Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Кәсіпорынның қаржы жоспарындағы стратегиясын анықтау ... ... 4
2 Кәсіпорынның қаржы жоспарының төлем қабілеттілігін анықтау... 10
3 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясында айналымын қаражаты ... .. 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31

Кіріспе
Кәсіпорынның қаржы стратегия жоспарын анықтауда кәсіпорынның қаржылық жоспарын, төлем қабілеттілігін, айналым қаражатын, баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның "өтімділігін" анықтап алу керек.
Қаржы стратегия жоспарындағы өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп -"кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі", - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т.Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: "шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Профессор Н.П. Кондраков өтімділік деп - "материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады". Ағылшын авторларының "Бухгалтерлік талдау деген" еңбегінде "фирманың өтімділігі - бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеттілігі" деп көрсетілген. "Өтімді" сөзінің өзі дейді олар "ақшаға оңай айналатын" деген ұғымды білдіреді. Ол өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты жүзеге асырылатын уақыттың ұзақтығымен анықталады, уақыт қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғары болады", - деп жазады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Ишмухамбетова Т.Р., Мендебаев Т.М. «Өнімнің өзіндік құнын есептеу» - Алматы : ҚҰТУ, 1995.
2. Ишмухамбетова Т.Р., Қапанова А.К. «Кәсіпкерлік іс-әрекеттің экономикалық негізі» - Алматы : ҚазҰТУ , 2001.
3. К.Ш.Дүйсенов., Э.Т.Төлегенов., Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы. Экономика баспасы, 2001 ж.
4. Лисицын Н.А. и др. «Экономика , организация и планирование промышленного производства» - Минск: Высшая школа, 1990.
5. Власова В.М. и др. «Основы предпринимательской деятельности»-Москва.: Финансы и статистика, 1996.
6. Гамрат- Курек Л.И. «Экономическое обоснование дипломных проектов» -М.: Высшая школа , 1985.

Тақырыбы: Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Кәсіпорынның қаржы жоспарындағы стратегиясын анықтау ... ... 4
2 Кәсіпорынның қаржы жоспарының төлем қабілеттілігін анықтау... 10
3 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясында айналымын қаражаты ... .. 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31
Кіріспе
Кәсіпорынның қаржы стратегия жоспарын анықтауда кәсіпорынның
қаржылық жоспарын, төлем қабілеттілігін, айналым қаражатын, баланс
өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің,
баланстың және кәсіпорынның "өтімділігін" анықтап алу керек.
Қаржы стратегия жоспарындағы өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі.
Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді
міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова
өтімділік деп -"кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша
төлеу қабілеттілігі", - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше,
өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т.Балабанов та өтімділікке
осы сияқты анықтама береді: "шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның
өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы
активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа
мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді
кәсіпорын болып саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем
қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын
көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік
- бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен
жылдамдығы. Профессор Н.П. Кондраков өтімділік деп - "материалдық және тағы
басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу
мүмкіндігін айтады". Ағылшын авторларының "Бухгалтерлік талдау деген"
еңбегінде "фирманың өтімділігі - бұл оның барлық қажетті төлемдерін,
олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру
қабілеттілігі" деп көрсетілген. "Өтімді" сөзінің өзі дейді олар "ақшаға
оңай айналатын" деген ұғымды білдіреді. Ол өтімділік дәрежесі, оның
түрлену уақыты жүзеге асырылатын уақыттың ұзақтығымен анықталады, уақыт
қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғары болады", - деп жазады.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯСЫН АНЫҚТАУ
Кәсіпорынның қаржы стратегиясының жоспарының негізгі көрсеткіштері
ақша қаражаттары және құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар) - айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен
бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез
айналады.
Кәсіпорынның қаржын стратегия жоспарын ұйымдастыру — бұл қаржыны
және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және
дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы жоспарының қатынастарының
бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізіңде тиісті
қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары
арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны жоспарын басқару — бұл тиісті
қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы жоспарының механизмі — бұл
мақсатқа жетудің құралы; қаржы жоспарының саясаты — қаржыны жоспарын
басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда
қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен
тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат
ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың
және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Кәсіпорындағы қаржын жоспарын басқарудың мақсаты макроэкономикалық
теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекетгік борыштың азаюыңца, ұлттық
валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің
экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының
тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны жоспарының көрсеткіштерін басқарудың негізіне мына қағидаттар
қойылған: басқарудағы демократизм; қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме
(көзқарас); басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы
үйлесуі (ұштасуы);
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
басқарудағы жауапкершілік; шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржыны жоспарларын басқарудың екі аспектісін ажырата білгсн жөн:
біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметгік
сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп,
қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі
басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша
қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны жоспарын басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір
сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен
жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар мен
жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімделстін қаржылық сипаттағы
басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи заңдардың
талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен
бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-
математикалық әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін,
басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген
жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын
енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы
жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық
ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және
ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Бұл қорытынды профессор А.Д.Шереметтің қорытындысымен үндес:
"Берілген актив ақшаға айналу үшін уақыт неғұрлым аз керек болса, соғұрлым
оның өтімділігі жоғары". Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе
отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты
міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен
анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның
төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа
сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты
келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек
жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем
қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы
жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті
көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін
көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін
бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі
бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда.
Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі
жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің
төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты
қысқаларға қарай; (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі
бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс
европалық елдерде осыны қолданады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына
байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша
қаражаттарының барлық баптарымен құнды қағаздары жатады.
Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш
басқа да активтерді жатқызады.
Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта
келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп
айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген
тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі
анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ
нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды,
себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор
айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің
қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика
жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде
ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі
қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық
байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша
қаражатына тез айнала алмайды.
Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.
Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының
өтімділігі бұдан да төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.
Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің II бөлімінің "Тауарлы-
материалдық қорлар" бабы және баланс активтінің I бөліміндегі "Ұзақ
мерзімді инвестициялар" (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған
салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.
Бірақ бұл кезде "Алдағы кезең шығындары" бабы есепке алынбайды. Бұл
топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып
алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе
бұл аяқталмаған өндіріске тиісті егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып
алушыны табу оңай болса, одан жасалған штампталған жартылай өнімді
сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайындауға
арналған жартылай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мүмкін.
Сондықтан немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған
өндірістің құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарда аяқталмаған
өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі. Қиын
өткізілетін активтер - баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға
енгізілген баптарынан басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан "Ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар" бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып
тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа
кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке
алынады.
Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда,
басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады - кассадағы,
банктегі есе айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша
қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл
қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның "өтімділігін" (өтімді
капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін
қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер
тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған.
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты
топтастырылады.
Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер - бұларға уақытында
төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді
міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу
көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл
берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) мақсаты
бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін
неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар
және жұмыскерлерге аналған қарыздар.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
Тұрақты міндеттемелер - пассивтің I бөлімнің "Меншікті капитал"
баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс
активінің "Алдағы қезең шығындары" бабы бойынша сомаға азайтылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген
топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей
қатынастарда саналады.
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің
әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең
болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы
төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен
пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады.
Төртінші теңсіздік "баланстау" сипатын алады, сонымен қатар терең
экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі
шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын
дәлелдейді.
Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы
варианттағыға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсолютті
өтімділіктен азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы
бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны
толтырылады, бірақ өтелі тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады,
өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым
өтімді активтердің орнын баса алмайды.
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ
Кәсіпорынның қаржы жоспарының төлем қабілеттілігі оның қаржылық
тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз
байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл
бөлінеді.
Арнайы есептікталдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау
жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық көрсеткіштің негізгі
әдістерін талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде
кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу
қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С.Ефимова төлем қабілеттілігі:
"кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу
қабілеттілігін түсіну қабылданған", - деп жазады. "Фирманың қызметін
қаржылық талдау" кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды.
"Төлем қабілеттілігін, - деп жазады олар, - компанияның ұзақ мерзімді
қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды".
Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді
міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай, "Шаруашылық қызметті
талдау" оқулығының авторлары "Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның
өзінің жедел міндеттемелері, бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу
қабілеттілігі түсіндіріледі" деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н. Крейнина
толығырақ ,баяндайды. "Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - бұл
кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары
қарыздарын өтеуге дайындығы". Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы
екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі
болады. Төлем қабілеттілігі - бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер
бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін
жеткілікті қаржының болуы.
Профессор В.В. Ковалев төлем қабілеттілігі деп оның "қысқа мерзімді
міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу
қабілеттілігін" түсінеді. "Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, -
кәсіпорынның жедел өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздар бойынша есеп
айырысуға жеткілікті ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің
болуы". Соңғы түсінікпен келісетін профессор И.Т. Балабановтың анықтамасы.
"Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - бар ақша сомасының белгілі бір
мерзімді жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем
қабілеттілігінің коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігінің
коэффициенті бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші
субъект төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілеттілігінің
коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының
жетіспеу себептерін анықтау керек".
Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор
А.Д. Шеремет басқаша ашып көрсетеді. Ол "кәсіпорынның төлем қабілеттілігі
деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем
талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің
төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі түсіндіріледі"
деп жазады. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын
профессор В.П. Кондраков береді. Оның пікірінше "төлем қабілеттілігі - бұл
кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі". Бұл
жағдайда міндеттеме - бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге
ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу
міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді
несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысы, қысқа мерзімді
қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді
қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін
есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
міндеттемелер шотының Бас жоспары "несиелер" 60 бөлімшесінің 601-603
синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда
айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның
дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге
дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп
айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек
дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-
материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша
қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық
ағымдағы активтерімен, қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер
кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан
артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуғе болады. Бірақ, егер
кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды, өтеуге бағыттаса, онда дәл
сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс
құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын
алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы 1 активтің сомасы
ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады.
Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз
өңдіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады.
Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар
бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем
құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі)
міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел
төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті
арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе
үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді.
Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының
жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі
көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа
мерзімді бағалы "қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез
өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы
пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар банкінің
қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар
және басқа пассивтер кіреді.
Кәсіпорын жоспарын ұйымдастыру қазіргі уақытта қаржыны басқаруды
жетіддіру - бұл процесте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны
басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-
математикалық әдістер мен электроңды-есептеу техникасына негізделген
жоспарын басқарудың автоматтандырылған жүйелері қаржыны жалпы басқарудың
бір бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп
қаржыны, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу жәнс
ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық,
математикалық әдістерінің жиынтығын айтады. Ол есепке алу, жоспарлау және
ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің жалпы
мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.
Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның
төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда
ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы
органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы
төлемге қабілетсіздікті көрсетеді. Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім
ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе
көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем
қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық
және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін
шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк
көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай
есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында
жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем
қабілеттілігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер
тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады. Ағымдағы оперативтік анықтау үшін
кәсіпорынның төлем құралдары және уақыты келген оның қарыздары (мерзімді
міндеттемелері) туралы келесі ақпаратты қарастырайық (8-кестені қараңыз).
Осы ақпараттың негізінде төлем құралдары мен жедел міндеттемелерді
анықтайық.
Келтірілген ақпарат осы мерзімде кәсіпорын өз қарыздарының 86,3%-ын
ғана төлей алатынын көрсетеді (3655:4233), қарыздарының 13,7%-ы төленбей
қалады, бұл айыппұл санкцияларын төлеуге және кәсіпорынның шығындалуына
әкелетін мерзімі өткендер қатарына жатқызылады.
Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден
басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек.
Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын ала болжамаған жағдайларға
байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру
қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр
түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату,
қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипаттын өзгерту
дегенді білдіреді.
Ақша қаражатын қарызға алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге
байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен,
тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың
құрамы және құрылымымен анықталады.
Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары мен жағдайы сияқты сыртқы
факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек
жағдайда және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін
:қажет кезде маңызды. Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық
несие линиялары (кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір
жағдайларда ала алатын несие) - потенциалды қаржыландыруға қарағанда,
керек кезде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін
бағалау кезінде оның вексельдері, облигацияның және артықшылықты акцияның
рейтингі, активті сатудың шектілігі, шығынның кездейсоқтық дәрежесі,
ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы
сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке
алынады. Ағымдағы (қысқа мерзімді) төлем қабілеті өте тар түсінік, себебі
оны болашақта қолдану мүмкін емес.
Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді - бір жылдан аса) төлем
қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық
көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді
(жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге
қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты
бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде - осы кезеңдегі ағымдағы
міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға . Бұл есепте алымы баланс жасау
мерзіміндегі белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.
Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем
қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа
да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу
қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін
анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілетгілігі деп болашақта
кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі
түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының
жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады. Ақша
қаражатының жеткіліктілік коэффициент кәсіпорынның күрделі шығындары,
айналым қаражатының өсуі немесе дивиденттерді төлеуді жабу үшін табыс табу
қабілеттілігін көрсетеді.
Циклділіктің және басқа кездейсоқтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы
мен бөлімінде бес жыл ішіндегі мәліметтер алынады.
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы:
қауіпті өтім коэффиценті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының
құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да
активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу
жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы
міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен
қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген
қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Айналым қаражатының өтімді бөлігінің (яғни тауарлы-материалдық
қорларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін
бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының
өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.
Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем
қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең
кезеңге сипаттайды.
Басқа да көзқарас бар. Шамамен бұл коэффициент 0,5-тен кем болмауы
тиіс, себебі жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің әр теңгесіне ақша
қаражатының және дебиторлық борыштың 50 тиыннан кем келмеуі тиіс.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффиценті) барлық
ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне
қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай
есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз
уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана
емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет
болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік
мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді
міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz