Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы мен өмірді сақтандыру



Кіріспе 5
2 Бөлім Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы мен өмірді сақтандырудың даму жағдайын талдау 22
2.1 Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының қазіргі жағдайы 22
2.2 Жеке басты сақтандырудың жекелеген түрлеріне сипаттама 31
2.3 Жеке басты сақтандырудың қаржылық жағдайын талдау
("БТА" сақтандыру компаниясының мысалында) 39
3 Бөлім Қазақстан Республикасындағы жеке басты сақтандыруды жетілдіру жолдары 51
Қорытынды 56
Қолданылған әдебиеттер тізімі 58
Сақтандыру - сақтандыру ұйымының өз активтері есебінен жүзеге асыратын, сақтандыру төлемін төлеу арқылы сақтандыру шартымен анықталған сақтандыру жағдайы немесе басқа да жағдай туындағанда жеке және заңды тұлғалардың заңды қызығушылықтарын мүліктік қорғау бойынша қатынастардың кешенін білдіреді.
Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру обьектілері материалдық емес игіліктер - өмір, денсаулық, еңбекке қабілеттік және азаматтардың жеке тұлғасымен байланысты басқа да қызығушылықтары.
Әлемде тек екі нәрсе бар - өлім және салықтар. Салықтар осы және басқа түрінде әрқашан да болды, сәйкесінше өмірді сақтандыру да алғашқылардың бірі болып қалыптасып, үнемі дамып, өзінің қазіргі нысанын қабылдап отыр.
Сақтандырудың негізінде сақтандыру шарты жатыр. Сақтандыру шарты -бұл сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы келісім, оның негізінде сақтандырушы сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтанушыға (немесе пайда иеленушіге) осы оқиғаның нәтижесінде пайда болған зиянның орнын толтыруға немесе сақтандыру сомасын төлеуге міндеттенеді, ал сақтанушы, өз кезегінде, белгіленген мерзімде сақтандыру төлемдерін төлеуге міндетті болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, егер мемлекет сақтандырушы компаниялармен бірлесіп жұмыс жасаса, тиімді құрылған сақтандыру ісі экономиканың дамуына және әлеуметтік проблемаларды шешуге әсерін тигізеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты сақтандыру, соның ішінде жеке сақтандыру түсінігін зерттеу, жеке сақтандырудың дамуының шетелдік тәжірибесін және Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қазіргі заманғы жағдайын зерттеу болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- «сақтандыру», «сақтандыру қатынастары» және «жеке сақтандыру» түсініктерінің теориялық ерекшеліктерін негіздеу;
- жеке сақтандырудың қалыптасуы және даму кезеңдерін анықтау;
- жеке сақтандыруды сипаттайтын ерекшеліктерін ашу;
- жеке сақтандырудың шетелдік тәжірибесін оқу және талдау;
- республикадағы өмірді сақтандырудың қолданылып жүрген механизмін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын кешенді талдау;
- Республикадағы жеке сақтандырудың даму жолдарын анықтау.
Зерттеудің объектісі - Қазақстан Республикасының жеке сақтандыру нарығы болып табылады.
Зерттеудің пәні - өмірді сақтандырудағы сақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша ұйымдық-экономикалык қатынастар болып табылады.
1. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. Алматы, 2001 ж.
2. Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" 18.12.2000 ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Алматы.//Жеті жарғы, 2000 ж.
4. «Страховое дело». Б.Ю. Сербиновский, В.Н. Гарькуша, Ростов-на-Дону, 2000 ж.
5. Сухоруков А.Б. «Современное состояние и развитие страхового дела в России». Журнал «Финансы». №3, 2004 ж.
6. Маянлаева Г.И. Организация страхового дела в Республике Казахстан. Алматы: 2000 ж.
7. Основы страхования.Учебное пособие /С.К.Казанцев. Екатеринбург: изд. ИПК УГТУ.-1998 ж-Збет.
8. Лукинов «Функционирование единого страхового рынка ЕС». Журнал «Страховое ревю», №6, 2004 ж.
9. Зернов «Государственное регулирование страхового рынка в США». Журнал «Страховое дело», №5, 2002 ж.
10. Ю.С.Фишер, Р. Дорнбуш, Р.Шмалензи. Экономика. Пер.с анг. -М: "Дело", 1997 ж.
11. И.Сплетухов А.Б. «Механизм регулирование страхового рынка». Журнал «Страховое ревю». №2, 2002 ж.
12. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігінің мәліметі//Журнал "РЦБ" №1, 2007 ж.
13. Зубец А.Н. Страховой маркетинг. Москва, 1998 ж.
14. 3убец А.Н., Зернов А.А. «Управление деятельностью страховой компании» Москва, 1999 ж.
15. Жуйриков К.К. и др. Страхование: теория, практика и зарубежный опыт. - Алматы: 2000 ж.
16. Гостенко Л.Н. Страхование: учебное пособие. -Алматы: 2003 ж.
17. «Страхование от А до Я». Под ред., Корчевской Л.И., и Трубиной К.Е. Москва: 1996 ж.
18. Страховое дело: учебник // Под. ред. проф. Рейтмана Л.И. - М.:
1992 ж.
19. "БТА" сақтандыру компаниясының жылдық есебі 2008 ж.
20. 2004-2006 жылдарға арналған Қазакстан Республикасының сақтандыру рыногын дамыту Бағдарламасы. №729, 01.07.2004 ж.
21. Силласте Г. Единый страховой рынок СНГ: реальности и перспективы, социологический анализ. // Страховое ревю. №12, 2003 ж.
22. www.afn.kz
23. www.google.kz
24. Уманов Б.Г. Страховой рынок Республики Казахстан: проблемы и перспективы // Специальный выпуск журнала «Рынок ценных бумаг Казахстана».- 2004. –С.54-55.
25. Global Non-Life Insurance in a Time of Capacity Shortage // Swiss Re. Sigma.- 2002.- №4. –С.24.
26. Will Insurers Chash? // Time. 21.10.2002. –С.3.
27. Выступление Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. на III Конгрессе финансистов // III Конгресс финансистов Казахстана (специальный выпуск).- 2003. апрель. –С.8.
28. ҚРҰБ статистикалық бюллетені, 2008.- № 9. –С.18.
29. Постановление Правительства Республики Казахстан «О Программе развития страхового рынка Республики Казахстан на 2004-2006 годы» от 1 июля 2004 года № 729.
30. Нурмуханбетов Е. Пути и возможности использования в Казахстане опыта зарубежных стран в области пенсионного страхования // Рынок ценных бумаг Казахстана.- 2003.- №2. –С.26-33.
31. Кричевский Н.А., Волжанин Д.А. Проблемы и перспективы развития страховой инвестиционной деятельности // Финансы.- 2004.- №11. –С.50-53.
32. www.afn.kz. Сақтандыру компанияларының қаржы-экономикалық көрсеткіштері.
33.
34. Узбаканова Л. Финансовые аспекты деятельности страховых организаций // Транзитная экономика.- 2003.- №5. –С.96-99.
35. Global Financial Stability Report. International Monetary Fund. September 2003. –С.4.
36. Жуйриков К.К., Раимов С.Р. Корпоративные финансы, Учебник. – Алматы: Алматинская академия экономики и статистики, 2004. – С.120-125.
37. Постановление Правительства Республики Казахстан «О Программе развития страхового рынка Республики Казахстан на 2007-2009 годы» от 1 июля 2004 года № 729.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
2 Бөлім Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы мен өмірді
сақтандырудың даму жағдайын талдау 22
2.1 Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының қазіргі жағдайы 22
2.2 Жеке басты сақтандырудың жекелеген түрлеріне сипаттама 31
2.3 Жеке басты сақтандырудың қаржылық жағдайын талдау Ошибка!
Закладка не определена.
("БТА" сақтандыру компаниясының мысалында) 39
3 Бөлім Қазақстан Республикасындағы жеке басты сақтандыруды жетілдіру
жолдары 51
Қорытынды 56
Қолданылған әдебиеттер тізімі 58

Кіріспе

Сақтандыру - сақтандыру ұйымының өз активтері есебінен жүзеге асыратын,
сақтандыру төлемін төлеу арқылы сақтандыру шартымен анықталған сақтандыру
жағдайы немесе басқа да жағдай туындағанда жеке және заңды тұлғалардың
заңды қызығушылықтарын мүліктік қорғау бойынша қатынастардың кешенін
білдіреді.
Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру обьектілері материалдық емес игіліктер
- өмір, денсаулық, еңбекке қабілеттік және азаматтардың жеке тұлғасымен
байланысты басқа да қызығушылықтары.
Әлемде тек екі нәрсе бар - өлім және салықтар. Салықтар осы және басқа
түрінде әрқашан да болды, сәйкесінше өмірді сақтандыру да алғашқылардың
бірі болып қалыптасып, үнемі дамып, өзінің қазіргі нысанын қабылдап отыр.
Сақтандырудың негізінде сақтандыру шарты жатыр. Сақтандыру шарты -бұл
сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы келісім, оның негізінде сақтандырушы
сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтанушыға (немесе пайда иеленушіге)
осы оқиғаның нәтижесінде пайда болған зиянның орнын толтыруға немесе
сақтандыру сомасын төлеуге міндеттенеді, ал сақтанушы, өз кезегінде,
белгіленген мерзімде сақтандыру төлемдерін төлеуге міндетті болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, егер мемлекет сақтандырушы компаниялармен
бірлесіп жұмыс жасаса, тиімді құрылған сақтандыру ісі экономиканың дамуына
және әлеуметтік проблемаларды шешуге әсерін тигізеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты сақтандыру, соның ішінде жеке сақтандыру
түсінігін зерттеу, жеке сақтандырудың дамуының шетелдік тәжірибесін және
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қазіргі заманғы жағдайын
зерттеу болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- сақтандыру, сақтандыру қатынастары және жеке сақтандыру
түсініктерінің теориялық ерекшеліктерін негіздеу;
- жеке сақтандырудың қалыптасуы және даму кезеңдерін анықтау;
- жеке сақтандыруды сипаттайтын ерекшеліктерін ашу;
- жеке сақтандырудың шетелдік тәжірибесін оқу және талдау;
- республикадағы өмірді сақтандырудың қолданылып жүрген механизмін
зерттеу;
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын кешенді талдау;
- Республикадағы жеке сақтандырудың даму жолдарын анықтау.
Зерттеудің объектісі - Қазақстан Республикасының жеке сақтандыру
нарығы болып табылады.
Зерттеудің пәні - өмірді сақтандырудағы сақтандыру қорын қалыптастыру
және пайдалану бойынша ұйымдық-экономикалык қатынастар болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық-әдістемелік негізі - сақтандыру мәселелері
бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, ҚР заңнамалық-
нормативтік актілері, статистикалық ақпараттар және қаржы рыногы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің есептік мәліметтері болып
табылады.
Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығына деген қызығушылық жоғары.
Бірақ жеке сақтандыру жинақталатын сыйақылар көлемі бойынша сақтандырудың
басқа да салаларының ішінде бірінші орынды иеленбейді. Жеке сақтандырудың
дамуына қажет барлық алғышарттар қалыптасуда.Қазақстан Республикасында
сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асуда, заң шығарушы
база жетілдірілуде. Одан басқа, жеке сақтандырудың дамуына сақтандыру
компаниялары белсенді түрде қатысуда. Оны АҚ "БТА" сақтандыру
компаниясының ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасынан көруге болады.
Бірақ, жеке сақтандырудың жемісті дамуына қажет заң шығаруға, сонымен
қатар сақтандыру жүйесіне қатысты шараларды кабылдау керек.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қортындыдан тұрады. Бірінші
бөлімде, сақтандырудың, оның ішінде жеке сақтандырудың теориялық
аспектілері, жеке сақтандырудың экономикалық мәні және оның қалыптасуының
шетелдік тәжірибесі қарастырылады. Екінші бөлімде - АҚ "БТА" сақтандыру
компаниясының ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасының мысалындағы
жеке сақтандырудың тәжірибесі. Үшінші бөлімде, өмірді сақтандырудың
жетілдіру жолдары қарастырылады.

2 бөлім Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы мен өмірді
сақтандырудың даму жағдайын талдау

2.1 Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы

Ұлттық сақтандыру нарығының бастапқы қалыптасу кезеңі Қазақстанның дербес
ел ретінде қалыптасуының күрделі жағдайларында жүзеге асырылды. Сол
жылдардың ішінде сақтандыру ұйымдары сақтандыру бойынша өзінің кәсіпкерлік
қызметін жүзеге асыруда біршама тәжірибе жинақтады.
Заң шығару базасының жетілдірілуі, соңғы жылдардың ішінде ЖІӨ-нің, жан
басына шаққандағы табыстың өсумен, валюталық нарықтың қатысты
тұрақтылығымен байланысты Республиканың жалпы экономикалық дамуы сақтандыру
рыногының дамуына әсер етті. Бұны мына суретте көрсетілген мәліметпен
дәлелдеуге болады.

Сурет 2 – сақтандыру ұйымдарының санының өзгерісі*

Сурет 3 - сақтандыру ұйымдарының санының өзгерісі*

2009 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойыша Қазакстан Республикасының
сақтандыру нарығында 44 лицензияланған сақтандыру ұйымдары (оның ішінде: 8
- өмірді сақтандыру бойынша), 12 сақтандыру брокері, 56 актуарий өз
қызметтерін жүзеге асырды. [10]

4 Кесте – Сақтандыру секторының институционалды құрылымы

Көрсеткіш 2005 2006 2007 2008 2009
жыл. жыл. жыл.
Сақтандыру ұйымдарының саны, барлығы 36 37 40 41 44
Резидент есемтердің қатысуымен 6 4 6
Өмірді сақтандыру бойынша 2 3 5 7 8
Сақтандыру брокерлері 8 12 12 13 12
Актуарилер саны 27 30 33 44 56
Лицензиясы бар аудиторлык ұйымдар саны 34 36 36
Ескерту – Қаржы нарығы мен каржы ұйымдарын кадағалау агентігінің мәлімет

2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепті күнге 32 сақтандыру ұйымы
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры АҚ- ның қатысушылары болып
табылды.
Кесте мәліметтерінде көріп отырғанымыздай, сақтандыру ұйымдарының жылдан
жылға өсіп отыр. Бұл фактор сақтандыру ұйымдарының тұрақты және бәсекеге
қабілетті нарықта қызмет атқара алатынын дәлелдейді. Оны жұмыс істеп жатқан
сақтандыру ұйымдарының берген есептік мәліметтеріне негіздай отырып,
Қазақстан Республикасының каржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау Агенттігінің мәліметтері растап отыр.[11]

5 Кесте – Сақтандыру сыйақылары мен төлемдері (млн.тенге)

2005 2006 2007 жыл 2008ж. 2009

5 –кестеніің жалғасы
2.2. Ерікті түрде жеке сақтандыру (төлемдері)

Кестеде көріп отырғанымыздай 2005 - 2007 жылдар аралығында, сақтандыру
сыйақылары мен төлемдерінің көлемінің өсуі сақталуда. 2007 жылғы сақтандыру
сыйақыларының жалпы көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 79,2%-ға өсті және
120265,9 млн. теңгені құрады, 2006 жылы бұл көрсеткіш 67123,1 млн. тенге
немесе 2005 жылмен салыстырғанда 1,6 есе өсті. Ал, осы сақтандыру
сыйақыларының жүргізілетін формаларына мән берсек, онда 2007 жылы
жүргізілген сыйақының жалпы көлеміндегі үлесі, сәйкесінше міндетті
сақтандыруда - 14,9%, ерікті түрде жеке сақтандыруда - 10,7%, ерікті түрде
мүліктік сақтандыруда - 74,4% құрады. Ерікті түрде жеке сақтандыру - сыйақы
түсімдерінің 42,6%) (5489,3 млн.тн.) жазатайым жағдайдан (оқыс жағдайлар)
сақтандыру бойынша, 28,6% (3691,1 млн.тн) ауру жағдайынан сақтандыру
бойынша, 19,9% (2558,4 млн.тн.) - өмірді сақтандыру бойынша, 8,9% (1144,4
млн.тн.) - аннуитетті сақтандыру бойынша. Бұл, жағдай ерікті түрде
жүргізілетін жеке сақтандырудың әлі толық қанды дамымауын көрсетеді. Мұны
былай түсінуге болады, яғни халықтың сақтандыруға деген мүдделерінің
жоқтығы және олардың табыс көздерінің аздығымен сипатталады.
Сақтандыру төлемдерінің жиынтық көлемі 2007 жылы төленген жалпы
сақтандыру төлемдері 14092,2 млн.теңгеге тең болды. Ол 2006 жылмен
салыстырғанда 30,8% артқан. Оның ішінде, 2007 жылғы жалпы сақтандыру
төлемдерінің 2006 жылмен салыстырғандағы үлесі сәйкесінше ерікті мүліктік
сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі ұлғайды - 23,3% және
7105,7 млн.тенгеге жетті, ал жеке сақтандыру бойынша 20,0% өсті.
Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша төлемдер көлемі 49,5%-ке өсті,
ішінде автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру
бойынша 56,4% (2804,4 млн.тн.), 70,5% (1419,4 млн.тн.) төлемдер ауру
жағдайына байланысты, 48,2% (3424,5 млн.тн.) - басқа да қаржылық шығындарды
сақтандыру бойынша сақтандыру өтемдерін құрап отыр. Ерікті түрде жеке
сақтандыруда - 70,5% (1419,4 млн.тн.) төлемдер ауру жағдайына байланысты,
14,6% (293,8 млн.тн.) - жазатайым жағдайларды сақтандыру бойынша және 7,8%
(156,3 млн.тн.) - өмірді сақтандыру бойынша төленді. Ал енді сақтандыру
нарығының ағымдағы жағдайын қарастыратын болсақ,2008 жыл ішінде сақтандыру
ұйымдарының тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылдаған сақтандыру
сыйлықақыларының жиынтық көлемі өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде
жиналған көлемінен 9,4 %-ға азайып, 133,5 млрд. теңге блды. Міндетті
сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі өткен жылдың осындай
көрсеткішінен 52,5 %-ға өсіп, ерікті жеке сақтандыру бойынша ұлғаю 16,6 %-
ды, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша кему – 24,1%-ды құрады. Сонымен,
əлемдік дағдарыс жағдайларында кредит (ең алдымен автомобиль мен тұрғын
үйге) берудің міндетті талабы сақтандыру болып табылатын банктік
сақтандыруды қысқару үрдісі, сондай-ақ сақтандырудың ерікті түрлері бойынша
сыйлықақылар көлемінің төмендеуі (өмірді корпоративтік сақтандыру
корпорациялар бюджеттерінің қысқаруына ілінгені) байқалып отыр. 2008 жылы
жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі өткен жылдағы Осындай
кезеңімен салыстырғанда 13,6 % өсіп, 55,9 млрд. теңге болды. Бұл ретте,
қайта сақтандыру ұйымдарынан қайта сақтандыру бойынша өтеу есебінен
сақтандыру төлемдерінің үлесі 12,9 % (7,2 млрд. теңге) болып отыр. 2009
жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру сыныптары бойынша жасалған
сақтандыру төлемдерін қарастырған кезде мынаны айта кетуге болады:
міндетті сақтандыруда – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру бойынша 46,2 % (4,2 млрд.теңге), қызметкердің
еңбек(қызметтік) міндеттерін атқарған кезде олардың өмірі мен денсаулығына
келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру бойынша төлемдер31,9 % (2,9 млрд. теңге), өсімдік шаруашылығын
сақтандыру бойынша 19,8 % жəне басқалар бойынша - 2,1 % болды;
ерікті жеке сақтандыруда – сақтандыру төлемдерінің 74,4 % (6,1 млрд. теңге)
аурулардан сақтандыру бойынша, жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша –
12,2 %, аннуитеттік сақтандыру бойынша – 9,8 % (0,8 млрд. теңге) жəне
өмірді сақтандыру бойынша - 3,7 % (0,3 млрд. теңге) болды;
ерікті мүліктік сақтандыруда – 87,6 % (33,9 млрд. теңге) басқа да қаржылық
шығындардан сақтандыру бойынша, автомобиль көлігін сақтандыру бойынша – 5,9
% (2,3 млрд. теңге), мүлікті сақтандыру (автомобильді, əуе, теміржол, су
көлігін жəне жүкті сақтандыруды қоспағанда) бойынша – 2,6 %, басқалар
бойынша – 3,9 % болды.[12]

Сурет 4 – сақтандыру сыйақылары мен төлемдері*
6 Кесте – Сақтандыру салалары бойынша сақтандыру сыйақыларының түсімі

(млн.тн.)
Сақтандыру2005 жыл 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл
салалары
бойынша
сыйақылард
ың
түсімі

"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша 2007 жылы
жиналған сыйақылардың көлемі 3702,7 млн.тн. құрап, сәйкесінше алдыңғы
жылдан 2,6 ece артқан. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша
жалпы сақтандыру сыйақысындағы үлесі есепті кезеңде 3,1% құраған, ал бұл
көрсеткіш 1 қаңтар 2006 жылы 2,1% ие болған.
"Жалпы сақтандыру" саласыБұл сала бойынша 2007 жылы жиналған сыйақы
көлемі 116563,2 млн.тн. кұрады, яғни 2006 жылмен салыстырғанда 77,4%
артқан.[13]

Сурет 5 - "Өмірді сақтандыру"саласы бойынша сақтандыру
сыйақысының құрылымы*
Есепті кезеңге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен, өздеріне алған
міндеттерді орындау үшін құрылған сақтандыру корлары 45749,5 млн. тенгеге
жетті. Бұл көрсеткіш 2006 жылдағы көрсеткіштен 2,2 есе артық. Қарастырылып
отырған уақытқа, сақтандыру резервіндегі қайта сақтандыру үлесі 21843,2
млн.тн. құраған.
Енді, біз сақтандыру ұйымдарының тікелей қаржылық жағдайын анықтау үшін
келесі кестелер арқылы, оны талдауға көшейік.
Кесте мәліметіне көз жүгіртсек, 2007 жылы 1 қаңтарына сақтандыру
компанияларының жиынтық активтері 135489,7 млн.тн. құрады. Бұл 2006 жылдағы
көрсеткіштен 84,7% артқанын көрсетеді. Сонымен қатар, 2007 жылы 1 қаңтарына
сақтандыру ұйымдарының міндеттемелер сомасы 55289,0 млн.тн. құрады. Бұл
өткен жылдан 96,9% артық.
"Өмірді сақтандыру" саласы. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
"өмірді сақтандыру" саласында жиналған сақтандыру сыйақыларының
көлемі 5,8 млрд. теңге болды, бұл өткен жылдың осындай күніне қарағанда
23,9 %-ға көп. Жиынтық сыйлықақылардағы "өмірді сақтандыру" саласы бойынша
жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі есептік кезеңде 2008 жылғы 1
қаңтардағы 3,2 %-ға қарсы 4,3 % болды.
"Жалпы сақтандыру" саласы. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша 2008 жыл
ішінде жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 127,7 млрд. теңге болды,
бұл 2008 жылғы осындай кезеңге қарағанда 10,5 % -ға аз.

1- Өмірді сақтандыру; 2- Жалпы сақтандыру;

Сурет 6 - Өмірді сақтандыру саласы бойынша сақтандыру
сыйақысының құрылымы*

7 Кесте – Сақтандыру ұйымдарының активтері
(млн.тн)
Активтер 2005 жыл 2006 жыл 2007 жыл 2008 2009

2007 жылы 1 қаңтарына сақтандыру компанияларының жиынтық меншікті
капиталының мөлшері 80200,7 млн.тн. болды. Бұл өткен жылдан 77,2% жоғары.
Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2009 жылғы 1 қаңтарда
268,8 млрд. теңге болды, бұл 2008 жылғы 1 қаңтардағы осындай көрсеткіштен
20,2 %-ға көп.
2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының міндеттемелер сомасы 102,9 млрд. теңге болды, бұл былтырғы
жылдың осыған ұқсас күніне қарағанда 5,8 %-ға көп. Есепті күнде сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы сақтандыру жəне қайта сақтандыру
шарттары бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін
қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі 86,3 млрд. теңге болды, бұл
2008 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан резервтердің көлемінен 0,1 %-ға аз.

8 Кесте – Қаржылық көрсеткіштер

(млн.тн.)
Қаржылық көрсеткіштер 2005жыл 2006 жыл 2007 2008 2009 жыл
жыл жыл
Жиынтық активтер 44094,7 73346,3 135489,245336,280131,3
7 4
Міндеттемелер 14506,6 28086,5 55289,0114713,113284,3
6

8 кестенің жалғасы

Таза сақтандыру қорлары 8150,7 21010,5 45749,598652,699669,5
Өзге де міндеттемелер 6355,9 7076,0 9539,5 16016,013614,8
Меншікті капитал (баланстық) 29588,1 45259,8 80200,7130622,166847,0
8
Ескерту – Қаржы нарығы мен каржы ұйымдарын қадагалау агентгігінін мәліметі

2009 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының меншікті
капиталының жиынтық мөлшері 166 847,0 млн. теңге болды.
"Жалпы сақтандыру" саласында резидент еместердің қатысуымен кызмет ететін
компаниялардың жарғылық капиталы, осы саладағы барлық компаниялардың
жарғылық капиталының 7,4% құрады. Ал "өмірді сақтандыру" саласында резидент
еместердің қатысуымен қызмет ететін компаниялар жоқ. Бүгінгі күнде
сақтандыру қызыметтерінің сапасы төмен болып отыр, ал олардың тізімі
көптеген сақтандыру ұйымдарында клиенттерді минималды шығындармен тартуды
қарастыратын сақтандырудың міндетті түрлерімен шектеледі. Жеке сақтандыру
ерікті сақтандырудың түрі болғандықтан, оның үлесі көп емес. Ірі зияндарды
жабу бойынша отандық сақтандыру компанияларының қаржылық мүмкіндіктері
қанағаттанарлықсыз, сондықтан сақтандыру ұйымдарының капиталдандыру
дэрежесін жоғарлату және олардың ірілендіру сұрақтарын шешу керек.
Қазақстан қаржы рыногының басқа сегменттерін реформалау тәжірибесі
көрсеткендей, әлсіз қаржылык ұйымдар индустрияның маңызды сұрақтарын шеше
алмайды және халықаралық стандарттарға жетуде шектеулі болады.
Осы уақытқа дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алуға үйренген
тұрғындардың сақтандырудағы белсенділігінің темен болу проблемасы бар, яғни
олар сақтандыруға қажетті кызығушылықты көрсетпейді. Түрғындарды
мемлекеттік бюджет есебінен әлеуметтік қорғаудың сферасын сақтандыру арқылы
шектеу, Бұл проблеманың шешілуіне әсер етеді. [14;Б.115]
Түрғындарды мемлекеттік емес әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету
сферасының басты құралы бала отырып, азаматтардың өмірін және еңбекке
қабілеттігін сақтандыру идустриясы толығымен дамыған жоқ.
Өмірді сақтандыру бойынша дамыған идустрия болмай (өмірді және еңбекке
қабілеттілікті сақтандыру шарты мен аннуитеттер жүйесі арқылы жинақтаушы
зейнетақы жүйесіне қатысушыларды өмір бойы зейнетақы төлемдерімен
қамтамасыз етуге қабілетті), республикада жүргізіліп отырған зейнетақылық
қамтамасыз ету реформаларының толық қайтарымы болмайды.
Бұл мәселеге сақтанушыларға салық салудың қолданылып отырған көзқарасы да
әсер етеді. Мысалы, сақтандыру шартымен қарастырылған сақтандыру
өтемақыларын жүзеге асырғанға дейін ұзақ мерзімді жинақтаушы сақтандыру
бойынша сақтандыру жарналарынан алынатын жеке тұлғалар үшін табыс салығын
төлеу мерзімін кейінге қалдыру тетігі қолданылмайды. Жеке жинақтаушы
сақтандыру келісімі бойынша сақтандыру резервтерін көбейтуге бағытталған
сақтандыру ұйымдарының ивестициалық табысы жинақтаушы зейнетақы қорларына
қарағанда, жиынтық жылдық табысқа қосылады және оған табыс салығы салынады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру компанияларының басты проблемалары
компаниялардың темен капитализациялануы, жеке толык сақтандырудың дамымауы,
әсіресе өмірді сақтандыру мен ұзақ мерзімді сақтандыру. Капитализация
деңгейі темен болу себепті компаниялар көптеген ірі мүліктік тәуекелдерді
қабылдай алмайды, сол себепті сыйақылар шетелге ауып кетуде.
Қоғамды мемлекеттік емес әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етудің бірден-бір
көзі бола тұра, қоғамды әлі толық өмірді сақтандыру мен азаматтардың
жұмыспен қамтылуын қанағаттандыра алмайды. 2005ж. 1 қаңтарына Қазақстанда
тек екі компания, "Династия" мен "Валют-Транзит Life" өмірді сақтандырумен
жұмыс істеді.
Өмірді сақтандыру индустриясының дамуынсыз, мемлекетімізде жүріп жатқан
зейнеттік қамтамасыз ету реформасынан толық кайтарым болады деп айта
алмаймыз.
Өмірді сақтандырудың дамымауының бір себебі, потенциалды тұлынушының
өзіне қатысты сақтандыру оқиғасының болатынын толық сезіне алмау. Кей
сақтандырушылардың айтуынша өмірді сақтандырудың дамымауына тағы бір себеп,
ол квалификациясы жоғары мамандардың тапшылығы. Сақтандырудың дамуы
халықтың табысының өсуіне әсер ете алады, ал ол өз кезегінде ұзақ мерзімді
өмірді сақтандырудың дамуына себепші болады. Дүние жүзілік тәжірибе
көрсеткендей, өмірді сақтандыру сыйақыны жинау мен жоғары даму жағынан
алдағы қатарды алады. Мысалға, АҚШ -та жиналатын сыйақылардың 60% - "өмір"
саласында. Өмірді сақтанрыдың дамуына тағы бір кері әсер етуші фактор -
демографиялық. Өзі аз халықтың, тек 20-30% ғана активті халық (еті тірі).
Осы фактор, жинап алғанда өмірді сақтандыруда халықтың өте аз бөлігі
сақтандырылған. Өмірді сақтандыру бойынша қызмет атқарушы компаниялар
нормативтерге сай болу үшін ылгида сырттан ақша қаражаттарын тартуға
мәжбүр, себебі меншікті капиталдың жеткіліксіздігі туындайды. Осы себепті,
көптеген инвесторлар бұл сақтандыру түрі бойынша қызмет атқарудан бас
тартады. Қазақстан республикасының каржы ұйымдары мен қаржы нарығын бақылау
мен реттеу агенттігінің ойынша ұзақ мерзімді сақтандырудың дамуына,
біріншіден, компаниялар тарапынан халықтың сенімін дамыту. Екіншіден, ұзақ
мерзімді сақтандыру экономиканың болашақ дамуымен тығыз байланысты.[15]
Бүгінде, сақтандыру қызметтерінің сапасы томен деңгейде, ал олардың
сыныптары кей сақтандыру ұйымдарында тек міндетті сақтандырумен шектелген.
Бұл компаниялар аз шығындар мен күш жұмсап тұтынушыларды тартуға тырысады.
Қайта сақтандыру саласында сақтандыру индустриясы шетел нарықтарына
бағытталған. 2004 жылы жиынтық қайта сақтандырудың ішінде шетел нарығына
бағытталған қайта сақтандыру сыйақыларының үлесі 42,8% құрады. Ал қайта
сақтандыру бойынша отандық компаниялардың төлемдері тек 4% ғана құрады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайы мен
проблемаларының талдауын қорытындылай келе, сақтандыру нарығының
проблемалары бола түрса да, дамып келе жатқанын байқаймыз. Параграфта,
қарастырылған соңғы үш жылдағы сақтандыру секторының негізгі
көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Негізгі көрсеткіштерге жиынтық активтердің
көлемі, меншікті капитал, сақтандыру сыйақыларының көлемі, сақтандыру
төлемдері, олардың ЖІӨ-ге қатынасы жатады. Болжамдар бойынша, сақтандыру
сыйақылары 2007 жылы 3-3,5 есе өседі.[16]
Бағдарлама қорғалмаған түрғындарды мемлекеттік бюджет есебінен әлеуметтік
қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруды жүзеге асыруды
қарастырады. Ал азаматтардың басқа да санаттарына өз әл-ауқатын өздері
қамтамасыз ету мүмкіндігі беріледі, соның ішінде сақтандыру арқылы.
Оны ескере отырып, өмірді, еңбекке қабілеттілікті және денсаулықты
сақтандыруды, аннуитеттер жүйесін және сақтандырудың басқа да әлеуметтік
маңызды түрлерін дамыту мәселесі көкейкесті болып отыр.
Қызмет етіп жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесі өмірді сақтандыру бойынша
сақтандыру индустриясының сенімді қызымет етуін қажет етеді. Ал ол өз
кезегінде зейнетақы жасына жеткен тұлғаларды олардың зейнетақы жинақтарын
есептеу негізінде тұрақты өтемақылармен қамтамасыз етуді қарастырады.
Алдымен, сақтандыру ұйымдары арқылы әлеуметтік өтемақылардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету механизімін анықтау керек және
мүгедектіктен, асыраушысының өлімінен, жұмыссыздықтан міндетті сақтандыруды
қосқанда азаматтардың өмірін, денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін
сақтандыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шартын көрсететін міндетті
сақтандыру бойынша заңның қабылдануын жылдамдату қажет.
Өмір бойы зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз ететін аннуитеттерді алу үшін
азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарын пайдалану барысында өмірді
сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларының
өзара әрекет ету тәртібін заңмен анықтау керек.
Қазақстанда әлеуметтік және экономикалық жағынан өте қажет жеке
сақтандыруды дамытуға барлық жағдайлар жасалуда.

2.2 Жеке басты сақтандырудың жекелеген түрлеріне сипаттама

Жеке сақтандырудың барлық түрлері ерікті сақтандыруға жатады.
Сақтандыруды дамыту мақсатының басым бағыттарының бірі "өмірді ұзақ
мерзімді сақтандыру, зейнеткерлік, аннуитеттік сақтандыру және
сақтандырудың басқада әлеуметтік маңызды түрлерін қарқынды дамыту бойынша,
соның ішінде оның кейбір түрлерін сақтандырудың міндетті түріне енгізу
арқылы шараларды жүргізу болып табылады". Азаматтардың
материалды емес игіліктерін сақтау қажеттілігін ескере отырып, Қазақстан
заңдарымен жеке сақтандырудың мынадай түрлері анықталған:
1. Өмірді сақтандыру;
2. Аннуитеттік сақтандыру;
3. Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
4. Медициналық сақтандыру;

Жеке сақтандыруды жүргізудің шартары келесі суретте бейнеленген.

Cурет 7 - Өмірді сақтандыру шартының түрлері*

Жеке сақтандырудың түрлерін карастырайық:
Өмірді сақтандыру. өмірді сақтандыруға сақтандыру объектісі адам өмірі
болып табылатын сақтандырудың барлық түрлері жатқызылады. Өмірді
сақтандыруда жинақтаушы және тәуекелдік функция болатындықтан, өмірді
сақтандыру шарты бір жылдан төмен емес мерзімге жасалынады. Мысалы,
сақтандырудың мұндай түріне шетелдерде белгілі өлім немесе сақтандыру дейін
өмір сүру бойынша аралас сақтандыру жатады. Біздің заңдарға сәйкес ол
толығымен өмірді сақтандыруға жатады. Сонымен, біздің елімізде өмірді
сақтандыру бойынша сақтандыру жауапкершілігі сақтандыру сомасын мынадай
жағдайларда төлеуді қарастырады: сақтанушының сақтандыру мерзімі біткенге
дейін өмір сүруі және сақтанушының өлімі жағдайында. [18;Б.98]
Сақтандыру сомасы. Сақтандыру сомасы әдетте 10000 теңгеге еселенген
шексіз сомада орнатылады (мысалы: 100000,110000,120000 теңге);
Жасына жетуіне, еңбек қабілетінен немесе денсаулығынан айрылуына
байланысты сақтанушы сақтандыру сомасын алушы ретінде қарастырылады (ол әрі
сақтандырылған тұлга болып табылады);
Сақтанушы кайтыс болған жағдайда заңнамаға сәйкес сақтандыру сомасын оның
мұрагерлері алуына болады.
Сақтандыру мерзімі. Сақтандыру мерзімін әдетте сақтанушы таңдайды,
мысалға 3, 5, 10, 15, 20 жыл. Алайда сақтандыру мерзімі сақтанушының
белгілі бір жасқа жету шеңберінен аса алмайды (мысалға, сақтанушы 55 жаста
болса, ол үшін сақтандыру мерзімі 75 жасқа дейінгі уақытты қамтиды).
Сақтандыру мерзімі әдетте алғашқы (немесе бір жолғы) сақтандыру жарнасы
(сыйақысы) төленген айдың 1-ші күнінен басталады және сақтандыру
келісімінде көрсетілген жылдан кейін сол айдың 1-ші күні бітеді. Алайда
сақтандыру келісімі өз күшіне алғашқы (немесе бір жолғы) сақтандыру
жарнасын төлеген күннен бастап енеді. [17;Б.301]
Сақтандыру тарифі. Сақтандыру жарналарын төлеу. Сақтандыру тарифі
сақтандыру сомасының 100 тенгесінен бекітіледі. Оның мөлшері сақтанушының
жасына тура пропорционалды, ал сақтандыру мерзіміне кері пропорционалды
болып келеді.
Айлық сақтандыру жарнасы (төлемі) сақтандыру тарифін сақтандыру сомасының
жүз теңгесіне көбейту арқылы есептеледі.
Сақтандыру жарналары келісімде көрсетілген уақыттарда төленеді - ай
сайын, квартал сайын немесе бүкіл сақтандыру мерзіміне бірден қолма-қол
немесе крлма-қолсыз формада төленеді.
Сақтандырудыц басқа да шарттары. Кезекті сақтандыру жарнасы төленбеген
жағдайда келісім шарттарына сәйкес сақтандыру келісімі дереу немесе белгілі
бір мерзімнен кейін (мысалға, үш айдан кейін) токтатылады.
Тоқтатылған келісім қарызды өтеу және кезекті жарнаны төлеу немесе
өтелмеген қарыз мерзіміне сақтандыру мерзімін ұзарту арқылы қайта қалпына
келтірілуі мүмкін. Егер тоқтатылған келісім қалпына келтірілмейтін болса,
онда сақтанушыға сатып алу сомасы төленеді (сатып алу сомасы аталған
келісім бойынша есептелген және жинақталған жарналардың резервіне тең).
Жарналар резерві сақтандырушының міндеттемелері (сақтандыру сомасын төлеу
бойынша) және сақтанушы міндеттемелері (сақтандыру жарналарын төлеу
бойынша) мөлшерлерінің айырмасына тең болады. жарналар резерві актуарий
бекіткен әдістеме бойынша есептеледі. Мысал: Сақтандыру келісімі 5 жылға
жасалған. Сақтандыру сомасы (сақтандырушының міндеттемесі) 100000 теңгені
құрайды. Сақтандыру жарнасы ай сайынғы 1600 теңгеге тең. Бес жыл ішінде
сақтанушы 96000 тенге жарна (1600х 12x5) төлеуге міндетті. Жиырма айдан
кейін сақтанушы жарналар төлеуді тоқтатты, демек 32000 жарнаны төлеп
үлгерді, ал 64000 жарнаны төлеп үлгермеді (96000-32000). Бұл жағдайда сатып
алу сомасы 36000 теңгені құрайды (100000-64000).
Келісім әрекет етіп тұрған уақытта сақтандыру сомасының мөлшері
сақтанушының өтініші бойынша көбеюі немесе азаюы мүмкін.
Бұл жағдайда, әйкесінше, сақтандыру жарналары да қайта есептелетін
болады.
Сақтанушы әр түрлі мерзімге бір немесе бірнеше сақтандырушымен бірнеше
сақтандыру келісімдерін жасай алады.
Сақтандыру келісімінде сақтанушының мүддесі үшін қосымша шарттар
қарастырылуы мүмкін. Мысалға, төленген жарналар мөлшерінде сақтанушыға
пайызсыз несиелер беру, бонустар төлеу, сақтандыру сомасын инфляция
деңгейіне сәйкес индекстеу және т.с.с.
Өмірді сақтандырумен анықталатын сақтандыру жауапкершілігінің көлемі
келесі сақтандыру жағдайларын қарастырады.
Сақтандыру мерзімінің аяқталуына дейін өмір сүрумен байланысты.
Мұнда жауапкершіліктің нәтижесінде сақтандыру сомасы төленетін сақтандыру
жағдайы сақтанушының сақтандыру шартының іске асуының соңғы күніне дейін
өмір сүруі болып табылады. Өмір сүру күніне дейін сақтандыру шарты
күшінде болуы керек, яғни сақтандыру жарналары толығымен төленуі
керек. Оған дейін өмір сүру жағдайы бойынша сақтандыру сомасын алу құқығы
сақтандыру мерзімі біткен соң келесі күні іске асырылады.
Сақтанушыныц өлімі жағдайына байпанысты.
Бұл сақтандыру жағдайының туындауы сақтанушының өлімі жағдайында оның
тірі кезінде белгілеген алушысына сақтандыру сомасын төлеуді қарастырады.
Өлу себебі арнаулы келісілген басқа кез-келген себептер болу мүмкін. Жеке
сақтандыру шартын жасасу барысында сақтандырушы сақтанушы тұлғаның
денсаулық жағдайын нақты бағалау үшін оны тексеру құқығына ие.(ҚР АК,
8336., п.2 (ерекше бөлім)).
Қайтыс болу жағдайын сақтандыру немесе өмірлік сақтандыру шет елдерде
кеңінен таралған. Сақтандыру келісімдері ұзақ мерзімдерге (20, 25 жылға
және одан да ұзақ мерзімге) немесе 85 жасқа дейін жасалады. Бұл
сақтанушыларға төмен мөлшерлерде сақтандыру жарналарын төлей отырып,
айтарлықтай ірі көлемде сақтандыру сомаларын орнатуына мүмкіндік береді.
Қайтыс болу жағдайын сақтандыру ең алдымен жерлеуге кеткен шығындарды өтеу
және асыраушысынаң айрылған отбасының материалдық жағдайын қолдау
мәселелерін қарастырады. Сақтандыру келісімінде сақтанушының жасына және
денсаулығына қарай, сондай-ақ оның қаза болу себептеріне қарай шектеулер
қарастырылуы мүмкін (мысалға, сақтандырылған тұлғаның кайтыс болуы қылмыс
жасаумен немесе оның мүрагерлерінің қастандық жасауымен байланысты болса,
онда сақтандыру сомасы төленбейді).
Өмірді сақтандырудың бірнеше түрлері бар: балаларды сақтандыру, балаларды
некеге отырғызылуынан сақтандыру, яғни адам өміріндегі түрлі өзгерістерді
сақтандыру жүзеге асырылады.
Балаларды сақтандыру. Сақтанушылар мен сақтандырылғандар контингенті.
Сақтанушылар ретінде баланың ата-анасы немесе туыстары, ал сақтандырылған
тұлға ретінде - балалар қарастырылады. Келісім әрекет етіп тұрған уақытта
сақтанушыны ауыстыру жағдайы қарастырылады. Жаңадан туылған сәбилерден
бастап 15 жасқа дейінгі балалар олардың денсаулығына қарамастан
сақтандыруға қабылданады. [19;Б.28]
Сақтандыру жағдайлары:
– сақтандырылған баланың (сәбидің) сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір
сүруі;
– қолайсыз (апатты) жағдайлардың нәтижесінде сақтандырылған баланың
денсаулығынан айрылуы;
– сақтандырылған баланың қайтыс болуы.
Сақтандыру жағдайы орын алған жағдайда сақтандыру сомасы сақтанушының
өтініші бойынша сақтандырылған балаға немесе оның өзіне төленуі мүмкін.
Сақтандыру мерзімі. Сақтандыру мерзімі сақтандырылған баланың (сәбидің)
18 жасқа жетуімен шектеледі, яғни сақтандыру мерзімінің ең аз мерзімі - 3
жыл, ал ең ұзақ мерзімі - 18 жыл.
Сақтандырудың басқа да шарттары. Сақтандыру келісімін жасау процедурасы,
сақтандыру сомаларының мөлшерін анықтау тәртібі, сақтандыру жарналарын
анықтау және оларды төлеу тәртібі, келісімнің тоқтатылуы және қайта қалпына
келтірілуі, сақтандыру сомасының көбеюі (азаюы) және басқа да шарттар
өмірді аралас сақтандыру шарттарымен сәйкес келеді.
Денсаулықтан және еңбек қабілетінен айрылуды сақтандыру.
Қолайсыз жағдайларды жеке сақтандыру. Сақтанушылар мен сақтандырылған
тұлғалар контингенті
Сақтандырушы мен сақтандырылған - бір тұлга болып табылады. Сондыктан
сақтандырушы тек өзін ғана сақтандырыла алады.
Сақтанушының денсаулық жағдайына, жасына және азаматтығына қарай
ақтандырушы шектеулер қоюы мүмкін.
Сақтандыру жағдайлары
Травматикалық жарақаттардың, кездейсоқ уланудың, қолайсыз жағдайларға
жатататын аурулардың нәтижесінде тұлғаның денсаулығынан немесе еңбек
қабілетінен айрылуы.
Жоғарыда аталған себептерге байланысты тұлғаның қайтыс болуы. Дем алу
органдарына сыртқы денелердің кездейсоқ түсуі, суға бату, суықта үсіп қалу
нәтижелерінде қаза болу сақтандыру жағдайларына жатпайды.
Сақтандыру сомасы және оны алушылар. Сақтандыру сомасының мөлшері
сақтанушы мен сақтандырушының өзара келісімі арқылы анықталады.
Денсаулығынан немесе еңбек қабілетінен айрылуына байланысты сақтандыру
сомасы (сақтандыру төлемі) сақтанушыға (ол өзі сақтандырылған тұлға болып
табылады) төленеді. Сақтанушы қаза болған жағдайда сақтандыру сомасы
заңнамаға сәйкес оның мұрагерлеріне төленеді.
Сақтандыру мерзімі. Сақтандыру шарттары келісімдерді 5 жылға дейінгі
мерзімге жасауға мүмкіндік береді. Практикада бір жылдық келісімдер кеңінен
тараған.
Сақтандыру келісімі сақтанушы сақтандыру сыйақысын төлеген күннен бастап
өз күшіне енеді. Сонымен бірге сақтандыру мерзімі есептеле бастайды. Егер
келісім қайта жасалатын болса, онда жаңа келісім алдыңғы келісімнің мерзімі
біткеннен күннен бастап дереу күшіне енеді.
Сақтандыру тарифтері. Сақтандыру сыйакысын төлеу тәртібі. Сақтандыру
тарифі сақтанушының кәсібінің немесе айналысатын жұмысының қауіптілік
деңгейіне қарай анықталады, яғни тарифтерді құру негізіне өндірістік
тәуекел критериі қойылған. Сақтандыру сыйақысы сақтандыру тарифін
сақтандыру сомасына көбейту және оны 100-ге бөлу арқылы есептеледі.
Сақтандыру сыйақысы әдетте бір жолғы жарна түрінде төленеді. Алайда, ол өте
үлкен соманы құрайтын болса, сақтандырушы төлеу мерзімін ұзартуы мүмкін.
Егер сақтандыру мерзімі ішінде сақтанушы өзінің кәсібін немесе қызметін
ауыстырса, онда сақтандыру сыйақысы қайта есептеуге жатпайды.
Денсаулықты және еңбек қабілетін сақтандырудың басқа түрлері. Қолайсыз
жағдайлардан жағдайлардан балаларды және окушыларды сақтандыру.
Сақтанушылар ретінде ата-анал және басқа туыстары, ал сақтандырылғандар
ретінде балалар мен оқушылар қарастырылады.
Балаларды сақтандыру бойынша жас шеңбері 1 жастан 16 жасқа дейінгі
аралықты қамтиды, ал оқушыларды сақтандыру бойынша жас шеңбері оқушының
мектепте оқу мерзімімен шектеледі.
Балаларды сақтандыру бойынша сақтандыру тарифтері олардың жасына қарай
орнатылады, ал оқушыларды сақтандыру бойынша тарифтер бірдей болады.
Өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар мен кызметкерлерді апатты
жағдайлардан кесіпорын есебінен сақтандыру. Сақтанушылар ретінде денсаулық
үшін қауіпті және зиянды еңбек жағдайлары бар кәсіпорындар мен ұйымдар
(жұмыс берушілер) қарастырылады. Кәсіпорындар мен ұйымдар сақтандыратын
жұмысшылардың қатарына әдетте мыналар кіреді: кәсіпорындар мен ұйымдардағы
өрт сөндірушілер ерікті жеке құрамы; кәсіби өрт сөндіру қызметінің
әскерлері; азаматтық және арнайы авиацияның ұшқыштар құрамы; тау және газ
апаттарына құтқару қызметкерлері; банк инкассаторлары; жаңа техниканы
сынақтан өткізушілер; жүргізушілер; жарыс және турнирлер кезінде
спортшылардың денсаулығы және т.с.с. Жұмысшылардың аталған категорияларын
сақтандыру арқылы олардың өздерінің қызметтік міндеттерін, накты бір
жұмыстарды орындаумен, спорт жарыстарына қатысуымен байланысты тәуекелдері
сақтандырылады. Нақты сақтандыру жағдайларының (оқиғаларының) тізімі
кәсіпорын (ұйым) және сақтандырушы арасында жасалатын келісімде
көрсетіледі.
Сақтандыру келісімі сақтанушының өтініші бойынша әдетте 1 жылға жасалады.
Мұнда сақтандыруға жататын лауазымдардың тізімі немесе сақтандырылатын
тұлғалардың фамилияларының тізімі көрсетіледі. Бір сақтандырылған тұлғаға
келетін орташа сақтандыру сомасын сақтандырушы әр жұмысшы бойынша жеке-жеке
анықтайды, ал сақтандыру тарифінің мөлшері сақтанушымен келісу арқылы
орнатылады.
Сақтандыру төлемдерінің тәртібі, сақтандыру келісімінің күшіне енуі,
әрекет ету мезімі қолайсыз (апатты) жағдайлардан жеке сақтандыру шарттарына
сәйкес келеді.
Баланы (сәбиді) ұрлау жағдайынан сақтандыру:
– сақтанушылар ретінде сәбидің ата-анасы немесе асыраушысы ғана
қарастырыла алады
– сәби ұрланған жағдайда сақтанушыға сәбиді ұрлаған адамға төлеген
сатып алу сомасы мөлшеріндегі қаражаттар төленеді, алайда бұл
төлем сақтандыру сомасынан аспайды.
Аннуитеттік сақтандыру. Жеке сақтандырудың бұл түрі бойынша сақтандыру
мекемесі сақтанушы тұлғаға белгіленген мерзімде тұрақты табыс төлеуге
міндеттенеді. Өтемақылар қоры сақтанушылардың жарналары есебінен құрылады.
Рентаны сақтандыру бойынша тарифтік мөлшерлемелер сақтандырудың басқа да
түрлерімен салыстырғанда біршама жоғары. Рентаны сақтандыру тұрақты
табыстың сақтандыру жарнасы төленген соң бірден немесе келісілген мерзім
өткеннен кейін төленуіне байланысты өмір бойы немесе уақытша, тез немесе
кейінге қалдырылған; сақтанушының өлімінен кейін оның мұрагерлеріне
төленген жарналардың бір бөлігінің қайтарылуы немесе қайтарылмауына
қайтарымсыз болып бөлінеді. Сақтандыру рентасының шарты бір уақытта немесе
кейінге қалдырылып төленеді. Сақтандырудың Бұл түрі табысты екі немесе
бірнеше тұлғаларға төлеуді қарастырады. Рентаны сақтандыру аралас
сақтандырудың бөлігі бола алады, мысалы, еңбекке қабілеттілігін жоғалту,
өлім жағдайы және тағы басқа сақтандырумен. Рентаны сақтандырудың шарты
өтемақыларды қолма-қол емес, акцияларға орналастыру болуы мүмкін. Рентаның
бір бөлігі инвестициаланған құнды қағаздардың экелетін табысы мен рента бір
мезгілде төленуі мүмкін. Рентаны сақтандыру жеке және топтық
нысанда жүргізіледі. Рентаны сақтандырудың түрлері өмір бойғы рентаны
сақтандыру және зейнетақыны сақтандыруболып табылады. [20;Б.304]
Аннуитеттік сақтандыру, жалпы жеке сақтандыру секілді, үлкен әлеуметтік
маңызға ие және мемлекеттік деңгейде азаматтарды әлеуметтік қорғауды
қамтамасыз етудің маңызды құралы ретінде қарастырылады. Бұл сақтандыру
қолданыстағы зейнетақы жүйесін, медициналық қамтамасыз етуді және міндетті
әлеуметтік сақтандыруды толықтырып отырады.
Сақтанушылар ретінде кәсіпорындар, ұйымдар, жеке тұлғалар, ал
сақтандырылғандар ретінде - жеке тұлғалар қарастырылады. Сақтанушылар
мерзім сайын (мысалға, ай сайын, квартал сайын) сақтандыру жарналарын
(аннуитеттік жарналарды) төлеп отырады, ал сақтандырылған тұлғалар
аннуитеттік төлемдерді алып отырады.
Ренталарды сақтандыру. Ренталарды сақтандыру (немістің Rente сөзінен
-кәсіпкерлік қызметпен байланысты емесе табыс) Батыс Еуропа елдерінде және
АҚШ-та кеңінен қолданылады. Бұл сақтандыру бойынша сақтандырушы
сақтандырылған тұлғаға белгілі бір мерзімдерде (мысалға, ай сайын) тұрақты
табыстар төлеп отыруды өз міндетіне алады. Төлемдер үшін арналған қор
сақтанушылардың жарналары есебінен қалыптасады.
Ренталарды сақтандырудың келесідей түрлері болуы мүмкін: түрақты табыс
сақтандыру жарналары төленгеннен кейін бірден немесе белгілі бір мерзімнен
кейін төленуіне байланысты - өмірлік және уақытша, дереу және мерзімі
ұзартылған; сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуы жағдайында төленген
жарналардың бөлігі оның мүрагерлеріне қайтарылу формасына қарай: қайтармалы
және қайтарымсыз.
Ренталарды сақтандыру келісімі бір жолғы немесе мерзімі ұзартылған
формада төленуі мүмкін. Мерзімі ұзартылған бір жолғы рента практикада өте
жиі кезедеседі. Ренталарды сақтандыру кейде табыстарды екі немесе одан да
көп тұлғаларға төлеуді қарастырады (мысалға, жанұяның отағасына және оның
асырауындағы жандарға). Сондай-ақ, жесір қалған жұбайына ғана табыстар
төлеуді қарастыратын келісімдер де кездеседі. Бір сақтандыру келісімінде
ренталарды сақтандыру және жауапкершілікті сақтандырудың басқа да түрлері
қоса қарастырылуы мүмкін.
Практика жүзінде ренталар қолма-қол ақшалармен төленбей, оларды
акцияларға орналастыру жағдайлары да қолданылады. Ренталар және құнды
қағаздар алып келетін пайыздық табыстар бірігіп сақтандырылуы да мүмкін.
Зейнетацыны сақтандыру. Ренталарды сақтандыру шет елдерде негізінен
зейнетақыны сақтандыру түрінде қолданылады. Зейнетақыны сақтандыру топтық
немесе жеке түрде жүргізілуі мүмкін, алайда практикада топтық сақтандыру
формасы кеңінен қолданылады. Кәсіпорындар мен кәсіподақтар еңбеккерлердің
қаражаттарын тарта отырып, өздерінің еңбек қызметін тоқтатқаннан кейін
жалдамалы жұмысшыларды сақтандыру арқылы зейнетақылық қамтамасыз етуді
ұйымдастырады. Жеке формада зейнетақыны сақтандыру келісімін негізінен ірі
мөлшерде табысы бар тұлғалар ғана жасайды. [21;Б.138]
Қазақстан Республикасында Зейнетақылық қамтамасыз ету туралы Заңға
сәйкес, Жинақтаушы зейнетақы қорының (ЖЗҚ) салымшысы өзінің салымдарын ЖЗҚ-
нан сақтандыру ұйымына ауыстыра алады және әрі қарай зейнетақы жарналарын
осы ұйымға төлеп отыратын болады. Өз кезегінде, сақтандыру ұйымы
сақтанушыға (яғни бүрынга ЖЗҚ салымшысына) белгілі бір жасқа (зейнетақы
жасына) жеткенде Заң жүзінде бекітілген минималды зейнетақыдан кем емес
мөлшерде аннуитет төлеп отыруга міндеттенеді.
Табыстарды сақтандыру.Табыстарды сақтандыру сақтандырудың бірқатар дербес
түрлерінің (еңбек қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмссыздыққа
ұшырау, банкротқа ұшырау) кешені болып табылады. Табыстарды сақтандыру
арқылы азаматтардың табыстарын немесе қол жеткізген отбасылық жағдайын
қорғау мәселесі өз шешімін табады.
Сақтандыру тәуекелі ретінде өміріндегі қолайсыз (апатты) жағдайлардың
салдарынан азаматтың өзінің әдеттегі табысының жоғалуы немесе төмендеуі
қарастырылады.[22]
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру.
Жазатайым жағдайдан сақтандыру сақтанушының денсаулығын жоғалтуы және
өлімі бойынша залалдың орнын толтыруға бағытталады. Жазатайым жағдайдан
сақтандыру өмірді сақтандыру қағидаларына негізделеді. Ең бастысы -
сақтандыру мерзімінде сақтанушылардың жазатайым жағдайларға ұшырау
нәтижелерімен келісілген сақтандыру жауапкершілігінің көлемін шектеу.
Мұндай шектеу сақтандыру тарифтерінің жеткіліктілігін қамтамасыз етеді,
сонымен бірге жазатайым жағдайдан сақтандыруды әлуметтік сақтандыруға
қосымша ретінде дамытуға әсер етеді. Жекеше жазатайым жағдайдан сақтандыру
ең көп тараған түрі болып табылады.
Жазатайым жағдайдан сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жауапкершілігінің
көлеміне кездейсоқ оқиғалар әкелетін залалдар қосылады. Мұнда кез-келген
кездейсоқ оқиға емес, сақтандыру шартында қарастырылған "сақтандыру
жазатайым жағдайы" деп аталатын жағдай есепке алынады. Әр түрлі шарттар
түрлі жазатайым жағдайлардың тізбесін қарастырады.
Уакытша еңбек қабілетсіздігін сақтандыру. Бұл сақтандыру әр түрлі
аурулардың және жарақаттардың салдарынан уақытша еңбекке қабілетсіз болған
жағдайларда, ал кейде ауыр халдегі отбасы мүшесіне қамқорлық көрсету
жағдайларында жүзеге асырылады. Сақтандыру сомасы және сақтандыру төлемі
тиісті мерзімнің ұзақтығы әдетте уақытша еңбек қабілетсіздігіне байланысты
жәрдемақы төлеу бойынша әлеуметтік заңнамамен анықталған мерзіммен сәйкес
келеді.
Медициналық сақтандыру - егер сақтанушыға кездейсоқ оқиға нәтижесінде
медициналық қызмет көрсету қажет болған кезде сақтандырушының жүзеге
асыратын медициналық шығындарын төлеп беруі.
Сақтандырушының төлейтін медициналық қызмет көрсету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру рыногының теориялық негіздері
САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Қазақстан Республикасының сақтық рыногы:оның жай-күйін талдау және даму перспективалары
Сақтандыру ісін ұйымдастыру
Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері
Ұлттық рынок сақтандыру рыногында
Сақтандыру қызметінің қалыптасуы
Қазақстанның сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдары
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Сақтық рыногы
Пәндер