Ертедегі уақыт өлшемдерінің құралдары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1.6
Негізгі бөлім
I. Тарау. Ертедегі уақыт өлшемдерінің құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.14
1.1Уақыт есебін жүргізетін құралдар жасауда Орта Азия
ғұламаларының үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.11
1.2.Омар Хайям календары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.14
II. Тарау. Обсерваториялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.57
2.1.Ұлықбек және оның обсерваториясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.18
2.2.Ұлықбек обсерваториясының маңына топтасқан ғалымдар еңбектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.51
2.3.Қазақстан және шет мемлекеттерден табылған астрономия құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52.57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57.62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

Адамзат өзінің тарихи даму жолында заманалар,жылдар,күндер есебін жүргізіп,күнтізбелер жасап қана қойған жоқ, күнделікті тіршілік үшін қажетті уақыт өлшемінің құралдарын – сағаттарды да ойлап тапты. Сағаттардың ең қарапайым түрі – күн сағаттар біздің жыл санауымыздан 500 жылдай бұрын шыққан.
Біздің заманымыздан бұрынғы I ғасырда архитектор Марк Паллион өз еңбектерінде мынадай мағлұматтар жазып, төртбұрышты тастан жарты шеңбер түрінде ойылып жасалған сағаттың авторының Бероз екенін, жарты шар сияқтысын Аристарх Самосский шығарғанын, өрмекшінің ұясы сияқтысын Евдокс жасағанын айтып кеткен.
Алғашында күн сағаттың көрсеткіші жерге горизонталь бағытта орнатылған қада (ағаш) болған, оны қоршай дөңгелене орналасқан қысқа қазықтар циферблатты білдірген. Ертең ерте күн сәулесі түскенде қаданың көлеңкесі қай қазықшаға түссе, содан бастап күннің жылжуымен қатар көлеңке де басқа қазықтарға қарай қозғала берген.
Күн сағаттар жетілдіріліп, көп жерлерге тараған. Ежелгі Египеттің үлкен де биік, жоғарғы жағы жіңішке, төрт қырлы бағана тәрізді тастары сол күн сағаттардың көрсеткіштері.
Индияда да күн сағаттардың болғанын үнді діндарларының аса таяқтарындағы әдемі күн сағаттардың суретінен байқауға болады.
Римде император Август Марс жазығында биіктігі 34 метр күн сағаттың көрсеткіш бағанын орнатса, 1278 жылы Қытай императоры Кошу-Кингте қалыспай биіктігі 40 баспалдақтан тұратын күн сағат бағанын орнатқан. Атақты Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбек олардан да асып түсіп, 1430 жылы Самархандта биіктігі 50 метр, 175 баспалдақтан тұратын күн сағат орнатқан.
Мұндай сағаттардың қиыншылығы, олар түнде және бұлтты күндерде уақытты көрсете алмайтын, әрі оларды сапарға алып шыға алмайтын.
Сондықтан, өнертапқыштар одан гөрі қолайлылау құм сағаттарды ойлап тапқан. Оның екі воронкасы болған, құм бірінен-біріне ақырын сусып түсіп тұрған, оның төрт рет ауысуы – 1 сағатты білдірген. Мұны әсіресе теңізде жүргізушілер жиі пайдаланған. Құм сағаттың дәл жүруі үшін басты шарт – құм кесегінің біркелкі болуы. Ондай құмды да 12-ғасырдың өзінде-ақ шеберлер дайындай білген, ол үшін құмды мрамор шаңына араластырып алып, шарап пен лимон шырынына тоғыз рет қайнатып, кептірген. Бірақ, бұл сағаттың кемшілігі оны үнемі бақылап отыратын адам керек болған. Бұл сағаттар күні бүгінге дейін қолданылады.
Египет, Вавилон, Греция мен Қытайда су сағаттарды да пайдаланған.Гректер оны «клепсидра» (воровка воды )–«су ұрлаушы » деп атаған. Онда биіктен төмен қарай 4-5 ыдыс қойылып, жоғарыдан су жіберіледі, ол белгілі уақыт аралығында ыдыстан ыдысқа ағып отырады, ол сағаттар да жетілдіріліп, әр түрлі фигуралар қимылын, құстардың дыбысын да шығырып тұрған. Мұндай сағаттар үлкен жиылыстар мен соттарда пайдаланылған. Оның күн және құм сағаттан артықшылығы, көп еңбек қажет етпейді және күні-түні, үздіксіз жүре беретін болған, бірақ бәрібір адамның бақылауы қажет болған.

1.Әбішев Х.А. Халық астрономиясы. Алматы, 1959.
2. ’’Заман-Қазақстан‘’, 14 тамыз , 1998
3.Вопросы археологии Казахстана. Выпуск 2. Алматы, 1998.
4.’’Егеменді Қазақстан’’ , 12 желтоқсан 1992.
5.Захир ад-дин Мухаммед Бабыр. Бабырнама. Алматы, 1990.
6.Завельский Ф.С. Время и его измерение. Москва,1987.
7.. Нұрғалиева Г.С. Археология , Алматы, 2000
8. Әбішев Х.А Аспан сыры. Алматы,1966.
9.Құрастырған Б. Ысқақов Ұмытылмас есімдер. А., 1994.
10.Исқақов М. Халық календары.
11.Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқияннан өзіме шейін. А., 1993.
12. Парасат журналы. 1998.
13. Маргулан А.Х. К изучению памятников района р. Сарысу и Улытау \\ Вестник Ан Каз ССР. А., 1948.
14. Вопросы археологии Казахстана. Выпуск 2. А., 1998.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1-6
Негізгі бөлім
I. Тарау. Ертедегі уақыт өлшемдерінің
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .7-14
1.1Уақыт есебін жүргізетін құралдар жасауда Орта Азия
ғұламаларының
үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 7-11
1.2.Омар Хайям
календары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-
14
II. Тарау.
Обсерваториялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...15-57
2.1.Ұлықбек және оның
обсерваториясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .15-18
2.2.Ұлықбек обсерваториясының маңына топтасқан ғалымдар
еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 19- 51
2.3.Қазақстан және шет мемлекеттерден табылған астрономия
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..52-57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 7-62
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
Өзектілігі:
Бүгінгі таңда қолданыста жүрген сағаттарымыз пайда болғанға дейін,
уақыт өлшем құралдарының қандай түрлері пайдаланылғандығын анықтау үшін
күнделікті тіршілік үшін қажетті уақыт өлшемінің құралдары - сағаттарды
зерттеудің маңыздылығы артып отыр. Адамзат өзінің тарихи даму жолында
заманалар, жылдар, күндер есебін жүргізіп, күнтізбелер жасап қана қоймай,
сонымен қатар уақыт өлшемінің құралдарын, яғни сағаттарды ойлап тапқаны
белгілі. Ертеректе ойлап табылған күн, құм, су сағаттардың бір-бірінен
артықшылығын, жасалу тәсілін және де осы сағаттардың ең алғаш қай жерлерде
қолданыста болғандығын анықтау өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Жоғарыда аталған сағаттардың түрлерінен басқа да жетілдірілген түрлері бар.
Мәселен, механикалық сағаттар, маятникті сағаттар, радиоактивті,
радиоуглеродтық сағаттар да бар. Сондай-ақ, уақыт есебін дұрыс есептеуде
Ұлықбек обсерваториясының алатын орны да ерекше.
Міне, осы секілді уақыт өлшемдеріне зерттеу жұмысымызда тереңірек
тоқталамыз.
Мақсаты:
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты осы аталған уақыт өлшем құралдарының
түрлеріне, ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқтала отырып, сағаттардың қарапайым
түрінен бастап жетілген түріне дейін толыққанды мағлұмат алу.
Кіріспе
Адамзат өзінің тарихи даму жолында заманалар,жылдар,күндер есебін
жүргізіп,күнтізбелер жасап қана қойған жоқ, күнделікті тіршілік үшін
қажетті уақыт өлшемінің құралдарын – сағаттарды да ойлап тапты.
Сағаттардың ең қарапайым түрі – күн сағаттар біздің жыл санауымыздан 500
жылдай бұрын шыққан.
Біздің заманымыздан бұрынғы I ғасырда архитектор Марк Паллион өз
еңбектерінде мынадай мағлұматтар жазып, төртбұрышты тастан жарты шеңбер
түрінде ойылып жасалған сағаттың авторының Бероз екенін, жарты шар
сияқтысын Аристарх Самосский шығарғанын, өрмекшінің ұясы сияқтысын Евдокс
жасағанын айтып кеткен.
Алғашында күн сағаттың көрсеткіші жерге горизонталь бағытта
орнатылған қада (ағаш) болған, оны қоршай дөңгелене орналасқан қысқа
қазықтар циферблатты білдірген. Ертең ерте күн сәулесі түскенде қаданың
көлеңкесі қай қазықшаға түссе, содан бастап күннің жылжуымен қатар көлеңке
де басқа қазықтарға қарай қозғала берген.
Күн сағаттар жетілдіріліп, көп жерлерге тараған. Ежелгі Египеттің
үлкен де биік, жоғарғы жағы жіңішке, төрт қырлы бағана тәрізді тастары сол
күн сағаттардың көрсеткіштері.
Индияда да күн сағаттардың болғанын үнді діндарларының аса
таяқтарындағы әдемі күн сағаттардың суретінен байқауға болады.
Римде император Август Марс жазығында биіктігі 34 метр күн сағаттың
көрсеткіш бағанын орнатса, 1278 жылы Қытай императоры Кошу-Кингте қалыспай
биіктігі 40 баспалдақтан тұратын күн сағат бағанын орнатқан. Атақты Ақсақ
Темірдің немересі Ұлықбек олардан да асып түсіп, 1430 жылы Самархандта
биіктігі 50 метр, 175 баспалдақтан тұратын күн сағат орнатқан.
Мұндай сағаттардың қиыншылығы, олар түнде және бұлтты күндерде
уақытты көрсете алмайтын, әрі оларды сапарға алып шыға алмайтын.
Сондықтан, өнертапқыштар одан гөрі қолайлылау құм сағаттарды ойлап
тапқан. Оның екі воронкасы болған, құм бірінен-біріне ақырын сусып түсіп
тұрған, оның төрт рет ауысуы – 1 сағатты білдірген. Мұны әсіресе теңізде
жүргізушілер жиі пайдаланған. Құм сағаттың дәл жүруі үшін басты шарт – құм
кесегінің біркелкі болуы. Ондай құмды да 12-ғасырдың өзінде-ақ шеберлер
дайындай білген, ол үшін құмды мрамор шаңына араластырып алып, шарап пен
лимон шырынына тоғыз рет қайнатып, кептірген. Бірақ, бұл сағаттың кемшілігі
оны үнемі бақылап отыратын адам керек болған. Бұл сағаттар күні бүгінге
дейін қолданылады.
Египет, Вавилон, Греция мен Қытайда су сағаттарды да
пайдаланған.Гректер оны клепсидра (воровка воды )–су ұрлаушы
деп атаған. Онда биіктен төмен қарай 4-5 ыдыс қойылып, жоғарыдан су
жіберіледі, ол белгілі уақыт аралығында ыдыстан ыдысқа ағып отырады, ол
сағаттар да жетілдіріліп, әр түрлі фигуралар қимылын, құстардың дыбысын да
шығырып тұрған. Мұндай сағаттар үлкен жиылыстар мен соттарда пайдаланылған.
Оның күн және құм сағаттан артықшылығы, көп еңбек қажет етпейді және күні-
түні, үздіксіз жүре беретін болған, бірақ бәрібір адамның бақылауы қажет
болған.
Сағаттардың жетілген түрлері XIII ғасырдан бастап шыға бастаған.
Алғашқы механикалық сағаттар үлкен, әрі ауыр болған. Мысалы, Москвадағы
1404 жылы монах Лазердің басшылығымен салынған Кремль сағатының
механизмдерінің өзі мұнараның бірнеше қабатына орнатылған. Циферблаттағы
әр цифрдің ұзындығы адам бойындай. 1709 жылы 1 Петрдің бұйрығымен күрделі
жөндеуден өткен.
XV ғасырдан бастап механикалық сағаттар көп жерлерге таралып, оның
құрылысына пружиналар қосылып жетіле түседі, стол сағаттар шығады. Алғаш
тек сағаттық стрелкалары (көрсеткіш таяқшалары) ғана болса, 1550 жылдан
бастап минуттық стрелкалары да қосылған.
Механикалық сағаттан гөрі жетілген маятникті сағаттың шығуы Галилео
Галилей есімімен тығыз байланысты.
1584 жылы соборға барған 20 жасар Галилей төбедегі үлкен күмбез
астындағы ілінген қола шамдардың желмен біркелкі тербеліп тұрғанын
байқайды. Ол шамдардың көлемдері әр түрлі болғанымен, ұзындықтары бірдей
шынжырмен ілінгендіктен бір мезгілде қозғалып тұрған. Осы құбылыс Галилейге
сағат жүрісін реттеп тұратын қозғалыстағы маятникті ойлап табуға түрткі
болған.
Мұндай сағаттарды Россияда XVIII ғасырда И.П.Кулибин мен
Т.И.Волосковтар жасаған. И.П.Кулибин 500 детальдан тұратын жұмыртқа
тәрізді сағатты ойлап тапса, Т.И.Волосков ай, күн, сағат, минут, жұлдыз
жағдайын да көрсетіп тұратын сағат жасаған.
Кейіннен сағаттардың кейбір түрлері жетілдіріліп молекула аралық,
атомдық және радиоактивті сағаттар да шығарылады.
XX ғасырдың басында жасалған, өте үлкен уақыт аралығын есептеп
шығаруға көмектесетін сағаттарды радиоактивті сағаттар дейді. Ол арқылы
жердің , ондағы тіршіліктің қашан пайда болғанын, күннің жасын, Айдың
пайда болған уақытын есептеп шығаруға болады. Әрі ол археологиялық қазба
жұмыстарында, тау-кен қабаттарының абсолютті жасын анықтауда қолданылады.
Радиоактивті сағат немесе дәлірек айтқанда зерттеу әдісі деп әр
түрлі изотоптардағы ядролардың радиоактивті ыдырау процесін қолданып үлкен
уақыт аралығын есептеуді айтады.
Радиоактивті заттардың ыдырау процесі қоршаған ортаның температурасы
мен қысымына тәуелді болмайды екен және әр түрлі радиоактивті изотоптардың
ыдырау процесінің ұзақтығы да әр түрлі болады., мысалы висмут – 212 изотобы
60,5 минутта жартысына дейін ыдырап кететін болса, уран – 238,4,5 миллиард
жылда, жартысына дейін ғана ыдырайды екен. Яғни, олардың жартысының ыдырап
біткен уақытын екіге еселесек, толық ыдыраған уақыты шығыды. Ал
радиоуглеродтық сағат органикалық заттардың жасын анықтау жер бетінде
болған оқиғалардың уақытын есептеп береді. Оның циферблаты нөлден басталып
, 50-60 мың жылдықтарға дейін жетеді, оны көбінесе геологтар ,
палеографтар, археологтар қолданады. Оны 1946 жылы белгілі ғалым В.Ф.Либби
ойлап тапқан. Жер биосферасындағы барлық тірі организмде (углерод) көмір
қышқылы – 14 бар екені белгілі. Ал организм өлген кезде көмірқышқылының
алмасу процесі тоқтап, ыдырауы басталады. Радиоуглеродтық сағат есебі де
сол уақыттан басталады. Көмірқышқылы белгілі бір мөлшерге азая береді.
Мысалы, 5730 жыл өткенде оның жартысы ½ ғана ыдырайды.
Мұндай әдістер медицина мен криминалистикада да қолданылады.
Қайтыс болған адамның бұдан қанша сағат , қанша күн немесе ай бұрын
өлгенін дәл табады.
Осындай сағаттардың көмегімен XX ғасырда Жердің, Айдың,
Жұлдыздардың және Күннің жасын анықтауға зерттеулер жүргізіледі. Топырақ
құрамындағы минералды заттардың пайда болған уақытын зерттей отырып
Жердің пайда болғанына 4 миллиардтан аса уақыт болды деп топшалайды.
1968 жылғы Американың Айға адам алып барған Аполлон -11
станциясы жерге 28 кг Ай топырағын әкелсе, 1970 жылы Айға барған СССР-дің
Луна-16 автоматты станциясы жерге 100 гр Ай топырағын, 1976 жылы барған
Луна-24 Ай бетінде тереңдігі 2 метрдей скважина қазып, соның
қабаттары салынған топырағын әкеліп зерттеушілерге табыс еткен.
Зерттеу қорытындысында Ай пайда болғалы да 4,5-тен 5,5 миллиард
жыл болғаны дәлелденген.(1)
Осындай тамаша зерттеу әдістерін жетілдіру, оны үйрену, оқып-білу
ісі тарихшылардың назарынан тыс қалмауға тиіс.
Завельский Ф.С. Время и его измерение. М.,1987. С.25-36,208-216.
1. Уақыт есебін жүргізетін құралдар жасауда Орта Азия ғұламаларының үлесі
Уақыт есебін жүргізетін құралдар жасауда , аспан әлемін ертеден
бастап-ақ арнаулы жабдықтармен зерттеуде Орталық Азия ғұламалары да
қалыспаған.
ХIII - XIV ғасырларда моңғол езгісінен зардап шегіп, іш-құсада
болған Орталық Азия халықтары ХV-ғасырдан бастап өз мемлекеттерін құрып
эканомикасын дамытып, мәдениетін жетілдіре бастады.
ХV-ХVІ ғасырда Орталық Аэияда ғылым мен өнер қаулап өсіп, бұрын-
соңды болмаған дәрежеде гүлденді. Оған билік басындағылар белгілі бір
дәрежеде қамқорлық жасап , оның өркендеуіне көмектесіп отырса, ал
кейбіреулері – мәселен Ұлықбек, Бабыр, Байқара, Әбілғазы сияқтылар өздері
тікелей ғылыми жұмыспен айналысқан. Бірақ, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы
рухани өмірдегі қайта құлдырау ғылым мен өнердегі қол жеткен
жетістіктердің көбін қайта көмескіледі. Оған біріншіден, Орталық Азия
хандықтарының өзара қырғын соғыстары, қалмақтар шабуылы себеп болса,
екіншіден діннің де әсері аз болмады. Осы кезеңде жарқ етіп шыққан жаңа
ғылыми көзқарас, ой-пікірлердің қанат жаюына мүмкіндік берілмеді.Бұған
шыдай алмаған ғалымдар, соның ішінде, әл-Құсшы, Мәриям Шелеби басқа елдерге
(Түркияға) барып еңбек етуге мәжбүр болды. Бұл жөнінде қазақтың көрнекті
ғалымы Ш.Уәлиханов былай дейді . Қазіргі Орта Азия хандары өздерінің арғы
ата-бабалары сияқты ғылыммен шұғылданбайды, мемуарлық шығармалар жазбайды,
тек екі әтешті немесе бөденелерді төбелестіріп қойып, қарап отырумен күнін
өткізеді, соларды ғана ермек етеді. Міне , осындай тоғышар басшылық,
бейқам өмір , арамтамақтық ғылым мен өнердің өркендеуіне тұсау болды.
Сондықтан, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Орта Азия тарихы Хорезми, Фараби, Ибн-
Сина, Бируни,Ұлықбек сияқты ұлы ғалымдарды немесе Рудаки , Фирдоуси,
Жәми,Науаи сияқты ұлы ақындарды тудыра алмады.(2)
Орталық Азиядан шыққан астрономдардың ішінде өзбек ғалымы
Әбурайхан Мұхаммед бин-Ахмед әл-Бируни 973 жылы 4 қазанда Қият қаласының
(Қобыланды жырындағы Қараманның елі) іргесіндегі бір елеусіз жерде
туған. Бирун -үлкен қаланың сырты деген сөз. Араб, парсы, грек тілдерін
меңгеріп ,Шығыс елдерін талай аралаған ғалым бірнеше жыл Үндістанда тұрады.
Ұлы ғалымның ірі еңбектерінің бірі – Үндістан 1030 жылы
жазылған , екі том. Кітапта Үндістанның табиғаты , тарихы, мәдениеті, тілі,
ғылымы ,календары айтылады.
Үнді ғалымдарының астрономиялық еңбектері баяндалады .
Ұмтылыс есімдер. (Құрастырған Б. Ысқақов). А., 1994.
1000 жылы Бируни 27 жасында ежелгі Шығыс халықтарының
календарларын баяндайтын көлемі 50 баспа табақтық Әл-әсер Әл-Бақия ,яғни
өткен буындардың ескерткіштері деген кітап жазады. Ескерткіштерді
неміс ғалымы Эдуард Захау 1876-78 жылдары неміс тіліне аударып, Лейпцигте,
1879 жылы ағылшын тіліне аударып Лондонда бастырып шығарған. 1943 жылы
Тегеранда парсы ,1957 жылы Ташкентте орыс тіліне аударылып басылып шыққан.
Бұл еңбекте әр халықтың астрономиялық білімдері, қол жеткен
табыстары, қателіктері баяндалады. Уақытты есептеу әдістері, жыл мен ай,
апта мен күн есептері, көптеген эралар-замандар айтылады.
Тәжік және парсы халықтарының орта ғасырларда өмір сүрген ғұлама
ғалымы, дарынды ақыны Омар Хайям зерттеулері математика мен астрономияны
жаңа сатыға көтерді.
Ертеде парсылар фервердиннің бірін жыл басы етіп есептейді де, оны
жаңа жыл күні – наурыз деп атайды (нау - жаңа, руз - күн деген сөз).
Күн мен түннің жазғытұры теңелуі – наурыз 22 мартқа сәйкес келген. Ал, күн
мен түннің күзгі теңелуін парсылар меhран деген, бұдан қазақтың мейрам
сөзі жасалған.
Алайда абыздар дұрыс бақылап отырмағандықтан, наурыз 22 марттан
тайып, жылдың басқа айларына шығып кеткен.
Бұл жағдай парсы шаруаларын күйзеліске ұшыратып отырған, өйткені жер
өнімдерінен патшаларға, әкімдерге төленетін салық наурызға шейін төленіп
бітуге тиісті болған. Ерте кезде Иран жерінде наурызға шейін егін пісіп,
халықтың көпшілігі салықты мерзімінде төлеп келген. Бертін наурызда егін
жиналмаған, тіпті кейбір жерлерде жаңа ғана көктей бастаған. Осының
салдарынан календарды түзету жайында патшаға шаруалардан көптеген арыздар
түскен. Патшалардың көпшілігі ол арыздарға құлақ аспай, ескі күнтізбені
сақтап, салықты төлемеген кедейлерді қатал жазалап отырған. Ақыры,
шаруаларды мыңдап жазалағанмен қазынасы толмайтынын түсінген. Мүтәуәкіл
халиф (847-861) хиджра жыл санауының 243 жылғы мұхаррам айының 11 күні
(біздің календарымызша 875 жылғы 10 май ) арнаулы декрет шығарады. Декрет
бойынша наурыз Сирия есебімен хазиран (біздіңше июль) айының 17-не
көшірілген. Бірақ Мүтәуәкіл өлгеннен кейін декрет жүзеге аспай қалған.
Наурыз Мүтәдид патшаның (892-902) тұсында біраз орнықты. Мүтәдид хазиран
айының 11 наурыз болсын деген декрет шығырады. Бұл да наурыздың тиісті орны
емес, өйткені 11 хазирдан күн мен түн теңелмейді
Селжүректерден шыққан үшінші сұлтан, жоғарыдан айтылған Жәлеледдин
Мәлікшәһ, шатасқан календарды түзеуге мәжбүр болды.
2. Омар Хайям календары
Ол күнтізбе реформасының жобасын жасауды сол кездегі ұлы математик
және астроном Омар Хайямға тапсырды. Хайям математиктерден, астрономдардан
және тарихшылардан жеті адамды - Әбдаррахман Хазиниді, Әбілаббас Лукәриді,
Әбухатам Мұзаффариды, Маймұн ибн Нәлжаб әл-Вәситиді тағы басқаларды
қатынастыра отырып жаңа күнтізбе жасады.
Хайям наурызды әрдайым 22 наурызға келетін етті, ол үшін кібісе жыл
енгізді. Хайям календары бойынша әрбір 33 жылдың 25 жылы 365 күндік – жай
жыл, 8 жылы 366 күндік – кібісе жыл болып отырады. 33 жыл ішіндегі кібісе
жылдар- 4,8,12,16,20,24,28,33- жылдар, қалғандары – жай жылдар. 25 жай
жылда 9125 күн, 8 кібісе жылда 2928 күн болады, сондықтан 33 жылда 12053
күн болады. Сонда бір жылдың орташа ұзақтығы 365,2424 күн болады. Ал нақты
жыл, астрономиялық есеп бойынша, 365,2422 күн деп есептеледі. Бұдан Хайям
календарының дәлсіздігі жылына 19 секунд болатындығы шығады. Осы
дәлсіздіктен 1 күн жиналу үшін 4400 жыл өтуі керек. Қазір қолданылып
жүрген григориан календарының дәлсіздігі 26 секунд, одан 1 күн жиналу үшін
3333 жыл өтуі керек. Ерте заманда, өлшеу техникасының нашар кезінде,
календарлы осыншама дәлдікке жеткізуі Хайямның ұлы астраном болғандығын
көрсетеді.
Омар Хайям календары – дүние жүзі халықтарында болған календарлардың
ең жақсысы. Ол 1079 жылғы 15 наурыздан (хиджра бойынша 471 жылғы, 10
рамазаннан, ескі парсы календары бойынша 448 жылғы 19 фервердиннен бастап)
қолданыла бастады. Сол күні Мәлікшәһ жобаны декретпен бекіткен болатын.
Тарихи уақиғаның осы күнтізбе бойынша көрсетілген уақыты селжүктер
заманының уақыты деп аталады.
Жылды Омар Хайям да 12 айға бөлген, ол айларда 30 күннен болған.
Бұдан 360 күн шығады, ал жылда 365 немесе 366 күн болуы керек. Сондықтан
жыл аяғында, 12 айдан кейін, жай жылдары 5 күн, кібісе жылдары 6 күн
қосылып отырған. Соның арқасында жылдың ұзақтығы 365, 2424 күн болып
отырған. Халықтың айтуына және есте сақтауына оңай болу үшін Хайям айлардың
ертеден келе жатқан парсыша атауларын пайдаланған. Олар:фервердин,
өрдібеhишт,хордад, тир, мордад, шахривар,меhр, абан, азар, дәй, бахман,
әсфендармуз. Жыл аяғында қосылатын 5 күн (кібісе жылдары – 6 күн) фанджи
деп аталған. Айлар Иранның қазіргі календарында да осылай аталады.
Наурызнәмада Хайям ай атауларының алғашқы мағынасын түсіндіреді,
әр айдың табиғи ерекшеліктерін сипаттайды, зодиакпен байланысын айтады.
Күнтізбе тарихында әділетсіздіктер көп болған. Астроном Созиген
жасаған күнтізбе – ескі санат Созиген календары делінбей, оны бекіткен
император Юлий Цезарьдың атымен юлиан календары деп аталған. Лилий жасаған
жаңа сенат бекіткен рип папасы Григорий XIII атымен григориан календары деп
аталған. Сол сияқты, Омар Хайямның календары да ресми түрде Мәлікшәhтің
атымен аталған. Тарихи документтерде ол Тарихи Мәлики, Тарихи Сұлтани
делінеді.
Іс жүзінде Хайям календары 12 жыл ғана қолданылған. Мәлікшәh
өлгеннен кейін, оның орнына отырған сұлтандар күнтізбені бұрынғы таза
қалпына келтірген.
Хайям календарының екі ерекшелігі бар: бірі- оның аса дәлдігі,
екіншісі – Күн қозғалысына негізделуі. Ол кезде ислам дініндегі елдердің
көпшілігі Мұхаммедтің нұсқауы бойынша, 631 жылдан бастап, қолданылған ай
календарын пайдаланатын еді. Күнтізбені жасағанда Хайямның дінге
қарсы көзқарасы әсер еткен болу керек.
1793 жылы Франция үкіметі бұрын қолданылып келген календарды тастап,
жаңа күнтізбе қабылдаған. Бұл календарды жасауға атақты математик және
астроном Пьер Лаппас (1749-1827) қатынасқан, ол Хайямның календарымен таныс
болған. Лаппастың ұсынысы бойынша француз календарындағы жылдың ұзақтығы,
Хайям календарындағыдай 365, 2424 күн болып алынған. Бұл календарды
қолдануды Наполеон тоқтатқан.
Хайямның наурызы қазақ календарына да ауысқан. Наурызды қазақтар
мейрамдап келеді.
II. Тарау. Обсерваториялар
1. Ұлықбек және оның обсерваториясы
Уақыт есебін дұрыс есептеудің бірден-бір жолы аспан әлемін терең
зерттеу екенін түсініп, Самарқанда обсерватория (расатхана) салдырған
ғұлама Ұлықбек болды.
Ол әйгілі Ақсақ Темірдің үшінші баласы Шахрухтың әйелі Гауhаршат
бегімен 1394 жылы 17 наурызда туған. Шын аты- Мұхаммед Тарағай. Атасы Ақсақ
Темір осы немересі дүниеге келген күні соның құрметіне Мардин шаһарын
қоршаудан азат қылып, соғысты тоқтатып, қайыр – садақа үлестірген. Сөйтіп,
шыр етіп жарық дүниеге күні-ақ дүрліккен дүниеге келген тыныштық ала келген
ақжолтай ұл бүкіл ғұмырында тыныштықты армандап, бабаларынан өзге жолды
ұстаған.(3)
Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен
математикаға құмарланады. Оның ғалымдығының қалыптасуына атасы Темірге
ілесіп, жорықтарға шығуы, мәдени, Егеменді Қазақстан. 12 желтоқсан.
1992ж.ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас
шағында осылай Армения, Азербайжан, Грузия, Иран, Түркия және Ауғаныстанды
аралап көреді. Бұған қосымша оның ғалым болып шығуына әкесі Шахрух
жиыстырған Самархандағв аса бай Кітапхана да зор себепші болды.
Ұлықбек Платон, Аристотель, Гиппарх, Птоломей сияқты ежелгі грек
ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол
өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми,
Бируни, Ибн Сина, Насыреддин Әб- Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген.
Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын
құптамайды. Темір өлгеннен кейін империясы ыдырап екі мемлекет құрылады:
бірі – Хорасан, екіншісі – Мавереннахр. 15 жасынан бастап Мавереннахрды
билеген Ұлықбек мәдени құрлыстарға көп көңіл бөледі. Оның ел басқарушылық
және әскери өнерінен бұрын мемлекеттік қайраткер ретінде істеген ең ірі
жұмысы – Самарқанда аса зор астрономиялық обсерватория салдыруы болды. Оны
Самарқандтан 4 км жерде Әби-Рахмат арығына жақын, Шопан – ата деген адырдың
оңтүстігінде Көкек деген төбенің етегіне салған. Ғимарат үш айшықты өз
тұсында теңдесі жоқ обсерватория болған. Оның жер болып кеткен қалдықтарын
1908 жылы археолог В.Л.Вяткин тапқан.(4)Исқақов М. Халық календары. 189-б.
Ұлықбек обсерваториясы туралы оның өз туындысы Темір ұрпағы,
Ферғананың билеушісі Омар Шейхтың үлкен ұлы Бабыр Захир аддин Мұхаммед
өзінің әйгілі еңбегі Бабырнамада арнайы тоқталған. Ол обсерваторияның
ғажайып құбылыс, заманының озық ойлы адамы тұрғызған аса бағалы ғимарат,
әрі ғылымның жетістігі екенін айтқан. Әрі ол сол кезде бүкіл дүние жүзінде
жеті немесе сегіз обсерватория ғана болғанын хабарлаған.Атақты грек
астрономы Клавдия Птоломейдің (арабша Битлимус) б.з.д. 27 обсерватория
салып, Алмагест жұлдыз кестесін жасағанын, IX ғасырда оны өзбек астрономы
Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми пайдаланып Бағдат Халифі Момынға арнап Момын
кестесін құрастырғанын айтады.
Ал XIII ғасырда сол Птоломейдің кестесі мен Эвклиттің Бастамасын
парсы тіліне тәржімалап, Ирандағы Мараға обсерваториясында (Хұлағу
салдырған) аспан әлеміне бақылау жүргізіп Насыр ад-дин Туси Зидж-и
Ілхани кестесін жасаған екен.
XV ғасырда салынған Ұлықбек обсерваториясының негізгі мақсаты-
дәлдігі өье жоғары бақылаулар жасай отырып, Марога обсерваториясында
жасалған астрономиялық таблицалардың қателерін түзету болды.(5) Захир ад-
Дин Мухаммед Бабыр. Бабырнама. А., 1990. 65,321-322 б.
Обсерваторияның құрылысын және оны астрономиялық құралдармен
жабдықтау жағын әл-Кәши басқарады. Оның құрылысы бес жылға созылған
биіктігі 37 метр болған. Обсерватория орналасқан Көкек жотасының батыс
беткейінен Ұлықбек мырза Бағ-и майдан деген бақ орнатқан. Онда тас бағаналы
Шылсұлтан ғимараты және арнайы Қытайдан алдырған фарформен қапталған
демалыс орны Шыныхана болған.
Күн және жұлдыз құбылыстарын зерттейтін нәзік өлшегіш құралдары,
астрономиялық сағаттары бар тамаша обсерватория 1434 жылдан небәрі 15
жылдай ғана бар күшімен жұмыс істеп, Ұлықбек өлтірілген соң 1449 жылы оның
жауларының қолымен қиратылды.(6) Захир ад-дин Мухаммед. Бабырнама.
А.,1990.324б.
Ескерте кететін жағдай, жоғарыдағы деректер Бабырнамадан алынды,
ал зерттеушілер еңбектерінде обсерваторияның салынған уақыты әр түрлі
көрсетіледі (1424,1424 жылдар).(7) Ұмтылыс есімдер.31,36 бб.
Ұлықбек өз жәуірінің алдыңғы қатарлы озат ойлы адамы болды. Ғылым
мен мәдениетті дамыту үшін Ұлықбек бірнеше жерде
(Бұхарада,Ғиждуанада,Самарқанда) жаңа типті оқу орындарын ашты. Ондағы
мұғалімдер діни дәрежесіне емес, білім дәрежесіне қарай іріктелді.
2.Ұлықбек обсерваториясының маңына топтасқан ғалымдардың еңбектері
Ұлықбек ғылымға өзі белсене араласып қана қоймай, сол тұстағы Орта
Азияның көрнекті оқымыстыларын маңыны топтастырған. Медресе мен
обсерваторияның жұмысына Заманының Аплотоны (Платоны) аталған Қазы-Заде
ар- Руми, атақты математик және астроном Жәмшид әл-Кәши, оның баласы Мансур
Кәши, сол дәуірдің Птоломейі атанған Алаеддин әл-Құсшы және басқа да
оқымыстылар ат салысады.Ұлықбек оларды қадірлеп, пікір-кеңестеріне әрдайым
құлақ асып отырған. Мысалы, обсерватория салардан бұрын Қазы-Заде ар-Руми
бұрынғы ескі обсерватория жұмыстары жөнінде түсінік берген, ал Жәмшид әл –
Кәши астрономиялық аспап құралдар жайында нұсқау-кітап жазған.
XV ғасырда Европа елдерінде обсерваториялар болмаған кезде,
Самарқанд обсерваториясының жұмыс істеуі – Орталық Азия ғылымының ірі
табысы болып саналады. Обсерваторияның алғашқы жетекшісі әл-Кәши еді. Ол
өлгеннен кейін, 1436 жылы обсерватория жетекшісі болып ар-Руми
тағайындалады.
Осы обсерваторияда жүргізілген астрономиялық бақылаулар мен ғылыми-
зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Зидж-и джадид-и Гурагани (Көрегеннің
жаңа жұлдыз кестелері) атты астрономиялық кесте жасалады. Оны жасауға
Ұлықбекпен бірге әл-Кәши, ар-Руми, әл-Құсшы т.б. қатысады. Бұл
астрономиялық кесте парсы тілінде жазылған. Ол қазір Ташкенттегі Әбу Райхан
әл- Бируни атындағы Шығыстану институтының қолжазбалар қорында сақтаулы
тұр. Ұлықбектің бұл астрономиялық таблицасы бірнеше тілдерге аударылып,
1625 жылы Оксфордта, 1853 жылы Парижде, 1917 жылы Америкада, 1943 жылы
Лондонда басылып шықты.
Әл-Кәши, ар-Руми, Ұлықбек қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек салдырған
обсерватория қиратылды, медреселер жабылды. Дегенмен, аталған ғалымдардың
ғылыми еңбектерін әл-Құсшы, Хусайын Биржанди, Мариям Шелеби т.б. сақтап
қалады және оларды онан әрі қарай дамыта түседі. Сөйтіп, біздің заманымызға
дейін келіп жетеді.
Біз жоғарыда Ұлықбектің үлкен ғалым болғанын, оның өзіндік ғылыми
мектебі, көптеген әріптестері мен шәкірттері болғанын айттық. Міне осы
Ұлықбек мектебінің ең ірі ғалымдарының бірі әрі Ұлықбектің тамаша досы,
жанқияр жолдасы әрі талантты әріптестерінің бірі-біз жоғарыда есімін қайта-
қайта келтірген Қази-Заде ар-Руми (толық аты-жөні Салахеддин Мұса ибн
Мәулено Мұхаммед ибн Махмуд), шамамен алғанда, 1360 жыл Кіші Азиядағы Тусса
қаласында (қазіргі Анатолия түріктері жерінде), түрік семьясында дүниеге
келеді. Ол Ұлықбек пен әл-Кәшиден жас жағынан болсын, білім жағынан болсын
үлкен болған, соған орай жоғары тұрған. Бұл жерде тағы бір ескерте кететін
нәрсе: Ежелгі Рим империясы екіге бөлініп кеткенде, оның шығыс бөлігін
(Түркия, Болгария, т.б. жерлерді) Европа елдері Византия деп, шығыс елдері
Рум (кейде Ұрым) деп атаған. Қази-Заде ар-Руми Орта Азияға, оның ішінде
Самарқанға осы Румнан келген. Сондықтан ол өзінің ныспысы (лақап аты) етіп
Румды алған, осы атпен өмір сүрген, еңбек еткен, айналасына мәлім болған,
сол атпен ғылым тарихында да мәңгі қалған. Қази-Заде ар-Руми өз заманының
үлкен астрономы болған. Сондықтан замандастары оны Афлотуни заман
(Заманымыздың платоны) деп атаған. Ар-Руми басында Самарқанға оқу
іздеп, білім қуып келеді. Ол алдымен Ақсақ Темірдің сарай маңындағы
астрономы Мәулено Ахмедтен сабақ оқиды, дәріс алады. Кейін Ұлықбек ашқан
медресе мен ол салғызған обсерватория ісіне белсене араласып, олар
жүргізген астрономиялық бақылау жұмыстарына қызу ат салысады.
Қази – Заде ар –Руми 1430-1437 жылдары қайтыс болады. Денесі
Самарқан қаласына жерленеді. Аңыздың айтуына қарағанда, Ұлықбек өзінің әрі
ұстазы, әрі әріптесі Қази-Заде ар-
Румидің қабірінің басына тамаша мавзолей орнатады. Бұл мавзолей осы
күнге дейін сақталған. Самарқандағы Ақсақ Темір әулеттерінің бастарына
орнатылған Бибі-ханым, Гур Әмір, Шахинзинда мавзолейлер
ансамбльдерімен бірге қалаға көрік беріп тұр.
Сөйтіп Қази-заде ар-Руми әрі практик, әрі теоретик ғалым
болған. Оның қаламынан бірнеше еңбектер туған. Олардың бізге келіп
жеткендері мыналар: Рисала дар Хисаб (Арифметика кітабы), Истихрожи
жайб (ескі грек ғалымы Птоломейдің Астрономия негіздері атты кітабына
түсініктемелер), Хидоят әл-Хиқма (Фигуралар негіздеріне
түсініктемелер), Синус туралы кітап, Әт-Тафтазонидің Ғылымдар кілті атты
кітабына түсініктемелер. Бұл еңбектердің барлығы да араб тілінде жазылған.
Бұлардың көпшілігі, атап айтқанда, Шархи муллахаси Шағмини атты еңбегінің
бір қолжазба нұсқасы (инв. 393511) және Шархи ашколит тағсис фил хандаса
атты шығармасының бір баспа нұсқасы(инв. №13191) Ташкентте, Әбу Райхан әл-
Бируни атындағы Шыңғыстану институтының қолжазба қорында сақтаулы тұр.
Сонымен, Қази-Заде ар-Руми-Ұлықбектің замандасы, әріптесі, әрі
ұстазы, әрі шәкірті. Ол өзінің артына мол ғылыми мұра қалдырған, Орта Азия
ғылымының тарихынан лайықты орын алған, сөйтіп артына өшпейтін із, өлмейтін
іс қалдырған, соның нәтижесінде Орта Азия ғылымының көгінде жарқырап мәңгі
сөнбес жұлдызға айналған. XV ғасырда өмір сүрген Нирхан (Мирхонд) деген
автордың жазбаларында мынадай мәліметтер бар:
Обсерваторияны салу жұмысына астрономия ғылымының тірегі, екінші
Птоломей, грек ғалымдарының ең кемеңгер мирасқоры Мәулен Ғиясэддин Жәмшид
Кәши мырза қатынасты.
Мәулен - ғалымдардың араб тіліндегі ғылыми атағы, дәл мағынасы
–біздің тақсыр, бірақ ғылым қайраткері мағынасында қолданылған.
Кәшидің өмірбаяны жөнінде дәл деректер сақталмаған. Жанама
мағлұматтар бойынша ол 1385 жыл шамасында солтүстік Иранның Кәшан қаласында
туған, бұл қала Тегеран мен Исфахан аралығында. Өзбекше Кәши арабша әл-
Кәшани деген ныспысының қысқаша айтылған түрі. Жолдастары Кәшиді Хайям
сияқты кеменгер ғалым болғандықтан және Хайямның елінен шыққандықтан,
Ғиясэддин деп те атайтын болған (Омар Хайямның шын аты Ғиясэддин болатын).
Жазған кітаптарында автор өзінің аты-жөнін: Жәмшид ибн Масғұд ибн Мағмұд,
дәрігер әл-Кәши, жұрттың айтуы бойынша Ғиясэддин деп көрсетеді.Кәшен
қаласы, бүкіл Иран жері бір кезде Ақсақ Темірге (1336-1405) қараған.
Темірден кейін оның баласы – Ұлықбектің әкесі – Шахрух билеген. Кәшид өз
елінде бірталай кітаптар жазып, атырабына аты шыққан кезде, оны 1420 жылы
шамасында Ұлықбек шақыртып алған. Кәшидің қайтыс болған жылы да белгісіз.
Неміс ғалымы Г. Зутер келтірген мағлұматтар бойынша ол 1436 жылы, американ
ғалымы Е.Кеннедидің жариялаған деректерінде 1429 жылы дүние салған. Кәши
еңбектерін орыс тіліне аударып, бастырушы кеңес ғалымы, профессор Б.А.
Розенфельдің айтуынша, 1456 жылы қайтыс болған. Розенфельдің айтқаны дұрыс
болуы керек, өйткені Кәши Ұлықбектен бұрын қайтыс болса, Ұлықбек оны
зиратына белгі орнатар еді. Бүгінде Кәшиге байланысты ешқандай ескерткіш
жоқ, қалай қайтыс болғаны және қайда жерленгені белгісіз.Кәши - көп
жазған ғалым. Оның астрономиядан он шақты, математикадан үш ірі еңбегі
болған. 1427 жылы 2-наурызда Самарқанда жазып бітірген Есеп кілті атты
кітабының алғы сөзінде автор өзінің жазған мынадай кітаптарын тізіп өтеді:
1.Хандар ханының астрономиялық таблицалары.
2.Ықшам түрдегі астрономиялық таблицалар.
3.Аспан сатылары.
4.Шеңбер жөніндегі кітап.
5.Хорда мен синус туралы
6.Бақшадағы серуен
Бірақ бұл кітаптардың көбісі бізге жетпеген. Ал Есеп
кілті деген кітабы орыс тілінде аударылып, өз алдына жеке кітап болып
басылып шықты Хандар ханының астрономиялық таблицалары- арабша Зиджи
Хақани, 1413-1414 жылдары жарияланған, Кәшан қаласында жазылған. Онда
жұлдыздар мен планеталардың әр кездегі орындары айтылады. Таблицалар
Насреддин әл-Тусидің (1201-1274) осы саладағы еңбектерін әрі қарай жөндеу,
дәлдігін арттыру негізінде жасалған. Онда Кәшидің өзі ашқан жаңалықтары да
баяндалған. Хандардың ханы дегені- Шахрух (Ұлықбектің әкесі) , ол өз
тұсында солай аталған.
Кітаптың ескі қолжазбасының бірі - Стамбулдағы Айя-София
кітапханасында, екіншісі – Лондондағы Индия оффице кітапханасында
сақтаулы. Аспан сатыларында Күннің, Жердің, Айдың ара қашықтықтарын
және мөлшерін анықтау мәселесі қарастырылған.Атақты астроном және ғылым
қамқоршысы Ұлықбектің ең жақын серіктерінің бірі әл-Құсшы туралы ғылым
тарихында осы кезге дейін санаулы ғана материалдар болды. Олар: Н.
Зутердің Араб математиктері мен астрономдары және олардың шығармалары
(неміс тілінде), Т.Н. Қары-Ниязовтың Ұлықбектің астрономиялық мектебі
(орыс тілінде) деген еңбектері және басқалар.
Алайда, Тәжікстанның жас математик- тарихшысы К. Сабировтың әл-
Құсшы туралы кейінгі зерттеулері оның өмірі мен ғылыми еңбектері жөнінде
бірсыпыра қосымша мағлұматтар беріп отыр. Сабировтың әл-Құсшы туралы
зерттеулері Әл-Құсшының өмірі мен творчествосы деген атпен 1962
жылы тәжік тілінде шығатын Мағриф уа маданият газетінде, Әл-
Құсшының бүтін сандарды көбейтуі және бөлуі деген тақырыппен Ученые
записки госпединститута им. Шевченко (Душанбе, 1963, январь) журналында
орыс тілінде, Әл-Құсшыдағы оң және теріс сандар ұғымы деген атпен
Историко-Математические исследования жинағының 15 – номерінде басылып
шықты.
Әли ибн Мұхаммед Алауеддин Құсшы XV ғасырдың бас кезінде
Самарқан қаласында туған. Әл-Құсшының Орта Азияның қай халқының өкілі
екендігін айырып айту қиын. Бұл тұрғыда бірнеше жорамал бар. Оның
біріншісі: профессор Қары-Ниязов және басқалардың деректеріне сүйенеді.
Олар әл-Құсшының әкесі молда Әли Ұлықбектің құсбегілерінің басшысы
болған, сондықтан да оған Құсшы деген ныспы берілген дегенді
қуаттайды.
Сондықтан да, әл-Құсшының әкесі немесе атасы көшпелі дала
түркі тайпаларының бірінен (мәселен, қазақ руларының бірінен) шығуы өте
ықтимал. Рас, әл-Құсшы еңбектерінің бірсыпырасын арабша, кейбірін
тәжік (парсы) тілінде жазған. Бұған қарап оны тәжік деп қараушылар да бар
(жоғарыда айтылған К. Сабиров). Бұл негізгі дәлел бола аламайды,
өйткені араб, парсы (тәжік ) тілдері ол тұста мұсылман елдері үшін
ортақ ғылыми және әдеби тіл болып саналатын. Мұның үстіне оның түркі тілін
білгендігін көрсететін фактілер де бар. Мәселен, әл-Құсшы Түркияда бірнеше
жыл Ұлықбектің елшісі болып тұрған және Ұлықбек өлгеннен кейін
Азербайжанға, кейіннен Түркияға қоныс аударуы кездейсоқ емес болу керек.
Әл-Құсшы білімді алғаш әкесінен алады, математиканы сол
кездегі аса ірі математиктер Қазы-Заде Руми және Жәмшид әл-Кәшилерден
үйренеді, ал астрономия жөнінен Ұлықбектің өзі ұстаздық етеді. Әл-Құсшы
жасынан-ақ жаратылыс тану ғылымдарына құштар болады. Ұлықбектің маңындағы
ірі ғалымдармен үнемі байланысты болуы оның бұл құштарлығын онан
сайын арттыра түседі. Мәселен, Ұлықбек әр апта сайын барлық оқымыстыларды
сарайға жинап, ғылыми тақырыпта айтыс, әңгімелер өткізіп тұрады
екен. Жас әл-Құсшы міне осы жиындардың бәріне қатысып, үлгі, тәлім -
тәрбие алып отырған көрінеді.
Әл-Құсшы Самарқанда Ұлықбек орнатқан медресенің шәкірті
болады, оны бітіргеннен кейін өзі осы медреседе сабақ беріп, ғылыми
жұмыстармен айналысады. Осылайша ол қысқа мерзім ішінде өз заманының
көрнекті оқымыстыларының қатарына қосылады. Әл-Құсшы ғылыми білімі
жөнінен сол тұстағы алдыңғы қатарлы білімпаздармен теңдесіп қана қоймай,
кейбір салада олардан асып та түседі. Мәселен, математикалық есептеулерді
тез, әрі дәл жүргізу тұрғысында ол қатарындағы оқымыстылардан көп озық
тұрған. Сондықтан да Самарқан обсерваториясында кейіннен жүргізілген
зерттеулердің барлық математикалық есептеу жұмыстары осы әл-Құсшының
қолынан өтіп отырған.
Әл-Құсшы өз ұстаздарымен бірлесіп Ұлықбек обсерваториясының
жұмыс жоспарын жасап, оны жүзеге асыруға кеңінен ат салысады, осы
кездерде математика, астрономия жөнінен бірсыпыра еңбектер жазып
тастайды.
Әл-Құсшының ғалымдығының шыңдалуына оның Орта Азия, Закавказье
және Түркияның көптеген мәдениетті қалаларын аралап, ондағы ғұлама-
оқымыстыларымен өткізген ғылыми әңгімелерінің көп пайдасы тиеді. Мәселен,
Ғират қаласына барғанда әл-Құсшы Ғираттың оқымыстылары арқылы кейіннен ұлы
ақын болып танылған аса талантты шәкірт Абдрахман Жәмимен танысады. Әл-
Құсшы Абдрахманға алгебра, геометрия жайлы көптеген сауалдар қойып, одан
өте жақсы жауаптар алады. Бұған қарағанда Жәми және оның замандастары
математикалық білімдерге үлкен ынта қойғанын және оны жақсы менгергенін
байқауға болады.
Саяхат сапарынан қайтып оралғаннан кейін әл-Құсшы
бірыңғай ғылыми жұмыстарға беріліп көптеген еңбектер жазады. Осы тұста
жазылған Арифметика туралы трактат, Астрономия туралы трактат деп
аталатын еңбектерінің арқасында ол Самарқанның математикалық мектебінің
оқымыстылары арасында үлкен беделге ие болды. Оған Өз заманының
Птоломейі деген лақап ат берілді. Ұлықбек әл-Құсшыны өте жақсы көріп,
балам деп атаған және үнемі онымен кеңесіп, зерттеу жұмыстарын бірге
жүргізетін болған. Әл-Құсшының астрономиялық трактатымен тереңірек танаысу
– бұл еңбекті ол обсерваторияның аға ғалымдары Қазы-Заде Руми, әл-Кәшилер
қайтыс болғаннан кейін, жаңа астрономиялық бақылаулар негізінде жазғанын
айқындап отыр.
XV ғасырдың бірінші жартысының аяғында Ұлықбек
обсерваториясының маңына топтасқан ғалымдар, әсіресе, әл-Кәши, Қазы-Заде
Руми, әл-Құсшылар еңбектерінде ОртаАзия ғылымының көп салалары
дамытылады. Осымен қатар бұл ғалымдар мен мұсылман дін басылары арасындағы
қайшылық күшейе береді. Осы қайшылық асқына келіп, 1449 жылы Ұлықбектің
діншіл фанатиктердің қолынан қаза табуына әкеліп соқтырады.
Билікті қолдарына алғаннан кейін діншілдер басқа оқымыстылардың
өнімді жұмыс жүргізуіне үлкен кедергілер жасайды. Обсерваторияда әл-
Құсшыдан басқа оқымыстылардың барлығы тарап кетеді. Ұлықбек мектебінің
негізгі коллективтік жұмысы – Жаңа астрономиялық таблицалары (Зидж
Гургани) әлі аяқталған жоқ болатын. Әл-Құсшы мұны аяқтап шығу үшін көп
әрекеттер жасайды, ол өзінің жанына жас талаптарды жиып, астрономиялық
бақылаулар жүргізе береді.Әл-Құсшының ғылыми зерттеулеріне мұсылман дін
басылары тікелей қарсы болып, оны өлтірмекші болады. Әл – Құсшы бұл
қастандық туралы дер кезінде хабарланып, Стамбулға кетіп қалады (XV
ғасырдың 55-60- жылдары шамасында). Өзімен бірге әл-Құсшы өзінің және
ұстаздарының еңбектерін және түрлі шағын астрономиялық аспап-
құралдарды да ала кетеді. Стамбулға келгеннен кейін ол ғылыми
жұмысын жалғастыра беру үшін мүмкіндік іздейді. Әл – Құсшының басқа
жаққа кетпей, Стамбулға барған себебін таихшылар оның Стамбулда,
Ұлықбектің тірі кезінде елші болып тұрып, біраз таныс болып
қалғандығынан және сол тұстағы Түркияның билеушілерінің жаратылыстану
ғылымдарына аз да болса ықылас, назар аударғандығынан деп түсіндіріп жүр.
Әл-Құсшы Мұхаммедия трактатының кіріспесінде былай деп
жазады: ... Мен аз уақыттың ішінде арифметика жөнінде қысқаша трактат
жаздым. Егер бұл еңбек сұлтанға ұнаса және ол тиісті жағдай туғызса,
онда мен оған арифметика туралы толық курс жазып беремін.
Осы тұста әл-Құсшы біраз уақыт Азербайжанға барып қайтады.
Мұнда әл-Құсшыны жергілікті ғалымдар көрнекті оқымысты ретінде зор
қошеметпен қарсы алады. Азербайжаннан қайтып келгеннен кейін, көп ұзамай әл-
Құсшы жоғарыда айтылған Мұхаммедияны жазып бітіреді. Атынан көрініп
тұрғандай, бұл трактат түрік сұлтаны Мұхаммед Екіншіге арналады. Еңбек
сұлтанға ұнайды, сондықтан Мұхаммед II әл-Құсшыға айына 200 дирхем
кесімді айлық тағайындайды. Әл-Құсшы Айя-София медресесіне математика,
астрономия және басқа ғылым салаларынан дәріс (лекция) оқитын болады.
Ғылыми жұмыспен айналысуына толық жағдай туғаннан кейін әл-Құсшы Ұлықбек
обсерваториясында жасалған Жаңа астрономиялық таблицалардың кейбір
аяқталмай қалған жерлерін бітірді. Ол бұл еңбекке жүйелі түрде
түсініктеме жазады. Бұл түсініктемелер Ұлықбек обсерваториясының зерттеу
нәтижелерін насихаттап, таратуда үлкен рөл атқарды. Осының
арқасында Ұлықбек таблицалары қысқа мерзім ішінде Азия және Европа елдеріне
тарап кетеді.
Әл-Құсшы ғылыми-зеттеу жұмыстарынан басқа, жастарды ғылыми
жұмыстарға баулу ісімен де көп айналысқан ғалым. Ол төңірегіне ғылымға
бейім көптеген талантты жастарды топтастырып әрқашан оларға ақыл-кеңес
беріп отырған. Әл-Құсшының шәкірттерінің ішінен Руани, Қазы- Заде
Румидің немересі – Мариям Шелеби, Бирджанди сияқты математика мен
астрономия салаларында еңбектер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz