мүшелерінің атқарған еңбектері үшін аванс төлемі сомасы - 15 тг.
Жоғарыда келтірілген есептерге сәйкес жалпы несие алу қаржы есебі:
650244 + 15 = 800244 тг.
2. 2. Шаруа (фермер) қожалығының бизнес жоспарының үлгілері
Мақта өсіретін шаруа қожалығы бизнес жоспарының сақсаты :
- Шаруа қожалығы жер учаскесінің көлемін белгілеу;
- Мақта өсіруде қалыптасқан технология бойынша агротехникалық шаралардың түрлерін анықтау;
- Белгіленген егістік жерден алынатын өнім мөлгерін, оның сапасы мен өткізу бағаларын жоспарлау.
Бизнес - жоспардың атқаратын қызметтері төмендегідей:
- бизнесті алып бару бағыттарын анықтау үшін пайдаланылады, сонымен қатар ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтау мүмкін;
- өндірісті жоспарлау міндеттерін атқарады;
- шаруашылықтың негізгі саласының дамуын бақылауға және бағалауға болады;
- ақшалай қаржы салуға қажеттіліктің бар - жоғын анықтайды;
- жеке инвесторларды шақыруға және олар салған инвестицияның тиімділігін арттыру болжамын жасайды.
Бизнес жоспарды жасаудағы мақсат төмендегідей сұрақтарға дұрыс жауап табу:
- іскерлікті неден бастау қажет?
- өндірісті қалай тиімді ұйымдастыру керек?
- алғашқы табыс қашан алынады?
- несие берушілермен қалай есеп ажыратады?
- қандай болса тәуекелділік деңгейін төмендетуге болады?
Бизнес - жоспар жасауда белгілі бір қалып, үлгі жоқ, оның құрылымы әртүрлі болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы бір қарағанда оңай шаруа көрінеді. Бірақ ауыл шаруашылығы өндірісі, оның ішінде мақта өсіру бір қалыпқа немесе белгілі бір шектеулерге сыймайтын, өте біліктілікті, істің көзін тауып жұмыс жасауды талап етеді. Себебі мақта өсіру шаруашылығында қандай білгіш, кәсіби деңгейі жоғары маман болса да, оның барлық іс - әрекеттеріне бағынбайтын факторлар да өмірде баршылық. Оның ішінде ағын сумен қамтамасыз етілу мөлшері мен мерзімдері, тиімді температура мен және күн сәулесінің нақтылығы, кері әсер ететін басқа да табиғи құбылыстар: нөсер, жаңбыр, бұршақ, қоза зиянкестері тағы сол сияқты күтілмеген ауа райының зиянды әсері өте мол. Осындай құбылыстарға байланысты өнім әртүрлі болуы мүмкін, өндірілген шикізаттың көлемі айнымалы болуы ғажап емес. Әрине мұндай жағдайлар рыноутағы бағаға және диқанның табысына тікелей ықпал жасайды.
Нарықтық экономиканың қазіргі деңгейі ауыл шаруашылық диқандарының табысын қорғау бойынша жеткілікті механизмді қалыптастыра алған жоқ. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу жүйесін кеңінен ендіру диқандардың табысын қорғауға септігін тигізер еді.
Ауыл шаруашылығындағы бизнес - жоспарда ескерілетін екінші бір мәселе, бұл жердің мәңгілік негізгі қор есебіндегі ерекшелігі. Әсіресе, суармалы жерді дұрыс пайдалану оның құнарлылығының ерекшеліктерін ескеру, осыған сәйкес капиталдың және өндірістік шығындардың, алынатын өнім мен табыс мөлшерлерін болжай білуде қажет. [18. - 12 бет ] .
Ауыл шаруашылығы өндірісі тікелей табиғи биологиялық факторлармен байланысты. Сондықтан өнімді өсіру мен жинап алу, оны сатып өткізу мерзімі ұзаққа созылады. Көптеген табиғи процестерді реттеудің жолдары жоқ, әсіресе мақта өнімінің пісіп жетілуі күн санайды. Өсімдіктің алған тиімді температурасына тікелей байланысты, яғни вегетация мерзімі 125-140 күн, ал бір жылдық тиімді температура 1900-2000 о кем болмауы керек. Міне осыған сәйкес агротехникалық іс - шаралар мен технология белгіленіп, дұрыс еңбек ұйымдастырылуы қажет.
Көптеген өндірістік жұмыстар маусымдық сипатқа ие, техника, еңбек ресурстарын пайдалануда бірқалыпты ырғақтық жоқ, осыған байланысты тұрақты шығындар көлемінің арту тенденциясы байқалады. Шаруа қожалығының табысы маусымның соңында анықталады. Біздің пікірімізше, осы жағдайды ескеріп шаруа қожалықтары биологиялық тұрғыдан ерте пісетін, ауыл шаруашылығы жылының орта шенінде табыс әкелетін бақша дақылы - қарбызды пленка астына егу үшін 10-15% егістік жерін бөлу қажет. Онан ерте өнім жинап, табыс алса, пайызды несиенің мөлшерін біршама кемейтуге болады, яғни несие төлеміне шығынды азайту мүмкіндік жасалады. Ауыл шаруашылығындағы бизнестің және рыноктағы ерекшеліктерін осындай жолмен реттеуге және жеңілдетуге болады.
Ауыл шаруашылығындағы күрделі мәселелердің бірі - диқандар жұмысының қауырттығы. Сондықтан олар көбінесе мейрам, демалыс күндерінде күні - түні далада еңбек етеді. Себебі диқанның бір күні жылдық табыстың мөлшеріне әсер ететін жағдайы болады. Сонымен қатар маусым аяқталған соң диқанның бос уақыты көбейіп, апталап, айлап дем алады. Қысқаша айтқанда, диқан күндік немесе айлық жоспар үшін жұмыс жасамайды, оның мақсаты соңғы нәтиже - мол өнім, көбірек табыс алу, пайда табу. Бұл мәселеде көп шығынды талап ететін, қол еңбегімен мақта өсірудің ерекшеліктері бар. Диқан әрбір түп мақтаны сақтап, мәпелейді, қашан қоректендіру, қашан суару керектігін өсімдіктің көрінісіне қарап біледі. Мақта өсіру қиын да мәртебелі кәсіп, бірақ шын ықыласпен, ақ пейілмен аянбай еңбек еткен адам ір уақытта табысты болады, ел құрметіне бөленіп жүреді.
Республикамыз егемендік алып, жерді және мүлікті жекешелендіру, яғни өндірістік қатынастарда экономикалық реформалар кең қанат жая бастаған соң диқанның мақта алқабындағғы еңбегі қарқын алды. Себебі алынған өнім, одан түскен табыс, пайда оның меншігінде қалып, жанұясының игіліне жаратылатын болды. Осы жағдайда істің көзін біліп тиімді еңбек жасайтын мақташы да, сонымен қатар өзі боладыға салынып жерге, өнімге немқұрайлы қарайтын диқан да білгілі болып, түпкі нәтижелері айқындала бастайды.
Жоғарыда атап өтілген ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерін ескере отырып, мақта өсіретін шаруа қожалығының бизнес жоспарын жасап, ауылдық кәсіпкерлердің агроэкономикалық сауатының деңгейін көтерсек деген ниетіміз бар. Бұл іскерлік жоспар бойынша фермер шаруашылығының басшысы мен ондағы жұмысшылар сол ерекшеліктерді ескере отырып жұмыс жасауы қажет. Яғни ол әрі іскер - қожайын, әрі басқарушы - менеджер, керек жерінде механизатор, сушы болуы керек. Шаруа қожалығының егістік жерінің тиімді мөлшері, жанұядан алқапқа шығып жұмыс жасайтын мүшелерінің санына, қолда бар техникалық және технологиялық мүмкіндіктерге тікелей байланысты.
Мақта өсіру саласында агробизнесті жолға қою үшін, бизнес - жоспар ерекшеліктерді ескере отырып жасалуы керек, мамандар жағынан жан -жақты талқыланып қабылданса, бекітілсе дұрыс болады . Осындай ғылыми экономикалық жағынан негізделген өндірістік қатынастың нәтижесінде нарықтық қарым-қатынастың қиындықтарын жеңіп, мақта өндіру өркендетуге, экономикасын қалыптастыруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz