Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар



КІРІСПЕ

1.ТАРАУ. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ . ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың сипаттамасы

1.2 Даму педагогикасының психологиялық негіздері

1.3Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар

2.ТАРАУ. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың маңыздылығы

2.2 Тәжірибелік.эксперимент жұмысының нәтижесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында [1]: орта білім беру міндеттерінің бірі – азаматтықа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу деп көрсетіледі. Ел президентінің 2004 жылғы 19 наурыз айындағы Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәскеге қабілетті халық үшін» Жолдауында [2]: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап көрсетеді». Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [3] және Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай күйі жан-жақты талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып, Қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушылардың тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттігі баса айтылды.
Бұл міндетті қабілетті, дарынды балалар сапалы, саналы жүзеге асырады. Ал дарындылықты мектептен қолға алған дұрыс.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесін жүзеге асыру қажеттілігіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1996 жылы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекет тарапынан қолдау және дамыту» [4] бұйрығын шығарумен ерекше назар аударды. Осы бұйрықтың негізінде 1996 жылы Республикада «Дарын» жас таланттарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы» [5] шығарылды. 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [6] тұңғыш рет «элитарлық білім» термині енгізілді.
Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін жасайды). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
Балалардың дарындылық мәселесі өзінің тамырымен бірнеше ғасырға жайылған. Ежелгі грек философтары Платон [7], Аристотель [8] еңбектерінде тұлғаның дарындылығы туралы айтылғанын көреміз. Сондай-ақ, Қайта өрлеу дәуіріндегі еңбектерде де дарындылық мәселесі ерекше орынға ие болған.
Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Бұл мәселеленің түп-тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында. Алматы: 1994.-Б.7
2. Ел президентінің Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Жолдауы. Алматы, 2004 ж. 19 наурыз.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2004
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекет тарапынан қолдау және дамыту» бағдарламасы. Алматы, 1996 ж.
5. «Дарын» жас таланттарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы». Алматы, 2006.
6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы: Юрист, 2007.
7. Платон шығармалары. «Мемлекет», Алматы, 1968, 256 б.
8. Аристотель Соч. В 4 т. М., 1975. Т.1. с.156.
9. Фрэнсис Гальтон. Избранные сочинения. М., 1984 г. С.120
10. Э.Мейман. Сочинения. М., 1989. С.156
11. В.Штерн. О человеческой жизни. М., 1978. С.56
12.Ж. Әбиев. Педагогика тарихы. Алматы, 2006, 246 б.
13. А.М.Матюшкин, Сиск Д.А. Одаренные и талантливые дети. Вопросы психологии. 1988. №4. с. 88-9
14. Хрестоматия по возрастной психологий. Под. Ред. Д.И. Фельдштейн. М., 1994. 256 с.
15.А.Т.Ковалев. Общая психология. М., 1989. с.125
16.В.Т.Крутецкий Психология математических способностей школьников. – М., Знание, 1968. – 432с.
17. Д.Н.Леонтьев Проблемы развития психологии. –М.,1972.С.58, 108, 304.
18. С.Л.Рубинштейн Бытие и сознание.- М.,1957.
19. В.Д.Шадриков. Общая психология. М., 1996. М., 458
20. Дж.Рензулли. Психология развития. М., 1989. С.45
21. М.Карне. Развитие и воспитание. М., 1986. с.78
22. А.Шведел. Избранные сочинения. М., 1989. с.126

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1-ТАРАУ. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың сипаттамасы

1.2 Даму педагогикасының психологиялық негіздері

1.3Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар

2-ТАРАУ. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың маңыздылығы

2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында [1]: орта білім беру міндеттерінің бірі – азаматтықа,
адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз
Отанын сүюге тәрбиелеу деп көрсетіледі. Ел президентінің 2004 жылғы 19
наурыз айындағы Қазақстан халқына Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,
бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәскеге қабілетті халық үшін Жолдауында
[2]: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік
деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап
көрсетеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-
2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [3] және Қазақстан
Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру
мәселесінің жай күйі жан-жақты талданып, адамгершілік құндылықтарды
нығайтуға ерекше назар аударып, Қазақстандық патриотизм мен
интернационализм негізінде білім алушылардың тәрбиелеудің тиімді жүйесін
енгізу қажеттігі баса айтылды.
Бұл міндетті қабілетті, дарынды балалар сапалы, саналы жүзеге асырады.
Ал дарындылықты мектептен қолға алған дұрыс.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесін жүзеге асыру
қажеттілігіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1996 жылы
Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекет тарапынан қолдау және
дамыту [4] бұйрығын шығарумен ерекше назар аударды. Осы бұйрықтың
негізінде 1996 жылы Республикада Дарын жас таланттарды қолдаудың
Мемлекеттік бағдарламасы [5] шығарылды. 1999 жылы Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында [6] тұңғыш рет элитарлық білім
термині енгізілді.
Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды.
Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады
(сурет салады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін жасайды). Бірақ
бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас
өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби
өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
Балалардың дарындылық мәселесі өзінің тамырымен бірнеше ғасырға
жайылған. Ежелгі грек философтары Платон [7], Аристотель [8] еңбектерінде
тұлғаның дарындылығы туралы айтылғанын көреміз. Сондай-ақ, Қайта өрлеу
дәуіріндегі еңбектерде де дарындылық мәселесі ерекше орынға ие болған.
Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Бұл
мәселеленің түп-тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.

1. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы

Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішкі
қабілеттілігі туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде,
қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы
педагогтрының еңбектерінде кездеседі.
Таланттылық пен данышпандылық туралы құнды пікірлер ерте грек
философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Бірақ адам психикасы танымдық
құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға қиын мәселелердің бірі
болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшеліктері мен оларда табиғи
қабілеттің болуы құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген.
Платонның пікірінше, ақынның туындылары өзінің өнерлігі мен білімінен емес,
құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен.
Бір кезде ХІҮ ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында
ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға,
ғалымдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған.
Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды.
Аристотель көркемөнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты
екендігін айтады.
Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны
дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды.
Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып-білу мәселесімен
испандық Хуан Уарте айналысты. Ол испан империясының қайта өрлеуінің
болашағы мемлекттік қызметке аса дарынды азаматттарды тарту деп есептеді.
Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы
қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып
табылады. Бұл зерттеулер саралау (дифференциалды) психологияның негізін
қалады деуге болады.
Хуан Уартенің пікірінше талант адам табиғатына байланысты, дегенмен,
оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын
мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің
қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ
мұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп
есептейді.
Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан
ойшылдарын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін
қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердоуси, Ибн Сина, Беруни және т.б.) философия,
логика, химия, астрономия, география, география, медицина, психология
ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер
арнаған. Мысалы, Әл-Фарби Бақытқа жету трактаты еңбегінде этикалық
мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім беруде түрлі озық әдіс-
тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі.
Ғылымдағы педагогика мен психологияның дифференциясы негізінде адам
психикасы мен қабілеттілігі жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады.
Қабілеттелік жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологі Френсис
Гальтон есімімен байланысты. Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселелсін
зерттеген.
ХІХ ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке
тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады.
Ағартушы Ы.Алтынсарин [12] Табиғи ақыл өзін қоршағанда ғана құшағына
ала алса, онда дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын
тек қана өркениетке жетелейтін озық білім, - дейді.
Ш.Уәлиханов [12] шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен
тәрбиенің шешуші рөлі көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой
қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай: Қырғыз-қайсақтар табиғатынан ақыл-
ой жүйріктігімен, таңқаларлық көңілшектігімен ерекшеленеді. Ш.Уәлиханов
тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи
бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады.
Абай Құнанбаев [12] адамды қоршаған орта – табиғаттың бір бөлігі дей
келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы – туылғаннан бастап
білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы
қасиетті біртіндеп жоғалта бастайды. Ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек
әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды. Ол: Кей қасиет туа бітеді,
ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады, - дейді.[71-75]
Сонымен қазақ ағартушылары қабілеттіліктің туа бітетін қасиет екенін
мойындай отырып, адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің,
еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.
ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда педагогикалық теория негіздерінің
қалыптасуына атсалысқан көрнекті қайраткерлер Ж.Аймауытов [12],
А.Байтұрсынов [12], М.Дулатов [12], М.Жұмабаевтардың [12] педагогикалық
мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығуы мен қабілеттілігін
қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған. Ж.Аймауытов [52]
Психология және мамандық таңдау еңбегінде эксперименттік зерттеу
нәтижелеріне сүйеніп, мамандықты дұрыс таңдай білуге арналған кеңестерін
ұсынады. Оның пікірінше, мамандық таңдауда адамның жеке қасиеттерін:
темпераментін, қабілеттілігін, мінезін, күш-жігерін ескеру қажет. Сонымен
қатар Ж.Аймауытовтың ойынша, әрбір адамның белгілі бір мамандыққа деген туа
біткен бейімділігі бар, сондықтан адам өзінің табиғатына тән қасиетпен
айналысқаны тиімді болады дейді.
М.Жұмабаев [12] өзінің Педагогика еңбегінде адамның жалпы рухани
дамуы туралы айта келіп, тәрбиені ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық деп
бірнеше түрге бөліп қарастырады. Ол жеке тұлға тәрбиесі мәселесін
интеллектуальдық қабілеттілікпен тығыз байланыста қарастырады.
Шығармашылықта материалдық және рухани үрдістердің диалектикасы орын
алады, ол танымдық және практикалық іс-әрекетті қамтиды. Шығармашылықтың
әлеуметтік жағын қарастыра отырып, сонымен бірге жеке бастың қасиеттері мен
дарынын, рухани-психологиялық ахуалын, оның біліктілігін естен шығармаған
жөн. Шығармашылық үрдістің, ішкі механизмін тереңірек меңгеру, адамның
шығармашылық мүмкіншілігінің мәнін түсінуге көмектеседі.
Белгілі философ Ә.Нысанбаев [46] адамның шығармашылық мүмкіндігін
оятудың маңызының зор екенін көрсете келіп, негізгі үш түріне тоқталған.
Біріншіден, еңбек шығармашылығы өндірістегі жекелеген қызмет түрлерін ғана
емес, өндірістің барлық салаларын түгел қамтиды. Міндет әрбір жұмыс
орнындағы адам шығармашылықпен еңбек етуге мүдделі болып, оған
жауапкершілікпен қарауы керек. Екіншіден, жұмысқа барлық уақытта да еңбекке
қанағаттану сезіміне байланысты қарау. Өзінің мамандығына көңілі толған
адамның еңбегі де сапалы болады. Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етудің
басты көрсеткіштері өнертапқыштық саналады. [51-59]
Шығармашылық өнер, ғылым, философия шеңберімен және рухани әрекетпен
шектелмейді. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу, қарым-қатынас жасау, бау-бақша
салу немесе бөлмеде әр түрлі өсімдіктер өсіру де шығармашылық болып
табылады. Шығармашылықтың ішкі себептеріне тұлғаның қабілеттілігі мен
әрекеттердің себептерін жатқызады. Бұл жинақтар біртұтас: шығармашылық
қабілеттілік табыс негізін құрайды, бірақ өзінің іске асуын себептер арқылы
алады. Шығармашылыққа деген қабілеттілік көптеген қасиеттермен сипатталады.
Шығармашылық тұлға ойының тереңдігімен, білу қабілеттілігімен, пікірлерінің
еркіндігімен, ойлауының қайталанбастығымен елестету мен сезімталдығының
үйлесімділігі және күштілігімен, еңбекте берік те төзімділігімен,
сыншылдықпен және жоғары этикалық қасиеттермен ерекшеленеді.
Шығармашылы тұлғаның көп таралған сипаттамасы мына түсініктермен
беріледі: “қабілетті”, “талантты”, “данышпан”. Аталған белгілер табиғи
талаптарда болады, олардың даму ережесі (бұл тек белсенді әрекет арқасында
болмақ) шығармашылық нәтиженің маңыздылығын түсіндіреді. Басқаларға
қарағанда қабілеттілік тапсырма түрлерін нәтижелі орындауға көмектеседі.
Талант жаңа, өзіндік нәтижеге жетуді көздейді, ал данышпандық тұлғаның
ұзаққа созылатын аса күрделі де жағымды ықпалында және де оның мәдениет
дамуындағы шығармашылық жетістіктерінде көрінеді. Бердяевтің пікірі
бойынша, данышпандық және адамның біртұтас қасиеті, ол арнайы сый емес,
данышпандық-адамның алғашқы бастамаға ұмтылысының дәлелі, ондағы
шығармашылық үрдіс алғаш рет туындайды және арнайы қатпарлармен
анықталмаған. Бірақта данышпандық сый ретінде шеберлікпен, материалда өз-ой-
пікірін іске асыру қабілеттілігімен толықтырылуы керек. Дана тұлға
бастапқы бастамаларға ұмтылыс жасап алғаш рет туындаған шығармашылық
үрдісті және де өте үлкен талап пен талант арқылы шығармашылықты іске
асыруды біріктіру-кемеңгер адамды тудырады.
Адамның танымдық қабілеттілігі негізінде оның шығармашылық әрекеті
өрістеп, жасампаздық мәні ашылады.
Шығармашылық түсінігі жаңаның пайда болуымен ассоциацияланады. Өйткені
ол жаңа әрекеттің барлық саласында болады, осы негізде кейбір зерттеушілер
шығармашылықты табиғатпен қатар қояды. Мына бір көзқарас бойынша:
“шығармашылық өлі табиғатқа да, ал тірі табиғатқа-адам пайда болғанға дейін
және де адамға да, қоғамға да тән. Шығармашылық-материяның дамуының қажетті
шарты, оның жаңа түрлерінің құрылуы, оның жаңа түрлерінің пайда болуы
шығармашылық түрлерін де өзгертеді. Адам шығармашылығы осындай түрлердің
біреуі ғана.
“Шығармашылық табиғаты” деген түсінікте терең мағына жатыр.
Шығармашылықты өнімділік дамуының механизмі ретінде жалпылай түрде
қарастыру,” деп жазады Я.А.Пономарев [14], білімнің зерттелген саласына-
диалектика дамуына шығармашылық мәселесін кіргізуге ықпал етеді.
Шығармашылықтың негізгі анықтамасына оның ең кең түрдегі түсінігін енгізу
керек. Ал пайыз, бір жақтылық мағынада шығармашылық-тек адами
(Я.А.Понамарев өзінің психологиялық еңбектерінде “шығармашылық” терминінің
екінші мағынасына сүйенеді) оның болжамы бойынша: “шығармашылық кең
мағынада дамуға әкелетін даму механизмі ретінде, өзара әрекеттесу ретінде
көрінеді”. [72-74]
Екінші жағынан оның адам әрекеті ерекшелігіне, әлеуметтік табиғаты,
әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік нәтижелеріне назар аудару шығармашылықты
тек әлеуметтік және праксеологиялық түрде түсінуге себеп болады. Мысалы,
Г.А.Давыдова: “Шығармашылық қатынас үшін негізгі, анықтайтын жайт-адамның
дүниеге әсер етуі-материалдық шындықты жалпы адамзат дамуының тарихи
қалыптасу қажеттілігіне сай өзгерту қажет”,- деп санайды.
Владимир Дальдың “Орыс тілінің нақтылы түсіндірме сөздігінде”:
шығармашылық “жасау, жасап, жарыққа шығару сияқты әрекетті қажет, жасаушы
мен шығармашылыққа қатысты шығармашылық” деп түсіндіріледі.
Шығармашылық әрекеттердің өзіндік ерекшеліктері, шығармашылық термин
“эврика” - қандай да бір мәселені шешуде табысты ой, идея мен “пікір”
тындағанда қуанышты білдіретін сөз процестердің құрылымы, сатылары
шығармашылық әрекеттер типтері, ғылыми және көркемөнер шығармашылығы
сәйкестігі, болжам мен оқиғалар рөлдері, шығармашылық процестерді
ынталандырушы және жоятын факторлар талант пен дарындылық туралы,
шығармашылық қабілеттілік пен шығармашылық прогреске әлеуметтік
жағдайлардың ықпал етуі, шығармашылық өнімділік пен шығармашылық жас
шамасы туралы, ғылыми шығармашылықтың тәсілдері мен түрлері ретіндегі
өнімді ойлау, ғылым мен шығармашылықтағы диалог пен пікір таластағы
ойлау үлгілері т.б. мәселелерді қамтиды.
Шығармашылық бірегей емес: шығармашылық көрінудің көп түрлілігі әр
түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады. Шығармашылықтың әр түрі барын
атап өткен жөн: өндірістік – техникалық, бейнелеу, ғылыми, саяси,
ұйымдастырушылық, философиялық көркем сурет, мифологиялық, діни
күнделікті-тұрмыстық т.с.с.; басқа сөзбен айтқанда, шығармашылықтың
түрлерін атап көрсету мұнымен шектелмейді. Шығармашылық процесс құрылымы
да ары қарай зерттеуді және соның негізінде жалпыға бірдей маңызды
түсінікті қалыптастыруды талап етеді. Мәселенің шешімін табумен
ғылыми шығармашылықты шектеу түсінігі әлі күнге дейін бар, бірақ бұл
көзқараста шығармашылық процестің басталуымен оның қанат жаюының
басталуы есептелмеген. Проблеманың қажеттілігін түсіну, оны қою мен
тұжырымдау – бұл проблеманы шешуді іздеу процесінің басталуы болып
табылады. Нақтылы проблемалы жағдайды және оны зерттеудің мақсатын
белгілеп алып, проблема барлық шығармашылық процесті нәтижеге жетудің
күрделі қозғалысына бағыттайды. Шығармашылық процестің орталық бөлімі
ретіндегі идеалды проблеманың тікелей әсер етуімен, субъектінің
қажеттілігін қанағаттандыру үшін туындайды.
Сонымен, ғылыми шығармашылықты қарастыру оның терең өзіндік табиғатын
көрсетеді, онда зерттеушінің кәсіпкерлігі мен таланты, адамгершілік
қасиеттері, ішкі түйсігі мен кездейсоқтық үлкен рөл атқарады; сонымен қатар
шығармашылық құпия құбылыс емес ішкі түйсік механизмі мен кездейсоқ
факторлар рөлін шешу жақындап келеді.
Шығармашылықтың құндылық сипаты оны ойынмен жақындастырады. Ойынға деген
ынта тұлғаның ішкі емес, сыртқы риясыз себептерін, ойын әрекетінен ләззат
алумен байланысқан сырластық талапты анықтайды. Шығармашылық пен ойын
әрекеттерінің механизмдері ортақ.
Немістің классикалық философиясының басты еңбегі-жаңа білімнің пайда
болуын адам әрекетін талқылау барысында түсіндіруі. Шығармашылық мағынасы
рухани-практикалық өзіндік әрекет ретінде анықталады. Шығармашылық
механизмі рухани-практикалық қарама-қайшылығы шығармашылықты өздігінен
іштей дамыту бастамасы ретінде түсіндіріп беріледі. Әрекет принципі адамның
әрекетті-шығармашылық мәнін зерттеу мәселесін қоюға ықпал етті. Неміс
классикасы жүйесінде өз нәтижесі мен жемісі ретінде шығармашылық субъекті
туралы ереже қалыптасты (философиялық өзіндік сана-сезім түсінігінде).
Жеке тұлғаның шығармашылық әрекетінің арнайы бір уақытта жүзеге асып
жатқанын сезіну рефлексті белсенділіксіз де болуы мүмкін. Бірақ субъектінің
санасында ешқандай да жарық беріп көрінбейтін зияттың шығармашылық әрекеті
болмайды.
Талант – қабілеттің жоғары деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың,
ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де
мамандық иелерінің өзгешелігімен, түп нұсқалығымен ерекшеленетін
еңбектерінің болуымен сипатталады. Данышпандық – қоғам өмірінде тарихи
маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Әрине, бұл ұғымдар жеке адамдық қасиеттер өзара бір –бірімен тығыз
байланыста пайдаланылады. Соңғы уақытта өмірдің жылдам өзгеруіне байланысты
маманға деген жоғарғы талаптардың қойылуы бұл ұғымдарға жиі жүгінуді қажет
етуде.
Осыған орай, жоғарыда аталған ұғымдардың мән-мағынасын ашып, оларды
қалыптастыру мәселесіне қатысты көптеген ғылыми еңбектер туындауда.
Солардың бірі – Н.Лейтестің редакциялауымен 1996 жылы жарық көрген Дарынды
балалар мен ересек балалардың психологиясы кітабы. Осы еңбегінде Н.Лейтес
дарындылық ұғымына мынадай анықтама береді: Дарындылық – баланың өз
құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді иегеру деңгейінің
жоғарлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы. [99
-101]
Бұл ой тұжырымдардан мынадай қорытынды шығаруға болады: дарындылық тек
педагогикалық қана емес, әлеуметтік те мәні бар құбылыс деуге болады. Осы
бағыттағы зерттелген ғылыми еңбектерге талдау жасай келе, дарындылық
ұғымына төмендегіше анықтама береміз: дарындылық – адамның бір не бірнеше
іс-әрекет саласында жоғары, қатардағылардан ерекше нәтижеге жету
мүмкіндігін анықтайтын көп өлшемді, ықпалдастырылған құрылым.
Сонымен психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді теориялық тұрғыдан
зерттеу нәтижесінде дарынды балаларды зерттеудің негізгі бағыттарын
анықтауға мүмкіндік берді:
- ақыл-ой дарындылығы бойынша: Г.Айзенк, Р.Амтхауэр, С.Барт, Д.Векслер,
Ф.Вернон, Р.кеттел, Ч.Спирмен, Л.Термен, Л.Тертоун, В.Н.Дружинин [14],
В.Д.Шадриков [19], М.А.Холодная, М.Жумабаев [12], С.Балаубаев, т.б.
- шығармашылық дарындылық бойынша: Дж.Гилфорд, П.Торренс [43],
А.М.Матюшкин [13], В.В.Панов [25], Ш.Альжанов, Д.В.Ярцев, Д.Г.Ганелин,
А.Куатова [14] т.б.
- жан-жақты дарындылық бойынша: К.Тейлор, Б.М.Теплов, И.Л.Стычинский
[14] т.б.

1.2. Дарынды балалармен жұмыстың психологиялық негіздері

Белсенді дамыта оқыту студенттер мен оқушыларда шығармашылық ойлауды
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық ойлау болашақта өмірдікң
өзгермелі жағдайына тез бейімделуге көмектеседі.сабақтарды белсенді
әдістермен өткізу о йлау әрекетінің дәстүрлі түрінен латеральды ойлау
түріне өтуді көмектеседі. Латеральды ойлау шығармашылықпен байланысты.
Латеральды ойлаудың негізгі мақсаты – идеяларды генерациялау. Жаңа идеялар
– жаңалықтың қозғаушы күші болып табылады.
Миға шабуыл әдісімен өткізілген сабақтар оқушылардың ойлау типін
өзгертуге көмектеседі. Латеральды ойлау жаңа модельдердің тууына негіз
болады.
Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында мектеп өміріне бейімделу
кезінде пайда болатын бірқатар мәселелермен санасу керек. Белгілі американ
педагогы Л.Холлингуорт [42] ата-аналар мен педагогтарға дарынды балалардың
төмендегідей проблемаларын ұсынды. Кесте 1.

Кесте 1. Дарынды балалар проблемалары

№ Дарынды балалар проблемасы Сипаттамасы
1 Мектепке деген қызығушылықтың Мұндай қарым-қатынас оқу
жоқтығы бағдарламасының қызықсыз болуы.
Оқу жоспары балалардың қабілетіне
сәйкес келмейді.
2 Ойын мүдделері Дарынды балаларға күрделі ойындар
ұнайды.
3 Философиялық проблемаларға Дарынды баларды көп жағдайда өлім,
үңілу о дүние, діни наным мәселелері
толғандырады.
4 Баланың дене, ақыл-ой және Дарынды балалар көп жағдайда
әлеуметтік дамуының сәйкес өздерінен үлкен балалармен
келмеуі. қарым-қатынас жасауға және
солармен ойнауға тырысады.
Сондықтан олар лидер болуға
қиналады.

Белгілі ғалым Дж. Уитмор дарынды балалардың осал тұстарын зерттей келе,
келесі факторларды келтірді( Кесте 2).

Кесте 2. Дж. Уитмор бойынша дарынды балаларға сипаттамасы
№ Дарынды балалардың осал Сипаттамасы
тұстарына әсер ететін
факторлар
1 Шынайылылыққа жету Дарынды балалар үшін шынйылылыққа
жетудің ішкі қажеттілігі тән
құбылыс. Олар жоғары дәрежеге
жетпегенше тынышталмайды.
2 Қанағаттанарлықсық сезімнің Мұндай сезім көп жағдайда дарынды
болуы балалар үшін тән. Олар жан-жақты
қабілетті болуға тырысады. Олар
өздерінің жетістіктеріне сын
көзбен қарайды. Осыдан барып
олардың өз-өзіне бағасы төмен
болады.
3 Шынайы емес мақсаттар Өздерінің жоғары мақсаттарына
жетудің мүмкіндіктерін көрмесе,
дарынды балалар өздерінің
сәтсіздіктерін қатты уайымдайды.
4 Жоғары сезімталдық Дарынды балалар тек өздеріне ғана
емес сонымен қоса қоршаған
ортасына сын көзімен қарайды.
5 Үлкендердің назарын аударуға Дарынды балалар қоршаған заттарды
қажеттілік тануда өздерінің ата-аналарын,
мұғалімдердің назарын жиі өздеріне
ауадарады.
6 Шыдамсыздық Дарынды балалар өздерінен ақыл-ой
дамуы жағынан төмен тұратын
балаларға шыдамсыздық танытады.

Дарындық диагностикасы

Таным әрекетіндегі дарынды балалардың қасиеттері:
- бірден бірнеше іс-әрекетпен шұғылданады;
- әрнәрсені білуге құштар;
- есте сақтау қабілеті жоғары;
- сөздік қоры мол;
- себеп-салдар байланыстарды байқап, өзінің қорытындыларын шығарады;
- тез ойлайды;
- қиын тапсырмаларды өзі шешуді ұнатады;
- математикалық қабілеті жоғары;
Дарынды балалардың психологиялық-әлеуметтік аспектілері
- әділдік сезімі қатты дамыған;
- өзінің жеке құныдылық жүйесі бар;
- ақиқат пен фантазияны жақсы ажыратады;
- әзілді жақсы түсінеді;
- қорқыныштыны ұлғайтып айтуға бейім;
- көп нәрсені тез түсінеді
Дарындылықтың дене сипаттамасы
- жоғары энергетикалық деңгей;
- қысқа мерзімді ұйқы;
- бойы не там аласа немесе тым биік;
- көру дефетілері болуы мүмкін (8 жасқа дейін);
- практикалық дағдының жоқтығынан көп зиян шегеді

1.3 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының
болашақ мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы
мұғалімге байланысты. Өкінішке орай, дарынды баланы анықтау, оның қабілетін
дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып
жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғары оқу орындары
осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау
мәселелерін нақты әрі мақсатты қарастырмаған. Мектепке мұғалімдер мен
психологтардың дарынды оқушылармен жұмыс істеу тәжірибелері жеткіліксіз.
Дарынды оқушыны анқтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік
оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбірмұғалім өзінің жинақтаған және семинарларда
алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Ал бұл дарындылық
мәселесін шешуге қиындықтар туғызады. Сондықтан арнайы дайындықтан өтпеген
мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде мынадай келеңсіз
жағдайларға душар болады:
- көптеген жағдайда олар дарынды оқушыларға немқұрайлы қарайды және
олардың ішкі жан дүниесіне үңіле алмайды;
- тіпті дарынды оқушыларды жақтырмайтын да жағдайлар кездеседі,
себебі олар оның беделіне қауіп төндіреді;
- дарынды оқушының ерекшелігін, қажеттіліктерін және онымен жұмыс
жасаудың кешенді диагнотикалық әдістемелерін білмегендіктен
дарынды оқушыны анықтауға төмен нәтижелер көрсетеді;
- олар дарынды оқушымен жекелей, арнайы жұмыстар жүргізбейді, ал
жұмыс жасаған күннің өзінде оған тапсырма берген кезде оның
қиындығынан, яғни сапасынан гөрі көптігіне көңіл бөлу арқылы
қателіктер жіберіледі;
- дарынды оқушылар мұндай мұғалімдер үшін тек қана оқу жағынан ғана
емес, сонымен қатар тәрбие саласында да қиындықтар туғызады;
- олар оқушы дарындылығын дамытудағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының
қажеттілігін сезінбейді.
Ал біліктілігі жоғары немесе арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер өзінің
мынадай қасеттерімен ерекшелінеді:
- дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және
сол бағытта талмай жұмыс жасай алады;
- олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай
алады және олардың өздігімен жұмыс істеуіне, шығармашылық
ізденістеріне қажетті кеңестер бере алады;
- жұмысқа қажетті материалдар мен тиімді әдістерді таба біледі және
жұмыстың мақсатын нақты қоя алады;
- оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми-зерттеу
жұмысымен айналысуына көмек жасай алады;
- педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және
оларды бір-бірімен байланыстыра алады;
- дарындылықты анықтауда оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын
тиімді қолдана алады.
- Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-
психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады:
1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
- дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
- оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушымен жақсы қарым-
қатынаста болуы;
- дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығушылық танытуы және
нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;
- дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
- дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы.
2. Мұғалім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс ерекшелігі
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін оқу-әдістемелік жұмыстарын басқару
Бастауыш сыныптарда жеке пәндерді оқыту барысында дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу және мұғалімнің рөлі
Дарынды балалармен жұмыстың стратегиясы
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар
Пәндер