Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экологиялық орнықты дамытудың ғылыми негізі
Кіріспе
2 Зерттеу жүргізілген өңірдің сипаттамасы
2.1 Сырдария өзені төменгі ағысының географиялық орны
2.2 Арал өңірінде климаттың өзгеруі
2.3 Өсімдік жабынының сипаттамасы.
2.4 Топырақ жабынына экологиялық сипаттама.
2.5 Су қорлары, оларды пайдалану жағдайы.
3 Ғылыми еңбекте қолданылған әдістемеліктер
4 Сырдария.Әмудария өзендері мен Арал теңізі бассейнінде шаруашылық кешеннің дамуы және оның экологияға әсері
4.1 Бассейндік аумақта суармалы егіншіліктің дамуы және Арал теңізінің тартылуы.
4.2 Арал теңізінің құрғаған орнындағы жаңа құрлықтың геоморфологиясы.
4.3 Жаңа құрлықтың өсімдігі мен жануарлары.
4.4 Теңіздің орнындағы топырақ түрлерінің мелиоративтік күйі.
4.5 Арал теңізінің суындағы тұздың таралу проблемасы.
4.6 Теңіз орнындағы топырақта ауылшаруашылық дақылдарымен жүргізген тәжрибенің нәтижесі.
4.7 Өңірде экологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты көпсалалы шаруа қожалықтарын дамыту.
4.8 Арал өңірін көгалдандыру.
5 Сырдария өзенінің ағысын реттеуге байланысты күрделі экологиялық жағдайдың қалыптасуы
5.1 Сырдарияның атыраулық аймағында табиғи кешеннің өзгеруі.
5.2 Сырдария өзені суының сапасы және суды пайдалану.
5.3 Суармалы жердің экологиялық.мелиоративтік күйі.
5.4 Суармалы жерді экологиялық.мелиоративтік сауықтыру және топырақ құнарын көтеру
6. Арал өңірінің жаңа экологиялық жағдайында дәстүрлі шаруашылық салаларын өрбітудің жолдарын айқындау
6.1 Сырдарияның төменгі ағысында суармалы егіншілікті дамыту.
6.2 Мал шаруашылығын өркендету.
6.3 Өңірде балық өндірісін қалпына келтіру.
7 Арал өңірінде табиғи.шаруашылық нысандарды ластайтын заттардың таралуы және экологиялық күйіне әсері
7.1 Атмосфералық ауаның экологиялық күйі.
7.2 Егіншілік саласын химияландырудың экологиялық жағдайы.
7.3 Ауыр металдардың экологиялық зиянын азайту жолдары.
7.4 Өңірдің радиациялық жағдайын сауықтырудың жолдары.
7.5 Арал өңірінде мұнай өндірудің экологиялық күйін реттеу.
7.6 Полиметалл кенін өндірудің экологиялық жағдайға әсерін шектеу.
7.7 Уран кенін өндірудің экологиялық проблемалары.
8. Арал өңірінің әлеуметтік.экономикалық жағдайын көтеру.
8.1 Елдің материалдық тұрмыс жағдайын жақсарту.
8.2 Ауызсудың сапасы және оның әлеуметтік салдарын реттеу.
8.3 Жайсыз факторлардың адам денсаулығына зиянды әсерін азайту.
Қорытынды
Диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектер тізімі

Арал өңірінде табиғи процестер мен шаруашылық салаларының көне дәуірден бері келе жатқан үйлесімді даму ырғағын осы өлкеде орын алған экологиялық тоқырау бұзып жіберді. Соның салдарынан табиғат азғындап, шаруашылық кешеннің өнімділігі кеміді, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмендеді. Әйтсе де Арал өңірінде қауырт өршіген экологиялық тоқыраудың пәті өткен ғасырдың соңғы он жылдығында бәсеңсіген соң ахуал біршама тұрақтанды. Осы жағымды процесті баянды ету мақсатында өңірде экологиялық жобалар жүзеге асырыла бастады. Солардың бірегейі Солтүстік Арал теңізін (САТ) Көкарал бөгеті арқылы бөлектеу мен Сырдария өзенінде оның құрамдық бөлігі болып табылатын «Ақлақ» су электрстансасын салу және Сырдарияның төменгі ағысында ирригация жүйесінің ірі тармақтарын жаңарту шаралары қолға алынды. Ендігі мәселе Арал өңірінде экологиялық ахуалдың бағытын бақылаудан шығармай басқару арқылы өлкенің табиғи қорларын тиімді пайдаланумен бірге оның потенциалын молайтуға қол жеткізу болмақ. Мәселені түбегейлі шешу үшін өңірде бұрыннан қалыптасқан табиғи процестер мен шаруашылық салаларының даму жолын және қазіргі күйін жан-жақты зерттеп, жаңа экологиялық жағдайға орай өрбіту бағытын айқындау мен басқарудың негізінде табиғи қорларды тиімді пайдаланудың негізін жасау қажет болып отыр. Біздің жүргізген ғылыми зерттеулеріміз осы мәселеге арналған.
Жұмыстың мақсаты. Арал өңірінде табиғат қорғау жобаларын жүзеге асыруға байланысты табиғи процестерді антропогендік басқару арқылы шаруашылық кешенді орнықты дамытудың ғылыми негізін жасау.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер:
- Арал теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі құрғаған орнында пайда болған жаңа құрлықты кешенді зерттеп, табиғи қорларының шаруашылық потенциалын анықтау;
- Жаңа құрлықта егіншілікке жарайтын жер көлемін анықтап, теңіз жағалауында суармалы егіншілікті дамытудың ғылыми негізін жасау;
- Арал өңірінде экологиялық жобалар жүзеге асырылуына байланысты Сырдарияның төменгі ағысында дәстүрлі шаруашылық салаларын жаңа экологиялық жағдайға бейімдеп дамытуды ғылыми негіздеу;
- Өңірде табиғи-шаруашылық нысандарды ластайтын заттардың жиналуы мен таралуын зерттеп, зиянды зардаптарын азайтудың жолдарын реттеу.

а) монографиялар:
1 Боровский В.М., Волков А.И., Волохова А.А., Киевская Р.Х., Можайцева Н.Ф., Некрасова Т.Ф., Нургизаринов А.М., Попов Ю.М., Султанбаева У.М., Харитонова А.Я., Чиркова Р.А. – Антропогенное опустынивание почв Приаралья. Монография, Алма-Ата, «Наука», 1984 г., 202 с.
2 Нұрғызарынов А., Шапшанов Қ. – Арал өңірінің экологиясы (Қызылорда облысы). Оқулық, Алматы, 1996 ж., 170 б.
3 Нұрғызарынов А., Шапшанов Қ. – Арал өңірінде өндірісті экологияландыру (Қызылорда облысы). Монография, Алматы, 2001 ж., 145 б.
4 Нұрғызарынов А. – Атыраулық экотоптардың химиялық экологиясы (Сырдың төменгі ағысы), монография. Қызылорда, «Тұмар», 2003 ж., 168 б.
5 Нұрғызарынов А. – Аралдың экологиялық тынысы. Монография, Алматы, «Ғылым», 2006ж., 224 б.
б) мезгілді басылымдар мен ғылыми жорналдарда жарияланған мақалалар:
1 Нургизаринов А.М. - Агрохимические свойства такыровидных почв Джана-Дарьинского массива и применение удобрений под различные культуры. Кн. «Проблемы освоения низовьев Сыр-Дарьи под рисовое хозяйство» ТР. ин-та почвоведения АН.Каз.ССР. том 17. Изд. «Наука» 1969 г. г.Алма-Ата. с.134-140.
2 Нургизаринов А.М. Динамика плодородия почв в условиях рисосеяния и применение удобрений под рис в Казахстане. Сб. «Интенсификация земледелия Юга и Юго-Востока Казахстана». Изд. ВО ВАСХНИЛ 1978 г. Алма-Ата. с.18-25.
3 Нургизаринов А.М., Кошкаров С.И., Жиенбаев Б.А., Макуов А.М., Сагындыков Ш.С. Динамика водорастворимых солей на рисовых картах-чеках. Жур. «Гидротехника и мелиорация» № 11 ежемесячный теоретич. и научно-практический. Изд. «Колос» 1979 г. Москва. с.76-78.
4 Нургизаринов А.М., Волков А.И., Некрасова Т.Ф., Можайцева Н.Ф., Киевская Р.Х. Изменение почвенного покрова низовьев Сырдарьи в связи с зарегулированием стока реки и перспективы их использования. Сб. «Особенности технологии возделывания риса на Юге Казахстана». Изд. ВО ВАСХНИЛ 1979 г. Алма-Ата. с.9-30.
5 Нургизаринов А.М., Длимбетов К.Д., Кошкаров С.И., Жиенбаев Б.А., Сагындыков Ш.С., Макуов А.М. К вопросам мелиорации земель и орошения сельскохозяйственных культур в низовьях реки Сырдарьи. Сб. «Особенности технологии возделывания риса на Юге Казахстана». Изд. ВО ВАСХНИЛ 1979 г. Алма-Ата. с.31-45.
6 Нургизаринов А.М. Современное состояние и перспективы использования орошаемых земель в низовьях реки Сырдарьи. Сб. «Изменение природных условий в районах транспортирования и распределения части стока Сибирских рек». Изд. АН КазССР 1980 г. Алма-Ата. с.233-239.
7 Рамазанова С.П., Нургизаринов А.М. Применение удобрения и урожайность риса в Кзыл-Ординской области. Сб. «Повышение эффективности рисовых комплексов в Казахстане». Изд. ВО ВАСХНИЛ 1981 г. Алма-Ата. с.59-66.
8 Нургизаринов А.М., Волков А.И., Попов Ю.М. «Вопросы мелиоративного состояния, проектирования и эксплуатации рисовых массивов Казахстана». Сб. «Повышение эффективности рисовых комплексов в Казахстане». Изд. ВО ВАСХНИЛ 1981 г. Алма-Ата. с.101-107.
9 Садыков А.С., Нургизаринов А.М. Совершенствовать размещения и возделывания культур в рисовом севообороте. Жур. «Земледелие» № 9 ежемесяч. Теоретический и научно-практический. Изд. ВО «Агропромиздат» 1986 г. Москва. с.31-32.
10 Нургизаринов А.М., Кошенова Г.У., Амриев Р.А. Электрокоагуляционная очистка сточных вод от ионов тяжелых металлов. Сб. «Наука и технология». Изд. НАН Республики Казахстан 1993 г. Шымкент. с.203-204.
11 Маханов Т.М., Нургизаринов А.М., Амриев Р.А. Радионуклиды в объектах среды в зоне Приаралья. Сб. «Медицинские проблемы зоны Приаралья». Изд. Облздравоохранения. 1995 г. Кызылорда. с.26-29.
12 Маханов Т.М., Срымов Н.Ш., Кошенова Г.У., Нургизаринов А.М. Тяжелые металлы в Приаралье. Сб. «Медицинские проблемы зоны Приаралья». Изд. Облздравоохранения. 1995 г. Кызылорда. с.30-32.
13 Куанышбаев Т.Д., Нургизаринов А.М. Влияние добычи нефти в Южном Торгае на экологию Восточного Приаралья. Сб. «Актуальные проблемы теории и методики преподавания в ВУЗе». Изд. Университет им. Коркыт Ата. 1997 г. Кызылорда. с.198-199.
14 Нургизаринов А.М., Арынова К.Ш., Куандыков Е.Ш., Маханов К.Ш. Миграция кадмия в окружающей среде Приаралья. Вестник № 4, 1999 г. Изд. Университет им. Коркыт Ата г.Кызылорда. с.49-52.
15 Нұрғызарынов А., Шапшанов Қ. Қазақстандық шығыс Арал өңіріндегі табиғаттың экология-лық күйі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Статья: Ақпараттық талдамалы экологиялық және тұрақты даму жорналы «Дүние», № 5, 2002 ж. “Ecoclub - Astana” қоғамдық бірлестігі. Астана. 35-38 б.
16 Нұрғызарынов А., Тохтамысов Ә., Айдаров О., Құрманбаев Р. Жаңа атыраулық (Қазалы оазисі) топырақ жамылғысының антро-погендік өзгеруі. Ғылыми-методикалық жорнал. Ұлы Жеңіске 60 жыл. 1945-2005 ж.ж. Хабаршы. № 1, 2005 ж. 13-15 б.
17 Нұрғызарынов А. Арал өңірін экологиялық сауықтыру жолдары. «ХХІ ғасыр және Арал» халықаралық ғылыми зерттеу орталығы. Жинақ «ХХІ ғасыр және Арал» экологиялық оқулары. Қызылорда, 2004 ж. 7-11 б.
18 Нұрғызарынов А., Берденқұлова А. Ескі атыраудың жануарлар дүниесіне экологиялық жағдайдың әсері. «ХХІ ғасыр және Арал» халықаралық ғылыми зерттеу орталығы. Жинақ «ХХІ ғасыр және Арал» экологиялық оқулары. Қызылорда, 2004 ж. 40-43 б.
19 Айдаров О., Нұрғызарынов А. Қазақстандық шығыс Арал өңіріндегі қорықтардың өзекті мәселелері. «ХХІ ғасыр және Арал» халықаралық ғылыми зерттеу орталығы. Жинақ «ХХІ ғасыр және Арал» экологиялық оқулары. Қызылорда, 2004 ж. 161-166 б.
20 Айдаров О., Берденқұлова А., Құрманбаев Р., Нұрғызарынов А. Арал теңізінің құрғаған орыны мен жағалауында өсімдік жабын-дысының қалыптасу сипаты. Статья: Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеттің жорналы. Хабаршы № 1 (17), 2004 ж. 33-36 б.
21 Нұрғызарынов А., Боранбаева Л. Шығыс Арал өңірінде табиғи биоқорларды пайдалану проблемалары. Статья: Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеттің жорналы. Хабаршы № 1 (17), 2004 ж. 40-43 б.
22 Нұрғызарынов А., Тохтамысов Ә., Айменова С. Сырдың жаңа атырауындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің экологиялық проблемалары. Статья: Қорқыт Ата атын-дағы мемлекеттік университеттің жорналы. Хабаршы № 2 (20), 2005 ж. 7-10 б.
23 Нұрғызарынов А., Тохтамысов Ә., Елеуова Э. Арал өңірін сауықтырудың өзекті мәселелері. Статья: Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеттің жорналы. Хабаршы № 2 (20), 2005 ж. 3-5 б.
24 Нұрғызарынов А., Ашімова Г.Шығыс Арал өңіріндегі су фаунасының қазіргі күйі. Статья: Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеттің жорналы. Хабаршы № 1 (19), 2005 ж. 5-6 б.
25 Нұрғызарынұлы А., Қапанов Ж. Сырдарияның атырауында судың экотоп ретінде химиялық ластануы. Статья. Республикалық ғылыми-практикалық конферен-цияның материалдары. Ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңа технологиялары: проблема-лары, міндеттері, шешу жолдары. Жинақ: Қызылорда, 2000 ж. 135-139 б.
26 Нұрғызарынов А., Нарманова Р.А., Тохтамысов Ә. Суармалы жердің тұздауы және ондағы химиялық процестердің сипаты. Республикалық ғылыми жорнал. Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі, № 5(54) 2006 ж. 62-65 б.
27 Айдаров О., Балтаев Х., Нұрғызарынов А. Қазақстандық Шығыс Арал өңірінде өсімдік жамылғысының қазіргі күйі. Жорнал «Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі». Шымкент. №26. 2001.
28 Нұрғызарынов А., Қапанов Ж. Экологиялық дағдарыс жағдайында суармалы жерді пайдаланудың проблемалары. Жорнал «Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі». Шымкент. №26. 2001.
29 Нургизаринов А.М. Об усвоении фосфора рисом из лугово-болотной почвы. Инфор. о работе КазНИИ риса. Изд. «Кайнар», Алма-Ата, 1974.с.19-21.
30 Нургизаринов А.М., Баимбетов К.С. Эффективность удобрений под рис на Тогускенском массиве. Инфор. О работе КазНИИриса. Изд. «Кайнар», Алма-Ата, 1974, с.21-22.
31 Нургизаринов А. Последействие фосфорных удобрений при выпашивании пщеницы после риса. Вестник с-х науки казахстана. 1975, №7. с.19-22.
32 Нургизаринов А.М., Баимбетов К.С. Об эффективности периодического внесения фосфорных удобрений под рис. Научно-техническая информация по сельскому хозяйству изд. «Кайнар», 1975. с.4-5.
33 Ибраев А., Нургизаринов А., Арыстанов И.Ж., Ким А.С., Баимбетов К.С. Эффективность допосевного затопления рисового поля в условиях Кызл-Ординской области. Известия АН КазССР, сер.биологическая, 1974, №5, с.59-63.
34 Нургизаринов А.М., Рамазанов Х.Д. состояние рисовых севооборотов в Кзыл- Ординской области. Сб.»Вопросы рисосеяния в Казахстане». Изд. «Кайнар», Алма-Ата, 1978. с.37-41.
35 Нургизаринов А.М., Баимбетов К.С. Такыровидные почвы тогускенского массива как объект орошения Сб.»Вопросы рисосеяния в Казахстане». Изд.»Кайнар», Алма-Ата, 1978, с.66-70.
36 Нургизаринов А.М., Абдраханов К. Влияние удобрений на урожай риса в зависимости от предшественников на Кзылкусмском массиве орошения. Сб. «Вопросы рисосеяния в казахстане». Изд. «Кайнар», Алма-Ата, 1978, с.102-105.
37 Нұрғызарынов А., Айтбаев М. Күріш егісінің тыңайтқыштары және оны қолданудың тиімділігі. Кітап, «Қазақстан күріші». Алматы «Қайнар», 1982. 127-141б.
38 Кошенова Г.У., Срымов Н.Ш., Куанышбаев Т.Д., Нургизарынов А.М., Амреев Р.А. Загрязнение объектов среды Приаралья свинцом. Сб. «Актулаьные проблемы в экологии и Природопользовании». Часть 1, Кызылорда, 1996. с.43 .
39 Куанышбаев Т.Д., Нургизарынов А.М., Кошенова Г.У. Термическое исследование растворов гологенидов рубидия в водно-диметилформамидных смесях. Сб. «Актуальные проблемы в экологии и природопользовании». Часть 1. Кызылорда, 1996. с.47.
40 Саданов А.Қ., Нұрғызарынов А.М. Арал өңірлік жаңа экологиялық жағдайда биоқорларды пайдаланудың тиімділігін көтеру. Өсімдіктер әлемі және оны қорғау атты халықаралық ғылыми конференция еңбектері, Алматы, 12-14 қыркүйек, 2007 ж., 411-413 б.
41 Нұрғызарынов А.М., Саданов А.Қ. Арал өңірінде көпсапалы шаруашылық жүргізудің тиімділігі. Өсімдіктер әлемі және оны қорғау атты халықаралық ғылыми конференция еңбектері, Алматы, 12-14 қыркүйек, 2007. 399-402 б.
ә) ұсыныстар:
1 Морозов А.К., Әйменов Т.А., Кленов А.А., Нұрғызарынов А.М., Құрамысов А.А., Рамазанов Х.Д., Абдраханов К.А., Пак А.К. – Қызылқұмның суармалы алқаптарында күріш егісін баптау жөнінідегі ұсыныстар. Шымкент, 1977, 24 б.
2 Боровский В.М., Волков А.И., Нургизаринов А.М. – Қызылорда облысының табиғи-климат жағдайы (Ауылшаруашылығы өркендеу жүйесі жөніндегі ұсыныстар, Қызылорда облысы). Алматы, «Қайнар», 1980, 16-18 б.
3 Ділімбетов Қ.Д., Нұрғызарынов А.М., Қошқаров С.И., Жиенбаев Б. – Күрішті суару режимі және жердің қайталап сорлануының алдын алу (Ауылшаруашылығы өркендеу жүйесі, Қызылорда облысы). Алматы, «Қайнар», 1980, 63-69 б.
4 Нургизаринов А.М., Мирманов Б., Аймаханов К., Искаков Б., Садыков А., Арыстанов И.,Шалахатов А., Махамбетов Т. – рекомендации по охране объектов сельскохозяйственного производства от загрязнения. Кзыл-орда, 1987, 24 с.
5 Нургизаринов А.М., Арыстанов И.Ж. – Климатические ресурсы, земельный фонд и его использование в Кзыл-Ординской области (рекомендации по системе ведения отраслей агропромышленного комплекса, Кзыл-Ординская область) Алма-Ата, «Қайнар», 1991, с.13-19.
6 Тыныштыкбаев Е.Б., Нургизаринов А.М., ШалахатовА., Балтаев Х.Б. – охрана окружающей среды (рекомендации по системе ведения отраслей агропромышленного комплекса, Кзыл-Ординская область) Алма-ата, «Қайнар», 1991, с.319-327.
7 Шапшанов К., Нургизаринов А., Арыстанов И. – Областная часть государственной целевой программы по спасению Аральского моря и восстановлению экологического равновесия в Приаралье на 1991-1996 годы, и на период до 2006 года («Арал-2006»), 1991, 137с.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Арал өңірінде табиғи процестер мен шаруашылық салаларының көне дәуірден
бері келе жатқан үйлесімді даму ырғағын осы өлкеде орын алған экологиялық
тоқырау бұзып жіберді. Соның салдарынан табиғат азғындап, шаруашылық
кешеннің өнімділігі кеміді, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
төмендеді. Әйтсе де Арал өңірінде қауырт өршіген экологиялық тоқыраудың
пәті өткен ғасырдың соңғы он жылдығында бәсеңсіген соң ахуал біршама
тұрақтанды. Осы жағымды процесті баянды ету мақсатында өңірде экологиялық
жобалар жүзеге асырыла бастады. Солардың бірегейі Солтүстік Арал теңізін
(САТ) Көкарал бөгеті арқылы бөлектеу мен Сырдария өзенінде оның құрамдық
бөлігі болып табылатын Ақлақ су электрстансасын салу және Сырдарияның
төменгі ағысында ирригация жүйесінің ірі тармақтарын жаңарту шаралары қолға
алынды. Ендігі мәселе Арал өңірінде экологиялық ахуалдың бағытын бақылаудан
шығармай басқару арқылы өлкенің табиғи қорларын тиімді пайдаланумен бірге
оның потенциалын молайтуға қол жеткізу болмақ. Мәселені түбегейлі шешу үшін
өңірде бұрыннан қалыптасқан табиғи процестер мен шаруашылық салаларының
даму жолын және қазіргі күйін жан-жақты зерттеп, жаңа экологиялық жағдайға
орай өрбіту бағытын айқындау мен басқарудың негізінде табиғи қорларды
тиімді пайдаланудың негізін жасау қажет болып отыр. Біздің жүргізген ғылыми
зерттеулеріміз осы мәселеге арналған.
Жұмыстың мақсаты. Арал өңірінде табиғат қорғау жобаларын жүзеге асыруға
байланысты табиғи процестерді антропогендік басқару арқылы шаруашылық
кешенді орнықты дамытудың ғылыми негізін жасау.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер:
- Арал теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі құрғаған орнында пайда болған
жаңа құрлықты кешенді зерттеп, табиғи қорларының шаруашылық
потенциалын анықтау;
- Жаңа құрлықта егіншілікке жарайтын жер көлемін анықтап, теңіз
жағалауында суармалы егіншілікті дамытудың ғылыми негізін жасау;
- Арал өңірінде экологиялық жобалар жүзеге асырылуына байланысты
Сырдарияның төменгі ағысында дәстүрлі шаруашылық салаларын жаңа
экологиялық жағдайға бейімдеп дамытуды ғылыми негіздеу;
- Өңірде табиғи-шаруашылық нысандарды ластайтын заттардың жиналуы мен
таралуын зерттеп, зиянды зардаптарын азайтудың жолдарын реттеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- Арал теңізінің құрғаған орнындағы жаңа құрлық алғашқы рет кешенді
зерттеліп, суармалы егіншілікке бірінші кезекте пайдаланатын жердің
көлемі анықталды, құрлықтың геоморфологиясына байланысты бұрын ғылымға
белгісіз тың мәліметтер алынды, көне дәуірден қалған ел мекендерінің
орны мен ирригация жүйелерінің элементтері табылды;
▪ жаңа құрлықта алғашқы рет мелиоративтік күйі тәуір
жерлердің көлемі (10-12 мың гектар) анықталып, ол
жерлерде ауыл шаруашылық дақылдармен тәжірибелер
жүргізу арқылы суармалы егіншілікке жарамдылығы
ғылыми негізделді;
▪ теңіз жағалауында алғашқы рет суармалы егіншілікті
дамыту және байырғы тұрғындарды (6323 тұрғыны бар 11
елді мекен) көпсалалы шаруа қожалықтарын жүргізуге
жұмылдырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі
ғылыми негізделді және оларды қолдау орталығын
ұйымдастыру туралы жоба жасалып, қолданысқа берілді.
▪ өңірде табиғат қорғау жобалары жүзеге асқан соң
жағымды экологиялық жағдай қалыптасуына байланысты
дәстүрлі шаруашылық (егіншілік, мал шаруашылығы,
балық өндірісі) салаларын жаңа жағдайға бейімдеп
жоспарлау және суармалы егістің құрылымына өзгеріс
енгізу негізінде өрбітудің тиімділігі ғылыми
негізделді, нақты ұсыныстар берілді.
Зерттеу нәтижесінің теориялық құндылығы және практикалық мәні. Арал
өңірінде жүргізілген зерттеулердің мәліметтері табиғат қорғау мен табиғи
қорларды тиімді пайдалану, аймақтың экологиялық тұрақтылығын сақтау,
потенциалдық қорларын молайту, табиғи шаруашылық кешенді орнықты дамыту
бағдарламаларын жасауға негіз болады. Алынған нәтижелер Арал теңізінің
құрғаған орнында пайда болған жаңа құрлықтың геоморфологиялық келбетін,
табиғи қорларының потенциалдық деңгейін бағалай отырып, ауыл шаруашылығы
өндірісінде пайдалануға көмектеседі. Сонымен бірге теңіз жағалауында
суармалы егіншілікті практикаға енгізу арқылы көпсалалы шаруа қожалықтарын
ұйымдастыруға негіз бола алады. Табиғи-шаруашылық нысандардың ластануын
зерттеудің қорытындысы бойынша әртүрлі химиялық заттардың нысандарда
жиналуын, трофиктік, тізбекпен таралуын, экологиялық қауіпті деңгейін
бағалауға және зиянды зардабын азайтуды реттеуге мүмкіндік береді.
Ғылыми жұмыстың практикалық мәні. Арал өңірінде ірі экологиялық жобалар
жүзеге асырылуына байланысты табиғи кешендердің даму бағытын антропогендік
реттеу негізінде қорларды тиімді пайдаланып, шаруашылық салаларын
экологиялық орнықты дамытуды ұсынады. Арал теңізінің орнындағы құрлықта
бірінші кезекте 10-12 мың гектар жерді әртүрлі дақылдар (күріштен басқа)
егуге пайдалануды, жергілікті тұрғындарды көпсалалы шаруа қожалықтарына
жұмылдыруды, егіншілік пен өлкені көгалдандыруды қолдау орталығын
ұйымдастыруды ұсынады. Сонымен бірге Сырдарияның төменгі ағысында суармалы
жердің экология-мелиоративтік күйін сауықтыру мен топырақтың биологиялық
құнарын жасай отырып, өңірде егіншіліктің құрылымын жаңа экологиялық
жағдайға орай өзгерту қажеттігін дәлелдейді. Зерттеуден алынған нәтижелер
мен тұжырымдарды ауыл шаруашылығы өндірісінде, экологиялық жобалар
жасағанда, экологиялық және мелиоративтік зерттеулер жүргізгенде
бағдармалар дайындауға пайдаланады. Жоғарғы оқу орындарында экология
мамандығы бойынша магистранттар, аспиранттар, ғылыми ізденушілер,
студенттер пайдалануына болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі мәселелер:
- Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі орнында пайда болған ауқымды
жаңа құрлықтың табиғи қорлары (топырақ, өсімдік) мол, сондықтан оларды
алғашқы рет шаруашылық айналымға қосу экологиялық-экономикалық жағынан
пайдалы;
- теңіз жағалауындағы елді мекендер мен су көзіне жақын орналасқан
мелиоративтік күйі тәуір 10-12 мың гектар жерді бірінші кезекте
суармалы егіншілікке пайдаланып, алғашқы рет теңіз жағалауындағы
байырғы тұрғындары көпсалалы (егіншілік мал шаруашылығы, балық
өндірісі) шаруа қожалықтарын жүргізуге жұмылдыру әлеуметтік жағынан
тиімді болады;
- теңіз жағалауының байырғы тұрғындары (6323 адам) үшін суармалы
егіншілік жаңа кәсіп болған соң оларды қолдау мақсатында арнайы
тәжірибе-эксперименттік орталық ұйымдастырып, көпсалалы шаруашылық
жүргізудің технологиясын көрсету қажет;
- өңірде табиғат қорғау жобалары жүзеге асқан соң дәстүрлі шаруашылық
салаларын қалыптаса бастаған жаңа экологиялық жағдай мен табиғи
қорлардың деңгейіне ыңғайлап жоспарлау және егіншіліктің құрылымына
өзгеріс енгізу арқылы дамыту тиімді болады.
Жұмыстың сыннан өтуі және жарық көруі. Жұмыстың негізгі мазмұны мен
қортындылары республикалық ғылыми басылым беттерінде жарық көріп,
конференцияларда баяндалды. Олар: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
гуманитарлық университетінде өткен Жоғарғы оқу орнында оқытудың теориясы
мен әдістемесінің өзекті мәселелері атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференция (Қызылорда, 1997, мамыр); Научно-техническая конференция
Актуальные проблемы развития науки и образования. Кызылординский
государственный университет им.Коркыт Ата (Кызылорда, 1999, апрель);
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Ауыл шаруашылық өндірісінің
жаңа технологиялары: проблемалары, міндеттері, шешу жолдары; Қызылорда
облыстық әкімдігі; Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеті; Арал өңірі
агроэкология және ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Қызылорда,
2000, желтоқсан); Арал өңірінің бүгіні мен болашағы атты облыстық ғылыми-
тәжірибелік конференция (Арал, 2003 ж. қазан); Ғылыми-тәжірибелік
конференция: Арал өңірінің тарихи, әлеуметтік-экологиялық дамуының өзекті
мәселелері. Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университет. 2006 ж. 10
қараша. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Арал өңірін
Археологиялық зерттеулердегі оғыз мемлекетінің астанасы Жанкент қаласының
алар орны. Ә.Марғұлан атындағы Археология институты; Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті; Н.Н.Миклуко-Маклай атындағы этнология
және антропология институты (2007, қыркүйек 26).
Жұмыстың нәтижелері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Биология, география, экология кафедрасының (Қызылорда,
2007) және Қазақ ұлттық аграрлық университетінде экология кафедрасының
кеңейтілген мәжілістерінде талқыланды (Алматы, 2007).
Жұмыстың көлемі мен құрылымы: Диссертация материалдары 275 бет көлемінде
ұсынылды. Диссертациялық жұмыс: белгілер мен қысқарпталардан, кіріспеден, 8
тараудан, алынған нәтижелерді талқылаудан, ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар мен
тұжырымдардан, 94 кестеден, 2 суреттен, 1 географиялық картадан, 31
фотосуреттен және 2 схемадан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттердің жалпы саны
298.
Диссертация тақырыбы бойынша 4 монография, 1 оқулық, 7 ұсыныс және 41
мақала жарияланды.
1 әдебиетке шолу
Сырдарияның төменгі ағысындағы өңірдің геологиясын, геоморфологиясы мен
бедерін, климатын, өсімдігін, топырағын, жер бетіндегі және жерасты су
қорларын, Арал теңізінің экология-географиялық жағдайын, теңіздің тартылу
себептерін, шаруашылық салаларының (егіншілік, мал өсіру, балық өндірісі)
дамуын, суармалы жердің мелиоративтік күйін, қоршаған орта нысандарының
химиялық заттармен ластануын талдаған әдебиеттерге шолу жасалды.
2 Зерттеу жүргізілген өңірдің сипаттамасы
2.1 Сырдария өзені төменгі ағысының географиялық орны
Сырдария өзенінің Арал теңізіне дейін төменгі ағысында орналасқан
Қызылорда облысының әкімшілік аумағы Тұран ойпатының ауқымды құмды-саздақ
жазығында жатыр. Облыс жерінің оңтүстігінде Қызылқұм шөлінің солтүстік
бөлігі, солтүстігінде – орталық Қазақстанның оңтүстік шетіндегі үштік-бор
қыраты мен Қара-Құм құмдары. Аймақтың ауқымды бөлігі Сырдария өзенінің ескі
атырауы. Батысында Арал теңізі.
2.2 Арал өңірінде климаттың өзгеруі
Өңірдің климаты континенттік – жазы ыстық, әрі құрғақ, қысы қарсыз суық,
жылдық жалпы орта температура 8,4-8,90С. 1958-1998 жылдардың аралығында
жылдық орта температурада өзгеріс болған жоқ. Тек кей жылдары жауын көбірек
жауады, бірақ өңірдің табиғатын жасаңсытуға жетімсіз, өйткені, ауаның
құрғақтығы жоғары. Климат жалпы континенттік болғанымен көктем-жаз
айларындағы ұзақ жылы кезең әртүрлі (күріш, жүгері, көкөніс-бақша тағы
басқа) суармалы дақылдар егуге өте қолайлы жағдай қалыптастырады. Соңғы
жылдары ауаның құрғақтығы күшеюі, табиғи өсімдіктердің азғындауы тұзды шаң
суыратын желдің жиілеуі климат режимінің өзгере бастағанын көрсетеді. Бұл
жағдай егіннің өнімі мен оның сапасына, табиғи мал азықтық шөптердің
өніміне, жалпы тірі табиғатқа зиянды әсерін тигізіп тұр.
2.3 Өсімдік жабынының сипаттамасы.
Бұл өлкенің топырақ-климат жағдайы екі түрлі – Сырдарияның ескі
атыраулық жазығы және оны айнала қоршап жатқан шөл және шөлейт дала. Осы
аумақтан өзен атырауының үлесіне 10 (он) пайызы тиеді. Аумақтағы өсімдік
қауымдастығы Сырдария өзені атырауының, саздақ жазықтардың, құмды даланың
және тау етегіндегі жазықтардың өсімдіктері болып төрт топқа бөлінеді.
Өсімдік топтарының құрамы әр аймақтың бедеріне байланысты қалыптасқан.
Сырдария өзені мен сулы өзектердің арналық қырқаларындағы ығалды
(гидроморф) жерлерде өсетін астық тұқымдастар мен аралас шөптер. Өнімділігі
гектарына 15-20 центнер. Қазір арналық қырқаның ауқымды бөлігі көкөніс-
бақшалыққа немесе тастанды жерге айналған. Жалпы Сыр бойының гидроморф
жерлеріндегі өсімдік қауымдастығын байырғы аймақтық өсімдіктер емес тез
ауысып тұратын ортаға беймделген плаккаттық топтар құрайды. Құмды
алқаптарда эфемер-жусанды, эфемер-күйреуік және эфемер-теріскенді топтар
тараған. Саздақ шөл даланың фитоценозы Солтүстік Арал өңірі мен Сырдария
атырауының солтүстік жағындағы үштік-бор қыратында және жаңа атырау (Қазалы
оазисі) жазығында кездесетін төбелерде тараған. Сазды жерлерде эфемерлер,
итсигек пен изен аралас жусан өседі. Тау бөктерінің өсімдіктері Қызылорда
облысының аумағына кіретін Қаратаудың батыс беткейінде тараған. Астық
тұқымдастар, эфемерлер, сұр жусан және аралас шөптер. Арал өңірі ежелден
ормансыз өлке. Мұнда орманды өзен атырауының сыртындағы субаэралдық аймақта
өсетін сексеуіл және атыраулық ығалды жерлердегі сиректеу ағаштар (терек,
тал, қарағаш, тораңғыл) аралас жиделі тоғай құрайды.
2.4 Топырақ жабынына экологиялық сипаттама. Сырдарияның атырауында
топырақ пайда болатын аллювийлік шөгінділер. Мұнда литоморфопедогенездің
тұтастығы топырақ құрылу процесінің гидрологиялық режимімен және
гидрогеологиялық процестермен тығыз байланысты. Атыраулық жағдайда
биологиялық факторлардың маңызы үлкен, ал кейде басты рөл атқарады.
Сырдарияның төменгі ағысында осы өңірге тән климат, өсімдік, гидрология
және гидрогеология жағдайында пайда болған әртүрлі топырақтар екі үлкен
топқа жатады: атыраулық ығалды (гидроморф) және шөлейт бөлігінде (субаэрал)
қуаң топырақтар. Өлкенің топырақтары көптүрлі болғанымен, құмды және таудың
топырағын қоспағанда, бәріне тән ортақ белгілері бар: құрамында карбонат
көп (10-25 пайыз), топырақ профилі қабаттасып жатады (тегі су шөгіндісі
болғандықтан), топырақта макроқұрылым жоқ, бірақ суға тез езілмейтін
микроқұрылым бар, гидроморф түрдің беткі қабатында (0-15 см) және шөлейт
дала топырағының профилінде (орта тұсында 20-150 см) тұзы көптеу,
микробиологиялық процестер тым күшті, сондықтан органикалық заттар тез
шіриді де қордаланып жиналмайды. Өлкеде шаруашылық маңызы бар барлық
топырақ түрлерін олардың генетикалық тегіне, тұздану дәрежесіне және
механикалық құрамына қарай үш категорияға және он мелиоративтік топқа
бөледі. Жеңіл-желпі мелиоративтік шараларды қажет ететін (аздап суарылады)
бірінші категорияға топырақ түрлерінің үш тобы жатады. Орта дәрежеде және
түпкілікті мелиоративтік жұмыстарды қажет ететін екінші категорияны топырақ
түрлерінің төрт тобы құрайды, ал жер бетінің бедеріне қарай суармалы
егіншілікке жарамайтын үшінші категориядағы жерлерді 8,9 және 10 топтар
құрайды.
2.5 Су қорлары, оларды пайдалану жағдайы. Қызылорда облысының аумағында
тұщы су қорын жер бетіндегі, жер астындағы және егістік алқаптардан шыққан
қашыртқы сулар құрайды. Жер бетіндегі уақытша су көздері Қаратаудың
етегіндегі майда өзеншелер мен Құмсай су қоймасы (Арал ауданы). Жерасты
сулары ащы болғандықтан пайдаланылмайды. Сондықтан, облыс жеріндегі
пайдаланатын судың балансы Сырдария өзенінің бойындағы Көктөбе су бекетінен
өтіп, төменгі су тораптарына келетін судан тұрады. Сулылығы орташа болған
жылдары келетін судың жалпы көлемі (кіріс) – 10,19 км3, сонан Қызылорда
жеріне келетін (кіріс) – 8,51 км3, шығыны – 4,87 км3, балансы – 3,64 км3.
70-шы жылдардан бастап, облыс жеріне Сырдарияның жылдық ағысынан 13%-і
келіп тұрды.
3 Ғылыми еңбекте қолданылған әдістемеліктер
Ғылыми зерттеу жұмыстары 1968-2006 жылдары Қызылорда және Оңтүстік
Қазақстан облыстарының жерлерінде жүргізілді. Қызылорда облысында зерттеу
орындары: Қазақтың күріш ғылыми зерттеу институтының Қарауылтөбе тәжірибе
шаруашылығы, Жаңақорған, Шиелі, Тереңөзек, Сырдария, Қармақшы аудандары,
Құмкөл мұнай кеніші, Арал теңізінің құрғааған орнындағы жаңа құрлық,
Ақкөл теңіз қолтығы; Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара ауданының
Қызылқұм алқабы.
Зерттеу нысандары: егіншілікке жаңадан игерілетін тың жерлердің
топырақтары (Түгіскен, Қызылқұм алқабы, Арал теңізінің құрғаған орны),
күріш ауыспалы егісінің танаптары, күріштік жүйедегі атыздар
конструкциясының топырақтың мелиоративтік күйіне әсері, минерал
тыңайтқыштардың егін өніміне әсері, суға бастырған күріш атызындағы
топырақтың экология-мелиоративтік күйі (Т-Т потенциал Рн-метрмен), топырақ
пен өсімдіктің құрамындағы радионуклидтер (стронций-90, цезий-137) УМФ-1500
қондырғымен СБТ-15 есептегіш арқылы, топырақ бетінің активтілігі СРП-68-01
өлшегіш құралымен, ауыр металдардың (Pb, Cu, Zn, Cd) топырақтағы,
өсімдіктігі, азық-түліктегі және адамның қанындағы мөлшері
(спектрофотометрия әдісімен), Құмкөл мұнай кенішінде жанып тұрған ілеспе
газдың топыраққа түскен қалдық продуктылары анықталды, климат режимін
сипаттау үшін Жосалы, Қызылорда, Арал теңізі, Қазалы, Қарақ
гидрометеостансаларының мәліметтері пайдаланылды.
4 Сырдария-Әмудария өзендері мен Арал теңізі бассейнінде шаруашылық
кешеннің дамуы және оның экологияға әсері
4.1 Бассейндік аумақта суармалы егіншіліктің дамуы және Арал теңізінің
тартылуы. Өткен ғасырдың ортасында елдің экономикасын нығайту, әсіресе азық-
түлікті молайту мақсатында табиғи-климат жағдайы қолайлы оңтүстік
аймақтарда суармалы егістің көлемін көбейту жөнінде Одақ бойынша арнайы
бағдарлама қабылданды. Бағдарламаны дайындағанда екі дарияның жылдық
ағысынан көпшілігін суармалы егіншілікке пайдалану мен сол суды Аралға
жіберіп, теңіздің жоғары деңгейін сақтаудан түсетін экономикалық тиімділік
есепке алынды. Есептеулер бойынша, Арал теңізінің сол кездегі деңгейі 53
метр белгіде сақталғанда онан жыл сайын 45-50 мың тонна балық ауланып, оның
сол кездегі құны 40 (қырық) млн.сом болады екен. Ал екі өзеннің ағысынан
көпшілігін суармалы егісті дамытуға пайдаланып, оңтүстік аймақтағы 2,9
млн.гектар суармалы егістің көлемін 4,0 млн.гектарға жеткізгенде онан жыл
сайын 4,0 (төрт) миллиард сомның өнімі алынатыны есептелінді. Шаруашылықтың
осы екі бағытын экономикалық жағынан салыстарғанда соңғысы әлде қайда
тиімді. Сөйтіп, екі өзеннің суын суармалы егіншілікке пайдалану туралы
шешім қабылданды. Бұл жағдайда екі дарияның жылдық орташа 100-108 км3 (Әму
– 63,1, Сыр – 37) ағысынан жыл сайын шамамен 45-50 км3 суды егіншілікке
пайдалану, ал қалған 50 км3-дей суды теңізге құйып тұру межеленді. Осы
есептегі судың көлемі теңізге түсіп тұрса, онда балықшылық кәсібіне зиян
тигізбей-ақ теңіз деңгейін 40 пен 50 метрдің (абсолют белгімен) аралығында
ұзақ мерзімде ұстап тұруға болады екен. Бағдарламаны орындауға кіріскенде
өзендер суының көпшілігі суға тілек екі дақыл – мақта мен күріш егістеріне
жұмсалды. Сонымен бірге өзендер ағысының едәуір бөлігі мал азықтық және
басқа дақылдарды суаруға, өнеркәсіп өндірісіне, коммуналдық
шаруашылықтарға, тағы басқа мақсатқа жұмсалды, фильтрация және булануға
кетіп отырды. Сөйтіп, 80-шы жылдары Арал бассейніндегі суармалы жердің
көлемі жобадағы 4,0 млн.гектардың орнына 7,3 млн.гектарға жетіп, оны
суаруға Сыр мен Әмудың жалпы жылдық ағысынан 90 км3 су кетіп отырды.
Суармалы жер көлемінің осынша көбеюіне Орта Азияның көптеген аймақтарында
мелиоративтік күйі нашар, егін егуге жарамсыз жерлерді игеру себеп болды.
Олар Өзбекстандағы Бетпақдала, Жизақ, Қаршы алқаптары мен Түрікменстандағы
Қарақұм жармасының бойындағы тақырлар еді. Суармалы егістің көлемі көбейген
сайын теңізге тиесілі судың көлемі де азая берді. Сөйтіп, 1960 жылы екі
өзеннен Арал теңізіне түскен судың көлемі 46,0 км3 болса, 1970 ж. – 35,6;
1980 ж. – 10,0; 1985 ж. – 5,0 км3 болды. 1986 жылы екі өзеннің ағысы Арал
теңізіне жете алмай егіс далаларына тарап, тоқтады.
Арал теңізінің деңгейі төмендегені соншалық, 1987 жылы үлкен және кіші
теңіздерге бөлінуі себепті, екеуінің арасында жал құм жалаңаштанып, табиғи
бөгет пайда болды. Біздің мәліметіміз бойынша, Арал теңізінің
Арал теңізі Қазақстандық бөлігіндегі
2005 жылғы сілемі (контуры)
Қазақстандық бөлігіндегі құрғаған орнында ауқымы 21,4 мың км2 құрлық пайда
болды (географиялық карта). Арал теңізінің тағдыры осындай қатерлі кезеңге
жеткенде ғалымдар, мамандар мен жанашыр қауым дабыл қағып, Арал теңізін
сақтау мәселесіне қатысты жалпы саны екі мыңнан астам ұсыныстар, пікірлер,
жорамал мен жобалар пайда болды. Олардың ішінде Арал бассейнінде тұщы су
қорларын үнемді пайдалану, Каспий теңізінен су алу, Арал бассейніндегі
жалпы қоры 110 мың км3 жерасты суынан 1-2 пайызын алу сияқты ұсыныстар бар.
Бұлардың қай қайсы да жобаға айналған жағдайда қыруар қаржы мен күш-қуатты
қажет етеді. Соларды екшеп-екшеп келгенде Арал теңізінің солтүстігіндегі
кіші теңізді бөлектеп ұстау жобасына тоқтам болды. Ол жоба ел президенті
Н.Ә.Назарбаевтың қолдауының нәтежесінде жүзеге асып, 2005 жылы Көкарал
бөгетінің бірінші кезегі пайдалануға берілді. Оның құрамдық бөлігі болып
табылатын Сырдариядағы Ақлақ су электрстансасы 2007 жылы аяқталды.
4.2 Арал теңізінің құрғаған орнындағы жаңа құрлықтың геоморфологиясы.
Біздің зерттеулеріміз теңіз табанының геоморфологиясына және Сырдария өзені
арнасының өзгеруіне байланысты бұрын белгісіз жаңа мәліметтер берді:
– Арал теңізінің табаны шығыстан батысқа қарай бір бағыттағы
еңістікпен баяу ылдилайтын жазық дала деген бұрыннан
қалыптасқан ұғым оның барлық бөлігіне тән емес;
– Құйылыс жазығы көне заманда Ақкөл мен Кәртіма
ойпаттарына түскен Сырдария өзені суының оңтүстіктен теріскей
бағытпен ағатын өзегінің арнасы болған.
– қазіргі Қаратерең түбегі (қырат) бұрын Сырдария өзенінің
атырауындағы аралдардың бірі болған. Жаңа дәуірде Арал
теңізінің деңгейі көтеріліп, солтүстік кіші теңіз пайда болған
тұста Қаратерең теңіздің түбегіне айналды.
– ғылыми әдебиетте Сырдария өзені өзінің арнасын оңға қарай үш
рет өзгерткен дейді. Біздің зерттеулеріміз Қуаңдария мен
Сырдарияның қазіргі сулы арнасының арасында теңіздің астында
қалып, белгісіз болып келген тағы бір негізгі арнасы болғанын
көрсетті. Ол арна Аралдария деп аталды. Сонда Дариясайдан
кейін Жаңадария-Қуаңдария-Аралдария-Сырда рия болып кіші
теңізге құйып тұр. Яғни, Сырдария өзені өз арнасын оңға қарай
үш рет емес, төрт рет жылжытқан болады. Бұл жаңа мәліметтер
ғылыми айналымға қосылуы тиіс.
– жана құрлықтың әр бөлігінен көне заманда егін егіп, мал
баққан мәдени ошақтардың орны табылып отыр. Оларды Массагет
даласы мен Құйылыс жазығындағы елді мекендердің орындары,
ирригация жүйесінің (үлкен жармалар, арықтар, атыздар)
элементтері мен фрагменттері айғақтайды.
4.3 Жаңа құрлықтың өсімдігі мен жануарлары. Жаңа құрлықтың өсімдігі
грунттың құрамына және ығалдығына байланысты түрліше қалыптасуда. Бірыңғай
терригендік шөгіндіде көпшілігі ащы шөптер. Олардың шаруашылық маңызы жоқ.
Кейбір су жайылған учаскелерде, егер су тұщы немесе кермек болса, онда
ығалы бар жерлерде майда сораң аралас әртүрлі шөп қалың шығады. Теңізден
босағаннан кейін су түспеген учаскелерде өсімдік қауымдыстығын алғашқы
бастайтын қарабарқын (Halostaсhys сaspica) бұтасы. Уақыт ішінде қабаттағы
су тереңдеген сайын ондай учаскелерде құрғақ мелиорация жүреді.
Өсімдіктің түрлік құрамы мен биомассасы молаяды. Бұл ұзақ мерзімді қажет
етеді және бірнеше кезеңнен өтеді. Бұрын теңіз ішіндегі аралдар болған
(Барсакелмес, Қасқақұлан т.б.) учаскелерінде өсімдігінің байырғы түрлері
сақталған, бірақ биомассасы сиректеу. Теңізден босағанына 35-40 жылдай
болған шығыс бөлігінің өсімдігі алғашқы қарапайым кезеңнен өтіп, көптүрлік
даму кезеңіне көшті. Теңіз астынан шыққанына 12-15 жыл ғана болған батыс
бөлігінде грунт беті шөптесінсіз жалаңаш. Теңізді айнала қоршаған көне
құрлықты мекендейтін хайуанаттар енді ғана осы экологиялық қуысқа (ниша)
қарай ойыса бастағаны байқалады, бірақ жаппай емес, өйткені, өсімдік
қауымдастығының толық жетілмеуі шектеуші фактор болуда. Ірі сүт
қоректілердің түрі сирек, көпшілігі кездеспейді. Соған қарағанда, теңіздің
орны жан-жануарларға әзірге жайлы болмай тұр. Теңіз тартылып, ауқымды
бөлігінде құрлық пайда болған соң мұндағы құстардың түрі мен саны азайып
кетті. Теңіз жағасындағы ценозбен байланысты ұя салатындардың бұрынғы 8
түрінен қазір 3-4 түрі ғана кездеседі. Олар Берг бұғазына жақын теңіз
жағасындағы Құйылыс деп аталатын батпақты көлшікті мекендейді. Теңіздің
жағалауындағы құрлықты мекендейтін түрлері бұрынғыша сақталған.
4.4 Теңіздің орнындағы топырақ түрлерінің мелиоративтік күйі. Мұнда
топырақ құрылу процесі теңіз шөгінділерінде жүреді. Олардың құрамы күрделі.
Сол себепті, жаңа құрлықта топырақ құрылу процесінің бағыты мен пайда
болған қарапайым топырақтың мелиоративтік күйін шөгінділердің құрамы
анықтайды. Жаңа құрлықта топырақ құрылу процесі жүретін шөгінділер
терригендік, терригенді-аллювийлік және аллювийлі топтар. Бұл соңғылары
дарияның теңізге құйған тұсындағы аванатыраулық жазықта тараған. Мұнда
негізгі терригендік шөгіндінің бетін аллювийлік шөгінділер бүркеп жатыр
және оның белгілі бөлігі химиялық шөгінділердің үлесіне тиеді. Мұндағы
химиялық шөгінділердің негізгі формасы карбонаттар болады. Аллювийлік
шөгіндіде пайда болған топырақтың қабаттарындағы тұздың (құрғақ қалдықпен)
концентрациясы 1,0 пайызға дейін, карбонатқа бай және натрий тұздарының
мөлшері көп емес.
Аванатыраулық аллювийлік топырақ түрінің мелиоративтік күйі тәуір. Оның
көлемі 3,5-4,0 мың гектардай және оған өзен арналық қырқаның, құрғақ
көлтабандардың, көларалық ойпаттардың гидроморф топырақтарын қосқанда 10-12
мың гектар болады. Аванатырауға жақын учаскелерде терригендік-аллювийлік
аралас шөгінділерде пайда болған топырақ түрінде де тұз көп емес. Ондай
жерлер егін және мал азықтық шөп егуге жарайды. Жаңа құрлықтың батыс
бөлігіндегі теңізден босағанына онша көп уақыт болмаған грунтте тұздың
концентрациясы 3,90-6,78 пайыз. Тұздың құрамында галиттың үлесі өте жоғары,
сондықтан грунттың мелиоративтік күйі ауыр. Құрғақ мелиорация бастапқы
кезеңде жүруде. Қазіргі кезде бұл соңғыларының шаруашылық маңызы жоқ.
4.5 Арал теңізінің суындағы тұздың таралу проблемасы. Арал теңізінің үштен
екіден артығырақ бөлігі құрғап, орнында сусыз құрлықтың пайда болуы
көптеген экологиялық проблемаларды қоздырды. Солардың ең қауіптісі тұздың
желмен таралуы. Арал теңізінің суындағы тұздың жалпы қоры 10-11
млрд.тоннаға бағаланады. Арал теңізі толық тартылып, суы тұздыққа
айналғанда тұздардың шөгіндіге түсу схемасына күмән келтірмей-ақ оның
кейбір осал тұстарын айтқан жөн. Авторлардың теңіз суы салқындағанда
шөгіндігі түсетін мирабилит түйіршіктері жазда еріп, ертіндігі көшетіні
туралы пікірлерімен келісу қиын. Біздің пікірмізше, теңіз түбінде шөгіндіге
түскен мирабилит күн қандай ыстық болса да ерімейді. Арал теңізінің суында
мирабилиттің болмауы сонан. Теңіз шегінгенде мирабилиттің бір бөлігін су
алып кетеді, құрғақта қалған бөлігі күн ысығанда кристал суынан айырылып,
сусыз тенардитке айналады. Ол желмен жан-жаққа тарайды. Егіндік, шабындық
және жайылымдықтарға түсіп, жерді сорландыратын осы тенардит. Теңіздің
құрғаған орнынан ұшатын тұздың құрамында тенардитпен бірге извес (СаСО3)
пен гипс (СаSО4) бар. Бұл соңғы екеуінің массасы көптеу. Шаруашылық
жерлерге түскен извес пен гипс топырақты сорландырмайды, аздап
мелиоративтік пайдасы болады. Бірақ тұздың массасы көбейіп кетсе,
топырақтың биологиялық белсенділігін төмендетіп, құнарын кемітеді.
4.6 Теңіз орнындағы топырақта ауылшаруашылық дақылдарымен жүргізген
тәжрибенің нәтижесі. Теңіздің астынан шыққан қарапайым топырақтың
шаруашылық потенциалын бағалау мақсатында далалық тәжрибелер Ақкөл теңіз
қолтығының құрғаған табанына салынды. Топырақтың ең үстіңгі қабатында гумус
1,5%. Бұл көтеріңкі көрсеткіш.
1-кесте - Топырақтағы гумус, жалпы азот, қордалы фосфор және су
сығындысының құрамы (%).
Қабат-тГу-муЖал-пҚор-дҚұрғаан ион катион
ың с ы алы қ
Терең-д азот фос-фқал-д
ігі, см ор ық
1987 ж. 1988 ж. 1989 ж.
Бізідің зерттеулерімізде 2-жылдық жоңышқадан кейін – 124,3 цен., ал 2-
жылдық донниктің – 118,7 цен. тамыр массасы қалды. Ондай жерге егін еккенде
оның өнімі молайады. Жоңышқа мен донниктің орнындағы шымына және оның
аудармасына еккен күріштің өнімі жоғары болды, ал үшінші жылы өнім
төмендеді. Оның себебі, алғашқы жылдары топырақтағы органикалық заттың
әсерінен тиімді құнары жоғары өнімді қамтамасыз етті. Үшінші жылы топырақта
органикалық зат азайған соң егіннің өнімі тек минерал тыңайтқыштың есебінен
алынды, бірақ деңгейі алдыңғыдан төмен.
6. Арал өңірінің жаңа экологиялық жағдайында дәстүрлі шаруашылық
салаларын өрбітудің жолдарын айқындау
6.1 Сырдарияның төменгі ағысында суармалы егіншілікті дамыту.
Сырдарияның төменгі ағысы ежелден суармалы егіншілік дамыған өлке болғаны
археологиялық мәліметтерден белгілі болып отыр. Археологиялық деректерге
қарағанда, VІІ-V ғасырларда мұнда 2,2-2,5 млн.гектар егістік, оның бір
миллиондайы тұрақты суармалы егістік болған. Жаңа дәуірде Сырдария
облысының Ресейге қосылуы, сөйтіп, ХІХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарында Қазалы
және Перовск ояздарының құрылуы өңірде егіншіліктің дамуына қозғаушы
ықпалын тигізді. Әйтсе де егіншіліктің дамуы онша мардымды болмады. Тек
Қазан төңкерісінен кейін 1929 жылы Сырдарияның төменгі ағысында ірі
ұжымшарлық өндіріс құрылды (6-кесте).
6-кесте - Сырдың төменгі ағысындағы суармалы егіс көлемінің динамикасы (мың
гектар)
Суармалы егісЖ ы л
1927
1991 1992 1993
қорғасын мыс мырыш Кадмий
1 Атырау басы 19 15,0 20,4
Стронций-90, Бккг 5,8 6,2 5,8
Цезий-137, Бккг 8,6 7,6 8,0
Жалпы белсенділігі 15,2 15,2 15,4
(топырақ беті),
МКрсағат
Сыбағалы белсенділігі, 0,2 0,2 0,2
ПКикг
Түсініктеме - мг-экв. (миллиграмм-эквивалент бір келі топырақта),
гркг (грамм бір келі топырақта), мкрсағат (микрорентгенсағат), ПКикг
(П.Кюри бір келі топырақта)
Топырақ пен өсімдік үлгілерін алған бақылау учаскелерінде топырақ
бетінің жалпы радиациялық активтілігі 102 нүктеде өлшегенде топырақ
бетіндегі жалпы активтіліктің орта деңгейі 15,4 мкрсағатты көрсетті. Бұл
көрсеткіш Қазақстан бойынша орта көрсеткіш 20 мкрсағаттан едәуір төмен.
7.5 Арал өңірінде мұнай өндірудің экологиялық күйін реттеу. Өңірде
экологиялық дағдарыс өршіп тұрғанда оған мұнай өндірісі қосылып, жағдайды
тіпті қиындатып жіберді. 1990 жылдан 2005 жылдың аяғына дейін Құмкөл
мұнай кенішінде ілеспе газ шырақ болып жанып тұрды. Енді ғана соның
азғантай бөлігі Қызылорда қаласына жеткізілді. Шырақ болып жанған ғаздың
топыраққа түскен қалдық продуктыларын анықтау мақсатында ТҚ-8 (топтық
қондырғы) учаскесінде топырақтың 0-20 см-ік қабатынан алынған үлгілердің су
сығындысы талданды. Сонда мұнай өндіретін құбырқұдықтың (2057) төңірегінде
топырақта катиондардан магнийдың мөлшері өте көп, тіпті аномалдық деуге
болады. Өйткені, бұл аймақтың сұр қоңыр топырақтарында магнийдың
концентрациясы кальцийден артық болмайды. Шырақ қондырғының төңірегінде
топырақта хлор өте көп – 5,45 мгэкв. 100 гр топыраққа есептегенде. Бұл
осы өңірде мұнай өндірісінен эко жүйенің ластанып жатқанын көрсетеді.
Сонымен бірге мұнай құбырларын бойлап, жер астының суы ой-шұқырларды
толтырып тұр. Сол себепті, Құмкөл мұнай өндірістік бірлестігінің Арал
өңірінде қоршаған ортаны ластау жағынан республика бойынша ең алдыңғы
үштіктің бірі болып отыр.
7.6 Полиметалл кенін өндірудің экологиялық жағдайға әсерін шектеу. Бар
мәлімет бойынша Арал өңірінде қорғасын, мырыш, қоңыр көмір, алтын мен күміс
аралас полиметал, уран кендерінің мол қоры жатса керек. Солардан 1981
жылдан бері құрамында қорғасын мен мырыш бар полиметал беріп тұрған Шалқия
кенішіндегі металдың қоры 30 млн.тоннаға бағаланады. Шалқия полиметалының
бір тоннасында 0,32 ден 0,8 пайызға дейін қорғасын бар. Шалқия кеніші
жылына 200,0 мың тонна кен өндіруге есептелген болатын, ал қазір 400,0 мың
тоннаға дейін кен беретін қуатты нысанға айналды. Полиметалл кенін өндіру,
тасымалдау және өңдеу барысында атмосфераны ластайды. Сонымен бірге
шахтадан сыртқа айдайтын су егіндік, шабындық және жайылымдарды суарудың
орнына кеніштің төңірегіндегі ой-шұқырларды толтырып жатыр. Оған қоса
үйіліп жатқан тұрмыстық қалдықтар да аз емес. Қазір шалкияның экономикалық
пайдасынан гөрі экологиялық зияны басымдау болып тұр.
7.7 Уран кенін өндірудің экологиялық проблемалары. Қызылорда облысының
аумағында экономика үшін пайдалы саналатын, бірақ тірі табиғат үшін аса
қауіпті уран кен орны жұмыс істейді. Ол Шиелі ауданындағы Қарамұрын кеніші.
Мұнда жер қойнауына концентрлі күкірт қышқылын құйып, ураны бар тау жынысын
шаю арқылы қоймалжың қышқыл ертіндіні сорғыш қондырғының көмегімен тартып
алады. Бастапқы шикізат түрінде алынған кенді арнаулы ыдысқа құйған соң,
әлі байытылмаған уран кенінің радиоактивтілік зияны болмайтын көрінеді.
Бірақ бұл өндірістің қауіптілігі басқада. Қазіргі кезде Шиелі аумағында
жерастындағы тұщы су көзі күкіртқышқылымен толық ластанып болды, ал ол
судың құрамында уран элементі болуы әбден мүмкін. Қабаттағы су капилляр
арқылы жер бетіне дейін көтеріліп, өсімдік-жануарлар тізбегімен жылжитын
радиоактивті зат біртіндеп адам организміне жетуі мүмкін. Сөйтіп, бұл
аймақта экологиялық ахуалдың жағдайы нашар. Бірақ бұл мәселе тек үкімет
деңгейінде ғана шешілетін болғандықтан өткір күйде қалып отыр.
8. Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру.
8.1 Елдің материалдық тұрмыс жағдайын жақсарту. Халықтың әлеуметтік күйі
көптеген сыртқы факторлардың ықпалымен өзгеріп тұратын динамикалық
көрсеткіш. Ол ең алдымен елдің материалдық тұрмысына байланысты.
Экономикасы аграрлық салаға негізделген Қызылорда облысында егін мен малдың
өнімі күрт азаюы себепті азық-түлік базасының қалыптасуы халықтың мұқтажын
толық өтей алмай тұр. Халқының көпшілігі ауылдық жерде тұратын Қызылорда
облысында адам организміне ең керекті азық-түлік түрлерін тұтыну ғылыми
негізделген нормадан ет пен сүт – 3, көкөніс пен картоп – 1,7, жұмыртқа –
7, балық – 5 есе кем болып отыр. Облыс тұрғындарының басым көпшілігі
материалдық тұрмысы жағынан ортадан төмен болуы себепті көбінесе арзан нан
өнімдерін тұтынады. 1998 жылы облыс тұрғындары нанды қажетті нормадан 1,5
есе артық тұтынды және оған отбасы табысының 26,6 пайызын жұмсады. Бұл
жағдай адам организміне пайдалы заттардың балансы сақталмайтынын көрсетеді.
8.2 Ауызсудың сапасы және оның әлеуметтік салдарын реттеу. Халықтың
әлеуметтік күйінің төмендеуіне сапасыз ауыз су мен санитарлық-гигиеналық
жағдайдың нашарлауы күшті ықпалын тигізіп отыр. Облыс жеріндегі ірі елді
мекендер мен Қызылорда қаласы тұрғындарының 70 пайызы Сырдария өзенінің
суын ішеді. Ал өзен суының сапасы төмен, өйткені, минералдығы мен ластану
деңгейі талапқа сәйкес емес. Соңғы жылдары Арал өңірінде егін өнімінің,
көбінесе көкөніс, бақша, жеміс-жидек, картоп дақылдарының генеративтік
(жеміс) органдарында азоттың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz