Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

диплом жұмысы

тақырыбы: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ (ФАРМАЦИЯ) САЛАСЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ

«050507 - Менеджмент» мамандығы

Алшынбаева Ж. Д

Алматы, 2012

С. Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті

«Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент пен маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«Денсаулық сақтау және фармациядағы

менеджмент пен маркетинг құқық негіздерімен»

кафедрасының меңгерушісі

Жаксығұлова Г. К.

«» 2012ж.

диплом жұмысы

тақырыбы: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ (ФАРМАЦИЯ) САЛАСЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ

«050507 - Менеджмент» мамандығы

Орындаған: Алшынбаева Ж. Д

Ғылыми жетекші: Жунусова Г. С.

Алматы, 2012

«Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент» факультеті

мамандық: 050507 Менеджмент

Студент

диплом жұмысын орындауға

ТАПСЫРМАСЫ

Жұмыс тақырыбы

« __ »20__ ж. № жоғары оқу орны бойынша бұйрығы

Жұмысты тапсыру мерзімі «»20ж.

Жұмысқа берілген мәліметтер:

Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік базасы

Қазақстан ұлтық экономикасының статистикалық мәліметтері.

Негізгі ғылыми, оқулықтық және арнаулы әдебиет.

Зерттеу нысанының (кәсіпорын) негізгі экономикалық және қаржылық көрсеткіштері .

Диплом жұмысын дайындаудың

ГРАФИГІ

Бөлімдер

Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер
Бөлімге жіберілетін сағатар көлемі
Тапсыратын мерзімі
Бөлімдер№: 1.
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер: Теориялық бөлім:
Бөлімге жіберілетін сағатар көлемі:
Тапсыратын мерзімі: «01» ақпаннан «20» ақпанға дейін
Бөлімдер№: - ғылыми және оқулықтық әдебиетті іздену, зерделеу және жүйелендіру;
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер:
Бөлімдер№: - бөлімдер бойынша теоряалық құрамды қалыптастыру;
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер:
Бөлімдер№: - бөлімшелерді жазу;
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер:
Бөлімдер№: - теориялық қотыныдалар мен тұжырымдамаларды қалыптастыру.
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер:
Бөлімдер№: 2.
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер: Негізгі бөлім:
Бөлімге жіберілетін сағатар көлемі:
Тапсыратын мерзімі: «21» ақпаннан «15» наурызға дейін
Бөлімдер№: - керек көрсеткіштерді қарастыру;
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер:
Бөлімдер№: - көрсеткіштерді қалыптастыру;
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер:
Бөлімдер№: - көрсеткіштерді жүйелеу;
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер:
Бөлімдер№: - көрсеткіштерді талдаудан өткізу.
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер:
Бөлімдер№: 3.
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер: Өткізілген талдаудың негізінде жасау:
Бөлімге жіберілетін сағатар көлемі:
Тапсыратын мерзімі: «20» наурыздан «05» сәуірге дейін
Бөлімдер№: - басқару жүйесін жетілдіру үшін бағыттары, жолдары, ұсыныстары;
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер:
Бөлімдер№: - тұжырымдама;
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер:
Бөлімдер№: - пайдалнған әдебиет тізімін қалыптастыру;
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер:
Бөлімдер№: - қосымшалар жүйесі;
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер:
Бөлімдер№: - диплом жұмысын алдын ала қорғау.
Бөлім атаулары, қаралатын бағыттарды ашатын тізімдер:

Тапсырманы берген уақыт 01 ақпан 2012ж

Кафедра меңгерушісі э. ғ. к., доцент Жаксыгулова Г. К.

Жұмыстың ғылыми жетекшісі

Тапсырманы қабылдап алған студент

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ… . . . 4

1 ФАРМАЦИЯ САЛАСЫНДА Бәсекелестік қабілетіН

теориялық негіздері . . . 8

  1. Фармацевтiк өнеркәсiбiнде бәсекелестік қабілетінің негізгі түсінігі,

ерекшеліктері . . . 8

1. 2 Фармация кәсіпорындарында бәсекелестік қабілетін бағалау

көрсеткіштері және анықтау әдістемелері . . . 17

  1. ФАРМАЦИЯ кәсІпорНЫ өнімнің бәсекелестік

қабІлетін басқаруды талдау. ………. . 24

2. 1 Отандық фармациялық компаниялардың бәсекелестік жағдайын

бағалау . . . 24

2. 2 ЖК «АЛУА-Медфарм» дәріхананың технико-экономикалық

қызметіне сипаттамасы . . . 30

2. 3 ЖК «АЛУА-Медфарм» дәріхананың негізгі бәсекеге қабілеттілігін талдау . . . 34

3 фармацевтика саласында дәрі-дәрмектердің

басекелестік қабілеттілігін көтеру іс шаралар . . . 46

3. 1 Фармацевтика саласында өнімнің басекелестік қабілетін котеру

жолдары . . . 46

3. 2 Қазақстан тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың

инновациялық факторлары . . . 54

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.

Еліміздің фармацевтика саласының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру жолымен фармацевтік өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды.

Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал - тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.

Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі - бұл өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес шетелдік тауарлар мен қызметтерге ішкі де, сондай-ақ сыртқы нарықта ойдағыдай төтеп беретін сатылатын тауарлар мен қызметтердегі экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, басқарушылық, маркетингтік және өзге де мүмкіндіктердің шоғырлануымен анықталады, екінші жағынан, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі - бұл елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесінің, қоғамның қоғамдық өмірінің барлық қырларын саяси-құқықтық ұйымдастыру мен реттеудің артықшылығы, мемлекеттің ұлттық экономиканың тұрақты, серпінді дамуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ қоғам мүшелерінің осымен байланысты әлемдік стандарттарға сәйкес материалдық әл-ауқаты.

Бәсекеге қабілеттілік проблемасы әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатады: елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің әлемдік нарықтағы жағдайын талдап қорытатын әрі сипаттайтын көрсеткіш. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың жаңа деңгейіне жетуі біршама күрделі процесс. Осы процесті бәсекеге қабілеттілікті бағалауды үйренбей, оны өлшейтін көрсеткіштерді білмей басқаруға болмайды.

Бүгінгі күні басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелестік жағынан артықшылықтары жоқ емес. Осы артықшылыққа экономикалық жағынан тартымды әрі ішкі тұтыну үшін арзан энергия мен басқа да пайдалы кен қазбаларының запасы жатады. Сонымен бірге еліміздің экологиялық және геоэкономикалық, оның ішінде аумақтың транзиттік әлеуеті де бар.

Фармация саласын бәсекеге қабілеттілігін елдің бәсекеге қабілеттілігінен ажырата білген орынды. Фармацевтика өнеркәсібін бәсекеге қабілеттілік проблемасы елдің инвестициялық тартымдылығымен байланысты, ал елдің бәсекеге қабілеттілігі елдегі өмір сүрудің сапасымен байланысты.

Бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік артықшылықтың болуын тіркейтін нәтиже болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікке фармацевттік кәсіпорынның қызметіне ықпал ететін нарықтағы стратегиялық және тактикалық өзгерістер (сұраныстың өзгеруі, демографиялық өзгерістер, табиғи құбылыстар және т. б. ) ықпал етеді.

Қазақстан экономикасының фармацевтика саласының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-2030” атты даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті 2012 жылға арналған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Жолдауда «жергілікті шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын қаперде ұстаған жөн» деп ерекше атап көрсетілді.

Бүгінгі таңда нарықтағы сауда күрделеніп отыр және ол жаңа шарттарға сай жаңа басқаруды талап етіп отыр, әсіресе бәсекеге қабілетті өнім өндіру бағытында күрделі жұмыстар атқарылуды қажет етіп отырған жағдай бар, яғни бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейтіні белгілі. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтереді.

Негізінен төлем қабілеті жоқ, өте тиімсіз фармация кәсіпорындар жүргізетін дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекет тарапынан қолдау сан алуан түрде көрініс алуы мүмкін, яғни оларға салықтық жеңілдіктер, қарыздың құрылымдануы, банктік несие алуға кепілдік, өнімді өткізу нарығын кеңейтуге жәрдемдесу, мемлекеттік тапсырыстарға ұсыну жатады.

Фармацевттік саласында жүргізудің нарықтық тетіктеріне сәйкес әр түрлі меншіктегі фармация кәсіпорындардың пайда болуы және жоғары сапалы өнім өндіру барысында бәсекеге қабілетті өнім түрлерін өндіру өте қажетті болып отыр.

Басқару саласы ғылымдарының өкілдері бәсекелестік жағдайды талдауда компанияларды стратегиялық басқару процесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Бәсекелестікті талдау (SCIP) мәселесімен кәсіби деңгейде айналысатын халықаралық талдаушылар қоғамы мүшелерінің, атап айтқанда Дж. Е. Прескоттың, А. Смиттің, Р. Фифердің және т. б. жұмыстарын ерекше атап өтуге болады. Осы ғалымдардың еңбектері негізінен компанияларда бәсекелестерді қадағалау жүйелерін енгізу және SWOT-талдау, бәсекелетік бейіндерді талдау, бенчмаркинг, сценарийлерді талдау, бәсекелестерді қадағалау жүйелерінің аудиті, имитациялық модельдеу және т. б. сияқты бәсекелестерді талдау мен бағалаудың техникалық тәсілдерін әзірлеудің күрделі мәселелеріне арналған.

Сондықтан дипломдық жұмыстың мақсаты фармация кәсіпорын-дардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмінің жұмысын зерттеу әрі қолданылатын теориялық тәсілдемелер мен кәсіпорындардың практикалық қызметін қорытып талдау және жүйелеудің негізінде кәсіпорынды жетілдірудің басты жолдарын іздестіру, фирмалардың бәсекелестік артықшылықтары мен олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру принциптерін анықтау болып табылады,

Осы мақсатқа сәйкес диплом жұмыста келесі зерттеу міндеттері қойылды:

  • нарықтың экономика жағдайында бәсекеге қабілеттіліктің мәні, маңызы мен көрсеткіштерін зерттеу;
  • фармацевтика өнеркәсібінде фармация кәсіпорынның бәсекеге қабілетті мүмкіндіктері мен тиімділігін талдау;

- өнеркәсіптің отандық фармацевттік кәсіпорындары жұмыс істейтін бәсекелік ортаның дамуының негізгі үрдістерін және экономикалық жағынан талдау;

- өңірлік нарықтарда бәсекелестік өршіген жағдайда жеке фармацевттік кәсікерліктерді бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарын айқындау;

-фармацевттік кәсікерліктерді кәсіпорындардың даму стратегиясын тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін өңірлік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлеу;

- жеке фармацевттік кәсікерліктерді бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесін бәсекелік ортаның өзгеруінің серпінді аспектілерін ескеріп даярлау;

- фармация кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін іс жүзінде іске асырудың бәсекелік ортаның ерекшеліктері ескерілген әдістемесін әзірлеу;

-зерттелетін фармацевтика саланың кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұсынылған ұйымдастыру-экономикалық механизмін қолдану жөнінде практикалық ұсыныстар дайындау.

Зерттеушілер тауардың және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік проблемасына ерекше назар аударады, соған қарамастан дипломдык жұмыстың тақырыбын таңдауға түрткі болған кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілік проблемасы әлі де болса жеткіліксіз зерттелген.

Зерттеу пәні фармацевтика өнеркәсіптік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару процестері болып табылады.

Дипломдық жұмыстың объектісі - Алматы облысы Райымбек ауданда орналасқан ЖК «АЛУА-Медфарм» дәріхана болып табылады.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі . Осы зерттеудің әдістемелік және теориялық базасы экономикалық теория классиктерінің еңбектеріне, қазіргі заманғы зерттеушілердің бәсекелестік мәселесі, стратегиялық жоспарлау мен бәсекеге қабілеттілікті басқару, фармацевттік фирмалардың қызметін талдау мен бағалау, рейтингтік бағалау проблемалары жөніндегі монографиялары мен мақалаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылға арналған Жолдауына негізделген.

Дипломдық жұмыста жүйелік, статистикалық, логикалық, салыстырмалы, диалектикалық және т. б. таным әдістері пайдаланылған.

Дипломдық жұмыстың зерттеудің ақпараттық базасы ретінде ҚР Статистика агенттігінің анықтама материалдары, маркетингтік зерттеулердің нәтижелері, автор зерттеу барысында жинақтап зерттелген фармацевтика кәсіпорындардың есеп-қисаптары мен жарияланымдарындағы деректер пайдаланылды. Еліміздегі ұзақ мерзімді стратегияға ерекше көңіл бөлінді.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы : фармацевтика өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейтін бәсекелестік жағдайын талдау негізінде дәрі -дәрмектер к өнім нарығындағы бәсекелік ортаның ерекшеліктері анықталды, осының негізінде ұлттық және шетелдік өндірушілер тарапынан бәсекелестік өршіген жағдайда ірі және орта фармацевтика кәсіпорындардың дамуының стратегиялық бағыттары ретінде «сатылас интеграцияны» пайдалану қолайлы екені дәлелденді.

1 ФАРМАЦИЯ САЛАСЫНДА Бәсекелестік қабілетіН теориялық негіздері

1. 1 Фармацевтiк өнеркәсiбiнде бәсекелестік қабілетінің негізгі түсінігі,

ерекшеліктері

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойды. Бәсекелік отанның дамуы шығарған өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару Фармация кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдейді. Өнімнің бәсекелік қабілетінің мазмұны "бәсеке" терминімен тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасы "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Заңында: "бәсеке - рынок субъектінің өз бетімен жасаған іс-әрекеттері, тиісті тауар рыногындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) айналасының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бір жақты ықпал ету мүмкіндігін, тиімді шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіруді ынталандыратын жарыстастығы" - деп көрсетілген.

Бәсекелестік бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтау-шылар, фармация кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес. Ол тауарлардың сапасы мен арзандығына байланысты. 19 ғасырдың ортасында нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен болды. Ол тұтынушылардың талабы мен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға еңбек өнімдерін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды.

Бәсекелестіктің негізгі 2 түрі бар[10: 4б] :

1. сала ішіндегі бәсекелестік - бұл саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғарғы еңбек өнімділігі бар, ғылыми техниканы қолданып Фармация кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған Фармация кәсіпорынның табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.

2. салааралық бәсекелестік - бұл халық шаруашылығы салалар арасындағы күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып халықтың әл-ауқаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.

2. Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері - бұл шексіз нарыққа қатынасу-шылардың әрқайсысы кәсіпкерліктің қай түрінен болмасын айналасуы

және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар:

1. өзі араласып кәсіп жасайды;

2. жұмысшылар жалдайды;

3. акция облигация сатып алады;

4. акциясын банкке салады, кейбірулер өндірісті қаржыландырады т. б.

Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күн көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайын ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса 2-ші салада тауар жетіспейді. Бұл фирманың табысы өссе 2- шісі күйрейді. Сонда өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады. Ол монополия құруына әкелді, яғни нарықты басып алады. Жетілмеген бәсекелестік нарығы бұл таза монополия. Монополиялық бәсеке - бұл олигополия. Таза монополия өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның 4 ерекшелігі бар:

1. Cатушы тек қана бір фирма.

2. Cатылатын тауарлардың орнын басатын тауар жоқ.

3. Монополист нарықты билейді және бағаны бақылайды.

4. Нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды.

Нарықтық экономиканы дамытудағы бәсекенің мәнін XVIII ғасырда ағылшынның кемеңгер экономисі Адам Смит әйгілі "көрінбейтін қол" қағидасында ашып көрсеткен. Адам Смит бойынша бәсеке механизм іспеттес, сол арқылы жеке көзқарастар мен экономикалық тиімділік қалыптасады, салалар арасында игіліктердің тиімді бөлінуі жүзеге асады, пайда мөлшері теңеледі .

Қазіргі ғалым экономистер өз еңбектерінде бәсекеге қатысты көзқарастарын жаңа ойлармен сипаттап, бәсеке теориясының дамуына өз үлестерін қосуда. Ресейлік ғалым А. Ю. Юдановтың пікірінше "нарықтық бәсеке - нарық сегментінің тиісті бөлігінде, тұтынушының шектеулі көлемдегі төлем қабілеті бар сұранысы үшін фирмалар арасындағы тартыс" [10: 4б] .

Бәсеке - белгілі бір мақсатқа жету үшін заңды немесе жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасында болатын тартысты бейнелейді дейді Г. Л. Азоев пен А. П. Челенкоев [10: 5б] .

Бәсеке - бұл субъектінің объективті немесе субъективті қажеттіліктерін заңдылық шеңберінде, не қалыпты жағдайда қанағаттандыру үшін бәсекелестерімен тартыс барысында жеңіске немесе басқа да мақсаттарға жетуде өзінің бәсекелестік артықшылықтарымен басқару үрдісі. Бәсеке қандай да бір қызмет аясында жақсы нәтижелерге жету үшін болатын экономикалық жарыс, тауар өндірушілердің тиімді шаруашылық жағдайы үшін, мол пайда алуға бағытталған күрес деп айтса да болады.

"Нарықтық экономиканың анықтамалығында" бәсеке дегеніміз - жеке өнім өндірушілер, жұмыс істеушілер, қызмет көрсетушілер арасында өз мүддесі жолындағы бәсекені айтады. Нарықтық экономикада бәсекелестік негізгі реттеуші қызмет атқарады. Оның күш-қуаты стихиялы сипатқа ие, егер ол басқа мехенизмдермен түзетіліп отырмаса экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да қажетсіз зардаптарға ұрындыруы мүмкін.

Қазақстандық бір топ ғалымдар бәсекелестік қабілетке төмендегідей анықтама береді: "бәсекелестік қабілет - өнімдердің нақты қоғамдық қажеттіліктерге сәйкестік деңгеймен, сондай-ақ оны қанағаттандыруға кеткен шығындармен бейнелейді". Сол сияқты, тамақ өнеркәсібінің бәсекелестік қабілетін жүйелі түрде зерттеген ғалым-экономист С. Б. Ахметжанова "бәсекеге қабілетті өнім, бәсекелестердің нарыққа ұсынған ұқсас тауарларымен салыстырғанда, сапасы мен бағасы жағынан ерекшеленеді" деген пікір білдіреді [8: 4б] .

Өнімнің бәсекелік қабілетін оның бағасы арқылы сипаттау әрекеттері де қолданылуда. Бұл бағаны қалыптастырудың квалиметриялық әдістемесін жақтайтындардың анықтамаларында көрсетеді. Олардың пікірінше, тауардың бағасы - оның тұтынушылық және құндық қасиеттерін бейнелейтін әмбебеп сипатқа ие. Бағасына байланысты тауарлардың айырмашылықтары қалыптасады, осы себепті тауарлар бір-бірімен бәсекеге түседі. Алайда, бұл көзқарасты баға бәсекесі теріске шығарады, өйткені, біркелкі тұтынушылық сипатқа ие тауарлар әртүрлі бағамен сатылуы мүмкін.

Өнімнің бәсекелік қабілетін екі топ факторлармен анықтайтын салыстырмалы сипатпен қарастыру жағдайлары да кездеседі, яғни, өнімнің сапасы мен қарастырылатын өткізу нарығының талаптары арқылы. Шындығында, өнім бәсекеге қабілетті болу үшін өткізілетін нарықтың тиісті талаптарына сай жоғарғы сапалы болуы тиіс. Алайда, бұл жағдайдың өзі өнімнің бәсекеге қабілетті екендігін көрсетеді. Бәсекелестік қабілет өнімді өткізу барысында басқа тауарлар мен салыстыру арқылы анықталады.

Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі және оған кеткен шығындылық арқылы анықталатын өнімнің салыстырмалы сипаттағы бәсекелік қабілеті тұтынушылардың бір өнімнен екіншісін жоғары бағалау арқылы анықтайтынын ескермейді. Осыған байланысты, өнімнің бәсекелік қабілеті - оның ұқсас басқа өніммен айырмашылығында ғана емес, салыстырмалы ерекшелігінің де болуында.

Негізінен, өнімнің бәсекелік қабілеті оның нақты қажеттілік үшін құндылығымен анықталады. Әр бір тұтынушы қандай да бір өнімді сатып аларда оның қажеттілігін өтеудегі тиімділігінескереді. Егер, өнім тұтынушылардың қажеттілігіне сай болып тұрса, онда оның бәсекелестік қабілетін бағалау құнына қарай ауысады. Яғни, тұтынушы, бір жағынан, өнімнің пайдалану тиімділігін ескерсе, екінші жағынан, оған кеткен шығынды ойлайды.

Бұл жерден шығатыны, өнімнің бәсекелік қабілеті - бұл өнімнің бәсекелес өндірушілерінің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты. Бұл анықтама өнімнің бәсекелік қабілетінің маңызын мейлінше толық түрде бейнелейді деген ойдамыз.

Жалпы алғанда, өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге ие [14: 23 б] :

1) бәсекелік қабілет - салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады;

2) ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді;

3) әр бір тұтынушылардың жеке талғамы әр бір өнімнің бәсекелік қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті құбылмалы сипатқа ие;

4) бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйелеріне және т. с. с. байланысты.

5) бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру үшін маңызды.

Осы жағдайларға байланысты, бәсекелік қабілетті жүйелі түрде, уақытқа және қоғамдық талаптарға сай, тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де зерттеу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрі-дәрмек дайындайтын мекеме
Отандық фармацевтік салалардың бәсекеге қабілеттілігі
Бесінші жолы, отандық фармацевтикалық заттардың өзіндік құнын төмендету арқылы оның нарықтағы өнімділігін арттыру
Денсаулық сақтау (фармация) мекемелерінде маркетинг қызметінің тиімділігін көтеру
ҚР-дағы денсаулық сақтау сферасында маркетингтің дамуы
Ветеринариялық дәріхананың құрылымы
Медициналық білім берудің қазіргі жағдайы және даму болашағы
Халық денсаулығының негізі
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz